Табыс салығының ставкалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСАТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

Е.А.Бокетов атындағы Қарағанды университеті

Тақырыбы: Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.

Орындаған: Балгабек Аяжан УА-21 тобы

Қарағанды 2023
Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.

Жоспар.

1.Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесінің ерекшеліктері.

2.Ұлыбританиядағы салықтардың түрлері:
-табысқа салынатын тікелей салықтар;
-жанама салықтар;
-жергілікті салықтар;
-іскерлік белсенділікке салынатын салықтар;
-тағы басқа салықтар.

Ұлыбритания мемлекетінің салық жүйесі.

Ұлыбританияның салық жүйесінің негізі 19 ғасырда қалыптасты. 1965,1973,1987-1988 жылдары жүргізілген салық реформалары елдің салық жүйесінің құрылымына көптеген өзгерістер әкелді.Елдің салық салу саласында жүргізілген шаралардың ішіндегі ең маңыздылырының бірі-1988 жылдың наурызында қаржы министрі Н.Лоусонның 1988-1989 жылдарға арнап парламент қарауына ұсынған бюджет болды.Қаржы министірінің бағалауы бойынша ,бұл жоба салықтың радикалды реформаларын көрсетті.Н.Лоусон әлемдегі ең қарапайым салық жүйесін ұсынуға ұмтылыс жасады.Салық реформалары жеке табыс салығының төменгі ставкасын 20 % дейін төмендету, ерлі зайыптылырдың табысын бөлек есептеу,прогрессивтік салық ставкаларын алып тастау тәрізді маңызды шараларды қамтыды.Салық жүйесінің оңайлануы оның әділ болатынына кепілдік бермейді.Ағылшын экономистерінің бағалауы бойынша,әрбір британдық үшін салық ставкасы орташа есеппен 14-тен 16-ға өсті,ал осыған дейін табысының қанша мөлшерін салыққа төлесе,ол сол күйі өзгеріссіз қалды.Салық жылы ағымдағы жылдың 6-сәуірінде басталып,келесі жылдың 5-сәуірінде аяқталады.Қазіргі кезде салықтар Ұлыбританияның мемлекеттік кірістерінің 90 % жуығын қамтамасыз етеді.Елдің фискалдық саясаты екі негізгі ережеге негізделген:
алтын ережесі экономикалық циклда Үкіметке инвестициялық мақсатта ғана заимдардың жүзеге асыруына рұқсат береді және оны ағымдағы қаржыландыруды пайдалануға тиым салады;
ұзақ инвестиция ережесі бойынша экономикалық цикл кезінде таза ұлттық қарыздың жалпы ішкі өнімге қатынасы тұрақты деңгейде болу керек.
Бұл ережеге сәйкес,салық төлеуші төлемдерді экономиканы ағымдағы қаржыландыруды жүзеге асыру үшін төлейді,сондықтан ол Үөкіметтен мемлекеттік заимдар операциясын қатаң бақылауда ұстауын қамтамасыз етуін талап ете алады. 1998-1999 жылы қаржы жылдарына мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде,Үкімет жаңа фискалдық тұрақтылық кодексін де қабылдады.Бұл кодекске сәйкес, фискалдық саясат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаға жауап беруі қажет:
-фискалдық саясат мақсатын бекіту,мемлекеттік мекемелердің шоттары бойынша операцияларды орындау және жариялау;
-фискалдық саясатты жүзеге асыру және оның экономикаға әсер ету процесіндегі тұрақтылық;
-мемлекеттік қаржыны басқарудағы жауапкершілік;
-әділеттілік,әсіресе ұлттар арасында;
-фискалдық саясаттың орындалуы.
Ұлыбританиядағы салықтарды бес ірі топқа топтастыруға болады:
табысқа салынатын тікелей салықтар,бұған табыс салығы,капиталға салынатын салық,мұраға салынатын салықтар жатады;
жанама салықтар,бұған қосылған құнға салынатын салық жатады;
жергілікті салықтар,бұған жылжымайтын мүлікке салынатын салықтар т.б. жатады;
іскерлік белсенділікке салынатын салықтар;
тағы басқа салықтар.
Ұлыбританиядағы негізгі салықтардың бірі-табысқа салынатын салық болып табылады.Ол ең алғаш рет 1799 жылы Наполеонға қарсы соғысты қаржыландыру мақсатында енгізілді,ал 1842 жылдан бастап ағылшынның салық жүйесінде тұрақты түрде орын алды.1909 жылдан бастап табысқа салық салуда прогрессия қолдана бастады.1965 жылға дейін табыс салығын заңды және жеке тұлғалардың барлығы төледі.Корпорация пайдасына салынатын салық енгізілгеннен кейін,табыс салығын тек жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
Салық салу бірлігі
Жеке табыс салығының бюджеттегі орны
Тіркелген салықтың ставкасы
Ауылшаруашылық жерлерге салық салудың экономикалық мәні
Жеке табыс салығының экономикалық негіздері
Тікелей және жанама салықтар
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Пәндер