Халықаралық көлік жолының дамуы үшін жасалатын мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау
Алматы қаласы
Физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты: ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БОЛАШАҚ
Тақырыпша: Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік жолының ел экономикасында алатын рөлі қандай?
( сөз)
Орындаған: (аты-жөні, қолы)
Жетекші:
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор_________________________
(аты-жөні, қолы)
Алматы, 2023
Кіріспе
2006 жылдан бері Қазақстанда мемлекетті басымды халықаралық көліктік және транзиттік торапқа айналдыру ұсынысы талқылануға бастаған. Осындай идеяның пайда болуына ежелгіден бері келе жатқан тарихи алғышарттар себепкер болды, өйткені бұрынғы заманда қытайлық тауарлар Ұлы Жібек Жолы арқылы Ресей мен басқа да еуропалық мемлекеттерге жеткізілген болатын. Қазіргі заманда тәуелсіз Қазақстан осы тауар айналымына толық құқықты мүше ретінде қатысып, өзінің экономикалық табыстарын айтарлықтай ұлғайта алады. Көліктік саладағы ең үздік сарапшылардың бағаларына сүейнсек, жақын 20-25 жылда Орталық Азия аумағы Батыс Қытай мен Батыс Еуропаны байланыстыратын ең маңызды көпір болып сақталады. Бұл тауарлардың жеткізілуі барысында туындайтын экономикалық шығындармен түсіндіріледі. Сондай-ақ, қытайлық өнімдердің Қазақстан аумағы арқылы жеткізілуі аталған шығындарды 3.5 есе азайтуға мүмкіндік береді [1].
Мемлекеттер бастаманың көптеген экономикалық перспективаларын ескере отырып, 2008-2009 жылдардың аралығында көп жақты келісімшартқа қол қойған. Осы сәттен бастап, Қазақстан өзінің аумағында өтетін көлік жолының бөлігін белсенді құруға бастады. Бұған шамамен 825.1 миллион теңге көлеміндегі инвестиция жасалып, жолдың жалпы ұзындығы 2787 шақырым құраған [2]. Қазақстан осындай ауқымды жобаға атсалысып, экономикалық мүмкіндіктермен қатар бүкіл қауіп-қатерлерді де ескерту тиіс. Сол себептен, осы зерттеуде бастаманың әсері жан-жақты талықаланады.
Зерттеу өзектілігі
Көліктік магистральдің құрылысы -- Қазақстанның индустриалды даму тарихындағы ең ауқымды жобалардың бірі. Жаңа Жібек Жолының арқасында Қазақстан өзінің тарихи рөлін қайта жаңғыртып, әлемдік сахнада өз салмақтығын нығайта алады. "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" бастамасының жүзеге асуы барлық қатысушы елдері үшін өте өзекті мәселе. Бастаманың аясында "Қытай -- Орталық Азия -- Қытай" мен "Қытай -- Ресей" бағдарларындағы тауарлар жеткізілімі жылдамдырақ жасалып, өндірушілердің шығындарын азайтуға көмектеседі. Мұның арқасында өнімдердің бағасын арзандатып, тауар айналымын жоғарылатуға мүмкіндік болады. Екіншіден, халықаралық көліктік жолдың құрылысы көліктік дәліздің бойындағы коммерциялық және әлеуметтік әрекетшілдікті белсендіруге көмектеседі. Мысалы, логистиканың оңтайлануы жолдың бойында Қытай мен Еуропалық одақта жоғары сұраныстағы өнімдерді өндіретін кәсіпорындарды орнатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан осындай ауқымды индустриалды өзгерістерді өткізіп, тек сыртқы экономикалық саясатын ғана емес, соған қоса ішкі тұрақтылықты да нығайта алады. Құрылыс пен жаңа бағдардың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарының пайда болуын, шағын мен орта бизнестің және қызмет ету саласының дамуын ынталандыруға көмектеседі.
Зерттеу мақсаты
Зерттеу мақсаты -- "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" халықаралық бастамасы Қазақстанға әкелетін экономикалық перспективаларын анықтау.
Зерттеу міндеттері
oo "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" бастамасы басталғаннан кейін Қазақстанның экономикалық жетістіктерін анықтау;
oo Бастаманың жүзеге асырылуында туындайтын мәселелерді зерттеу;
oo Халықаралық көлік жолының дамуы үшін жасалатын мемлекеттік шаралардың тиімділігін бағалау;
oo "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" жобасы арқылы алынатын экономикалық табысты үлкейту үшін ұсыныстар жасау;
Зерттеу сұрақтары
1. "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" халықаралық көлік жолының құрылуы Қазақстанға қандай экономикалық пайдасын әкелуде?
2. Бастаманың жүзеге асуы қандай қауіп-қатерлерді тудыру мүмкін?
3. "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" Қазақстанның экономикалық әлеуетін қалайша күшейте алады?
Негізгі бөлім А
"Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" халықаралық көлік жолының құрылуы Қазақстанға әкелген пайдасы
Жаңа Жібек Жолының экономикалық белдеуі Қазақстанның қысқа мен ұзақ мерзімді экономикалық дамуы үшін көптеген мүмкіндіктерді тудырып жатыр. Елдің металлургия, мал шаруашылығы, энергетикалық өндіріс және көтпеген басқа салалары үлкен өткізу нарықтарына шығуға дайын. Мұндай жағдайда, қазақстандық өндірушілер үшін Қытай ең тартымды нарыққа айналған. "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" жобасының шеңберінде, елдер арасындағы транзиттік-көліктік серіктесу қатты кеңейтілген. Тығыз өзара әрекетшілдіктің ең айқын дәлелі -- 2014 жылы Ляньюнган кемежайындағы қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалдың іске қосылуы. Терминалдың арқасында мемлекет Тынық мұхитына шығуға мүмкіндікті алып, Қазақстаннан Еуропаға жіберілетін жүктердің көлемі жыл сайын жоғарылып жатыр. Сондай-ақ, 2017-2018 жылдардың аралығында жүк тасымалдау көлемі 43% ұлғайған [3]. Мұхитқа шығу мүмкіндігінің болмауы -- ұлттық экономикалық өсімді талай жылдар бойы шектелген мәселе. Жаңа Жібек Жолының арқасында мемлекет осы мәселені сәтті жеңіп шықты. Қазақстан Еуропалық одаққа кіретін елдердің тұтынушылық нарықтарына қолжетімділікті алып, тауар айналымының кеңеюімен бірге, отандық өндірушілердің халықаралық жұртшылыққа танытылуын қамтамасыз етіп жатыр.
Бүгінгі таңда Қытай -- әлемнің ең ірі энергия тұтынушысы болып табылады. Сол себептен, Жаңа Жібек Жолы мұнай өндіріс саласында мен жаңғырмалы энергия көздерінің игерілуінде табысты дамып жатыр. Жаңа логистикалық құрылым Қытайға жасалатын мұнай экспортын 2.3 миллион тоннаға жеткізуге көмектескен [4]. Сонымен қатар, Қазақстанның шикізаттық емес салалар да жаңа мүмкіндіктерді қабылдауда. Сондай-ақ, халықаралық көліктік жолдың құрылуы Қазақстан мен Қытайдың ауыл шаруашылық саладағы серіктестігін дамытуға көмектесіп жатыр. 2018 жылы ауыл шаруашылықтық өнімдердің айналымы 175.4 миллион доллар құраған. Қазақстан Қытайға бидайды, майдың көптеген түрлерін, үн, балық пен басқа да азық-түліктерді жеткізіп жатыр. Көліктік жол агроөнеркәсіптік кешеннің дамуының кеңеюіне үлкен үлес қосуда. Жоғарылған тауар айналымы екі мемлекетке етті, майды, сүтті өндіретін зауыттардың құрылу керектігін көрсеткен. Қазіргі таңда, осы бағытта бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Елдер өздерінің күштерін біріктіріп, АӨК-нің тауар айналымының 34.3%-ға жоғарылуына қол жеткізді [3]. Осындай жетістіктер бастаманың жоғары экономикалық тиімділігін дәлелдеп жатыр.
"Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" жобасының басқа да экономикалық артықшылықтарын атап өтетін болсақ, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының кенет жоғарылуының белгіленгені жөн. Қазақстан Орта Азияның экономикалық көшбасшысы болғандықтан, бастаманың жүзеге асуына қатысатын елдер мемлекеттің индустриалды дамуына мүдделі болады. Сол себептен, "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" жобасының шеңберінде, елде "Нұрлы Жол" бағдарламасының орындалуына бағыт алынды. Қытай да бұған демеу көрсетіп, 21 миллиард долларға бағаланатын ортақ жобалардың басталуына барынша атсалысты. Бұл Қазақстанға жаңа жұмыс орындарын іске қосуға және шикізаттық емес салаларды дамытуға мүмкіндік берген. Мысал ретінде, жол-құрылыстық жұмыстар барысында, 72 мың адамдар жұмыспен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, бірлескен өнеркәсіптік кәсіпорындардың салынуы да елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне жол ашты [5]. Жалпы әлемдік экономикалық белсенділіктің баяулауының шарттарында Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа мүмкіндіктері туындап жатыр.
Бастаманың жүзеге асуының ықтимал қауіп-қатерлері
Әр жоба басталғанда мемлекет үшін тиімді жақтармен қатар белгілі қауіп-қатерлер де бар. Саясаттанушы, Константин Сыроежкиннің пікірі бойынша, "Батыс Қазақстан -- Батыс Еуропа" жобасының басты қауіп-қатерлерінің бірі -- Қытайдың шикізат көзіне және импорттық тауарлардың өткізілу нарығына айналу ықтималы. "ҚазМұнайГаз" мемлекеттік компаниясының деректеріне сәйкес, мұнай газ секторындағы ұлттық компанияның үлесі 40% құраса, қытайлық инвестициялық корпорациялардың үлесі 11%-ға жетеді. Дегенмен, "ҚазМұнайГаздың" мұнай мен барлауын жүргізетін кәсіпорнының акцияларының 31% еркін қолданылуда, яғни кәсіпорынмен жасалатын шаралар жартылай қытайлық компаниялармен қаржыландырылу мүмкін [6]. Осы ақпараттарға қарағанда, бүгінде Қытай елдің мұнай өндірісінде өте салмақты позицияны сақтап жатыр. Қытайлық инвестицияларға деген тәуелділік секторды саяси қысым жасау көзіне айналдыру мүмкін.
Халықаралық көліктік жол тауар айналымының жоғарылуына мақсатталады, бірақ қазіргі таңда қазақстандық тұтынушышық нарықтың Қытай өнімдерімен толтырылуы байқалады. 2016 жылы қытайлық тауарлар импортының 22%-дан 27%-ға дейін жоғарылуы тіркелген болатын [7]. Импорттық тауарларының тым жоғары ағыны отандық өндірушілерге өз өнімдерін нарықта жылжытуға үлкен кедергі келтіреді. Осындай мәселелер елдің өндірістік өнеркәсіптің тәуелсіздігін жойып жатыр.
"Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" жобасы басталғаннан кейін әлемдегі геосаяси жағдай күрт өзгерілген. Украина мен Ресей арасындағы қатынастардың күрделіленуі және және одан кейінгі санкциялар Жаңа Жібек Жолындағы жүк тасымалдауына қатты әсер еткен. Мұның нәтижесінде, 2022 жылы Қытай мен көптеген еуропалық елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемдері кенет азайып кеткен. Ecorys агенттігінің сарапшысы Онно де Йонгтің байқауынша, Ресей аумағында өтетін Солтүстік бағдар өндірушілер үшін ең қолайлы әрі арзан болып табылады, бірақ санкцияларға байланысты жүктердің өз дестинациясына жете алмау қаупі өндірушілерді осы бағдардан бас тартуға мәжбүрлетеді. Осы мәселе Қазақстанның ұлттық темір жолының экспедиторымен жүк тасымалдау бағасын 15%-ға көтеру шешімі күрделілендіреді [8]. Саясаттанушы, Досым Сатпаевтің айтуынша, ресейлік, белорустық пен украиндық бағдарлардың оқшаулауы Қазақстанның еуропалық нарықтарға қолжетімділігін қатты шектейді. Сондай-ақ, Ляньюнган -- Дуйсбург, Иу -- Лондон сияқты ірі бағдарларды қолдау мүмкіндігі жойылуда. Ал Каспий мен Таяу Шығыс арқылы өтетін айналма бағдарлар жүк тасымалдаушылары үшін тиімсіз болады, өйткені осындай жағдайда олардың шығындары қатты ұлғайып қалады [6]. Осындай жағдайда теңіз оперлаторлар арқылы жасалатын жүк тасымалдауының тиімділігі арттырылып жатыр. Сол себептен жақын болашақта кемелер арқылы жүк тасымалдауы Қазақстанның логистикалық әлеуетін қатты төмендету мүмкін.
Қорытындылай келе, аталған мәселелер Қазақстанның "Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" бастамасындағы рөлін әлсірете алады. Дегенмен, мұндай қиыншылықтар мемлекет үшін жаңа тиімді шешімдердің табылуын ынталандырады.
"Батыс Еуропа -- Батыс Қытай" Қазақстанның экономикалық әлеуетіне әсері
Жоғарыдағы ақпараттар "Батыс Еуропа -- Батыс Қазақстан" жобасы арқылы жасалған жетістіктерді көрсеткен. Алайда, бұл ұлттық экономиканың өсу шегі емес, өйткені жақын жылдарда көліктік дәлізден келетін табыстың әрі қарай жоғарылуы күтіледі. "Экономикалық зерттеулер" Институтінің төрағасы, Мақсат Мұқановтың есептері бойынша, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz