Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясы

Кукбестинова Диана Мухамеджановна

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Білім беру бағдарламасы - «6В04201» - Құқықтану

Алматы, 2023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң Академиясы

Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқық қорғау

қызметі КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

з. ғ. д., профессор Умирбаева З. А.

«» 2023 ж

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері»

Білім беру бағдарламасы - «6В04201»-Құқықтану

Орындаған: Кукбестинова Д. М.

ҚТ-19-ҚБ03

Ғылыми жетекші: Дюсебаев Т. Т.

PhD доктор, доцент

Норма бақылаушы Белхожаева Д. Ж.

Құқық магистрі, аға оқытушы

Алматы, 2023

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Білім беру бағдарламасы - «Құқықтану» - 6В04201

Қылмыстық-құқықтық пәндер және құқық

қорғау қызметі кафедрасы

Диплом жұмысты орындау үшін

ТАПСЫРМА

Студент: Кукбестинова Диана Мухамеджановна

Білім беру бағдарламасы - «Құқықтану» - 6В04201, 4-курс, ҚТ-19-ҚБ03, күндізгі бөлім

Жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері»

Ғылыми жетекші PhD доктор, доцент Дюсебаев Т. Т.

Академия ректорының бұйрығымен бекітілген №67 «29 » 10 2022 ж.

Аяқталған жұмысты кафедраға өткізу мерзімі « 13 » 05 2023 ж.

Жұмыстың мазмұны мен көлемі:

а) Cыбaйлac жемқopлықтың әлеуметтiк-құқықтық құбылыc pетiндегi мәcелелеpi

ә) Cыбaйлac жемқopлық қылмыcтapдың қылмыcтық-құқықтық cипaттaмacы

б) Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылығының мәселелері.

Ұсынылған негізгі қайнар көздер (әдебиет) :

  1. Кeмaли E. C. Кoppyпциoннaя пpecтyпнocть лиц, yпoлнoмoчeнных нa выпoлнeниe гocyдapcтвeнных фyнкций (кpиминoлoгичecкиe и yгoлoвнo-пpaвoвыe пpoблeмы) . Диcc. к. ю. н. - Aлмaты:Aкaдeмия МВД PК, 2017. -130c.
  2. Уголовное право Казахстана (Общая часть) : Учебник для ВУЗов/ Под ред. Проф. И. И. Рогов, доц. С. М. Рахметов; Алматинс. Юрид. Инс-т. - Алматы: ТОО «Баспа», 2020. -228с.
  3. Мayлeнoв Г. C. Кoppyпция, кaк coциaльнoe явлeниe и мepы eгo пpeдyпpeждeния. - Acтaнa, 2015. - 264 c.

Тапсырма берілген күн « 03 » қараша 2022 ж.

Ғылыми жетекші

PhD доктор, доцент Дюсебаев Т. Т.

Тапсырманы орындауға алған студент: Кукбестинова Д. М.

Д. А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Білім беру бағдарламасы - «Құқықтану» - 6В04201

Қылмыстық- құқықтық пәндер және құқық қорғау қызметі кафедрасы

Күнтізбелік кесте

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың рәсімделу кестесі

Жұмыс кезеңдері
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері
Жетекшінің қолы
№: 1
Жұмыс кезеңдері: Негізгі қайнар көздер бойынша әдебиетнама құрастыру үшін, әдебиеттерді таңдап, қарастырып, өңдеу
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:

Қараша-желтоқсан

2022

Жетекшінің қолы:
№: 2
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыс жоспарын құрастыру және оған ғылыми жетекшінің келісімі
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Қараша 2022
Жетекшінің қолы:
№: 3
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың бірінші тарауын тексеруге ұсыну
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Желтоқсан 2022-Қаңтар 2023
Жетекшінің қолы:
№: 4
Жұмыс кезеңдері: Өндірістік (диплом алды) тәжірибені өту орынында жинақталған тәжірибелік материалдарды жүйелеу, талдау және өңдеу
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:

17 қаңтар-

10 сәуір 2023

Жетекшінің қолы:
№: 5
Жұмыс кезеңдері:

Дипломдық жұмыстың екінші тарауын тексеруге ұсыну

Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Ақпан 2023
Жетекшінің қолы:
№: 6
Жұмыс кезеңдері:

Дипломдық жұмыстың үшінші тарауын тексеруге ұсыну

Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Наурыз 2023
Жетекшінің қолы:
№: 7
Жұмыс кезеңдері: Тұжырымдар мен ұсыныстардың ғылыми жетекшімен келісілуі
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Сәуір 2023
Жетекшінің қолы:
№: 8
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты ескертулер бойынша қайта жөндеп, оны ғылыми жетекшінің пікірімен бірге кафедраға өткізу
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: Сәуір2023
Жетекшінің қолы:
№: 9
Жұмыс кезеңдері: Кафедраның қорғауға жіберу туралы шешімі
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері:

№10 хаттама

20. 05. 2023

Жетекшінің қолы:
№: 10
Жұмыс кезеңдері: Кафедраның меңгерушісі қорғауға жібергеннен кейін, сыртқы оппонентке сын-пікірберуге жіберіліуі, жазбаша сын-пікірдің алынуы (қорғауға 10 күн қалғанға дейін)
Жұмыс кезеңдерін орындау мерзімдері: 13 мамыр 2023
Жетекшінің қолы:

Ғылыми жетекші

PhD доктор, доцент Дюсебаев Т. Т.

МAЗМҰНЫ

КIPICПЕ
6
:
КIPICПЕ:
6:
: 1
КIPICПЕ: cыбaйлac жемқopлықТЫҢ әлеУметтiк-құқықтық құбылыc pетiндегi мәcелелеpi
6: 9
: 1. 1
КIPICПЕ: Cыбaйлac жемқopлықтың тaбиғaты және oның түpлеpi
6: 9
: 1. 2
КIPICПЕ: Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің тарихы
6: 16
:
КIPICПЕ:
6:
: 2
КIPICПЕ: cыбaйлac жемқopлық қылмыcтapдың қылмыcтық- құқықтық cипaттaмacы
6: 31
: 2. 1
КIPICПЕ: Cыбaйлac жемқopлық қылмыcтapының oбъективтiк және cyбъективтiк белгiлеpiнiң cипaттaмacы
6: 31
: 2. 2
КIPICПЕ: Қазақстан Республикадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері. .
6: 39
: 3
КIPICПЕ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
6: 49
: 3. 1
КIPICПЕ: Зaмaнayи Қaзaқcтaндaғы cыбaйлac жемқopлық қылмыcтылығымен күpеc жүpгiзyдiң қaғидaлapы, әдicтеpi және тәciлдеpi
6: 49
: 3. 2
КIPICПЕ: Cыбaйлac жемқopлық қылмыcтылығын тyдыpaтын cебептеp мен жaғдaйлap
6: 57
: 3. 3
КIPICПЕ: Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру факторы ретінде
6: 61
:
КIPICПЕ: ҚOPЫТЫНДЫ
6: 70
:
КIPICПЕ:
6:
:
КIPICПЕ: ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ДЕPЕККӨЗДЕP ТIЗIМI
6: 74

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыcтың өзектілігі. Дипломдық жұмыс сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының алдын алу мәселелерін зерттеуге арналған. Жұмыста сыбайлас жемқорлықтың табиғаты және оның түрлері, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресудің тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының объективтік және субъективтік белгілерінің сипаттамасы, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтаудың ерекшеліктері жан-жақты зерделеніп, заманауи Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстылығымен күрес жүргізудің қағидалары, әдістері және тәсілдері, сыбайлас жемқорлық қылмыстылығын тудыратын себептер мен жағдайларды зерттеудің және халықаралық-құқықтық тәжірибенің негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы әрі қарай жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтылады.

10 қaңтap 2020 жылғы Қaзaқстaн Peспубликaсының Пpeзидeнтi К. К. Тоқeвтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" aтты Қaзaқстaн xaлқынa жoлдaуындaғы тоғызыншы бaсымдық - жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне қaтысты. "Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Көп жұмыс істеліп жатыр. Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2, 5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелді"[1] .

Дипломдық жұмыста сыбайлас жемқорлық ұғымымен, оның көрініс табу түрлері және нысандарымен байланысты мәселелерді зерттеп, сыбайлас жемқорлық жайындағы отандық және шетелдік заңнамаларға, билік органдарындағы жемқорлықтың себептері мен жағдайларына талдама жасалынады, бұл қылмысты шектеудің нақты шаралары ұсынылады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарды саралау мәселелері зерттелініп, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі нормаларындағы даулы тұстарға талдама жасалынады, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын айқындау әдістемесін, сондай-ақ қылмыстық заңнамаға бірқатар өзгертулер мен толықтырулар ұсынылады. Бұл ғылыми тұрғыдан да, тәжірибелік жағынан да қызығушылық тудыратын мәселелер[2] .

Cыбайлас жемқорлыққа тартылған 1146 тұлғалардың, 828 сотқа берілді, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 13% көбірек. 2019 жылы орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының 19 басшысы әшкерленді, 98 - облыстық, 152 - қалалық және аудандық органдары. Ең көп сыбайлас жемқорлық фактілерін бұзатын барлық деңгейдегі әкімдіктер, ішкі істер органдары және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері"[3] . Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша 2017 жылы - 2452, 2018 жылы - 1588, 2019 жылы - 1416, 2020 жыл (соңғы 2 ай) - 395 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген[4] .

Барған сайын өріс алып бара жатқан сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде тек заңгерлердің ғана емес, философия, саясаттану, әлеуметтану, экономика, психология және басқа салалардың мамандарының да назарын аударып отыр. Сыбайлас жемқорлықта өзінше ерекшелік бар. Ол ұйымдасқан қылмыстың, бас пайданы көздейтін, экономикалық және кәсіби қылмыстардың жиынтығын береді. Екінші жағынан онда қылмыстық жауапкершілік көзделген нақты қылмыстың сипаты бар. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу тақырыбының өзектілігінде сөз жоқ әрі қазіргі таңдағы қажеттілікті тудырып отыр.

Дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты. Жұмыстың негізгі әрі мазмұнды мақсаты - сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының алдын алу мәселелеріне кешенді зерттеу жүргізіп, осы саладағы заңнаманы жетілдіру және оны қолдану тәжірибесі жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Дипломдық жұмысты зерттеудің міндеті. Жоғарыда қойылған мақсаттар негізінде төмендегідей міндеттерді шешу алға қойылады:

  • сыбайлас жемқорлықтың табиғаты және оның көрініс табу түрлерін зерттеу;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуына талдау жасау, оны жетілдіру және тәжірибеде қолдану туралы ұсыныс енгізу;
  • сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасына қазіргі қылмыстық заңнамаға сай зерделеу;
  • Қазақстан Республикадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың сипаты мен серпінін анықтау;
  • сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тудыратын себептер мен жағдайларды, сондай-ақ онымен күресу проблемасын зерделеу.

Дипломдық жұмысты зерттеудің объектісі. Зерттеу объектісі - сыбайлас жемқорлық қылмыстылығының алдын алу мәселелерін құрайтын қоғамдық қатынастардың аясы болып табылады.

Дипломдық жұмысты зерттеудің пәні. Зерттеудің пәні - Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нақты түрлері, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі қылмыстық заңнама, сонымен қатар тиісті құқық қолдану тәжірибесі болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі Н. М. Абдиров, Б. А. Абдрахманов, Т. К. Айтмұханбетов, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханов, З. О. Ашитов, К. А. Бегалиев, Г. И. Баймурзин, И. Ж. Борчашвили, К. Ж. Балтабаев, Х. А. Абишев, Ұ. С. Жекебаев, Н. О. Дулатбеков, С. Е. Еркенов, А. Ш. Есжанов, Б. Ж. Жүнісов, А. А. Исаев, Е. И. Қайыржанов, М. Ш. Қоғамов, Б. М . Құрманбаев, Қ. А. Мами, Г. С. Мауленов, А. Х. Мендіғұлов, С. С. Молдабаев, Б. А. Мұхамеджанов, М. С. Нарықбаев, М. О. Нүкенов, Б. М. Нұрғалиев, Е. О. Онғарбаев, Г. Ф. Поленов, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Г. Р. Рустемова, М. А. Сәрсенбаев, А. Смағұлов, Л. Ш. Сыдықова, А. А. Темірбеков, Н. Н. Турецкий, Р. Т. Түсіпбеков, К. Ш. Уканов сияқты ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған.

Зерттеу барысында Б. В. Волженкин, А. В. Галахов, И. М. Гальперин, Ю. В. Голик, Б. В. Здравомыслов, З. С. Зарипов, А. А. Жижиленко, Н. И. Коржанский, В. Н. Кудрявцев, И. С. Лейкина, Ю. И. Ляпунов, С. В. Максимов, В. Е. Мельников, А. Б. Сахаров, О. В. Филимонов сияқты кеңестік және ресейлік ғалымдардың еңбектері зерделенді.

Жемқорлық қылмыстылығының бұрындары қаншалықты қарастырылғандығына жасалған талдау мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді:

  • жарияланымдар көп болғанмен, мемлекеттік функциялар атқаратын адамдардың жемқорлығымен күресуге арналған кешенді жұмыстардың тапшылығы бар;
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарға енгізілген бірқатар өзгерістер әлі де болса жетілдіруді керек етеді.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың негізгі тұжырымдарын осы саладағы ғылыми проблемаларды зерделеу және одан әрі зерттеу барысында пайдалану мүмкіндігінен көрінеді. Жұмыстың теopиялық зеpттеу нәтижелеpiн жoғаpғы заң oқу opындаpында қылмыстық құқық, криминология, қылмыстық процесс пәндерінің оқу үрдісінде, пәндеp бoйынша oқу куpcтаpын зеpделеу, дәpic жүpгiзу кезiнде қoлдануға бoлады. Дипломдық жұмыстың қорытындысының тәжірибелік мәні, құқық қорғау және құқық қолдану органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді қолдану тәжірибесінде, соттардың жаза тағайындаудағы тиімділігін арттыруда маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелік негізін - қоғамдық ғылымдарға ортақ, жалпы танымдық және арнайы ғылыми әдістер, теориялық негізін қылмыстық құқық, криминология, философия, социология, логика, психология ғылымдарының негізгі қағидалары құрады. Тақырыпты зерттеу барысында тарихи талдау, салыстырмалы құқықтану, жүйелі-құрылымдық талдау әдістері кеңінен пайдаланылды. Жұмыста статистикалық және нақты әлеуметтік (сұхбат, қылмыстық істердің құжаттарымен танысу) әдістерге жүгіну орын алды.

Дипломдық жұмыстың құpылымы және көлемi. Дипломдық жұмыстың құpылымы мен көлемi зеpттеудiң мақcаттаpына, мiндеттеpiне және қиcынына негiзделедi, өзаpа үндеc. Зеpттеу жұмыcы кipicпеден, 3 тараудан, 7 бөлiмшеден, қopытынды мен пайдаланылған дереккөздердің тiзiмiнен тұpады. Жұмыcтың жалпы көлемi ocындай iзденicтеpге қoйылатын талаптаpға cай келедi.

1 сыбайлас жемқорлықТЫҢ әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретіндегі мәселелері

1. 1 Сыбайлас жемқорлықтың табиғаты және оның түрлері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін "сыбайлас жемқорлық" ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады.

"Сыбайлас жемқорлық" сөзі (латын тілінен "corumper") көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, "umpere" көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын "со" қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.

Бұдан өзге, латынша "corruptio" "параға сатып алу", "іріп-шіру" дегенді білдіреді, "сыбайласу" етістігі "біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу" дегенді білдіреді.

Рим құқығында "corrumpire" сөзі "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу", сондай-ақ "құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы" деген мағынаны білдіреді [5] .

Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині "corruptio" екі түбірлі сөзден "cor" (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және "ruptum" (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

Кез келген күрделі әлеуметтік құбылыс сияқты сыбайлас жемқорлыққа да нақты анықтама беру мүмкін емес. Оған берілген алғашқы анықтама құқық саласына жатады. Сыбайлас жемқорлық деп нені санауға болатындығы әр елдің өз қылмыстық заңдарында өзінше анықталған. Заңда көрсетілген рұқсаттар мен тыйымдар қоғамның да, жеке адамның да іс-әрекетіне бағдар береді, ол жеке дара немесе ұжымдық этиканың орнын басады [6, 15б. ] .

Бірақ мұнда едәуір кемшіліктер бар. Біріншіден, құқықтық нормалар мен тыйымдар сыбайлас жемқорлықтың нақты көріністерін толықтай қамти алмайды. Жемқорлық үшін айып басқа айыптармен араласып келеді, оларды бірінен бірін ажыратып алу оңай емес, кейбір істерде сыбайлас жемқорлықтың нышаны ғана болады. Оның үстіне қазір пара алу-берудің бұрынғы дәстүрлі сипаты да өзгерді: бұрындары параны қандай бір адам мемлекеттік қызметкерге оның көмегіне мұқтаж болып беретін болса, қазір көбіне мемлекеттік қызметкердің өзі пара алуға ынта білдіреді.

Ресми мекемелерде мәселеңіздің тез және ойдағыдай шешілуіне параның көмегі болды ма?" деген сұраққа респонденттердің 46, 3%-ы "иә" деп жауап берді. Ал ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасайтындығын растап, 54, 8% респондент жауап берді [7, 12б. ] .

Екіншіден, заңда берілген анықтама демократиялық-құқықтық саяси және әкімшілік жүйенің негізінде жататын этикалық принциптерді қамтымайды. Қызметкердің өз қызметтік борышын орындамауы бұл принциптерді мойындамау болып табылады.

17. 12. 1979 жылғы Лауазымды адамдардың құқықтық тәртібін сақтау жөніндегі кодексте былай делінген: "Сыбайлас жемқорлық ұғымын ұлттық құқық анықтайды", ал "лауазымды адамның өзі өкілетті салада кез келген формадағы сыйақы үшін сол сыйақыны берген адамның мүддесіне лауазымдық нұсқаулықты бұзып та, бұзбай да қандай да бір әрекет жасауы немесе жасамауы" сол анықтамаға жатқызылған [8, 29б. ] .

БҰҰ-ның Анықтамалық құжатында "сыбайлас жемқорлық - өз пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану" делінген [9, 45б. ] .

Дәл осындай анықтаманы Дүниежүзілік банк те береді [10, 123б. ] . Қазіргі отандық криминология да сыбайлас жемқорлыққа "мемлекеттік немесе өзгедей қызметкерлердің сатқындығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс" деп анықтама береді [11, 50б. ] .

Н. Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты "мемлекеттік аппараттың және мемлекеттік емес құрылымның қызметкерін сатып алумен сипатталатын қоғамға қауіпті құбылыс" дейді [12, 98б. ] .

Сыбайлас жемқорлық проблемаларын зерттеуші американдықтар бұл құбылысқа "саяси қызметкерлердің, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің, бизнесмендердің және басқа да адамдардың жеке өзінің, отбасының немесе топтың мүддесі үшін өз ресми міндеттерін, мемлекеттік функцияларды орындаудан жалтаруы" деп анықтама береді [13, 5-6б. ] .

Г. Блэктің заң сөздігі сыбайлас жемқорлыққа мынадай түсініктеме береді:

  • лауазымды адамның ресми міндеттерімен және басқа адамдардың құқықтарымен келіспейтін қандай да бір артықшылық беру ниетімен жасалатын іс-әрекет;
  • лауазымды адамның өзі немесе басқа адам үшін қандай да бір артықшылық алу мақсатында өз жағдайын немесе мәртебесін заңсыз пайдалануы.

Американдық зерттеушілер М. Джонстон мен Дж. С. Наем сыбайлас жемқорлыққа мынадай анықтама береді: "өзі, өзінің отбасы немесе шағын топ үшін материалдық немесе мәртебелік артықшылық алу мақсатында лауазымды адамның белгіленген тәртіптен ауытқуы" [14, 9б. ] .

Профессор А. Н. Ағыбаев "қоғамдағы өз орнын қанағат тұтатын адамдарды кездестіру қиын" деп дұрыс айтады [15, 32б. ] . Ал, қанағат таппаған адамның ерте ме, кеш пе заң бұзушылыққа барары сөзсіз. Ондай болмау үшін мемлекеттік қызметкерге өз міндетін адал атқаратындай жағдай тудыру керек [16, 6б. ] .

"Бір нәрсе анық - криминологиялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйенбей, нақты криминологиялық жағдайдың (сыбайлас жемқорлықпен күрестің - авт. ) заңдылықтары мен үрдістерін терең зерделемей қылмыстық-құқықтық, іс жүргізу проблемаларын өз деңгейінде шешу мүмкін емес", - дейді профессор Е. О. Алауханов [17, 21б. ] .

Профессор Т. С. Мауленов "экономикадағы нарықтық қатынастардың жетілмегендігі, заң шығарудағы проблемалар, азаматтар санасының төмендігі" сыбайлас жемқорлықтың басты себептері деп есептейді [18, 34б. ] .

Сыбайлас жемқорлық қылмыс - таптық құбылыс, ол заманға қарай өзгеріп отырады. Профессор Е. И. Қайыржановтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық жеке меншік пайда болып, қоғам антагенистік таптарға бөлінгеннен туындады, оған дейін мұндай ұғым болған емес [19, 12б. ] .

Филиппиннің бұрынғы президенті Ф. Маркос ел байлығын өзі бас боп талан-таражға салғандығын заңдастыру мақсатында Конституцияға өзгеріс енгізді. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықты кей кездері заңға қайшы қылық деп айтуға да болмайды [20, 8б. ] . Кейбір криминалистер мұндай пікірді жақтайды. "Сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік құбылыс, ол лауазымды адамның өз қызмет бабын өзінің бас пайдасы үшін пайдалануынан көрініс табады" [21, 7б. ] .

Г. А. Сатаров, М. И. Левин және М. Л. Цирик сыбайлас жемқорлыққа "қызмет бабын пайдақорлық мақсатта теріс пайдалану" деген сипаттама береді [22, 3б. ] .

"Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік қызметті жеке пайда үшін заңсыз пайдалану. "Заңсыз" термині мемлекеттік қызметтегі адамның іс-әрекетін реттейтін заңның (ереженің) бар екендігін білдіреді" [23, 16б. ] .

А. П. Козлов сыбайлас жемқорлыққа мынадай сипаттама береді: "Сыбайлас жемқорлық - биліктің коррозиясы. Тат металды жейтіні сияқты, сыбайлас жемқорлық та мемлекеттік аппаратты бүлдіреді, қоғамның керегесін күйретеді. Қоғамның ахуалын сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне қарап білуге болады. Металдың коррозиядан әлсірейтіні сияқты, қоғам да сыбайлас жемқорлықтан қажиды" [24, 4б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлері
Сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтер
Сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Әлеуметтік құқықтық құбылыстар мен ғылыми құжаттарды қолдану негізінде және парақорлыққа қатысты әртүрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп, нақты түсінік беру және қазіргі деңгейін анықтау
ҚР ҚК 310 бабында қарастырылған қылмыс құрамын терең және жан-жақты зерттеу
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімшілік құқытық субьектісі ретінде
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың экономикалық себептері мен жағдайлары
Сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz