Республиканың солтүстігі ғана ашық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Судың ластану көздері және су
қорларын дұрыс пайдалану.

Тексерген:Бижанова.Г
Орындағандар:Бекжан.Қ
Баянтурлина.А
Бекарыстанова.А
ТММП 21-11

Алматы 2023

Жоспар:
Кіріспе

Негізгі бөлім:
1.Су ресурстарының экологиялық жағдайы.
1.1.Судың маңыздылығы.
1.2.Су ресурстарын пайдалану.
2.Табиғи сулардың ластану көздері.
2.1су қорларын дұрыс пайдалану және қорғау ұйымдары .

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Адам өмірінде судың орны бөлек. Сусыз өмір жоқ, су - тіршілік көзі. Су -- сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылыс. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су -- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.
Су- табиғатта ең кең тараған зат.Ол жердің барлық жерінде кездеседі.Ғарыш көгінен қарағанда Жер көгілдір болып көрінеді, өйткені су ғаламшар бетінің үштен екі бөлігін алып жатыр.Суды аялай білу керек, өйткені ол- нағыз қазына байлығымыз, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.Ол жер бетінде кездесетін барлық тіршілік иелері үшін аса қажет.Онсыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.Ғаламшарымыз әрқашан көгілдір болып қалуы үшін өзен-суларға,бұлақтар мен көлдерге қамқорлық керек.Бұған ормандар сенімді көмекшілер болып табылады.Олар міндетті түрде өзендер мен көлдердің жағасында өсу тиіс, өйткені ағаштар су туғандарын толықтыратын топырақ астындағы ылғалдылықты сақтайды және жинақтайды.Суды қорғау өмір мен денсаулықты, қоршаған ортаның әдемілігі мен байлығын қорғау деп бекер айтылмайды.
Негізгі бөлім:
1.Су ресурстарының экологиялық жағдайы.
Орта Азия мен Қазақстан жерлері суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан кейін оның орнында қазақ жерінде үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.
Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын өзендері көп.
Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі алқаптарды қолдан суғарып игеруге кіріскеннен кейін сырттай келетін су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы құрғақ шөл даланың ортасында ірі көлдердің бірі -- Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың шаршы километр. Бұл көлдің халық шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл аркылы республикамызда таукен металлургия өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген бақылау көл суының минералдануының аса өзгермегенін көрсетті.
Арал теңізі -- ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар бір миллионға дейін ондатр терісін алып тұрған.
Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар аударып отыр. Соңғы 10 -- 15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен Амудариядан су көп мөлшерде кеміді. Бұрын, суармалы егістік дамымай тұрғанда Амудария мен Сырдария Аралға орташа есеппен жылына 62 текше километр су беріп тұратын болса, 1974 жылдан бері Сырдария суы Аралға құймайды, түгелдей жол-жөнекей шаруашылықтарға бұрылып алынады. Ал Амудария құятын судың 75 проценті кеміді, 1975 -- 1978 жылдары Аралға бар болғаны 12 текше километр су берді.
Сырдария мен Амудария алқабында барлығы 5,5 миллион гектар суармалы егістік бар, бұл мөлшерді 8 -- 9 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Кейбір зерттеулер бойынша суармалы егістікке жарайтын жер көлемі 16 миллион гектарға жетеді. Су тек суармалы жерге жұмсалып қана қоймай, басқа жолдармен де көп ысырап болады. Күріш және мақта плантацияларында пайдаланылған сулар ойпаттарға ағады да, көп бөлігі топыраққа сіңіп, қалғаны буланып жоқ болады. Мысалы, аса ірі
Арнасай және Сарықамыс ойпаттарына жылына 7 -- 8 текше километр су құйылып қайтпастан жоғалады. Осының бәрі Арал теңізінің таяздауына әкеп соқты. 1960 жылдан бері жылма-жыл таяздаудан теңіз деңгейі7 метртөмен түсті, теңіздің көлемі 14 мың шаршы километрге кеміді. Теңіздің кеуіп қалған бөлігі су басып жаткан белігінің көлемімен теңесті. Теңіз суының тұздылығы да көп артты Теңіз бен өзендерде болып жатқан мұндай құбылыстар балықтардың көбеюіне де кесірін тигізеді. Ауланатын балық көлемі де күрт төмендеді. Мысалы, 1963 жылы 480 мың центнер балық ауланған болса, 1978 -- 1979 жылдары бар болғаны 40 -- 50 мың центнер ауланды. Ондатр аулау мүлде тоқталды.
Республикамызда бүгінгі күні 2174 үлкенді-кішілі өзеннен жылына 120 миллиард текше метр су ағады. Бұлар суын 65 оңаша алқаптарға құйып жатады. Мұның ішінде Ертіс, Сыр, Жайық т.б. Республика халқының жан басына шақсақ, күніне әр адамға 20 литрден келеді. Бұл өте көп мөлшер. Алайда осының бәрі колда болғанда республикада су мәселесі бүгінгідей алаңдатпас еді. Өйткені дүние жүзінде суға ең бай деген Нью-Уорк қаласының әр тұрғынына бір тәулікте келетін судан үш еседен де асады екен. Ал, көріп жүргеніміз кері құбылыс, себебі, даламыз шөлейт аймаққа жатады. Халқымыздың жан басына тәулігіне 100 -- 120 литрден артық су келмейді (бір техника мұқтажына, тұрмыс қажетін өтеуге, егістікті суландыруға, қалаларды көгалдандыруға және ішуге арналған судың бәрі осы санның ішінде). Енді, соншама судың басым белігі қайда кетті? деген сұрақ туады.
Мұның мынадай себептері бар. Картаға қарасақ ұлаң-ғайыр қазақ даласының оңтүстік-шығысы, батысы таумен қоршалып жатыр. Ол жақтардан ылғалды ауа өтпейді. Республиканың солтүстігі ғана ашық. Көкшетау облысынан басталатын мидай жазықтың бір шеті Мұзды мұхитқа барып бірақ тіреледі. Ол мұхиттан шығып қазақ даласына үш-ақ күнде жететін ауаның ылғалы аз. Басқа жақтардан там-тұмдап келетін ауа да ылғалсыз. Ол жазда аңызақ түрінде келіп оған күн қызуы қосылып, жердегі артық суды буландырып жібереді. Бұл республикамызда су қорының азаюының бір себебі. Екінші себебі республика жерінен өтетін негізгі өзендердің ішінде Ертіс, Есіл, Тобыл Мұзды мұхитқа кететіндігінде; үшінші себебі -- Сыр, Іле, Тентек, Ақсу, Қаратал, Нұра техникалық мұқтажды, не ауызсулық мұқтажды өтей алмайтын Каспий, Арал, Балқаш, Қорғалжын сияқты тұзды айдындарға құйылып жатуында; төртінші және ең негізгі себептердің бірі -- әлгі айтқан өзен суларының шаруашылық мақсатта көп бөгеліп, қайрылмастан жоқ болуында. Осыдан келіп республикамыздың жылдық су қорын адам баласына шаққанда жиырма бөлігінің бір бөлігі ғана тиеді.
Бүгінгі күні республикамызды сумен қамтамасыз етумен бірге Арал, Балқаш, Каспий сияқты ірі су айдындарын құрып кетуден сақтап қалу проблемасы тұр.
Республика далаларын су мұқтаждығынан құтқару мақсатында айтарлықтай жұмыстар істелді. Қазақстан картасына сыйымдылығы миллиардтаған текше метр су жиналатын және ГЭС-і бар Шардара, Қапшағай су тораптары, Сырдария бойында Қазалы торабы, Бөген, Бадам, Тасөткел қоймалары мен Ертіс -- Қарағанды каналы пайдалануға беріліп, жүздеген мың гектардан астам қолдан суарылатын жер игерілді. Ол жерлерде пайда болған мыңдаған жаңа шаруашылықтар қыруар пайда беріп отыр.
Алайда мұның бәрі ірі су айдындарының күннен-күнге тартылуына себепші болып отыр. Сондықтан жерді суландыру мәселесін қоймалар жасау арқылы шеше отырып, су қорын қорғауды да естен шығаруға болмайды. Каспий, Арал, Балқаш сияқты табиғи айдындарды да жоғалтып алмау керек.
Алайда жер асты суын көп пайдаланатын жерлерде бос воронкалар пайда болып, оларға бактериялар, кейбір химиялық элементтер еніп кететіндігі анықталды. Бұл табиғат қорғаудың ережелерін бұлжытпай сақтауды талап етеді.
Су қорына аса қауіп-қатер туғызатындар: мұнай, пестицидтер, түсті металдардың, күрделі химиялық қосылыстары. Әсіресе, оның құрамында әртурлі зиянды заттар көп. Өнеркәсіптік өндіріс орындарымен қатар ауыл шаруашылығы өндіріс орындарының су қорына тигізетін әсері де молшылық. Ал лас суларды ауыл шаруашылығына пайдаланудыңда зияны өте көп. Мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын ластаған сулармен суару, біріншіден олардың шығымдылығы өте төмен, ал екіншіден адам денсаулығына қауіпті болады. Сонымен қатар топырақтың тұздылығы көтеріледі, топыраққа биохимиялық процестердің жүруі төмендейді. Сулардың ластануы әсіресе балық қорына тікелей зиян келтіреді.
Соңғы кездерде республикада суды ластандырудан қорғауды күшейтуге байланысты біршама маңызды шаралар қабылданды. Еліміздің көптеген ірі қалаларында ірі-ірі су тазалайтын құрылыстар салынады. өнеркәсіп салаларында суларды екінші қайтара пайдалану жұмыстарына көңіл бөліне бастады және өнеркәсіп мұқтаждарын қанағаттандыру үшін таза суларды жұмсау азайды. Алайда бұл мәселелер жөнінде кемшілік баршылық. Сондықтанда тұщы ауыз суларды таза ұстау, оларды ластамау, орынды пайдалану, үнемдеп жұмсау жұмыстары бүкіл халықтық көкейтесті мәселеге, актуалды проблемаға айналып отыр.
Су байлықтарын сақтау- бүкілхалықтың іс екенін ұмытпауымыз керек. Себебі, су бірінші қажеттілік және біздің таптырмайтын байлығымыз. Осыған орай су ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар іс-шаралар, қаулы-қараларда қабылданды. Су ресурстарын пайдалану және оларды қорғаудағы заңды құжаттардың бірі- ол 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған Су кодексі. мұндағы көрсетілген Қазақстан Республикасындағы су заңдарының міндеттері- халықтың, экономика салаларының суды ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету, су ресурстарын ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғау, судың зиянды ықпалын болдырмау және оны жою мақсатында су қатынастарын реттеп отыру, су қатынастары саласындағы заңдылықты нығайту болып табылады.

1.1.Судың маңыздылығы.
Судың адам өміріне маңызы. Су -- жақсы энергия ақпараттық сақтаушыларының бiрi. Ол адам бойындағы энергияны өзіне сіңріп алатындығы ғылыммен дәлелденді.
Барлық малдар және өсiмдiтер, жанды заттар заттар сулардан тұрады: малдар -- 75%ке, балық -- 75%ке, медуза -- 99%ке, картоп -- 76%ке, алмалар -- 85%ке, қызанақтар -- 90%ке, қиярлар -- 95%ке, қарбыздар -- 96%ке.
Адам организм 86%сдуан тұрады. Су мөлшерi әр түрлi мүшеде, әр түрлі көлеиде болады:
бауыр -- 69%ке дейiн бұлшық еттер -- 70%ке дейiн ми -- 75%ке дейiн бүйректер -- 82%ке дейiн қан -- 85%ке дейiн. 85% барлық аурулардың әлемiнде сумен берiледi. Жыл сайын 25 миллион адам сумен тараланатын аурулардан өледі. Адам күнделікті өмірде суды пайдаланады. Ол iшу және азық үшiн оны қолданады, жуыну үшiн, қыстыгүнi -- жылыту үшiн.Бiз судан 80%ке тұрамыз. Су -- бiздiң дене құрастырылған бас материал.
Су адам үшiн алмастырылмайтын, темiр, газ, көмiр, мұнайға қарағанда бағалырақ жаратылыс байлығы болып табылады,
Адам организмдағы судың пайдалылығы:
-Энергия айналымын өзгертуге көмектеседі.
-организмға нәрлi затты сiңiруге көмектеседi.
-тыныс үшiн оттектi тасымалдайды
-дене ыстығын реттейдi.
-зат алмасуда қатысады.
-тiршiлiк маңызды органдарды қорғайды.
-буындар жазады.
-организмнен әр түрлi қалдықтарды шығарады.
Өсімдіктер тіршілігіндегі су.
Су -- өсімдіктер жасушасының маңызды бөлігі. Ол топырақтағы минералды тұздардың еруіне, тургор қысымына жағдай туғызады. Фотосинтез және булану процестеріне қатысады. Көптеген өсімдіктер үшін су -- тұрақты тіршілік ету ортасы.
Су өсімдіктерге, ең алдымен, топырақ арқылы әсер етеді, сондықтан топырақ ылғалдылығының маңызы зор. Су өсімдіктің сыртқы пішінінің қалыптасуына да үлкен әсер етеді.
Жануарлар тіршілігіндегі су.
Жануарлар суды ішу арқылы немесе шырынды азықпен қоректену арқылы және органикалық заттардың тотығуы есебінен алады. Кейбір жануарлар суды тері жабыны арқылы ылғалды төсеміктен (субстраттан) немесе ауадан сіңіреді. Мысалы, ұн қарақоңызының, шыртылдақ қоңыздың дернәсілдері. Дегенмен де жануарлар қысқа мерзімді судың болмауына төзе алады, бірақ жұмсалған су организмге судың түсуімен орнына келуі керек. Аштыққа қарағанда организмнің сусыздануы қайғылы жағдайға душар етеді. Ірі сүтқоректілер суды ішу арқылы алатын болғандықтан, суаттардың бар-жоқтығына тәуелді, сондықтан суқоймаларына жақын жерлерге орын ауыстырады (миграция) және олардаң алыс тіршілік ете алмайды.
Көптеген құстар ішетін суды қажет етеді. Қарлығаштар, ұзынқанат қарлығаштар судың бетіне жанаса ұшып су ішеді. Шөлдегі бұлдырықтар үлкен қашықтықтағы суаттарға ұшып барып, балапандарына су әкеледі. Бұл кезде олар суды қауырсындарына сіңіреді, ал балапандары тұмсықтарымен ісінген қауырсынды сығады.
1.2.Су ресурстарын пайдалану.
ХХІ ғасырдағы жаһандық сын-қатерлердің, күрделену бағытына қарай бет алған мәселелердің бірі - су тапшылығы. Бүгінде әлемдік су ресурстары қатты қысым көріп отыр. Соңғы 60 жылда Жер шарында ауыз суды пайдалану 8 есе өскен. Демек, осы жүзжылдықтың ортасына қарай көп ел суды сырттан алдыруға мәжбүр болуы мүмкін. Сарапшылардың пайымынша, келешекте, дәлірек айтқанда, әрбір он жылда шартты сценарий бойынша әлемдегі су пайдалану үдерісі 10-12 пайызға өсіп, 2025-2030 жылдарға қарай 1995 жылмен салыстырғанда, 1,4 есеге артады, ал Қазақстанда су ресурстары 2030 жылға қарай 21 пайызға азаяды. Азаю үдерісі, негізінен, трансшекаралық өзендер есебінен болады, яғни көршілес елдерден келетін су көлемі 60 пайыздан астам мөлшерге кемиді. Себебі бүгінгі таңда көрші мемлекеттер өздерінің экономика салаларын дамыту үшін су ресурстарын пайдалану көрсеткіштерін арттырып келеді.
Бұған қоса, ғаламдағы климаттық үдерістердің өзгеруі, күн райының жылынуы, мұздықтардың еруі және тағы басқа да көптеген климаттық ауытқулар да су ресурстарына кері әсерін тигізіп отырғаны анық. Бұған еліміздегі суы аз жылдар циклінің ұзаруын да мысалға келтіруге болады. Сондықтан су ресурстарын үнемді пайдалану уақыт өткен сайын өзекті бола түсуде.
Қазақстан - географиялық жағдайына байланысты барлық ірі өзендердің төменгі сағасында орналасқан мемлекет. Ендеше, еліміздегі су ресурстарының жетіспеуін, ең алдымен, осы трансшекаралық өзендер ағыстарының азаюымен байланыстыра қарауға болады. Өзендердің түгелге жуығы - Ертіс, Еміл, Іле, Шу, Талас, Сырдария, Жайық, Тобыл шет елдерде басталып, су ресурстарының жартысына жуығы
елімізден тысқары жерде қалыптасады. Әр түрлі есептеулер бойынша, біздегі 100-ден аса текше шақырым судың 50 пайызы шет елден келеді. Ал жыл сайын көршілес мемлекеттер халқының саны ғана емес, экономикасы да өсетіні аян. Осы орайда кейбір сарапшылар 2030-2050 жылдары судың бағасы алтын мен мұнайдан да қымбат болады деген болжам айтуда. Мәселен, көрші елдер өз экономикасын дамыту мақсатында су ресурстарын қарқынды пайдаланып келеді, демек, болашақта бұл үдерістің арта түсуі заңды құбылысқа айналары хақ. Сондықтан бізге келетін су мөлшері де, сәйкесінше, кеми түседі.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрайымы Зульфия Сүлейменованың айтуынша, өзен ағысының көпжылдық динамикасы жергілікті және трансшекаралық ағындардың азаюы есебінен елімізде су ресурстарының кемігенін көрсетіп отыр. Егер 2000 жылдары орташа көп жылдық өзен ағыны 120 шекше шақырым болса, қазіргі уақытта ол шамамен 102 текше шақырымды құрайды екен. Бұл климаттың өзгеруіне және антропогендік факторларға байланысты болып отыр. Соңғы жарты ғасырда температураның көтерілуіне байланысты мұздықтардың еруі байқалады. 2030 жылға қарай өзен ағынының 99,4 текше шақырымға дейін және басқа да су нысандарының одан әрі қысқаруы болжанып отыр. Қазіргі кезеңнің өзінде 17 текше шақырымнан астам су ресурстарының жетіспеушілігі байқалады, ол су экожүйелерінің қажеттіліктері есебінен мәжбүрлі түрде жабылады, - дейді.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл бағытта және өз құзыреті шеңберінде Жасыл Қазақстан ұлттық жобасы аясында ағынды суларды аккумуляциялау, яғни жинақтау мақсатында еліміздің территориясында 9 су қоймасын салуды көздеп отыр. Сонымен қатар өндіріске алынатын таза судың көлемін 2025 жылға дейін 1,3 текше шақырымға дейін қысқарту және ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудағы су шығындарының көрсеткішін 4 текше шақырымға азайту, су нысандарының экожүйелерін сақтау және т.б. жоспарлануда.
Еліміздегі өзен су қорының жартысы сырттан, көршілес елдерден ағып келетіндіктен, министрлік тарапынан осы елдермен су бөлісуге бағытталған келіссөздерге айрықша мән беріледі. Қазақстан Республикасында негізгі 8 өзен бассейні бар. Олардың ішінде 7 өзен бассейні - трансшекаралық. Сондықтан су ағынының азаюы мен көбеюі сыртқы елдердің су жіберулеріне тәуелді екені айқын. Сонымен қатар соңғы жылдары Қазақстан Республикасы территориясында суы аз жылдар циклінің өтуі байқалуда. Әрбір трансшекаралық өзен бойында су деңгейін және шығынын қадағалайтын гидробекеттер бар. Оған жыл сайынғы жауын-шашынның мөлшері, қар жамылғысының қалыңдығы, топырақтың су сіңіру көрсеткіші, сырт елден ағып келген су мөлшері әсер етеді. Бұл бекеттерде су нысанының көп жылдық орташа су мөлшері белгіленіп отырады. Аталған көп жылдық орташа су мөлшерімен салыстырғанда, соңғы жылдары Жайық, Сырдария, Шу және Талас өзендерінің бассейндеріне судың аз түсуі байқалады, - дейді.
Ол Қазақстан Республикасының сырт елдермен әрбір бассейн бойынша су ресурстарын бірлесіп басқару және қорғау келісімдері бар екеніне тоқтала келе, болашақта су тапшылығын болдырмау мақсатында осы келісімдерге сәйкес, суды әділетті бөлу министрліктің ерекше бақылауында екенін жеткізді.
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары екі ел үкіметтері арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 12 қыркүйектегі келісімімен реттеледі. Дегенмен қазіргі уақытта ҚХР-мен су шаруашылығы ынтымақтастығы мәселелеріндегі негізгі проблема - трансшекаралық өзендердің су ресурстарын бөлу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаның болмауы. 2015 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісім жобасын дайындау және келісу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Осы бағытта Қытай тарапымен бірлесіп, трансшекаралық өзендерде су бөлу жөніндегі техникалық жұмыстардың негізгі бес мәселе бойынша зерттеулері іске асырылуда. Жоғарыда айтылған жұмыстардың нәтижелері су бөлу туралы келісім шеңберінде су лимитінің нақты мөлшерін айқындау кезінде пайдаланылатын болады. Сонымен қатар қазіргі уақытта Қытай тарапымен бірге трансшекарлық Ертіс, Іле және Емел өзендерінің барлық бассейні үшін су ресурстарын бағалау бойынша зерттеу жүргізілуде. Аталған жұмыс аясында жыл сайын трансшекаралық өзендер бассейнінде Қазақстан Республикасы мен Қытай аумағында қалыптасатын табиғи ағынның көлемі анықталады. Жұмыс нәтижелері табиғи су нысандарының, оның ішінде Балқаш, Зайсан, Алакөл және Іле өзенінің алқаптарын қоса алғанда, экожүйелердің бөліктері мен қажеттіліктерінің мөлшерін анықтауға пайдаланылатын болады, - дейді вице-министр.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы су қатынастары қос мемлекет үкіметтері арасындағы Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісіммен реттеліп отыр екен.
Өкінішке қарай, Қазақстан ғалымдары тағы бір экологиялық апат қаупі жөнінде болжам жасап келеді. Ол - Балқаш көлінің кұрғап кету қаупі. Біз осы көлдің бүгінгі экологиялық жағдайы мен болашағы турасында қандай болжам жасауға болатыны жөнінде де аталған мәселеге жауапты ведомство мамандарынан сұраған едік. Сала өкілдерінің айтуынша, Балқаш көлі бассейнінің басты су артериясы - Іле өзені. Іле өзенінің бассейні су жинау алаңының шамамен 70 пайызын және Балқаш көлінің жиынтық жер үсті ағынының 80 пайызын құрайды. Іле өзені бассейнінің негізгі ағынын құрайтын бөлігі Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан, онда су жинау жеткілікті дамыған гидрографияға ие. 2020-2021 жылдар Іле өзені ағынының көп жылдық деректерімен салыстырғанда, Қазгидромет РМК деректері бойынша, суы аз жылдар саналған.
Суы аз және суы көп жылдар циклі көп жылдық мәліметтерге сәйкес қайталанып отырады. 2020 жылы нақты ағын - 9,807 текше шақырымды, 2021 жылы 9,608 текше шақырымдыы құрады. Қытай Халық Республикасынан келетін ағынның орташа жылдық нормасы - 11,56 текше шақырым, Іле өзені бассейніндегі құрғақшылыққа байланысты вегетациялық кезеңдерде 2020 жылдан бастап орташа 322 м3с, 2021 жылы 279 м3с дейін жетті. Сондай-ақ Қазгидромет РМК деректері бойынша, Балқаш көлі бойынша су деңгейінің динамикасындағы орташа айлық көрсеткіш 2013 жылы 342,65 метр, 2014 жылы 342,47 метр, 2015 жылы 342,15 метр, 2016 жылы 342,20 метр, 2017 жылы 342,58 метр, 2018 жылы 342,5 метр, 2019 жылы 342,58 метр, 2020 жылы 342,51 метр, 2021 жылы 342,17 метр және 2022 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, Балқаш көлінің деңгейі 341,81 метрді құраған. 2015 жылдан бастап комиссия шеңберінде Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісім бойынша арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді. Қазақстандық топтың келіссөз мақсатының бірі - Балқаш көлі деңгейінің төмендеуінің алдын алу. Сонымен қатар, ғылыми негізделген ұстанымның жоқтығын ескере отырып, Балқаш көлі суының ең төменгі деңгейін анықтау жөнінде шешім қабылдау қажет. Ол экологиялық жай-күйдің бұзылуын болдырмай, оны толыққанды су нысаны ретінде сақтауды қамтамасыз етеді. Кеңес заманында және одан кейінгі жылдары жүргізілген барлық зерттеулерде Балқаш көлі үшін 341 метр төменгі белгі болып саналатыны туралы нақты ғылыми негіздеме бар, - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүльфия Сүлейменова.
География және су қауіпсіздігі институты АҚ директорының орынбасары Саят Әлімқұловтың айтуынша, Қазақстан бойынша суға шаруашылық сұраныс 23,0-25,0 текше шақырым, ол жаңғырмалы ресурстардың 25 пайызынан аспайды екен. Яғни, бір қарағанда, алаңдайтындай қауіп жоқ сияқты. Бірақ, біріншіден, жаңғырмалы су ресурстарының жартысына жуығы бізге көрші елдерден ағып келеді, ол соңғы жылдары табиғи шамасынан 16,0-17,0 текше шақырымға азайды. Екіншіден, ресурстар мен суға сұраныстың еліміздің аймақтары бойынша таралуы бірдей емес. Үшіншіден, еліміздің аумағына сәйкес, экологиялық қажеттіліктеріміз де үлкен, ол 60,0 текше шақырым шамасында. Енді, халықаралық міндеттерімізге сай, көрші елдерге жіберетін су көлемін ескерсек (27,0-28,0 текше шақырым), орташа сулы жылдары су тапшылығы 4,0-7,0 текше шақырым, ал соңғы 2019-2021 жылдардағыдай, аз сулы жылдары 12,0 -- 15,0 текше шақырым төңірегінде. Осындай жағдайларда бірінші болып экологиялық сұраныс қысқартылуда, мысалы, бұл шама соңғы жылдары 50,0-55,0 текше шақырымға азайған, - дейді Саят Құрбанбайұлы.
Оның айтуынша, табиғатта сулар жалпы теңіздерде, өзен-көлдерде, мұздықтарда, бөгендерде, жер қыртысында шоғырланған. Олар, біріншіден, тұщы және тұзды, екіншіден, көп жылдық (статикалық, яғни ұзақ жылдар қалыптасқан) және жаңғырмалы (жылда жаңадан қалыптасатын), үшіншіден, жер үсті және жер асты сулары болып бөлінеді. Бізді көбірек қызықтыратыны, әрине, жылда қайта қалыптаса алатын тұщы сулар. Бұлардың басым бөлігі жер бетіндегі ағынсуларда, яғни, өзендерде қалыптасады. Жалпы, әлемде су ресурстары ретінде, пайдалану мүмкіндігі бар суларды - өзендер сулары деп қарастырады. Өзен суларының ресурстары біздің елімізде орташа сулы жылдары 105-110 текше шақырым шамасында, одан пайдаланатынымыз - 23,0-25,0 текше шақырым, - дейді маман.
Сонымен қатар ол Балқаш-Алакөл алабында қазіргі уақытта ресурс пен сұраныс тепе-тең деңгейде екенін, бірақ суының 40 пайызға жуығы Қытайдан келетінін ескерсек, мұндағы жағдай да мәз емес екенін атап өтті. Қалған аймақтарда жағдай алдыңғылардан күрделі, бәрінде тапшылық бар, экономика салаларына жеткізгенімізбен, табиғат жүйелерін судан шектеп қойдық. Мәселен, соңғы жылдары Сырдария алабындағы көлдер жүйелері мен Арал теңізіне 3,5-5,5 текше шақырым су ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарыарқаның климаты
Қазақстанның климаттық зоналары
Қазақстан Республикасының климаты
Қазақстанның климатына сипаттама
Қазақстанның ішкі сулары
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Қазақстанның ірі өзендері
Техногендік шөлейттену
Монғолияның конституциялық құқығы
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздікке ие болуы, оның Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы
Пәндер