Қазақ мәдениеті - қазіргі Қазақстан аумағында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының мәдениеті


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Esil University
Қолданбалы ғылымдар факультеті
Қазақ тілі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Мен өз мәдениетімді мақтан тұтамын"
Оқушы : Сахтанов. Т. E (ПОЭБ-130)
Окытушы : Тлегенова К. А
Астана қаласы, 2023г.
Жоспар:
- I- Бөлім: Қазақ мәдениеті.
- II-Бөлім: Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.
- III-Бөлім: Қорытынды.
I- Бөлім: Қазақ мәдениеті.
Қазақ мәдениеті - қазіргі Қазақстан аумағында бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының мәдениеті. Қазақ халқы ежелден бері өзінің қонақ жайлылығымен таныс, және де бұл біздің мәдениетіміздің үлкен бір бөлшігі болып саналады. Қазіргі таңның өзінде де Қазақстан Республикасы басқа ұлттар мен елдердің көзінде өзінің қонақжайлылығы үшін жылы лебіздер алып жатады, бұл біздің әдемі мәдениетіміздің бір бөлігінің өзі мақтанарға тұрарлық нәрсе деп есептеймін. Менің ойымша тағыда айтуға тұрарлық мәдениеттің бірі - ол біздің «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мысалдан туған біздің бір-бірімізге деген сыйластық. Қонақжайлылықтың өзі, адамдардың бір-біріне деген сыйластығынан туған нәрсе деп ойлаймын. Айналып келгенде бәрі бір-біріне тікелей байланыстыы болып шығады. Қазақ балалары әрдайым үлкеннің сөзіне қарсы шықпаған, өйткені үлкен кісілер өзінің өмірлік тәжірибесіне байланысты дана және ақылды болып есептелінген, сондықтан да балалары ата-аналарының сөзіне әрдайым құлақ түрген және өте қатты сыйлаған. Бұл кезде ананың орны мүлдем бөлек ерекше орында болған, ер жігіттер алыс сапардан үйіне оралғанда біріншіден анасына сәлем берген, одан кейін әкесіне. Бұл анаға деген сыйластық, жалпы қазақ қыздарына деген сыйластықты көрсетеді. Қазақ халқы қыздарын өте ерекше орынға қойған, нәзік жандарға кішкентай кездерінен қамқорлықпен қараған, сондықтан да мен Қазақ халқын өте дана халық деп есептеймін.
Жалпы Қазақ мәдениетін сипаттайтын көптеген заттар бар, соның ішінде: Киіз үй, қазақтың ұлттық киімдері, тақия, сәукеле сияқты тұрмыстық заттар бар, және де домбыра, қобыз деген сияқты күй шертетін музыкалық астаптарда біздің мәдениетті жақсы сипаттайды. Қазақ халқының әрбір күні мереке деп айтсам қате айтпаймын деп ойлаймын, өтйкені ежелден бері қазақ халқы өте көңілді, әр күні ән мен биге толы халық болған. Соның ішінде қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан танымал мерекелердің бірі Наурыз. Наурыз-Иран және түркі халықтарының астрономиялық күнтізбесі бойынша көктемнің келу мерекесі болып есептеледі. Наурыз мерекесінде көптеген қызықты ойындар ойнатылады, күй шертіледі, балалар алтыбақан деген алты бағандағы әткеншекте ойнайды және де өте көптеген қызықты жарыстар өткізіледі. Әрине қазақтың ен дәмді тағамдарының бірі Наурыз көже туралы ұмытуға болмайды, оны әрбір қазақ Наурыз мейрамында сүйсініп ішеді.
II-Бөлім: Қазақтың дәстүрлі мәдениеті.
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білемін. Ол Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Екінші, дәстүрлі мәдениетімізді, яғни қолөнеріміз жайлы ауыз толтырып айта аламыз. Қолөнер мәдениетіміз өте тереңнен бастау алады. Скифтің алтынмен апталған, күміспен күптелген дүние мүліктерінен бастап, өзіміздің күні кешеге дейін әке-шешеміз тіккен киіз үй - қолөнердің ең ұлы шыңы. Киіз үйдегі сүйектен, ағаштан, киізден, шиден т. б. жасалған қажетті заттардың бәрінен құрастырылған ғажайыпты ақыл-ойдың нәтижесі, табысы деп қабылдауға болады. Бұл ретте көшпелілер өзінің тұтынатын қолөнер заттарын өнер деңгейіне жеткізген. Мен бала кезімде шешей қымыз сапырып отыратын мүйіз ожауды ұстап ойнаудан жалықпайтынмын. Кейін тура сондай мүйіз ожауды Орталық мемлекеттік музейден көргенде көзіме жас үйірілді. Қандай сұлулық! Неткен әдемілік! Демек, көшпелілер өнер деңгейінде өмір сүрген. Тұтынған заттарының барлығы өнер деңгейінде болған. Ол тозса, қайтадан одан да жақсы қылып жаңасын жасайтын болған. Қолөнердің ұлы туындысы - киіз үй.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz