Әділет органдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
IUTH - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ КАФЕДРАСЫ

БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
Туристік полицияның негізгі қызметі

Тобы: ҚМБ-21-01
Орындаған: Нағыметова М.
Қабылдаған: Пошанов Н.

Түркістан 2023

Мазмұны:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қ.Р. құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
2. Құқық қорғау органдарының түрлері
3. Қазақстан Республикасының Туристік полициясының негізгі қызметі
4. Қазақстан Республикасының Сот төрелігі мен әділет органдары
IIІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады. Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау - бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олардың міндеттері, қызметтері, қызметінің түрлері мен әдеттері белгіленген. ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІМ, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заңдар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Республикада құқық қорғау қызметін тиімді жүзеге асыру үшін барлық құқық қорғаушы органдардың келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен күрес жағдайында жүйелі талдау жасаудың, елде құқық қорғау жұмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын жасаудың зор маңызы бар. Мұндай міндет заңмен прокуратураға да жүктелген. Бұл прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-күйі үшін мемлекет алдында үлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Құқық қорғау органдары мемлекеттің басым құрылымдарына жатады. Оларға қару қолдануға дейін үлкен өкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметініңтүрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес қатаң жұмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІм, ҰҚК, прокуратура органдары, әділет органдары, сот жүйесі, адвокатура, нотариат туралы Заң дар мен басқа заңдар қабылдаған және олар жұмыс істейді.
Барлық құқық органдары төмендегі қағидаттар негізінде жұмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2) адамның құқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы теңдігі; 4) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Құқық қорғау органдарының ұйымдастыру және қызметі негіздері. Мемлекет пен оның органдарының қызметі мемлекеттік және қоғамдық өмірдің көптеген салаларын қамтиды. Заңдық режімді қамтамасыз ету мақсатында мемлекетте құқық қорғау органдары құрылған. Құқық қорғау қызметі дегеніміз - қоғам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетте заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған арнайы өкілетті органдардың қызметі. Бұл қызмет заңды шаралар қолдану арқылы жүзеге асады. Құқықты қорғау қызметінің мақсаты - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық тәртібін сақтау.
Құқық қорғау қызметі әртүрлі нысанда болады - құқықбұзушылықты анықтау, тергеу, алдын алу, болдырмау және тойтару. Сонымен қатар құқық бұзушыға санкцияларды қолдану.
Құқық қорғау органының түсінігі:
Құқық қорғау қызметі - қиын және түрлі үлгілерде болатын қызмет. Оларға конституциялық бақылау, сот төрелігі, соттарды ұйымдық қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалау, қылмыстарды анықтау және тергеу, заң көмегін көрсету және қылмыстық істер бойынша қорғау жатады. Осы бағыттардың әрқайсысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған: ҚР Конституциясының ұйғарымдарын бұзуды жою, азаматтық, қылмыстық және өзге де істерді әділ талқылау және шешу, соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін жағдай жасау; прокурорлық ден қою құралдарының көмегімен заңды бұзуды анықтау және жою; қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу және ашу; сотта нақты істерді қарау үшін материалдар дайындау; кімге қажет болса, барлығына білікті заң көмегін ұсыну. Осы нәтижелердің орындалуын құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органы - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін, өз құзыретіне сәйкес қылмыстылыққа және өзге де құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыратын, заңдылықты қамтамасыз ету мен қоғамдық тәртіпті қолдау жөнінде арнаулы өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган.

Құқық қорғау органдарының түрлері
Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер министрлігі, коррупцияға қарсы қызмет және тергеу қызметі органдары жатады.
Құқық қорғау органдарына қызметке жасы 18-ге толған, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулығы мен дене бітімінің даму жағдайы, білім деңгейі жөнінен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады. Сонымен қатар арнаулы мемлекеттік органдар да бар. Оларға ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Күзет қызметі жатады. Арнаулы мемлекеттік органдар ҚР Президентіне тікелей бағынады және есеп береді, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күштерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнуіне жол бермеу мақсатында барлау және қарсы барлау қызметін, сондай-ақ жедел іздестіру және техникалық шаралар кешенін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы - Қазақстан Республикасының аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару-орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғарыдан қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура органдары төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға қатаң бағындыратын бірыңғай орталықтандырылған жүйені құрайды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын Бас Прокурор басқарады.
Прокуратура органдары жүйесіне: Бас Прокуратура; облыстардың прокуратуралары; республика астанасы мен республикалық маңызы бар қалалардың прокуратуралары; ауданаралық; аудандық; қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.
Прокурордың қызметі:
Қылмыстық істің қозғалуының негізі бар екендігін анықтайды немесе қылмыстық істі өзі қозғайды, жалпы тергеуді бақылауда ұстайды;
Прокурор алдын ала тергеудің бікенінен кейін қылмыстық істің әрі қарай қозғалысын анықтайды, ол дегеніміз қылмыстық істің біткенін прокурордың бекітуімен ғана соттың қаралуына өткізіледі;
Сотта прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды және ол қодаудан жеке өзіне байланысты себептермен бас тартуға хақысы жоқ;
Прокурор тергеушінің немесе анықтама анықтау органының маңызды процессуалдық шешімдерін (күзет қарауына алу, тінту жүргізу, пошта-телеграф корреспондеттігін қамауға алу) бекітеді;
Прокурор тергеушінің және анықтау органдарының іс әрекетіне жасаған шағымдарды қарайды және осы туралы шешім қабылдайды;
Прокурор тергеу біткен соң істі толық тексереді және айыптау қорытындысын бекітеді;
Анықталған заңбұзушылықтарға прокурор қылмыстық іс қозғауға тиіс, тәртіп бұзушыларға қатысты заңды шешіп қабылдауы қажет.
Ішкі істер органы. Құқық қоғау органдарының жүйесінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Туристік полиция
Заң бойынша - полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті. Бұл аталған жалпы міндеттемелер туристік полицияға да жүктелген.
Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қ.Р. Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысы қабылданған. Осы қаулыға орай туристік полиция құру туралы ұсыныс қарастырылды. Кейіннен бұл қаулы және туристік полиция жайлы ұсыныс өз күшіне енді.
Туристік полицияның негізгі міндеті - туристік нысандарға келетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әділет органдарының актілері
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
Әділет органдарына тұру шарты
ҚР әділет органы
Әділет органдары туралы
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Құқықты қорғау органдары
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Құқық қорғау органдары туралы
Пәндер