Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I.ТАРАУ

1.Салыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.

II.ТАРАУ

1. Салыстырмалы педагогика пәні және объектісі.
2. Салыстырмалы педагогика міндеттері мен функциясы.

III.ТАРАУ

Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Салыстырмалы педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы мен дамуы, пәні мен объектісі, міндеттері мен функциясы және басқа ғылымдармен байланысы туралы мағлұмат беру.

Салыстырмалы педагогика - педагогика ғылымының шетелдердегі тәрбие және оқыту жүйесін салыстырмалы түрде зерттейтін саласы. Салыстырмалы педагогика - әлі толық қалыптаспаған пән. Шетелдік педагогикалық тәжірибелерін зерттеу 18 ғасырдың аяқ шетіне басталды. 19 ғасырда Швейцарияда Цюрих қаласындағы Песталоцци институтында және Берлин музейі жанында, Лондон, Париж, Петербург университеттерінде түрлі елдер бойынша педагогикалық документтер жинақтайтын мекемелер құрылды.

I.ТАРАУ

1. Салыстырмалы педагогика ғылымының пайда болуы және дамуы.
Басқа елдерде өскелең ұрпақты қалай оқытатыны туралы қызығушылық ежелгі кезден-ақ байқалған. Грек тарихшысы Геродот Вавилон мен Мысырдағы бала тәрбиелеу туралы жазса, Римдік тарихшы Тацит ежелгі германдықтардың тәрбиелеу ерекшеліктері туралы жазба қалдырған. Сол кездерден бастап-ақ бала тәрбиелеуде көрші елдердің жақсы тәжірибелерін алуға тырысқан. Мысалы, Платон спартандық тәрбиенің кейбір әдістерін өзі туған Афиныда қолдануға болатынын, ал Ксенофонт парсы ақсүйектерінің тәрбиесін сипаттай отырып, бұдан грек жастарының мінез-құлқын қалыптастыруда тәжірибе алуға кеңес берді.
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың басы Европада педагогикалық ойдың дамуының маңызды кезеңі болды. Оқытудың белл-ланкастерлік жүйесі, Песталоццидің педагогикасы, Руссоның еркін тәрбие теориясы, Канттың адамгершілік тәрбие туралы постулаттары тек өз елдерінде ғана емес, жалпыевропалық сипат алды.
Осының бәрі шет елдердегі педагогикалық тәжірибеге, білім беру проблемаларын салыстыруға деген қызығушылықты туғызды. Осылайша жаңа ғылым- салыстырмалы педагогиканың пайда болуына объективті алғышарттар жасалды.
Ғылымның негізін салушы М.А.Жюльен Парижский (1775-1848) 1817 жылы ең алғашқы рет салыстырмалы педагогика деген терминді енгізді. Оның ойынша, салыстырмалы педагогиканың негізгі міндеті- әлемдік масштабта неғұрлым мықты білім беру жүйесін құру мақсатында әр елдердегі педагогикалық тәжірибені салыстыра отырып зерттеу.
Ресейде шетелдердің білім беру жүйесін зерттеу К.Д.Ушинскийден басталады. Оның Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы (1857) еңбегінде Францияның, Англияның, Германияның және Солтүстік Американың халықтық білім беру ісі туралы айтылады.
XIX ғасырдың 60-жылдарында Педагогикалық жинақ журналында көптеген мазмұнды жұмыстар жарияланды:
Батыс елдерінің мектептері мен университеттері туралы материалдар Бастауыш мектеп, Мұғалім, Тәрбиеге арналған журнал, Халық ағарту Министрлігінің журналы деген баспаларда үнемі жарияланып отырды.
Салыстырмалы педагогиканың жеке ғылымға айналуы XX ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Бұл кезеңде әлемнің түрлі елдерінде білім берудің теориясы мен практикасын дамыту туралы мәлімет беретін фактілер мен құбылыстарды жүйелеу және жалпылау негізгі функциясы болып табылатын алғашқы халықаралық және ұлттық ғылыми, ақпараттық мекемелер құрыла бастайды. Осы мекемелердің ішінде 1925 жылы Женевада танымал швейцар педагогы Э.Клапаред негізін салған Халықаралық ағарту бюросы маңызды роль атқарды. ХАБ түрлі елдердегі ағарту және ғылыми-педагогикалық мекемелермен байланыс орнатты, халықаралық конференциялар, педагогтар мен ағарту қайраткерлерінің шетелдік жолсапарын ұйымдастырды. Бюроны көп жылдар бойы атақты психолог Ж.Пиаже басқарды.

(https:stud.kz)

II.ТАРАУ

1. Салыстырмалы педагогиканың объектісі:
- қазіргі заманғы білім берудің дамуы;
- әлемнің әр түрлі елдеріндегі педагогикалық теория мен практика;
- қазіргі заманғы білім беру мен тәрбие.
Салыстырмалы педагогиканың пәні:
- әлемнің әр түрлі елдеріндегі білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары мен заңдылықтары, жағдайы; халықаралық педагогикалық тәжірибенің оң және теріс аспектілері, ұлттық және аймақтық ерекшеліктер арақатынасы, ұлттық педагогикалық мәдениетті байытудың формалары мен әдістері (Б.Л.Вульфсон, З.А.Малькова);
- мәдениеті түрлі елдердің тәрбиесі мен білім беруін, мектеп және педагогикалық тәжірибесін салыстыру және жалпылау (А.Н.Джуринский).
3. Салыстырмалы педагогиканың негізгі функциялары:
түрлі елдер мен аймақтардағы білім беру мен тәрбиенің даму жағдайын, заңдылықтары мен тенденцияларын салыстырмалы түрде талдау;
жалпы тенденциялар мен ұлттық ерекшеліктердің арақатынасын ашу;
халықаралық педагогикалық тәжірибенің түрлі (оң және теріс) аспектілерін, ұлттық педагогикалық мәдениетті байытудың формалары мен әдістерін анықтау;
мектеп пен педагогиканың дамуын болжау.
Салыстырмалы педагогиканың міндеттері:
педагогикалық тәжірибелер мен мектеп практикаларын салыстыру;
осының негізінде универсалды сипаттағы теориялық қатынасты қалыптастыру.
4. Салыстырмалы педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Салыстырмалы педагогика мына ғылымдармен байланысты:
- білім беру философиясы;
- педагогика тарихы;
- тәрбие мен білім берудің теориясы;
- мектептану;
- білім берудің экономикасы мен социологиясы;
- демография және т.б.

2. Салыстырмалы педагогика міндеттері мен функциясы.

Салыстырмалы педагогиканың толып жатқан ғылыми мәселелерін шешуге, құбылыстарды зерттеуге бағытталған тәсіл мен амалдардың жиынтығы салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері болып табылады. СП зерттеулерінің негізгі әдістерінің классификациясы:
Проблемалық әдістер (Б.Холмс):
1. Мәселені талдау.
2. Болжам жасау.
3. Тарихи жағдайды анықтау.
4. Болуы ықтимал нәтижені алдын-ала болжау.
5. Күтілген нәтижені бақыланған құбылыспен салыстыру.
Тарихи әдістер (У.Брикман, Р.Хавигхерст):
1.Ұлттық білім беру жүйесінің пайда болуы мен қалыптасуы.
2. Білім берудің дамуындағы негізгі дәстүрлер.
3. Білім беру жүйесінің құрылымы және белгілі тарихи кезеңде оның өзгеруі.
4. Білім беру саласындағы мемлекет саясаты.
5. Дамудың негізгі мәселелері мен тенденциялары.
Әлеуметтік әдістер (У.Брикман, Р.Хавигхерст):
1. Білім беру жүйесінің әлеуметтік сипатына баға беру.
2. Әлеуметтік даму тұрғысынан оқыту мен тәрбиелеудің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын және әдістерін талдау.
Анықтамалық әдістер (М.А.Соколова, Е.Н.Кузьмина, М.Л.Родионов):
1. Талдау.
2. Синтез (жинақтау).
3. Абстракция.
4. Қорыту.
5. Индукция.
6. Дедукция.
Салыстырмалы педагогикалық әдістер (Д.Ж.Бередей):
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат.
2. Оқу-тәрбие мекемелерінің құрылымы және түрлері.
3. Оқу жоспарлары және бағдарламалары
4. Мұғалімдерді даярлау және олардың материалдық жағдайы.
Статистикалық әдістер (Г.Ноа, М.Экстейн):
1. Мемлекеттік, жекеменшік оқу орындарының және олардағы оқушылардың ара-қатынасы.
2. Оқушылардың әлеуметтік құрамы
3. Оқушылардың саны, қамту проценті.
4. Оқыту сатысына сай оқу орындарының саны.
5. Сауатсыздықтың және функциональды сауатсыздықтың проценті.
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері.
А.М.Столяренко салыстырмалы педагогиканың бірнеше методологиялық принциптерін ұсынды:шындық, жинақтылық,жүйелік,нақты тарихи талап, педагогикалық тәжірбиенің қайшылығы. Біздіңше, алғашқы үшеуі- негізгі принциптер де, төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеудің тәсілі болып табылады, ал соңғысының дүниежүзілік педагогикалық тәжірирбенің негізгі екендігінде талас жоқ.
Шындық. Шындық принциптерінің талаптары:
әр фактіні бірнеше әдіспен тексеру;
эксперименттік немесе тәжірибелік жұмыстың барысында алынған әрбір материалды, фактіні анықтап,қайта тексеріп отыру;
эксперименттің қортындысында жағымды нәтижелерді анықтап қоймай,жағымсыз нәтижелерді де анықтап отыру (ғылым үшін оның екеуі де маңызды);
өз зерттеуінің мәліметтерін басқа зерттеушілердің нәтижелерімен салыстыру, зерттеліп отырған құбылыс немесе сападағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтау;
салыстыру арқылы ғылыми мәліметтерді анықтау (зерттеліп отырған құбылысқа, процеске, сапаға салыстырмалы сипаттама беру);
алынған ғылыми мәліметке субъективтік әсер ететін зеттеушініңкөңіл күйі, сезімі, ұнату немесе ұнатпауы үнемі бақылауда болуы қажет...
Жинақтылық. Мәселені зерттеудегі жинақтылық принциптерінің талаптары:
зерттеуде бірнеше міндеті қойылуына орай педагогикалық құбылысты зерттеуге көп мақсатты талап қойылуы (құбылыстың мәні, қозғаушы күштер, ішкі факторлар, сыртқы жағдайлар, осыған байланысты құбылысқа педагогикалық басшылық жасау);
зерттелетін құбылыс пен процестің басқалармен байланысын мүмкіндігінше кеңірек қамту және соның негізгілерін анықтау;
зерттеу жұмысын жүргізуді сырттан болатын барлық әсерлерді ескеру, педагогикалық процеске жағымсыз әсер ететін барлық әсер ететін кездейсоқ жайларды болдырмау;
әрбір педагогикалық фактіні әртүрлі зерттеу әдістері арқылы сан рет тексеру, алынған мәліметті үнемі тексеру және анықтау;
зерттеуде алынған нәтижені философиялы, қисындық және психологиялық- педагогикалық талдау;
Жүйелік. Зерттелген организмді (мәселені) оның жекелеген бөліктерімен және оны қоршаған ортамен өзара байланысын қоса тұтас қарастыру.
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері
Дүние жүзіндегі білім беру жүйесінің сан алуандығы, педагогикалық тәжірибенің қарама-қайшылығы, тәрбие және білім беру мәселелері жөнінде ғылыми мектеп тұжырымдамасы теориясы, әр түрлі бағыттарының көптігі салыстырмалы педагогикалық зерттеулер жүргізуде толып жатқан методологиялық тәсілдердің қолданылуына негіз болып отыр. Оның үстіне әр зерттеуші зерттелетін мәселеге өз еліндегі білім беру ісінің және салыстырмалы педагогикалық даму дәрежесіне сай өз көзқарасын енгізеді. Салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді жүргізуде дүниежүзілік тәжірибеде қалыптасқан негізгі методологиялық тәсілдерді қарастыралық.
Елтану тәсілі жеке бір немесе бірнеше шетелдің білім беру жүйесін зерттеуді қамтиды. Зерттеуші шындықты бұлжытпай, болған жайды жинақтап қорыту арқылы соның өзіндік фортографиялық бейнесін жасауды жоспарлайды. Мүмкіндігінше оның дәл суретін беру кейінгі кезеңде алынған нәтиженің айқын болуына негіз қалайды.
Индукциялық тәсіл (жекеден жалпыға қарай) салыстырмалы педагогикалық зерттеуді деректерді жинаудан бастап, оны жүйелеп талдау және оған теориялық түсініктеме беру болып табылады.
Дедукциялық тәсіл (жалпыдан жекеге қарай) - мәселені талдау, болжам жасау және соны дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын деректер жинауды білдіреді.
Социологиялық тәсіл (білім берудің қоғамдағы орны) - қазіргі әлеуметтік инфрақұрылымдағы білім беру жүйесінің алатын орнын, білімнің қоғамдық өмірдің басқа салаларымен байланыс нысандарын анықтайды.
Экономикалық тәсіл (білім берудің экономикасы) білім беру жүйесі дамуының экономикалық жайын: ғылыми техникалық прогресс және экономика маман жұмыс үшін толтыру; білім беруге қаражат жұмсаудың сандық мөлшері, ұлттық табыс және мемлекеттік қаржының төлену бөлігі; табыс көздері, білім берудің тиімділігін есебі және т.б.- анықтайды.
Тарихи тәсіл білім берудің бір елде, сол сияқты бір аймақта немесе дүние жүзінде дамуына тарихи талдау жасаудың өте қажеттілігін білдіреді. Компаративист үшін тарихи зерттеу қазіргі белгілі құбылысттың түп тамырын анықтау, терең түсіну үшін қажет.Құрлыстың хронологиялық шегін анықтау белгілі шамамен ғана мөлшерленеді. Өткен мен бүгінгінің шегі тез өзгеріске түседі, көбінесе білім берудің дамуының жаңа кезеңі қарастырылады. Кей жағдайда жаңа тенденциялар оларға жан-жақты және объективті талдау жасауға мүмкіндік беретіндей денгейде қолданылмай жатады. Ондай жағдайда белгілі мәселеге өткенді шолу өте пайдалы болады.
Этномәдени тәсіл халыққа білім берудің, мәдениеттің жеке елде, аймақта немесе жалпы дүние жүзінде дамуының жалпы заңдылықтары мен қатар ұлттық ерекшеліктерінде анықтауды көздейді.

(Нұрғалиева Г.Қ., Құсайынов А.Қ., Мусин Қ.С. Салыстырмалы педагогика. А)

Жапонияның білім беру жүйесі.
Мектепте білім беру жүйесі.
Мектептегі оқу 12 жыл және соның жартысын, яғни 6 жылын бастауыш мектепте оқиды, өйткені ана тілін меңгеру өте қиын және күрделі. Бастауыш мектеп - 6 жылдық, 6-12 жастағы балалар үшін міндетті.
Бастауыш мектептің оқу жоспарында мынадай пәндер енген: ана тілі, қоғамтану, жаратылыстану, мораль, математика, музыка, бейнелеу өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру.
Апталық жүктеме - 24-29 сағат.
Орта мектеп 2 басқыштан тұрады:
oo төменгі орта мектеп;
oo жоғары орта мектеп
6 жылдық бастауыш мектептен кейін оқушылар 3 жылдық төменгі орта мектепте оқиды. Төменгі орта мектеп жоспары міндетті және оқушылардың өздері таңдайтын пәндерден жасалады. Міндетті пәндер: ана тілі, математика, жантану, жаратылыстану, мораль, музыка, бейнелеу өнері, денешынықтыру. Ұлдар үшін - өндіріс негіздері, қыздар үшін - үй шаруасын жүргізу. Таңдамалы пәндер: шетел тілі, технология, үй шаруасын жүргізу, музыкадан, денешынықтырудан, өнерден курстар.
Апталық жүктеме - 30 сағат.
Төменгі орта мектептен жоғары орта мектепке өту тестілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің әдістері
Салыстырмалы педагогика ғылым ретінде
Салыстырмалы педагогика зерттеулерінің тәсілдері
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы
Қазақстан Республикасының педагогика ғылымының дамуы
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Әлеуметтік педагогтарды кәсіби дайындау
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері туралы ақпарат
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Пәндер