Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялары


Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі
2. 2. Инвестициялардың мақсаты
2. 3. Инвестицияның табыс көзі мен бағалы қағаздары
2. 4. Инвестициялық қоржын
2. 5. Инвестицияның бағалануы
2. 6. Шетелдік инвестиция
2. 7. Инвестициялар аудиті
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар - өндірістік негізгі капиталға, шаруашылық қызметтің объектілеріне күрделі қаржы салу. Қаржылық инвестициялар - мемлекеттің, кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына салымдар. Нақты инвестицияларды - іске асырғанда салымшы өзінің өндірістік капиталын кеңейтеді, ал, қаржылық инвестициялар салатын болса қаржылық капиталын өсіреді. Нақты инвестициялар қозғалмайтын мүлікпен байланысты. Қозғалмайтын мүлік - заңды және жеке тұлғалардың меншігіндегі жер және табиғи ресурстар, жерге бекітілген және соған байланысты мүліктер.
Қаржылық инвестиция - ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар. Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады. Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>, және №2 ҰҚЕС стандартында қарастырылған.
Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150(қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар), 2000-2040 (ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар) шоттар қарастырылған.
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде…” - деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде, яғни кіріспеде инвестиция туралы түсінік бере отырып, инвестицияның маңызын түсіндіремін, ал ІІ негізгі бөлімінде инвестиция туралы толық ақпарат, оның түрлері, мақсаты, мәні, шетелдік инвестициялар мен инвестицияның аудиті, бағалануы жөнінде көрсетіледі, ІІІ қорытынды бөлімінде жалпы “Инвестициялар есебі” туралы не түйгенімді көрсету.
Осы курстық жұмыстың өзектілігі - «Жаңа Қазақстан» құрудағы белгілі бір кәсіп бастау барысында инвестицияның мәні мен маңызы туралы және инвестиция туралы тың ақпараттар ұсыну болып табылады.
Инвестиция түсінігі және жіктелуі
Инвестиция - табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста
есепке алынады. :
- 2200, «Үлестік қатысу әдісімен есепке алынған инвестициялар» деген бөлімше, үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынған инвестицияларды есепке алуға арналған.
- 2210 «Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады», онда үлестік қатысу әдісі пайдаланылатын есепке алынған қауымдастырылған және аффилиирленген тұлғаларға салынған инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі. Үлестік қатысу әдісі - бұл есепке алу әдісі, оған сәйкес инвестициялар бастапқыда нақты шығындар бойынша есепке алынады, содан кейін сатып алудан кейін пайда болған инвестиция нысанының таза активтеріндегі инвестор үлесінің өзгеруіне түзетіледі.
- 2300 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар» деген бөлімше жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды есепке алуға арналған. Жылжымайтын мүлікті инвестициялау - жалдау төлемдерін алу немесе капитал құнын немесе екеуінің де құнын арттыру мақсатында иелік ететін (қаржылық жалдау шарты бойынша меншік иесі немесе жалға алушы) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат, немесе ғимараттың бір бөлігі, немесе екеуі де), бірақ мыналарға: тауарларды өндіру немесе жеткізу, қызметтер көрсету, әкімшілік мақсаттар үшін; кәдімгі қызмет барысында сату.
Бұл бөлімше келесі шоттардың топтарын қамтиды:
- 2310 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар», жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды ескереді.
- 2320 «Жылжымайтын мүлікке салынған », онда инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы.
- 2330 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан
болған шығындар», онда құнсызданудан болған шығындар сомасы
жинақталады, егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті
бастапқы танығаннан кейін нақты шығындарды есепке алу моделін таңдаса, соған сәйкес барлық инвестициялық мүлік жинақталған амортизацияны және жинақталған шығындарды шегергендегі нақты
шығындар бойынша өлшенеді. активтердің құнсыздануынан.
Инвестициялардың синтетикалық және талдамалық есебі:
- 1120 " Өзге жалпы пайда арқылы әділ құн бойынша бағаланған қысқа мерзімді
- қаржылық активтері"
- 1130 Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша бағаланған қысқа
- мерзімді қаржылық активтер"
- 1140 " Туынды қаржы құралдары"
- 2020 " Өзге жалпы пайда арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ұзақ
- мерзімді қаржы активтер"
- 2030 "Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын ұзақ
- мерзімді қаржылық активтер"
- 2310 "Инвестициялық мүліктер"
- 2320 "Инвестициялық мүліктердің амортизациясы"
- 2330 " Инвестициялық мүліктердің құнсыздануынан болған шығындарды
- арналған бағалау резерві"
Инвестициялық қызмет - пайда табу және (немесе) басқа тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін инвестициялау және практикалық әрекеттерді орындау.
Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция - құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.
Инвестициялар - ол «нақты инвестициялар» деп аталатындарды да, «қаржылық» (қоржындық) та, сондай-ақ «зияткерлік» те салымдарды қамтитын ауқымдырақ ұғым.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: нақты және қаржылық инвестиция болып екіге бөлінеді.
Нақты инвестиция - шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлрдың, яғни активтердің (жер, құрал-жабдықтар, құрылыс, т. б. ) өсуіне, дамуына жұмсау үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар - акционерлік кәсіпорындар немесе мемлекет шығарған құнды қағаздарға (акцияларға, облигацияларға және басқа құнды қағаздарға), банк депозиттеріне салынымдар.
Нақты инвестициялар - бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі) .
Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді -ақшалай және күрделі (капиталды) болып.
Иелік ету мерзіміне байланысты қаржылық инвестициялар мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар - 1 жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар - 1 жылдан артық.
Инвестиция түрлері және анықтамалары:
- Қаржылық инвестициялар - капиталдың (мемлекеттік те, яки жеке де) акцияларға, облигацияларға, басқадай бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк депозиттеріне салынуы. Бұл жерде нақты капиталдың өсуі болмайды, тек меншікті сатып алу, оның мәртебесін беру орын алады. Сөйтіп, трансферттік (яғни берушілік) операциялар орындалады.
- Зияткерлік инвестициялар - ол ғылыми мекемелердегі мамандарды даярлау, тәжірибелер, лицензиялар және «ноу-хау», бірлескен ғылыми әзірлемелермен алмасу (беру) тағы сол сияқтылар.
- Нақты инвестициялар - ақшаны нақты материалдық және материалдық емес активтерге (негізгі капитал және айналым капиталына, зияткерлік меншікке) салу. Нақты инвестициялар мемлекеттің немесе жеке фирманың капиталды экономиканың әлдебір саласына немесе кәсіпорынға салуы болып есептеледі: оның нәтижесі - жаңа капиталдың пайда болуы немесе қолда бар капиталдың (ғимараттар, құрал-жабдықтар, тауар-материалдық қорлар және т. б. ) өсуі.
- Қоржындық инвестициялар - ақшаны әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздарға, банк депозиттеріне, валютаға, асыл металдар мен тастарға) салу.
- Тікелей (төте) инвестициялар - қаражат салу үшін инвестация нысанын таңдауға инвестордың тікелей өзінің қатысуы.
- Жанама инвестициялар - қаражат салымына басқа тұлғалардың (инвестициялық фирмалар мен компаниялар, үлестік жарнаның инвестиция қорлары, басқа қаржы мекемелері) жанамаласуы арқылы салынатын инвестициялар.
- Қысқа мерзімді инвестициялар - капиталды бір жылдан аз уақыт кезеңіне салу.
- Орташа мерзімді инвестициялар - капиталды бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге салу.
- Ұзақ мерзімді инвестициялар - капиталды бес жылдан артық мерзімге салу.
- Жеке инвестициялар - қаржы салымдарын азаматтар мен жеке ұйымдардың (фирмалар, компаниялар) салуы.
- Мемлекеттік инвестициялар - бюджеттік, бюджеттен тыс және қарыз қаражаттары есебінен орталық және жергілікті билік және басқару органдары, сонымен қатар біртүтас кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерінің меншікті қаржы көздерін жұмылдыру жолымен салатын салымдар.
- Аралас инвестициялар - мемлекеттің, аймақтардың, муниципалдық білім беру мекемелерінің, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың үлеспен қаржы салымдарын салуы.
- Шетелдік инвестициялар - шетелдік мемлекеттік, жеке және заңды тұлғалардың салатын салымдары.
- Бірлескен инвестициялар - аталған елдің және шетелдік мемлекеттердің субъектілері салатын салымдар.
- Ішкі салымдар - елдің бір немесе басқа аумағы шекараларында орналасқан инвестициялау нысандарына қаражат салу.
- Сыртқы инвестициялар - қаражатты шетелдегі инвестициялау нысандарына салу.
- Жалпы инвестициялар - жаңа құрылысқа, еңбек құралдары мен заттарын сатып алуға, тауар-материалдық қорлардың және зияткерлік құндылықтардың өсіміне салынатын қаражаттың жалпы көлемі.
- Таза инвестициялар - жалпы инвестициялардың амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы барша сомасы.
- Инвестициялық ресурстар түсінігі: өндірістің барлық өндірілген құралдарын, яғни құрал-саймандардың, машиналардың, жабдықтардың, фабрика-зауыт, қойма, көлік құралдарының, сату желісінің, өндірісте пайдаланылатын тауарлардың және олардың түбегейлі тұтынушыға жеткізілуі қызметтерінің барлық түрлерін қамтиды.
Ал үдеріс, яғни соның көмегімен ресурстар халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес салалары нысандарына айналатын үдеріс инвестициялау деп аталады.
Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
есебінің синтетикалық есебі
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар, ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері, бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады.
3310,
3390
3310,
3390
1210,
1280
3310,
3390
Акцияларға салынған қаржылық инвестициялардың есебі
Акция - оны иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы үлесін куәландыратын және оның қызметінен дивиденд түрінде табыс алу, осы қоғамда басқаруға қатысу құқығын беретін құнды қағаз.
Акционерлік қоғамдар айналымға қарапайым және басым артықшылығы бар (артықшылықты) акцияларды шығарады.
Қарапайым акциялардың иелері жоғарыдағы анықтамада айқындалған құқықытың үш түрін де жүзеге асыра алады.
Басым артықшылығы бар (артықшылықты) акциялар - оны иеленушіге белгіленген проценттік ставкамен дивиденд алуға кепілдік беретін, сондай-ақ қоғамның жарғысында тікелей қарастырылған жағдайда оны иеленушіге қоғамды басқаруға құқық беретін құнды қағаз.
Акциялар салынған инвестициялардың есебін жүргізу әдістемесі ҚЕХС №39 «Қаржылық аспаптар: тану және бағалау» стандарты бойынша әдістемелік ұсыныстарға және субъектінің бухгалтерлік есебінің жұмыс шоттар жоспарына негізделеді.
Барлық акциялар кәсіпорын кассасында сақталады.
Акциялардың сатылуына материалдық жауапты - кассир. Әрине, мұндай жағдайда кассадағы акциялар тиісті аналитикалық есеп регистіріне тіркелуге, және онда әрбір акцияның реквизиттері жеке-жеке көрсетілуге тиісті. Зерттеу жүргізілген кәсіпорында ондай есептің жүргізілмейтіндігі байқалады.
Сатып алынған акциялар бойынша есептелінген дивидендтер серіктестіктің негізгі емес (қосалқы) қызметі бойынша табысы болып саналады. Дивидендтің хабарланған (есептелген) күні (датасы) болып дивиденд төленетіні туралы бақылау кеңесінің ресми хабары жарияланған акционерлердің жалпы жиналысының өткізілген күні саналады.
Бухгалтерлік есепте эмитент, яғни акционерлік қоғам осы датамен дивиденд төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды, ал инвестор сатып алынған акциялар бойынша дивиденд түріндегі табысты есепке алады.
Есептелінген дивиденд сомасына төмендегі шоттар корреспонденциясы анықталады:
Дт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
Кт 6120 «Дивидендтер бойынша кірістер»
Есеп айырысу шотына қабылданған дивидендтің нақты сомасына мынадай бухгалтерлік жазу орындалады:
Дт 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»
Кт 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
Бухгалтерлік есептің жұмыс шоттар жоспарында акцияларды қайта сатып-өткізу, кері қайтару операцияларын есепке алу үшін 7 «Шығыстар» бөлімінің 7410 «Активтердің шығуынан алынатын шығыстар» шоты қаралған.
Ондай операциялар төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетіледі:
Дт 7410 «Активтердің шығуынан алынатын шығыстар»
Кт 2020-1 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Акциялар)
Облигацияларға салынған қаржылық инвестициялардың есебі
Облигация - оның иесінің ақша қаражаттарын салғандығы және оған белгіленген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналдық құнына белгіленген процентті төлеумен бірге қайтаруды міндеттеуді куәландыратын құнды қағаз.
Облигациялар айналымға белгілі бір мақсаттарға арнап қаржы ресурстарын тарту үшін шығарылады.
Мысалы, Республика өкіметі республикалық бюджет дефицитін жабу мақсатында мемлекеттік қарыздар шегінде шығарады, Ұлттық банк ақша айналымын реттеу мақсатында шығарады, жергілікті атқарушы органдар регионнның (облыстық), қаланың, ауданның әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асыру үшін шығарады, шаруашылық жүргізуші субъектілер (акционерлік қоғамдар) шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы тарту мақсатында шығарады.
Облигацияларға салынған инвестициялардың есебін жүргізу әдістемесі қаржылық есептіліктің №39 «Қаржылық аспаптар: тану және бағалау» деп аталатын халықаралық стандартына, сол стандарт бойынша әдістемелік ұсыныстарға және субъектінің бухгалтерлік есебінің жұмыс шоттар жоспарында негізделеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі. жұмыс шоттар жоспарында басқа субъектілердің облигацияларына салынған инвестициялардың есебін жүргізу үшін келесі шоттары қаралған:
- 1130-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар» (Облигациялар) ;
- 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар) .
Бұл шоттар кәсіпорынның басқа субъектілердің облигацияларына салынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларының бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылады.
Жоғарыда айтылған ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алу құны бойынша (12) кіріске алу төмендегі шоттар корреспонденциясын анықтау арқылы көрсетіледі:
Дт 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар)
Кт 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»
Облигацияларға салынған қаржылық инвестициялардың есебін жүргізгенде облигациялардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасындағы айырмашылық ескерілуге тиісті.
№39 ҚЕХС бойынша әдістемелік ұсыныстарға сәйкес облигацияларға салынған инвестициялардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасындағы айырманы (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе эмитентке сый ақы) инвестор облигацияны иелену мерзімі ішінде амортизациялайды.
Егер сатылып алынған облигациялардың сатып алу құны олардың номиналдық құнынан жоғары болса, онда облигациялар бойынша табысты әрбір есептеген кезде сатып алу құны мен номиналдық құн арасындағы айырма сома шығынға есептеледі.
Ал, егер де, сатылып алынған облигациялардың сатып алу құны номиналдық құнынан төмен болса, онда облигациялар бойынша табысты әрбір есептеген кезде номиналдық құн мен сатып алу құнының арасындағы айырма сома табысқа қосымша есептеледі.
Облигациялар бойынша табыс жылына 1 рет есептелінеді және табыс сомасын әрбір есептеген сайын облигациялардың сатып алу құны мен номиналдық құны арасындағы айырма сомасы - 4000 теңге (2/5) шығынға жатқызылады.
Ол операцияларды төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы көрсетуге болады:
а) Облигациялар бойынша есептелінген табыс сомасына -15000 теңге
Дт 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар)
Кт 6120 «Дивидендтер (пайыздар) бойынша кірістер»
ә) Облигациялардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма сомасына - 4000 теңге.
Дт 7410 «Активтердің шығуынан алынатын шығыстар»
Кт 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар)
Егер, керісінше облигациялардың сатып алу құны олардың номиналдық құнынан төмен болса, оны бухгалтерлік есепте былайша бейнелеуге болады:
а) облигациялар бойынша есептелінген табыс сомасына:
Дт 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар)
Кт 6120 «Дивидендтер (пайыздар) бойынша кірістер»
ә) облигациялардың сатып алу құны мен номиналдық құнының айырма сомасына:
Дт 2020-2 «Өтеуге дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар» (Облигациялар)
Кт 6160 «Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер»
Зерттеу жүргізілген кәсіпорында жоғарыдағы операциялар орын алмағандықтан, мұндай бухгалтерлік жазулар әзірше қолданылмайды.
Есеп айырысу шотына келіп түскен табыс сомасына -15000 теңге:
Дт 1040 «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты»
Кт 6120 «Дивидендтер (пайыздар) бойынша кірістер»
Табыстарды есептеу облигациялардың барлық пайдалану мерзімі ішінде жүргізіледі.
Сөйтіп, 5 жылдан кейін «Ұзақ мерзімді облигациялар» шотының кредитінде облигациялардың номиналдық құны мен сатып алу құнының айырмасы жинақталады (2 теңге) .
Кері қайтару мерзімі жеткенде 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары» шотының дебеттік қалдығы облигациялардың номиналдық құнына сәйкес болуға тиісті, яғни шоттың дебеттік айналымынан кредиттік айналымын алып тастағанда қалатын қалдық облигациялардың номиналдық құнына тең болады.
Басқа да құнды қағаздарға салынған қаржылық инвестициялар
Басқа да құнды қағаздарға:
- депозиттік сертификаттар,
- депозиттер,
- бондар,
- қазыналық вексельдер,
- казыналық ноталар,
- қысқа және ұзак мерзімге берілген заемдар,
- шартты бағалы қағаздар жатады.
Депозиттер - бос ақша каражаттарының банктердегі салымдары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz