Қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
НАРХОЗ университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының заңдары АЖ

Орындаған: Дүйсенбаев Мейіржан
Тексерген: Батырхан Серік

2023 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2015 жылғы 24 қарашадағы Ақпараттандыру туралы ҚР Заңында берілген негізгі ұғымдар
Ақпараттық жүйелер
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бұл "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы №418-V бұйрығымен қабылданған. Жалпы заң туралы айтып өтетін болсам негізгі 3 бөлімнен тұрады, олар:
Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқару
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу
"Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңы 2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 бұйрығымен қабылданған заңға көптеген өзгертулер, толықтырулар енгізіліп қайта жасақталып шығарылған болатын. Нақтылап айта кететін болсақ бұрын 9 тарау, 46 баптан тұрған заң қазіргі таңда 13 тарау, 67 баптан тұрады. Бұл заңды қабылдаушы орган ҚР Парламенті болып саналады. Заң жарыққа шыққан 8 жыл ішінде 35 рет әртүрлі деңгейде өзгертулер енгізілген екен. Осы Заң ҚР аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, қолдап отыру, пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастар осы Заңның қолданылу саласы болып табылады.

Негізгі бөлім
2015 жылғы 24 қарашадағы Ақпараттандыру туралы ҚР Заңында берілген негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру - ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;
2) ақпараттандыру - ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
3) ақпараттандырудың сервистік моделі - ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) ақпараттандыру объектілері - электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі - ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
5-1) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы - деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
6) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы (бұдан әрі - сыныптауыш) - ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және сипаттауға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;
7) ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (бұдан әрі - ақпараттық қауіпсіздік) - электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;
10) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) ақпараттандыру субъектілері - ақпараттандыру саласында қызметті жүзеге асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар;
12) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
18) ақпараттық жүйенің аудиті - ақпараттық жүйені пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында оны тәуелсіз зерттеп-қарау;
23) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым - электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қол жеткізуді ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы;
24) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде: жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "электрондық үкімет" инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері;
25) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері - ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;
26) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызмет - осы көрсетілетін қызметтердің жұмыс істеуі өзі арқылы қамтамасыз етілетін байланыс қызметтерін қоса алғанда, есептеу ресурстарын мүліктік жалдау (жалға беру, уақытша пайдалану) және (немесе) орналастыру, бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық өнімдерді, техникалық құралдарды пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызмет немесе көрсетілетін қызметтердің жиынтығы;
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекоммуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;
29) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы - экономиканың бағдарламалық қамтылымды, техникалық құралдарды, тұрмыстық электрониканы және оның құрамдастарын жобалаумен, жасаумен және өткізумен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты саласы;
30) ақпараттық қауіпсіздік оқиғасы - ақпараттандыру объектілерінің қазіргі бар қауіпсіздік саясатын ықтимал бұзу туралы не ақпараттандыру объектілерінің қауіпсіздігіне қатысы болуы мүмкін, бұрын белгісіз болған жағдай туралы куәландыратын жай-күйі;
31) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы - ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында жекелей немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиiсiнше жұмыс iстеуiне қатер төндiретiн және (немесе) электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз алу, көшiрмесін түсіріп алу, тарату, түрлендiру, жою немесе бұғаттау үшiн жағдай жасайтын іркілістер;
32) ақпаратты қорғау құралы - ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған және сол үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;
33) арнайы сарапшылық кеңесі - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;
35) ашық деректер - машинада оқылатын түрде ұсынылған және өзгермеген түрде одан әрі пайдалануға, қайта жариялауға арналған деректер;
36) ашық деректердің интернет-порталы - ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылып сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
37) бағдарламалық қамтылым - бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығы;
38) бағдарламалық өнім - әзірлеушілеріне қарамастан, техникалық құжаттамада белгіленген жүйелік талаптарға сәйкес көзделген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін, тауар болып табылатын дербес бағдарлама немесе бағдарламалық қамтылымның бір бөлігі;
39) бір реттік пароль - электрондық нысанда көрсетілетін қызметтерді алушы субъектілерді сәйкестендірудің бір сеансы үшін ғана жарамды пароль;
40) домендiк ат - Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгiлi бiр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Ақпаратты бірлесіп пайдаланудың кепілдік механизмі ретінде қауіпсіздіктің маңыздылығын анықтау және шешілген міндеттерге сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің мақсаттары мен ұстанымдарын қолдау жөніндегі шараларды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
Жеке өмірге қолсұғылмаушылық құқығының және дербес деректерді қорғауды құқықтық реттеудің ерекшеліктері мен мәселелері
Ақпараттық қауіпсіздікке қауіптер
Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау
Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі
Электронды Үкімет туралы Заң
Электронды сот өндірісінің дамуы
Пәндер