Нарық экономикасы кезеңіндегі еңбек және еңбекақы есебінің маңызы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шаруашылықтарда еңбек тәртібін күшейту, өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, еңбек өнімділігін арттыру үшін еңбек және еңбекақы есебінің маңызы өте зор. Өндіріс процестерінің шығындары тек қана затқа сіңген еңбекпен ғана емес, жанды еңбекпен де тығыз байланысты. Өйткені еңбек өндіріс процестерінің негізгі элементтерінің бірі болып есептелінеді.

Өнім өндіру процесін құруға үш түрлі элементтер қатысады: еңбек құралы, еңбек заты және еңбектің өзі.

Адам еңбегі өндіріс процесінде негізгі элементтердің бірі болып есептелінеді. Өйткені, адам еңбегісіз немесе адамның қатысуынсыз ешбір өнімдер өндірілмейді. Өздерінің істеген еңбектері үшін кәсіпорын қызметкерлері өздеріне тиісті еңбекақыларын алуға міндетті. Жұмысшылар мен еңбекшілердің негізгі өмір сүрулерінің көздері болып еңбекақы есептелінеді.

Кәсіпорын шаруашылық жұмыстарының нәтижесін орындалған жұмыстардың саны мен көлемін еңбекақы арқылы анықтап, олардың дұрыс жұмсалуын бақылап отырады.

Еңбек күші термині кең экономикалық мағынада адамның еңбекке рухани және физикалық қабілеттерінің жиынын білдіреді. Бұл жерде тек жеке адамның еңбекке қабілетін ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамның еңбек ресурстарын айтады. Еңбек күші - бұл тауар және басқа тауарлар сияқты оны сату - сатып алу процестері жүргізілетін өз нарығы болады. Еңбек нарығында қатысты адамдарға жұмыс беруші, яғни жұмыс күшіне мұқтажданатын және жұмысшы, яғни өзінің жұмыс күшін ұсынатын жатады.

Басқа тауарлар сияқты, еңбек күшінің бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты табылады. Тауар құнын еңбек күші сол немесе басқа еңбек нарығында бекіткен еңбекақы көлемінде көрсетеді.

Өз сипатына байланысты еңбек көпжақты және барлық адамдармен бірдей жасалмайды, сондықтан оны топтастыру, бағалау, есептеу және талдау қажеттілігі туады. Еңбекті ұйымдастыру, бағалау және есептеу Қазақстанда заң негізінде реттелінеді.

Таңдаған тақырыптың мақсаты - еңбекақы жұмысшының, кәсіпкердің және мемлекеттің мүдделерін біріктіретін маңызды экономикалық категория және экономикалық тұтқалардың бірі болуында. Жұмысшылардың еңбекақысы олардың жұмыстарының сандық және сапалық нәтижелерімен байланысы еңбекақы жүйелері мен түрлерінің арқасында жасалады. Бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметінің соңғы нәтижелерін реттейтін экономикалық талдау жасалады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрбір кәсіпорын өз еркімен еңбекақының түрлерін, жүйелерін және көлемін, сонымен қатар еңбек төлемдерінің (сыйақылар, қосымша төлемдер т. с. с. ) түрлерін қарастырады. Сол үшін әрбір кәсіпорында еңбекақы туралы Ереже және штаттық кестесі болуы керек. Кәсіпорын басшылығы еңбекақыны реттеу нысаналары қалай шешілсе, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс жасайды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты еңбекақы категориясының экономикалық маңыздылығын және кәсіпорындағы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың, басқа төлемдердің есебінің тәртібін және аудитін еңбекақы шығындарын төмендету резервтерін табу мақсатымен зерттеу болып табылады. Осыған орай алынған диплом жұмысым өзекті болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмыста келесі сұрақтарды қарастыру керек.

  1. еңбекақы категориясының маңыздылығын анықтау;
  2. зерттелетін кәсіпорында қолданатын еңбекақының түрлері мен жүйелерін және еңбекақының кейбір түрлеріне еңбекақыны есептеу тәртібін анықтау;
  3. кәсіпорында еңбекақының бұл түрлері мен жүйелерінің қалай қолданылатынын және қолданылатын сыйақы төлеу жүйесін зерттеу;
  4. Берілген объектіде шығын талдауын өткізу және жұмысшылардың еңбегіне сыйақылар төленетін қорларды анықтау тиіс.

І бөлім Нарық экономикасы кезеңіндегі еңбек және еңбекақы есебінің маңызы

1. 1 Еңбек пен еңбекақы есебінің маңызы, еңбекақы төлемінің жүйесі, түрлері мен формалары

Қызметкерлердің (жұмысшылардың) еңбегі өндіріс процесінің, тұтынушылардың және өндірілген өнімнің құрама бөліктері болып есептелінеді. Жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсалған қызметі еңбекақымен бағаланады. Осыған орай, кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі1.

Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі және осы жұмыстарды атқаруда бүхгалтерлік есептің рөлі өте зор. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

  • Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;
  • Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;
  • Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;
  • Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорына, қоғамдық тұтыну қорынан және т. б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;
  • Жұмысшы және қызметкерлермен бірге уақытында дұрыс есеп айырысу.
  • Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;
  • Еңбек және еңбекақы жайында статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

  • Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемі ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
  • Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
  • Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.
  • Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Еңбек ақы есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгімеген кезде жалақының минималды деңгейін және біріңғай тариф кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

  • Тарифтік кесте;
  • Тарифтік еңбекақы мөлшері;
  • Тарифтік мамандық анықтамалар;

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі.

Тарифтік кестеде- жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатнасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатнасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға ьойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.

Еңбекақының түрлері мен нысандары. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі топқа бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

Мерзімді және кесімді еңбекақы.

Сыйлықтар мен сыйақылар.

Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:

  1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
  2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
  3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
  4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
  5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
  6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
  7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
  8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және т. б. жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысаны қолданалады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақтына сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақтына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: Автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге, ұйымның басшыларына, қаржы мен есеп бөлімінің қызметкерлеріне т. б. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

Жай мерзімді;

Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақтына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және т. б. көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

  • Тікелей кесімді;
  • Кесімді сыйлықты;
  • Үдемелі кесімді;
  • Аккордтық;
  • Жанама кесімді;

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған түр, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан арттығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді және ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын әрі күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеушаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді. Яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы ұйымдағы станоктардың, жабдықтардың, т. б. құралдардың тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін слесарьларға, операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын басқа да жұмысшыларға төленеді.

Мерзімді еңбекақыны есептеу . Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, т. б. төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады.

Халық шаруашылығының әртүрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің негізінде ай бойғы қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік ай, күн немесе сағат алынады. Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған немесе кәсіпорынның басшылығы бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені, яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.

Мысалы : сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 17600 теңге тұрақты еңбекақы алатын жұмысшы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 17600 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына, яғни 22 күнге бөлеміз (17600/22) . Содан кейін алынған нәтижені (800 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 14400 теңге болады. (800х(15+3) ) =14400 теңге. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда, олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.

Кесімді еңбекақыны есептеу. Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы төлеу жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылған алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелеген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға, өндіруге белгілеген бағаға көбейтеді.

Ұйымдарда тапсырманы жеке адам орындаған, яғни операция немесе өнім өндіру басынан аяғына дейін бір жұмысшының немесе қызметкердің қолынан өтетін жағдайда мұндай әдісті қолдану ыңғайлы болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің бригада бойынша істеген жұмысына төленетін жағдайда жоғарыда аталған алғашқы құжаттарға әр жұмысшы мен қызметкердің жұмыс істеген уақыты, мамандық дәрежесі, бригада болып өндірген өнімі мен істеген жұмысының көлемі мен саны және олардың бір данасын жасауға, өндіруге белгіленген бағасы көрсетіліп жазылады. Жалпы бригада бойынша өндірілген өнімдер мен істелген жұмыстың саны мен көлемін, олардың бір данасын өндіріп шығаруға (жасап шығаруға, орындауға) белгіленген бағаға көбейту арқылы сол бригада мүшелерінің еңбекақысы есептеліп шығарылады. Бригаданың жалпы табысы ондағы жұмысшылар мен қызметкерлердің арасында олардың мамандық дәрежесіне және жұмыс істеген уақытына сәйкес бөлінеді. Ол үшін алдымен барлық бригада мүшелерінің жұмысқа қатысқан уақыты (ай, күн, сағат) табылады. Содан соң жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне сәйкес тариф бойынша бір сағатқа белгіленген еңбекақы мөлшері олардың жұмыс істеген сағаттарының санына көбейтіледі. Осының нәтижесінде бригада мүшелерінің әрқайсысының тариф бойынша есептелетін еңбекақысының жалпы сомасы табылады. Алғашқы құжаттар бойынша есептелген бригада мүшелеріне тиісті еңбекақы сомасының жоғарыда көрсетілген тариф бойынша есептелген еңбекақының жалпы сомаларының қосындысына қатынасы қосымша табыс коэффициенті болып табылады. Осыдан кейін тариф бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің әрқайсысына есептелген еңбекақы сомасы осы коэффициентке көбейтіліп, әр жұмысшының немесе қызметкердің орындаған жұмысы мен өндірген өнімінің саны мен оның мамандық дәрежесіне байланысты табылады.

Мысалы : құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады.

Кесте 1

Бригада жұмысшыларының еңбекақы мөлшерінің есебі

(ЖШС “Электротранс ЛТД”)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
Еңбек нарығын экономикалық - құқықтық реттеу
Басқару есебінің директ-костинг жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
Контал жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі
Еңбеккерлердің құрамының есебі
Басқарушылық есеб
Еңбектің экономикалық мәні және ұйымның экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz