Асық ату ойынының ережелері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Кіріспе… . . . . . . …. …. ……4
  2. Негізгі бөлім . . . . . . ………. 6

2. 1. Асық - ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын . . . 6

2. 2. «Асық ату» ойының шығу тарихы мен ережелері . . . … . . . 8

2. 3. Зерттеу жұмысының нәтижелері . . . …… . . . 15

2. 4. «Асық ату»- бұл спорт па? . . . 17

2. 5. «Жана асық» ойыны . . . 20

2. 6. Бұл қызық! . . . 21

3. Қорытынды . . . …… . . . ……. . 23

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . …. ……24

Аннотация

Қазақтың ұлттық ойыны "Асық ату" бойынша дайындалған жоба біз ұмытып кеткен асық ойынын жаңғыртуды көздейді. Жоба барысында қатысушы осы тақырып бойынша зерттеу жүргізеді, қажетті ақпаратты табады, сауалнама жүргізеді, пайда болу тарихымен және ойын ережелерімен танысады.

Бұл ғылыми жобада қазақ халқының ойындарының бірі - асықтың мән-маңызы жан-жақты қарастырылады. Жалпы асықтың түрлері мен ойнау тәртібі айтылады. Сонымен қатар жоба авторының өзінің осы «Бес асық» ойыны бойынша жеткен жетістіктерімен бөліседі.

Кіріспе

Зерттеу жобамның тақырыбы «Асық - ұлттық құндылық» деп алуды жөн көрдім. Қазақстан Республикасы менің Отаным және туған жерім болып табылады. Қазақ халқының әдеп-ғұрыптары жайлы туғаннан білеміз. Сонымен қатар, Қазақстанда өзге де ұлттар тұрады. Сол халықтар қазақтың мәдениеті мен ұлттық ойындары туралы білулері тиіс деп ойладым. Дене шынықтыру пәні бойынша мектебімізде әр түрлі бағытта үйірмелер өткізілуде соның ішінде «Бес асық» үйірмесі өтуде. Осы үйірмеде оқушыларға қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық» ойынының мақсаты, ережесі және шарты таныстырылады. Бұл ойын ертеде «Бес тас» ойыны болып аталғаны туралы айтылып, қазіргі таңда «Бес асық» болып өзгертілгендігі туралы айтылды. Осы жылы мектебімізде үйірме жетекшісі Сағдат Калиевнаның ұйымдастыруымен аудандық жарыс өтті. Осы жарыста зерттеу жұмысымды шыңдау барысында асық ойындарына деген қызығушылығым арта түсті. Осы сәттен бастап жетекшіме алдағы ойындарға қатысуға ұсыныс айттым.

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Біз балалар ойын ойнағанды жақсы көреміз. Ойынның қызығына салынып кетсек, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук, сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп барамыз. Үлкендер рұқсат берсе, тіпті куанамыз. Тіпті басқа ойындарды ысырып қоямыз. Ауыз екі сөйлеу тіліміздің аясы қысылып, қазақ тілімізге де біраз зияны тиіп жатады.

Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жойылмас еді деген ойға келуіме мектепте өтіп жатқан «Асық» үйірмесіне барып жүріп асыққа деген қызығушылығым артып, осы сәттен асықты зертеуге деген қызығушылығым артты.

Зерттеудің жұмысының мақсаты:

Қазақтың бұл ұлттық ойынның қажет екеніне көз жеткізу. «Бастауыш сынып оқушылары арасында "Асық ату», «Бес асық» ұлттық ойынын қалай жандандыруға болады?» сұрақты зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Асық ойынының барлық ережелерін, қыр - сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
  2. Асық ойнының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу.
  3. Оқушылар арасында сауалнама жүргізу арқылы зерттеу.
  4. Дене шынықтыру мұғалімімен тығыз байланыста болу арқылы өзім осы ойынды ойнап жеткен жетістірімнің арқасында басқа да оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Зерттеу жұмысының болжамы:

Егер, балалар асық ойындарын жақсы меңгерсе, виртуалды ойындардан біртіндеп арылады. Қазіргі талапқа сай ұлттық ойындарды жандандырып жатқандықтан оқушыларға кеңінен насихаттау.

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • Теориялық (анализ, салыстыру)
  • Зерттеу
  • Сыныптастарыма сұрақ қойып, жауап алу

Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Асықтарды құрастыру әдісін пайдалана отырып, балалармен бірлесе конструкция жасауға болады. ұлттық асық ойындарын жаңа заманға сәйкестендіріп ойнауға болады. Мәселен, алшы ойынында дәл ережедегідей асықтарды қаз-қатар тізіп қойып, атуға болады, алайда ойынға қызығушылық арттыру үшін асықтардың үстіне тәтті кәмпиттерді қойып атсақ, атылған асықтың үстіндегі кәмпит сонікі болмақ.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Асық - ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын

Ежелден дәстүрлі ойындар халықтың өмір сүру әдісін, тұрмыс-тіршілік еңбегін, ұлттық дәстүрлерін, батырлық-батылдық туралы түсінігін дәріптепқана қоймай, адалдыққа, күштілікке ұмтылуға, шыдамдылыққа тағы баскқа құндылықтарға тәрбиелеген. Міне осынай халық арасында, әсіресе балалар арасында кең тараған ойындардың бірі - асық ойнау.

Асық- ептілікке, мергендікке, ұқыптылыққа, сергектікке баулитын тәрбие көзі. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі-мергендікке, түнгісі-ептілікке баулиды.

Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық туралы сөз етуді жөн көрдім.

  • Асықты балалар біле ме?
  • Қандай асық ойындары бар?
  • Асықтың түрлері қалай аталады?

Осы сұрақтарға жауап іздегім келді. Жауап алу үшін шағын зерттеу жұмысын жүргізгім келді. Ұстазыммен ақылдасып, осы тақырыпты тандап алдым.

Интернет желісіне кіре отырып асықтың жануарлардың аяқ жіліктерінің сүйегінен алынатындығын, олардың түрлі атаулары бар екендігі мен үшін аян болды.

Зерттеу жүргізе келе әр төрт түлік малдың асықтарының өзіндік атаулары бар екендігі анықталды.

Асықтың түрлері:

Асық - төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:

Сақа - асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней, кентай - асық ойынында ұпайға тігілетін асық. "Кішкентай" сөзі "Кіші" және "кентай" сөздерінен шыққан. Шүкейдің мүжілген түрі.

Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі. Құлжа сақа - арқардың сақасы.

Ешкімер - ешкінің асығы.

Қойлақ, жабай - қойдың асығы.

Құлжаз- арқар аталығының асығы.

Топай, сомпай - бұзау, тайынша асығы.

Шүкейт - киіктің асығы.

Шүкей - қозы, ешкі асығы.

Пүш- тәйке түспесін деп, алшы жағы жонылған асық. "Пұшайман болу" деген сөз осыдан шыққан.

Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы. Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы.

Асықтың түсуіне байланысты оны алшы, тәйке, бүк, шік, омпы, сомпы деп бөлінетіндігін, асықпен ойналатын ұлттық ойындардың біразын жинақтадым. Енді осыны достарыма қызықты етіп жеткізу керек. Тек сонда ғана біз виртуалды ойындардан баст тартуымыз мүмкін, әрі қазақ тіліміздің дамуына да үлес қосамыз.

Сол себептен менің жобамның тақырыбы өзекті деп ойлаймын. Сондықтан да асық туралы әңгімелеу қажет деп таптым.

«Асық - ұлттық құндылық» тақырыбында ғылыми жобаны жазу барысында ең бірінші туындаған мәселе - қайнаған қаланың тіршілігінде асықты табу үлкен проблема болды. Сөйте келе, асықты біртіндеп сұрастыра жүріп жинадым.

Міне, осылайша, асықты көптеп жинап алып, енді теория жүзінде ол туралы ақпаратты кеңейтумен қатар, практика жүзінде асық туралы ересектер мен балалар қаншалықты біледі деген өзекті сұрақ өзінен-өзі туындайды. Осыған орай мен балалармен жеке-жеке сауалнама жүргізіп көрдім.

Сауалнамаға толығырақ тоқталсам, балаларға арналған сауалнаманы жүргізу барысында олармен бірінші әңгіме жүргізілді. Әр бір сұраққа жауап беру барысында келесі сұраққа назар аудармау үшін сауалнама кітапша түрінде берілді, кітапша түрінде берілген сауалнама сұрақтары әр бетте бір сұрақтан болды.

2. 2. «Асық ату» ойынының шығу тарихы мен ережелері

Асық ату (құлжа, сақа, жабайт) - көшпенділердің ежелгі ойындарының бірі, бірақ оны отырықшы халықтар да ойнаған. Негізгі атрибут-артидактилдердің артқы аяқтарының сүйектері, көбінесе ұсақ мал (қой, ешкі), сирек шошқалар мен ірі қаралардың тізе буындары аймағында орналасқан.

- Бұл ескі ұлттық ойын. Бұл ұлдарға арналған ойын, бірақ кейбір түрлерінде қыздар да қатыса алатыгн. Бала асықты қолында ұстай алғаннан кезден, яғни төрт жастан бастап он үшке дейін ойнаған. Кейін қазақ қоғамында бала үлкен еркек болып саналатын. Асықу издревле приписывались священная сил а, магические свойств Ежелгі заманнан бері асық қасиетті күш пен сиқырлы қасиетке ие деп снаған. берілген. кәрі не жас, бай не кедей болсын - бәрі де асыққа құрметпен қараған.

Ол тіпті зұлым көзден сақтай алады дегенге сенген.

Асықты қолында ұстағандар олармен ойнау өте белсенді іс-әрекет екенін екенін біледі, тіпті - спорттық десе де болады. Бұл ойын ептілікті, көзді, жылдамдықты, тапқырлықты, дәлдікті, тактикалық, логикалық, математикалық ойлауды дамытады, балада көшбасшылық қасиеттерді дамытады, жеңіске жетелейді. Ойында йога, би элементтері бар, буындарға да пайдалы.

Асықтар толы сөмкелер мұраға қалдырылды. Ең кішісі әдетте көбісін алатын, бірақ ең көп асықтар жақсы ойнаған адамда болды.

- Қошқарды сойған кезде, балалар, әдетте, дайын тұрады. Қошқарлардың асықтары әсіресе, еркек қошқарлардікі ерекше бағаланды, олардан лобандар - үлкен асықтар шығатын. Олардың біреуі 300 "қарапайым" асыққа бағалануы мүмкін, - дейді бұрынғы асық ойыншысы, 30 жастағы Тастемір Асқаров. -Кішкентай балаға арналған сақа (битка) бойтұмар болды. Басқа асықтармен жеңіліске ұшырау мүмкін болса, бірақ сақа үнемі жеңіс әкелетін! Сақаны жоғалту сәттіліктен айырылумен тең болды. Тіпті - өз жаныңды жеңіліп қалумен бірдей болды . . . асықтардың бәрінен жеңіліп қалса да, сақадан айырылу мүмкін емес еді. Оны бояп, безендіріп, өте мұқият сақтады, әжесінен сәттілікке түкіртті, ұрмас бұрын оны үрледі.

Асық ойынының оннан астам түрі бар. Ең көп тарағандары-алшы, асық ату, ханталапай, үштан, төрт асық.

Барлық ойындар бір-бірінен ерекшеленеді, қатысушылардың саны әр түрлі, ойыншылар импровизация жасай алады және ережелерді өздері қалағандай өзгерте алады. Ойын атаулары мен ережелері аймаққа байланысты әр түрлі болды. Асық ойындарының кейбірі бильярд, шахмат, боулинг сияқты танымал заманауи ойындарға ұқсайды.

Асық ату - зияткерлік санаттағы қазақ ұлттық ойыны. Ойынға ептілік, көз, үйлестіру, дәлдік, жылдамдық, тапқырлық, тактикалық және логикалық ойлау қажет.

«Асық ату» ойынының ережелері

Асық ату - көшпенділер балаларының танымал кәсібі-ойыншыларда көшбасшылық, қырағылық, батылдық, өзара көмек, дәлдік, салқынқандылық сияқты қасиеттерді қалыптастырды.

Жобамен жұмыс істеген кезде, мен «Асық ату» ойынының шығу тарихымен таныстым. Мен видео тамашаладым, ойынның шартымен таныстым.

Ойынның негізгі мәні мынада: Конның айналасында диаметрі 2-3 метр шеңбер және екі жағында сызықтар сызылады. Асықтар қатарға (конға) қойылады, белгілі бір қашықтықтан өзінің асығымен (сақа) қатарда тұрған бір немесе бірнеше асықтарды құлату керек, құлатқан асықтары ойыншының олжасы болып саналады.

Әр ойыншының асығы болады, оны конды ұру үшін пайдаланады. Ол сақа деп аталады. Әдетте сақа үшін коллекциядағы ең үлкен, сәйкесінше ең ауыр асық таңдалады. Үлкен салмақ болуы үшін асыққа қорғасын құйып, оны мыс немесе алюминий сыммен орайды. Өз сақасымен ойнау сенімді ойнау үлкен артықшылық береді.

Ойын негізінен жерде ойналады, бірақ асфальтта да, спортзалда да ойнай аласыз, бірақ одан сақа тез тозады. Лақтыру кезегі келесідей анықталады: Ойыншылардың сахалары ойыншылардың бірінің қолына жиналып, ойын сүйектерінің бетіне лақтырылды. Әрбір асық төрт негізгі қалыпты қабылдай алады.

бүк - асықтың дөңес беті, лақтыру кезегін таңдаудағы маңыздылығы бойынша үшінші кезекте.

шік - асықтың тереңдетілген беткі қабаты, маңыздылығы бойынша соңғысы.

алшы - асықтың тереңдетілген төменгі шеті, маңыздылығы бойынша бірінші кезекте.

таба - асықтың тегіс беті, маңыздылығы жағынан екінші кезекте.

Егер бірнеше алшы түссе, онда олардың арасында бірінші лақтыру құқығы ойнатылады.

https://fsd.videouroki.net/html/2017/12/24/v_5a3f9432a172c/99704294_1.png

Асықты коннан қағып алған жағдайда, қағылған асық пен кон сызығы арасындағы қашықтық үш табаннан асуы тиіс, ал өлшем бірлігі үшін құлатқан ойыншының табаны алынады. Осылайша, әділеттілік принципі сақталады.

Әр ойыншының жеке тұру және лақтыру стилі бар. Біреу лақтырар алдында қолын бос қалдырып, басқа асықты түртуді жөн көреді. Біреу бұралған лақтыру жасайды. Біреулері қатты артқа еңкейеді. Ал біреу алға . . .

Барлық дерлік ойыншылардың коллекциясында құйма, яғги қорғасын асық болған. Нағыз асық сазға басылып, одан алынған қалыпқа сұйық қорғасын құйылды. Мұндай құймаларлар ойында келісім бойынша қолданылуы мүмкін. Бірақ бұл сирек болған.

«Бес асық» ойын ережесі. (қыздар, әйелдер ойыны)

Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы жас ерекшелігіне байланысты алынады. Мысалы: 5-6 сыныптарға 9-10 грамм аралығында, 7-8сыныптарда 10-11 грамм, 9-11 сыныптар аралығында 11-12 грамм болуы керек (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) . Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе ұлттық үлгіде болуы шарт, аяқтарына мәсі немесе чешки.

Ойын мазмұны. Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады.
Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6 ж., 7 ж., 12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір- біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
1. «Бірлік». Ойыншы кілемге бес асықты иіріп тастайды, міндетті түрде
ханды алады, (Хан асық ойнын жүргізетін негізгі асық болып есептеледі) .

Ойыншы ханды жоғарыға лақтырып, кілемде жатқан асықтардың бірін алып, лақтырған ханды қағуы керек. Хан қайта жоғары лақтырылып, кілемдегі шашылған асықтардың екіншісі, кейін үшінші, төртінші алынады.
Ескерту: Ханды қаққан кезде алақанның сырты кілемге жанаспауы керек.
Кілемнен алынған асықтар, бөлек жиналады.

2. «Екілік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен екі асық алынады да бірліктегідей лақтырылған хан қағылып алынады. Кейін тағы екеуі алынады. Кілемнен алынған асықтар бөлек жиналады.

3. «Үштік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен үш асық алынады. Хан қайта қағылады. Кілемде қалған жалғыз асық ханды жоғары лақтырып, бөлек алынады, хан қайта қағылады.

4. «Төрттік». Барлық бес асықты алақанда ұстайды. Хан жоғарыға
лақтырылып, қалғандары бірден кілемге қойылады да лақтырылған асық
қағылып алынады. Кейін хан жоғарыға лақтырылып, төртеуі жиылып
алынып, лақтырылған хан қағылады.

5. «Жалақ». Барлық асықтар алақанға жиналады, хан жоғары
лақтырылып, қалған төрт асықты қапсыра ұстап, сұқ саусақ үш немесе
бес рет (келісім бойынша) алға немесе артқа қарай үйкеліп кілемге жалатылады, шамалап 5 см (ерсілі - қарсылы үйкеуге, кілемді нұқуға болмайды) . Ханды құлатпай қағып алу керек.

6. «Алақан». Асықтар кілемге шашылады, қолдың алақаны үстіне қаратылып, кілем үстіне сырт жағымен қойылады, хан жоғарыға лақтырылып,
кілемдегі асықтардың біріншісі алынып, алақанға қойылады, хан қайта
қағылады. Екінші, үшінші, төртінші асық та осылай ойналады, соңында ханды алақанға қоямыз. Асықтар алақанға ғана жиналады, егер білезіктің үстіне қарай асықтың тұмсығы болса да шығып кетсе қатеге есептеледі.

7. «Төрт бұрыш». Төрт асық шаршы бойынша (шамамен 20*20см. ересектер, 10*10 cм. жасөспірімдер) қойылады. Ойыншы асығын жоғарыға
лақтырып, шаршылай тігілген асықтарды бірден жинап, лақтырылған
асықты қағып алуы тиіс.

8. «Алмастыру». Асықтар кілем үстіне шашылады. Хан жоғарыға
лақтырылып, кілемнен бір асық алынып, лақтырылған асық қағылады. Ойыншының қолында екі асық болады. (Хан екінші қолдың көмегінсіз алға яғни саусақтарға ауыстырылады) . Ол жоғарыға лақтырылып, қолда қалған екіншісі кілемде жатқан басқа асықпен алмастырылады да лақтырылған хан қағылып алынылады. Осылайша, асықтарды алмастыра отырып, олар бір жерге жинастырылады. Соңында хан жоғары лақтырылады, қолға төрт асық жиналып алынады да хан қайта қағылады.

9. «Үндемес». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде қалғандары бір-біріне соқтығысып сартылдаған немесе т. б дауыс шығармауы керек.

10. «Сарт-сұрт». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған
асықты ұстар кезде, асықтар бір- біріне тиіп, екі рет сарт - сұрт еткен
дыбысы естілуі тиіс.

11. «Қаршу». Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды үстінен қаршып қағу керек. Сонда қолда екі асық болады. Көтерілген асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек.

12. «Нәби». Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған «дарбазаның» үстінен асыра алдыңғы жаққа асықтарды шашады. Хан жоғарыға лақтырылады, ал қалған асықтарды бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек. Осылайша «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды - «ағалық» («нәби») . Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.

Ұпайларды санау

Алдыңғы әрекеттерді аяқтаған соң, ойыншы өзіне екі жолмен ұпайларды жинайды.

1. Жоғарыға 5 асық лақтырып, оларды алақанның сыртымен ұстап алады. Қайта жоғарыға лақтырып, оларды үстінен қаршып ұстайды. Әр асық 10 ұпаймен есептеледі. Егер ойыншы барлық 5 асықты ұстап алса, онда 50 ұпай жинайды. Егер ұпай алар кезде ойыншы 0 яғни еш ұпай ала алмаса, сол ойында ұпай алуға екінші мүмкіндік берілмейді, кезегін қарсыласына береді. Келесі ойнын бірліктен бастайда.

2. Ойыншы қолын сыртқа қаратып, барлық асықтарды жоғарыға
лақтырады. Кейін оларды астынан алақанын ашып, ұстап алады. Әр асық үшін 10 ұпайдан алады. Ойыншылар кілемнен асықтарды алған кезде, басқа асықтарға қолдары тимеуі керек. Егер ойын ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады.

2. 3. Зерттеу жұмысының нәтижелері.

Біздің іс-әрекеттегі жұмысымыз:

Теориялық-ақпаратты іздеу және зерттеу.

Практикалық-сауалнама, ересек адамның көмегімен сақал жасау. "Асық ойын ережесі" буклетін жасау, сыныптастарымен ойын өткізу.

Жобалық-зерттеу жұмысы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне арналған. Біз сауалнама жүргізіп, балалардың қазақтың "Асық"ұлттық ойыны туралы не білетінін білуді шештік. Сауалнама 1-4 сынып оқушылары арасында жүргізілді.

  1. Асық деген не екенін білесің бе? (иә, жоқ)
  2. Олай болса, сіз оны ойнадыңыз ба? (иә, жоқ)
  3. Сіз асықтың жақтарын білесіз бе? (тізім)
  4. Асық ойыны бойынша турнирге қатысқыңыз келе ме? (иә, жоқ, жауап беру қиын)
  5. Асық ойынын жандандыру керек деп ойлайсыз ба? Неліктен?

Сауалнамаға 25 адам қатысты.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде сауалнамаға қатысқандардың барлығы (100%) қазақтың ұлттық ойыны "Асықты" білетіні анықталды.

Сауалнамаға қатысқандардың 56% - ы "асық" ойынын ойнаған, 44% - ы ешқашан ойнамаған.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 28% - ы асық беттерін жақсы біледі. Сауалнамаға қатысқандардың 72% - ы асықтың барлық төрт бетін атай алмады.

Сауалнамаға қатысқандардың 60% - ы "асық" ойынының турниріне қатысқысы келеді, 30% - ы жауап беруге қиналды (себебі балалар асықты қайдан сатып алуды білмейді) және тек 10% - ы бұл ойынды ойнағысы келмейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 60% - ы ойынды жаңғыртқысы келеді, ал 40% - ы жоқ деп жауап берді, олар заманауи гаджеттерді ұнатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асық ату
Асық ойынының түрлері және мәні
Асық ойындары
Асықтың түрлерімен атаулары
Қазақтың ұлттық спорттық ойындары
Асық ойынының бүгіні
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі сабағында қолдану жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz