Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Құлан мектеп-гимназиясы КММ

Орындаған: Сүлейменова Рамелья
9 сынып оқушысы

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ: ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ, ӨЗІНДІК КӨРКЕМДІК СИПАТЫ, ИДЕЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Бағыты: Алаштың айбыны - Бауыржан Момышұлы
Секция:

Жетекшісі:

Құлан ауылы
2023 жыл
АҢДАТПА
Зерттеу мақсаты
Жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипаты, идеялық ерекшелігін зерттеп, жүйелеу.
Зерттеу міндеттері
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау;
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы суреттеулердің ерекшеліктерін жүйелеу;
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы ерекше стилін саралап талдау;
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуы үдерісіндегі Бауыржан Момышұлының тарихи-әдеби туындыларының маңызын көрсету.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы
Зерттеу жұмысында Б.Момышұлының шығармалары идеологиялық емес, көркемдік суреттеуге тұтас негізделетіндігі анықталды;
Шығармаларындағы стильдік ерекшелігі жазушы-жауынгердің көркемдік тәсілдерінің арқасында ашылды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері
Зерттеу жұмысында жүйелі- құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, мәтіндік саралау, кешенді жүйелі талдау әдіс-тәсілдерді қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы
Ғылыми жұмыстың негізгі тұжырымдары қазақ әдебиеті пәніне қосымша ретінде, семинар сабақтарына қосымша материал ретінде пайдаланылануға болады. Нәтижелері орта мектеп және арнаулы орта оқу орындарындағы отаншылдық- қаһармандық тәлім-тәрбие және жастардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына көмекші құрал қызметін атқара алады.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...12

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған, айтулы ұлдарының бірі - гвардия полковнигі, жазушы, Кеңес одағының батыры Б.Момышұлы есімі қазақ еліне таныстыруды қажет етпейді. Ол Халық батыры, ол даңқты әскери қолбасшы, ол көрнекті қаламгер деген ұғыммен ұрпақ санасында біте қайнасқан.
Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақ аса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылған еді.
Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды.
Баукең үйреткен тағлым - Ұлы сенім, Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым - ұлы шындық.
Бакең үйреткен тағлым - өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру.
Бауыржан үйреткен тағлым - Ұлт ар - намысына, Ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.
Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да ол ұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды.
Әлем әдебиеті тарихында шығармашылық таланты, дарыны мен қолбасшылық, жауынгерлік қызметі тұтасқан тарихи тұлғалардың әдеби мұрасы адамзат ұрпақтары үшін рухани құндылық қазынасы болып сақталған. Шығармашылық және әскери- жауынгерлік қызметі негізінде туындаған ондай тұлғалардың шығармаларындағы көркемдік-эстетикалық дүниетанымдары олардың кейіпкерлерді бейнелеулері мен қоршаған жаратылыс көріністерін суреттеу тәсілдері өз ерекшеліктерімен дараланады.
Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысын рота командирі дәрежесінен бастап дивизия командиріне дейін көтерілген қазақтың біртуар азаматы. Ол соғысты тек қана қарапайым жауынгер ретінде өз басынан өткізіп қоймай, оның алуан түрлі стратегиялық мақсат-мұратын, әр шайқастың мәні мен маңызын терең талдап түсіндіре алатын әскери маман, тереңнен толғайтын ойшыл, мыңдаған жауынгерлердің санасын тамыршыдай танитын нәзік психолог. Сондықтан да оның соғыс туралы жазған ойлары біз үшін баға жетпес дерек, құнды пікірлер мен толғамдар жиынтығы іспетті. Нақтылап айтқанда, ғылыми жобамызда жазушының көркем шығармаларындағы өзіне тән стилінің ерекшеліктерін саралап қарастыру арқылы туындайтын, кезінде оқырмандары ыстық ықыласпен қабылдаған қаламгердің суреткерлік шеберлігі айқындалады.
Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы дәстүр жалғастығы, өзіндік көркемдік сипаты, идеялық ерекшелігін зерттеу тақырыбының өзектілігі болмақ
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипаты, идеялық ерекшелігін зерттеп, жүйелеу - зерттеудің негізгі мақсаты. Міндеттері:
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау;
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы суреттеулердің ерекшеліктерін жүйелеу;
Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы ерекше стилін саралап талдау;
Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті дамуы үдерісіндегі Бауыржан Момышұлының тарихи-әдеби туындыларының маңызын көрсету.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысында жүйелі- құрылымдық, тарихи-салыстырмалы, мәтіндік саралау, кешенді жүйелі талдау әдіс-тәсілдерді қолданылды. Зерттеу жұмысында талдаудың әдіснамалық негізі ретінде ретінде А.Байтұрсыновтың [1], Е.Ысмайловтың [2], Қ.Жұмалиевтің [3], З.Қабдоловтың [4], З.Ахметовтің [5], А.Нұрқатовтың [6], М.Дүйсеновтің [7], Р.Нұрғалидың [8], М.Мырзахметовтің [9], З.Серікқалиевтің [10], С.Қасқабасовтың [11], Т.Тебегеновтің [12], Б.Жақыптың [13], А.Ісмақованың [14], К.Матыжановтың [15], Қ.Бұзаубағарованың [16] және т.б. еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми жұмыстың негізгі тұжырымдары қазақ әдебиеті пәніне қосымша ретінде, семинар сабақтарына қосымша материал ретінде пайдаланылануға болады. Нәтижелері орта мектеп және арнаулы орта оқу орындарындағы отаншылдық- қаһармандық тәлім-тәрбие және жастардың шығармашылық ізденіс жұмыстарына көмекші құрал қызметін атқара алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негіхгі бөлімен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
Майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының шығармашылығы қткен ғасырдың және қазіргі әдеби үдерістегі тағылымымен танымал. Оның әңгімелері, повестері, романдары, публицистикасы - бәрі де қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті құрамында өзіндік көркемдік сипатымен, идеялық ерекшелігімен бағаланады. Оның шығармаларындағы туған жер, атамекен ерекше шабытпен, асқан сүйіспеншілікпен суреттеледі.
Қткен ғасырдағы қазақ әңгімесі уақыт шындығын классикалық әдеби дәстүрімен бейнелегендігімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі жазушылардың әңгімелерінің көбінде сол төңкеріске дейінгі және кеңестік дәуірдегі қазақтардың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайлары көркем шындықпен суреттелді. Солардың қатарында Б.Момышұлын да атауға болады.
Жазушы шығармашылығын әдеби үдеріс аясында бағалау арқылы сол тұстағы қазақ сөз өнеріндегі біртұтас көркемдік ойлау болмысын сезінеміз.
Бауыржан Момышұлын қазақ әскери прозасының негізін қалаушы деп білеміз. Себебі соғысқа тікелей араласқан, оны жай солдат көзімен ғана емес, қол бастаған қолбасы ретінде танып, әскери ғылым негізінде терең түсінген адамның бірі - Бауыржан Момышұлы. Сондықтан да жиырмасыншы ғасыр ортасындағы терең тактика мен сан алуан техникаға негізделген соғыстың сыры мен сипатын тап басып жазу, оны оқырманға талдап түсіндіру соғысты көрмеген қаламгерге оңай тиеді деп айта алмас едік. Әрине соғыс кезінде бұрын қолына қалам ұстаған, төселген талай жазушыларымыз соғыс тақырыбына қалам тартып байқады, бірақ олардың өздері араласпаған, өз бастарынан өткізбеген құбылыстарды суреттеп жеткізулері сәтсіздікке ұшырап жатты. Олардың шығармалары реалистік сипатынан айырылды, оқырманын еліктіре алмады, адам сенбес қиял жетегінде кеткендерін кейін өздері де мойындады. Олардың шығармаларындағы елеулі қателіктерді 1943 жылдың желтоқсан айында елге келген кезінде Бауыржан Момышұлының өзі де атап көрсетіп берген болатын.
Б.Момышұлы шығармалары қазақ әдебиетіне көктен түскен дүние емес. Автордың баяндау, оқиғаны өрбіту, сюжеттік сатыларды дамыту тәсілдерінен оның ұлттық дәстүрден қашық кетпегенін айқын аңғарамыз.
Москва үшін шайқас орыс тілінде жазылса да, оның стилінен қазақы әңгімелеу жүйесін, ұлттық таным-түсініктер мен пайымдауларды молынан ұшыратамыз. Бауыржантанушы ғалым ф.ғ.к., доцент Қ.М.Оразбаев өзінің Бауыржан Момышұлы шығармашылығындағы дәстүр жалғастығы деген мақаласында: Батыр, жазушы Б.Момышұлы шығармаларындағы дәстүр жалғастығын оның прозалық туындыларынан да, поэзиялық жазбаларынан да іздеуге болады. Дегенмен, жазушының прозалық шығармалары ұлт әдебиетіндегі әскери жанрдың іргетасы болғандықтан, дәстүр жалғастығы оның өлеңдерінен көбірек менмұндалайды, - деген пікір айтады. Біз Баукеңнің прозлық шығармаларын толық оқи отырып аталған пікірдің дұрыс екендігіне көз жеткіздік.
Бауыржан Момышұлы ең бірінші соғысқа қатысқан жауынгер, жауға қарсы қол бастаған сардар, сосын барып қолына қалам алып, өз көзімен көріп, жанымен түйсінген өмірлік шындықты қағазға түсірген, содан өзгеге ұқсамайтын көркемдік шындықты сомдап шыққан суреткер дәрежесіне жеткен талант иесі. Сондықтан да оның шығармаларында бейбіт өмір суреттерінен гөрі соғыс суреті, әскери өмір сыры көбірек орын алып жатады.
Б.Момышұлы шығармаларының тақырыптық сипатын ашу жолында біз де жоғарыда айтылған тұжырымдар төңірегінде ізденуге тырыстық. Әрбір шығармасының көтерген жүгі мен айтар ойын тереңнен толғап, жан-жақты қарастыруды мақсат тұттық. Кез келген қаламгерде өзінің өндіріп жазар оңтайлы тақырыбы болады. Әрине Бауыржанды тақырып таппай тапшылық көрді дей алмаспыз, оның қаламы қай құбылыстың болсын бұрын жұрт байқай бермейтін қат-қабат сырын ашып, образды ой түюге жүйрік-ақ. Шығармашылық процессті зерттеушілердің айтуларынша кез келген қаламгер өзі көп білетін, бала күнінен таныс өмір құбылыстанрына қалам тартуға әрқашан дайын тұрады екен. Б.Момышұлы шығармашылығын зерделей келе біз де жазушының өзінің балалық шағы (Ұшқан ұя) мен өскен ортасы (Москва үшін шайқас) туралы шабыттана қалам тартқанының куәсі болғандаймыз. Егер Б.Момышұлының ең биік тұрған шығармалары қайсы десе біз ойланбастан осы екі шығарманы атаған болар едік. Өйткені бұл шығармалардың тақырыптары жазушының өзіне бала күнінен таныс, баяндауға да жеңіл, өзі терең түсінетін, жан-жақты білетін тақырыптары. Сондықтан да бұл шығармаларды жазушы жан-жақты қырнап, бар шабытымен әсерлі етіп жазып шыққан.
Ұлы Отан соғысы кезінде ең ұшқыр жанр поэзия болғаны баршаға аян. Ал прозалық шығармалар өздерінің жанрлық ерекшеліктеріне қарай кешеуілдеп барып жазылды. Соғыс тақырыбына қалам тартқан жазушылардың көбісі Ұлы Отан соғысының қандай екенін де көз алдарына толық елестете алмады десек те болады. Өйткені екінші дүние жүзілік соғыс - бұл адамның білек күшінің емес, адам ақыл ойы мен соңғы жаңарған техниканың соғысы болатын. Ондай соғыста біздің көне эпостарымыздағыдай кезегіңді сен алып, сен ата ғой деген мәрттік, аңғалдық жүрмейтін еді. Қарша жауған оқ, жерді ойдым-ойдым етіп ойып түсетін бомбалар мен миналар, ондаған шақырымдардан атылатын ауыр зеңбіректер мен оқ өтпейтін танктер, аспанда жүйткіген әскери ұшақтар араласқан алапат соғыс еді. Ал біздің ақын-жазушыларымыз ол соғыста қазақ жауынгерлерін Алпамыс пен Қобыланды ретінде көргісі келді, ескі дәстүрмен халық ақындары соларға ұқсатып оларды суреттеп те жатты. Бірақ ақиқат шындық мүлдем басқаша болатын. Шынайы соғыс тақырыбын терең ашқан шығармалар соғыстан кейін ғана жарық көре бастады. Олардың өзі сан рет түзетулер мен редакциялауларды бастан өткізгені белгілі. Олардың қатарында Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты романын атасақ та жеткілікті болар. Ал сол миллиондаған адамның өмірін жалмаған соғыстың шындығын қазақ оқырманына көркем тілмен жеткізген нағыз реалистік шығарманың бірі ғана емес, бірегейі - ол Б.Момышұлының шығармалары. Оның шығармалары қарапайым тілмен жазылса да ерекше екпінімен, өршіл рухымен баурайтын патриотизм идеясына толы болып келеді.
Жазушы шығармаларының мазмұн мен пішін поэтикасы заңдылықтарына сәйкестігі - алғашқы жазған туындыларынан-ақ танылуы сол дәуір суреткерлерінің бағалаулары арқылы белгілі болды. Әлемдік әдеби үдеріс - әр ұлттың шығармашылық өнері арқылы қалыптасатын, дамитын өзгеше құбылыс. Сондықтан да кез келген ұлттың әдебиеті тарихында пайда болған жаңалық атаулы ол сол халықтың ғана емес, күллі адамзаттың рухани қазынасына айналып жатады.
Суреткер жазушы Мұхтар Әуезовтің 1958 жылы 15-25 желтоқсан күндері қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігің 3-күніндегі жазушылар мен сыншылары қатысқан қазақ жазушыларының шығармалары талқыланатын жиында сөйлеген сөзінде Бауыржан Момышұлының әдебиетке тың тақырыппен жаңа көркемдік шеберлік мәнерімен келгеніне жоғары баға береді: В отношении наших молодых авторов, молодых не по летам, а молодых по выступлению в художественную литературу, хочется сказать вот что: многие из них правильно делают, что они от жизненного опыта пришли в литературу. Они пришли в литературу, имея готовый ответ на многие вопросы жизни, на художественные творческие проблемы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы
Романда Тана қыз даралық қырымен танылатын образ
Бастауыштың грамматикалық тұлғасы - сөздің атау тұлғасы
ЖҰМЕКЕН НӘЖІМЕДЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ
Қазақ драматургиясы туралы
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Бауыржан Момышұлы шағармасының зерттелуі
Отаншылдық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Пәндер