Жергілікті бюджеттің экономикалық ролі
Кiрiспе.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым.қатынасының, даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Нарықтық механизмге көшуге жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды,кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми.техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жіктерін, сондай.ақ денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет мекемелерiн әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы . нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк . экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс.әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар .ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың,

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін
қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы
қаржы қарым-қатынасының, даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Нарықтық механизмге көшуге жағдайында мемлекеттік бюджеттің
қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды,кешенді мақсатты
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті
арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған
жіктерін, сондай-ақ денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет мекемелерiн
әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл
орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-
әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын
ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы
категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын
әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу
теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны
ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның
қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы
қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.
Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
[1]
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде
қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар
қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының
жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында
қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын
бейнелеп көрсетедi.
Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге
асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық
саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар
аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне стратегиялық бағдар беру
мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын
анықтайтын құжат – Орта мерзімді фискалдық саясатты жыл сайын әзірлеу
шешімі қабылданды. [1, 6-б.]
Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің
қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет
саясатының заман талабына бара – барлығының тікелей тәуелділігімен
негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру
мен жұмсаудың басты құралы ретінде саяси билікке экономикаға ықпал етуге,
оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым
секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін
әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ”Жергілікті бюджеттің
шығыстарын жоспарлау”.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты - әрбір шаруашылық жүргізуші
субьектілер іс - әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері,
мемлекеттің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және
мемлекеттің бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстары туралы талдама жасау және нақты
дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу,”
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының бюджетінің
ұйымдастырылуының қағидаттары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары,
әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірілуі, яғни бюджет балансы
көрсетілген. Экономиканың жай-күйін қамтып көрсететін бюджет тапшылығы және
бюджеттік процесс толық қамтылған.
Екінші бөлімде жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының
құрамы мен құрылымы, негізгі бағыттары көрсетілген. Мемлекеттік резервтерді
жоспарлауды ұйымдастыруына, бюджет шығыстарының есеп объектілері, бюджет
шығысына талдау жасалған.
Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.
1-тарау. Жергілікті бюджеттің экономикалық ролі.
1.1 Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.
Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және
бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен
пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске
көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Егер Қазақстан республикасының бекіткен халықаралық шартта осы
Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады.

бүкіл аумағында қолданысқа болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға
қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы
органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті
қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды
негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы
аяталғаннан кейін күшін жояды.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан
Республикасының үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске
асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа
енгізіледі. [1, 5-б.]
Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде
Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе,
онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік бюджет –араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін,
талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық
бюджет;
Инвестициялық ұсыныс –инвестициялық жобаның мақсатын, оған жету
жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны одан әрі үшін оны алдын ала
іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба
тұжырымдамасы;
Кассалық алшақтық –қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке
түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып
түсуі;
Жергілікті бюджет –облыстық бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган
–жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа
мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды
жүзеге асыратын атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті
бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы
жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын атқарушы орган;
Кірістерді бөлу нормативі –кірістерді әр түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;
Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының неғұрлым маңызды
міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық
жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті
бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық
жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына
қосымша;
Бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде
бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар,
мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет
көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет
көрсететін тұлғалар;
Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың әлеуметтік
–экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;
Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде
немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және
жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере
отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан
республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе
аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған
негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі
шараларды айқындайтын құжат;
Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына,
сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және
қайтарылмайтын төлемдер;
Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан
Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;
Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының
Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды
ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;
Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;
Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік
жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі; [4]
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган –орташа
мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін
және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік
қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық
бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі
бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан
республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу
функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген
басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде
пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары
бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң
салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан
Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады. [3]
Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар
салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан
Республикасы заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде
қолданылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
кірістер;
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансфеттер түсімдері;
шығындар:
операциялық сальдо;
таза бюджеттік кредит беру;
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
бюджет тапшылығы (профициті);
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу
осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [1, 7
–б.]
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан
республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері
арасындағы айырма ретінде айқыналатын республикалық бюджет шығынын өтеуге
жұмсалады. Өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық
атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің жалпы нақты көлемі
олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
Қақастан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып
берілетін нысаналы трансфеттер түрінде;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит
өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмасалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері;
Шикізат секторы ұйымдарының республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Республикалық меншіктегі және кен мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті
мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін
инвестициялық кірістер;
Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер болып табылды.
Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру ұйымдарының тізбесін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. [5]
Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер –шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы;
Корпорациялық табыс салығы;
Қосылған құнға салынатын салық;
Үстеме пайдаға салынатын салық;
Бонустар;
Роялти
Жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді
жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат
секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары
ескеріле отырып жасалады.
Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми
трансфеттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және
өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін
жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен
берілетін ресми трансфеттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында
оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми
трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және

жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін
ресми трансфеттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңмен бекітіледі.

есебінен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген
ресми трансфеттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті
бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Қазақстан
Республикасының ұлттық қорына аударады.

инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық
активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге
орналастырудан құрылады:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін
ұстап тұру;
Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағадайында ұзақ мерзімді перспективада
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап
тұру;
Инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген
қаржы активтеріне және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға
кредит беруге және міндеттермелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде
пайдалануға болмайды. [1, 12-б. ]
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің
шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Респубикасының Ұлттық қорын
басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша
Қазақстан Республикасының Парламентінде репсубликалық бюджетті нақтыламай-
ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес-
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық
емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде
ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі функциялары:
Қазақстан Репсубликасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері бағыттары
жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап жасау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген
қаржылық активтердің және материалдық емес актвтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру
туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді. [1, 10-б.]
Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл
алдындағы жылдың 1 қырқүйегінен кешіктермей Қазақстан Републикасының
Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арнлаған
республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынандай
құжаттарды мен матеиралдарды;
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
Республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
Республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер ме болжамдық
есептерді;
Соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кепілдік берген
борыштың жайы туралы деректерді;
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге
алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі
оқылымда және ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.
Қазақстан Республикасының парламенті ағымдағы дейін алдағы қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда,
Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына
арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол
республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге
дейін қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы
жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі. Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы кодексте
белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық
қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жоспары жылына арналған
республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.
Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол
жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле
отырып бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының
бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жергілікі бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы
бар қала, астана бюжетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл
алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. [6]
Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала)
бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы
органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың қарашасынан кешіктірмей
тиісті мәслихатқа енгізеді.
Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті
бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды және материалдарды:

Үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;
Жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық
есептерді;
Алдағы қаржы жылына жергілікті бюджет жобасында негізге алынған
шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін
екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған
бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы,
облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен
кешіктірілмей бекітіледі.
Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде алдағы қаржы
жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда,
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы
жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы
жылының бірінші тоқсанында арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім
шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін
қолданылады.
Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы

арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде
бекітіледі.
Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген
тәртіппен жүзеге асырылады.
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы
жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол
жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуі тиіс. [1, 15-б.]
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті
атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін
бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға
және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген
жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына
арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік
инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.
Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы
қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың
алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары
туралы шешідері қосымшаларымен бұқаралық қосымшаларымен бұқаралық ақпарат
құралдарына жарияланады.
Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында
заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында
қаралады.
Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің
арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы
органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Тұрақты комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып,
тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды
тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.
Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың
жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте
жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана
енгізіледі.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау
тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган
уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің
орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді
фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің
жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет
бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін
тыңдауға құқылы. [4, 2 –б.]
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
1 кесте.
2. Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне
жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын —профицитті қүрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану
туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.
Шығыстардың кірістерден асып түсүі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын
тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі түрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-
күйін сипаттаңцы.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3%
мөлшері саналады. Мүндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың
немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін.
Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның қүнсыздануына, нақтылы
табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады. [7]
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы қүлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару
шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) "келеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер түрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ
темендейді).
Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары
болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша
белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар
шығару жөне оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы
мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік
мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бүл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары
бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық
қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың
өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет
тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың
жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті
іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның
әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға
негізделеді.
1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет. Мүндай бюджет мүндаға дейін
фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі
фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады.
Бюджетті тең-геру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін.
Жүмыссыздықтың болуы және халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық
түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін
мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің
шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет.
Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сай-ын
қүлдыруы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны
үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы
автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін
мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін
төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның
үштастырылуын пайдалануы тиіс.
2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі.
Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай
отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі
өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал
пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге
бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл
ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен
ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік
теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
3.Қаржының функциялық тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық
тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін
жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті
теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік
борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда
экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты
түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бұл өсуді
ынталандыратын болады, мүның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады
деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз
айлашарғы жасай алады және бюджеттің тап-шылығын жаба алады. Бұл
түжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы
қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады. [2]
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін
бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының
жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды,
мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды
қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді
қажет етеді.
Мемлекеттік бюджет пен жергілікті бюджеттің 2007 ж орындалу
қорытындысы.
1. кесте
млн.тенге
Мемлекеттік бюджет Жергілікті бюджет
жоспар нақты айырма Орынд
алуы
%
Жалпы сипаттағы мемлекеттік 267 443 242 229 -25 214 91
қызметтер
Қорғаныс 31 882 10 404 -21 478 33
Білім беру 4 980 0975 727 466 747 369 115
Денсаулық сақтау 150 200 50 133
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік 305 466 333 052 27 586 109
қамсыздандыру
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 288 131 64 384 -223 74722
Мәдениет, спорт, туризм және 117 507 121 504 3 997 103
ақпараттық кеңістік
Ауыл, су, орман, балық 12 721 11 847 -874 93
шаруашылығы, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар, қоршаған ортаны
және жануарлар дүниесін қорғау,
жер қатынастары
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы 17 226 6 351 -10875 37
және құрылыс қызметі
Көлік және коммуникация 46 535 25 000 -21 535 54
Басқалар 15 503 31 288 15 785 202
Ресми трансферттер 305 -305 0
Қарыздарды өтеу 88 463 58 976 -29487 67
Барлығы 6 171 4296 632 701 461 272 107
Жергілікті бюджет шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды
жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы уйлесуі болып
табылады.
Жергілікті бюджет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен
мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың
көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған
байланысты болады.
Жергілікті бюджет шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды
критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде
олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары
экономикалық мазмүны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шыгыстардың бірінші тобы
мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен
байланысты. [12]
Жергілікті бюджет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет,
сондай-ақ, қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шыгыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді.
Жергілікті бюджет шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында
оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып
табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары
тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті.
тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын ұлттық табыстағы түтыну қорының үлес
салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың жергілікті бюджет шығыстары — мемлекеттік резервтерді
жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде,
мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес
сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және
кәсіпорындарды, мекемелерді, үйымдарды жөне халықты тауарлармен, азық-
түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мұндай резервтерді
орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау
ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырулған тәртібі олардың
қажетті мөлшерін са-лыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғүрлым
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. [11, 119 –б.]
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикага, әлеуметтік-мәдени шараларга, гыльшга, қорғаныс пен басқаруга
жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің
шығыстары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш
күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді
жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен өлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Жергілікті бюджет шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен
пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғүрльш толық қамтамасыз
етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен
анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен уйымдарды қаржыландыру меншікті
ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі бюджет
қаражаттары есебінен жасалынады;
2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше қүжаттардың —
сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен
басқару органдарын ұстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық
төртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру
қолданылады. [14]
Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз
етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық
көмектің нысаны — бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады:
демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен үйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ, төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, түрғын ұй-коммуналдық шаруашьшықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар — халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің
қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда)
трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең
мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз жөне
қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен
қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар. [17]
4. кесте.
Салық бойынша жоспардың орындалуын жекелей талдау.
(Жергілікті
бюджет)
(мың
теңге)
№ Округ аттары. Жарты жылдан бері түскен Ауытқу
түсімдер (+) (-)
Жоспар Нақты %
І Асықата өңіріндегі 8 6 6
округі 236,20 376,00 102,20 139,80
ІІ Атакент өңіріндегі 3 3 3
округі 679,80 937,00 107,00 257,20
ІІІ Жетісай өңіріндегі 5 8 8
округі 882,40 948,50 100,70 211,00
IV Достық ауылдық округі 1 1 -
579,80 531,60 96,90 48,20
V Жаңа ауыл ауылдық округі 1 -
030,80 934,10 90,60 96,70
VI Мырзакент өңіріндегі 6 5 4 -
округі 421,60 686,30 86,40 760,40
VII Мырзакент қалашығы 1 1 -
567,80 116,60 71,20 451,20
VIII Еңбекші ауыл округі -
749,40 446,00 59,50 303,40
IX Нұрлыбаев ауылдық округі -
621,60 615,80 99,10 5,80
ЖАЛПЫ БАРЛЫҒЫ 29 28 - 1
769,40 591,90 057,70
2. Мемлекеттік резервтерді жоспарлау.
Экономиканы дамытуга жұмсалатын шығыстар — бұл өндіріс көлемінің
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жүмсалымдар,
негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын
күрделі жұмсалымдар — материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы
алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жүмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.б);
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын
шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің үзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй қүрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу. [6, 8 –б.]
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бүл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға
арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді.
Инвестициялық саясатты қайта қүрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет
қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік
қүрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақүрылым объектілерінің құрылысын
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген
(негізгі капитадцарды ішінара қалпына келтіру жөне олардың жұмыс
қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды
жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды
көсіпорындар мен ұйымдар өнімінің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің)
өзіндік қүнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz