Муниципалды менеджмент
Нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi демократиялық тетiктерсiз және басқару органдарының жұмысын баылаусыз әдiлеттi нарықтық бәсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.
Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс орталықтандыруға көнбейдi және экономикалық, әлеуметтiк өмiрдiң субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.
Қазiргi таңда елiмiздiң мемлекеттiк құрылысын жетiлдiру, оның iшiнде билiк құзырларының әр деңгейi арасында нақты бөлiнуi мен халық билiгiнiң маңызды элементi болып табылатын жергiлiктi өзiн.өзi басқару жүйесiн ендiру өте өзектi мәселелердiң қатарында. Бұл билiктiң бөлiнуi шеңберiнде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесiн анықтайтын демократиялық нышандардың бiрден.бiрi.
Бiрақ бұл бағытты абсолют ретiнде қабылдап, бүкiл қоғам проблемаларын шешедi деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күштi орталықтандырылған мемлекет белгiлi кезеңде өзiнiң iшкi тұрақтылығын қамтамасыз ете алады, бiрақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың тұрақсыздануына алып келуi мүмкiн. Ал iшкi саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимдi орталықсыздандыру, жергiлiктi өзiн.өзi басқаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етедi.
"Қазақстан.2030" Стратегиясында қазiргi заманғы мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару құрылымын құру мемлекеттiң ең шешушi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде белгiленген. Осы құжатта атап көрсетiлгендей, мемлекеттiк басқару бiртiндеп орталықсыздандырылып, үкiмет ықшам әрi кәсiби деңгейде болып, неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбiр министрлiк пен ведомство өздерiне тән емес қызметтердi орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бiрақ ол қызметтердi жергiлiктi жағдайда iске асыру экономикалық механизмдердi қолдануға бағытталуы тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдар өзiнiң қызметiн орталық билiктердiң бақылауында атқарады. Бақылау әр салада әртүрлi болуы мүмкiн.
Орталық органдар жергiлiктi әкiмшiлiк бақылауында өзiнiң кейбiр актiлерiн бекiту және олардың белгiлi iс.әрекеттерiне санкция салу құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергiлiктi атқарушы органдарды лауазымды қызметкерлерiн жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзiнiң жергiлiктi атқарушы құрылымдарымен арақатынастарында қаржылай бақылау өкiлетiн де қолданады. Жергiлiктi атқарушы органдардың қаржысы өздерiнiң жеке табыстары мен мемлекеттiк бюджеттен кiрiс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бiрiншi жағынан өздерiнiң белгiлi мәселелерде дербестiгiн бiлдiрсе, екiншi жағынан, жалпымемлекетiтк деңгейдегi орнын анықтап, мемлекеттiк басқару жүйесiне кiретiндiгiн бiлдiредi.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
М.әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
Менеджмент кафедрасы
курстық жұмыс
Пән аты: Муниципалды менеджмент
.
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика құрудың стратегиялық мiндеттерi мемлекеттiк
басқарудың барлық деңгейлерiн демократиялық құрылысын талап етедi, өйткенi
демократиялық тетiктерсiз және басқару органдарының жұмысын баылаусыз
әдiлеттi нарықтық бәсекелестiк жағдай туғызу мүмкiн емес.
Екiншi жағынан, нарықтық экономика шешiм қабылдау жүйесiнде шектен тыс
орталықтандыруға көнбейдi және экономикалық, әлеуметтiк өмiрдiң
субъектiлерiмен тiкелей жанасатын жергiлiктi органдарға белгiлi бiр билiк
пен қаржы өкiлеттiгiн бекiтiп берудi талап етедi.
Қазiргi таңда елiмiздiң мемлекеттiк құрылысын жетiлдiру, оның iшiнде
билiк құзырларының әр деңгейi арасында нақты бөлiнуi мен халық билiгiнiң
маңызды элементi болып табылатын жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн ендiру
өте өзектi мәселелердiң қатарында. Бұл билiктiң бөлiнуi шеңберiнде
қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесiн анықтайтын демократиялық
нышандардың бiрден-бiрi.
Бiрақ бұл бағытты абсолют ретiнде қабылдап, бүкiл қоғам проблемаларын
шешедi деп қараудан да сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күштi
орталықтандырылған мемлекет белгiлi кезеңде өзiнiң iшкi тұрақтылығын
қамтамасыз ете алады, бiрақ оның ұзақ уақытқа созылуы саяси жағдайдың
тұрақсыздануына алып келуi мүмкiн. Ал iшкi саясатта тұрақтылықты қамтамасыз
ету саяси режимдi орталықсыздандыру, жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту
сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етедi.
"Қазақстан-2030" Стратегиясында қазiргi заманғы мемлекеттiк қызмет пен
мемлекеттiк басқару құрылымын құру мемлекеттiң ең шешушi мiндеттерiнiң бiрi
ретiнде белгiленген. Осы құжатта атап көрсетiлгендей, мемлекеттiк басқару
бiртiндеп орталықсыздандырылып, үкiмет ықшам әрi кәсiби деңгейде болып,
неғұрлым маңызды мiндеттердi шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбiр министрлiк
пен ведомство өздерiне тән емес қызметтердi орталықтан аймақтарға және
мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бiрақ ол
қызметтердi жергiлiктi жағдайда iске асыру экономикалық механизмдердi
қолдануға бағытталуы тиiс.
Жергiлiктi атқарушы органдар өзiнiң қызметiн орталық билiктердiң
бақылауында атқарады. Бақылау әр салада әртүрлi болуы мүмкiн.
Орталық органдар жергiлiктi әкiмшiлiк бақылауында өзiнiң кейбiр
актiлерiн бекiту және олардың белгiлi iс-әрекеттерiне санкция салу
құқықтарын қолданады, сонымен қатар орталық жергiлiктi атқарушы органдарды
лауазымды қызметкерлерiн жұмыстан босата алады.
Орталық органдар өзiнiң жергiлiктi атқарушы құрылымдарымен
арақатынастарында қаржылай бақылау өкiлетiн де қолданады. Жергiлiктi
атқарушы органдардың қаржысы өздерiнiң жеке табыстары мен мемлекеттiк
бюджеттен кiрiс түсуден құралады. Бұндай жағдай олардың, бiрiншi жағынан
өздерiнiң белгiлi мәселелерде дербестiгiн бiлдiрсе, екiншi жағынан,
жалпымемлекетiтк деңгейдегi орнын анықтап, мемлекеттiк басқару жүйесiне
кiретiндiгiн бiлдiредi.
Сонымен қатар жергiлiктi органдарды қоғамдық, сот және т.б. бақылаулар
арқылы тежейдi. Бұл орайда сот билiгiнiң жергiлiктi атқару органдарынан
тәуелсiздiгi қамтамасыз етiлуi өте маңызды.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару жүйесiнде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң
әр қилылығы көрiнiс табады. Оның қызметiнiң экономикалық және қаржылық
негiздерiн жергiлiктi бюджет коммуналдық заңда тұлғаларға бекiтiлген мүлiк
құрайды. Мәслихаттар мен әкiмшiлiктерге мiндеттер, талаптар және шектеулер
қойылады. Олардың негiзгiлерiне келесiлер жатады:
1.Жалпы мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясатына сәйкес келмейтiн
шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу.
2.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтау.
3. Қызметiнiң қоғамдық маңызы бар салаларында бекiтiлген жалпы
мемлекеттiк стандартты ұстану.
4.Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару
органдарының қазiргi кездегi негiзгi мәселелерiн арастыра отырып,
жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жетiлдiру жолдарын зерттеу.
Осы мақсатты жүзеге асыру барысында мемлекеттiк басқаруды жетiлдiрудiң
ең басты жолы билiктi орталықсыздандырудың себептерiн қарастырдым:
Бiрiншiден, мемлекеттiң қоғам өмiрiнiң барлық салаларына ықпал ету
деңгейiнiң үнемi өсуiне жауап ретiнде орталықсыздандыру жүргiзу.
Екiншiден, қоғамдық деңгейде қабылданатын шешiмдерде көптеген
жергiлiктi факторлар ескерiлмей қалу қауiпi болды. Сондықтан да шешiмдер
мемлекеттiк мекемелерден гөрi, сайланбалы тұлғалар iс жүргiзудi қалайтын
азаматтардың мүддесiне және шындыққа сыймайтын. Бұл орайда
орталықсыздандыру-демократия дамуының қажеттi талабы.
Үшiншiден, азаматтың өзiн айқындау құқығын тану және олар өз дегенiмен
ұжымдарға бiрiгу қажеттiлiгi туындайды.
І. Жергiлiктi басқарудың мәнi мен теориялық негiздерi
1.1.Жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мәнi мен мазмұны
Жергiлiктi мемлекетiтк басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды
реттейтiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органның құзыретiн, қызметiнiң
ұйымдастырылуы мен тәртiбiн, сондай-ақ, маслихаттар депутаттарының
құқықтық жағдайларын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қалайтын
Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституцияның 8-шi
бөлiмiнiң 85 бабында жазылған жергiлiктi мемлекетiтк басқару тиiстi
аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiктi және атқарушы
органдар жүзеге асырады.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару дегенiмiз-бұл заң актiлерiнде
белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқару органдарының
тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзудi, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын және тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын
қызмет.

негiздерiн жергiлiктi бюджет, коммуналдық, заңды тұлғаларға бекiтiлген
мүлiк құрайды. Маслихаттар мен әкiмшiлiктерге мiндеттер, талаптар және
шектеулер қойылады. Олардың негiзгiлерiне келесiлер жатады:
1.қызметiнiң қоғамдық маңызы бар салаларында бекiтiлген жалпы
мемлекеттiк стандартты ұстану.
2.Жалпы мемлекеттiң сыртқы және iшкi саясатына сәйкес келмейтiн
шешiмдердiң қабылдануына жол бермеу.
3.Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз
ету.
4.Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының
мүдделерiн сақтау.
Аймақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкiмшiлiктердiң қолданатын
жоспарлары елдiң стратегиялық даму жоспарына сәйкес келуiс тиiс және оларға
бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен
қызметтер көрсетудi еркiн алмасуға кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға
тыйыс салынады.
Жергiлiктi өкiлдi орган мәслихат халықтыңҒ өкiлдiк бiрыңғай
жүйелерiнiң ажырамас бөлiгi бола отырып, осы жүйеге тән белгiлерiн өз
бойына сiңiрген.
Қазақстан Республикасының "Жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"
заңында жазылған "Жергiлiктi өкiлдi орган-мәслихат-бұл облыстың
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар
қаланың халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды
белгiлейтiн және жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган."
Жергiлiктi өкiлдi органның өзiндiк ерекшелiктерi. Мәслихат өзiнiң
қызметтiк сипаты жағынан жергiлiктi тұрғындардың мұң-мұқтажына байланысты
мәселелердi шешуге құқылы халықтың кең тараған өкiлдi органы. Мәслихаттар
күнделiктi қызметтерiнде шаруашылық, тұрмыстық, мәдени, меншiктi, қоғамдық
тәртiптi, заңдылықты, азаматтардың заңды құқықтарын қорғау, елiмiздiң
қауiпсiздiгiн күшейту мәселелерiмен айналысады. Сөйтiп, Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк функциясын iс жүзiне асыруға халықты кеңiнен
қатыстырушы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi өкiлдi орган болып табылады.
Мәслихат аппараты дегенiмiз-бұл тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен
депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн, әрi жергiлiктi бюджет есебiнен
ұсталынатын мемлекеттiк мекеме.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың қызметтерi:
1. Негiзгi өкiлеттiктi анықтайтын жалпы мәселелерi.
- негiзгi аумақты дамытудың жоспарлары, әлеуметтiк және экономикалық
бағдарламаларын жергiлiктi бюджеттiк және олардың атқарылуы туралы
есептердi бекiту.
- Тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру
жөнiндегi шығыстарды бекiту және осы мәселеге қатысты өзге де жағдайларды
шешу.
- әкiмшiлiк ұсынысы бойынша әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi басқару схемасын
бекiту.
- -әкiмшiлiк ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмiмен тиiстi
әкiмшiлiктiң дербес құрылымын бекiту.
- Халықты жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және кедейлiкпен күрес
бағдарламасын бекiту.
2.Мәслихаттың айрықша өкiлеттiгi:
- өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс және жергiлiктi
қауымдастық ұғымының шекараларының айқындау мәселелерiн шешу.
- атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау және тиiстi органдарға
мәслихат шешiмдерiнiң орындалмағаны үшiн мемлекеттiк органдардың
лауазымды адамдардың және ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар
енгiзу.
- Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-құқық бұзушылық туралы кодексiне
сәйкес әкiмшiлiк құқықты бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген
ережелердi бекiту.
- Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстi дамыту жоспарларының экономикалық
және әлеуметтiк бағдарламалардың жергiлiктi бюджеттiң атқарылуына бақылау
жасау.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
- Маслихаттың тұрақты комиссияларымен өзге де органдарын құру, олардың
қызметтерi туралы есептердi тыңдау тағы да басқа мәселелер.
Жергiлiктi атқарушы органдары келесi мәселелердi қарастырады:
-аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергiлiктi атқарушы
органдардың және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi басшыларын қызметке
тағайындау бюджеттi әзiрлеу және қызметтен босату, жергiлiктi қамтамасыз
ету.
- жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелердi шешу.
- коммуналдық меншiктi басқару.
- жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай республика заңдарымен
жергiлiктi атқару органдарға жүктелетiн өзге өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
- Мемлекеттiк және жергiлiктi билiк. Мемлекеттiк билiк-бұл мемлекеттiк-
құқықтық құралдар, әдiстер мен тәсiлдер жүйесi. Осылардың көмегiмен билiк
етугi субъектiлердiң ерiк-жiгерi iске асырылады немесе қоғам өмiрiнiң
экономикалық, әлеуметтiк және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк билiгi таралатын барлық жер (аймақ, өлке, қала, ауыл)-сол
мемлекеттiң территориясы болып табылады. Ал мемлекеттiң территориялық
құрылымы-мемлекет пен оның территориясын құрайтын жеке бөлiктердiң
арасындағы қарым-қатынасқа негiзделедi. Бұл жерде мемлекеттiң рөлiн үкiмет
атқарса, территория құрайтын жеке бөлiктердiң қызметiн облыстар, өлкелер
мен аудандар атқарады. Бұның түрлерi әр елде әр түрлi (провинция,
департамент, қауым т.б.).
Мемлекет өз қызметiн тиiмдi жүргiзу үшiн әкiмшiлiк-территориялық
бөлiктер құрады. Солар арқылы үкiмет өзiнiң билiгiн жүргiзедi, жалпы
мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады.
Әкiмшiлiк-территориялық құрылымның географиялық құрылымнан үлкен
айырмашылығы бар, себебi бұл жерде жергiлiктi билiктiң жүйесiн жасап,
белгiлi бiр заңның нормасын белгiлеу қажет, сонымен бiрге олардың өзiнен
жоғары тұратын билiк деңгейiмен және мемлекеттiк басқару органымен ара
қатынасын заңдастыру қажет.
Мемлекеттiң көп қырлы қызметi өзiнiң сипаты мен табиғаты, тiкелей
бағыты мен қалыптасу бағыттары, функциялары мен өкiлеттiктерi, жұмыс
нысандары мен әдiстерiмен ерекшелiнетiн әр түрлi мемлекеттiк құрылымдар
жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Оларды кешендi пайдалану мемлекет мұқтажын
қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған мiндеттердi шешуге мүмкiндiк
бередi.
Мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру мемлекеттiк механизмге жiктеледi.
Барлық билiктi жетекшiлiк басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және
реттеушiлiк қызмет-мемлекет механизмiнiң мiндетi. Мемлекеттiң саясаты, оның
стратегиялық бағыты, тактикалық мiндетi мемлекеттiң механизмiмен жүзеге
асырылады.
Жергiлiктi өкiлеттi органдар парламентпен бiр реттегi жүйенi құрайды,
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың өмiрiнде маңызда роль атқарады,
бюджет мәселелерiн шешедi және олардың орындалуы туралы есептi қарайды,
жергiлiктi жерлерде жекелеген қоғамдық қатынастарды заң шеңберiнде
реттейтiн актiлер қабылдайды.
Көптеген елдерде жергiлiктi өкiлеттi органдарға жергiлiктi өзiн-өзi
басқару жүйесi бiрiгiп кеткен Қазақстан Республикасының Ата заңына сәйкес
жергiлiктi өзiн-өзi басқару халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзi
шешуiн қамтамасыз етедi. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей
сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын
селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Жергiлiктi әкiмшiлiк-территориялық бөлiктерде билiктiң екi түрi жүзеге
асуы мүмкiн. Олар: жергiлiктi мемлекеттiк басқару жергiлiктi өзiн-өзi
басқару.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқару дегенiмiз жергiлiкт әкiмшiлiк-
территориялық жердегi Орталық өкiметтiң атынан немесе жоғары тұрған
әкiмшiлiктiң атынан жүргiзiлетiн билiктiң бiр түрi.
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын адамдарды деңгейi
жоғары тұрған әкiмшiлiк орындары тағайындайды. (Мысалы, ауылдың әкiмiн
аудан әкiмi тағайындаса, аудан әкiмiн тағайындау облыс әкiмiнiң қолында).
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару дегенiмiз, сол территорияда тұратын
тұрғындардың билiгi, бұл билiк сол тұрғындардың қалауымен сайланып
қойылатын органдардың қызметi арқылы жүзеге асады. Осы жерде "Жергiлiктi
өзiн-өзi басқару туралы Европа Хартиясынан" толық анықтамасын алуға болады:
"...1.Жергiлiктi тұрғындардың мүддесiн қорғай отырып, заң шеңберiнiң
көлемiнде мемлекеттiк iстердiң негiзгi бөлiгiн асыруды және сол iстердi
басқарудың нақты мүмкiншiлiгi мен құқығына ие болуды-жергiлiктi өзiн-өзi
басқару деп түсенемiз.
2.Бұл құқықты жалпыға бiрдей, еркiн, жасырын және тiкелей дауыс беру
арқылы сайланған мүшелерi бар кеңестер мен жиналыстар жүзеге асырады.
Кеңестер мен жиналыстар олардың алдында есеп берiп отыратын атқарушы
органдарды пайдалана алады. Бұл ереже азаматтардың кеңеске тiкелей шығуына,
референдум жасауына және сол сияқты азаматтардың заңда белгiленген басқа да
құқықтарын жүзеге асыруына бөгет бола алмайды.
Европалық жүйе бойынша жергiлiктi мемлекеттiк басқару мен жергiлiктi
өзiн-өзi басқару аралас жүредi, екеуi бiрге отырып, бiр жүйенi бередi.
Басқарудың екi түрiнiң араласуының да түрлi нұсқасы бар. Әсiресе жергiлiктi
мемлекеттiк басқаруға өзiн-өзi басқару жүйесiне байланысты әр түрлi мiндет
қойылады.
Бiрiншi-әкiмшiлiктiң жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды "қамқорлығына
алуы".
Бұл жағдайда жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының шешiмi жергiлiктi
мемлекеттiк басқару органдарының рұқсатын алмайынша күшiне ене алмайды.
Қысқасы, сол шешiмдi жергiлiктi әкiмшiлiк (губернатор, әкiм, бургамистр
т.б.) қолдауы ие бекiтуi шарт. Оны қолдаудан бас тартудың да екi түрлi жолы
бар. Бiрiншiсi-әкiмшiлiк орындары өзiн-өзi басқару органының шешiмiн заңсыз
деп табады, екiншiсi -шешiмдi қажетсiз деп кейiн қайтарады. Демек оның
"қажетсiз" не "қажеттi" екенiн халық емес, әкiмнiң бiлетiн болғаны.
Өркениеттi елдердiң көпшiлiгiнде дәл осындай әкiм тарапынан жасалатын
"қамқорлық" баяғыда-ақ келмеске кеткен.
Екiншiсi-әкiмшiлiк тұрғысынан жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiн
қадағалау.
Бұл-бүгiндерi көптеген мемлекеттерде кездесетiн, европалық жүйенiң ең
көп тараған түрi. Жергiлiктi өзiн-өзi басару органдарының шешiмiн
мемлекеттiң өкiлi тек сол елдiң заңына сәйкестiгi тұрғысынан ғана бақылай
алады. Әдетте шешiмдi тексеруге аз ғана уақыт берiледi, егер сол мерзiмде
әкiмшiлiк тарапынан қарсылық болмаа, өзiн-өзi басқару органының шешiмi
күшiне енедi. Соңғы уақытта кең етек алған бiр жаңалық-әкiмшiлiк ол шешiмдi
сот тәртiбiмен ғана тоқтата алады. Ол кезегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару
да сот арқылы өздерiнiң шешiмдерiн қорғап шыға алады.
Көптеген елдерде жалпы мақсатты жүзеге асыру бiрнеше жергiлiктi өзiн-
өзi басқару органдары бас қосып, бiр орталық құрады. Осы одақтар арқылы
жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiне қажеттi заңдарды қабылдатуға күш
салынады, жергiлiктi жердегi түрлi мәселелердi шешуге бағытталған жалпы
ұлттық бағдарламалар жасалынады, тәжiрибе алмасып, бiрлесе жасайтын
жұмыстардың басты бағыттары анықталады.
1.2.Жергiлiктi басқарудың экономикалық механизмдерi
Мемлекеттi экономикалық, әлеуметтiк және саяси жағынан одан әрi
демократияландыруда жергiлiктi шаруашылықты басқаруды жетiлдiруде әкiмшiлiк-
экономикалық механизмдердiң алатын орны бөлек. Мемлекеттiң негiзгi қызметтi
ұлттық егемендiктi, меншiк құқын, заңды және тәртiп сақтауды қорғау және
ақша айналысын, сыртқы сауданы реттеу және тағы да басқалай болып келсе,
жергiлiктi шаруашылықты басқару аясына жергiлiктi бюджеттi бекiту,
жергiлiктi салықтарды белгiлеу, жергiлiктi халыққа бiлiм беру мен денсаулық
сақтау, әлеуметтiк көмек беру, ауылды көғалдандыру, тазалық жұмыстарын
жүргiзу сияқты барлық қызмет түрлерiмен қамтамасыз ету және т.б. кiредi.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң биылғы жылғы халыққа
Жолдауында тұрғын-үй құрылысының жаңа саясаты тұрғысында "құрылысты
арзандату мақсатында тұрғын-үй инфрақұрылымын қаржыландыру өз мойнына
жергiлiктi билiк алуы тиiс" дей келе, "облыстарды дамытудың барлық
бюджеттерi тек қана бiлiм беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету
жүйелерiн дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына
пайдаланылуы тиiс" деп нақты әрi ашық мiндеттердi алға тартты.

Жергiлiктi шаруашылықты басқаруда экономикалық механизмдердi
қолданудың ерекшелiгiн оның әлеуметтiк мәселелер бойынша тиiмдi әрi
уақытында шешiм қабылдай алатындығынан көре аламыз. Жергiлiктi халықты
еңбекпен қамтуда, оларды мамандық бойынша қайта даярлау мәселесi де
жергiлiктi басқару органдарының өкiлеттiгiне берiледi. Мәселен, олардың
келесi жылдан бастап шетелдiк инвесторларға мынадай шарт қоюға құқықтары
бар: Инвесторлар бiр жыл iшiнде жергiлiктi белгiлi бiр салалар бойынша
даярлайды, белгiленген уақыт өткен соң халық еңбекпен қамтылып, шетелден
келген жұмыс күшi өз елдерiне қайтарылады.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу елдiң экономикалық саясатымен
байланысты және оны жүзеге асыруға бағытталады. Елдiң әлеуметтiк-
экономикалық даму бағдарламасында аймақтық экономикалық саясаттың алатын
рөлi зор.
Мемлекеттiк реттеудiң экономикалықпен бiрге әкiмшiлiк және
институционалдық та механизмдерi де бар. Әкiмшiлiк тұтқалардың жиынтығы
құқықтық инфрақұрылымдарды қамтамасыз етумен байланысты iс-әрекеттердi
реттеудi қамтитын болса, экономикалық шараларға қаржы (бюджет, фискалды) ,
ақша-несие (монетарлы) саясаты, бағдарламалау және болжау мәселелерi
жатқызылады. Жалпы алғанда "қаржы саясаты" түсiнiгi-ауқымды категория. Ол
екi жақты түсiнiк бередi. Бiрiншiден, ол экономикалық саясат мақсатын,
екiншiден, қаржылық шараларды жүзеге асыру механизмдерiн бiлдiредi.
Қаржыдан жергiлiктi басқаруда туындайтын бюджетаралық қатынастар мәселесi
күн тәртiбiне шындап қойылып отыр. Қазiр Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
10 ақпан 2003 жылы № 147 қаулысымен мақұлданған "Мемлекеттiк басқару
деңгейлерi арасында өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды
жетiлдiру" Концепциясындағы бюджет сферасында экономикалық механизмдер
берiлген. Онда жергiлiктi басқаруды дамыту мақсатында ауылдық (селолық)
акругтардың әкiмдер аппартын құру көзделген. Ол 2004 жылғы республикалық
бюджетте (31 бап) ауылдық (селолық) округтардың әкiмдерi аппарттарын
қалыптастыруға облыстық бюджеттерге берiлетiн 2,9 млрд.теңге сомасында
белгiленген мақсатты трансферттермен жүзеге асырылып отыр.
"Институционалдық" түсiнiгiне тоқталсақ, ол отандық ғылымда
салыстырмалы аз пайдаланылады. Нарықтық экономика жағдайында осы терминнiң
қолданылу белсендiлiгi арта түседi. Экономикада белгiлi бiр құқықтық,
этникалық, психологиялық, ұйымдастырушылық нормлаар мен дәстүрлер нақты
пайда бола бастайды. Экономикалық саясаттың өзi дәстүрдiң, әдет-ғұрыптың
ұйымдастырушылық жүйесiн бiлдiредi. Осындай салыстырмалы ұзақ өмiр сүретiн
iс-әрекеттер "институт" түсiнiгiн қалыптастырады. У.Гамильтонның пiкiрiнше,
институттар-қоғамдық дәстүрлер тобына берiлетiн сипаттың белгiсi. Қазiргi
жағдайда институционалдық форманың кең тараған түрлерi мынадай болып
келедi:
-мемлекеттiк билiктiң атқарушы құрылымын қалыптастыру, оның тiкелей
мiндетi-үкiметтiң мақсаттарын жүзеге асыру;
-мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң құру және қолдау;
-экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжамдарды дайындау;
-экономика бойынша зерттеу орталықтарын (әртүрлi меншiк формасы бар),
экономикалық ақпарат институттарын, сауда-өнеркәсiп палаталарын, әртүрлi
экономикалық одақтар мен кеңестердi қолдау;
-экономика мәселелерi бойынша кеңесшiлер, консультанттар, сарапшылар
кеңесi институттарының қызмет етуiн қамтамасыз ету;
-кәсiпкерлер мен кәсiби одақтарға ақпараттық, құқықтық қолдау және
олардың өзара байланыстарын тиiмдi етi.
"Мемлекеттiк шығындар" түсiнiгi қоғамның талаптарын қанағаттандырумен
байланысты материалдық игiлiк пен қызметтердi сатып алуға кететiн
шығындарды бiлдiредi. Қаржыларды шыығндау саясатының негiзгi мiндетi
жиынтық сұранымға әсер ету болып табылады. Ал "мемлекеттiк табыстар" деп
жеке сектордан мемлекетке ағымдағы ақшалай және мүлiктiк аударымдары
(трансферттер) түсiнемiз. Табыстар саясатының алдында тұрған мiндеттердi
екiге бөлiп қарауға болады.
-қаржы қорын қалыптастыру үшiн жинақталған қаржы, оның көмегiмен
макроэкономикалық тепе-теңдiкке әсер ету;
-ресурстарды алу есебiнен реттеушi тиiмдiлiкке қол жеткiзу.
Мемлекеттiк табыстарды шоғырландырудың көптеген формалары мен әдiстерi
бар. Жалпы қаржы ресурстарын жинаудың салықтық және салықтық емес деп екiге
бөлiнетiнi белгiлi. Соңғысына әртүрлi алымдар мен салымдар жатқызамыз. Ал
ресурстарды мiндеттеп жинаудың бiрден бiр жолы ол - салықтар. Ол
мемлекеттiң ең маңызды табыс көзi. Мысалы, салық дамыған елдерде (АҚШ,
Жапония, Швеция) жалпы ұлттық өнiмнiң 30%-дан 50%-ға дейiн көлемiн құрайды.
Елдiң дамуы, жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық реформалар
тағдыры, халықтың барлық игiлiктерге қол жеткiзе өмiр сүрулерiн қамтамасыз
ету тiкелей мемлекеттiк реттеуге байланысты. Дегенмен кей жағдайларда
орталықтандыру үрдiсi басқару тармақтарының кеңiнен таралуына өз кедергiсiн
де тигiзедi. Сондықтан да соңғы кезде аймақтық басқаруды жетiлдiру
мәселелерi шындап күн тәртiбiне енiп, өз бағыт-бағдарын бiртiндеп анықтап,
жұмыс жасау үстiнде.
Билiктi орталық пен аймақтарға жiктеу мәселесiнiң қоғамымызда
талқыланып жатқанына бiршама уақыт еттi. Осы екi деңгей арасындағы
мәселелердiң шешiлу барысы жергiлiктi шаруашылықтың тағдырына тiкелей
қатысы бар. Орталықтан билiктiң бiр бөлiгiн алу процесiн әрi қарай
жеткiзудегi тағы бiр кезең жергiлiктi басқару органдарының жаңа жүйеге
қатысты құқықтық базасын айқындау. Басқаша айтқанда "Жергiлiктi мемлекеттiк
басқару туралы" және "Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы" заңдарының
қабылдануы. Бiрiншiсi қабылданып күшiне енiп, оған өзгертулер мен
толықтыруларда енгiзiлiп жатыр. Ондағы мақсат заңды жақсартуды жетiлдiре
беру деп ойлаймыз. Екiншiсiне ауылдан бастап облысқа дейiн жергiлiктi
жерлердiң құзiретi, оның iшiнде жергiлiктi бюджеттер туралы нормалар
енгiзiледi. Оның түпкi мақсаты мынада: әр әкiм өз мекенiнiң (ауылдың,
қаланың, ауданның) бюджетiнiң толуына мүдделi болуы үшiн жеке шағын, орта,
үлкен кәсiпорындардың экономикасына араласпай, қайта олардың дамуына
қолайлы жағдай туғызатын экономикалық механизмдердi пайдалану. Қазақстанда
донор облыстармен бiрге өздерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуларына
байланысты республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар да аз емес.
Олардың бүгiнде әл-ауқаты өзiн-өзi қамтамасыз етуге толыққанды жеттi деп
айта алмаймыз. Республикалық бюджеттен субвенция алатын облыстар жылдан
жылға көбеймесе, азайып отырған жоқ. Оны кестеден көре аламыз.
Кесте 1
2003-2006 жылдар аралығында республикалық бюджеттен бөлiнген субвенция
құрылымы
Облыстар Жылдар
2003 2004 2005 2006
мың.тг.
Төменгі деңгей (ауыл Коммуналдық шаруашылық, мәдениет мекемелері, жер
және шағын қалалар) мен суды пайдалану, жылумен жабдықтау,
абаттандыру және көгалдандыру мәселелері.
Орташа деңгей (аудандарТұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мектепке
мен облыстық маңызы бардейінгі және жалпы орта білім беру, алғашқы
қалалар) медициналық-санитарлық көмек, жалпы бағдардағы
емханалар мен ауруханалар, қоғамдық тәртіпті
сақтау, жергілікті маңызы бар жолдар, құрылысты
жоспарлау, жергілікті тұрғын үй салу және күтіп
ұстау, коммуналдық қызметтерге арналған
тарифтерді реттеу.
Жоғарғы деңгей Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, коммуналдық
(облыстар мен қызмет көрсетулерге арналған тарифтерді реттеу,
республикалық маңызы құрылысты жоспарлау, муниципалдық тұрғын үй
бар қалалар) (қалалар үшін) салу, құрылысын жүргізу және күтіп
ұстау, арнаулы орта білім беру, облыстық маңызы
бар жалпы бағдардағы ауруханалар, індеттерге
қарсы қызметтер, атаулы әлеуметтік көмек, халықты
жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету, қоғамдық
тәртіпті сақтау, облыстық маңызы бар жолдарды
салу, күтіп ұстау және жөндеу, облыс шегіндегі
халыққа көліктік қызмет көрсету, өрт
қауіпсізідігн қамтамасыз ету, облыстық деңгейдегі
төтенше жағдайларды жою, ауыл шаруашылығы
мәселелері, қоршаған ортаны қорғау, қызметтің
белгілі бір түрімен шұғылдануға лицензиялар беру,
шағын және орта бизнесті қолдау, шетел
инвестоорларымен келісімшарт әзірлеуге қатысу
және олардың орындалуын бақылау, кең таралған
пайдалы қазбаларды пайдалануды басқару, аудандар
мен қалаларға қаржылық көмек көрсету.
2.3. Жергiлiктi атқарушы органдар құрылымы
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қоғамдық өмірдегі орнын,
мемлекеттік жүйеден ерекшелігін және басқа ғылымдармен байланысын көрсету
мақсатында төмендегі схемаларды ұсынамыз. Жергілікті мемлекеттік басқаруды
тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік және атқарушы
органдар жүзеге асырады.
Жергілікті атқарушы орган (әкімият)-облыстың (республиклық маңызы бар
қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі
басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган:
Схема 2. Жергілікті атқарушы органдардың жүйесі.
Жергілікті атқарушы органдары келесі мәселелерді қарастырады:
-аумақты дамыту жоспарларын, экономикасын жергілікті атқарушы
органдардың және әлеуметтік бағдарламалрын, жергілікті басшыларын қызметке
тағайындау бюджетті әзірлеу және қызметтен босату, жергілікті қамтамасыз
ету.
-жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және
қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелерді шешу.
-коммуналдық меншікті басқару.
-жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай республика заңдарымен
жергілікті атқару органдарға жүктелетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Мемлекеттік биліктің жергілікті өкілдікті органдарының жүйесі –
жергілікті өкілдікті орган-мәслихат.
Жергілікті өкілдікті органдар-мәслихатар-тиісті әкімшілік-аумақтық
бөліністегу халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекетітк мүдделері
ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың
жүзеге асырылуын бақылайды.
Жергілікті өкілді орган (мәслихат)-облыстың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы
сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және
олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихаттарды жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде
жасырыну дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге халық сайлайды.
Мәслихат келесі мәселелерді қарастырды:
-Аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік
бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылу туралы есептерді
бекіту;
-Өздерінің қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік-аумақтық құрылыс
мәселелерін шешу;
-Заңмен мәслихат құзырына жатқызылған мәселелер бйоынша жергілікті
атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау;
-Мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру,
олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға
байланысты өзге де мәселелерді шешу;
-Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілетітктерді жүзеге асыру.
Жергілікті мемлекетітк басқару объектісіне жергілікті өкілетті
органдар, облыс, аудан маслихаттар, облыстық, аудандық, қалалық атқарушы
органдар, қалалық және селолық әкімияттар жатады.
Маслихат депутаттары жасырын дауыспен 4 жылға сайланады. Маслихат
депутаттарының сандарын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
анықтайды.
Облыс маслихаты 50 депутатқа дейін, қала 30, аудандық 36 маслихат
депутаттарының саны белгіленген.
2001 жылы қаңтар айында Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы заң қабылданды. Бұл заң бойынша жергілікті мемлекетітк
бақаруға мынандай анықтама берілді.
Жергілікті мемлекеттік басқару заң және заң актілері шеңберінде
территорияда мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында жергілікті өкілетті
және атқарушы органдардың іс-әрекеттері болып табылады.
Әкім Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі болып
табылады және тиісті территорияда әлеуметтік-экономикалық жағдайы дамытуға
және мемлекетітк саясатты жүргізуге жауапты.
Жергілікті өкілетті органдар (мәслихаттар) облыс пен аудандардың
депутаттарынан тұрады. Бұлар Қазақстан Республикасы заңына сай жергіілкті
жерлерде шешімдерді қабылдайды, оны жүзеге асырады және бақылайды. Сонымен
қатар, заң атқарушы және өкілетті органдардың негізгі міндеттерін,
талаптарын және шектеулерін анықтайды.
Мәслихаттар мен әкімшіліктер инвестиция, қаржы және жалпы мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатына қайшы келетін шешімдерді қабылдамауға,
мемлекеттік стандартты сақтай отырып, ұлттық тұрақтылықты сақтауға және
азаматардың құқықтарын сақтауға міндетті.
Мәслихаттар мен әкімшіліктердің тиісті территорияны дамыту мақсатында
жасаған жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарымен
сәйкес болуы керек. Қазақстан Республикасы Астанасы статусы туралы және
Алматы қаласының арнайы статусы туралы заңдары бойынша осы қалалардағы
жергілікті атқарушы органдарына қосымша құқық берілген.
Жергілікті жерлердегі халықтар тиісті аймақтарда шешім қабылдау
процесіне өздерінің сайлаған маслихат депуттары арқылы қатыса алады.
Қазақстан Республикасы азаматының барлық деңгейдегі өкілетті
органдарға сайлануға және сайлауға құқығы бар және 18 жасқа толған азамат
осы құқыққа ие болады.
Жасы жиырмаға толған азамат мәслихат депутаты болуға толық құқығы бар
және бiр ғана маслихаттың депутаты бола алады.
Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттiк басқару iсiне тiкелей
болмаса да жекелей немесе коллективтi түрде мемлекеттiк органдарға барып
ұсыныстарын бiлдiре алады.
Жергiлiктi халық өздерiнiң атқарушы орган басышысына (әкiмге)
жергiлiктi өкiлеттi орган арқылы сенiмсiздiк бiлдiре алады. Бiрақ бұл
практикада кездеспеген және Қазақстанда мұндай жағдай болған емес.
Азаматтардың ролi негiзiнде шешiм қабылдау процесiнде сайлау
науқанында жүредi. Шешiм қабылдау процесiне халықтың ұсынысының қатысуы
1999 жылы Павлодарда алғаш рет жүзеге асты.
Заң бойынша ассоциация құру туралы ешқандай да қарастырылмаған. Бiрақ
Алматы мен Астана қалаларының мәслихат секретарлары координациялық кеңес
құрды. Алайда, бұл кеңес мемлекеттiк тiркеуден өте алмады.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты болғандықтан Қазақстан Халықтар
Ассамблеясы құрылған және олардың облыстарда да бөлiмшерi бар. Сонымен
қатар, республика деңгейiнде 40 жуық мәдени орталықтар құрылған.
Әкiмият пен әкiмнiң қабылдаған актiлерi әкiмшiлiк және территориялық
аймақтарда заңды күштерге ие болады.
Әкiмият пен әкiмдердiң азаматтардың мiндеттерi, бостандығы және құқығы
туралы актiлердi периодты басуға немесе газеттерде жариялауға мiндеттi.
Әкiмияттар жалпы ортақ маңыздылыққа ие, ведомствоаралық характер немесе
азаматтардың мiндеттерi, бостандығы және құқықтарын бiлетiн актiлер
Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң территориялық органдарында
тiркеледi.
Әкiмият пен әкiмдердiң актiлерi iс-әрекеттерiн Қазақстан Республикасы
Президентi, Үкiметi, Жоғарғы әкiмият пен әкiмдер немесе өздерiнiң қалауы,
сонымен қатар соттың шешiмiмен өзгертедi немесе жұмысын тоқтатады.
Облыстық мәслихат хатшыларының жиналысында Әдiлет Министрлiгi аудандық
деңгейде қабылданған шешiмдердiң 15-20 пайызы тiркелмейдi. Тiркеуге бармай
жатып керi қайтарылып жатқан актiлердi де көруге болады. Тағы басқа
мәселелердiң мемлекеттiк бюджетке қаншалықты күш салып жатқандығын атап
айтты.
Үкiмет конституциялық құқығы негiзiнде заңның орындалуын қадағалауды
жүзеге асырады. Атқарушы органдар тiкелей сызықтық құрылымға жатқандықтан
бақылау жоғарыдан төменге қарай жүредi. Ал мәслихаттар тiкелей бағыныштылық
құрылыммен байланысты емес.
Президенттiк бақылауды президенттiң өзi және оның әкiмшiлiгi
жүргiзедi. Президент премьер-министрдiң ұсынысы бойынша облыстардың, Алматы
және Астана қалаларының әкiмдерiн сайлайды. Президенттiң әкiмдерге деген
билiгi үкiмет билiгiне қарағанда артықшылығы бар және ол Президенттiң
"әкiмдердi өз ерiктерiне босату" құқығымен бекiтiлген.
Логика бойынша әкiм атқарушы органдар жүйесiнiң бәр бөлiгi болып
табылатын жергiлiктi атқарушы билiгiнiң басшысы болғандықтан өзiнiң iс-
әрекеттерiне үкiмет алдында толық есеп беруге мiндеттi. Бiрақ әкiм
президенттiң бұйрықтарында орындап, оның да алдында есеп беруге мiндеттi.
Президенттiң барлық деңгейдегi әкiмдердi бақылауы мүмкiн емес. Сонымен
қатар, барлық деңгейдегi әкiмдердiң жұмыстарын бақылайтын мемлекеттiк
инспекция құрылған, бiрақ облыстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz