Қазақстанда хан билігін жою



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1 тарау. 1917 жылға дейінгі Қазақстан Ішкі істер органдарының даму тарихы.
1.1. Қазақ хандығы тұсында ішкі істер органдарының қызметін жүзеге асырған мемлекеттік қызметкерлер.
1.2. Қазақ жерінде полиция жүйесінің пайда болу тарихы.
1.3. Қазақстан милициясы туралы түсінік. Қазақтың атақты генералдары мен тұңғыш заңгері.
2 тарау. 1917 жылға дейінгі Қазақстан Ішкі істер органдарының қызметінің ерекшеліктері.
2.1. Қазақстан Ішкі істер органдарының қызметінде туындаған мәселелер.
2.2. Қазақстан Ішкі істер органдарының қызметінде қолданылған заңнамалар.
3 тарау.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Нормативтік сілтемелер, анықтамалар, ақпараттар тізбесі, қысқартулар, символдар, арнайы терминдер

АНЫҚТАМАЛАР
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (бұдан әрі - ішкі істер органдары) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған құқық қорғау органы болып табылады.
Полиция- (ағылш. police; гр. politeia -- мемлекеттік істерді басқару; басқарма;фр. Police, от көне грекше: ἡ PIολιτεία -- мемлекет, қала) -- қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күресу, мемлекет пәрменін орындату, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық және мемлекеттік құрылысты қорғау міндеттері жүктелген мекемелер мен лауазымдардың және әскерилендірілген жасақтардың жиынтық атауы.
Генерал-Губернатор -- 1) патшалық Ресейдегі жергілікті жоғары әкімшілік лауазым. 1719 ж. енгізілген. Бастапқы кезде құрметті атақ ретінде қолданылды. 1775 жылғы губ. реформаға сәйкес жергілікті әкімш. жұмыс Генерал-Губернатор-ға тапсырылды. Ол бірнеше губ-дан тұратын генерал-губернаторлықты басқарды. 1782 жылғы патша жарлығы бойынша Генерал-Губернатор жергілікті әкімш. жұмысқа және полицияға басшылық етті, сот үкімін бұзуға, оны жүзеге асырмай тастауға еркі болды, соғыс окр-ның қолбасшысы қызметін қоса атқарды. 1796 ж. Генерал-Губернатор қызметі уақытша доғарылды. 19 ғ-дың 2-жартысында империяның бірқатар аймақтарында Генерал-Губернатор қызметі қайта қалпына келтіріліп, Мәскеу, Варшава,Киев, Түркістан, Дала, Иркутск, Финляндия, Амур өңірі генерал-губернаторлықтары құрылды. Патша өкіметінің отаршылық саясатын жүзеге асыруда шет аймақтардағы Генерал-Губернатор-лар маңызды рөл атқарды. 1917 жылғы Ақпан рев-сы нәтижесінде патша өкіметі құлағаннан кейін Генерал-Губернатор қызметін Уақытша үкімет тағайындаған комиссарлар, кей жерлерде бірнеше адамнан тұратын к-т (мыс., Түркістан к-ті) атқарды. 2) Ұлыбритания, Франция, т.б. елдерде губернаторға қарағанда жоғары қызмет. 3) Ағылшын доминондарындағы жоғары билікті иемденуші.

Кіріспе
Зерттеу жұмысымның өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарының даму және қалыптасу тарихы көптеген зерттеу әдебиттерінде тек 1917-1918 жылдардан бастап бастау алады. Оның өзінде де тәуелсіздікке дейінгі, яғни 1991 жылға дейінгі тарихи материалдар Ресейлік тарихпен араласып кеткен. Осы тұрғыда 1917 жылға дейін Ішкі істер органдарының даму тарихы немесе жалпы Ішкі істер органдары болған жоқ па деген сұрақ туындайды. Осы сұрақтың шешімін табу мақсатында, дәлірек айтқанда тәуелсіз Қазақстанның Ішкі істер органдарының 1917 жылға дейінгі тарихын жарыққа шығару бағытында біз Ақпан төңкерісіне дейінгі Қазақстан Ішкі істер органдары және оның даму тарихы тақырыбын таңдап алдық.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан аумағындағы құқық жүйесі толығымен жалпыимпериялық жүйеге көшіп, тұтастай алғанда, құқықтық жүйенің, оның ішінде сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының қатаңдатылуына әкеліп соқты.
Қазақстан аумағы Ресей империясына қосылған сәттен бастап патша өкіметі жалпыимпериялық құқықтық жүйені енгізу бойынша бірқатар шаралар қабылдады. 1822 жылы Сібір өлкесін басқару енгізілгеннен кейін, онда Қазақ мемлекетінің Кіші жүз аумағы кіретін Омбы облысын ерекше басқару ұсынылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қазақстанда әкімшілік-полициялық езгі жыл өткен сайын күшейтілді. 1916 жылғы 9 қыркүйекте өткен Министрлер кеңесінде Сібір, Дала және Түркістан өлкелерінің облыстарында полициялық күзет енгізу туралы мәселе қаралды. Уезд бастықтары мен учаскелік приставтардың бұратаналарды болмашы теріс қылықтары үшін Түркістан өлкесін басқару туралы ереженің 64-бабында көзделген жаза қолдануға құқығы болды. Заңдарда уездік полицияға қоғамдық өзін-өзі басқару орындарынан іріктеп алынған адамдар тарапынан көмек берілді, олардың өздері де тәртіпті қорғау жөніндегі алғашқы шаралар қолданатын еді. Петропавл, Семей, Верный, Орал қалаларында қалалық полиция басқармалары құрылды. Полиция билігіне тергеу ісін жүргізу үшін кең өкілеттіктер берілді. Қазақстанда әскери дала соттарының желісі ұлғайтылды. Жергілікті қазақ бөлімдерінен әскери-жазалау күштері ұйымдастырылды.
1917 жылы ақпанда Ресейдің Петроград қаласында ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы орын алып, монархиялық билік құлатылып, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді. Құрылған уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, оларды жазалауды тоқтатты. Сондай-ақ, көтерілісті ұйымдастырушыларға да кешірім берілді. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді (сөз, баспасөз бостандығы, саяси партиялар құру, т.б.). Ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері демократия, бостандық және теңдік орнаған кезде ұлттық автономия құрудың уақыты келді деп сенді. Әлихан Бөкейханов жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиялық Алаш партиясын құруға кірісті.


1 тарау. 1917 жылға дейінгі Қазақстан Ішкі істер органдарының даму тарихы
1.1. Қазақ хандығы тұсында ішкі істер органдарының қызметін жүзеге асырған мемлекеттік қызметкерлер
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап хандар мен сұлтандар сарайында оларға арнайы дәрежедегі адамдар тобы қызмет атқараған. Бұл әлеуметтік қауым - Төлеңгіттер деп аталған. Төлеңгіт деген атаудың шығу төркіні туралы қысқаша былай деп айтуға болады. Атақты тарихшы-түркітанушы Лев Гумилев Қиял патшалығын іздеу, Көне түріктер деп аталатын еңбектерінде VIII-ші ғасырдың өзінде Алтай тауы мен Орхон өзені аралықтарын мекен еткен түркі тілдес Төлеңгіт (Телеңгет) деп аталатын ұлыс болғандығы туралы жазады. IX - XI ғасырларда салт-дәстүрі түркілік Төлеңгіттер Алтай бойын қоныстанған ұлыс еді. Бұл олардың әуелгі ата қонысы болатын. Айналасындағы туыс тайпалар секілді Төлеңгіттер де көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанып, мал және егін шаруашылықтарымен айналысты. Бәрінен бұрын Төлеңгіттер жауынгерлікке машықтанған ер халық болды. Бірақ, олар сан жағынан аз еді.
Шыңғысхан құрған мемлекет құрамындағы Төлеңгіттер туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков мынадай пікір білдіреді: Алғашқы орта ғасырларда Алтайда өзіндік тайпа бірлестігін құрған төлеңгіттер... моңғолдарға қызмет ету барысында ыдырап кетті. Осыдан кейін Төлеңгіт ұлысының ыдырауының басты себебі-олардың Шыңғысхан мемлекетінің қоластына кіруінен бастау алатындығын аңғару қиын емес. XVI - XVIII ғасырларда Жоңғар мемлекетінің, одан кейін Ресей империясының құрамына кірген Төлеңгіт тайпасы шегіне жете ыдырады. Соның нәтижесінде тарихта Төлеңгіт деген атау ғана қалды.
Шыңғысханнан өсиет алған ұлдар мен немерелері және моңғол баһадүр-қолбасшылары қай өңірге барса да, қандай жерлерді жаулап алса да, өздерімен бірге Төлеңгіттерді ала барған. Алтын Орда мемлекетін құрған хан Бату хан сарайын қорғаушыларды Төлеңгіттер деп атаған. Сонымен, Төлеңгіттер деген сөз XIII ғасырға дейін жеке ұлыс болып келген, кейін Шыңғысхан мемлекетінің құрамына кіріп, көпшілігі хан жасауылы болып хан сарайында қызмет еткен Төлеңгіттерден бастау алады. Тарихшы ғалым Ермұхан Бекмахановтың пікірінше Төлеңгіт деген сөз қазақ сөзі емес, ол Алтай қалмақтарының Теленгет деген сөзінен алынған. Кейін, Алтын Орда ыдырап, бірнеше шағын мемлекеттерге бөлінді. Мысалы қазақ жерінде, Ақ Орда мемлекеті пайда болды. Ал XV ғасырдың 2-ші жартысында Шыңғысхан ұрпақтары болып келетін Керей мен Жәнібек басқарған қазақ хандығы құрылды. XV - XVIII ғасырларда хан мен сұлтандардың төлеңгіттерінің атқарған қызметтері өте ауқымды болды. Мысалы, олар хан мен сұлтандардың жеке бастарын қорғады, зекет, соғым және басқа да алым-салықтар жинады, сот биліктерін орындады, хан мен сұлтандар сарайларын қорғады, елшілік қызмет атқарды, сонымен бірге хан әскерінің негізгі бөлігі төлеңгіттерден тұрды.
Төлеңгіттер хандар мен сұлтандардың бұйрығынан басқаны орындамайтын ерекше мәртебеге ие болды.
Егер кәзіргі заман тілімен айтсақ, Төлеңгіттерді -- сол заманда мемлекеттік қызметкерлер дәрежесінде болды дегеніміз дұрыс болар еді. Өйткені, олар мемлекетке, яғни, қазақ хандығына және мемлекет басшылары немесе хандарға қызмет етті.
Осы жерде хандар мен сұлтандар айналасына төлеңгіттер қалай топталды деген сұрақ туады. Деректерге жүгінсек, олар хан сарайына негізінен мынадай жолдармен жинақталған:
1. Хандар мен сұлтандардың әскерін құрайтын, олардың сарайы мен жеке бастарын қорғайтын, алым-салық жинап, елшілік қызмет атқаратын адамдар сайдың тасындай мықты, ержүрек, қайратты да қажырлы адамдар болуы керек еді. Міне осындай адамдар әртүрлі рудан таңдап алынды. Сол хан сарайына әр рудан жинақталған осындай адамдар Төлеңгіттер деп аталды. Төлеңгіттер енді өздері қызмет ететін хан мен сұлтандардың таңбасын, яғни, Төре таңбасын алды. Хандар мен сұлтандардың сарайларында қызмет ететін Төлеңгіттердің бұрынғы руына қайтып оралуына құлқы да болмады.
Төлеңгіттердің хан сарайында топтастырылуында Абылай ханның рөлі ерекше болғандығын атап айтқан жөн. Абылай ханның сарайын қорғаушы Төлеңгіттердің саны өте көп болған. Олар Абылай хан сарайында ұлан (гвардия) қызметін атқарған. Бұл жерде айта кететін бір жайт - хан Абылай тек Арғын руының өзінен бір мыңдай жігіттерді хан сарайына Төлеңгіт қызметіне алған. Қазіргі кездегі Қазақстандағы Найман төленгіті, Албан төлеңгіті, Жалайыр төлеңгіті, Үйсін төлеңгіті, Керей төлеңгіті дегендердің арғы бабалары сол аталған рулардан таңдап алынғандар деп түсінгеніміз жөн.
2004 жылы Орал қаласынан басылып шыққан Төлеңгіттер тарихынан Тәбәрік атты кітапта (авторлары- М.Кенжеғалиев және Т.Әліпқали) .. елдегі әнші, палуан, мерген, зергер, тігінші және басқа да өнерлі отбасыларын хан-сұлтандар өз сарайларына көшіріп алып, Төлеңгіттер қатарына қосқан-, деп көрсетілген. Біздіңше Төлеңгіттердің құралуына байланысты мәселеде бұл пікірді де жоққа шығаруға болмайды. Себебі, хан сарайының даңқын көтеру үшін ондай өнерлі адамдар әр уақытта да керек болған. Жұртшылыққа белгілі Төлегеннің серігі төлеңгіт Шеге Базарбайдың сарай ақыны болған.
2. Төлеңгіттердің екінші бөлігі жаугершілік заманда тұтқынға түскендер еді. Олар негізінен жаугерлік замандарда сырт елдерге жорық жасау барысында қолға түсіп, билеушілердің жеке иелігіне берілген соғыс тұтқындарынан тұрды. Осыдан келіп Қалмақ төлеңгіті, Қарақалпақ төлеңгіті, Қырғыз төлеңгіті, Сарт төлеңгіті, Ноғай төлеңгіті, Түрікпен төлеңгіті деген атаулар пайда болған. Мысалы алтайлық түріктер немесе қалмақтар XVIII ғасырда Қазақстанда Қалмақ төлеңгіттерінің негізін құраған. Олар негізінен қазақ -- жоңғар соғыстарында қолға түскен тұтқындар еді.
Бұл жерде жоңғарлармен соғыста қолға түскендердің арасында VIII-XIII ғасырларда Алтай тауы аймағында мекен етіп, кейін Шыңғысхан империясының құрамына кірген Төлеңгіт ұлысының ұрпақтары болуы мүмкін екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Өйткені XVIII ғасырда сол Төлеңгіт ұлысының ұрпақтары Жоңғар мемлекетінің қол астында болған.
XVIII ғасырдың 2 жартысында (әсіресе 50-70 жылдарда) хандар мен сұлтандардың айналасында Төлеңгіттер саны мейлінше көбейген. Біздіңше оның басты екі түрлі жолы болды. Біріншіден Жоңғарлармен соғыс әскер қатарын төлеңгіттермен толықтыруды қажет етті. Сондықтан әр рудан жігіттер жиналды. Екіншіден соғыста қолға түскендер төлеңгіттер қатарын көбейтті.
Кейбір зерттеушілердің қазақ жеріндегі Төлеңгіттерді -- қазақ төлеңгіті (әр рудан жинап алынған) және Алтай төлеңгіті (бір кезде Алтай тауы аймағында өмір сүрген Төлеңгіт ұлысының жоңғарлармен соғыста қолға түскен ұрпақтары) деп бөлу себептері осыдан.
Осы жерде Төлеңгіттердің ешқашан да құл болмағандығын және ешуақытта да құл қызметін атқармағандығын айтуға тиіспіз. Тарихшы А.И.Левшин былай деп жазады: Мы не составляем особых классов из Толенгутов или прислужников ханских или невольников. Первые принадлежат вообще к простому народу и пользуются одинаковыми с ними правами. Төлеңгіттердің өз ырқымен басқа қожайынға бөлініп кетуіне немесе ешкімге де тәуелді болмай бөлек көшуге құқығы бар,- деп жазады Е.Бекмаханов.
Абылай хан 1762 жылы Давыдовқа жазған хатында былай дейді: Мен өз Төлеңгіттерімді қазақтардан кем көрмеймін, себебі олар менің басыбайлы жалшыларым емес...Сөз жоқ,бұл жерде әңгіме қазақ Төлеңгіттері туралы болып отырған жоқ. Біздіңше, Абылай хан айтып отырған бұл Төлеңгіттер -- біз жоғарыда көрсеткен Алтай Төлеңгіттері, яғни жоңғарлармен соғыста қолға түскен Төлеңгіт ұлысының ұрпақтары. Біріншіден, Абылайдың XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында жоңғарларда ойсырата жеңгені тарихтан белгілі. Екіншіден, Абылайдың өзі Төлеңгіттерді менің басыбайлы жалшыларым емес деп отыр. Олай болса Төлеңгіттер хандар мен сұлтандарға жартылай ғана тәуелді болуы мүмкін.
Сонымен бірге, Төлеңгіттер ешуақытта, ешкімге алым-салық төлемеген.
Төлеңгіттердің жері туралы айтатын болсақ, хан-сұлтандардың қарамағында көшіп жүретін болғандықтан, олардың өз жері болмаған. Бірақ, Төлеңгіттердің өз малдары болған және ол малдарға төрелердің таңбалары басылған. Сондықтан да Төрелер мен Төлеңгіттердің таңбалары бірдей.
Төлеңгіттер атқарған қызметтердің ішінен елшілік қызметті ерекше атағанымыз жөн. Мысалы, 1730 жылы Әбілқайыр ханның Кіші жүздің Ресейдің құрамына өз еркімен қосылуы туралы өтінішін Петербургке алып барып, патшайым Анна Иоановнанын қабылдауында болған елшіліктің құрамында Бақбек деген Төлеңгіт болған. Сол сияқты Орта жүз ханы Сәмеке 1732 жылы Орта жүздің Ресей құрамына өз еркімен қосылуы туралы Петербургке жіберген елшілік құрамында да Қашақ есімді Төлеңгіт болған. 1748 жылы Тевкелев Орскіге келген кезде губернатор И.И.Неплюев пен Әбілқайыр ханды келістіру мақсатында жүргізілген келіссөздердің басында да Төлеңгіттер жүрген.
1757 жылы сұлтан Жәнібек Петербург қаласына сапар шеккен кезде орыс үкіметі олардың жолына ақша төлеген. Мысалы, сұлтанға күніне 50 тиын, старшинаға-20 тиын, төлеңгіттерге-10 тиын, тілмаштарға-5 тиын, ал солдаттарға-3-ақ тиын төлеген. Осының өзі Төлеңгіттердің хан сарайындағы алатын орнын анық көрсетіп береді.
Нұралы ханның Ресейдегі аманатта жүрген балаларының жанында да Төлеңгіттер болған. 1791 жылы Орынбордың әскери губернаторы А.Пэутлинг Кіші жүзде хан билігін қайта орнатып, Ералыны хан етіп тағайындағаннан кейін батыр Сырым Датұлының А.Пэутлингке жазған хатын алып бара жатып, кең далалықта ұсталған қазақ жігіті, өзін Шералы сұлтанның Төлеңгітімін деп таныстырған.
Тарихшы А.И.Левшиннің пікірінше хан-сұлтандардың жасақтары негізінен хандар мен сұлтандардың ордасымен бірге көшіп-қонып жүретін, оларға тәуелді төлеңгіттерден жиналған. Бұл жағдай әсіресе Кенесары ханның сарайында анық байқалады. Көтеріліс барысында Кенесары хан төлеңгіттерді әскери күш ретінде пайдаланған. Соның нәтижесінде Кенесарыға қосылған көтерілісшілердің саны 20 мыңға жеткен. Мұнда Төлеңгіттер негізінен әскери жасақшы қызметін атқарған. Тіпті, көтеріліске қосылған кейбір жеке қазақ рулары өздерін Кенесары төлеңгіттеріміз деп атады. Бұның өзі уақытша болса да, төлеңгіттердің әскери күш ретінде беделінің өскендігін көрсетеді (Е.Бекмаханов).
Жалпы, Кенесары хан Төлеңгіттердің құқығын барынша күшейткен. Хандықтағы маңызды тапсырмаларды Кеңесары эмиссарлары -- Төлеңгіттер орындайтын болған. Төлеңгіт Алданазар Жанитаев былай дейді: Кенесары ханның Төлеңгіті болғандықтан, мен кімнің үйі болмасын, кедергісіз қонып, керек кезінде көлікті де пайдалана алдым.
Тарихшы ғалым И.Кенжалиевтің көрсетуінше 1836 - 1837 жылдарда Бөкей ордасында халық батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісшілер құрамында да Төлеңгіттер болған.
Осының өзі Төлеңгіт деп аталатын әлеуметтік қауымның қазақ халқының әлеуметтік теңдігі жолындағы күреске өзіндік дәрежеде үлес қосқандығын байқатады.
Қорыта айтқанда, қазақ халқындағы Төлеңгіттер деп аталатын әлеуметтік қауым әртүрлі қазақ руларынан және жаугершілік заманда қолға түскен басқа да халықтардың өкілдерінен құралған. Олар Төрелерге, яғни Шыңғысхан ұрпақтарына адал қызмет еткен мемлекеттік қызметкерлер.
ХIХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы ыдырағаннан кейін бұрынғы хандар мен сұлтандар сарайындағы Төлеңгіттер жеке руға біріге бастаған. Осыдан келіп Қазақстанның барлық жерінде Төлеңгіт руы пайда болады.
Хан тұсында "билер кеңесі" де жұмыс істеді. Оның құрамына ірі тайпалардың басшылары кірді. Хандықтың басқару жүйесінде "билер кеңесі" маңызды рөл атқарды. Олар төрт негізгі функцияларды атқарды: 1) әскери басшылық; 2) әкімшілік билік; 3) сот ісі; 4) ақсүйектердің билігін білдірді. Билер қоғам басшылығының белсенді мүшелері болды.
Тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеушілер қазақ билерінің іс қарауы қоғамдық іс-шара ретінде қаралып, қандай дау болса да билердің шешімі бүкіл жұртшылықты қанағаттандырғанын көрсетеді. Жалпытанылған пікір бойынша билер сотының мынадай қайталанбас ерекшеліктері болған:
1) Қылмыстық жауапкершілікке тарту 13 жастан бастап жүзеге асқан. Қазақтардың арасында он үште отау иесі деген ұғым қалыптасқан.
2) Билер институтының қоғамдық қызметі мен құқықтық бағыт-бағдарын айқындауда өзіндік дала конституциясы ретінде танылған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы құқықтық ережелері құнды болды. Егер де даулы істерді қарау барысында шешім шығаруға қатысты мәселелер осы аталған заңдарында қаралған болса, онда соларда көрсетілген ережелерге сүйенген.
3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-жанжалдар туындағанда қолданылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала кеткеніміз жөн. Бүгінгі күні прецеденттік құқық шеңберінде екі түрлі бұтақ қалыптасқан: жалпы құқық және әділет құқығы. Мінеки, көріп отырғанымыздай, қазіргі кезде құқықтық мемлекет деп танылған батыстық елдердің қолданып жүрген сот прецеденті ұғымын қазақ билері өз заманында түрлі дауларды шешуде шебер пайдалана білген.
Белгілі заңгер С.Зимановтың көрсетуінше, қорғаушы болуға Тәуке ханның Жеті Жарғысының талаптары барлық ниет білдірген адамдарды қатыстырған. Қорғаушылар барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, айыпкерді қорғау құқығына ие. Егер қаралған іс бойынша куәгер болатын адамдар жоқ болса, ант, яғни жан беру рәсімі іске асырылады. Жан беруге дауласушылардың құқы жоқ. Айып тағылған адам үшін аймаққа, руға, елге танымал адамның оның кінәсіздігін көрсетіп, өз атынан ара түсуі және қорғауы. Жан беру рәсіміне беделсіз, елге танымал емес адамдар жіберілмейді. Себебі сенімсіз адамдардың жан беруі әділетсіз билік шығаруға жол ашуы әбден мүмкін.
Жеті Жарғыға сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Жан жазасы атынан көрініп тұрғандай, қылмыскер өлім жазасына кесіледі, бұл қанға қан, жанға жан ұстанымының жүзеге асу көрінісі. Сонымен қатар, көтеріліс жасап, бүлік шығарғандар, еліне опасыздық жасағандар өлім жазасына кесілген. Үкім түрлі жолдармен орындалған (ат құйрығына байлап жіберу, садақпен ату, арқанмен қылқындырып өлтіру т.б.).
Ар жазасына келсек, ол негізінен адамның абырой-намысына тиетін, немесе оғаш қылықтар жасағандарды халық алдында ұялтып, өзгелерге сабақ ретінде қолданылған. Мысалы ата-анаға, қарияларға тіл тигізіп, қол көтергендер, түрлі оспадар іс-әрекетке барғандар т.б. Ар жазасы масқаралау және елден қуу арқылы орындалған. Масқаралау үшін айыпты адамның мойнына құрым киіз ілініп, бетіне күйе жағып, есекке немесе өгізге теріс қаратып мінгізіп, ауылды айналдыра алып жүреді. Ол елге мазақ болып, қарабет атанады. Осылайша, айыптыны ел алдында ұялтып қана қоймай, одан екінші рет нашар қылыққа бармайтыны туралы уәде алынады, халық алдында кешірім сұратады. Ал елден қуылу қазақтар үшін тіптен ауыр жаза болған. Жазаның бұл түрі аз қолданылған.
Билер құн дауларын негізінен Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның Жеті Жарғысын басшылыққа ала отырып шешкен. Осы жерде аталған заң жинақтарында адам өліміне немесе тәнге жарақат салғаны үшін қандай жазалар белгілегеніне қысқаша тоқталғанымыз жөн сияқты. Дәстүрлі қазақ қоғамы туралы зерттеуінде А.И.Левшин Жеті Жарғыға сілтеме жасай отырып, жанға жан, қанға қан ұстанымы бойынша өлген адамның туыстары кісі өлтірушіні өлтіруге құқылы, ал қолын, аяғын, құлағын кескендердің сондай дене мүшелерін шауып тастауына құқығы бар екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай қанды жазалар айыптаушылардың келісімі бойынша бидің шешімімен жұмсартылып, айыпты жасаған қылмысы үшін белгіленген құн төлеу арқылы жазасын өтейді. Құн төлеу арқылы кісі өлтіруші өзінің өмірін сақтап қалады, яғни, ер адам үшін 1000 қой, әйел үшін 500 қой төлеуі тиіс.
Ал сүйек құны дегеніміз - кісі өлтірген адам өлген кісінің мәйітін, яғни сүйегін жоқ қылып жіберсе, немесе түрлі себептермен өлік туған-туыстарының қолына арулап жерлеуге берілмей, жоқ болып кеткен жағдайда екі адамның құны төленген.
Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болған соң, мал бағуға қатысты әртүрлі даулы жағдайлар болады. Малға қатысты қылмыстық құрамы бар әрекет - барымта. Бұл даулы мәселе де билер тарапынан әділ шешімін тауып отырған, барымта кезінде соққы бата тимесе, қате тиіп мертіккен, немесе құрбан болғандарға тиісті құн төленген, айыпты жақ ат-тон айыбын тартқан. Кейде қазіргідей прокуратура, ішкі істер органы, сот атқарушысы сияқты мемлекеттің бір орталыққа бағынған күштеу аппаратының болмауы себепті бидің шығарған шешімін айыпты тарап орындамаған жағдайда, оны жүзеге асыру құқығы талапкер жағына беріліп, жауап барымта жасауға рұқсат етілген, бұл қарымта қайтару. Көріп отырғанымыздай, қажет болғанда барымта жасау да заңды саналып, әдет-ғұрып заңдарымен тиімді реттелген.
Қазақ билерінің қоғамдағы әділеттілікті сақтаудағы қызметтерін ары қарай қарастыратын болсақ, заңгер-ғалым С. Созақбаевтың Тәуке хан. Жеті жарғы атты еңбегінде қазақ қоғамында даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінгенін көрсетеді: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл-әрекет жасайды. Әдеттік құқықта оны Бітім, Береке, Салауат деп атаған.
Бітім - екі жақтың өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. Бітімнен кейін билерге істі қарауға құқық берілмейді. Себебі бітімді, өзара келісімді бір жақты бұзу сөзде, сертте тұрмаудың, жалпы ар-ожданның жоқтығының белгісі.
Береке - айырбас, немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт жасау. Өзіндік мүдделерін қанағаттандыру. Жалпы қазақтың әдеттік құқығында береке институты барлық келісім шарттардың негізі болған.
Дауды шешудің бұл жолы қазіргі кезде қолданыста жүрген Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 67-бабы, яғни, процестік келісімнің талаптары орындалған кезде қылмыстық жауаптылықтан босату болып табылады.
Салауат - немесе кешірім, - дауласқан екі жақтың бір-біріне талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Кешірім жасау ауыл, ел, ру ақсақалдарының қатысуымен өтетін болған.
Ал бұл түрі болса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 68-бабы, яғни, татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатумен сәйкес келеді.
Тәуке хан заманынан бастап қалыптасқан тағы бір институт - Жүгініс - яғни рулар арасында болған даулар мен қақтығыстарды билердің алқалық құраммен қарауы. Негізінде бұл институт қауымдық демократияның бір нышаны ретінде танылады және оның тәртібі бойынша екі жақтың келісімімен, дауға ешқандай қатысы жоқ өзінің әділеттілігімен ел көзіне түскен, ақыл-парасаты жоғары, яғни ала жіпті аттамаған араби сайланады. Ол істің барлық мән-жайын алқалық құрамдағы билерге баяндайды, екі жақты бітімге келуге шақырады. Бітім болмаған жағдайларда билер ұсынылған барлық дәлелдерді таразыға сала отырып, өздерінің билігін айтады. Даудың соңы ала жіп кесу рәсімімен аяқталады. Көпшілік алдында араби екі жақтың дауласқан адамдарына, немесе олардың өкілдеріне ала жіптің екі шетін ұстатып, ортасынан кеседі. Қазақ қоғамының дамуы барысында Араби ұғымы Төбе би ұғымымен алмастырылды.
Қазақтар еркін өмір сүрген халық. Бізде сөз бостандығы да болған, және де ол басты құндылық ретінде бағаланған: Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ деген аталы сөзге жүгінген халықпыз. Тіптен жаны қысылғанда ханның өзіне де Дат, тақсыр! - деп қарапайым адамдар да өз ойларын еркін білдіре алған. Қазіргі заманғы демократияның басты құндылығында - адам мен азаматтың саяси құқықтары мен бостандықтарында бұл аталған мәселелердің шоқтығы биік.
Қазақ қоғамының идеологиясын құруда, оның рухани салауаттығын арттыруда да билер жоғарыда аталған ұлттық этикалық және этнопсихологиялық түсініктерді ұлттық сана-сезім мен саяси мәдениет дәрежесіне жеткізуді мұрат еткен. Осылайша этикалық мәселелерді мемлекетке қызмет еткізуге талпыныс жасалған. Сол үшін де Қазақстандағы биліктің сипатын жақсы ұғыну үшін әуелі қазақтардың дәстүрлі саяси мәдениетін, құндылықтар сатысын, саяси дәстүрлерді және олардың қазіргі замандағы Қазақстан өміріндегі рөлін зерделеуіміз қажет.
Билеріміз қазақ елін асқақ мұраттарға жеткізуде ұлттық бірлікті көкседі. Ел билеушілердің бойында көсемдік пен имандылық қасиеттерді дамытарлықтай ақыл қосып, кәсіби заңгер әрі саясаткер ретінде ел басқаруды жетілдіру жолдарын іздестірді. Сол себепті билер қазақ жеріне қатер төнген заманда әскер басқару мүмкіндігін үш жүздің батырларының ішінен ретімен, алауыздық туғызбайтын етіп, алаламай, келісіп шешіп отырды.
Сондай-ақ билер әлеуметтік жағынан шығу тегіне қарамай, қараны да, төрені де ісіне, қабілетіне, азаматтығына сәйкес әділ бағалап, қолдау білдіргені белгілі. Билердің батасысыз хан тұқымынан емес Әбілқайыр мен Жолбарыс хан тағына отыра алмайтын еді. Билердің қолдауы болмағанда, кезінде ата-бабалары ел алыстатылған Күшік, Әбілмансұр, Барақ, т.б. қазақ арасында жеке бастарының батырлығымен ғана танымал тұлғалар бола алмас еді. Билердің әділдік бағалары, еңіреген ер, қас батыр екендіктерін тани білгендігі олардың елге танылуына жол ашты. Қазақ қоғамындағы билік иерархияларында алмағайып заман тұсында ру басына, ұлыс ұлықтығына текті әулеттен шыққаны бойынша емес, ерлігімен сын сағаттарда көзге түсіп, жанқиярлық көрсеткен батырларды қою билердің қолдауынсыз болмады. Сондай-ақ хандықта атқару кеңесі болған. Хандық өзінің атқару кеңесінде - билермен, қолбасы батырлармен, уәзірлер тобымен ақылдасып кезектегі істерді қалай атқаруды талқылаған. Бұл - қазіргі заманымызда жалпы қолданысқа ие болып отырған билік бөлінісінің, тепе-теңдік пен тежемелік принциптерінің, қоғамдық бақылаудың тағы бір көрінісі.


1.2. Қазақ жерінде полиция жүйесінің пайда болу тарихы
Әрбір дәстүрлі қоғамның өз тұтастығын, бірлігін сақтайтын және басқаруды ұйымдастыру үшін нормалары болды. Қазақ қоғамында елшілер келгенде немесе аттанғанда шығын мен сый-сияпатты жинау, сол сияқты соғысқа - жорықтарға аттанған әскердің шығының (қару-жарақ, ат т.б.) көтеру, дін иелеріне зекет, хан мен ұлыс сұлтандарға соғым беру секілді нормалары болған. 1822-1824 жылдары Ресейдің енгізген ережелері қазақ халқының жағдайын түбегейлі өзгертті.
Қазақстан аумағы Ресей империясына қосылған сәттен бастап патша өкіметі жалпы империялық құқықтық жүйені енгізу бойынша бірқатар шаралар қабылдауды жүзеге асыра бастады. XVIII ғасырдың 30-жылдары басталған Қазақстанның Ресейге қосылуы тек XIX ғасырдың ортасында аяқталып, күрделі, даулы процесс болды. Кіші жүздің едәуір бөлігі, Орта жүздің кейбір аймақтары Ресей бодандығын өз еркімен қабылдады. Қазақстан халқының басым көпшілігінің мүддесін елемей, стратегиялық мақсат қоя отырып, өлкенің аннексиялануын жеделдетуге ұмтылған Ресей империясы патшаның әскери күшінің көмегімен Орталық Қазақстанның көпшілік бөлігі мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының бір бөлігін қосып алды. 1817 жылы Орта жузде Бекей ханнын кайтыс болуы және 1819 жылы Уәли ханның дүниеден етуi Ресейге көршілес аймақтардағы хандық билікті әлсіретті. Осы жағдайды пайдаланган патша өкіметі казак даласында Орта жүзге хан сайлау рәсiмiн токтатып тастады.
Қазақтар әскери күш ретінде Ресей мемлекетінін шет аймақтарын қорғап отырған. XVI ғасырдың екiншi жартысынан бастап кейiннен Жайық казактары деп аталып кеткен қазақ қауымдастығы кұрыла бастады. 1808 жылғы Ережеге сәйкес Сiбiр линиялык әскерi қазақтарды қызметке өз қаруларымен, жабдықтарымен, киім-кешегімен және жылқыларымен алуға тиiс болды. Сiбiр қазақ әскерлерін кұрған кезде патша үкіметі бiрiншi кезекте қазақтардын полицейлік рөл атқаруы керектігін ескерді.
1822-1824 жылдарда басталған реформалар келесідей мақсаттарды көздеді:
1. Қазақстанда хан билігін жою;
2. Қазақстандағы дәстүрлі саяси жүйені жою;
3. Қазақстанның әкімшілік, аумақтық, сот басқару құрылымын өзгерту.
Реформаларды жүргізудің алғашқы қадамы 1822 жылы қабылданған
Сібір қырғыздары туралы Жарғы болды. Патша үкіметі Орта жүздің хан билігін жою реформасын бастады. 1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Уәли Орта жүздің ханы болып сайланды. 1815 жылы патша үкіметі Орта жүздің саяси бөлінуін күшейту үшін Барақтың ұлы - Бөкейді екінші хан етіп тағайындады. Орыс билігіне берілген сұлтандардың бір бөлігіне сүйене отырып, патшалық Солтүстік және Батыс Қазақстанда М.Сперанскийдің басшылығымен жасалған Сібір қырғыздары туралы Жарғыға және Орынбор қырғыздары туралы Жарғыға негізделген жаңа басқару жүйесін құрды. Сібірді екі бөлікке бөлгеннен кейін қазақ даласының аумағы Батыс Сібірге жатқызылды, оның бас басқаруы 1839 жылға дейін Тобольскіде, 1839 жылдан бастап Омбыда болды.
Жарғыға сәйкес, Сібір қырғыздарының (қазақтарының) аймағы сыртқы және ішкі аудандарға бөлінді. Сыртқы округтерге Ертіс өзенінің арғы жағында көшіп келген қазақтар кірді. 1822 жылдан 1838 жылға дейін 7 округ құрылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті. Округтердің басында әкімшілік, полиция, сот шоғырланған дуан округтік бұйрығы болды. Бұйрықтарды аға сұлтандар басқарды, олардың жанында төрт отырысшы, яғни губернатор тағайындаған екі орыс шенеунігі және екі жылға сайланған екі қазақ билері немесе старшыны жұмыс істеді. Аға сұлтан жарғының ережелері бойынша сұлтандар жиналысында үш жылға сайланды. Оған қызмет ету кезінде майор шені берілді. Үш сайлауды сәтті өткен аға сұлтан дворян дипломын талап ете алды. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен әзірлеген Орынбор қырғыздары туралы Жарғыны Азия комитеті 1824 жылы қабылдады. Орынбор қырғыздары (қазақтары) өлкесінің әкімшілігінің енгізілуімен әскери сот, қылмыстық істерді тергеу бөлімі, азаматтық істерді тергеу бөлімі, дүниежүзілік сөз соты енгізілді. Қылмыстық процесс үш кезеңнен тұрды: алдын ала тергеу, анықтау және тергеу. Тергеуді полиция немесе әкімшілік жүргізді. Анықтаудың мақсаты - қылмыс фактісін анықтау. Алдын ала тергеуді сот тергеушілері жүргізіп, айып тағылу үшін материалдар жинаған. Материалдар прокурорға жіберіліп, қылмыстық істер дәлелдемелердің болмауына байланысты қысқартылып немесе іс қозғалып отырды. Екінші жағдайда прокурор айыптау актісін құрастырған.
Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Батыс, Орта, Шығыс. Сұлтан-билеушілер, шын мәнінде, Орынбор шекара комиссиясының шенеуніктері болды, олардың құрамына төраға, төрт кеңесші және ауқатты қазақтардың отырысшылары кірді. Комиссия губерниялық басқару функцияларын атқарды.
Әр Сұлтан-билеушінің қол астында офицердің қол астында казак отряды болды. Олардың ставкалары казак ауылдары мен бекіністерінде болды.
Кіші жүздегі барлық лауазымды адамдар, ауыл старшинасынан бастап Сұлтан-билеушіге дейін, шекара комиссиясының ұсынысы бойынша Орынбор генерал - губернаторы болып тағайындалды.
1844 жылы Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже қабылданды. Бөлімдер мен қашықтықтарға бөлінуден басқа, қазақ әкімшілігінің іс-әрекетін бақылайтын ресейлік шенеуніктердің қамқоршылары лауазымдары енгізілді. Бұл ретте қазақ ауылдарының дербестігі жойылды, әкімшілік бірліктер қазақтардың рулық бөлінуін есепке алмай салынды.
50-ші жылдары Қазақ патриоттық күштері жеңіліске ұшырағаннан кейін жаңа заңдар қабылданды:
Сібір комитетінің Ресей империясының жалпы заңдарын Сібір ведомствосының қазақтарына тарату туралы ережесі 1854 ж.
Қазақ даласында аға сұлтандарды сайлау тәртібі туралы ереже 1855 ж.
Қазақ даласының сыртқы округтерінде аға сұлтандар лауазымына кандидаттарды тағайындау туралы ереже 1856 ж.
Осы заңдармен патша үкіметі қазақтарды орыс әкімшілігіне бағындыруға, отаршылдыққа қарсы қозғалысты тоқтатуға тырысты.
1854 жылы Сібір қазақтарының облысы екі бөлікке бөлінді: Көкпекті және Аягөз сыртқы округтері, Жетісу өлкесі. Ертістің оң жағалауындағы жерлер Семей облысына бөлінді.
Жетісуда отарлық мекемелер ұйымдастырылды. 1848 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын Үлкен Орда приставтығы құрылды. 1856 жылы Верныйда (Алматы) орталығы бар Алатау округі құрылды.
1865 жылы патша үкіметі Қазақ даласын басқару туралы Ереженің жобасын даярлау үшін Далалық комиссияны құрды. Оның құрамына Ішкі істер министрлігінің, әскери министрліктің және жергілікті генерал-губернаторлардың өкілдері кірді. Шаруалардың басыбайлы тәртібі жойылңан соң Ресей үкіметі земствоның, соттың, қалалықтардың және т.б. әлеуметтік-саяси өмірінің ағысын түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді. Осы жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен өзгерту міндетін алға қойды. Реформаны даярлау кезінде қалың бұқараның көңіл-күйі назарға алынбады. Бұған қарсылық ретінде Ш.Уәлиханов Сот реформасы жөніндегі жазбаларында Қазақстанда халықтық өзін-өзі басқару жүйесіне негізделген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсынды.
1867 жылы наурызда Қазақ жерін, Орта Азия өлкесін әкімшілік басқару реформасының жобасын түпкілікті құрастыру үшін әскери министр Д.А.Милютин бастаған ерекше комитет құрылды. Нәтижесінде 1867 жылы 11 шілдеде Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарындағы басқару жөніндегі Уақытша Ереже жасалды.
1868 жылы Далалық облыстарды басқару жөніндегі және 1867 жылғы Түркістан өлкесіндегі басқару жөніндегі Уақытша Ереже бойынша болыстық басқарманың қолында полиуиялық және нұсқау таратушылық биліктер болды. Ол тыныштық пен тәртіпті сақтауды, салық төлеуді және халықтық барлық міндеткерліктерін өтеуін бақылады. Оның міндетіне билер сотының шешімін орындау кірді. Ауыл старшиндері өзінің құзырында болыстық басқармалардың міндеттерін орындады. Қазақ шаруалары шамадан тыс ауыр земстволық міндеткерліктерді өтеді: ауыл-болыс әкімшілігін шығын малмен қамтамасыз етті, көпірлерді жөңдеуге, пошта желілерін жөңдеуге қаржы бөлді, әскери бөлімдерді көлікпен қамтамсыз етті.
Уақытша Ереженің 210 тармағына сәйкес Қазақ жері Ресей империясының меншігі болп жарияланды. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялау үкіметке оны қазақ халқының пайдалануынан жатсындырып, қоныс аударушы қара шекпен учаскелеріне тарауға заңды құқық берді. Сұлтандардың барлық әлеуметтік-саяси және мұрагерлік құқықтары жойылды, барлық арнайы билік орыс шенеуніктерінің қолында шоғырланды.
Бұл реформалардың нәтижесінде әскери сот комиссиясы, сонымен қатар сот инстанциясы ретінде облыстық коллегия, уездік сот енгізілді. Уақытша ережелер бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына - Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына - Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына - Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында - полицейлік басқармалар, уездік қалаларда - полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. 1867 жылы Верный қаласында құқық тәртібін орнату және сақтау үшін бірінші полиция бөлімі құрылды. 1889 жылы 14 желтоқсанда Верный қаласындағы полиция отрядының штабы бекітілді, оның құрамы 44 полиция қызметкерлерінен - 9 аға және 35 кіші полиция құрамынан тұрды. 1867 жылы Ереженің 85-бабына сәйкес болыстардың басында қазақтардан сайланған болыс басқарушылары, ал ауылдардың басында сол сияқты сайланатын старшындар болды. Ережеде Болыстық және ауылдық старшындарды халық сайлайды деп нақты көрсетілген. Бір қарағанда сайлау демократиялық негізде жолға қойылған болып көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде патша үкіметі сайлауды өз мақсатына орай жүргізіп отырды. Сайланған болыс басқарушыларын - облыстық әскери губернаторы, ал ауылдық старшындарды уезд бастығы бекітетін еді. Болыс меңгерушісі және ауыл старшынының қызметіне сайлау әрбір үш жылда жергілікті жиналыстарда шешілетін болды. Сырдария облысындағы отырықшы халықтарға әкімшілік билік пен полицияға басшылықты ақсақалдар жүргізді.
1886 жылғы 2 маусымда бекітілген Түркістан өлкесін басқару туралы Ережеге сәйкес уездің әкімшілік-полиция бөлімі уезд бастығына бағынды. Жекелеген облыстар бойынша учаскелік сот орындаушылары құрылды. Кейбір уездерде, мысалы, Шымкентте қала маңындағы ауданды басқару уезд бастығының көмекшісіне жүктелді. Учаскелік сот орындаушылары, полиция бастықтары мен полицияның сот орындаушылары әскери губернатордың бұйрығымен қызметке тағайындалып, қызметтен босатылды. Уездік пристав жергілікті тұрғындарға үш тәуліктен аспайтын мерзімге қамауға алу немесе бес сомнан аспайтын ақшалай айыппұл салуға құқылы еді. Учаскелік сот орындаушыларының шешімдеріне уезд бастықтары шешім шығарған кезден бастап жеті күн ішінде шағым жасауға мүмкін болды. Учаскелік приставтардың қаулысына шағымдар уездік бастыққа жеткізілді. Уезд бастықтары жоқ қалаларда уездік сот орындаушыларына, жергілікті халық тұратын қалаларда полицияның қадағалауы ақсақалдарға жүктеліп, оларды әскери губернатор тағайындап отырды. Полиция қызметі үшін еркін түрде қызметкерлер табылмаған жағдайда, полиция бастығы мен приставтың қарамағына жергілікті әскердің төменгі қатарынан алынып отырылды. Кейіннен революциялардың соғыс жағдайы мен Бірінші дүниежүзілік соғыстың енгізілуіне байланысты әскери-полицейлік режимнің ықпалы күшейіп, екі-үш жылға есептелген уақытша ережелер 1917 жылғы революцияларға дейін нормативтік-құқықтық базаны құрады.
1.3. Қазақстан милициясы туралы түсінік. Қазақтың атақты генералдары мен тұңғыш заңгері
Жоғaрыда aйтып өткенімдей, Қaзaқстaн жеріне Ішкі істер оргaндaрының құрылу тaрихы Ресей империясының қaзaқ жерін отaрлaу сaясaтын жүргізе отырып, 1822-1824 жылдары реформaлар aрқылы орыс пaтшaлығындaғыдaй құқық қорғау жүйесін орнaтқaн болaтын. Ресей империясы хaндық бaсқaру жүйесін толық жойған сәтке дейін, қaзaқ бaтырлaрынa, яғни әскербaсылaрынa "тaрхaн" aтaғы беріліп отырғaн. Тaрхaн деген дәреже фельдмaршaл шенімен бірдей мaңызғa ие. Қaзaқ әскери тaрихындa бұл дәрежеге үш бaтыр лaйық деп тaбылып, шенді сaлтaнaтты түрде иемденген. Олaр - Шaқшaқ Жәнібек пен оның ұлы Дәуітбай бaтыр және тaмa Есет бaтыр. Жaлпы, Шaқшaқ Жәнібек қaзaқтaн шыққaн тұңғыш генерaл ретінде ресми мойындaлғaн.
Шaқшaқ Жәнібек - жоңғaр шaпқыншылығынa қaрсы күрескен қолбaсшы, дaңқты бaһaдүр, кемеңгер сaясaткер, мемлекеттік жоғaры дәрежедегі қaйрaткер. Тұңғыш рет тaрхaн (фельдмaршaл) деген дәрежеге ие болғaн қaзaқ бaтыры. Ол жеңіліс көрмей, қорқыныштың не екенін білмей өткен.
Дәуітбaй Жәнібекұлы - Шaқшaқ Жәнібектің ұлы, бaтыр болғaн. Тaрхaн aтaғы әкесінен берілген. Ортa жүз кұрaмындaғы aрғын тaйпaсынaн шыққaн. Әкесі Жәнібек Қошқaрұлы сияқты қол бaстaған Дәуітбай XVIII ғасырдың ортасындағы жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Оның бaлaсы Мұсa дa бaтырлығымен елге тaнылғaн.
Есет - қaзaқ тaрихындa Тaрхaн (фельдмaршaл) шеніне ие болғaн үш бaтырдың бірі. Жоңғaр шaпқыншылығы кезінде ерекше ерлік көрсетіп, кіші жүз ханы Әбілқaйырдың aдaл серігі болғaн.
1667-1749 жылдaрдың aрaлығындa өмір сүрген Есет Көкіұлы - қaзaқ хaлқының жоңғaр бaсқыншылaрынa қaрсы күресте есімі елге тaнылғaн әйгілі бaтырлaрының бірі. Есет бaтыр әйгілі Aқтaбaн шұбырындыдaн кейін ел болып бірігіп, жоңғaрлaрғa aлғaшқы aлaпaт соққы берген Бұлaнты шaйқaсынa қaтысып, езілген елдің еңсесін көтерткен. Aңырaқaй соғысындa Кіші жүз құрaмының туын көтерген бaтыр. 1743 жылы 3-шілдеде Ресей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай ханның ішкі саясаты
Сырым Датұлының өмірі
Орта жүздегі хандық билікті жоюдың құқықтық салдары
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Қазақстанда жүргізілген реформалар
Қазақ жерінде полиция жүйесінің пайда болу тарихы
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан
Ұлы және Орта жүздің Ресейге бағынуы
Пәндер