Бір құрамды сөйлемдер


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Махмұтова Азиза
(Студенттің аты-жөні)
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ЖАҚСЫЗ КАТЕГОРИЯСЫ
(Тақырыбы)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 6B01707 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
(код және мамандық атауы)
Көкшетау 2023
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазіргі қазақ тіліндегі жақты және жақсыз категориясы
Мамандығы: 6B01707 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындады: Махмұтова А.
(қолы) (аты-жөні )
Жетекші:
(қолы) (аты-жөні )
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні )
Көкшетау 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . … 3
I ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ
1. 1 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер, негізгі
мағыналық-құрылымдық белгілері . . . … 6
1. 2 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдердің топтастырылу
принципі мен жүйесі, қолданылуы . . . … 14
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҚТЫ ЖӘНЕ ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР КАТЕГОРИЯСЫ
2. 1 Қазақ тіліндегі жақты сөйлемдер, олардың
жасалуы мен қолданылуы . . 24
2. 2 Қазақ тіліндегі жақсыз сөйлемдер, олардың
жасалуы мен қолданылуы . . . . . … 30
3 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҚТЫ СӨЙЛЕМДЕР МЕН
ЖАҚСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР ТАҚЫРЫБЫНДА БОЛҒАН
ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ………. …… . . . … . . . … 37
ҚОРЫТЫНДЫ . . …. . . . . … 62
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . … 63
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлемдер бірнеше сөйлем түрлерін қамтитын синтаксистің ерекше бөліктерінің біріне айналған. Жай сөйлемдер тілдің негізгі өзегі, ауызекі тілдегі ең жиі қолданыстағы бірлік. Жай сөйлемдердің ішіндегі жақты және жақсыз сөйлемдер ертедегі ауыз әдебиеті мен орта ғасырдағы қазақ әдебиетін ғана емес қазіргі таңдағы шығармаларда да өзіндік орны бар тілдік бірлік. ол тілдік бірлікті зерттеу нысаны ретінде көрген ғалымдар көп болғанымен, жақты мен жақсыз сөйлемдер аясында талқылаулар әлі де өзекті. Осыған орай, жақты сөйлемдер мен жақсыз сөйлемдердің негізгі ерекшеліктерін анықтап, олардың синтаксисіне тоқатлып кетуді жөн көрдім. Кейіннен, осы тақырыпта зерттеу жүргізген ғалымдардың мақалалары мен еңбектерін сараптап, өзімнің жұмысыма өзек ретінде алдым.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сөйлем - синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік карым-катынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікір алмаса аламыз.
Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана зерттеумен шектелмейтінін уакыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен. Мысалы, орыс ғалымы Н. Ю. Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, кұрмалас сөйлем, мәтін. Бұлар қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты кұрайды деп есептейді [22] . Қазір осы аталғандардың ішінен тек сөйлемді ғана тіл біліміндегі ең басты синтаксистік бірлік деп тану жөніндегі көзқарастар басым. Ал, сөйлемдер ішінара да бірнеше топтарға бөлінеді, алайда, соның ішіндегі ең негізгісі ретінде жай сөйлемдер танымал. Жай сөйлемдер құрмалас сөйлемді құраушы ретінде де, диалогтарға негіз ретінде де жиі қарастырылады. Жай сөйлемдер ішіндегі жақты және жақсыз сөйлемдерді зерттеу тіл білімі дамып, өз шекарасын кеңейткен сайын қажет бола береді. Оның негізгі себебі, тіл әрқашан даму үстінде және көптеген жаңа қолданыс түрлері мен жазбаша тілдің басқа да бағыттарының пайда болуында жатыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Р. Әміров, Қ. Есенов, О. Төлегенов, А. Әбілкаев, Т. Сайранбаев сынды ғалымдар қазақ тіліндегі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.
Қазақ тіл білімінде, түркологияда да, жай сөйлем жүйесі 'бастауыш-баяндауыш' болып құралған сөйлемдерді зерттеу арқылы танылды. 3ерттеудің бастысы осылар болды.
1960-70 жылдары О. Төлегенов, Ғ. Мадина, К. Аханов жай сөйлемдерді бір құрамды - екі құрамды, бір тұрлаулы мүшелі - екі тұрлаулы мүшелі деп топтап, осы арқылы атады. 1996 жылы Ж. Садуақасовтың Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдер деген монографиясы жарияланды.
Диплом жұмысының теориялық тұжырамдамасы. Қазіргі қазақ тіл білімінде жақты сөйлемдер де жақсыз сөйлемдер де әлі күнге дейін зерттелу үстінде, ол тілдің дамуымен бірге жүре беретін үдеріс болғандықтан, алдағы уақытта болатын басқа да зерттеулерде жақты және жақсыз сөйлемдер категориясы тақырыбында жақсы нұсқаулық бола алады. Көптеген зерттеулер мен мақала, диссертациялар нәтижелері сарапқа алынғандықтан, жұмыс өзге де жас зерттеушілерге тіл ғылымын зерттеу барысында көмегін тигізе алады.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі жақты және жақсыз сөйлемдер, жай сөйлемдер категориясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер синтаксисін сараптау арқылы олардың түрлері мен қалыптасу заңдылықтарын зерттеу, жақты сөйлемдер мен жақсыз сөйлемдер тақырыбына жеке дара ізденіс жасау арқылы ерекшеліктерін анықтау, тіл біліміндегі орнын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер категориясын жіктеу;
- Жай сөйлемдердің түрлеріне тоқталып өту, өзіндік ерекшеліктерін тереңірек зерттеу;
- Жай сөйлемдер қатарындағы жақты және жақсыз сөйлемдерді талдау;
- Қазақ тіліндегі жақты және жақсыз сөйлемдер категориясына мәліметтер жинақтау, сараптау;
- Жақты және жақсыз сөйлемдер аясында болған зерттеулерге сараптама жасау арқылы тақырыптың өзектілігін ашу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері . Диплом жұмысында филология, қазақ әдебиеті, лингвистика, түрлі тіл білімі аясындағы зерттеу жұмыстары, оқыту әдістемелерінің жинақтары, оқулықтары мен оқу құралдары негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында ғылыми - теориялық еңбектерді талдау барысында түрлі ой - пікірлерді қорыту, баяндап шығу, жүйелеу, анықтау мен бақылау әдістері қолданылды. Жұмысты жазуға теориялық сүйеніш болған - қазақ тіл біліміндегі жай сөйлем синтаксисіне қатысты жазылған А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Балақаев, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, А. Әбілқаев, М. Серғалиев, Ж. Жақыпов, Ж. Сәдуақасов еңбектері, түркологиядағы және орыс тіл біліміндегі П. М. Мелиоранский, Н. К. Дмитриев, Р. С. Сибагатов, Н. Д. Арутюнова, В. В. Бабайцева, Л. Ю. Максимов еңбектері қаралды. Жұмыста талданған сөйлемдер Абайдың нақыл сөздерінен, М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, Қ. Аманжолов, Б. Майлин, Ғ. Мүсірепов, О. Бөкей, С. Мұқанов, С. Мұратбеков, Ғ. Мұстафин шығармаларынан мысал ретінде келтірілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Жай сөйлем синтаксисін зерттеуде қазақ, орыс, татар тілдерінің негізінде болған зерттеулерге талдау жасалды;
- Жақты және жақсыз сөйлемдердің баяндауыштарының жасалуы туралы мәліметтер жинақталып сараланды;
- Синтаксистің зерттеу аясының әр тілдегі ерекшеліктері қарастырылды;
- Қазақ әдебиетінен жай сөйлемдер, оның ішінде жақты және жақсыз сөйлемдер, толымды және толымсыз сөйлемдерге мысалдар келтірілді;
- Жақты және жақсыз сөйлемдерді осыған дейін зерттеген ғалымдардың еңбектеріндегі негізгі тезистерге тоқталып өтілді.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Филологтар, тіл мамандары, әдебиетшілер мен осы салада білім алуға бекінген студенттер өзінің ғылыми жұмыстарына, семинарларына нұсқаулық ретінде қолдана алады. Тілдерді оқытатын басқа да мекемелер өздеріне қосымша дереккөз ретінде қолдана алады.
Зерттеу жұмысының пәнi: Қазақ тіл біліміндегі жақты және жақсыз сөйлемдер зерттеу жұмысының пәні болып табылады.
Диплoм жұмыcының құрылымы: Кiрicпeдeн, 3 тaрaудaн, 4 тараушадан, қoрытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
Кiрicпeдe диплoм жұмыcының көкeйтecтi мәceлeлeрi, яғни бұл тақырыпты таңдаудағы себептер мен тақырыптың өзектілігі көрсетілген, бқл жұмысты жасау кезіндегі мақсаттар мен міндеттер жазылған.
1-тaрaудa қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисі талданып, олардың түрлері мен жасалу жолдары туралы айтылды. Жай сөйлемдердің негізгі мағыналық құрылымдары мен ерекшеліктері атап өтілді.
2-тaрaудa қазақ тіліндегі жақты және жақсыз сөйлемдер категориясы талданып, әр жай сөйлем түріне тараушаларда тоқталып, олардың құрамдас бөліктері мен жасалу жолына анықтамалар берілді.
3-тарауда қазақ тіліндегі жақты сөйлем мен жақсыз сөйлем тақырыбында болған зерттеулер мен олардың нәтижелері талданып, әдебиеттерден мысалдар келтіріліп, сараптау жасалынды.
Қoрытындыдa зeрттeу нәтижeciнiң нeгiзгi тұжырымдaмaлaр шығaрылғaн.
Қoлдaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiндe диплoм жұмыcындa пaйдaлaнылғaн бacылымдaр жүйeлi түрдe көрceтiлгeн.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ
1. 1 Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері
Синтаксис - (грекше syntaxis) - грамматиканың морфология сияқты өзекті саласының бірі. Грамматиканың тең праволы, әрі өзара тығыз байланысты бұл екі саласының қарастыратын объектілері тілдің гармматикалық құрылысының мәселелері болады: морфология сөздердің гармматикалық жүйесін, құрылысын, сөз таптарының гармматикалық жүйесін, құрылысын, зерттейді. Қазақ тіл білімі іргелі зерттеулердің нәтижесінде тармақтары сараланып, даму үстінде. Сондай сараланған салалардың бірі - жай сөйлем синтаксисі. Тіл білімінің негізгі саласы болып табылатын синтаксистің зерттеу нысаны - жай сөйлемнің синтаксистік құрылымының теориялық негізі, практикалық маңызы жан-жақты зерттелуде. Синтаксис сөз тіркесін, сөйлемді, олардың түрлерін, сөйлем мүшелерін және басқа синтаксистік формаларды адамның ойын білдірудің грамматикалық тәсілдері ретінде, өзара байланысты категориялар ретінде қарастырады. Синтаксис сөздерді сөйлемнің бөлшектері ретінде, ал жалғауларды сөйлемдегі сөздерді бір - бірімен қиюластырып тұратын морфологиялық - синтаксистік категория ретінде тексереді. Жақсыз сөйлем - сөйлемдегі айтылар ой бастауыштан басқа сөйлем мүшелері арқылы берілетін жай сөйлемнің түрі. Жақсыз сөйлемнің бастауышы болмайды, оның жоқ екені сол сөйлемнің баяндауышынан білінеді.
Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көзқарастар қалыптаскан. Олар, негізінен, үш түрлі.
Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.
Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзкарасты Ф. Ф. Фортунатов, В. К. Поржезинский, Н. М. Петерсон, А. М. Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді.
Үшіншіден, В. В. Виноградов, Ю. Шведова, В. Н. Ярцева, О. С. Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қарастырады.
Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев т. б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп карастырса, профессор М. Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ. Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б. Шалабай мәтін мәселесін қосуды ұсынады. А. Ж. Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны - сөз формаларынан басталуы тиіс дейді] .
Тіл мамандарының барлығы да сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты категория екендігін мойындайды. Біріншіден сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің окшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем - кұрмалас сөйлемді кұраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде кұрала келіп, күрделі ойды білдіреді.
Қазақ тілі төңірегіндегі зерттеулердің, қазақ тілі синтаксисін жоғары оқу орындарында, мектептерде оқыту үстіндегі ізденістердің, жалпы лингвистикалық теориялық ағымның жетістіктеріне қарамастан, қазақ тілінің жай сөйлем жүйесінде әлі де болса танылмаған мәселелердің көп екені байқалады.
Жай сөйлемдердің құрылуы жөніндегі бүгінгі теориялық мағлұматтар қазақ тіліндегі барлық деректерді қамти алғаны анық болып отыр. Сөйлеу процесінде байқалатын деректер теорияда қалыптасқан ережелерге сай келмейтін құрылымдар бар екенін дәлелдейді.
Тіліміздегі жай сөйлемнің ойды, лебіз бен пікірді білдіретін басты грамматикалық тұлға екені белгілі. Сондықтан да бұл жай сөйлемдердің табиғаты өте күрделі. Оның құрылысы, бір жағынан ойды білдіретін логикалық тұлғалардың құрылысымен ұштасып жатса, екінші жағынан сөйлеуші жүктеген коммуникативтік мүддеге тәуелді болады. Осы диалектикалық байланыс пен тілде туындайтын қайшылықтар жай сөйлемдер жүйесіне әсер етіп, оны күрделендіре түседі.
Жай сөйлем-бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі - құрамындағы сөздер өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болады, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі сақталады. Құрылымы жағынан жай сөйлем бір сөзден де, екі не одан да көп сөзден де тұрады.
Қазақ тіл білімінде жай сөйлемдер құрылысына, мағыналық мазмұнының сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді.
- Жақты сөйлем - бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауышы арқылы табуға болатын сөйлем түрі. Мысалы: Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді. Кенет отқа көзі түсіп кеткен т. б.
- Жақсыз сөйлем - баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін жақсыз сөйлем деп атайды. Мысалы: Менің айтқаным келді. Бір жерде көргенім бар т. б.
- Жалаң сөйлем - тұрлаусыз мүше қатыспаған сөйлемді атайды. Мысалы: Ойын қызық. Үй жылы. Қарағың келеді т. б.
- Жайылма сөйлем - тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді атайды. Мысалы: Едіге ұзақ жол жүрді. Алыстан мұнар тау көрінеді т. б.
- Толымды сөйлем - ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатынасқан сөйлемді атайды. Мысалы: Шашубай мерген еді. Ол шиті мылтықпен кешке киік атып әкелді т. б.
- Толымсыз сөйлем - ойға қатысты сөйлем мүшесінің біреуі түсіп қалған сөйлем түрі. Мысалы: Қарлығаштар тағы келді. Қайта-қайта келе берді т. б.
- Атаулы сөйлем - кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек заттың, құбылыстың, мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді ондай сөйлемдер атаулы сөйлем деп аталады. Мысалы: Дала. Егін даласы рақат құшағында т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz