ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Есенов колледжі ЖШС

РЕФЕРАТ
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырып: Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар.

Орындаған: П-20-1 тобы студенті
Баймурзаева Гульназ
Қабылдаған: Жанесова А.С

Ақтау 2022

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі ... ... ... ... ... ... .4
2.Түрлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1.Қажетті қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру ... ... ... ...14
2.3 Аса қажеттiлiк ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.4. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .18
2.5. Орынды тəуекел ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.6. Күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .22
2.7. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Әрбір азаматтың конституциялык борышы -- қоғамдык қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекеткекарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың ма-ңызы ерекше. Коғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, онын зиян-дылығын тыюда, сол кауіпті төндірген адамға материалдык, мо-ральдықжәне баска да зиян келтірілуі мумкін. Мундай әрекет-тер формальдык жағынан алғанда Қылмыстык кодекстін Ерекше бөлімініңжекелеген баптарында көрсетілген кылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірак та бул әрекеттер белгілі бір жағдайларда кылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте кылмыс-тың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі -- қоғамға кауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, коғамдык каты-настарға зиян келтіруге бағытталған кауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекетдеп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға кажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандыктан, кылмыс катарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар коғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады

1.Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі
Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды қорғау тек мемлекеттiк органдардың ғана емес, ең алдымен құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың мiндетi. Осыған дейiн айтылып өткендей, қылмыстық заңға қайшылық, қоғамға қауiптiлiк, кiнəлiлiк жəне жазаланушылық белгiлерi бар əрекет қылмыс деп саналады. Жалпы, кейбiр жағдайларда жасалған əрекет сыртқы жағынан қылмысқа өте ұқсас болуы мүмкiн, бiрақ ол жоғарыда аталған белгiлердiң бiрiнен немесе төртеуiнен де айрылған болса, ол қылмыс болып табылмайды. Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн-жайлар дегенiмiз - сырттай қылмысқа ұқсас əрекеттердi заңды əрекеттерге, тiптi кей жағдайларда қоғамға пайдалы əрекеттерге айналдыратын жағдайлар. ҚР ҚК бойынша мұндай жетi жағдайлар бар: қажеттi қорғану (ҚК-ң 32-бабы), қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру (ҚК-ң 33-бабы), аса қажеттiлiк (ҚК-ң 34-бабы), жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру (ҚК-ң 34-1-бабы), орынды тəуекел ету (ҚК-ң 35-бабы), күштеп немесе психикалық мəжбүрлеу (ҚК-ң 36-бабы), бұйрықты немесе өкiмдi орындау (ҚК-ң 37-бабы). Қылмыстық заңның аталған нормаларында көрсетiлген жағдайлар əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк элементiн жойып оған əлеуметтiк пайдалы сипатты бередi.
Iс-əрекеттiң қылмыстылығын жоятын мəн жайларға бiрқатар жалпы белгiлер тəн:
1) Бұл жағдайлар сыртқы жағынан ҚК Ерекше бөлiмiндегi баптарда қарастырылған белгiлi бiр қылмыстың белгiлерiмен ұқсас келетiн адамның саналы жəне ерiктi əрекетiн құрайды,
2) Өзiнiң əлеуметтiк саяси мазмұны бойынша олар қоғамға пайдалы болып табылады;
3) Түрлi заң саласы нормаларымен де қарастырылады;
4) Бұл жағдайлардың кез келгенi үшiн өзiнiң заңға сəйкестiк шарттары бар. Егер осы шарттардың бiрi бұзылған болса, онда адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып, əрекеттiң жасалу жағдайы жеңiлдетушi жағдай ретiнде ескерiлед

Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты -- қорғану кол сұғушылык нақты бар болғанда ғана колданылады. Крл сүғушы-лыктын объективтік категория ретінде басталуы және аякталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылык деп заң корғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жаткан немесе кіріскен әрекетті айтамыз яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп коғамға кауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін кол сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге окталғандык әрекеті айтылады. Ал қол сұғушылыктын аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде онын доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылык алға қойған мак-сатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де қол сұғушылык бітіп кетсе, оған кажетті корғануды колдануға болмайды. Өйткені кажетті корға-нудың максаты -- болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауга бағытталған. Казақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоксандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына карсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың қолдануы туралы нормативтік каулысында кажетті корғану қүкығы тек коғамға кауіпті кол сүғу-шылык сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анык төнген кезде колданылатынын көрсеткен. Яғни, кажетті қорғануды нақтылы кауіп төніп тұрған түрған қол сұғушылыкка ғана қолданады. Нактылы төніп түрған каупі біткен кылмысқа оны колдануға болмайды. Осыган орай, кейде қажетті корғануды қолданушы кыл-мыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан колдану жағ-дайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот каулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде Шабуыл аякталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғану-шы үшін оның бітіп калу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қыл-мысты бітпеген кылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды колдаса, ол әрекетті кажетті корғануға жатқызуы керек, -делінген. Егер корғанушы қауіптің біткенін біле түра кажетті қорғануды қол-данса, ондай әрекет қорғану шегінен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен кауіпті іс деп санап, кажетті қорғану қолда-нылса, ол үшін кажетті корғануды колданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер корғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екеңдігін байкауға мүмкіндігі болып тұрып, корғануды касакана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздык түрінде істелген әрекет үшін кылмыстык жауаптылыққа тартылады.
Қажетгі корғанудың үшінші бір шарты -- коғамға қауіпті қол сұғу айкын, шын мәніңде, яғни коғамдык катынастарға анык зиян келтіретін болуы керек. Адамнын санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешкандай байланысы жок. Елестетілетін киянаттан корғануды жалған корғану дейміз.

ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ:
Бірінші шарт. Қорғану занда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыкка, меншікке зиян келтірмейді, сондықтан да ондай киянатка тойтарыс берілмейді. Мазмүны жөнінен әрекет дене немесе мүліктік зиян келтіруден кұралады. Денеге келтірілген зиян адам өмірін жоюға, денеге жаракат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. Мысалы, С. деген адам маскүнемдіктің әсерінен үйде пышақпен пияз турап отырған К. деген өз әйелін сабап кана қой-май, оның мойнын бұрап, тұншыктырып далаға қарай сүйреген. К. өзін-өзі қорғау максатымен қолындағы пышақты күйеуіне карсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот қажетті корғану жағдайында істелген әрекет деп тапқан.
Жолда келе жаткан Ж. деген азаматты М. деген адам шалып қүлатып, колындағы темір балғамен жаңды жерінен ұрғылай бер-ген. Ж. М-ден қорғану мақсатымен озі күлаған жерден қолына түскен таспен киянат келтірушінің басынан ұрып, оған ауыр дене жарақатын келтірген. Ж-нің әрекеті кажетті қорғану халінде істелген әрекет деп танылған. Қажетті корғану халінде киянат келтірушіге оның мүлкін жою, бүлдіру, кирату аркылы да зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы: Автобус ішінде отырған бір топ жас жігіттер магнитофонды барынша айкайлатып музыка тындаған. Автобуста отырған Жапсарбай деген азамат жастарға келіп, магнитофонды ошіріп, тыныштык сактауды өтінген. Бүл өтінішке магнитофон иесі жауап ретінде оны одан әрі қаттырақсөйлетіп, өзі де қарқ-қарк күлген. Бүл әрекетке ыза болған Жапсарбай әлгі жас жігіттің колындағы магнитофонды жұлып алып, жүріп келе жатқан автобустың ашық терезесінен тысқа лактырып жіберген. Магнитофон кирап, іске жарамсыз болып калган, ал Жапсарбай-дың әрекеті кылмыс емес деп танылған.
Екінші шарт. Қорғанушы зиянды киянат келтірушінің тікелей озіне (баскаға емес) келтіреді. Өйткені кажетті корғанудың негізі кажетті қорғануды тудыратын қиянат келтірушінің озі ғана болады. Ондай болса кажетті корғану сол қиянат келтірушінің озіне тікелей карсы колданылады. Мұндай киянат келтірушіге келген зиян мөлшері, түрі әр түрлі болуы мүмкін: қиянат келтірушіні өлтіру, денесіне әр түрлі жаракат салу, оның мүлкін жою т. б. Осыған байланысты заң күні бүрын қиянат келтірушіге келетін зиянға ешқандаи шек қоймайды.
Үшінші шарт. Қиянат келтірушіліктен дер кезінде корғану қажет. Қогамға кауіпті әрекеттін басталған уақыты мен оның аякталғанга дейінгі аралығындағы қиянат келтірушіліктен қор-ғануды жүзеге асыру дер кезінде колданылған қажетті корғану болып табылады. Қолсүғушылықаякталғаннан кейіндекорғану әрекетін одан әрі жалғастыру кешіккен қорғану деп танылады, мүндай іс-әрекет қылмыс катарына жатқызылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 нормативтік каулысының 24-тармағында егер де зиян кол сүғушылыкты тоқтатканнан кейін немесе ол біткеннен кейін жасалып, қорғану қүралының қажеттігі жоқтығы айқын болса және бұған корғанушының көзі жетіп тұрса, ол қажетті қорғану жағдайында бодцы деп табылмайды. Мүндай жағ-дайда жасаған әрекеті үшін жауаптылык жалпы негізде карала-ды, -- делінген.
Төртінші шарт. Карсы әрекеттің максатынан күралады. Ол қоғамдық катынастарды оған зиян келтіруден корғау болып табылады. Бұл туралы занда корғанушының немесе баска адамнын жеке басының күкығын, түрғын үйді, меншікті, жер учаскесін, коғамның немесе мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті кас-гандықтан қорғаудеп жалпылама аталған (32-бап, 1-бөлігі).
Қауіп тондірушіге колданылатын карсы әрекеттің мақсатының өзі осы қоғамдық қатынастарға зиян келтірмеу, зиян келтіруден сақтау, корғау болып табылады.
Егер киянат жасаушылык кек кайтару, өзара есеп айрысудың колайлы сәті ретінде пайдаланылса, мұндай жағдайда ондай зиян келтірушілік кылмыс болып табылады. Мысалы, Балбак деген азамат озімен араздасып жүрген Карабай деген кершісінің бала-сын бакшасынан кауын үзіп жатқан жерінен үстап алып, оны бел-беумен үрып тастайды. Баласының таяк жеп жатканын корген Карабай үйінде тыгулы жаткан дыбыссыз атылатын мылтыгын алып, оны октап, дәлме-дәл коздеп тұрып Балбактың басынан атып, оны олтіреді. Алдын ала және соттергеуінде Қарабай Бал-бактың баласын үрып жатканын сылтау етіп колайлы сәтті пай-даланып, кек кайтару максатымен оны атып олтіргенін мойында-ган. Сот оның әрекетін кажетті қорғануға жатпайтын кек алу максатымен қасакана кісі өлтіру әрекеті деп тапқан.
Жоғарғы Сот өзінің 1994 жылғы 23 желтоксандағы қаулысын-да басқа адам заңсыз әрекеттер жасады деген сылтауды желеу
етіп, оны өзінін қүкықка кайшы әрекеттерін істеуге пайдалану үшін әдейілеп шабуыл жасауға килігуі (төбелес шығару, кокан-лоқы корсету, кек алу әрекеттерін жасау және т.б.) ол қажетті қорғану кезінде болды деп санауға болмайды. Мүндай жағдайда жасаған әрекет үшін жауаптылык жалпы негізде каралады. Қор-ғану занды болу үшін қорғанушы корғаныс шегінен шықпауы керек. Яғни, киянаттың қаупі мен сипатына корғанудың созсіз сәйкес келмеуі орын алмауы қажет деп көрсеткен.
Кылмыстык кодекстің 32-бабынын соңғы болігіне сәйкес киянаттын каупі мен сипатына қорғанудың корінеу сай келуі қорғанудың заңға сыйымдылык корінісі болып табылады.
Кылмыстык кодекстің 32-бабының 3-болігіне сәйкес кол сүғу-шыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сүғушылықтың сипаты мен коғамдык қауіптілігі дәрежесіне корғанудың корінеу сай келмеуі кажетті корганыс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек касақана зиян келтірілген жағдайларда ғана кылмыстык жауаптылыкка әкеп соқтырады. Кажетті корғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды. Сондыктан да мүндай әрекеттердің қылмыстык жауаптылығы және жазасы заңға сәйкес накты келтірілген зиянга байланысты шешіледі. Киянат келтірушіге кажетті корғану шегінде, қол сұғылган киянатты зиян келтірместен тойтаруға мүмкіндік болмаса коғамдык немесе жеке мүддені корғау максатымен келтірілген зиян эр уакытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер киянат келтірушіге зиян шектен тыс және сол киянаттын сипаты мен кауіптілігіне созсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жонінде кажетті қорғанудын шегінен шығып кеткені үшін жауаптылык мәселесі туындайды. Мүндай жағдайда келтірілген зиян шабуылдан корғану мүддесіне сәйкес жүзеге асы-рылды деп санауға болмайды. Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, кажетті қорғану шегінен асып істелген кылмыс жауапты-лықты жеңілдететін мән-жайлар катарына жатады (53-бап, 1-болігі, з тармағы).
Заң киянаттың каупі мен сипатына корғанудың сөзсіз сәйкес келмеуін қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп санайды.
Егер қорғанушы киянаттың каупі мен сипатына накты жағ-дайда созсіз сәйкес келмейтін корғану күралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, киянат жасаушыға орынсыз, кажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті кажетті қорғану шегінен шы-f ып кеткендік болып саналады.
Мысалы: К. деген азамат кажетті корғану шегінен асып кет-кен жағдайда денені ауыр жаракаттаганы үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына темендегі жағдайда кінәлі деп табылып, сотталган. Сыраха-нада К-ға кызу күйдегі бір аяғы жок Ж. деген мугедек адам тиісіп, езіне екі кұмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп К. далаға шықпақшы болған, итеруден кұлап түскен Ж. жалма-жан тура сала К-ны балдагымен урып, тагы да екінші рет ұрмақшы болган, осы кезде К. колындагы кумырасымен Ж-ны бастан урып, оган ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде кажетті корғану шегінен асып киянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтірген деп корсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мае болған. Осы жағдайға байланысты К. оны басынан қүмырамен үрмай-ак, оның колындагы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жаракат салмай-ак, киянатты тоқтатуға толык мүмкіндігібареді.
Қорғанушы қорғану шегінде немесе одан асып, әрекет істеді ме деген мәселені шешу үшін істің барлык мән-жайын мүкият, жан-жақты есепке алуды, окиға болған жағдайда қорғанушының, сондай-ак киянат келтірушінің жеке басын, олардың күштерінің арасалмағын аныктау қажет.
Қазакстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 нормативтік қаулысында соттар кажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек қорғану мен қауіп тондіру қүралда-рынын сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға кауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұру-дағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен кор-ғанушының күштерінің арасалмағына ықпал ететін баска барлык жағдайларды да (кауіп төндіруші мен қорғанушының саны, олардың күш-куаты, жасы, каруланғандығы, қауіп тондіру уақыты мен орны т. с. с.) ескеруі керек деп атап корсеткен. Қор-ғану әрекетінің заңға сыйымдылығын бағалағанда ең бірінші қиянаттын үрдістігін, яғни кауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін, шабуылдың қарқыны мен күшін есепке алу қажет. Қиянаттын сипаты мен қаупі коп жағдайларда қауіп төнетін объектінің маңыздылығына да байланысты. Адамның омірі, ден-саулығы, меншігі сияқты маңызды объектілерге шабуыл жасап, накты кауіп тондіру корғанушыға да қорғанудың оте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құкык береді. Яғни, қорғалатын игіліктің баға-сы қунды болған сайын осыған орай оған тондірілетін киянат та кауіптірек, сондай-ак қажетті қорғануды кодцанудың шегі де және қиянат келтірушіге зиян молшері де елеулі, ауқымды болады. Киянаттың үрдістігініңдәрежесі коп жағдайларда қылмыскердің колданатын кұралы мен қару-жарағына да байланысты. Біракта
бұл жерде корғанушы шабуылды қандай құрал немесе каруды қолданса соған сайма-сай кұралмен немесе қарумен тойтаруға ғана кұкылы деп айту кате болар еді. Мүндай пікірді қуаттаған жағ-дайда корғанушының кару жұмсау арқылы өзінің немесе баска адамнын оміріне накты қауіп тондіріп түрған қаруланбаған кылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып сана-лар еді. Мысалы: К. деген азаматтың әрекеті заңға сыйымды істеген қажетті корғану деп танылған. Кешкілік, караңғы түскен сәтте Ж. мен С. деген екі мае К-ны коше бойында тоқтатып, оган негізсіз тиіскен. К. олардың созіне қүлақ аспай, оз жонімен жүре берген. Бірақәлгі екі мае, оны қуып жетіп, ай-шайға карамастан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Жан сауғалап қорғанған К. қалтасынан бәкісін алып Ж-ның қарнына оны терендете са-лып жіберген. Ж. табан астында қаза болган. Алдын ала тергеу К-ны қажетті корғану шегінен асып, пышақ колданып кісі өлтіргені үшін жауапка тартқан. К. каруы жок адамға (кауіп тондірушіге) пышақ қолданды деп айыпталған. Бірақ та сот бұл корытындымен келіспей, өз үкімінде К-ға тонген қиянаттың оның өміріне қауіпті болғанын және екі бірдей қауіп тондірушінің күші бүл жерде басым екендігін есепке алып, оның әрекетінде қажетті қорғану шегінен шығушылықжоқдеген шешімге келген. Мұндай кауіп тондірушілікке қорғанушы коп жагдайларда кенеттен тап болған киянатка байланысты соның салдарынан катты абыржу, корку жағдайында болады, сондыктан да барлық уакытта қауіп тондірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін коргану күралын колдануға мүмкіндігі болмайды.
Сонымен кажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп таны-луы үшін қиянаттың каупі мен сипатына корғаудың созсіз сәйкес келмеуі кажет. Бүл жерде созсіз сәйкес келмеушілікке қорғану-шының айдан айкын, анық түрде корғану шегінен асып кеткен киянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз. Сот тәжірибесінде едәуір емес молшердегі ботен біреудің мүлкіне кол сұқкан киянат келтірушіні өлтіру, адамның оміріне, денсау-лығына қауіпті емес күйде істелген бұзакылықты, ұсақ үрлықты тойтарудағы басқа адамның денесіне ау ыр дене жаракатын келтіру фактілері жиі орын алады.
Занда кажетті корғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі (99-бап) және кажетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыкка ауыр зиян келтіргені үшін (109-бап) әдейі жауаптылык козделген. Бул, яғни кажетті корғану шегінен асып кеткендігі үшін жауаптылык, тек касакана қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын корсетеді. Абайсыздыкпен істеген кажетті кор-ғану шегінен шығушылық үшін занда жауаптылык белгіленбеген.
Қажетті корғанудан жалған қорғануды ажырата білудің манызы да ерекше. Жалған қорғану деп киянат келтірушіліктен жорамалды түрде киянат келтіреді екен деп ойлап, оның байы-бына бармай корғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, кауіп жоқ.
Жалған корғану корғанушынын әр түрлі объективтік жағдай-ларға байланысты істелген катесі болып табылады. Мысалы, кор-ғанушы жәбірленушінін коғамға кауіпті емес әрекетін коғамға кауіпті екен деп кателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік караңғы тұскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң калың бак-тын арасындағы жалғыз аяк жолмен үйіне кайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жаткан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан кауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шыкпакшы болады. Оның артынан келе жаткан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жүман кілттоқтай калады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таякпен үрып құлатады. Нәтижесінде бейта-ныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде аныктағанда Жүманның артынан калмай келе жатқан адам соның турған жерініңтүрғыны болып шығады. Караңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып алдында келе жаткан адамнан калмауға тыры-сып, желе-жортып Жүманды қуып жетіп артынан ілесіп отыра-ды. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп та-ньшған.
Жалған корғану -- коғамға кауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, кылмыстык жауапка тартылады. Егер адам қажетті корғануды қолдануда озінің катесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жоддасынын үйіне кірудің орнына шатасып бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-нын үйге кірген тарсылынан ұйыктап жаткан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне уры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан, тосектін касында тұрған орындыкпен ша-кырылмаған қонактың басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жаракатын келтірген. К-нын корғануы бұл ретте занды корғану болып табылады. Біракол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің кате екенін сезбеген, сезуге міндетгі болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол озінін катесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздыкпен істеген кылмысы үшін жауаптылыкка тартылар еді.
Жалған қорғануда да накты тонген шын кауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоксандағы № 7 каулысынын 21-тармағында соттар шын корғануды жалған корғанудан айыра білуі керек. Мундай жағдайда өзінің болжау кателігін аңғармай және кателігін аңғару мүмкін болмаған адамның корғану қүралдарын колдануын кажетті корғану жағдайында істелген әрекет деп карау керек делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын үғынбай, зиян келтіретін болса, бірак істің мән-жайына карай мұны ұғына алатын және ұғынуға міңдетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапка тартылып оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

2.2 Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру
Қылмыс жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру институтын қылмыстық құқық теориясы мен сот тəжiрибесi ұзақ уақыт бойы қажеттi қорғану институтымен теңестiрiп келдi. Қазiргi қолданыстағы ҚР қылмыстық заңы оның құқықтық табиғаты қажеттi қорғанудан өзге, ерекше екендiгiн ескерiп, оны əрекеттiң қылмыстылығын жоятын жеке институт ретiнде қарастыру туралы қылмыстық заңға норма енгiздi. ҚР ҚК-ң 33-бабының 1-бөлiгiнде: Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу жəне оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса жəне бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайдың - делiнген. Қылмыскердi ұстау - қоғамға пайдалы əрекет. Ол жауаптылықтан құтылмайтындық қағидасын жүзеге асырудың бiр көрiнiсi. Өзiнiң құқықтық табиғаты бойынша қылмыс жасаған адамды ұстау актiсi азаматтардың қоғамға қарсы əрекеттердiң жолын кесу жəне оларды жасаған адамдарды өкiмет органдарына жеткiзу арқылы субъективтiк құқықтары мен моральдық парыздарын жүзеге асыру болып табылады. Ал бiрқатар субъектiлер, құқыққорғау органдарының қызметкерлерi үшiн, қылмыскердi ұстау - құқықтық, қызметтiк мiндет. Қылмыс жасаған адамды ұстау деп қылмыскердi ұстаудың заңға сəйкестiк шарттар бұзылмаған жағдайда, оны өкiмет органдарына жеткiзу үшiн күштеп қысқа уақытқа бостандығынан айыру əрекетiн түсiну қажет. Кез келген адамның, оның iшiнде қылмыскердiң де өмiрi, денсаулығы жəне басқа да құқықтары мен заңды мүдделерi заңмен қорғалатындықтан, қылмыскердi ұстау кезiнде келтiрiлген зиянның заңға сəйкестiгi туралы мəселенiң туындауы заңды болып табылады. Қылмыс жасаған адамға оны ұстау мақсатымен зиян келтiру əрекетi, егер адамның оны ұстауға құқығы бар болса жəне бiрқатар шарттарды сақтаса заңға сəйкес болып табылады Тəжiрибеде көбiнесе қылмыскердi ұстау құқығын қылмыстың жəбiрленушiсi жəне құқыққорғау органдары қызметкерлерi иемденедi.
Қылмыстық құқық теориясы қылмыскердi ұстаудың жəне оны ұстау кезiнде оған зиян келтiрудiң заңға сəйкестiк мынадай шарттарын белгiлейдi:
1)тек ғана қылмыс жасаған адам ғана ұсталуы қажет,
2)нақ осы аталған адам қылмыс жасады деген сенiмдiлiк болған кезде ғана күш қолданылуы қажет;
3ұсталатын адамға зиян, егер ол қылмыстық жауаптылықтан жалтару қаупiн тудырса ғана келтiрiлуi тиiс;
4)қылмыс жасаған адамға зиян, оны ұстау жəне тиiстi өкiмет органдарына жеткiзу мақсатында ғанакелтiрiлуi тиiс;
5) қылмыс жасаған адамды ұстау үшiн қолданылған шаралар қажеттiлiктен туындауы қажет;
6) қылмыскердi ұстау үшiн қолданылған шаралар жасалған қылмыстың қауiптiлiк сипаты мен дəрежесiне жəне қылмыс кердiң жеке тұлғасының қауiптiлiгiне сəйкес келуi қажет;
7)қылмыскердi ұстау шараларының сипаты оны ұстау жағдайына сəйкес болуы қажет;
8) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы
Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлар
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыс және одан қорғану шаралары
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Пәндер