Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер бойынша сот өндірісі


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Тұран-Астана университеті
ROS
Пән: Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер бойынша сот өндірісі
Тақырыбы: Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу
Тобы:УС-ЮП-21-1
Орындаған:Айдар Думан
Тексерген:Джакупов Жалғас Балабекович
Астана қаласы, 2023 жы
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық істерді біріктіру.
2. Қылмыстық істің материалдарын жеке өндіріске бөлектеу.
3. Қылмыстық істі тоқтата тұру
4. Қылмыстық істі өндірістен қысқарту.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің ең басты байлығы адам болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының міндетіне адам және азаматтардың құқықтары мен бұзылған мүдделерін қорғау мен қалпына келтіру болып табылады.
Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары (прокуратура, алдын ала тергеу және анықтама жүргізетін органдар) мен сот болып табылады. Бұл мемлекеттік құқық қорғау органдары мен соттың атқаратын қызметтері бірдей емес болғанмен, олардың қызметтерін сипаттайтын негізгі мәселелерге, жалпы алғанда, мыналар жатады: қылмыстарды ашу, қылмыс істеген адамдарды толық әшкерелеу, кінәлі адамдарға заңмен көзделген ықпал ету шараларын қолдану, айыбы жоқ адамдарды ақтау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу шараларын жүргізу.
Аталған органдардың қызметтері бір-бірімен байланысты болса да, олардың өкілеттіктері бірдей емес. Мысалы, алдын ала тергеу органы істелген қылмысты ашып, оны істеген адамдарды әшкерелейтін дәлелдемелер жинағанының өзінде айыпталушының кінәлілігі жөнінде мәселені шешуге және оған жаза тағайындауға құқылы емес. Яғни, заңмен орнатылған тәртіп бойынша, алдын ала тергеу аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі. Ал прокурор өз құзыреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға[2, 25 б] . (Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 62-бап) . Сонымен қатар тергеу органының жасаған тұжырымдарымен келіскен жағдайда бұл қылмыстық істі тиісті сотқа жіберуге міндетті.
43-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру
1. Бiр немесе бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылықты сыбайласып жасаған бірнеше адамға қатысты қылмыстық iстер, бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты істер, сондай-ақ осы қылмыстарды күнi бұрын уәде бермей жасырғандығы немесе олар туралы айтпағандығы үшін күдік келтірілетін, айыпталатын адамға қатысты істер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрілуi мүмкiн.
2. Күдікті анықталмаған, бірақ бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықты бір адам немесе адамдар тобы жасады деп пайымдауға жеткілікті негіздер болған жағдайларда да қылмыстық істерді біріктіруге жол беріледі.
3. Қылмыстық істердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүргізіледі. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға және қорғаушы тарапқа жіберіледі.
4. Мыналар:
1) әртүрлі адамдарға қатысты бірдей күдіктенулер, айыптаулар;
2) жекеше айыптау ісі қаралып жатқан жағдайлардан басқа, бір-біріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айып тағылған адамдарға қатысты күдіктенулер, айыптаулар;
3) біреуі бойынша қылмыстық қудалау - жекеше тәртіппен, ал екіншісі бойынша - жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын істер;
4) бірге қаралуы істі объективті қарауға кедергі келтіруі мүмкін барлық басқа да күдіктенулер, айыптаулар бір іс жүргізуге біріктірілмеуге тиіс.
5. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша бiрiншi қылмыстық iс жүргізу басталған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау не үйқамақ қолданылса, тергеу мерзiмi көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылған істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған күннен бастап есептеледi.
6. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқығы адамдарға өздеріне қатысты бiрiктiрiлген iстер бойынша ғана тиесiлi болады.
44-бап. Қылмыстық iстi бөлектеп алу
- Сот, қылмыстық қудалау органы қылмыстық iстен:1) мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiздер өздеріне қатысты болатын, бiрақ басқа күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты емес жекелеген күдіктілерге немесе айыпталушыларға; 2) ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған күдіктіге немесе айыпталушыға; 3) қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын жекелеген анықталмаған адамдарға қатысты, сондай-ақ осы Кодекстің 45-бабында көзделген басқа да жағдайларда; 4) прокурор ынтымақтастық туралы процестік келісім жасасқан күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қатысты басқа қылмыстық iстi жеке іс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы. 2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе күзетпен ұстау мерзiмдерi аяқталып келе жатқан көп эпизодты қылмыстық iстi тергеп-тексеру жағдайында тергеушi, анықтаушы, анықтау органы күдіктену бөлiгiнде тергеп-тексеру жан-жақты, толық және объективті жүргiзiлді деп тани отырып, iстiң бiр бөлiгiн, егер бұл iстiң қалған бөлiгiн тергеп-тексеруге және қарауға кедергi келтірмесе, сотқа жіберу үшiн жеке iс жүргiзуге бөлектеп алуға құқылы. 3. Егер қылмыстық iс бойынша тергелетін iске байланысты емес қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер туралы мәлiметтер алынса, олар туралы барлық материалдар осы Кодексте көзделген тәртiппен сотқа дейінгі жаңа тергеп-тексеру бастау үшiн дереу бөлектеп алынуға тиiс. 4. Қылмыстық iстердi бөлектеп алуға, егер бұл мән-жайларды зерттеу мен істі шешудiң жан-жақтылығына, толықтығына және объективтілігіне әсер етпесе, жол беріледі. 5. Iстi бөлектеп алу қылмыстық процестi жүргiзетін органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық қудалау органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жіберіледі. Қаулыға төлнұсқалар немесе көшiрмелер түрінде бөлектеп алынатын материалдардың тiзбесi қоса берілуге тиiс. себептер бойынша анықталмаған; 4) күдіктінің, айыпталушының жүйкесiнің уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқасы заңда көзделген тәртiппен куәландырылған; 5) осы Кодекстiң 59-тарауында көзделген тәртiппен құқықтық көмек алуға байланысты процестік әрекеттер орындалған; 6) хабарсыз кеткен адам табылмаған; 7) күдіктінің, айыпталушының қылмыстық қудалаудан иммунитеттен айыру не оларды шет мемлекетке ұстап беру (экстрадициялау) туралы мәселені шешуге байланысты іске нақты қатысу мүмкіндігі болмаған; 8) қылмыстық іс бойынша одан әрі іс жүргізуге уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш әсер еткен; 9) қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған жағдайларда үзіледі. 7-1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу іс бойынша "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге және олардың нәтижелерін қылмыстық іс материалдарына қосып тігуге кедергі келтірмейді. 8. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы шығарылғаннан кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір тәулік ішінде оны прокурорға келісу үшін жібереді. 8-1. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулыны үш тәулік ішінде келіседі не уәжді қаулымен оны келісуден бас тартады және қажетті тергеу әрекеттерін және процестік әрекеттерді жүргізу туралы көрсете отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қайтарады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін үзу туралы қаулы прокурормен келісілген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бұл туралы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz