Грамматикалық формалардың лексикалануы


Мазмұны
Кіріспе
1 Кірігу үрдісінің жалпы тілдік сипаттамасы
- Тіл біліміндегі кірігу үрдісінің табиғаты
- Грамматикалық формалардың лексикалануы және оның зерттелу жайы
2 Қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен қосымшалардың қызметі
2. 1 Қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен жалғаулар және олардың қызметі
2. 2 Қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен жұрнақтардың сипаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырбының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілінде толығымен зерттелмеген мәселелер бар. Соның бірі - сөз түбіріне кіріккен қосымшалардың қызметі. Қосымшалардың түбірге кірігуі туралы айтылып жүргенімен, нақты зерттелулер жүргізілмеген.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі түбірге кіріккен жұрнақтар мен жалғаулардың қызметі.
Зерттеудің мақсаты.
Зерттеудің міндеттері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу жұмысының дереккөздері.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі қазақ тіліндегі септік жалғаудың түбірге кірігу әрекеті арқылы жасалған көнеленген септік жалғаулардың түрлері.
Зерттеудің пәні. Қазіргі қазақ тілінің көнеленген септік жалғаулардың синтаксистік қызметі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен, көнерген септік жалғаулардың өзіндік ерекшеліктерін салыстыра отырып, кіріккен септік жалғаулардың әдеттегі септік жалғаулардан айырмашылығын, көнеленген септік жалғаулардың түрлерін анықтау және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету - жұмыстың мақсаты болмақ. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындауға ұмтылыс жасалды:
- сөз түбіріне кіріккен септік жалғауына тән негізгі белгілерді анықтау;
- көнеленген септік жалғауларының түбірде көнеруі арқылы жасалған туынды сөздердің сөз таптарына қатысын көрсету;
1 Кірігу құбылысының тілдік жүйедегі орны
Тіл біліміндегі кірігу үрдісінің табиғаты
Грамматикалық формалардың лексикалануы
Тіл - үнемі өзгеріп отыратын құбылыс екндігі белгілі жайт. Осы тілдегі өзгеріс нәтижесінде тіліміздегі кейбір қосымшалар түбірге кірігіп, жаңа сипат алып жатады. Ғалымдар бұл құбылысты лексикаланумен байланыстырып қарастырады. Тілдің дамуы барысында лексикалану құбылысы сөздердің морфологиялық құрылысын өзгертуге әсер етіп отыратындықтан, қосымшалардың түбірге кірігуі лексикаланудың бір тәсілі болып табылады.
Н. А. Баскаков түркітану ғылымында аффикстердің лексикалануына алғаш назар аударды. Ол «Явления лексикализации аффиксов в тюркских
языках» атты мақаласында жалпы түркі тілдеріне тән -мыс/-міс, -лар/-лер, -ғана/-кене, -сымақ" тәрізді қосымшалардың лексикалану жағдайын сөз етеді. [1, 29 б] .
Бұл мәселелерді түркітанушы В. И. Асланов "Некоторые случаи перехода грамматических форм в лексикализованные образования" атты мақаласында қарастырады. Ол сөз түбіріне кіріккен күйде кездесетін тәуелдік, септік жалғаулары мен етістік формалары туралы пікір білдіреді. Ғалым: "Сөз түрлендіруші формалардың лексикалануы әр жағдайда әр түрлі өтеді. Басқа сөзбен айтқанда, кейде сөз түрлендіруші аффикс сөз құрамында грамматикалық қатынасты білдірмей, лексикаланған бүтіннің бір бөлшегі ретінде де келіп отырады . . . Осындай өзгерген формадағы сөздер лексикалану құбылысы арқылы басқа сөз таптарына жиі ауысады", - деп жазды [2, 26 б. ] . Ғалымның бұл пікірі қазақ тіліндегі кейбір жалғаулар мен грамматикалық мағына иеленген жұрнақтардың табиғатына да сай келеді.
А. А. Юлдашевтің "Лексикализация тюркских грамматических форм как объект словообразовательной морфологии и словаря" мақаласында қосымшалардың түбірге кірігуі туралы ойлар кездеседі. Ғалым: " . . . Осыған ұқсас үстеулер құрамындағы (мәңгіге, текке, босқа, ұзаққа, бірге т. б. ) септік көрсеткіштері сөзжасамдық қабілетті иеленіп тұрғандығы анық; осындай формалардың септік ретінде пайда болып, кейіннен грамматикалық формалардың лексикалану және оқшаулану теориясына сәйкес, пысықтауыш қызметін атқаруы барысында үстеуге өзгерген; сірә, олар сөз түрлендіруші морфология деңгейінде пайда болмаған, о бастан өзіндік деривациялық морфологиясының деңгейінде шынайы жекеленген және лексикаланған септік формаларына сырттай ұқсас үстеу ретінде жасалған . . . ", - деген ой білдірген [3, 63-64 бб. ] . Автор грамматикалық формалардың көнеленуін сөзжасам тұрғысынан қарастырып, жалғаулардың сөзжасамдық қызметке ие болуының негізгі себебін лексикалану құбылысымен байланыстыра қарастырды.
Түркітануда осы мәселені әзірбайжан тіліндегі тілдік деректер арқылы қарастырып, еңбек жазған - Т. Г. Агаева болып табылады. Ол өзінің "Лексикализация грамматических форм в современном азербайджанском языке" атты диссертациялық жұмысында қосымшалардың түбірге кірігу әрекетін алғаш ғылыми түрде дәлелдеді. Автордың еңбегі грамматикалық формалардың лексикалануына арналып, грамматикалық формалардың лексикалануын сөзжасамның бір тәсілі ретінде қарастырады. Ғалым: "Қазіргі әзірбайжан тіліндегі грамматикалық формалардың лексикалануы, тілдің тарихи дамуы барысында белгілі бір сөздердің құрамына кірігіп, сөзжасамдық дәрежеге өткен, сөз түрлендіруші аффикстердің көмегімен сөз тудыру жағдайында танылады", - деп түсіндіреді [4, 5 б. ] . Т. Г. Агаеваның пікірінше, грамматикалық формалардың лексикалануында сөз түрлендіруші аффикстер өздерінің бастапқы лексикалық, грамматикалық және синтаксистік мағыналарынан айырылып, жаңа морфологиялық категориялар мен синтаксистік қасиеттерді иеленеді. Жұмыста лексикаланған грамматикалық формалардың әрқайсысына жеке-жеке сипаттама берілген: зат есім аясында сан категориясы, септік және тәуелдік аффикстері қаралса, етістік категорияларынан - етіс, есімше, көсемше формалары қарастырылған.
Қосымшалардың түбірге кірігу әрекетіне Т. Г. Агаева төмендегіше сипаттама береді: " . . . специфика "окаменелых" форм такова, что они органически спаяны со своими корнями и составляют с ними единое делое. Только глубокий и всесторонний этимологический анализ с привлечением материалов других тюркских языков даст возможность установить первоначальную семантику корневых морфем в подобных образованиях" [4, 7б. ] . Шынында, түбірге кіріккен қосымшалардың бірінен оның қандай қосымша екендігі анық байқалып тұрса, енді бірін этимологиялық талдау арқылы ғана анықтауға болады. Мысалы, зорға, бекерге сөздерінен септік қосымшалары айқын көрініп тұрса, қызыл, жасыл сөздерінің құрамындағы қосымшаларды этимологиялық талдау негізінде айқындай аламыз.
Қосымшалардың түбірге кірігуі тілдің ішкі жағдайында өтетін құбылыс болғандықтан, ол сөздің морфологиялық құрылысына тікелей әсер етеді.
Түбір мен қосымшаның өзара жымдасып кетуі кейде бастапқы түбірдің өзінің дербес мағынасын жоғалтып, ескіруінен болуы мүмкін. Мұндай жағдайда түбірдің бастапқы сипаты басқа сөздермен салыстыру арқылы, ондай мүмкіндік болмаған жағдайда, қосымшаның құрамы (қазіргі тілде актив болмаса да, белгілі болуы ықтимал) арқылы анықталады.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде сөздің морфемаларға мүшеленбеуіне әкелетін морфологиялық үрдіс тіл білімінде сіңісу құбылысы деп аталады. Сіңісу үрдісінің нәтижесінде сөз құрамындағы морфемалар өзара әбден кірігіп, олардың бұрынғы жігі (шегі) жойылады. Ондай сөздің қандай морфемалардан құралғаны бірден аңғарылмайды, оның жігін лингвистикалық анализ арқылы ғана айқындауға болады. Мысалы, тімтін (у) тіміскіле (у) тәрізді сөздердін алғашы түбірі тім екені, ал - тім (ті, -ін) -іскі (іс, кі) -ле дегендердің аффикстер екені күмән тудырмаса керек. Тілдің тарихи дамуы барысында морфологиялық сінісу үрдісінің әсерінен бұл сөздердін (тімтін, тіміскіле) құрамындағы түбір морфема мен аффикстік морфемалар бір-біріне әбден кірігіп және бастапқы мағыналары жойылып, соның нәтижесінде аталған сөздер морфемаларға ажыратылмайтын сөздерге айналған. Морфологиялық сіңісу процесінің әсерінен түбір мен аффикс те, түбір мен түбір де, аффикс пен аффикс те бір-бірімен кірігуі мүмкін. Жоғарыда келтірілген тімтін, тіміскіле деген етістіктер түбір морфема мен аффикстік морфемалардын бір-бірімен кірігіп сіңісуіне мысал болса, сексен, тоқсан деген сан есімдер түбірлердің бір-бірімен кірігіп сіңісуіне мысал бола алады. Қазақ тіліндегі аталған сан есімдер бұл күнде сегіз және он, тоғыз және он деген бөлшектерге ажыратылмайды, бұларды қазіргі тілді қолданушылар бір бүтін сөз ретінде ұғынады. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлеуші адамдар қазірде әкел дегенді алып+кел деген сөздерден апар дегенді алып+бар деген сөздерден құралған деп қарамайды, олардың шығу тегі, әдетте, еске алынбай, бір бүтін сөздер ретінде қабылданады.
А. Раманова «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен тәуелдік жалғаулары» атты кандидаттық диссертациясында: «Тiлдегi көнеру, кiрiгу әрекеттерi де өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бiз, екеуiн бiр-бiрiнен бөлiп, жеке-дара атамай, тұтастықта қарағанды жөн көрдiк. Түбiрге жалғанған қосымша тiлдiң дамуы барысында, ең алдымен, көнеленiп барып, содан соң түбiрге кiрiгедi. Көнелену әрекетiне ұшырамаған қосымша түбiрге кiрiге де алмайды. Себебi көнеленген қосымша мен әдеттегi қосымшаның арасында айырмашылықтар бар. Мысалы: тiлдегi өзге, басқа, бiрге тәрiздi сөздердiң құрамындағы барыс септiк көрсеткiштерi (-ге, -қа) бастапқы мағынасы мен қызметiнен айырылып, көнеленiп кеткен. Бүгiнде сөз түбiрiне кiрiккен қосымшалар қатарында саналады. Ал тiлдегi үйге, далаға, көшеге тәрiздi сөздердiң құрамындағы барыс септiк көрсеткiштерi өз мағыналарын сақтап, жалғау қызметiн атқарып тұр. Олар көнеленбеген, сондықтан да түбiрге кiрiге алмайды, керiсiнше, түбiрден жеке морфема ретiнде ажыратылады. Демек, көнеру әрекетiнiң негiзiнде қосымшаның мағынасы мен қызметi көмескіленiп, бастапқы түбiрге бiрте-бiрте кiрiгiп кететiндiктен, бұл екi тiлдiк құбылысты бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастырған жөн. Бұл - көнеру әрекетiнсiз кiрiгу әрекетi жоқ, ал кiрiгу әрекетiнсiз көнеру әрекетi жоқ деген сөз» [5, 9 б. ] .
Қазақ тіліндегі қосымшалардың кірігу әрекеті туралы: Қ. Жұбанов, А. Ысқақов, М. Томанов, А. Хасенова, Ә. Қайдаров, Ж. Манкеева, А. Раманова, Г. Тулекова еңбектерінде қарастырылған. Ғалымдар өз еңбектерінде өлі түбірлерге қосымшалардың кірігу жолына этимологиялық тұрғыдан талдаулар жасаған.
Жалғаулардың түбірге кірігу әрекеті тіл білімінде сөзжасамның бір тәсілі ретінде саналады. Себебі қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті арқылы тілде жаңа мағынадағы туынды сөздер жасалады. Сөзжасамға арналған түркітанушы ғалымдар еңбектеріндегі осыған қатысты мәліметтер бұл ойымызды дәлелдей түседі.
Қырғыз тіліндегі сөзжасам мәселелерін зерттеуші ғалым Б. О. Орузбаева қосымшалардың кірігу әрекетін сөзжасамның бір тәсілі ретінде қарастырады. Ғалым: "Қазіргі қырғыз тілінің септік жүйесі тұрақты болғанымен, кей жағдайда лексикаланудың нәтижесінде басқа сөз тобына ауысып, өзінің бастапқы грамматикалық мағынасын жояды . . . Грамматикалық мағыналы сөздің лексикалануы сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуымен, соның нәтижесінде тілдің лексикалық құрамының толығуымен сипатталады", - деп жазған [6, 29-30 бб. ] .
Н. К. Дмитриев башқұрт тіліндегі үстеулердің жасалу туралы айта келіп, «кез келген зат есім септелу жүйесінде толығымен түрленеді, әрі әрбір септік жалғаулары зат есімнің тұлғалық өзгеруін көрсетеді. Арнайы себеппен (семантика-синтаксистік) септік алғауының біреуі ерекше мағынаға ие болып, тұтас жүйеден оқшауланады. Нәтижесінде жаңа сөз пайда болады, олар тек этимологиялық тұрғыдан ғана зат есім негізімен байланысты келеді» деген пікір білдірді [7, 117 б. ] .
А. Байтұрсынұлы көбінесе үстеу мағынасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан сөздер жүретіндігін айтады [8, 256 б. ] . Соның ішінде септік жалғауларынан қалыпасқан үстеу сөздер деп анықтап жазбағанымен, үстеу жасаудағы сөз таптарына назар аударған: «Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адамша сөйледі дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (түсті қалай? - шалқасынан, құлады қалай? - етбетінен, сөйледі қалай - адамша) . Бұлар үстеу орнына жүретін зат есімдер.
Екі-екіден бөлді, үш-үштен алды, төрт-төрттен қойды, он-оннан санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (бөлді қалай? - екі-екіден, алды қалай? - үш-үштен, қойды қалай? - тәрт-төрттен, санады қалай? - он-оннан, үлестерді қалай? - жиырмадан) . Бұлар үстеу орнына жүретін сан есімдер» [8, 258 б. ] .
Қазақ ғалымдарынан бұл мәселеге алғаш назар аударған, септіктердің кірігу әрекетіне қысқаша талдау берген ғалым - А. Ысқақов. Ғалым үстеулерге арналған еңбегінде үстеулердің морфологиялық құрылымына қатысты бөлімде бірқатар зат есімдер мен заттанған сын сімдердің жатыс, шығыс, барыс және көмектес (құралдық) септіктерде үстеу сөздер жасайтыны айтады: «а) жатыс септігінде: ертеде, ертеңінде, күнде, жылда, түнде, жазда, баяғыда, әлгіде, жаңада, қапыда, алда, аста, жуырда т. б. ; б) барыс септігі: кешке, ертеңіне, жатқа, алға, сыртқа, астқа, үстке, араға, зорға, босқа, текке, бекерге, әзірге; в) шығыс септік: ертеден, кешеден, таңертеңнен, әуелден, алдан, арттан, ортадан, ежелден, тәуелдік жалғаудан кейін жалғанған шығыс септігі: шетінен, қырынан, төтесінен, түйдегінен, етпетінен, шалқасынан; г) көмектес септігі: ертемен, кезекпен, шынымен, қалпымен, жайымен, т. б. » [9, 68-70 бб. ] .
А. Ысқақов морфологиялық еңбегінде үстеулерді жұрнақтармен қатар септік тұлғалары да қалыптастыратыны айтылады. «Көнеленген формалар арқылы туған жалаң туынды үстеулер. Оларға бір алуан сөздердің белгілі бір септік жалғау формасында әбден қалыптасып, бір-бірінен бөлінбейтіндей болып көнеленген сөздер жатады. Осындай көнеленген «қосымшалар» төркіндері септік жалғауларынан болғандықтан, сыртқы тұлғасы жағынан сол септіктердің жалғауларына ұқсас келеді. Септелу қашан да болсын есімдерге тән қасиет болғандықтан, мұндай үстеулер кейбір септік жалғауларының көнеленуінің нәтижесінде көбінесе есімдерден туады» [10, 339 б. ] .
Ғалым М. Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» атты еңбегінде ғалым жеке сөздер құрамында «өлі» қосымша ретінде сақталған, яғни түбірге кірігіп кеткен көсемше, есімше және септік жалғауларына тоқталады [11] .
Ғалым Ә. Төлеуов «Сөз таптары» атты еңбегінде көнеленген септік жалғаулары арқылы туынды үстеулер жасалатынын айтып өтеді [12, 108-110 бб. ] .
«Қазақ тілінің грамматикасынан» септік жалғауларының кірігу, көнеру әрекетіне қатысты мынадай ой айтылған: «Зат есімдерден барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының консервациялануы (көнеленуі) арқылы ауысып келген бірсыпыра үстеулер де бар» [13, 204 б. ] .
Көне түркі жазба ескерткіштер тіліндегі қосымшаларды зерттеуші А. Есенқұлов: "септік жалғауларының көнеленуі арқылы бірер ғана туынды сөздер кездеседі. Бұл туынды үстеулер тұлғасы жағынан септік жалғауларына жақын болғанымен, мағынасы жағынан мүлде алыстап, септік жалғаулы сөз қалпында қабылданылмай, қалыптасып кеткен үстеу ретінде танылады", - деп тұжырым жасайды [14, 189 б. ] . Септік жалғауларының көнеру, кірігу әрекетінің көне жазба ескерткіштер тілінен кездесуі олардың қалыптасу тарихының өте ертеде жатқандығын көрсетеді. Бұл туралы А. Салқынбайдың «…көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін септік жалғаулары орта түркілік ескерткіштерде үстеулік сипатта орныққан. Орхон жазбаларында ілгеру, біргеру, йығару, тарқанғару т. б. сияқты барыс септік тұлғасында келіп, объектінің бағытын, мекенін білдірсе, кейін бұл тұлғалар дами келе, ілгері, бірге, алға т. б. сияқты үстеулерге арналған. Басқа септіктер жөнінде де осындай пікір айтуға болар еді», - деген пікірі А. Есенқұлов ойымен ұштасып жатыр [15] .
Ғалым Н. Оралбайдың "Қазақ тілінің сөзжасамы" атты еңбегінде айтылған тұжырымдар көнеру, кірігу әрекеті сөзжасамның бір тәсілі екендігін айқындай түседі. Ғалымның пайымдауынша: "Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артқа, әзірге, қазірге, күніге, кейде, артта, алда, баяшда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т. б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асқан" [16, 38 б. ] . Айтылған ой қазақ тіліндегі жалғаулардың көнеру, кірігу әрекетінің сөзжасамдық дәрежеге жеткендігін толықтай ашып береді.
Н. Оралбаева «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі» атты еңбегінде топтық сан есім жасалатын негізгі көрсеткіш шығыс септік жалғауы екені айтылып, нақты тілдік деректермен тиянақталған. «Шығыс септік жалғауы сөз жасаушы қосымшаға жатпайтыны белгілі, ол - сөздерді байланыстырушы қосымша. Бірақ бұл қосымша есептік санға қосылғанда, өзінің негізгі синтаксистік қызметін атқармайды, есептік санды сөйлемде басқа сөзбен байланыстыру қызметінде емес, есептік санға топтау мәнін қосады. Мысалы: Күніне үштен, төрттен бордақы семіз қойларды сойғызып, үйіткізеді (М. Әуезов) . Неге екені белгісіз, Сикорский келген жігіттерді жиырмадан топтап, бөле бастады (Ғ. Мүсірепов) . Қайталама қос сөзден тұратын болжалдық сан есімдерден шығыс септік жалғауы арқылы топтық сан жасалады. Мысалы: Дәулетінің молдығы Нұртазаны жүз орап алатын Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С. Мұқанов) » [17, 88 б. ] .
Тілде басқа сөз таптарына қарағанда септік тұлғаларының кірігу, көнеру әрекеті үстеулерді қалыптастыруда өнімді тәсіл болып саналады. Ғалымдар пікірі де осыны дәлелдейді. Демек, септік жалғауларының көнеруі арқылы пайда болған сөздер жиі үстеу сөз табына ауысып отырады.
Кірігу, көнеру әрекетінің үстеу сөздерді қалыптастырудағы қызметі Е. Б. Саурықов, Ж. Т. Сарбалаев, Ә. О. Ыбырайым, Ө. А. Жұмағұловалардың диссертациялық еңбектерінде сөз болады. Аталған ғалымдар қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті арқылы үстеулер тобы толығып отыратындығын нақты дәлелдермен дәлелдеп берген. Мәселен, Е. Б. Саурықов өзінің "Адвербиалдану процесінің құрылымдық-семантикалық сипаты" атты диссертациялық жұмысында: "Қазіргі түркі тілдеріндегі кейбір үстеулердің құрамындағы аффикстер шығу тегі жағынан алғанда, алғашында жалғаулар болғанымен, қазіргі кезде олар сөздің түбірінен ажыратып алуға келмейтін дәрежеге жетіп түбірмен сіңісіп, оның құрамдас бөлшегі болып қалған. Осындай алуан түрлі құбылыстардың нәтижесінде үстеулер жасалған", - деп жазады [18, 11 б. ] .
Қосымшалардың түбірге кірігу, көнеру әрекеті түркі тілдеріне тән кұбылыс болғанымен, кей тұстарда орыс тілінен де байқалып отыратын құбылыс екенін А. Раманова айтып өтеді.
Орыс тіліндегі бұл өзгеріске В. В. Виноградов төмендегіше түсініктеме береді: "Зат есімнің септік формаларынан пайда болатын, үстеулерге тән морфологиялық сөзжасамның тағы бір тәсілі бар. Бұл тәсілдің ерекшелігі жалғаудың жұрнаққа айналуында жатыр, мысалы: авансом, еришком, рядом және т. б. " [19, 157 б. ] .
Орыс тіліндегі үстеулер тарихын зерттеуші ғалым Е. И. Янович: «Зат есімнің септік және мекен септік формаларының негізінде, олардың лексикалануының нәтижесінде үстеулердің жасалуы сөзжасамның морфологиялық-синтаксистік тәсілі ретінде қарастырылады», - деген тұжырымды айтады [20, 92 б. ] .
... жалғасыА. Раманова қосымшалардың кірігу, көнеру әрекеті тілде лексикалану құбылысымен тығыз байланыста қаралатынын, лексикалану құбылысы тілдің тарихи дамуы барысында сөздің морфологиялық кұрылысын өзгертуге өз әсерін тигізіп отыратындықтан, көнеру, кірігу әрекеті осы лексикаланудың бір тәсілі ретінде саналатынын айта келіп, лексикалану құбылысының анықтамаларына тоқталады.
«Сөздіктерде лексикалану кұбылысына төмендегіше түсініктеме берілген: «Лексикалану құрамындағы белгілі бір элементтің немесе сөз тіркестерінің дербес атауыш сөз мағынасын иеленуі немесе тұрақты тіркестің біртұтас сөз мағынасында жұмсалуы . . . К. Ахановтың пікірінше, барыс септігі қосымшасының көнеленуі арқылы жасалған зорға, текке, кешке, бекерге, бірге тәрізді туынды үстеулер, сондай-ақ жатыс, шығыс және көмектес септіктері жалғауларының тікелей грамматикалық қызметінің көмескіленуі арқылы жасалған кейде, жаңада, әлгіде, күнде, қапыда, лезде, етпетінен, кенеттен, шынымен, жайымен, ретімен деген тұлғалар лексикалану құрылысына жатады». Ғалымның пікірі тілдегі қосымшалардың кірігу, көнеру әрекетінің лексикалану құбылысымен тығыз байланысты екендігін нақтылай түседі. Демек, көнеру, кірігу әрекеті лексикалану құбылысына тікелей байланысты болғандықтан, жеке қарастырылған кезде осы құбылыстан өз бастауын алуы қажет. Содан соң барып, қосымшалардың кірігу, көнеру әрекетінің өзіндік ерекшеліктері мен белгілерін сөз етуге болады. Тіл білімінде бұл мәселе әлі де нақты бір жүйеге түспегендіктен, көнеру, кірігу әрекеті көбіне-көп жалпылама түрде лексикалану (лексикализация) терминімен беріліп отырады. Соған сәйкес, біз де ғалымдар еңбектеріндегі осы қолданысты өзгертпестен бердік. Мәселен, көптеген еңбектерде (Н. А. Баскаков, В. ИАсланов, ААЮлдашев, Т. Г, Агаева т. б. ) қосымшалардың түбірге кірігу, көнеру әрекеті қосымшалардың лексикалануы (лексикализация аффиксов) деп айтылады» [5, 8-9 бб. ] .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz