Есептің шешуін тексерудің тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Арна Көкшетау жоғары колледжі
Курстық жұмыс
Есеп шығаруға үйретудің жалпы мәселесі.Мәтінді есептерді шығару әдістемесі.

Мамандық 0105000 Бастауыш білім беру

Орындаған: Көкен.А.К
Топ: НО-41-О
Тәжірибе жетекшісі: Сатпаева.Л.О

І тарау. Есеп шығаруға үйретудің жалпы мәселесі.
II тарау. Мәтінді есептерді шығару әдістемесі таныстыру
1.1.Есеп шығаруға үйретудің жолдары.
1.2 Есептің шешуін тексерудің тәсілдері.
1.3 Есептің құрама бөліктері.
2.1 Мәтінді есепті шешу процесі және оның кезеңдері.
2.2 Мәтіндік есептерді шығару біліктілігін қалыптастыру.
2.3 Мәтінді есептерде көрнекіліктерді пайдалану
1.1.Есеп шығаруға үйретудің жолдары.
Есепті шығару дегеніміз - есептің шартындағы берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып, арифметикалық амалдарды таңдап, орындап, есептің сұрағына жауап беру.
Математиканы оқытудың жалпы жүйесінде есептер шығару тиімді жаттығулардың бір өңі болып табылады. Есептер шығаруға үйрету оқушыларда басты математикалық ұғымдарды қалыптасып , олардың бағдарламада анықталған теориялық білімгер меңгеруінде басты орын алады. Есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын тағы бұрынғыдай барлық білімдерін қолдану жолында пысықтала түсетін нақтылы жадығат боп табылады. Есеп шығару балаларда, әрбір кісіге оның күнделікті өмірінде кepeктi іскерлікті, зайырлығын қалыптастырады. Есеп шығару арқасында, балалар танымдық тағы тәрбиелік тұрғыдан алғандағы басты ұғымдармен танысады. Есеп шығару оқушылардың ақыл-ойының дамуына өте ізгі әсерін тигізеді. Балаларды есеп шығаруға үйрету- берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланыста айқындау және соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін оны орындау.Есептермен жұмыс жасағанда мынандай кезеңдердің орындалуы тәртібін сақтаған жөн.
Кезең - есептің мазмұнымен таныстыру;
Кезең - есептің шешуін іздеу;
Кезең - есепті шешу;
Кезең - есептің шешуін тексеру.
Есепті дұрыс түсініп алмай, оны әрі қарай жалғастыру мүмкін емес. Есеп шығаруға асығудың керегі жоқ. Шығаруға кіріспес бұрын оның мазмұнына талдау жасап не берілгенін, нені іздеу керек екендігін анықтау керек. Бұл тұста ұқыпты сызылған сызба немесе сүлбелердің көмегі зор. Егер есептің берілген немесе ізделінді элементтері белгіленбеген болса, онда ыңғайлы белгілеулер енгізу керек. Есеп бір жақты анықталмаған ба, соны тексеру қажет. Мүмкіндігінше есеп шартында артық мәселелер, қайшылықтар бар ма, соларды тиянақты түрде анықтау керек. Оқушылардың зейінін есеп шығаруға аударғанда, алға қоятын мақсат тек қана есепті шығарып оның жауабын табу ғана емес, кез келген есепті шығара алу дағдысын қалыптастыру болуы керек. Бұл дағдылар:
1. Есепті оқып, оның берілгенін толық түсінуі, яғни есептегі әрбір сөздің мағынасын түсініп не туралы екенін көз алдарына елестете алуы;
2. Есептің берілгендері мен белгісіздерін, шарты мен сұрағын ажырату;
3. Есептің шарты мен сұрағының, берілгендері мен ізделінділерінің арасына байланыс жасап, яғни есепті талдап, нәтижесінде оны шешетін арифметикалық амалдарды анықтау;
4. Шешуі мен жауабын жазу.
Осындай іскерліктерді қалыптастыру үшін істелетін төмендегідей жұмыс кезеңдерін басшылыққа алу керек:
1. Есеп шығаруға дайындық кезеңі. Оқушыларға есептің шартын оқытпас бұрын, есеп шығаруға керек болатын білім, білік, дағдыларын естеріне түсіру.
2. Есепті оқытып, берілгендерін түсіндіру. Бұл кезеңде оқушыларға есептің не туралы екенін көз алдарына елестетіп, шарты мен сұрақтарын, берілгендері мен нені табу керек екенін, яғни тірек сөздерін анықтату.
Есеп шығарудың жоспарын құру шешуші кезең болып табылады. Есеп шығарудың жоспары дұрыс құрылғанда ғана, есеп қатесіз шығарылады. Жоспар құру ұзақ және күрделі болуы мүмкін. Сондықтан, оқушыға есеп шығарудың негізгі кілтін ұсынатын идеяларға байланысты сұрақтар мен ақыл кеңестер жүйелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптың оқу практикалық мазмұнды есептерін шығару біліктерін қалыптастыру
Физика сабағында білімді бекітуде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының құрама есептерді шешу біліктерін қалыптастыру
Арифметикалық амалдарды жазбаша орындау тәсілдері
Оқушыларға құрама есептерді шығаруға үйретудің тәсілдері
Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді шығаруға үйрету
Оқушылардың математикалық білімдерін бақылау және бағалау құралы
Теңдеу. Теңдеуді шешу тәсілдері
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ТЕҢДЕУДІ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Математиканың бастауыш курсындығы алгебралық материалдардың мазмұны
Пәндер