Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі

«Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы образдардың жасалу жолдары»

Оқушы:

Пән мұғалімі: Косаева Айнур Тайузаковна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сыныбы:

Жұмыстың бағыты Шығармашылық жұмыс. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.

Байзақ ауданы, 2023 жыл

Мазмұны

І. Аннотация . . .

Кіріспе . . .

1. Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында образ жасауда портреттің берілуі

2 Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Зерттеу күнделігі . . .

Пікір . . .

АННОТАЦИЯ

М. Кекілбаев -ойшыл, тарихшы, прозаик, қазақ қоғамының белді тұлғасы. Өзінің шағын болсын, ірі көлемді пэзиялық шығармалары болсын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, ұрпаққа аманаттау еңбегімен болсын, 76 жасқа келіп, дүниеден өткенше күлллі ғұмырын өз халқына қызмет етіп, шығармашылық жолында да қаламын қолынан түсірмеді. Кеңестік идеологияны және оның саясатын түсіндіретін әдебиеттен кейін, саясаттың салқыны азайып, жылымық кезеңге өмірі тұспа-тұс келген жазушы бұл мүмкіншілікті құр жіберген жоқ, қазақ халқының тарихына терең бойлаған құнды шығармалар тудырды. Өз көзқарасы, ұстанымы айқын ойшылдың айтары нақты, бағдары анық еді, соның арқасында айтарын ірікпеген Ә. Кекілбаевтың туындылары асыл мұралардың бірі болып, жаңа ұлттық санамызды қалыптастыруға үлес қоспақ. Расында, мұндай тұлғаның ұлтымыздың тарихында, қазақ болып туылуын мақтанышпен айта аламыз. Осы тұлғалармен сусындап өскен ұрпақтың ұлттық танымы да, тәрбиесі де, мінезі де, өзінің қоғамдағы орны да, ұлттық болмысы да дараланып тұруы керек. Жоба құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Барлық бөлімде ғылыми жұмыс тақырыбына сәйкес образ жасаудағы Әбіш Кекілбаевтың өзіндік ерекшеліктері барынша тереңірек талданды.

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың көкейкестілігі: М. Кекілбаев романындағы образ жасау ерекшеліктерін нақты талдауларға жүгіне отырып, бүгінгі оқырманға салар ойы тұжырымдалды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: М. Кекілбаев романындағы образдармен адам шындығының дәуір шындығымен сабақтастығын көрсету. Тарихтың көркем әрі шынайы бейнесі, ұлттық құндылықтарымыз М. Кекілбаевтың

«Аңыздың ақыры» романынан көрініс тапқандығын айқындай отырып, мәні мен маңызын тұжырымдау.

Міндеттері:
  • М. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романындағы образдардың әдебиеттен алатын орнын бағамдау;
  • Жазушы романындағы образдар мен өмір құбылыстарын тарихи шындықпен салыстыру;
  • ақынның шоқтығы биік шығармасынан берілген негізгі ойларын бүгінгі күннің тарихымен сабақтастыру.

Объектісі: М. Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы

Зерттеу әдістері: Біздің ғылыми жұмысымыз Адам шындығын дәуірлік шындыққа ұластыра суреттеудегі стильдік алуандығы, образ сомдау шеберлігі, тіл көркемдігін ашу үшін талдау, салыстыру, т. б. әдістер қолданылды.

Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Ғылыми жұмыста зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, философиялық-аналитикалық бейнелеу тұрғысынан бүгінгі уақытпен де өзектес қасиеттерді, тәлім мен тағылымды бойға сіңіруге тырысқан шығармашылығымен деңгейлес тамаша туынды жасауға әбден төселген М. Кекілбаевтың романындағы образдардың жасалу жолдарын тілге тиек ете отырып, үлгі мен өнегені бойға сіңіруге тырысқан ұлттық құндылықтарымызды қорытындыладық.

Ғылыми жұмыстың теориялық және практикалық негіздері:

Абдиманулы О. ТРАДИЦИИ И НОВАТОРСТВО В КАЗАХСКОЙ

ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ПРОЗЕ. 2018 Al-Farabi Kazakh National University, Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (170) . 2018 [1], Б. Б. Баязитов ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» РОМАНЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ. ISSN 1563-0323, eISSN 2618-0782 Филология сериясы. №2

(182) . 2021 https://philart. kaznu. k [2] секілді зерттеу еңбектері және ғаламтор сайттарынан маңызды мәліметтер қарастырылды.

Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романында образ жасауда портреттің берілуі

Объектіге алынған туындыда 3-ақ басты образ бар: әмірші, шебер, кіші

ханша. Басқа да күтуші әйел, Үлкен ханша, саудагер, т. б. кейіпкерлер алдыңғы үш образды ашу үшін көмекші кейіпкерлер.

Романда басты образдар әмірші, шебер, кіші ханша портреттерінің көмегімен автор:

  • оқырманға кейіпкердің жағымды немесе жағымсыз қасиеттерін көрсету;
  • қаһарманның әлеуметтік жағдайын көрсету;
  • кейіпкерінің дүниетанымын сипаттау;
  • қаһарманның қарама-қайшы сипаты болса, оның ішкі жанжалын ашу;
  • кейіпкердің басқа адамдармен қақтығыстарын көрсету, олардың арасындағы қарама-қайшылыққа назар аудару;
  • ішкі тәжірибесі, қорқынышы, т. б. жеткізу, кейіпкердің арманы мен ұмтылысын көрсету;
  • жағымсыз кейіпкерге жанашырлық немесе жиіркеніш білдіру;
  • оқиға бойы кейіпкердің қалай және неліктен жақсы немесе жаман жаққа өзгеретінін көрсетеді.

Портрет әрқашан авторлық түсініктемелермен бірге бола бермейді. Кейде жазушы суреттелген кейіпкер туралы оқырманның өзі қорытынды жасағанын жөн көреді. Сондықтан оқу барысында портретке ерекше мән беру керек.

Суреткердің бұл туындыда ерекшелігі образдарының портретін экспозициялық жолмен бірден бермейді, керісінше, динамикалық жолмен

оқиға барысында біртіндеп беріп отырады. Мысалы, әмірші портретін ішкі мінез ерекшелігін сипаттай отырып, бір сөйлеммен әр оқиғаға байланысты сараң бейнелейді.

Әміршінің портретімен ең алғашқы таныстық ханның жорықтан қайтып келе жатқан сапарына байланысты төмендегіше берілген: Бұрын тасбақаның дауылы мен қазанның кірісінде жолға шықпаушы еді. Осы жолы елге қалайда көктем басында оралам деп амалсыз ұрынып отыр. Бірақ әлдекімнің қарсылығын көрсе, бұрынғысынан бетер қарысып бағатын әдетіне басып, әбден тістеніп алды . Дүниені көктемде бір дүрліктіретін жел күшті ме, жоқ, қаласа жарық жалғанның астын үстіне келтіретін бұл күшті ме? Дегенмен, найзаға ілікпейтін, қылышың кеспейтін мына жел деген пәленің осынша жын ойнағына зығырданы қайнап та келеді. Сонда да, тоқтаймыз ба, қайтеміз дегендей, сары күймені айнал соқтап, қайта- қайта келе берген қол басыларына еш шырай танытпаған-ды . Сырттағы ышқына ұлып тұрған желді көрмеген, естімеген кісіше сұп-сұр боп қатқан да қалған [8, 3-б. ] .

Алмас ханның бар назары шаһар үстіндегі шалқар аспанға асқақтай бой көтерген жаңа мұнарада [8, 8-б. ] .

Мұнда келгенде әмірші өзге сарайлардағыдай қақырайып та отырмайды [8, 9-б. ] .

Саябақтың оңаша түкпіріне барып, сылдырап ағып жатқан бұлақ басындағы қойтастарға отырады да қояды. Мынау жарық жалғанда тек осы бір аядай тұма бұлақтың басында ғана ол өзін билеуші сезінбейді [8, 9-б. ] .

Кіші ханыммен байланысы бар деген күдікпен Жаппар шеберді шақыртып, алдына келтірген оқиғада әміршінің сипатын тағы бір беріп өтеді: Хан сарайдың қақ ортасында хауыздың қасында күшігендей боп, бүрісіп отырған қара сұр кісі нің індете қараған шегір жанарынан ештеңе бүгіп қала алмады[8, 82-б. ] .

Міне, осылайша динамикалық сипатта әмірші әр оқиғаға байланысты ішкі жан дүниесімен бірлікте беріліп отырады.

Бұл үш басты образдың әрқайсының мақсаты, әдеттері, көңіл-күйлері, қорқынышына дейін берілген толыққанды сипатталған кейіпкерлер.

Әміршінің әр істі бастар алдында, жорыққа шығар кезінде, қандай да бір шешім қабылдар уақытында құран аштыратын әдеті бар. Барлық адамның тағдырын қолында тұрған әміршінің де өз қорқынышы бар, ол - елдің сөзі. Елдің өсегіне қалып, абыройдан айрыламын деген оймен жас шебердің көзін ойып, тілін кесіп, бас шеберді зынданға тастатты. Осы шешімге келмес бұрын әмірші көп ойланып, көп толғанды, қаншалықты көңіл-күйді бастан кешірді.

Әміршінің мақсаты - елді қатыгездігімен, қаталдығымен қорқытып, бағындыру, жас шебердің мақсаты - өнерімен елді бағындыру, кіші ханымның мақсаты - өз махабатымен әміршіні баурап алу.

Шебер мен кіші ханымның да динамикалық сипатта ішкі жан- дүниелерімен қоса өрілген бейнелері сомдалған. Бұл екі образдың ерекшелігі лейтмотивтік портреттері әр оқиға тұсында көз алдымызға келіп отырады.

Шебердің лейтмотивтік портреті - оның мойылдай қара көздері. «Оны соңғы қатарда жан-жағына алақтай қарап отырған мойыл көз қара жігіт Жаппар естіген де жоқ, түсінген де жоқ[8, 40-б. ] . Басты образ Жаппар шебердің «мойыл көздері», «алақандай екі нұрлы көзі», «жас жігіттің іші бауырына кіріп жатқан әдемі жанарына арбалды да қалды . . . деген сипаттармен шығарманың өн бойында лейтмотивтік портрет болып берілуі, оның осы көздерімен ел көрмейтін әсемдікті көретінін, ханшаның өзін ғашық қылатын көркемдігін, кейін осы мойылдай қара екі көзінен бірдей айрылатынынан хабар бергендей болады.

Кіші ханымның да сән-салтанаты бірнеше жерде берілгенмен, бұл образдың да шығармада берілетін портреті лейтмотивтік, суреткер кіші ханшаның уыз жас екеніне баса назар аударады. Өйткені кіші ханымның тазалығы, іңкәрлігі, шынайылығы, Үлкен ханыммен салыстырғанда, балалары болмағандықтан және тәжірибесіздігінен туындайтын әлсіздігі, т. б. сыйдырып тұрған бір ауыз сөз - оның жас екендігімен берілген: «Ана бір жылы анасының сөзі есіне түсіп, нағашы жұртынан кіші әйелін алды. Он алтыға енді шыққан

бала қыздың мінезі баяғы алғашқы әйелін есіне түсірді. Тарпаң-тұрпаңсыз, биязы. Биліктің әзәзіл дәміне әлі құныға қоймаған уыз жас» [8, 26-б. ]

Үлбіреген бала қыздың өзінің әйелі екені шын[8, 30-б. ] .

Жазушы кіші ханым мен шебердің лейтмотивті портреттерінде осы екеуінің ерекше қасиеттеріне, бірінің уыздай жастығына, екіншісінің әдемі махаббатқа толы көздеріне баса назар аудартып, шығарманың өн бойында аз- аздан, қайта-қайта келтіріп отырады. Мұндағы лейтмотивтік портреттің таңдалып алынуы шығарманың аңызға құрылуына да байланысты, бұл үлкен эпикалық туындыларды жазып төселген жазушының шеберлігін танытады.

2 Жазушы романында образ жасаудың монологтік қолданыстары

Бағынышты халықтарды билеп, онсыз да ұлан-ғайыр жерді ұлғайту өнерінде табысқа жеткен Ұлы Әмірші өзінің тұлғалық философиясын орнықтыру жолында ауыр жеңіліске ұшырайды, сондықтан автор әміршінің ой, сезім әлеміне ерекше назар аударады. Әміршінің ішкі дүниесі авторлық баяндау арқылы ашылады, кейде бұл авторлық баяндау кейіпкердің монологтік жеке сөзіне айналып, әміршінің айналасындағылардың ой- өрістерінің өзіндік ерекшелігін жеткізіп қана қоймай, адамдарды үнемі мазалайтын өмірдің мәні туралы іргелі сұрақтарға жауап іздеуді күшейтеді.

Ә. Кекілбаев бұл романда әрбір образдың жасалуында монологты ерекше қолданады. Монологтің небір түрлері кеңінен қолданылған. Атап айтқанда, өлер алдында айтылған монолог, лирикалық монолог, айыптау монологі, ой толғау монологі, шешеім қабылдау монологі, жалғыз өзінің өзімен не басқа кейіпкермен сөйлесу монологі, т. б.

Оның ішінде оқиғаның байланысы іспеттес әміршінің кіші ханымға үйленуінде, оған анасының соңғы ақтық демі таусыларда айтқан сөзі ерекше. Бұл әміршінің анасының өлер алдында баласына қарата айтқан сөзі - монологі:

«Анасы марқұм өлерінде, арса-арса сүйегін зорға көтеріп жатып:

- Балам, сен арманыңа жеттің. Ал мен арманда кетіп барам. Жапан түздегі оқшау әулиенің ағашындай жалғыз қалпыңда тастап барам. Астыңдағы тақты кебісіңнен мықты көрме - одан да сыз өтеді. Үстіңдегі ақ ордаңды сауытыңнан мықты көрме- оған да көз өтеді. Жан-жағыңдағы әр қатыннан тараған торпағыңды айбар тұтпа- оларға да сөз өтеді. Қаптаған қалың әскеріңді қалқаныңнан мықты көрме- оған да көз өтеді. Қайбір ыстық- суығыңды бір көріп, бір көрпеден еретін әйелің бар. Әр көрпенің астындағы әйел де бір - үйірдегі бие де бір. Сауырындағы сенен гөрі бауырындағы құлыны жақын. Жылқы баласының еркегі, тісі қатайған соң, үйірден алдымен атасын шайнайтын. Содан сақ бол. Көп ұлды кім тауып көріпті. Қартайған шағында апанын бөлтіріктеріне алдырып, желдің өтінде қалған кәрі бөрідей әрі-сәрі күнге ұшырамайын десең, көп баланың бірін баулы. Көп қатынның бәрінің көңілін табам деп шөре-шөре болмай, қадіріңді өткізіп, бірін тұтын.

Сенің әкең, ұлы жалғыз өзің болған соң, ертерек аттан түсіп, билікті саған берді. Ал сенің балаң көп, өз күшіктеріңді өз көзіңше қырылыстырып қоймай, өле-өлгенше ешқайсысына тағыңды берме. Тұғырдан түскен соң, балалы қатыныңды сағалама - балаларына арқа сүйеп, басыңның қадірін кетіреді; баласыз әйелді сағала - балалы әйелдеріңнің алдында баласыздығынан қорғалақтап, өзіңді пана тұтып, өле-өлгенше сыйлап өтеді, - деген. Өзге жұрт есітпесін, өзі мықтап ұғып алсын дегендей, қолынан тас қып қысып ап, сыбырлап, қадалып айтқан осы сөздерді естігенде, бұның сай-сүйегі шымырлап қоя бергенді[8, 25-б. ] .

«Иә, бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды. Енді бұған қолмен ұстатқандай даусыз айғақ керек. Айғақкерді табу да оп-оңай. Жай-жапсарды бәйбішесінен сұраса, о да айтып береді. Бағанағы күтуші әйелден сұраса, о да айтып береді. Тіпті азбан құлдардың білуі де әбден мүмкін. Ал бірден-бірі білетін кісі - бас шебер. Бұлардың қайсысын шақырып сұрағаны дұрыс. Ендігі гәп сонда?»- бұл әміршінің ой толғау монологі.

«Барып, бұл дәмесінің ессіздік екендігіне көзін жеткізу керек, «өзіңді ажалға, мені масқараға ұрындырмай тұрып, мұнараны тез бітіре көр», - жалынуы керек. Егер бұны сүйетіні рас болса, айтқанын жерге тастай алмайды. Бейшара албырт жасты әзәзіл жолдан айбалтаның жүзімен кетіргенмен, бәрібір оның әлгіндей ессіз құштарлығы зәулім мұнараның басында мәңгі сайрап қалады; оны айламен ғана қайтару керек райдан; мынау терезесінен күні-түні жазғыра қараған жалбарынышты, үнсіз құштарлық пен тылсым іңкәрді бақыт аңсаған албырт көңілдің дегеніне жетіп, шын ғашықтың бірден тойынып, бірден қарық бола қалатын періште көңілі қуанышқа кенелген күні ғана жойдыруға болады; жанын жегідей жеген ғашықтық дертін дәл мынандай қып мөлдіретіп жеткізген шебер басына бір сәт қонған бақытты да айнытпай бейнелей алады; ендеше, оған сол басына қонған бақытты бейнелету керек; оны ұстаның әлгіндей асау дәмесінен атымен бейқам Әмірші де, былайғы жұрт та ертең күйеуімен аман-есен қауышқан ханымның риясыз

қуанышының табы екен деп түсінеді. Ендеше, асау дәме, албырт көңіл байғұс шебер жетсін дегеніне . . . » - бұл кіші ханымның ойтолғау монологі[8, 105-б. ]

«Сонда кешегі шебердің құштым деп отырғаны ханым емес, басқа біреу болғаны ғой. Әміршінің қас-қабағынан қорқып қалған қалтырауық немелердің тапқан ақылдарының түрін-ай! Қиқар жігіттің басын қырқып тынатын жерде сау бастарына сақина тілеп алғандарын қарашы! Апырай, әлгі неменің дәмесін қарай гөр! Падишаның ақ некелі төсегіне сұқтанған сұғанақ неменің көзін қалай құртса да, күнә емес. Оның үстіне ол қазір дегеніме жеттім, ханымның қыпша беліне қолым тиді деп жүр ғой. Кеше мұның алдына келгенде де, кешірілмес күнә жасап қойғанын әбден мойындап отырмады ма? Ендеше оның сол бір есірік ойын өзімен бірге құртып тыну

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың романы
Көркем образ жасаудағы кейіпкер тілі туралы
Әдебиет саласындағы бейне
Ғабит Мүсіреповтың «қазақ салдаты» романының қөркемдік ерекшелігі
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Әдебиет сабағындағы жаңа әдіс-тәсілдер
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Проза, оның даму сатылары және дәстүрмен жаңашылдық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz