Өндірістік жарылыс заттарын отпен оталдыру және технологиясы


М. Х. ДУЛПТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН
Мұнай, газ және тау-кен ісі
кафедра меңгерушісі
Кабдушев А. А.
«»2023ж
6ВО7221 Оқу бағдарламасы « Тау-кен ісі»
Бұрғылыу жару жұмыстарын жүгізудің технологиясы пәні бойынша
Курстық жобаны орындау үшін
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Тараз 2023
6ВO7221- «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасына сәйкес
«Бұрғылау-жару жұмыстарының технологиясы» пәні бойынша
/пән атауы/
Орындау Курстық жұмыс Бұрғылау және жару жұмыстарын жүргізу технологиясы
әдістемелік нұсқау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Нұсқауды құрастырушы: Тулеков МұхтарТакенович-. аға оқытушы - тау-кен инженері
/ф. и. о., лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы/ /қолы/
«Мұнай-газ және тау-кен ісі» әдістемелік нұсқаулары кафедра отырысында талқыланды
/атауы бөлімі/
№ 10 хаттама "16"қаңтар 2023 ж.
Кіріспе
Ашық және жер асты тәсілмен пайдалы кен қазбаларын өндіру негізгі және қосымша жұмыс процестерінен тұратынын алдынғы семестрде оқыған пәндерден білетін болатынсыздар. Негізгі жұмыс процестеріне олар: кен орнын дайындау; аршу; алу; тасымалдау; бос тау жыныстарын үймектерге орналастыру; пайдалы кендерді кен сақтау қоймаларына жыйнақтау. Осы жоғарыда келтірілген ашық және жер асты тау кен өндіру процестері кезінде дайындық, аршу, алу процестері ашық кен өндіру кез»нде болатын болса, ал кенді жер асты тәсілімен өндірген кезде жер астындағы кенді ашу және алу процестері болып табылады. Осы жоғарыда келтірілген технологиялық процестерді жүргізу кезінде бұрғылау жару процестері негізгі процестер болып есептеледі. Өндіріс саласында эенергетика, жылу, метал, құрылыс матариалдары және де басқада тұрмыста керекті заттарды өндіру барысында статистика ақпараты бойынша тау -кен өндірісі жалпы өнімнің 40-60 пайзын құрайды. Ашық тәсілмен пайдалы кендерді өндіру процестері 55-60 пайызын құрайды, сондықтан студенттердің санасына Бұрғылау - жару жұмыстарын жүргізу технолгиясы пәнін оқытып саналы түрде алған білімін дұрыс пайдаланып технологиялық дұрыс шешім қабылдау бұрғылау жару технологиясының негізгі міндеттері болып есептеледі. Пәнді оқудың негізгі мақсаттарының бірі тау кен мамандығының басқада тау кен маманына керекті пәндерді оқыған да қолданылады және де курсовой жұмысы мен диплом проекттерін жасаған кезде керек.
1. Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті
Ашық тәсілмен пайдалы кендерді өндіру процесі кен өндіру процестерінің 55-60 пайызын құрайды, сондықтан студенттердің санасына Бұрғылау - жару жұмыстарын жүргізу технолгиясы пәнін оқытып саналы түрде алған білімін дұрыс пайдаланып технологиялық дұрыс шешім қабылдау бұрғылау жару технологиясының негізгі міндеттері болып есептеледі. Пәнді оқудың негізгі мақсаттарының бірі тау кен мамандығының басқада тау кен маманына керекті пәндерді оқыған да қолданылады және де курсовой жұмысы мен диплом проекттерін жасаған кезде керек
2. Курстық жұмыстың тақырыбы
Ашық тәсілмен пайдалы кен қазбаларын өндіру барысында негізгі ашық кен өндірудің негізгі процестеріне жататын бұрғылау және жару технологиясын терең менгеріп, осы мамандықтың білгір мамааны болу үшін «Бұрғылау бұрғылау жару жұмыстарын жүргізу технологиясы» пәні бойынша курстық жұмысын жазу керек екендігі осы пәннің оқу бағдарламасында қарастырылған, сондықтан «Бурғылау жару жұмыстарын жүргізу технологиясы» курстық жұмыстың тыйянақты жоғары дәрежеде орындау үшін осы пәнді жүргізуші оқытушы арнайы оқу құралын қарастырған және осы әдістемелік нұсқауда келтірілген. Курстық жұмысты жазу үшін төменгідей тақырыптар қарастырылған. Олар төмендегідей:
- Термиялық бұрғылаудың технологиясы және колданылатын аспаптарды қолдану және мінездемесі
- Өндірістік жарылыс заттарын отпен оталдыру және технологиясы
- Өндірістік жарылыс заттарын электр тоғымен оталдыру және технологиясы
- Өндірістік жарылыс заттарын электр тоғын қолдану арқылы отпен оталдыру және технологиясы
- Өндірістік жарылыс заттарының нақты шығыны және карьерде жарылыс жасау кезінде пайдалану
- Өндірістік жарылыс заттарына алғашқы импульс беру құралдары және оның технологиясы
- Жер бетінде ор қазу кезінде өндірістік жарылыс заттарын пайдалану және қолданылатын жарылыс заттарының түрлері және нақты шығыны
- Карьерде штольня тау ен қазбаларын жүру кезінде қолданылатын бұрғылау аспаптары және өндірістік жарылыс заттары
- Карьерде контурлық жарылыс жасау технологиясы және қолданылатын жарылыс заттарыы мен технологиясы
- Карьерде бұрғылау процесін жүргізу кезінде тау жыныстарына байланысты бұрғылау аспаптарын таңдау және жарылыс заттрын таңдау
- Карьерде бұрғылау процесін жүргізу кезінде тау жыныстарына байланысты бұрғылау аспаптарын таңдау және жарылыс заттрын таңдау
- Карьерде бұрғылау процесін жүргізу кезінде тау жыныстарына байланысты бұрғылау аспаптарын таңдау және жарылыс заттрын таңдау
- Коксу кенішінде жалпы жарылыс жүргізу кезіндегі технологиялық процестер оның толықтай мездемесі
- Карьерде зумф қазу үшін қолданылатын өндірістік жарылыс заттары және толықтай технологиясы
- Электродетанаторды қолдану аймағы және жалпы жарылысқа импульс беру технологиясы
- Карьерде 2 м3тау жынысын жару, осы жағдайда жүргізілетін технологиялық процесстер есебін беріңіз
- Карьерде жарылыстан кейін пайда болатын қой тастарды бұрғылау және жару процестерін ұйымдастыру
- Карьерде 1м3тау жынысын бұрғылап жаруды ұйымдастыры, толығымен есептеп жару
- Бұрғылау процесі кезінде термиялық тәсілді қолдану арқылы тау жыныстарын бұрғылау және практикалық жағдайда қолданылатын өндіріс кен орындарында осы жұмыс қалай жүргізіледі
- Жер асты және жер үсті пайдалы кендерді өндіру жағдайында контурлық жарылыс жасау тәсілі және қолданылатын жарылыс заттарын қолдану арқылы жарылыс жұмыстарын жүргізу
- Тау -кен өндірісінде жарылысты электр және отпен оталдыру тәсілін қолдану арқылы тау жыныстарын қопару және жару процесін жүргізу «КНАУФ ГИПС Тараз» ЖШС тау жыныстарын қопару жұмыстарын жүргізу технологиялық прроцестерін практикалық жағдайда жүргізуін баяндау
- КНАУФ ГИПС Тараз ЖШС тау жыныстарын қопару жұмыстарын жүргізу технологиялық прроцестерін практикалық жағдайда жүргізуін баяндау.
3. Курстық жұмыстың құрылымы
Курстық жұмыс графикалық бөлімнен және есептеу-түсіндіру жазуларынан тұрады.
Графикалық бөлім өлшемдері ГОСТ 2. 301-68 бойынша сыртқы рамкасы 594*841 мм карандашпен орындалған А1 (А2-А3) форматындағы парақтардан тұрады.
Форматтың сол жағында 20 мм және қалған үш жағынан 5 мм-ден қашықтатылған ішкі рамка ГОСТ 2. 301-68-ге сәйкестікте тұтас сызықпен сызылады. Графикалық бөлімді орындау кезіндегі сызықтық қалыңдығын бейнелеудің күрделілігі және үлкендігіне, сондай-ақ сызба форматына тәуелділікте 0, 6-1, 5 мм шамасында ГОСТ 2. 301-68-ге сәйкестікте қабылдайды. Сызық қалыңдығы нақты сызбада бірдей масштабта сызылатын
барлық бейнелер үшін бірдей болуы қажет. Төменгі оң бұрышта графалары ГОСТ 2. 104-68 (1-сурет) бойынша толтырылатын ГОСТ 2. 301-68, 1-формасындағы негізгі жазу (штамп) беріледі. Штамптың 1-графасында «у» (учебный) символы, 2 -заттың массасы (мысалы), 3- сызба масштабы, 4-парақ номірі, 5 - графикалық бөлімдегі парақтар саны жазылады. Сызбалар стандарттық масштабтардың ұлғайтылуы және кішірейтілуін (ГОСТ 2. 302-68) сақтаумен орыналуы қажет. Табиғи мәні 1:1.
Кішірейтілуі
1:2 1:2, 5 1:4 1:5 1:10 1:20 1:25 1:50 1:75 1:100 1:200 1:400 1:500 1:800 1:1000
Ұлғайтылуы
2:1 2, 5:1 4:1 5:1 10:1 20:1 40:1 50:1 100:1
Сызбадағы жазулар ГОСТ 2. 304-81 бойынша сызба шрифтімен орындалады. Әріп және санның жазу жолының негізіне көлбеулігі шамамен 75º болуы қажет.
Шрифт өлшемі милиметрдегі жазба әріптер және сандар биіктігімен анықталады.
Шрифтің келесідегідей өлшемдері бекітіледі: 2, 5; 3, 5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.
Сызбалар және схемалар ереже бойынша қажетті спецификациямен (текстік құжаттармен), өлшемдермен және құрылыстың дайындалуы, жасалынуы, бақылануы, қабылдануы, пайдалануы және жөнделуі үшін қажетті мәліметтерден тұратын белгіленілермен карандашпен орындалады.
Спецификация, жинау бірліктері және жинақтары үшін негізгі конструкторлық құжат болып табылады және А4 (210-297 мм) форматындағы жеке прақтарда ГОСТ 2. 108-68 талаптарына сәйкестікте толтырылады.
Жинау бірлігі конструкциясына тәуелділікте оның спецификациясы келесідегідей тәртібте жоғарыдан төмен қарай жазылатын, бөлімдерден тұруы мүмкін: құжаттары, жинау бірліктері, бөлшектер, стандартты бұйымдар, басқада заттар, материалдар, жинақтар.
Есептеу-түсіндіру жазбасы жиектері солынан 25-30 мм, оңынан - 10 мм және жоғарысынан және төменінен - 25 мм қашықтықта болатын А4 (210*297 мм) форматында стандарты парақта орындалады.
Есептеу-түсіндіру жазбасына қойылатын талаптар ГОСТ 2. 106-68-де. Жазба көлемі 15 компютермен терілген беттен кем болмауы қажет.
Есептеу-түсіндіру жазбасы титульдық парағының үлгісі КОСЫМША 1 берілген.
Курстық жұмыс тақырыбына үйлесімдікте оның мазмұны кеңес берушімен бекітіледі және курстық жобаны істеу барысында дәлденеді.
Есептеу-түсіндіру жазбасы проблеманың жалпы және жекеше негізделуінен, өзінің ұсынысынан, есептеуден және алынған нәтижелерді талдаудан тұруы қажет.
Жазба белгілермен салыстырғанда қабылданған шешімдердің және варианттардың артықшылығына негіздеулі қажет. .
Курстық жұмыста нақты техника қауіпсіздігі, жұмыс сапасын бақылау амалдары және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс шаралар есепке алынуы қажет.
Түсініктеме хаттама құрамында мыналар болуы қажет: титульдық парақ, жобалауға берілген тапсырма, мазмұны, кіріспе, тапсырмамен қарастырылған бөлімдер, қорытынды (қабылданған шешім және ұсыныстар), қолданылған әдебиеттер тізімі.
Түсініктеме хаттаманың текстік материалы суреттермен, схемалармен, эскиздермен, графиктермен және жеке беттерде орындалатын және хаттамада оларға сілтеме берілген беттен кейін орналастырылатын диаграммалармен безендіріледі. Барлық безендірілулердің алмаспайтын номірленуі болуы қажет. Есептеулер Халықаралық жүйедегі СИ бірлігімен орындалуы қажет. Текстегі әдебиет көздеріне берілетін сілтемелер, әдебиеттер тізіміндегі көздердің реттік нөмірімен квадраттық жақшада көрсетіледі. Бірнеше көздер болған жағдайларда олардың нөмірлерін үтірмен бөледі, ал егерде бұл нөмерлер қатарласса, онда аралық номерлер орнына тире қояды.
1-сурет
Графикалық бөлім сызбалары үшін негізгі жазбалар
Қорытынды, курстық жұмыста студентпен алынған негізгі нәтижелерді қысқаша баяндаудан тұруы қажет.
Әдебиеттер тізімі ГОСТ 7. 1-76-ға үйлесімдікте толтырылады. Әдебиеттер тізімінде, тексте сілтемелер жасалынған барлық әдебиет көздері көрсетіледі. Көздер оларға сілтеме реттілігі бойынша орналасады.
Әдебиеттер тізімінде кітаптың авторлары үш және одан кем болған кезде, реттік номерден кейін олардың фамилиясы және аты, одан кейін кітап аты, басылу орны (қала), баспахана және басылу жылы келтіріледі. Мысалы:
- Сердалиев Е. Т. Тау жыныстарын бұрғылап-аттырып қопару. Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 ж. - 360 бет.
- Б . Н. Кутузов Взрывные работы Москва 1988 « Недра»
4. Курстық жұмыстың ұйымдастырылуы
Белгіленген үлгідегі бланкідегі (ҚОСЫМША 2) курстық жоба тапсырмасы ағымдағы семестрдің бірінші аптасында беріледі.
Курстық жұмысқа тапсырма берген кезде кеңес беруші студенттердің қызығушылығын, мүмкіншілігін және дайындығын есепке ала отырып жұмыстың тақырыбын түсіндіреді, бастапқы мәліметтерді, есептеу-түсіндіру хаттамасының және графикалық бөлімінің мазмұны (жасау кезеңдері бойынша) анықтайды. Студенттермен әңгімелескеннен кейін кеңес беруші қажет болған кезде мәліметтерді және есептеу-түсіндіру хаттамасының және графикалық материалдың мазмұндарының егжей-тегжейін дәлдеуге жатқызылатын қосымша көрсеткіштер береді.
Сонымен бір уақытта кеңес беруші курстық жұмысты орындау үшін қажетті құралдары (оқу кітаптарын, оқыту құралдарын, анықтама әдебиеттерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, арнайы материалдар және жасалуларды) ұсынады және жобалаудың негізгі кезеңдері үшін уақыттары көрсетілген жұмыстың орындалуы графигін бекітеді.
Курстық жұмыс бойынша кеңес беруді жүргізу уақыттары кафедрамен бекітіледі (аптасына 1-2 рет) .
Кеңес берішуге тапсырар алдында курстық жұмысқа студент қол қоюы қажет. Егерде жұмысқа қойылатын талаптар қанағаттандырылса, ол қорғауға жіберіледі, бұл кеңес беруші (жетекші) қол қоюымен бекітіледі.
Тапсырма құрамында кіретіндер: жұмыс тақырыбының аты, бастапқы мәліметтер, жасалынуы қажет сұрақтар тізімі, графикалық бөлім парақтардан аттары, ұсынылған әдебиеттер тізімі. Ұсынылатын әдебиет көздері ұйымдастырылуы немесе технологиясы, бойынша есептерді студентің өзі шешуі үшін арнайы сұрақтардан тұрады.
5. Курыстық жұмысты қорғау
Курстық жұмысты қорғау студенттерге ұсынылатын инженерлік сұрақтарды жан жақты негіздеп шешуді дағдыландыруды үйрету және істелінген жұмысты ексерудің ерекше формасы болып табылады.
Топ студенттерімен жұмысты қорғау, жұмыс кеңес берушісі (жетекші) тікелей қатысуы кезінде кафедра кестесімен бекітілген күндерде кафедрамен тағайындалған арнайы комиссия қатысуымен жүргізіледі.
Қорғауға жұмыс жетекшісімен сызбаларға және түсініктеме хаттамаға қол қойған студенттерге рұқсат етіледі.
Орындалған жұмыс бойынша қорғау, студенттің қысқаша баяндамасынан (8-10 мин) және сұрақтарға жауаптардан тұрады.
Сұрақтар қорғауға қатысып отырған оқытушылармен беріледі.
Жұмысты қорғау кезінде студент жұмыс маңызы бойынша барлық түсініктемелерді беруі қажет.
Жоғарғы оқу орындарындағы курстық емтихандар және сынақтар жөніндегі ережедегі төрт балды жүйедегі дифференцияланған бағалармен («А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-, D+, D, D- ») бағаланады.
Курстық жұмысқа қорытынды баға түсініктеме хаттама, графикалық материалдар, жұмыс ритмі (жұмыс ритміне бағаны жұмыс жетекшісі қояды) және жұмыстың өзін қорғау бағалары негізінде қойылады.
Студент қорғау кезінде қанағаттандырылмаған деген баға алса комиссия шешімі бойынша жұмысты аяқтайды, қосымша таспырма алып оның тағыда қорғайды немесе жаңа жұмысты орындайды.
Белгіленген уақытта курстық жұмысты көрсетпеген немесе белгісіз себептермен оны қорғамаған Студент, академиялық қарызы бар деп есептелінеді.
Теориялық және практикалық құндылығы бар курстық жұмыстар студенттердің ғылыми қоғамы конкурсына ұсынылуы, факультет бойынша бұйрықпен белгіленуі сондай-ақ пайдалану үшін өндіріске берілуі мүмкін.
6. Курыстық жұмыстың негізгі бөлімдерінің мазмұны
Курстық жұмыстың түсіндірме жазбасы мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:
- Кіріспе;
- негізгі болім;
- қортынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
Курстық жұмыстың графикалық бөлігі А1 форматындағы парақта орындалады.
7. Курстық жұмыс жобалардың атауы, олардың мазмұны және сағаттарының көлемі
8. Курстық жұмысты орындау үшін ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Сердалиев Е. Т. Тау жыныстарын бұрғылап-аттырып қопару. Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 ж. - 360 бет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz