АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

АМАН АЯУЛЫ АЛМУХАМЕДҚЫЗЫ

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫ

Шымкент, 2023 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
7
КІРІСПЕ. . .: 1
7: Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ ЖАҒЫНАН СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
КІРІСПЕ. . .: 1. 1
7: Шәкәрім Құдайбердіұлының аударма жасаудағы тілдік шеберлігі . . .
КІРІСПЕ. . .: 1. 2
7: Ш. Құдайбердіұлы аудармаларының стильдік ерекшелігінің сипаттамасы . . .
КІРІСПЕ. . .: 1. 3
7: А. С. Пушкиннің «Дубровский» повесін аударудағы Шәкәрімнің ұстанымы . . .
КІРІСПЕ. . .: 1. 4
7: Хафиз және Шәкәрім шығармаларындағы көркемдік-эстетикалық үндестік . . .
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7:

1. Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ АУДАРМАЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ СИПАТЫ ЖАҒЫНАН СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының аударма жасаудағы тілдік шеберлігі

Әлем әдебиетіндегі поэзиялық туындылардытөл тілімізге тәржімалауешқашанда өзмаңыздылығын жойған емес. Қай халықтың болмасын шоқтығы биік, мағынасы жағынан көлемдішығармаларды аудару бүгінгі күндегі игілікті істердің бірі екендігі даусызмәселе.

Негізгі түпнұсқасы белгілі бір халық ақынының шығармасы болса, ұлттықсипаты барынша анық, шоқтығы биік болса, ондай жағдайда оны өзге тілге үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар үлкен талантты, шеберліктіталап етеді. Тәржімашының таланты - ерекше талант. Оны үстемелей отырып бағалай білу керек. Прозалық туындылардың аудармасы мен поэзиялық шығармалараудармалары арасында біраз айырмашылықтар бар екендігі белгілі. Ал өлең сөзді аударғандааудармашы өз ойын автордың айтқысы келгенін астастыра, жарастыра отырып, өзініңлирикалық сезіміне жол береді. Қазіргі таңда аударма ісі - адам қоғамындағы мақсат-мүдделері бар өте маңызды шартты құбылыс. Адамзат тарихында әр ұлт, әр қоғам алмасу, байланыс, өзара әрекеттесу нәтижесінде алға жылжып, өсіп-өркендеп отырады. Яғни, өзінде жоқты өзгеден алады, білмегенін үйренеді, білгенін өзгеге үйретеді. Аударма - көшудің берік тірегі. Осыған байланысты А. С. Пушкин: «Аудармашылар - мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдайтын пошта атаулары» деген. Бір тілден екінші тілге аударылған, жазылған немесе жарияланған әдеби шығармалардың барлығы аударма туындылар деп аталады. Аударма - екі елдің сөз өнерінің рухани қазынасына айналған көркем әдебиеттің негізгі саласы. Оның қалыптасуы Ежелгі Римнен бастау алады. Сол заманда Цицерон түпнұсқаның аудармамен сәйкестігіне аса назар аударған: тәржіма жасағанда аударманы сынамау керек, керісінше сөзге назар аударып, саралау керек деген.

Аударма бағытын зерттеуші ғалым Гиви Гачечилогдзенің айтуы бойынша, “аударма - түрнұсқаның бейнесі, осыған орай түпнұсқа болмыстың бейнеленуі”. Аудармашылық жұмыс қазір біздің әдебиет саласында үлкен орын алады. Аударма -біздің зор тынысымыз. Қазақ тарихындағыұлы ағартушылар, Ыбырай Алтынсарин менАбай Құнанбаев, өздерінің жазушылық және ағартушылық қызметтерімен, өткенғасырдың жетпісінші жылдарында орыс әдебиетімен байланыс жолын ашты. Ұлы Абайдыңақындық - аудармашылық қабілетінің құдіретімен “орыстың данасы Пушкинөзінің сүйікті Татьянасын қолынан жетектеп келіп, кең қазақ сахарасынаалғаш рет қадам басты”. (М. Ә) Тәржіма дегеніміз - бір тілде айтылған ой-пікірді, болмаса жазылғанмәтінді тыңдаушыға, оқырманға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсініктіетіп, мағына жағының толық қанды үйлесіммен жеткізуі [1, 7] . М. Әуезовтың айтуынша: “Аударма бір жағынан шеберліктің де шыңдалатын тұсы. Аудару үстінде жазушы автордың творчесволық үндестігіне, сырына қанады, оның көргенінкөріп, білгенін біледі. Сол арқылы өзінің ой өрісін ұлғайтумен қатар, авторша дағдыланып үйренеді [2, 22] . Негізінен аудармашы үнеміізденістің, талантты жетілдірудің, мол тәжірибе жинақтау мен машықтанудың үдерістерінде дағдыланады. Тәржіма жасау - көркем әдебиеттің, публицистиканың жалпы халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі. Аударма адамзаттың көне замандағы тарихында тілі өзгеадамдар қауымын түсінудің құралы, олармен байланыс жасаудың негізгі таптармас көзіболған.

Ө. Күмісбаев аударма жасау туралы бір сөзінде: “Көркем аударманыңбүгінгі процесте алатын орны ауқымды. Аударма әдебиетінің арналы, молсалаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айрықша зор. Өйткеніаударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтыңөкілдері сусындай алады” десе, орыстың белгілі теоретигі П. П. Кузнецов:“Көркем әдебиет - идеология майданындағы зор құралдардың бірі, соның ішіндеелеулісі десекте қателеспес едік. Ал аударма әдебиеті әрі көркем төләдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар жедел өседі деп орынды айтса керек [3; 177; 178] . Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелі түрде жеткізудің жаңатәсілдерін тудырды, жазу шеберлігі арттырды. Бұл халықты рухани жағынан дамытудыңкүшті құралы: бүкіл адамзат мәдениеттің қазыналық қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы және тіл ұстартудың мектебі. Әдетте аудармашыны актерге теңейді. Ағылшын жазушысы, әрі аудармашысыБотлер Сәэмюсп: “Егер де бастапқы нұсқаны оқыған кезде қанағаттанған болсаңыз, онда оның аудармасы да солай жасалуы тиіс, олай болмаған жағдайда аудармаемес, ұқыпты орындалған үйрену жұмысы тәрізді болып қалады. Меніңше, мұныңөзі аударма екенін аудармашының байқамағаны жөн” - деген қонымсызтұжырым айтады [3, 28 б. ] . Демек аудармашылық нағыз шығармашылықөнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен қатар, әрі ғылым саласынан да хабардар болуға тиіс. Аударма сапасы оның қабілетіне, біліміне жалпы мәдени деңгейіне жәнеіс-дағдылық бағытына байланысты. Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысынасүйсініп, жаманына күйініп отырады. Нағыз шығармашылық көркем адармадегеніміз түпнұсқаның стилльдік, тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, әрі қазақша биязы дажарық етіп шығару. Осы екеуі бірікенде ғана аударма көркем болады [4; 6] . Ұлттық әдебиет сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық дамужағдайларымен шартты түрде байланыста және басқа халықтар әдебиетімен қарым-қатынаста болады. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны айрықша. Сонымен бірге, аудармашының шығармашылық жолында дүниетанымдық қорының баға жетпес
көзі ретінде біршама маңызды, қарқынды роль атқарады. Белгілі өнер шеберлері тәржіманың жазушы еңбегі сол секілді ұлттық төл әдебиеттің өркендеуі үшін қаншалықты маңызды екені жайында
салмақты сын - пікірлер қолданған. Бұл жөнінде немістің ұлы ақыны ИаганнесБекердің мынандай сөздерін айту орынды деп ойлаймыз: “Мәнді (құнарлы) ұлттық әдебиеттің жақсы (сапалы) аударма әдебиетсіз болуы мүмкін емес”. Аударма мәдениеттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру ұлттықәдебиеттің дамуына және өзіндік дәстүрлі сипаттың жандануына мүмкіндік тудырады. Аударма біздің ана тіліміздің сөздік қорын байытып, дүниетануөрісімізді ұлғайтады. Аудармашы жеке сөздерге балама іздеу арқылы анатілдің бүкіл қазынасын кеңінен сапырып, ішіндегі асыл сөз байлықтарын шеберпайдалануға тырысады. Ескіріп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қорына жаңа сөз тіркестері, көркем сөзбаламалары (беріліп жатады) қосылып жатады. Аударма қызметі жаңа сөздердітілімізге енгізіп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көпеңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтіп, қолдану халықтың ой мен тіл байлығын өсіруге, сол сөздің ұғымдықшегін қалыптастыруға себепші болады. Аударма - көркем шығармашылықтың өзгеше бір саласы болып табылады. Шығармашылықтың бұл түрінде өзіңдікі өзгемен салыстырылады, жарысады, күшсынасады. Аудармашы жасалғанды қайта жасау, өз әдебиетінде ана тілінде жаңақорлар ашу және тың салаларды игеру арқылы автормен күш сынасады. Егер біз аударма ісімен байланысы бар адамдардан әлемдік мәдениет үшінкөркем әдебиеттің түпнұсқасы мен аудармасының қайсысы маңызды деп сұрасақ, бәрі де бір ауыздан түпнұсқа депе жауап қайтарары даусыз. Аудармаға дегенүлкен сый мен құрмет бола тұра, біз түпнұсқаны маңыздырақ көреміз. Аудармаәдебиеті қосымша әдеби құбылыс ретінде қарап, көркемдік сапасы мен әсеріжағынан түпнұсқамен кеңесе алмайды деп ойлаймыз.

Бірақ аудармаларымен танысқаннан кейін, аударма түпнұсқаныалмастыра алады деген тұжырымға келеміз. Қазіргі мәдени алмасу дәрежесінесай, қандай да бір ұлттық мәнді көркем туынды екінші бір тілге аударылғанкезде сол құнда да көркем сапасында адамзат мәдениетінің қазынасынаайналады.

  1. Ш. Құдайбердіұлы аудармаларының стильдік ерекшелігінің сипаттамасы

Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық-рухани алмасуы нәтижесіндемәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдіккеқол жеткізуіне, санамыздың өсуіне апаратын жол. Қазіргі әдебиеттану ғылымында көркем аударма мәселесі аса өзектімәселенің бірі екені дау туғызбаса керек. Аударма өнері - бір халық пен халықты бір ұлт пн екінші ұлтты руханижағынан байланыстырса, сол өнердің иелері, яғни, аудармашылар қос халықтыңкөпірі ретінде үлкен қызмет атқаратыны сөзсіз. Ұлы дүниелерді (шығармаларды) басқа халық танып білмей, ол ұлы болаалмайды. Олардың ұлылығына ең бірінші себепкер - сол шығарманың авторы, яғни жазушы немесе ақындар. әр ұлттың өз ұлысы бар, мысалы, біз қазақ халқыұлы жазушы, аудармашы ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлын танысақ, көршілесқырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовты білеміз. Ал ағылшындардыңұлы ақындарының бірі деп Дж. Г. Байронды атаймыз. Осының бәріаудармашылардың қос халықтың арасындағы көпір қызметін атқаруларыныңарқасы.

Қазір біздегі көркем аударманың белгілі бір дәрежеде қалыптсқан дәтүрі, не бір тамаша үлгілері бар. Аударма мәдениеті барған сайын өсіп, шеберлігі артып келеді. Біз оны бұдан былай жетілдіре беруге тиістіміз. Олүшін аударма тәжірибесінің өткендегісін таразылап, болашағын бағдарлапотыруымыз керек. Осының бәрін айта келе мынадай қорытындыға келеміз:Көркем аударма әдебиетімізбен мәдениетіміздің үлкен маңызды саласы. Оның көп жылдық тарихы, өсу жолы, қалыптасқан дәстүрі бар. Ол халықтың рухани жағынан дамытудың күшті құралы, бүкіл адамзатмәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым пен білімнің қайнарбұлағы, тіл ұстатудың дүкені.

Көркем аударма теориясы филология ғылымының бір саласы. Оның тәжірибені қорыту, пікір жарыстыру негізінде айқындалған принциптері, танылған тәсілдері, шеберлік жүйесі бар.

Көркем аудармаға қойылатын ең басты шарт - шығарманың көркемдік-идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. Ол ең алдымен, көркемаударма болсын, әсерлі де, тартымды оқылсын.

Аударма нағыз қазақша болсын, қазақша болғанда, қазақша қарадүрсін жабайы тілімен емес, қазіргі өскелең әдеби тілінің ең жоғарғы үлгісінде, қоғамды әрқашан алға сүйрейтін озық дәрежеде болсын.

Көркем аудармада өзінен сөз қосып, ауа жайылып, кету тұрпайылыққа, қарадүрсінге саяды, ал түпнұсқаны сөзбе-сөз келтіремін деп ұтымсыз етіпсірестіріп қою - тіл бұзарлық болады. Мұның екеуі де сорақы. Нағызшығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның тілдік, түгел ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерінтолық жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Осы екеуі ұщтасқандағана аударма көркем болады.

Аудармашылық - нағыз шығармашылық өнер. Ол әркімнің қолынан келе беретіндей ерікеннің ермегі емес. Аудармашы екі тілді де жетік білуіменқатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы оның талантына, біліміне жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Көркем аударма туындылары қазақ әдебиетінің өз мүлкі, өз табысы. Солсебепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйініп, жаманына күйініпотырады.

Біздің барлық аудармашы жазушыларымыз өз міндеттерінің халық алдындағы жоғары мәртебелі азаматтық қазына екенін терең түсініп әрбір аударылғаншығарманың идеялық, көркемдік және эстетикалық сапасын бұлжытпай жеткізуарқылы туған халқын ұлы орыс әдебиеті мен дүниежүзілік озық әдебиеттің балшербетіне қандыра беруді ардақты борышым деп білу керек. Әлем классикасының сол сияқты бұрынғы совет халықтары әдебиетініңтаңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аудару арқылы біздің ұлттық мәдениетімізде рухани жағынан байып, аударма кітаптары қазақ әдебиетіне қосылған бағажетпес мол мұра, әдебиеттің алтын қоры болып отыр [5, 197] .

Қазақ оқырманының кітапханасы төл жазушының туындыларымен қатараударма бағытымен де көп молайды. Бүгінгі күні қазақ оқырманы Пушкин пенГогольдің, Крылов пен Лермонтовтың, Гончаров пен Тургеновтың, Толстой менЧеховтың шығармаларын өз ана тілі арқылы таныс болады. Сондай-ақ қазақ тілінедүниежүзілік мәдениеттің озық үлгілері - Шекспир мен Шиллер пъесалары, Бальзак пен Жюль Берн романдары, Назым Хикмет пен Побло Нерудің өлеңдері, В. Скот пен Бичер-Стеу Гарриеттің романдары және т. б. аударылды. Қазақтың көркем әдебиеті аударма еңбектері арқылы тек молығып, өсіпқана қоймай, сонымен бірге қалың бұқараны тәрбиелеудің маңызды құралынаайналып отыр.

Аударма әдебиеті қазақстандағы ұлттық мәдениеттің бір мол сапасы. Республикада талантты аудармашылар тобы өсіп жетілуде. Қазақаудармашыларынан шыққан кітаптардың ішінде Пушкиннің “Дубровскийі”, Толстойдың өлеңдері, Гогольдың “Ревизоры” сияқты қызықты еңбектер аз емес. Қазір әдебиетіміздің тарихында орны ойсырап тұрған, елге белгіліболған ақын, жазушыларымызды еске алғанда, ең алдымен Шәкәрімді атауымызорынды деп білемін. өйткені ол - Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі, біріболғанда - бірегейі.

Олай дейтініміз, Абай шәкірттерінің ішінде көп жасағаны да, көп жазғаны да - Шәкәрім. Ол - әрі лирик, әрі эпик ақын және прозаик, ол -композитор және музыкант, орыс және шығыс классиктерімен қазақ оқушыларынтаныстырған шебер аудармашы, ол - терең ойшыл әрі бармағынан мөр тамғансегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері.

Мұхтар Әуезов “Абай ақындығының айналасы” атты мақаласында “Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен” ақындар туралы айта кеп:“Мұндай ақын - төртеу, - дейді. - Оның екеуі Ақылтай, Мағауия; Абайдың өзбалалары . . . Қалған екеуі - Көлбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағызтолық мағынадағы шәкірттері, Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алуданбасқа, оның өлең мен қара сөздерін оқушы әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушыболудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған. Абайоларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолынайтады. Бәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады”.

ХІХ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақын және аудармашымыз - Шәкәрім Құдайбердиев. Ұлыақын дүниеден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. Ал өмірбаянына келмек болсақ, Құнанбайдың Күңке дейтінбәйбішісінен туылған жалғыз ұлы - Құдайберді, Құдайбердінің Дәметкен(Төлебике) дейтін бәйбішесінен төрт ұлы болған: Олар, Мұртаза, Шаһмардан(Шәке), кенжесі - Шаһкәрім (Шәкәрім) .

Шәкәрім өмірінің есею жылдарында қалыптасқан қасиеттерінің бірі - өз бетімен білім өрісін кеңейтуі, бірнеше тілдерді: араб, түрік, парсы, орыстілдерін меңгеріп, қазына қорына еркін бойлап, осы тілдердегі шығармалардыңкейбірін қазақ тіліне аудару. Шығыс классиктерінің біразының шығармаларынқазақ тіліне аударады. Пушкиннің “Дубровский” атты әлеуметтік тұрмыстықроманы, “Боран” повесін, Толстойдың жекелеген әңгімелерін қазақ тілінеаударды. Шәкәрім Құдайбердиев Л. Н. Толстойдың “Ассирийский царь Асархадон”, “Три вопросы” тағы басқа әңгімелерін “Асархадон патша”, “Үш сауал” депқазақ тіліне аударған.

Шәкәрім әкеден жеті жасында жетім қалды дегене аты болмаса, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересе болып өскен. “Қажы марқұм мені жетімдеп аяп, қысып оқыта алмай ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылыпойыма не келсе соны істеп, әдепсіз ғылымсыз өстім” - деп кейиді Шәкәрім.

Бірақ Шәкәрім туысынан талантты табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі, зереке, қабілетті, талантты бала еді. Шәкәрім ауылдан ұзапшығып, ешбір оқу орында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де -АБАЙ.

Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.

Енді Шәкәрімнің өмір кезеңдерін шолуымызға келейік. Шәкәрімнің өзінің жазған өмірбаянынан: “Жиырмадан өткенде аз ғана ғылым оқыдым” - деген сөзібар. Енді Шәкәрім өмірінің осы бір кезеңі туралы Мұхтар Әуезовтың айтқанынкелтірейік: “Ысқақты ұдайы үш сайлау - 9 жыл болыс қылған соң, төртіншісайлауда: “Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін” деп жасы 20-ға әреңтолған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем деп өзінің үлкен шешесі Күңкедентуылған Құдайберді деген ағасын айтады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының аруағын сыйлағандықтан жасы жетер-жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болысболып, 84 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен біргетуған кенже інісі Оспанға бермек болады”- дейді. Шәкәрім өзінің ел басқару ісіне араласқанын өмірінің өкінішті біркезеңі деп біледі: “Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, босөткенін қарашы”, - деп налиды. “Туған елім - надан ел” деп қапалана отырып, өз мінін де ашық айтып, аяусыз сынайды. Осыдан кейін көзін ашып, өсіпөзгерген санамен, жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым дүниесіне терең бойлауғаберік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-еркін меңгеруге бой ұрады.

“Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз” деген Абай қағидасын берік ұстанған Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерініңазғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да атаусыз табынабермейді, өз ақылына жүгініп, сыншыл ой көзімен қарап оқиды. Шәкәрім Мекке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқансоң, 1905 жыл барған. Шәкәрімнің Меккеге барғанда, шариғаттың мұсылмандарғаміндет еткен бес парызының бірі - қажылық борышын өтеп және “қажы” дегенатақ-дәреже алайын деген оймен бармаған. Не үшін барғанын өзі де ашық айтыпотыр және шынымен мұсылмандық жолын қуып, толық қажы болу үшін, Мұхаммедпайғамбардың жерленген орнына, Мединаға да барып тәуіп етуі керек еді. Шәкәрім онда бармаған, басқа үлкен қалаларда - Стамбулда, Парижде болған. Бұл сапарға шығу мақсатын тағы бір ұзақ өлеңінде толығырақ айтады өлеңінен үзінді келтірейік:

Апақтап іздедім қару,

Бекілген артыма бару,

Керек боп көп ғылым табу,

Болып тұр күн қараң, пай-пай!

Орысша, Не арабшадан,

Тілім жоқ жетіліп алған,

Кітап оқып түрік жазған,

Ұғындым осыны азғантай,

Білімдінің кітаптарын,

Жазыпты түрікше бүгін

Философ, білгіш ойларын,

Сезіндім біразын байқай.

Кітап, ғылым ой алмаққа,

Маған жол болды сол жаққа,

Жұмылдым Мекке бармаққа,

Тыныш ұйықтап, іше алмай шай.

Параходта жүрдім жолда,

Әр елден кез келіп молда,

Он үш күн боп Стамбулда,

Керек кітап табылғаны - ай!

Парижда да оқыған жан,

Түрік, шеркеш һәм Үндістан,

Араб, башқұрт, қызылбастан,

Переводчик - түрік ноғай.

Солармен керісіп сөзге,

Жоғарғы ой, мақсатым өзге,

Түсіп сәуле соқыр көзге,

Ауыр тұман ашылғаны - ай!

Ол ойға көп керек тармақ,

Әр тілден словарь алмақ,

Сынап нағызына қанбақ,

Наданға болмай дау оңай.

Сол ойды бес жыл жаздым

Арыдым, шаршадым, аздым,

Сорым, ойым, жайым сондай . . .

Біздің қазіргі мәдениетті оқырман қауым үшін Шәкәрімнің бұл сөзіне түсінік беріп жатудың өзі орынсыз болар деп білемін.

Шәкәрімнің негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Стамбул қалалары болған. Әдейілеп іздеп барған өзіне керегін сол қалалардан тапқанын айтқан.

Осыдан кейін Шәкәрім 1909-1910 жылдар ел ортасын тастап, оңаша елсізге кетіп, оқу, ойлау, жазумен болған. Жеті жасынан өлең жаза бастаған ақынныңөмір бойы қаламы қолынан түспеген.

Тыныштық жоқ, тыным жоқ,

Ойсыз менің күнім жоқ,

Қайғырамын қан жұтып,

Көзімді ілер түнім жоқ,

Ойлаумен күнді батырам,

Жазумен таңды атырам,

Тесіле қарап кітапқа,

Сілемді сүйтіп қатырам - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлынің өмірбаяны
Шаһкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім және оның заманы
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Шәкәрімнің депутаттық қызметі
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Қазақтың ұлдары
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz