Қазақ тілінің орфографиялык сөздігі


«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІ
«АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ»
ПӘНІ БОЙЫНША ЭССЕ
Тақырыбы: «Орфографиялық сөздік және талдау тәсілдері»
Орындаған:
«Аударма ісі» мамандығының
1 курс (4 ж. о) студенті
Серікболова Сезім
Тексерген:
Сеньор-лектор
Қаршығаева Айнұр
АЛМАТЫ 2023 ж.
Орфографиялық сөздік және талдау тәсілдері
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекеттiк тiлдiң мəртебесiн арттырып, оны қоғамдық - саясиқолданыстағы жоғары сатылы тiл дəрежесiне жеткiзуде бiрiздi жазу емлесiнiң ролi үлкен. Студенттердi сауатты жаза бiлуге, қазақ орфографиясының қазiргiтаңдағы өзектi мəселелерiн дұрыс танып, ғылыми негiзде талдау жасай бiлуге дағдыландыру үшiн практикалық жұмыстарға көбiрек тартудың мəнi зор.
Тiл мəдениетiнiң мəртебесiн айқындайтын көрсеткiштiң бiрi - жазудағы бiрiздiлiк. Мұның өзi алдымен тiлдiң емле ережесi мен сөздiгiнiң сапасына байланысты. Қазақ жазуы күнi бүгiнге дейiн 1957 жылғы 5 маусымда қабылданған емле - ережелердi пайдаланып келдi. Бұл ережелер 1940 жылы жаңа графикаға көшумен байланысты жасалған емле заңдарының негiзiнде өңделiп, толықтырылып жаңадан түзетiлген болатын. 1988 жылы қазақ орфографиялық сөздiгiнiң 3- шi басылымы жарық көрдi. қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерi 9 бөлiмнен тұрады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына орфографиялық талдау үлгілерін оқытуда тиімді әдіс - тәсілдерді анықтау.
Орфографиялық талдау үлгілерін зерттей келе, бастауыш мектепте жазу сабақтарының жаңаша жүргізілу мүмкіндігін қарастыру білім беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Орфография жайлы түсінік;
2. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы
түсiнiк;
3. Орфографиялық сөздіктің өткенін, қазіргісін және болашағына талдау жасау;
Зерттеу обьектісі - Бастауыш сыныпта орфографиялық талдаудың маңыздылығы, оны оқытудың бала тәрбиесінде алатын орны.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сыныпта қазақ тілін кезеңін оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні - Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары: қазақ тілі, ана тілі.
Қолданылған зерттеу әдістері - оқылған әдебиеттерде шолу жасау, түсіндіру, анализ - синтез, бақылау - байқау т. б. зерттеу әдістерін пайдаландым. Зерттеу тақырыбына қатысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік және лингвистикалық әдебиеттерді, дидактикалық нұсқауларды зерделеу; бірінші сыныпта сауат ашудың әліппе кезеңін оқыту үрдісін бақылау; бүгінгі күнге дейінгі және қолданыстағы «Әліппе» оқулықтарын, топтамалар мен кешендерді талдау.
Негізгі бөлім.
Гректiң orthographia, orthos - «дұрыс» жəне grapho - «жазамын» мағынасындағы сөзiнен шыққан орфография терминi лингвистикада «тарихи қалыптасқан жазу жүйесi» жəне «бiркелкi жазуды қамтамасыз ететiн ережелер жүйесiн жасайтын жəне зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы» деген мағынада қолданылады. Орфография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiңнормаларын айқындайды, оның негiзгi бөлiмi дыбыстарды əрiппен белгiлеу мəселесiмен айналысады. Дыбыс пен əрiп тiл бiлiмiндегi бiр- бiрiмен тығыз байланысты əр екi басқа ғылымдар деуге болады. Себебi:
дыбыс ауызша тiлдiң материалы, əрiп - жазба тiлдiң материалы. Ауызша тiл-
алғашқы да, жазбаша тiл- кейiн қалыптасқан, адамзат ой- өрiсi, мəдениетi дамуының жемiсi. Əуелде жазбаша тiл ауызша тiлдi таңбалау үшiн ойлап табылған ауызша тiлдiң қызметшiсi болса, қазiргi кезде жазбаша сөйлеу, ойды жазбаша жеткiзу басымдыққа ие болып, ауызша айту жазуға
бағынатындай күйге жеттi. Дыбыстық жазу сөйлеу дыбыстарын дəл бейнелей алмайтындықтан, сөйлеудiң жазбаша формасы мен ауызша формасы үнемi сəйкесе бермейдi. Жазуды белгiлi бiр жүйеге салып отыру үшiн орфография үлкенқызмет атқарады.
Əрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiрорфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологиялың - фонематикалық жəне фонетикалық, сондай- ақ дəстүрлi ұстанымдар негiзге алынады. Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi жəне сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн
əсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мəнi сақталып жазылады немесе сөз
түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады.
Қазақ орфографиясында морфологиялыј ұстаным мынадай орындарда
көрiнiс бередi:
1. Түбiр мен қосымша арасында қатар келген екi дыбыстыңбiр-бiрiне ықпалы ескерiлмей, сөздiң түбiрi сақталып жазылады. Мысалы, сөз+шең- сөшшөң, жұмыс + шы- жұмұшшы, аш+са- ашша, iш+се_ -iшше_, iз+шiл - iшшiл, ашан+ғы - ашаңғы, түн+гi- түңгү .
2. Сөз аралығында /бiрiккен, тiркескен, қос сөздерде/ қатар келген екi
дыбыстың əсерi ескерiлмейдi, түбiрi сақталады. Мысалы, жанбағыс -
жамбағыс, ешкiөлмес-ешкөлмес, алмакезек-алмагезек, жанияр- жаңғиярт. б.
Фонетикалың ұстанымда сөз iшiндегi, сөз аралығындағы дыбыстардың
бiр-бiрiне əсерi басымдық танытады, сөз айтылуынша/ естiлуiнше/ жазылады.
Мысалы, кiтап- кiтабы, тарақ-тарағы,
Фонетикалық ұстанымның көрiнетiн тұстары:
1. Қазақ тiлiндегi сөздерге 4 түрлi жалғау, жұрнақтардың көпшiлiгi
сөздiң соңғы буынындағы дыбыстардың жуан- жiңiшкелiгiне орай жуан не
жiңiшке жалғанады: бала-лар-дың, ұй-лер-iмiз-ге, адам-дық, көп-шiлiк т. б.
2. Қатаң п, к, қ дыбыстарынан аяқталған сөздерге дауыссыздан басталғанқосымша жалғанғанда қатаң дыбыстар ұяң естiледi. /айтылады/: қонақ-қонағы, парақ-парағы, бөлiк- бөлiгi, талап-талабы.
3. Қазақ тiлiнде п дыбысынан аяқталған етiстiктерге көсемшенiң - ып,
-iп жұрнағы жалғанғанда қос П дыбысы қатар айтылмай немесе алдыңғысы ұяңдамай, түбiрдегi П дыбысы үндi У дыбысына айналып кетедi жəне сол өзгеруiнше жазылады: кеп+iп - кеуiп, жап+ып - жауып, шап+ып -шауып.
4. Бiрқатар бiрiккен сөздер əр компонентiнiң түбiр тұлғасын сақтамай,
естiлуiнше жазылады: белбеу, олғабыс, олап, б_гiн . (1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте мұндай сөздердiң жазылуын дəстүрлi принцип деп
көрсеткен) . Бґл тəрiздi фонетикалық принциппен жазылатын бiрiккен сөздердiң санаулы екенi, олардың орфографиялық сөздiкте берiлетiнi Р. Сыздықованың «Анықтағышында» ескертiледi.
5. Орыс тiлiнен ертеректе енiп дыбысталу жағынан өзгерiп кеткенбiрқатар сөздер фонетикалық принциппен қазақша айтылуынша жазылады:самаурын, бəтеңке, шүген, божы, болыс, шəйнек т. б. (аталған сөздiкте дəстүрлi принципке жатқызылған) .
6. Араб, парсы тiлдерiнен енген сөздер қазајқ тiлiнiң қарай өзгерген күйiнде, айтылуынша жазылады: əдiл /адл/,
пайда /файда/, апар /эхбар/, аыр /ахир/, айран /хэйран/, ате/хəта/, д_ние
/д_нииа/, нəпсi /нафс/, _сиет /уасииəт/, ауа /%ауа/, əлек /%əлек/, маза /мəзiх/.
Дəстүрлi ұстанымның қазақ тiл орфографиясындағы көрiнiсi ретiнде
1963 жылғы Орфографиялық сөздiкте «естiлуiнше жазылып қалыптасқан белбеу, түрегел, ашудаз, əнəугүнi, алдыңгүнi, бүгiн, бүрсiгүнi, алаңғасар т. б.
сөздерiнiң, араб, парсы, орыс тiлдерiне енiп, қазақ тiлiнiң фонетикалық құрылымына ыңғайланып, айтылу бойынша жазылып қалыптасқан, аыл, саясат, тəлiм, кəмпит, кəрзе_ке, самаурын т. б. тəрiздi сөздердiң жазылуы»
жатқызылып, оқулықтарда да солай түсiндiрiлiп келсе, кейiнгi оқулық, анықтағыштарда /3, 4, 5/. жоғарыда аталып өткен белбеу, ашудас, самаурын,
тəлiм т. б. сөздердiң жазылу емлесi фонетикалыј ұстанымға, ал орыс, араб,
парсы сөздерiнiң төл тiлдерiндегi бастапқы орфограммасын сақтай жазылуы
дəстүрлi ұстанымға жатқызылып жүр. /Мысалы , колхоз, алгебра, жи&ан ,
а&арман т. б. /
Жазба жұмыстарыныңтағы бір түріне талдау жұмыстары жатады. Методика тарихында талдау әдісін ғылыми дәрежеге көтерген педагог - К. Д. Ушинский. Көп жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, талдау әдістерінің құндылығы мен тиімділігін дәлелдеді. Талдау әдістерінің материалы- дидактикалық материалдар. Олар: 1) теориялық материалдар, (тақырыптың термині, анықтамасы, ережелері, өзіндік ерекшеліктері) ; 2) практикалық (сөздер, сөйлемдер, мәтіндер-фразалар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер) .
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
1) фонетикалық талдау; 2) лексикалық талдау; 3) морфологиялық талдау; 4) синтаксистік талдау, 5) орфографиялық талдау т. б.
Фонетикалық талдауға келетін болсақ, мазмұнына қарайекіге бөлінеді: 1) дыбыс жүйесі бойыншаталдау . Бұған мына тақырыптар кіреді: тіл дыбыстарының жасалуы, дыбыс пен әріп, дауысты дыбыстардыңеріннің қатысына қарай, иектің қызметіне қарай, тілдің қалпына қарай жіктелуі, үнді, ұяң, қатаң дауыссыз дыбыстар
2) үндестік заңы бойынша талдау . Оған кіретін материалдар: буын жігі, екпін, буын үндестігі, дыбыс үндестігі, ілгерінді, кейінді ықпалдар.
Фонетикалық талдау көлеміне қарайда екіге бөлінеді: 1) толық немесе жалпы талдау. Фонетиканың белгілі әрі күрделі тақырыптарынан соң, яғни бағдарлама материалдарын толық өтіп болғаннан кейін тақырыптарды қайталау кезінде, не оқушылар білімін есепке алу үстінде іске асырылады; 2) Тақырыптық немесе жеке талдау. Бұл талдау жұмыстары жаңа материалдарды түсіндіру мен бекіту, дағдыландыру жұмысы кезінде жүзеге асырылады.
Фонетикалық талдау орындалу тәсіліне қарай да екі топқа жіктеледі: 1) ауызша талдау; 2) жазбаша талдау. Ауызша талдау көбінесе жеңіл материал кезінде сыныпта орындалса, ал жазбаша талдау күрделі, көлемді материалдарды үйде талдауда пайдаланылады. Фонетикалық талдау әдісі мынандай құрылымдық элементтерден тұрады: а) фонетикалық талдау жүргізбес бұрын сөйлем таңдалады, сонан соң сөйлем тақтаға немесе дәптерге жазылады, талданатын сөздің асты сызылады; ә) асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасалады (қанша әріп, қанша дыбыс бары анықталады, дауыссыз, дауысты дыбыстар жіктеледі, буынға бөлінеді, буын үндестігі, дыбыс үндестігі анықталады, түбір мен қосымша жігіндегіілгерінді, кейінді ықпалдартабылады, екпін қойылады) .
Қазақ тілі бойынша талдау мынандай орындарда қолданылады:
1) жаңа материалды түсіндіру процесінде; 2) материалды бекіту кезінде; 3) оқушылардың өздік жұмыстарында; 4) үй тапсырмаларын орындауда; 5) оқушылар білімін есепке алуда; 6) түрлі дағдыландыру, жаттығу жұмыстарын жүргізу үстінде пайдаланылады.
Талдаудың тәсілдері қазақ тілін оқытуда өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамытып, сынып оқушыларының білімін бекітіп, ой-өрісін кеңейтеді. Талдауды белсенді жүргізуде карточкалы дәптер бойынша жұмыс істеу тиімді. Карточкалы дәптер оқушыларды ұқыптылыққа баулып, келешекте ғылыми жұмыспен шұғылдануына жол сілтейді. Ана тілінен алған теориялық білімін мысалдар арқылы талдау процесінде нақтылап, өз пікірін дәлелдеуге үйренеді. Бұндай жұмыстар оқушыларды өздік жұмысқа дағдыландырса, екіншіден олардың сөздік қорын молайтып, көру мен есту, есте сақтау қабілетін күшейтеді.
Карточкалы дәптерде талдаудың тәсілі - сатылы басқыштар бойынша талдау. Ол жеңілден ауырға қарай талдау принципі бойынша жүргізіледі. Бұл талдауды зерттеп, айналымға енгізген ғалым Е. Исабаев [5, 112] .
Қорытынды
Қазақ тілі бойынша талдаудың мынандай түрлері бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz