Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау


Тақырыбы:Қоршаған ортаға әсерді бағалау
Орындаған:Шарафатдинов Кайырғали
Группа:КД 21 14
Тексерген:Ахметкеримова. Г. Е
Жоспар;
Кіріспе
1. Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
2. Қоршаған ортаны қорғаудың тарихи кезеңдері
3. Консервативтік табиғи ресурстық кезеңдер
4. Экономикалық мөлшерлеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі - табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық - ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару аса күрделі үрдіс, өйткені мұнда табиғи және қоғамдық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.
1. Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Бақылау әдістерінің ішінде: тура тікелей бақылау, ол техникалық системаларды пайдаланып атмосфераның, гидросфераның, топырақтың ластану факторларын, олардың физикалық, химиялық, биологиялық параметрлерін қадағалау арқылы қоршаған ортаның жағдайын бақылау.
Жанама бақылау заңдық және әкімшілік тетіктерді пайдалану арқылы жузеге асырылады.
Қолдан жүргізілген бақылау - қолда бар қуралдарын пайдалану не болмаса автоматтық режимдегі құралдарды пайдалану арқылы автоматты түрде жузеге асырылады.
Бақылауды сараптау әдісі бойынша бақылау контактық және дистанциялық болып бөлінеді. Дистанциялық сараптаудың контактық сараптау әдісінен айырмасы өқоршаган ортаның жәйін ақпарат алуды тікелей байланыссыз аэрофотосъемкалар және космостық съемкалар арқылы жузеге асырады.
Экологиялық бақлаудың айқынсызығы көп болатындықтан, киын күрделі жағдайларда қоршаган ортаның сапасына тотенше (эксперттік) бағалау пайдалы. Бул күрделі экологиялық жагдайларда өздеріне жауапкершілік алып, шешім қабылдайтын жоғарғы маман-эксперттердің қолындағы жағдай.
Өндірістік бақылау - зиянсыз өнімдер өндірісі ортасының экологиялық қауыпсыздығын сақтау талаптары мен нормаларын реттеу, өндірістің технологиялық режимдері жузеге асырылуын бақылау.
Экономикалық бақылау - қоршаған ортаға зиянсыз таза өндіріску және өнім өндіруге зор баға береді. Зиянды өндіріс пен зиянды өнім өндіруге салық салмағын өсіре тусу қажет.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі - табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, тиімді пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсерлерін шектеу, табиғат байлығын тиімді пайдалануды, қорғауды, өсіруді қамтамасыз ету, табиғат пайдалану ережелерін, талаптарын, нормаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық - ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқару аса күрделі үрдіс, өйткені мұнда табиғи және қоғамдық құбылыстар бір - бірімен тығыз байланысып жатады. Сондықтан кешенді, жүйелі басқаруды талап етеді.
Басқару әдістерінің жүйесін екіге бөлуге болады: әкімшілік және экономикалық. Басқару әдістерін екі жүйеге бөлудің өзі шартты түрде ғана. Іс жүзінде олар бір - бірімен тығыз байланысты. Әсіресе жоғарыда айтылған экология саласындағы еңбектің қоғамдық сипатына байланысты басқарудың барлық әдістері үйлесімді, кешенді қолдануы тиіс, сонда ғана ол нәтижелі болады.
Әкімшілік басқару жүйесі - табиғат қорғау, пайдалану заңдарының, ережелерінің, нормаларының орындалуын ұйымдастыру қадағалау негізінде жүзеге асырылады. Мұнда бір орталықтан басқару, жоспарлау табиғат пайдалану шектерін белгілеуге басым назар аударылады.
Экономикалық жүйеде шаруашылық еркіндікке мүмкіншіліктер беріледі. Табиғат пайдалану нормаларын, ережелерін орындау экономикалық жолмен (ынталандыру, материалдық жауапкершілік) басқарылады.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқаруда қолданылатын тәсілдердің мынадай түрлерін айтуға болады:
Құқықтық - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық актілер қабылдау, басқарушы мекемелердің, лауазымды адамдардың, халықтың және табиғат пайдаланушылардың міндеттерін, құзіретін, құқықтарын белгілеу. Табиғат пайдалану, қорғау туралы әкімшілік актілер қабылдау. Әкімшілік актілер орындалуға міндетті.
Техникалық ұйымдастырушылық - табиғат қорғау және тиімді пайдалану шараларын техника, технологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық - табиғи ортаны қорғауға табиғатты тиімді пайдалануға байланысты шешімдер даярлау, қабылдау және олардың іске асырылуын ұйымдастыру.
Әлеуметтік-психологиялық - жеке адамдармен, ұйымдармен, ұжымдармен, жалпы халықпен табиғат қорғау турасында үгіт - насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларға психологиялық әсер ету.
Экономикалық әдіс - баға, тариф, төлемдер, ынталандыру, қаржы, несие, т. б. экономикалық тетіктер арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаны басқару республикалық және аймақтық негізде басқарылады. Бұл басқару жүйелері келесі негізгі фунцияларды атқаруы тиіс:
· Қоршаған орта жағдайын сараптамалау;
· Әрбір ластаушы зат үшін (қоршаған ортаға қауіпсіз деңгейде) экологгиялық стандарттар енгізу;
· Аралық лимиттерді және оладың мерзімін енгізу;
· Рұқсат етілген шығарындылар мөлшерін белгілеу;
· Әрбір шығарынды зат үшін әрқайсысының бюджетке немесе бюджеттен тыс қорларға түсетін төлем мөлшерін анықтау;
· Қаражат қорларын көзделген мақсат үшін тиімді пайдалану үшін төлем жинау;
· Кәсіпорындар арасында рұқсат етілген лимиттер мен саудаласуда және шығарындыларға мониторинг жүргізу және де олардың рұқсат етілген лимиттермен сәйкестігін тексеруді ұйымдастыру, қабылданған ережелермен жүргізілуін қадағалау.
Қоршаған ортаға әсер етуді басқаруда қолданылатын әдістер: оптимизация, жүйелеу, сараптау әдістері кеңінен қолданылады. Табиғат пайдалануды басқарудың маңызды тетігі - экологиялық сараптама. Табиғат пайдалануға байланысты барлық болжамдар, тұжырымдамалар, жобалар, жоспарлар, нақты шаруашылық және іс- әрекеттер, техника мен технология, өнімдер пайдаланатын шикізат, материалдар, отын - энергия, шығарылатын қалдықтар міндетті түрде Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Ішетін су, тағамдар, дәрі - дәрмек т. б. адамның денсаулығына тікелей әсер ететін өнімдер, процестер санитарлық - экологиялық сараптамадан өтеді. Сараптамалардың негізгі мақсаты табиғатқа адамның денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау.
Табиғат қорғауды, пайдалануды басқару Қазақстан Республикасының заңдарына, үкімет шешімдеріне сәйкес ұйымдастырылады.
2. Қоршаған ортаны қорғаудың тарихи кезеңдері
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану - қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты .
Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы - мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен орта және қоғам, табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Табиғат-санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз-құлықтылық қызмет.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде - табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану - материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау - қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек.
Міне тек осы жерде ғана табиғатты дамыту (жақсарту ) туралы, экологиялық заңдарды сақтауға аса назар аудару керек. Әлеуметтік экологияға, оның құрамдас бөлігі ретінде құқықтық экология кіреді. Құқықтық экология деп - қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан туындайтын қоғамдық (экологиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын айтамыз. Құқықтық экологияның анықталуының бірі болып, экология құқығы танылады. Экология құқығы - бұл қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауға байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасын анықтайтын қоғамдық (эколгиялық) қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы .
Экология құқығы, құқық саласы ретінде біздің ортақ үйіміз -жерде өмір сүретін адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланыстарға жету мақсатында экологиялық қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын арнайы тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалардың жүйесін құрайды .
Табиғат қорғау саласында басқарудың негізгі ұстанымдарының бірі қабылданатын шешімдердің іс - әрекеттің алдын алу сипатында болуы. Өйткені табиғи ортаға келтірілген зиянды жоюдан гөрі оны болдырмау әлдеқайда тиімді. Сондықтан басқарудың ең негізгі әдісі болжамдар, бағдарламалар, жоспарлау және жобалау. Алғаш ұзақ мерзімдік болжамдар, тұжырымдар, бағдарламалар жасалады, содан кейін олардың негізінде ұзақ қысқа мерзімдік жоспарлар бекітіледі. Солармен қоса, ғылыми - техникалық болжамдар, тұжырымдамалар, жоспарлар әзірленеді.
Қоршаған ортаны басқару негізгі үш жүйе бойынша қалыптасады:
1) басқару жүйесі;
2) ірі ресурспен қамтамасыз ету;
3) түсіністік.
1. Елдің экономикасы үшін табиғи ресурстардың маңызы өте зор болғандықтан табиғат байлығын пайдаланумен қатар табиғат қорғау іс - шараларын басқару, елдің қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етеді.
2. Сұраныс және ұсыныс құраламы белгілі бір тепе- теңдікке, табиғи ресурстарға баға беріп және өндірістің тоқтап қалмауын ескеру қажет.
3. Экологиялық және экономикалық жоспарлы саясатты жүзеге асырғанда күйзелістен шығып, тұрақты дамуға көшу экономиканың және өркениеттің дамуын тұтастай қарап, қоғамның құндылықтар жүйесінің және дүниеге көзқарастың өзгеруі нәтижесінде жүзеге асатындығын ескеру керек.
3. Консервативтік табиғи ресурстық кезеңдер
Экологиялық басқару қоршаған орта жағдайының нашарлауы салдарына қатысты ғана енгізілген жоқ, сонымен қатар қазіргі кезеңдегі ғылыми - техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған өнеркәсіп орындарының (биотехнология және ядролық технология) заңды түрде дамуына байланысты және басқару жүйесінде талаптардың ұлғаюына байланысты қалыптасты. Сонымен қатар кәсіпорынның өңірлік орналасуы, жаңа технологияның дамуына қатысты өндірістік қуаттың артуы салдарынан және де өндіріс әсерінің ушығуы, тек өңірлік табиғатқа ғана емес, жалпы әлемдік кеңістікке тигізер әсерінен әлемдік экономикада қауіпті қалдықтар өндіруші елдерге бөліну салдарынан қоршаған ортаны басқару жүйесі енгізілді.
Табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізуде басқару жүйесі қоршаған ортаның өзгеруін және онның құрамына кіретін ресурстардың адам өз қажеттілігіне жаратудағы тұтынысын және ұлттық экономиканы дамытуда алға қойған мақсаттарды шешуде, тұрақты даму концепцияларын жүзеге асыруда мүмкіндік беретін әдіс және іс -шаралар жүргізетін ұйым ретінде қарастыруға болады.
Қоршаған ортаны басқаруда - қоғамның өмір сүру жағдайын сақтауда бағдарламаны жасау және жүйелі түрде оны іске асыру, сонымен қатар тұрғындарға және тұтынушыларға олардың сұрауы бойынша экологиялық ақпарат беру жүйесін қалыптастыру
Қоршаған ортаны басқарудың қағидалары
1. Экологиялық таным қағидасы. Бұл экологиялық басқару процесінде мақсатқа жету барысында, озу мақсатында жасақталып дамуы қажет.
2. Іс -әрекетің экологиялық мотивация қағидасы. Оның іс-әрекеті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мотивациялық құралдарды қолдану. Тәжірибе бойынша әкімшілік және қарулы күштер басқармасын қолдану тиімсіз.
3. Мамандану қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты басқарушының экология саласындағы білімін пайдалану арқылы арнайы жобаларды дайындау.
4. Озу қағидасы. Көптеген экологиялық проблемалардың алдын алу оңайға соқпайды. Экологиялық басқарудың барлық механизмі дағдарыстан, төтенше жағдайдан бұрын іске асырылуы қажет.
5. Мақсатқа жету және стратегия қағидасы. Экологиыялық басқару егер нақты стратегиясы болмаса және алға қойған мақсаты болжанылмаса, онда ол тиімсіз болып табылады.
6. Алдын алу қағидасы. Экологиялық проблемалар байланыстарын көрсететін, тіке және жанама әсер салдарын есептеу және шешім табу. Проблеманы шешуде және басқару шешімін табуда оның іс -әркет салдарын есептеуде экологиялы-экономикалық тұрғыдан қарау керек.
7. Жауапкершілік қағидасы. Экологиялық басқарудың әр-түрлі факторларға байланысты туындайтын проблемаларына жауапкершілікпен қарау. Қоршаған ортаны басқару қағидасының механизмі 1-2- суретте көрсетілген.
4. Экологиялық мөлшерлеу
Барлық табиғатты қорғау ісшараларының негізі қоршаған орта сапасын мөлшерлеу болып табылады. Қоршаған орта сапасын мөлшерлеу аданың өмір сүруі үшін қоршаған ортаның тарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу. Экологиялық нормативтерді сақтау арқылы адамдардың экологиялық қауіпсіздігін; адам, жануарлар мен өсімдіктер генофондын сақтауды; тұрақты даму жағдайында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Мөлшерлеу және стандартазациялау - адам қоғамы қызметінің көпжоспарлы саласын реттеуінің маңызды құралы - өндірістен әлеуметтік-тұрмысқа дейін. Дәстүрлі түрде, мөлшерлер адамдар мен оларды қоршайтын қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін пайдаланылады.
Қазіргі түсінікке сәйкес, экологиялық мөлшерлеу (ЭМ) қоршаған ортаға әсер ететін шектеу қойылған қалыптарды бекітуге бағытталған ғылыми, құқықтық, әкімшілік және басқа да қызметті білдіреді, оларды сақтаған жағдайда экожүйелердің дағдарысы болмайды, биологиялық әртүрліліктің сақтап қалынуы және халықтың экологиялық қауіпсіздігі кепілденеді. ЭМ экологиялық регламенттер және экожүйелерге, осы жүйелердің қалыпты қызмет етуін сақтап қалатын антропогенді әсер мөлшерлерін әзірлеуге бағытталған. ЭМ мақсаты - экожүйелердің құрылымыдық-функционалды өзгерістері байқалмайтын антропогенді әсерлерді регламенттеу.
Экологиялық мөлшерлер қоғамда тек қана қоршаған табиғат орта объектілеріне әсерлерін бақылау және басқару функцияларын атқарып қоймайды. Қоғамдық экологиялық санасын жоғарылату, әр түрлі экологиялық қозғалыстарды белсендірту үрдісінде, адамның салауатты қоршаған ортаға деген құқығын сақтауға экологиялық мөлшерлер құқықтық кепіл болады.
Экологиялық мөлшерлеудің тиімділігі мыналармен қамтамасыз етіледі:
·Қалыптардың ғылым мен техниканың, халықаралық стандарттардың қазіргі деңгейіне сәйкестігімен;
·Әділдігімен және заңдылығымен, өйткені әзірлеу де, бекіту де мемлекеттің арнайы өкілетті органдарымен жүзеге асырылады;
·Барлық шаруашылық субъектілермен орындаудың міндеттілігімен және оларды орындамағаны үшін ұйымдардың және азаматтардың жауапкершілігімен.
Экологиялық мөлшерлеу негізінде келесі ұстанымдар жатыр:
·Мақсаттар (қоғамның ұзақмерзімдік қызығушылықтарының жеке қызығушылықтардан, әлемдік және аймақтық салдардың жергіліктен басымдылығы, т. б. ) ;
· Озықтар (қалыптарды әзірлеу бойынша зерттеулер жоспарланатын әсерлердің бастамасының алдында болу керек) ;
· Шектемдер (әсерлердің критикалық мәндерін орнату, олардың жоғарыламауы экологиялық қауіпсіздікті кепіл етеді) ;
· «Әлсіз бөлім» (қалып ең сезімтал бөлікті қорғау керек) ;
«джиу-джитсу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz