Қарақұмық өсіру технологиясы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университет
Ержуманов Руслан Толегенұлы
А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы ЖШС-гі жағдайында қарақұмықтың сорттарын салыстыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамндығы 5В080100-Агрономия
Астана 2023
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қорғауға жіберілді
__________________
Кафедра меңгерушісі
__________________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығы ЖШС-гі жағдайында қарақұмықтың өсіру технологиясының ерекшеліктері
5В080100-Агрономия мамандығы бойынша
Орындаған Ержуманов Р. Т.
Ғылыми жетекші А.ш.ғ.кандидаты,
қауымд. профессор Кипшакбаева А. А.
Астана 2023
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
Терминдер мен анықтамалар
Белгілер мен қысқарған сөздер
Кіріспе
1. Әдебиетке шолу
1.1 Өсіру пайдасы
1.2 Қарақұмықтың экономикалық маңызы
1.3 Қарақұмық биологиялық сипаттамасы
1.4 Қарақұмық морфологиялық сипаттамасы
1.5 Қарақұмық өсіру технологиясы
Салыстыруға берілген сорттардың сипаттамасы
2. Зерттеу шарттары мен әдістемесі
2.1 Зерттеу орны
2.2 Зерттеулердің топырақ-климаттық жағдайлары
3. Зерттеу нәтижелері
3.1 Фенологиялық бақылаулар
4. Қарақұмық сорттарының өнімдігін экономикалық бағалау
5. Еңбекті қорғау
6. Қоршаған ортаны қорғау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Нормативтік сілтемелер
Осы әдістемелік нұсқаулықта келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер
пайдаланылды:
ҚР конституциясы. Конституция, 1995 жылдың 30 тамыз айында
республикалық референдумда қабылданды
2007 жылғы 27 шілде, Х9319-Ш ҚР Білім туралы заңы
2011 жылғы 18 ақпан, Хе407- ТУ Ғылым туралы заңы
2019 жылдың 28 қараша, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті КеАҚ-ң жарғысы.
Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік. МС ИСО
9000:2005
Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар. МС ИСО 9001:2015
Сапа менеджменті жүйесі. Ұйым стандарты. СО СМК 1.1.01-2015
Сапа менеджменті жүйесінің құжаттамасын құруға, ұсынуға және
ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған рәсімдемелер. Құжаттарды
басқару. ДП СМК 01 -2015.
Сапа менеджменті жүйесі. Құжатталған рәсімдемелер. Жазбаларды сапа
бойынша басқару ДП СМК 02 -2015.м
Анықтамалар жэне терминдер
Агротехника - ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсіру технологиясы.
Ауыспалы егіс - ғылымға негіздеп дақылдар мен сүрі жерді орналасу орнына, және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.
Сорт - белгілі бір дақылдың тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда өсіру үшін өнім мөлшері мен сапасын арттыру мақсатында селекциялық жолмен сұрыпталған және тұқымы жүйелі көбейтілген, шығу тегі туыстас және морфологиялық белгілері мен шаруашылық биологиялық қасиеттері бойынша ұқсас өсімдіктерінің тобы;
Өнімділік - бір өсімдіктен немесе нақты егіс ауданынан алынатын және тиісті өлшеммен белгіленетін орташа өнім мөлшері;
Бастапкы материал - жаңа сорт шығару үшін қолданылатын өсімдіктердің мәдени немесе жабайы түрлері;
Фенологиялық бақылау - өздерінің дамуында өсімдіктермен өтетін кезеңдерді фенологиялық кезеңдер деп атайды.
Себу жарамдылығы - талданып отырған тұқымдағы таза және өнгіш тұқымның пайыз мөлшері.
Сүрі танап - ауыспалы егіншілікте дақыл егілмей өңделіп, таза, қопсытылған күйінде сақталатын егістік танабы; Ылғал мен қоректік заттарды қолайлы жинау үшін бірнеше рет өңделетін танап.
Тұқым өсіру шаруашылығы - өсімдік өсірудің сортты тұқымдарды жаппай көбейтумен айналысатын сала.
Тұқым тазалығы - қапшықтағы бірінші орта үлгіден бөлінген белгілі бір шөкімдегі негізгі дақыл тұқымының пайыз мөлшері.
Тұқым дәрілеу - себілетін материалды ішкі және сыртқы өсімдік ауруларынан, егістікке себілген тұқымды және көктеп шыққан өскінді топырақ зиянкестері мен ауру таратушы микроорганизмдерден қорғау үшін химикалық заттармен зарарсыздандыру.
Фотосинтез - фотосинтетикалық пигменттердің қатысуымен көрінетін жарық энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарының энергиясына айналдырудың күрделі химиялық процесі.
Белгілер мен қысқарған сөздер
Бұл жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылды:
Ca - кальций
K - к алий
N - азот
P - фосфор
% - пайыз
г - грамм
м - шаршы метр
кг - килограмм
кгт - тоннасына килограмм
ЖШС "А.И.Бараева атындағы АШҒӨО" - "А.И.Бараева атындағы Астық Шаруашылығының Ғылыми-Өндірістік Орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. "
л - литр
миллион - миллион
мм - миллиметр
см - сантиметр
т - тонна
тг - теңге
Кіріспе
Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап басқа посткеңестік мемлекеттер сияқты экономиканы жаңғыртуға және халық шаруашылығының барлық секторларын дамытуға кірісті. Бұл кезеңде АӨК-те жаңа меншік нысандары мен бизнес-құралымдардың дамуымен сипатталатын ауыл шаруашылығын дамытудағы жаңа кезең қалыптаса бастады. Жүргізілген реформалардың ең маңызды нәтижесі аграрлық саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде ауыл шаруашылығында көп қырлы экономиканыңқалыптасуы болды. Алайда кез келген түбегейлі қайта құрулар мемлекет экономикасы үшін ауыртпалықсыз өтпейді. Көп жылдық өңіраралық және салааралық экономикалық байланыстардың бұзылуы ауыл шаруашылығындағы дағдарысқа алып келді.
Елдің ауыл шаруашылығы өндірісіне күрделі салымдардың үлесі 1997 жылы экономикаға салынған күрделі салымдардың жалпы көлемінің тек 1,5 %- ын ғана құрады. Табысты шаруашылықтардың үлес салмағы 1997 жылы 23,4 %-ды, шығынды шаруашылықтар 72,4 %-ды құрады.
Ауыл шаруашылығын көтерудің бірізді мемлекеттік саясаты, ауылды өркендету мен дамытуға бағытталған ірі нысаналы бағдарламаларды іске асыру ғана өзінің оң нәтижелерін берді. Саладағы түбегейлі бетбұрыс үнемі өсіп келе жатқан мемлекеттік қолдау мен тиімді қаржы саясатының арқасында мүмкін болды.
Тұқым шаруашылығы жүйесінде де күрделі жағдай қалыптасып отыр. Отандық тұқым шаруашылығы жүйесінің жеткіліксіз дамуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерінің тұқымдары бойынша қамтамасыз етілу төмендеуде. Мәселен, соңғы бес жылда бидай тұқымдарының импорты 7 есе, арпа тұқымдарының импорты 4 есе өсті, ал майлы, көкөніс дақылдары мен қант қызылшасы будандарының тұқымдары бойынша қамтамасыз етілу шамамен 10 %-ды құрайды. Ауыл шаруашылығының техникалық паркін жаңарту қарқыны да уақыт талабынан арта қалуда. Мәселен, 2020 жылы бұл көрсеткіш нормативтегі 6 - 8 %-дың орнына 4,1 %-ды құрады. Қазіргі уақытта техникалық парктің шамамен 76 %-ының пайдаланылу мерзімі 10 жылдан асады. Көпшілігінде өңірлердің өсімдік шаруашылығы саласында нақты әртараптандыру жоқ, бақылаудың пәрменді әдістерінің болмауы аясында жер пайдалану қағидалары бұзылуда.
Органикалық егіншілікті дамыту бойынша қолда бар мүмкіндіктер тиісті деңгейде пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы 22 млн гектар алаңы ішінен органикалық өсімдік шаруашылығы технологиялары бойынша шамамен 1,5 % -ында ғана өнім өсіріледі. Бұл ретте шетелдік сарапшылардың есептемелері бойынша Қазақстанда пайдаланылатын егістіктің 46 %-ы (11,5 млн га) және жайылымдардың 70 %-ы экологиялық жай - күйі бойынша органикалық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын жүргізуге жарамды. Елде органикалық өндіріс саласында көрсетілетін сертификаттау қызметтерінің ішкі нарығы жоқ. Органикалық өнім өндірушілерді ұжымдық сертификаттау нысандары жоқ. Органикалық өнім өндіру мен оның айналымының нормативтік-құқықтық базасы жетілдіруді кажет етеди [1].
2018 - 2020 жылдары карантиндік обьектілер ошақтарының алаңы 135,8 мың гектардан 2021 жылы 61,8 мың гектарға дейін төмендеді. Сонымен қатар интеграциялық процестердің дамуына және басқа елдермен тауар айналымының өсуіне байланысты фитосанитариялық қызметті жаңғырту мәселесі өзекті болып тұр. [1]
Отандық агроөнеркәсіптік кешен үшін жағдай жасау мақсатында өсімдік шаруашылығының жекелеген бағыттарын дамыту жөніндегі, оның ішінде әртараптандырудың төмен деңгейінің, селекциялық жұмыстың және тұқым шаруашылығы жүйесінің артта қалуының, отандық селекцияның тұқымдарымен қамтамасыз етілмеуінің, топырақ құнарлылығының нашарлауының, су үнемдеуші технологияларды суаруда қолданудың, саланың техникалық және технологиялық жарақтандырылуының және т.б. проблемаларын шешуге бағытталған егжей-тегжейлі жол карталары әзірленетін болады. Органикалық егіншіліктің дамымауы, органикалық шикізатты өндіру және өңдеу технологиясының артта қалуы, ал органикалық өндіріс саласында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен ұлттық стандарттар отандық өндірушілердің мүдделеріне жауап бермейді және халықаралық практикаға сәйкес келмейді. [1]
(Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы е 960 қаулысы Брз:а4Пет.т7ап.К7Ка74ос$Р21000 00960#711)
1.Әдебиетке шолу
Қарақұмықтың Қазақстан Республикасындағы орны
Қазақстанда қарақұмық үшін егіс алқабы 2021 жылы 120 мың га құрайды. Қарақұмықты, біз білгендей, құнарлы топырақта өсірген дұрыс. Бейтарап қышқылдық деңгейі бар саздақ пен құмды саздақ жерлер бұл өсімдікке жақсы сәйкес келеді. Қазақстанда қарақұмық негізінен Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі. Оның ең азы Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Статистикалық мәліметтерге сүйінсек, 11 айда қазақстандық кәсіпорындар 36 мың тонна өнім шығарды. Осы кезең ішінде, қарақұмық жармасы мен ұнның экспорты 10% - ға төмендеді. 2022 жылы шетелге 7,3 мың тонна өнім сатылды, ал 2021 жылы 8,1 мың тонна экспортталды. (https:agro-mart.kzkkvyrashhiva nie-grechihi-v-kazahstane)
Қарақұмық топырақтың жағдайын жақсартатын дақылдардан кейін отырғызылуы керек. Бұл бұршақ дақылдары мен күздік дақылдар. Оның алғы дақылы - картоп, қызылша, жүгері, күздік бидай, люпин, зығыр. Және де, қарақұмықты оған дейін күнбағыс, жаздық дәнді дақылдар, құмай өскен танапқа отырғызу ұсынылмайды.
Бұл дәнді дақыл өсу кезінде температура мен ылғалға қойылатын талабы жоғары болып саналады. Ол жылуды жақсы көреді. Сондықтан отырғызу алдында жақсы жарықтандырылған және желден қорғалған аумақты таңдауымыз керек. Қарақұмық - ылғал сүйгіш дақыл. Оның тамыр жүйесі нашар дамыған, ол құрғақшылыққа төзімсіз. Вегетация кезеңінде, яғни егу және өскін пайда болғанда, қарақұмық ылғалды көп қажет етпейді. Топырақтағы су қоры шамамен 25 мм болуы керек, бірақ бүршіктердің даму кезеңінің басталуымен бұл қажеттілік 2 есе артады. Тереңдігі 0,5 м-ге дейінгі жер қабатында ылғал қоры шамамен 60-90 мм қажет етеді. Жоғарыдағы жазылған мәләметке сүйініп, қарақұмықтың 1 г құрғақ массасын қалыптастыру үшін 500-600 г су қажет ететін есептеуімізге болады. Сондықтан, болашақта шаруа қожалықтың орналасу аймағына қарай агрометеорологиялық жағдайын ескере отырып, дақылдың тиімділігін есептеу керек.
1.2 Қарақұмықтың халық - өндірістік маңызы
Қарақұмық - ең маңызды жарма дақылдардың бірі болып саналады. Қарақұмық жармасы өте қоректі және жағымды дәмімен ерекшеленеді. Е дәруменінің арқасында қарақұмық ұзақ уақыт сақтауға болатының білеміз. Қарақұмық жәндіктермен айқас тозаңданатын өсімдік. Аралар 1 га қарақұмық тозаңынан 70 кг-ға дейін бал жасайды. Ал кейбір деректерде сенсек, қолайлы метеорологиялық жағдайда бал өнімділігі 90 кг га дейін жетеді. (Құдайберген Г.К. , Популярные лекции, Астана, 2013, б 49)
Қарақұмық жармасы жоғары сіңімділігімен, қоректік қасиеттерімен және жақсы дәмімен ерекшеленеді. Оның құрамына крахмал - 82%, ақуыз - 10%, май - 3%, қант - 0.3% , жасұнық - 2% кіреді. Қарақұмық дәніндегі ақуыздың мөлшері өсіру жағдайларына байланысты - топырақ пен ауаның ылғалдылығының жоғарылауымен оның мөлшері азаяды, ал құрғақ ауа - райында ол жоғарылайды. Қарақұмық дәннің ақуыз құрамы басқа жармалардың дәндері ақуыздарынан ерекшеленеді. Олардың негізгі бөлігі тұзды ерітінділерде және суда еритін глобулиндер мен альбуминдерден тұрады; алкоголь мен сілтілерде еритін ақуыздар әлдеқайда аз. Тұз бен суда еритін фракциялар 60-67% құрайды, оның 12-13% - альбуминдер, тек 3-7% - проламиндер (алкогольде ериді).
Қарақұмық ақуыздарының сіңімділігі өте жоғары (сіңімділігі 75%). Жарма ақуыздарының тағамдық құндылығы келесі ретпен төмендейтіні анықталды: қарақұмық, күріш, бидай, арпа, жүгері. Сүтпен жасалған қарақұмық ботқасы аминқышқылдық құрамы бойынша етке жақын.
Тары қоспағанда, қарақұмық жармасында басқа дәнді дақылдарға қарағанда майлар мөлшері көп. Ол, негізінен, линол және линолен қышқылдары болып саналады. Майлардан басқа қарақұмық дәнінде көптеген дәрумендер бар: Е, РР (рутин), В2 (рибофлавин), Вс (фолий қышқылы), В6, В1 (тиамин). Қарақұмық Е витаминінің арқасында бұзылмай ұзақ сақталып, қоректік қасиеттер жоғалтпайды. Қарақұмық сонымен қатар микроэлементтерге бай, олар: марганец, мыс, темір, магний, кобальт.
Өсімдік вегетативтік массасының тез өсуі мен жинақталуына байланысты қарақұмық топырақ жамылғысын күн сәулесінен қорғап, топырақтағы суы буларын біразын ұстайды. Және де, біржылдық және көпжылдық арамшөптердің басады. Қарақұмықтан кейінгі егіс алқабтардың топырақ үстіңгі қабаты тығыздалмайды, өйткені дәнді дақылдардан кейін ол оңай өңделеді. Яғни, бұл өсімдіктің тамырынан пайда болған саңылаулар арқасында болатынын дәлелдейді. "Технология производства и переработки гречихи" (Б. Ахметов, А. Мауленов, 2016) - книга о технологиях производства гречихи и ее переработке, а также о проблемах и перспективах развития этой отрасли в Казахстане.
Қарақұмықтың вегетациялық кезеңі қысқа. Агроклиматтық жағдайы нашар жылдарда қайта егілген күздік немесе өспей қалған ерте дәнді дақылдар кезінде ол сақтандырушы дақыл ретінде пайдаланылады. Оған қоса, қара және қоңыр топырақ аймақтарында күздік дақылдарды егуге мүмкіндік беретін, қарақұмықтың ерте пісетін сорттары шығарылады.
Бұл дақылдың қолдануы тек қана тамақтану саласында тоқтамай, әрі қарай косметологияда, мал шаруашылығында, және де құрылыс саласында да кеңінен қолданылады. Қарақұмықты қолданудың бірнеше мысалдары:
1) Бәрімізге ең танымал - тамақтану саласы. Қарақұмық ақуыздарға, кальций, темір, магний, фосфор, витаминдерге және басқа минералдар сияқты қоректік заттарға бай. Оның құрамында антиоксиданттар мен полифенолдар кіреді, олар денені бос ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz