ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі

Баишев Университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі филологияның өзекті мәселелері

7М01711 «Қазақ тілі мен әдебиеті (лингвист-зерттеуші) мамандығы» білім беру бағдарламасы

Магистрант Рыскалиева Қ. С

Ғылыми жетекші, ф. ғ. к., доцент Ниязова Ғ. М.

«Қорғауға жіберілді»

Қазақ тілі мен әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі ф. ғ. к. Қондыбай К. Ә.

Хаттама №___ «___» 2023ж

Ақтөбе, 2023

МАЗМҰНЫ

I. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМ, ҰЛТТЫҚ ФИЛОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРОФЕССОРЫ . . .
:
I. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМ, ҰЛТТЫҚ ФИЛОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРОФЕССОРЫ . . .: I. 1. Құдайберген Жұбановтың ағартушылық ойлары мен педагогикалық қызметі . . . 17
:
I. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМ, ҰЛТТЫҚ ФИЛОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРОФЕССОРЫ . . .: I. 2. Құдайберген Жұбанов - қазақ фонетикасының ғылыми курсын қалыптастырған ғалым . . . 35
:
I. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ - ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН ЛИНГВИСТ-ҒАЛЫМ, ҰЛТТЫҚ ФИЛОЛОГИЯ САЛАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРОФЕССОРЫ . . .:

II. ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

II. 1. Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ морфологиясына қосқан жаңалықтары . . . 48

II. 2. Құдайберген Жұбановтың қазақ синтаксисі мәселесіндегі ғылыми тұжырымдары . . . 59

III ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .

III. 1. Профессор Құдайберген Жұбановтың фольклортану саласындағы ой-тұжырымдары . . . 65

III. 2. Құдайберген Жұбанов Қожа Ахмет Яссауидің тарихи тұлғасы, «Диуани хикмәттің» хикметі хақында . . . 71

III. 3. Құдайберген Жұбановтың «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» еңбегі - абайтанудың тұнық бастауларында тұрған туынды . . . 79

Қортынды . . . 85

Пайдаланған әдебиеттер . . . 86-87

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов - қазақтың көрнеті ғалымы, қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірегейі, ұлттық филология саласының тұңғыш профессоры, әдебиет, мәдениет, өнерт. б. салалары бойынша әмбебаб зерттеуші. Ғалым мұраларының ұлттық рухани жаңғыруымыздағы орны, оның тіл саласындағы ерен еңбегімен ғана емес, әдебиет, музыка, жалпы өнер, рухани әлемімізді дамытуға үлес қосқан тарихи тұлғалар туралы, ұлттың рухани-әлеуметтік салалары бойынша жазған еңбектері мен ғалымдық, ұстаздық ұлағаттарынан, қоғам қайраткері ретінде атқарған істерінен де жан-жақты көрінеді. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында жергілікті түркі тілдес республикаларда тіл білімін көтеру, ұлт кадрларын даярлау мақсатында орталықтан жіберілген түркологтардың бірі орыстың аты шулы түрколог-профессоры Н. А. Баскаков айтқандай: « . . . сіздерде А. Байтұрсынов, Н. Төреқұлов, Қ. Жұбанов сияқты алыптары бар бүкіл әлем мойындаған керемет лингвистикалық мектеп тұр ғой . . . ». Сөйтіп атақты түркітанушы қырғыз, қазақ тілін зерттеуден бас тартады, , қарақалпақ тілін қалап алып, Жұбанов сияқты алып түркологі, әлем таныған лингвистикалық мектебі бар қазақ тілін зерттеуді қажет деп таппаған. Отызыншы жылдардың аяғында түркология әлеміне танылған ғалым репрессияға ұшырап, көп жылдар бойы есімін де атауға тыйым салынады, еңбектері зерттелмей елуінші жылдардың аяғына дейін жұбановтану шала-жансар күн кешеді.

Ғалым есімі ақталғаннан кейін Жұбановты қайта тану ісін туған інісі академик Ахмет Жұбанов, академик М. Қаратаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, М. Балақаев, Р. Сыздық, Ә. Қайдар сынды т. б. тіл білімпаздары бастап, ғылымдағы жас буын одан әрі жалғастыруда. Алғашында «Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі» деп аталған Қ. Жұбановтың кейіннен сол ғылымның теориялық негізін салған бірегей оқымысты екені анықталды. Одан әрі Қ. Жұбановтың қазақ тілінің аясымен ғана шектелмей, ана тіліміздің тарихын зерделеу арқылы түркология әлеміне қалам сілтеген ғалым екені де мойындалды. Зерттеу жұмыстары одан әрі тереңдей түскенде Қ. Жұбановтың тек түркология аясында ғана қалып қойған зерттеуші емес, әлемдік тіл біліміне де құлаш жайып, үндіеуропа тіл білімі мен шығыстануды, яғни ориенталистиканы ұштастыра білген бірегей ғалым екендігі дәлелденді.

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ тіл білімі ғылымының алғашқы қалыптасу дәуірінде Құдайберген Қуанұлы Жұбанов қазақ тілін ғылым тезіне түсіруге аянбай еңбек етіп, қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаушылардың бірі, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры ретінде іргелі зерттеулерін, ғылыми тұжырымдарын, өлмес мұраларын қалдырды. Ғалымның ғылыми еңбектері мен ой-пікірлері қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық тұрғыдан қалыптасуына негіз болды. Филологияның жеке мәселелерін ғылыми тұрғыда зерттеу Қ. Жұбановтан бастау алады. Ғалымның зерттеулерінде маңызды ғылыми мәселелер көтеріліп, өз шешімін тапты, ал бірсыпыра ғылыми жаңа идеялар ғылымның кейінгі дамуына әсер етті. Ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Профессор Құдайберген Қуанұлының артында қалдырған ғылыми мұралары - әлсін-әлсін қайта оралып отыруды қажет ететін, әр оралған сайын жаңара, жасара беретін өміршең дүниелер және олардың әрбіріне тереңдей үңілген сайын қазіргі тіл білімінің деңгейіне сай келетін, тіпті әлі де шешімі табыла қоймаған мәселелердің кілті іспетті ой-тұжырымдардың тұнып тұрғандығын аңғаруға болады. Жұбановтың ғылыми мұрасының қазіргі ғылымдағы маңызы мен жалғастығы ғалым еңбектеріндегі функционалды грамматика нышандары бүгінгі тіл білімінің теориялық жетістіктері деңгейінде қарастырылатын психолингвистика, паралингвистика, гендерлік, әлеуметтік, коммуникативтік-прагматикалық лингвистика, стилистика, тіл мәдениеті салаларында көрініс табуда. Сол сияқты ғалымның теориялық концепциялары мен танымдық тереңдігінен туындаған ғылымдағы сабақтастық қазіргі тілді зерттеудегі лингвомәдениеттану, этнолингвистика бағыттарының дамуына да негіз болуда. Тілші ғалымның арнайы сөз етіп, айналысқан іргелі зерттеулері, тілдік мәселелері әр саланы қамтиды. Ағартушы-ғалым қазақ тілінің грамматикасы - фонетика, морфология, синтаксис салаларын бүтін бірлікте алып, ұлттық тіл ғылымын жасады. Ғылыми-зерттеу жұмысымызға негіз болған ғалымның тіл білімі салалары фонетика, морфология, синтаксис, терминология тақырыбындағы және де басқа еңбектеріне, сонымен қатар әр жылдары айтылған, жазылған тіл мамандарының ой-пікірлеріне, жарыққа шыққан филологиялық зерттеулерге ғылыми талдаулар жасалады. Жұбанов көрнекті лигвист-ғалым бола отырып, қазақ фольклористикасы, көркем әдебиет бағытындағы зерттеулері де - қазақ филологиясының бастауында тұрған ғылыми еңбектер. Сондықтан ғалым Құдайберген Жұбановтың еңбектеріндегі филологиялық мәселелерді, іргелі зерттеулерін, ғылыми ой-пікірлерін, тұжырымдарын саралап қарастыру магистірлік диссертацияның өзектілігін білдіреді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Ана тіліміз жөніндегі ғылымның балаң кезеңінде оның небір ауыр жүгін арқалап, қазақ тіл білімінің тың салалары, күрделі мәселелерінен құнды-құнды ой айтып, баға жетпес еңбектер жазған, бір өзі бір институттың қызметін атқарған ғұлама ғалым Құдайберген Жұбановтың есімін қазақ мектебі, жоғары оқу орындары, тіл-әдебиет, мәдениет орындары, әсіресе туған өлкесі Ақтөбе топырағы қазақ ғылымын өрге сүйреген біртуар ұлын еске алып, үнемі ұрпақ жадында жаңғыртып отыруы ләзім.

Қазақстандағы филологиялық ой-өрістің дамуы мен қалыптасуы бастауында тұрған профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың туғанына алдымыздағы жылы 125 жыл толмақ. Осы орайда қазақ тіл білімінің ғылымдардың басқа да салалары сияқты дамып, өркендеп, өз алдына ғылымдық дәрежеге жетуіне, ұлт тілін дамытуға мол мүмкіндік берген ғалым-зерттеушінің филологиялық еңбектерін қайта зерделеп, бүгінгі зерттеулер тұрғысынан талдап, таразылауды мақсат тұттық

Осы мақсаттарға жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу жолдары қарастырылады:

-Қазақ ғылымының жарық жұлдызы - Құдайберген Жұбановтың өмірі мен ғылымдағы жолына шолу жасау, оның ғылым тарихындағы орынын, филологиялық еңбектерінің маңызын таныту

-Тіл біліміндегі өзекті мәселелердің шешілуі, ғалымның қазақ тіл біліміне қатысты еңбектерін саралау, ғылыми негізін жүйелеу

- Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан алғаш зерттеп, қазақ тілінің фонетикасын пән ретінде қалыптастырған ғалымның еңбектеріне шолу жасау, саралау

-Жұбанов зерттеулеріндегі лингвистика саласының жаңа бағытының шешім табуы, лингвист-ғалымның ғылыми ой-пікірлерінің өміршеңдігі, оның қазіргі қазақ тіліндегі маңызын дәлелдеу.

-Қ. Жұбановтың еңбектеріндегі морфология. синтаксис мәселелері және ғалымның тіл білімінің барлық салаларына қатысты ой-пікірлерін тарихи-салыстырмалы тұрғыдан талдау жасау.

Ғалымның фольклортану, қазақ әдебиеті тарихына қатысты іргелі еңбектерін талдау, зерттеушінің фольклорды тіл қазынасы концепциясы тұрғысынан зерделеуіне ой жүгірту, талдау жасау

Зерттеу әдістері. Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі әдіснамалық және теориялық парадигмаларды зерттеу барысында салыстырмалы-тарихи, құрылымдық, сипаттамалық, типологиялық зертттеу, талдау әдістері ғылыми басшылыққа алынды.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері:

Диccepтaцияның тeopиялық нeгiзiнe ғaлымдapдың ғылыми-тeopиялық eңбeктepi мeн тұжыpымдapы aлынды. Coның iшiндe тіл біліміне қатысты тұжырым-oй aйтқaн І. Кеңесбаев, М. Балақаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Н. Уәлиев, А. Ысқақов және т. б талдаған ғылыми-зерттеу eңбeктepiндeгi тeopиялық oй-тұжыpымдap, әр кезде жарық көрген ғылыми мақалалар да зерттеу жұмысымыздың теориялық және әдіснамалық негізін құрайды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысының нәтижелері тіл білімі мен оның заңдылықтары, фольклортану мен әдебиеттану мәселелерін зерттеуде дереккөз ретінде, теориялық жағында айтылған мәселелер қазақ тіл білімінің фонетика, морфология, синтаксис, терминология сияқты салалары мен филологияға қатысты дәрістерді жүргізуде негізге алар материал болып табылады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

- Құдайберген Жұбанов - филология ғылымының арна басында;

- Қ. Жұбановтың қазақ тілі туралы білім-ғылымның негізін салуына ағартушылық идеясы себеп болды. Ол ағартушылықты өзінің азаматтық міндеті, дүниетанымының кредосы(негізі) деп санаған.

- Қ. Жұбановтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері» - қазақ қауымы үшін бұрын-соңды болмаған соны дүние, тың құбылыс;

- Қ. Жұбановтың мұрасы әлеуметтік лингвистика ғылымы саласынан арнайы зерделеуді қажет етеді. Бұл - ғалымның тілді қарым-қатынас құралы ретінде орнына, тіл саясатына, тілдің әлеуемттік қызметіне (жазуды жетілдіру, қазақ тілін дамыту, ұлтты дамыту, терминдерді жаңарту, кірме сөздерге қатысты көзқарас, дұрыс емле түзу мәселесі т. б. ), қазақ тілінің таза сақталуына, тілдердің байланысына, тіл болашағын болжауға қатысты ой-түйіндерінің астарына үңілу деген сөз;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы ғалымның басты жаңалығы ол қазақ фольклорының саз өнері (музыкалық фольклорлық) және сөз өнері ретінде екі салада зерделейді [62, 518б] . Аталған халықтық өнердің алғашында қалай, қандай ортада пайда болғандығы жайлы Жұбановтың ғылыми болжамдары айрықша назар аударуды қажет етеді.

Зерттеу жұмысы бойынша жарияланымдар. Диссертациялық жұмыстың ғылыми нәтижелері мен қорытындылары Баишев Хабаршысы журналында жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, іштей бөліктерге бөлінген екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Ұсынылып отырған жұмыста:

  • теориялық мәліметтердің қорытындысы негізінде антропологиялық лингвистиканың шеңберіне енетін жаңа ғылыми-тілтанымдық салалардың бір-бірімен өзара байланысар тұсы, тоғысу нүктелері, антрополингвистика аясындағы әрқайсысының өзіндік иемденетін орны анықталып, бір жүйемен реттелді;
  • Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларындағытіл мен этнос, тіл мен қоғамарасындағы байланыс, тіл және таным, тілдесудегі психологиялық процестер мен шарттылықтар, тіл субъектілері арасындағы гендерлік айырымдар, т. б. тіл табиғаты мен адамзат болмысын бір арнаға тоғыстырған өзіндік зерттеу амалдары, соны ой-пікірлері мен әдіснамалық ерекшеліктері анықталды;
  • тілтанушы-ғалымның антропологиялық ұстаным негізіндегі зерттеушілік әдісі мен бүгінгі лингвистикадағы теориялық ұстанымдар арасындағы дәстүр мен жаңашыл идеялар сабақтастығы айқындалды.

Зерттеудің теориялық маңызы.

Бұл еңбекте лингвистиканың басқа ғылым салаларымен қоғамдасып, интеграциялануы нәтижесінде өмірге келген тоғыспалы пәндер: әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттаным , когнитивтік лингвистика (лингвогносеология), этнолингвистика, психолингвистика және тіл палеонтологиясы , гендерлік лингвистика ілімдері туралы теориялық деректер келтіріліп, оларға қатысты отандық және шетелдік ғалымдар ұсынған анықтамалар мен ой-пікірлер жүйелі түрде баяндалды. Сондай-ақ, өз тарапымыздан аталмыш заманауи пәнаралық лингвистикалық ілімдерді антропологиялық лингвистика шеңберіне шоғырландырып, әр қайсысының орнын анықтап, жүйелі түрде қарастырудың сызба-жобасын ұсындық.

Зерттеудің практикалық мәні:

  • Қ. Жұбановтың “адам баласы тілдің өзгеруі мен дамуына саналы түрде ықпал ете алады” деген кесімді тұжырымы негізінде ғалым ұсынған механизмді (тетіктерді) пайдалану арқылы еліміздегі тіл саясатына үлес қосу, ана тіліміздің қоғамдағы қолданысын кеңейту мен беделін арттыру мүмкіншілігі;
  • ұлтымыздың тарихы мен салтын тереңірек тану мақсатында тілді “құрал” ету: сөйлеу тілінде көрініс беретін мәдени лексика мен мифтік, архетиптік элементтердің мәніне үңіліп, палеонтологиялық зерттеулер жүргізу, тіліміздің тарихын түгендеу;

Зерттеудің әдістері . Жұмысты орындау барысында:

  • талдау, жинақтау әдістері;
  • түсініктеме (интерпретация) әдісі;
  • этимологиялық анализ;
  • салыстырмалы-тарихи әдіс;
  • когнитивті- жиынтығы қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

  • Қ. Жұбановтың ғылыми зерттеулеріндегі негізгі әдіс ретінде көрініс тапқанадамтанушылық ұстаным- жаңа заман лингвистикасы үшін жетекші бағытқа парадигмаменөзектес;
  • Қ. Жұбанов өз зерттеулері барысында адам болмысы мен тіл табиғатының байланысар тетігін көре білген, әр алуан тілдік құбылыстықоғам, мәдениет, тарихзаңдылықтарымен байланыстыра зерттеген;
  • Ғалымның «Дүниеге көзқарас арқылы нәрсеге ат қою», «Тіл деген не?», «Тотемизм», т. б. дәрістік циклдегі мұралары мен кісі аттары туралы әр тарап пайымдаулары ұлт болмысы мен оған тән тілдік дүниетаным аясын зерттеу нысаны мәселелерімен ұштас;
  • Қ. Жұбанов өз ұстазы Н. Я. Маррдың тұжырымдарына сүйене отырып, тіл туралы ой қорытқанда қолда бар бойынша ретроспектива жолымен талдаған;
  • Қ. Жұбанов таным, тотемизмніңмәні, ерте замандағы адамдардың қоршаған ортаға, дүниеге көзқарастары арқылы заттарға ат қоюы турасындағы лингвофилософиялық, мифопоэтикалық, лингвогносеологиялық ой-тұжырымдары мен дәйек- делелдері бүгінгікогнитивтік лингвистиканыңбазалық ұғымдарымен тереңнен астасады.

Диссертацияның құрылымы . Орындалған жұмыс кіріспеден, үш тараудан, олардың өзі іштей сегіз тараушадан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЛИНГВИСТИКАДАҒЫ АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

  1. Тіл білімі тарихындағы антропологиялық парадигманың бастау арналары

Тілдегі антропологиялық идея қазіргі лингвистика шеңберінде ғылыми көпшілікке аян ұғым. Мыңжылдықтар тоғысында қалыптасқан бұл ғылыми ұстаным үшін бүгінгі заманда тілді зерттеуге қатысты жаңа талаптар туындады.

Лингвистикадағы антропологиялық әдіс тілді адам болмысымен бірлікте қарастыруды көздейді. Әлемдегі барлық құбылыстар адам тәжірибесі мен құндылықтары тұрғысынан қарастырылады. Мұндай стандарт ерте дәуірдегі синтетикалық-спекулятивті философия моделінен де, ортағасырлық метафизика жүйесінен де, қазіргі кездегі философиялық ілімдерден де көрініс береді [3] .

Қай заманда болмасын ғылым, өнер, білім - барлығы да, түптеп келгенде, адамды тануды бірінші мақсат етіп қойған. Өмірдегі әралуан әрекеттердің жүзеге асу барысы адаммен немесе оның қасиеттерімен байланысты. Өйткені мәселелер қалай өрбісе де, бәрі айналып келгенде адам болмысына тіреле бермек. Себебі мұның бәрі адамды тану қажеттігінен туған идеялар.

Антропологиялық парадигма әдетте, зерттеуші назарының әуел баста таным нысанынан бастау алып, субъектіге өтуі тұрғысында, яғни адамның тілден, ал тіл сол адамның өн бойынан іздестірілу жолымен жүзеге асырылады. Өйткені И. А. Бодуэн де Куртэненің түсіндіруі бойынша, «тіл сол тілді тұтынатын қоғамдағы жекелеген индивидтердің психикасында, жан дүниесінде, миында өмір сүреді» [4, 11 б. ] .

Ғалымдар тіл білімінің антропологиялық негіздеме бойынша өрбу жолдарын мынадай деректермен дәлелдейді: бірінші жағдай - зерттеу жұмысының антропологиялық парадигмаға жуықтау тәсілімен жүзеге асырылуы: адам теорияға қатыстырылмайды, ал тіл - құбылып, жандану және мифтену тұрғысынан зерделенеді; екінші жағдай - тіл өз бетінше емес,

«адам болмысынң құраушы бөлігі» ретінде қарастырылады; үшінші жағдай бойынша зерттеудің пәнін - тілді меңгерген адам деп тану; төртінші жағдайға сәйкес тіл - адамның құрамдас бөлігі ретінде түсіндіріледі, осы негізде адамның тіршілік әрекеті тілдің бар мүмкіншілігі арқылы айқындалады. Бұл жолдың негізін салушы В. фон Гумбольдт болатын. Ол өзінің лингвофилософиялық концепциясын - адам теориясының қалыптасу ядросы деп атаған [5, 29 б. ] .

Қазіргі кезде антропологиялық принцип көбінесе антропоцентризм терминімен жарыса қолданылып жүр. Бұл соңғы аталған қолданысқа қатысты Ю. А. Сорокин өз келіспеушілігін білдіріп, мынадай пікір айтады:

«кез келген “центристік” қатынас өзін белгілі бір құбылыстың бастау көзі

деп танып, өзге «центрлерден» бөлектеніп, оқшауланып, осы негізде анайы бәсекелестік туғызуға ұмтылады . . . Антропоцентристік көзқарас - теңсіздік пен менмендікті меңзеп, өзін барлық жаратылыстың дәлелі ретінде жариялайтын ұстаныммен өзектес екендігін» айта келе, бұл мәселеге қатысты антропофилия деген қолданысты құптайтындығын білдіреді. Антропофилия ұғымының оңтайлы сипатын атай отырып, ғалым оның тек қана адам тіршілігі емес, сонымен қатар табиғаттағы оқиғалар мен құбылыстарға деген сүйіспеншілік, қамқорлық қатынасты білдіретіндігін жеткізеді. Ю. А. Сорокиннің айтуынша антропофилдік позиция - сын емес, тұжырым; ол даттау да емес, мақтау емес, түсіністікпен жақтау. «Антропофилдік ортада бұйырудың орнына нұсқау, қарама- қайшылықтың орнына салыстыру болады. Онда жекелеген құрамдас бөлшектер бірін-бірі түсіндіруге бейім тұрады (түсінбеген жағдайда себебін анықтауға мүмкіндік береді) » [6, 34, 36 б. ] .

Біз де Ю. А. Сорокиннің «антропоцентризмге» қатысты айтылған уәжді дәйектемесімен келісеміз. Себебі «центризмі» бар терминнің өзі көп жағдайда тұрпайылау, объективтіліктен алшақ көрінеді ( эгоцентризм, еуроцентризм , т. б. ) . Бұл жерде мәселе сөздің мәнінде емес (шындығына келгенде, осы терминді қолданушылар Ю. А. Сорокин келтіргендегідей “дүмбілез” мақсатты әсте көздемейтін шығар), әңгіме лингвистикалық контекстегі сөздік қолданыста, терминнің стильдік мақсатқа сай келуінде болса керек. Бірақ біз Ю. А. Сорокиннің антропофилия деген ұсынысын да қабылдауды қош көрмедік. Өйткені бұл қолданыс та аса объективті емес. Біз өз тарапымыздан тіл білімінде адамға қатысты жүзеге асырылатын ұстанымдар мен әдістер жиынтығын неғұрлым бейтарап сипатқа ие тілдегі антропологиялық парадигма деген терминді қолданғанды жөн санадық. Бұл терминнің түбірі anthrôpos (грек. ) - «адам», антропология - адамтану, адамды формасы жағынан жануар ретінде, мазмұны тұрғысынан рух иесі ретінде қарастыратын ілім; сондай-ақ, антропогенез, антропометрия, антропоморфизм т. б. сияқты сөзжасамдық жүйе де осы негізде қалыптасқан.

«Антропология» терминін ең алғаш рет адамның дене бітімі мен жан дүниесін сипаттауда ежелгі грек философы Аристотель қолданған. Содан кейін бірнеше ғасырлар өткен соң ғана бұл термин қайтадан ғылыми айналымға енген.

Бүгінгі кезде адамтану мәселесімен көптеген ғылым салалары айналысады және оларды әр ғалым өз мақсатына қарай әр түрлі жүйелеуді ұсынады. Сәйкесінше, қазіргі ғылымда антропологиялық пәндерді реттеудің бірнеше түрі бар. Сонымен, антропологияның құрамына қазір археология, этнография, фольклор, лингвистика, био-физиологиялық және әлеуметтік антропология, т. б. пәндер жатқызылады.

Адам болмысының неше түрлі қырларын зерттей түсудің маңызы адам туралы философиялық ой-тұжырымның молаюына, адам табиғаты туралы

тек бірыңғай еуропалық қана емес, сондай-ақ архаикалық және шығыстық дәстүр негізіндегі жаңа ұғымдардың, көзқарастардың қалыптасуымен де байланысты. Осыған сай, адам проблемасын зерделеудің жаңа әдіснамалық негізін қалыптастыру ісі де жолға қойылуда.

Антропологиялық зерттеудің ғылым тұрғысынан қалыптасқан бірқатар формасын ажыратуға болады, олар: теориялық антропология (немесе философиялық антропология), әлеуметтік-мәдени антропология (мәдени-тарихи антропология) және қолданбалы антропология [7] .

Жалпы айтқанда, антропология дегеніміз - ортақ зерттеу нысаны адам болып табылатын, салыстырмалы түрде бірнеше дербес пәндердің өзіндік жүйесі деуге болады. Мәселен:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құдайберген Жұбанов қарастырған тіл білімінің салалары
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Ғылыми революциялардың құрылымы
Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің қолданбалы саласы
Сөз таптарының мәселелері
Қ.жұбановтың зерттеулеріндегі ұлттық дидактикасының мәні мен маңызы.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ІЛІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ (Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Ғалым Құдайберген Жұбановтың тіл біліміндегі орны, әдістемелік еңбектері
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Қазақ тіл біліміндегі тіл мен таным бірлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz