Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілген»
Кафедра меңгерушісі
М. З. Мырзалиева
« » 2024
ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ӨЛКЕТАНУ ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған : Жайлаубек Н. М.
Ғылыми жетекшісі:Мырзалиева З. К. г. ғ. к., аға оқытушы
Норма бақылаушы : Жақсыбек А. Н.
Шымкент 2024
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЙЛАУБЕК НАЗЫМ МУХТАРҚЫЗЫ
ТУРИСТІК НЫСАНДАРДЫ ӨЛКЕТАНУ ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық: «7М01506-География педагогін даярлау»
Шымкент 2024
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
Ι ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Дүниежүзіндегі мектеп өлкетануы және XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы өлкетану экскурсияларының пайда болуы4
- Туризм және өлкетану қызметінің қазіргі жағдайы. 18
ІІ ТАРАУ. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ӘЛЕУЕТІ
- Түркістан облысының туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар . . . 25
- Түркістан облысының туризмнің даму болашығы . . .
- Түркістан облысының туристік демалыс нысандары . . .
ІІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТЕ ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
3. 1. Мектеп туризмі және өлкетанудың жалпы және қосымша білім беру жүйесі негізінде…. .
3. 2. Жасөспірімнің жеке тұлғасын дамыту үшін туристік және өлкетану мүмкіндіктері………
3. 3. Мектептегі туристік және өлкетану іс-шараларын жоспарлау
ҚОРЫТЫНДЫ. . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Туризм және өлкетану, балаларды тәрбиелеу бағыты ретінде, Қазақстанның бүкіл аумағындағы мектепте және мектептен тыс оқу орындарында оқу-тәрбие процесіндегі ең маңызды бөлікке ие болуы керек. Туризм мен өлкетану міндеттері нақты мазмұн, формалар мен әдістер арқылы шешіледі. Бұл туризм мен өлкетанудың қазіргі мағынасында қоршаған орта әлемін білу, жеке тұлғаның құнды рухани қасиеттерін қалыптастыру және балалардың физикалық сауығуы мен дамуы болып табылады. Зерттеулер бүгінгі таңда өлкетану саласында ағартушылық және әдістемелік жұмыстар жүргізу болып саналады. Білім берудегі осы бағыттарды дамыту қажет екендігімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда өзгермелі әлем жағдайында Қазақстан Республикасының мектептерін ең жақсы дәстүрлерінде халықтың тарихи жадын қалпына келтіруге күш салу керек, олардан ең жақсысын алу керек. Бұл жұмысты сәтті жүргізу үшін мұғалімдер, балалар мен ата-аналар үшін әдістемелік және дереккөз базасын құру қажеттігі өзекті мәселе болып отыр [1] .
Мақсаты:
Оқушылардың туған өлкесінің тарихы мен табиғаты туралы білімдерін қалыптастырудағы туризм және өлкетану қызметінің ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті:
- Мектептегі туризм мен өлкетану қызметінің даму тарихын зерттеу;
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттердегі мәселенің жай-күйін зерттеу;
- Қазақстан аймағының соның ішінде Түркістан облысының табиғи және рекреациялық ресурстарын зерттеу;
- Мектеп оқушыларының табиғат пен тарих туралы білімдерін қалыптастыруда туризм және өлкетану іс-шараларының маңызын анықтау;
- Оқушыларды туған өлкенің табиғатымен және тарихымен таныстыру үшін туризм және өлкетану қызметінің тиімді түрлерін анықтау;
Зерттелетін пәні:
Мектеп оқушыларының туристік-өлкетану қызметі және мектептегі туристік-өлкетану қызметінің ерекшеліктері.
Зерттеу нысаны:
Зерттеу нысаны аумақтың табиғи, тарихи, әлеуметтік-экономикалық кешендері, болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Зерттеулердің қолданбалы-теориялық нәтижелерінесүйене отырып, Қазақстанның табиғат жағдайының және табиғат ресурстарының, физикалық географияның зерттелуі мектеп өлкетануын ж. үзеге асыруда алатын орны зерттелді. Қазақстандағы туризмнің дамуы және қазіргі жағдайы мен туристік рекреациялық нысандары анықталып, баға берілді, туристік нысандарды зерттеу арқылы, мектеп өлкетануын дамытудың ел экономикасын дамытудағы әсері талданып, болашағы болжанылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Зерттеудің бастапқы маңыздылығы, мұғалімнің географиялық өлкетануды дұрыс игеріп, оқушымен жұмыс жасауында, болашақта қажетті, тәуелсіз тұлғаны қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мекемелерде, жоғарғы оқу орындарында және білім жетілдіру курстарында оқытылады. Бұл жұмыс архив материалдарына, ресми статистикалық мәліметтерге, БТҰ құжаттарына, Президенттің Өкім, Жарлық, Заң шығару мәселелері бойынша Үкіметінің қаулы -қарарларына, туризм Кеңесінің мәжілісіне, Парламент комиссиясы мен жұмысшы топтары мен құқылы органдардың есебіне, тізімдемелік нормативты актілерге, әдістемелік материалдарға, сонымен қатар, халықаралық республикалық ғылыми-практикалық семинарларға, конференцияларға, саммиттерге, сарапшы кеңесінің мәжілісіне негізделе отырып, біздің елімізде туристік саланың дамуы айқындалады.
Диисертациялық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Негізгі бөлім:
Ι ТАРАУ. МЕКТЕПТЕГІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
- Дүниежүзіндегі мектеп өлкетануы және XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы өлкетану экскурсияларының пайда болуы.
Өлкетану - белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т. б. ), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т. б. деректерді жинау және жүйелеу[2] .
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспецидиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И. И. Лепехин, П. С. Паллас, П. И. Рычков, И. К. Кирилов, В. Н. Татищев, А. И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы. Алтынсарин, С. Бабажанов, Б. Дауылбаев, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, т. б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, т. б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е. Букин, Н. Жетпісбаев, Ә. Диваев, Қ. Қостанаев зерттеулер жүргізді.
Жетісуға П. П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А. Н. Краснов, А. Ф. Голубев, М. И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ. И. Сәтбаев, Ә. Х. Марғұлан, т. б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспед-ицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда.
Өлкетанудың өзіндік атқаратын 3 функциясы бар: бірінші фунцкциясы - педогогикалық, білім беру орталықтарында оқыту және тәрбиелеудің эффектісін жоғарылату үшін қолданылатын дидактикалық әдіс ретінде; екінші функциясы - оқытулық, ол өлкетануды элементарлы мектеп географиясын оқытудағы базалық курс ретінде қарастырады; үшінші функциясы - ғылыми, ол өлкетануды барлық әдістерімен бірге географиялық зерттеудің жүйелік құрамы ретінде қарастырады. Өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің өзіндік әдістері бар. Олар: экономикалық, тарихи, географиядлық, әлеуметтік, картографиялық, модельдеу арқылы, статистикалық, визуальді (байқау), анкеталық және сипаттау әдісі [3] .
Өлкетану түрлері
Өлкетанудың төмендегідей түрлері бар: Мемлекеттік, қоғамдық, мектеп және тарихи өлкетану. Мемлекеттік өлкетану -арнайы органдардың қатынасымен мұражай жұмысын ұйымдастрыу, әкімшіліктердегі, кітапханалардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы мәдениет пен ғылымға байланысты бөлімдердің жұмыстары.
Қоғамдық өлкетану -қоғамдық өлкетанушылардың, туристердің, қоғамдық ұйымдардың жеке адамдардың күшімен ұйымдастырылады. Олар өлке ерекшеліктеріне байланысты, өлке тарихы мен онда өмір сүрген белгілі адамдардың өміріне байланысты деректер жинау т. б. жұмыстармен айналысады
Мектеп өлкетануы -мектептердегі оқу бағдарламалары және олардан тыс атқарылатын туған өлкеге қатысты жұмыстар бойынша білімді жетілдіруге, сондай-ақ әртүрлі туристік өлкетану шаралары барасында түрлі тәрбие беруге байланысты жұмыстар.
Тарихи өлкетану -ол белгілі бір ауданның, облыстың, өлкенің тарихын, ондағы болған оқиғаларды, тарихи архитектуралық ескерткіштер мен олардың ерекшеліктерін оқып-танысумен айналысады.
Дүниежүзіндегі мектеп өлкетануының пайда болуы
Өлкетану саяхаттарын тәрбиелік және білім беру мақсатында пайдаланудың алғашқы әрекеттерінің бірі «Қуаныш мектебінде» - 1423 жылы белгілі Итальяндық педагог Витторино да Фелтре негізін қалаған, Мантуяда (Солтүстік Италия) мектепте осындай сабақтарды ұйымдастыру болды. Оның шәкірттері Альпі тау бөктерінде бір күндік және көп күндік жорықтар жасады. XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың басында. Англияның, Францияның, Германияның, Австрияның, Швейцарияның және басқа елдердің мектептерінде биологиялық циклдің кейбір пәндерін оқу кезінде мұғалімдер жаяу экскурсиялар мен іргелес аумақтарға саяхаттарды пайдалана бастады.
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы өлкетану экскурсияларының пайда болуы.
Қазақстандағы өлкетанудың пайда болуы - ХVII ғ. Өлкетану ХVIII ғасырда әсіресе кең құлаш жайған. Географияның гүлденген уақыты деп аталады. Өлкетану зерттеулерінің нәтижесі жергілікті әкімшілік құжаттарында, губернатор «Есебінде», губернияның «Топографиялық жазбаларында», Бас жер өлшеушілер материалдарында көрініс берді .
1834 ж. жергілікті статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу қажеттілігі, губерниялық статистикалық комитеттер құру қажеттігін айқындады. Олардың міндеті: жергілікті әкімшілік статистикасының толық нақты жазу, статистикалық экспедицияларды жабдықтау.
Өлкетану жұмысын өлкетану музейлер Х1Х- ғасырда кең жайдырды. ХХ-ғасырдың басында өлкені зерттеуші қоғамдар пайда бола бастады.
«Жерде тіршіліктің пайда болуы» экспозициясы облысымыздың табиғи байлықтарының дамуы және оның пайда болуының негізгі кезеңдерінен және тауып алынған геологиялық және палеонтологиялық коллекциялары біздің территориямызда өмір сүрген ежелгі жануарлардың қалдықтары және олардың тіршілігінің дамуы жайлы құнды мәліметтер береді. Экспозициядағы бағалы экспонаттар болып палеонтологиялық қазбалар, яғни, ежелгі жануарлардың қалдықтары болып табылады: мамонттардың, исполин бұғысының мүйіздері және т. б. «Табиғат» залында облыс аймағындағы қазіргі уақытта кездесетін әртүрлі құстар, сүтқоректілер, жануарлар көрсетіледі. «Археология» залының экспозициясында облыс территориясындағы 600-ге жуық тұрақтар мен қорғандарды зерттеген ғалым-археологтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі (Майтан, Еңбексүйгіш, Беғазы-Дәндібай және т/б. ) . Қарқаралы тауларында зерттелген үңгірдің макет-диорамасы алғашқы адамдардың өмірінен мәлімет беріледі. Батпақ 8, 12 тұрақтарынан табылған құралдар алғашы адамдардың еңбек-құралдарымен таныстырады - нуклеустер, қырғыштар, тескіштер, қысқыштар, шапқыштар таныстырады.
«Өнеркәсіптік Қазақстан және ортағасырлық пен кейінгі ортағасырлық мәдениет және этнография» залы Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен таныстырады. ХІ-ХІІ ғасырларда Қазақстан мәдениетінің гүлденген кезеңі. Экспозицияда қазақ даласының атақты тұлғалары көрсетілген.
ЕлімізТәуелсіздік алғаннан бастап, халқымыздың тарихын қайта зерттеп, зерделеуге мүмкіншіліктер туды - ол «ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс» залының экспозициясында көрсетілген. Қойылған мұрағат құжаттары мен фотосуреттер ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы мемлекеттің ірге тасын қалаушылары Алаш-Орда қоғам қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай, Ә. Ермеков, М. Дулатов және т. б. туралы мәліметтер береді.
«Облыстың мәдениеті» залының экспозициясы ХІХ-ХХ ғасырлардағы облыс мәдениетінің дамуынан сыр шертеді.
«Қарағанды көмір бассейнінің құрылуы» залы Қарағанды қаласының құрылу тарихына, көмір бассейнінің дамуы мен өркендеуіне арналған. Зал экспозициясында 1920-30 жылдардағы алғашқы геологтар А. А. Гапеев, З. П. Семенова, И. В. Орловтар туралы деректер берілген. 30-шы жылдардағы бірегей суреттер, «Шатырлы қала», «Забойда» диорамалары Қарағанды қаласын алғашқы құрушыларының тұрмысы мен еңбек жағдайын айқын көрсетеді.
Қарағанды облысы Кеңес дәуірінде» залы Қарағанды облысының 1946-1990 жылдардағы даму тарихын көрсетеді. Осы кезде Қарағанды қаласы мен облыс Кеңес одағының ең ірі өндіріс және мәдени орталығының біріне айналды. 1970 жылдан Қарағанды - КСРО-ның үшінші кочегаркасы болды. Қарағанды шахталарында бірнеше рет көмір өндірудің дүниежүзілік, жалпыодақтық, республикалық рекордтары жасалды.
Теміртау металлургиялық зауытының құрылысында тек Қазақстаннан ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық республикаларынан жастар келіп еңбек етті. 1960 жылы 3-ші шілдеде № 1 домна пеші алғашқы Қазақстан шойынын берді. Бұл күн Қарағанды металлургиялық комбинатының туған күні болып саналады, экспозицияда осы домна пешінің макеті берілген. Тарихи шойын қорытуда жас металлург Нұрсұлтан Назарбаев - болашақ Қазақстан Республикасының Президенті қатысты.
Экспозиция материалдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру жұмыстарының материалдары қойылған. Соның нәтижесінде Қазақстанда 1 млн 232 мың га жер игеріліп, 16 ірі жаңа кеңшарлар салынды.
«Ғарыш залы» біздің жерлесіміз, қазақтың тұңғыш ғарышкер-ұшқышы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровке арналған. 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров кеңес-австрия экипажының құрамында ғарышқа ұшты. Көрушілер халықаралық ғарыш стансасының макетін ашық ғарыш шебінде көріп қызықтайды. Экспозицияда сонымен қатар Тоқтар Әубәкәровтың ғарышқа аттанар алдындағы фотосуреттері, жеке нәрселері, авиация құралдары қойылған. Қарағанды облысының аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш айлағының - бірегей ғылыми-техникалық комплексінің материалдары да қойылған. «Тәуелсіздік Қазақстан кезіндегі Қарағанды облысының дамуы» залының экспозициясында реформа жағдайындағы орта және кіші бизнестің, халыққа білім беру жүйесінің, денсаулық сақтау, қаржы мекемелерінің дамуы туралы материалдар қойылған. ҚР Тұңғыш Президентіне арналған көрме залының экспозициясында Егеменді Қазақстанның Тәуелсіздігінің 15 жылғы сыртқы және ішкі саясаты бейнеленген, Үкіметтің, Парламенттің, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жұмыстарын айқындайтын материалдар қойылған. Жаңадан ашылған «Бабалар бейнелері» залында профессор М. М. Герасимовтың әдістемесі бойынша бас сүйектің бет пішінін қалпына келтіру арқылы әрбір бас сүйекке «тірісіндей» пішін берілген. Компьютерлік анимация нәтижесінде «тірілген» адамдар белгісі тарихи оқиғалар, діни түсініктемелер, өз тайпасының мінез ерекшеліктерін, мәдениетінің сол кездегі әлеуметтік құрылымы туралы түсініктеме береді. Витриналарда Қазақстанның ежелгі тайпаларының материалдық мәдениетін сипаттайтын қару-жарақтар, үй тұрмысы құралдары, әшекейлер, қыш ыдыстары қойылған.
ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын-арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Халықаралық әйелдер күніне «Өлкенің даңқын асқақтатқан ару әйелдер»; ҚР ҰҒА-ның академигі Г. А. Құлқыбаевты еске алу кешіне арналған «Сарыарқа өңірінің өшпес жұлдызы»; ҚР Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауына сәйкес; Астана қаласының 10-жылдығына «Астана-келісім мен бейбітшілік ордасы»; Ғарышкерлер Күніне «Қарағанды - ғарыш айлағы»; Ислам дініне қатысты «Мәулет күні»; «Күн қанатты тұлпарлардың алтын ізімен: ежелгі көшпелілер дәуірінің қолөнері» - Астана қаласының Мемлекеттік алтын және бағалы металдар музейінің республикалық алмасу көрмесі; Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне «Тамыры терең бәйтерек»- КирОАК-нің юстиция халком хатшысы және республика прокуроры (ХХ- ғ. 30-шы жж. ) Ж. Сәдуақасовқа арналған; «Қарағанды телеарнасының 50-жылдығы»; Кеншілер Күніне арналған-«Қазыналы кенді өлке»; Қолданбалы өнер шебері Ж. Сыздықовтың «Шебердің жүрегінен саз жүзіне құйылған алланың нұр сәулесі» көрмесі; Ұлттық теңге Күніне арналған - «Қазақтың төл теңгесі»; «Ойыншықтардың ертегі әлемі» - 50-80 жж. шырша ойыншықтарының көрмесі.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz