Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Сәулет кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Алаш қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы
Орындаған: Бердібай Әсет
Тобы:См 22 5 к5
Қабылдаған:Белгібай Жанар
Шымкент, 2023
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .[3]
1-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер
1.1.Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы ... ... ... ... ... ... ..[4 ]
1.2.Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...[6]
2-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары
2.1.Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..[78]
2.2.Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары ... ... .[89]
3-тарау. Алаш қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы ... ... ... ... ... ... ... [ 10]
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .[11]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .[12]
Кіріспе
Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.
1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.
1-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер.
1.1.Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.
Алаш партиясы -- Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.
Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі - Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы - Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш - Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында - саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары - Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
Алаш сөзі - түркі тілдерде қандастар, бауырластарды білдіреді. Кейбір деректер бойынша, Алаш - қазақ сөзінің синонимі болып саналады. Яғни қазақ сөзі мен Алаш сөзі, екеуі де еркін, азат адам дегенді білдіреді. Қадырғали Жалайыр өз еңбегіндерде, қазақтарды белгілеу үшін Алаш сөзін қолданған.
Алаш үкіметі болашақта барлық Орталық Азиядағы түркі халықтарды біріктіріп, тәуелсіз ел құрғысы келді. Сондықтан, Алаш партиясы өз атауын қазақ демей, түркі халықтар үшін жаңа ұлт пайда қылдырып бірлікке жеткенін қалаған. Алайда, партия бұл идеяны ешқашан іске асыра ала алмай, басқа халықтардың зиялыларымен ортақ тіл табыса алмады. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан Мұстафа Шоқай өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды -- дейді.
Алаш партиясы (1917 -- 1920) -- 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы -- Әлихан Бөкейханов.
Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. Күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 -- 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш -- сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.
Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін Алаш қозғалысы атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын. Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемлекеттік Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған "Қазақ", оның артын ала өмірге келген "Бірлік туы", "Сарыарқа", "Ақжол" газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. Алаш қозғалысының басты мақсаты -- қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. Жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды.
1.2.Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.
Қазан-қараша айларындағы Ресейдегі саяси өзгерістер Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының қайраткерлеріне жаңа міндет жүктеді. Алаштың мемлекеттік құрылымы -- Ресей құрамындағы Алаш автономиясы мен үкіметі деген пікір Алаш партиясының бағдарламалық жобасында нақты көрініс тапқан еді. II жалпықазақ съезінде Ұлт Кеңесін құру мәселесі басқа да өзекті мәселелермен қатар қойылған. Бұл іс жүзінде Қазақстандағы саяси билікті қолға алатын дербес мемлекеттік құрылым кұру деген сөз. Сонымен, іргелес аймақтарда қалыптаскан саяси жағдайлар, Алаштың қайраткерлеріне саяси өмірдің күрделі қойнауынан қазақ қоғамын сүріндірмей алып шығу міндетін жүктеген еді.
Жалпы автономия жариялауда 2-ші жалпықазақ съездерінің өкілдері екіге бөлінген. Бір бөлігі (33 адам) ресми түрде қазақ автономиясын дереу, сьезд үстінде жариялау керек деп тас салып дауыс берсе, екінші бөлігі (42 адам) қазақ автономиясын жариялауда Алашорда үкіметі шешсін деп тас салып дауыс берген. Дауыс беру қорытындысына қарамай бірінші бөлік топ өкілдері келіп отырған облыстардың (Орал, Сырдария, Бөкей ордасы Түркістан автономиясына кіретіндігін мәлімдейді. Осындай қазақ халқы үшін шешуші жағдайда съезд екі топқа да тиімді ымыралы қаулы қабылдайды: 1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл Қазаққа қосып алады, қосып ала алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді. 2. Бір айда Түркістан қазағын Алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия иғлан, етуге, ерікгі. 3. Егер бір айдан кейін Алаш баласы қосылмаса һәм қалған Алашқа автономия иғлан етілмесе, һәм кім өз күнін өзі көреді. 4. Егер Түркістан қазағы бір айдай бізге қосылса автономияны қашан иғлан ету ықтияры Алашордаға берілсін`. Осы қаулы заң бойынша бір айдан кейін күшіне енуі қажет деп табылды.
Алашорда Алаш автономиясының Ұлт Кеңесі. Оның қүрамына 15 адам сайланды. Үкіметтің 15 мүшелеріне орынбасар болып қазақ өлкесінің әртүрлі өңірінен тағы да 15 кандидатура бекітілді. Алашорданың төрағасы баламалы түрде сайланды. Оған үш кандидатура ұсынылды: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов, Айдархан Тұрлыбаев жасырын дауыс беру нәтежесіңдс Ә.Бекейханов 40 дауысқа, А.Тұрлыбаев 20 дауысқа, Б.Құлманов 19 дауысқа ие болды. Әлихан Бөкейханов көп дауыс алып Алаш автономиясының үкіметі Алашорданьң төрағасы болып сайланды.
Тарихқа Алаш автономиясы мен оның Уақытша Ұлттық Кеңесі Алашорданың дүниеге келгені мәлім болды.
Алашорда біртұтас қазақ автономясын құрып үлгермей, барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің 2 бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алаш үкіметінің батыс бөлімі немес Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен Кеңес өкметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Алашорда Азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алаш үкіметін таратты.
2-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары.
2.1.Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы жолдары.
ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz