Діни мерекелердің рөлі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жарқын Ақжол

ПРАВОСЛАВИЕЛІК ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5B020600 - «Дінтану»

Алматы, 2022 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: «ПРАВОСЛАВИЕЛІК ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ»

5B020600 - «Дінтану»

Орындаған:

4 курс студенті А. Жарқын

Ғылыми жетекші:

Заң ғ. к., профессор м. а. К. М. Бишманов

«Қорғауға жіберілді»

№___ хаттама __ 2022 ж.

Дінтану және мәдениеттану

кафедрасының меңгерушісі

филос. ғ. д., профессор А. Д. Құрманалиевa

Норма бақылаушы:

аға оқытушы, магистр У. А. Тунгатова

Алматы, 2022 ж.

РЕФЕРАТ

Жұмыстың атауы: «Православиелік және мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуеті»

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың көлемі: 50 б.

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 40

Зерттеудің нысаны: православиелік және мұсылмандық мерекелер

Зерттеудің пәні: православиелік және мұсылмандық мерекелердің интеграциялық әлеуеті

Дипломдық жұмыстың мақсаты: православиелік және мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • діни мерекелердің қоғам өміріндегі рөлін анықтау;
  • діни мерекелердің қоғамда атқаратын қызметін талдау;
  • православиелік мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін саралау;
  • мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін анықтау.

Зерттеу жұмысының әдістемесі: салыстыру, жүйелеу және жинақтау, анализ және синтез

Кілт сөздер: діни мерекелер, христиандық мерекелер, православиелік мерекелер, мұсылмандық мерекелер

РЕФЕРАТ

Название работы: «Интеграционный потенциал православных и мусульманских праздников в обществе»

Структура работы: состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.

Объем работы: 50 с.

Количество использованной литературы: 40

Объект исследования: православные и мусульманские праздники

Предмет исследования: интеграционный потенциал православных и мусульманских праздников

Цель дипломной работы: определить интеграционный потенциал православных и мусульманских праздников в обществе.

Задачи дипломной работы:

- определить роль религиозных праздников в жизни общества;

- анализ роли религиозных праздников в жизни общества;

- анализ интеграционного потенциала православных праздников в обществе;

- определить интеграционный потенциал мусульманских праздников в обществе.

Методы исследования: сравнительный, систематизация и обобщение, анализ и синтез

Ключевые слова: религиозные праздники, христианские праздники, православные праздники, мусульманские праздники

ABSTRACT

The theme of the work: Integration potential of Orthodox and Muslim holidays in society

The structure of the work: includes introduction, 2 part, conclusion and list of literature source.

The volume of the work: 50 р.

Number of references: 40

The aim of the research: Orthodox and Muslim holidays

The subject of the research: Integration potential of Orthodox and Muslim holidays

The purpose of the thesis: to determine the integration potential of Orthodox and Muslim holidays in society.

Thesis tasks:

- to determine the role of religious holidays in the life of society;

- analysis of the role of religious holidays in the life of society;

- analysis of the integration potential of Orthodox holidays in society;

- to determine the integration potential of Muslim holidays in society.

Methods: comparative, systematization and generalization, analysis and synthesis

Keywords: religious holidays, Christian holidays, Orthodox holidays, Muslim holidays

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
7
КІРІСПЕ . . .: 1 ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ . . .
7: 10
КІРІСПЕ . . .:
  1. Діни мерекелердің рөлі . . .
7: 10
КІРІСПЕ . . .:
  1. Діни мерекелердің қоғамда атқаратын қызметі . . .
7: 18
КІРІСПЕ . . .:
7:
КІРІСПЕ . . .:
  1. ПРАВОСЛАВИЕЛІК ЖӘНЕ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ . . .
7: 26
КІРІСПЕ . . .:

2. 1 Православиелік мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуеті . . .

7: 26
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуеті… . . .
7: 34
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7: 47
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7: 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Көпғасырлық тарихи кезеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерекшеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған. Елімізде өзге халықтардың дін бостандығына шек қойылмайды, сондай-ақ, Қазақстан заңдарына қайшы келмейтін барлық діни мерекелер рәсімдерінің, мінәжаттардың, ғибадаттардың атқарылуына рұқсат етіледі. Осы орайда, бүгінгі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін біздің республикамыз үшін тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндет ретінде белгіленген. Осындай қадамның арқасында бүгінде Қазақстан барша әлемге толеранттылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында дәстүрлі рухани және діни құндылықтар қайта жаңғырып, ескі ғибадат орындары: мешіттер, шіркеулер, құлшылық үйлері мен синагогалар қайта қалпына келтірілсе, кейбіреулері жаңадан бой көтерді. Құрбан айт және Рождество діни мерекелері Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланды. Осылайша, Қазақстанда діннің этностық және саяси қауымдастыққа қарсы тұратын бәсекелестік бағыттағы сәйкестенуге емес, керісінше, қоғамға қайталанбас әралуандылық сипат пен өзіндік ерекшелік беріп, қазақстандықтардың рухани мәдениетін байытушы элемент ретінде көрініс табуына алғышарттар жасалды. Қазақстанның жалпы тарихи өткені мен этностардың этномәдени дәстүрлері діни дәстүрдің қалыптасуында айтарлықтай ықпалға ие болды. Зерттеушілер, олардың маңызды айқын сипаты ретінде діндердің бір-біріне жақындасуға деген ұмтылыстарын көрсетеді. Бұл үдерістер елімізде жүргізіліп отырған зайырлылық ұстанымдары, мемлекет пен оның институттарының конфессиялық бейтараптық сипаттары, адам мен азаматтардың діни сенімдеріне немесе діни және зайырлы ұйымдарға мүше болуына қарамастан құқықтарының теңдігі мен еркіндігі, қазақстандық тұрғындардың этномәдени дәстүрлерін, әртүрлі топтардың қауымдық менталитеттік ерекшеліктерін құрметтеу, мемлекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейінде ар-ұждан және діни сенім бостандығы саласындағы саясаттың ашық түрде жүзеге асырылуы секілді негізгі біріктіруші қағидаттарға құрылған мақсатты әрі сындарлы саясаттың заңды және қисынды жалғасы екендігі сөзсіз.

Қазақстанда бүгінгі күнде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы дінді ұстанушылардың еркіндігі мен құқығын құрметтеу қағидаттарына, қоғамдық және діни ынтаға, серіктес болу қарым-қатынасы мен өзара түсінушілікке деген ұмтылысқа негізделген. Бұл ретте, мемлекеттің ықпалды саясатымен конфессия көшбасшыларының жеке жауапкершіліктерінің арқасында елімізде этносаралық шиеленістер мен діни қайшылықтарға жол берілген жоқ. Ал осы жайт туралы сөз қозғағанда, діни бірлестіктер зайырлы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ажырамас бөлігі, азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі екендігін басты назарға алу қажет. Осы орайда, бүгінде өзара түсіністік, толеранттылық пен ынтымақтастық, конфессияаралық тосқауылдарды бірлесе отырып жеңу мен мультимәдениетті әлемнің қатерлеріне қарсы тұру аса маңызды мәселе болып табылады. Сәйкесінше, мемлекет дін ұстанушылар мен діни бірлестіктердің қоғамға қызметі мен адамдар игілігі үшін атқарылатын әлеуметтік жұмыстарына қолдау көрсетіп отыр. Діни өмірдің жандануы Қазақстанның тәуелсіздік алуымен басталды. Ислам мен православие еліміздің рухани өміріне арқау болғандығы жайлы Елбасы Н. Назарбаев бірнеше рет айтып өткен болатын. 2012 жылдың 7-ші қаңтары күні Астана қаласындағы Қасиетті Успен соборының ашылуында Елбасының: «Құс екі қанатынсыз ұша алмайтыны секілді мемлекет те екі қанатынсыз алға жылжи алмайды. Мемлекетіміздің екі қанаты: Ислам және Православие еліміздің негізгі діндері саналады. Сондықтан да менің шешіміммен Құрбан айт және Рождество демалыс күндері болып жарияланды. Осындай өзара түсіністік арқасында елімізде бейбітшілік, келісім және молшылық орнап отыр. Қазіргі әлем дүрлігіп жатқан кезде Қазақстан өзінің өзара түсіністігімен, келісімімен және төзімділігімен баршаны таңдандыра білуі қажет» - деп, айтқан сөздері дәлел бола алады [1] .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған уақыттан бергі кезеңде әлеуметтік-экономикалық жағынан жаңғыруымен бірге, рухани және мәдени өрлеу жолында көптеген іс-шараларды қолға алды.

Христиандық - ең кең таралған әлемдік діндердің бірі. Әлемде 2 миллиардқа жуық христиан дінін ұстанушылар бар. Бұл дін үш негізгі бағытқа бөлінеді: православие, католицизм және протестантизм. Ал мерекелер осы діни жүйенің әрбір бағытының культтік қызметінің құрамдас бөлігі болып саналады. Оларды тойлау дәстүрлері мұқият сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Соған байланысты адамдар өмірінде ерекше орын алатын діни мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін зерттеу мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселе болғандықтан, осы зерттеу тақырыбының өзектілігіне айналып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Православиелік және мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келетін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • діни мерекелердің қоғам өміріндегі рөлін анықтау;
  • діни мерекелердің қоғамда атқаратын қызметін талдау;
  • православиелік мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін саралау;
  • мұсылмандық мерекелердің қоғамдағы интеграциялық әлеуетін анықтау.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ислам және православие мерекелерінің интеграциялық әлеуетін салыстыра отырып зерттеген нақты ғылыми еңбектер жоқ деуге болады. Дегенмен жалпы діни мерекелер туралы жазылған біршама зерттеулер бар. Олар: Соколов В. Г., Аширов Н., Алтай Х. Ғ., Естаев Ж., Климович Л. К., Дәуренбеков Ж., Кішібеков Д., Уәлиханов Ғ., Кенжеахметұлы С., Осман Қ. т. б. жатқызуға болады.

В. Г. Соколовтың 1953 жылы жарық көрген «Діни әдет-құрыптар мен мейрамдардың шығуы және реакцияшыл мәні» еңбегі атеистік тұрғыда жазылған. Осы тақырыпта қазақ тілінде жазылған еңбектердің болмауынан бұл кітаптан діни мейрамдардың шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет алынды.

Осман Қарабиықтың «Ислам діні» еңбегінде мұсылмандық мерекелер туралы қысқаша жазылған.

Бұл авторлардың еңбектерінен бөлек ғаламтордағы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мақалалар талданды.

Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық сияқты әдістер негізге алынды. Сонымен қатар, жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді талдау, сараптау тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің нысaны мен пәні. Зерттеу жұмысының нысаны православиелік және мұсылмандық мерекелер. Зерттеу жұмысының пәні православиелік және мұсылмандық мерекелердің интеграциялық әлеуеті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы адамдардың діни мерекелер, дәлірек айтсақ православиелік және мұсылмандық мерекелер кезіндегі ортақ қуаныштары олардың ынтымақтастығын күшейтіп, бірлігін сақтауда екендігі, яғни қоғамдағы интеграциялық әлеуеті анықталды. Сонымен қатар түрлі халықтардың көптеген мерекелері мен әдет-ғұрыптары өзінің шығу тарихы бойынша сол немесе басқа ұлттың дінімен, мәдениетімен, рухани мұрасымен тығыз байланысты екендігі және «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, олар да заман ағымына қарай өзгерістерге ұшырап отырғандығы айқындалды.

Ғылыми жұмыстың теориялық-методологиялық негізі. Зерттеу жұмысында жүйелілік, объективтілік, тарихи салыстырмалық сияқты ғылыми таным принциптері негізге алынды. Сондай ақ, тақырыпты зерттеу барысында талдау, сараптау тәсілдері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

  1. Діни мерекелердің рөлі

Әр діннің өз тарихына байланысты атап өтетін мерекелері бар. Діни мерекелер - бұл әрбір дінді ұстанушылардың ерекше қастерлейтін, діни қоғамда маңызды орынға ие атаулы күндері. Діни мерекелердің ішкі мазмұны мен аталып өтілуі әр діннің тарихына байланысты. Кейбір монотеистік діндердің (христиан, иудаизм) ортақ тарихынан туындаған ұқсас немесе бірдей діни мерекелері бола тұра, діни негізіндегі өзгешеліктерге байланысты оларды әр дін өкілдері өз алдына дербес атап өтеді. Сонымен қатар бір діннің мерекелерінің өзі сол дінді ұстанушы халықтардың арасында кейде ұлттық-мәдени ерекшеліктерге орай ішінара әркелкі реңктер қабылдаған.

Ежелгі адамдар арасында діни түсініктердің дамуымен мерекелік рәсімдер бақсылық, магиялық мағынаға ие бола бастады. Мысалы, аңшылық биді орындай отырып, адамдар жануарларға немесе құстарға аң аулауға еліктеді, олардың қимылдары мен әдеттерін қайталады. Би кезінде аң аулауға тиісті мүсіншелер немесе аңдардың бейнелері найзамен, жебемен ұрылған. Адамдар бұл рәсімді дұрыс орындаса, аңшылықта сәттілік болатынына сенімді болды. Ежелгі адамдар табиғат күштері мен құбылыстарына табиғаттан тыс қасиеттер бере бастады, олардың өмір сүруі сол уақытта үлкен дәрежеде тәуелді болды. Адамдар сиқырлы күшті күнге, күн күркіреуіне, жаңбырға, өзендерге жатқыза бастады, олар әртүрлі рухтарға, жақсылық пен жамандыққа сене бастады, олардың екеуін де табыну және құрбандық шалу арқылы өз жағына тартуға тырысты.

Зерттеу жұмысының тақырыбына тереңдемей тұрып «мереке» сөзіне анықтама берейік. Мерекелерді адамның және қоғамның қалыпты еңбек қызметін тоқтататын және Құдайға ғибадат ететін күндер, белгілі бір халық, топ, отбасы немесе жеке адам үшін маңызды тарихи оқиғалар деп санауға болады. Мерекенің шіркеулік (догматикалық) түсінігі литургиялық әдебиетте көрінеді.

Мысалы, православиелік шіркеу дәстүрінде мерекелер «Иса Мәсіхті құрметтеу және еске алу үшін және жалпы Киелі Үштік Құдайды мадақтау үшін, ең қасиетті Әулие Мәриям мен басқа да әулиелердің құрметіне шіркеу белгілейтін күндер. Шіркеу христиандардың жердегі уайымдарын қойып, өз назарын рухани мәселелерге - қасиетті іс-әрекеттерге (қайырымдылық, басқаларға көмектесу және т. б. ) және мәңгілік құтқарылу туралы қамқорлыққа (шіркеуге бару, дұға ету) аударатын күндердің қажеттілігін түсіндіреді.

Діни мерекелердің мәні өткеннің ұлы оқиғаларын еске алу және құрметтеу ғана емес. Теологиялық түсіндірмеге сәйкес, кез келген діни мерекенің мағынасы: «Қасиетті тарих тоқтаған жоқ, ол біздің өмірімізде жалғасуда және әрқайсымыз оның қатысушысы, оң немесе теріс кейіпкеріміз. Ал сол жылдан-жылға дәріптелетін діни оқиғалар есте сақталып, біздің қазіргі өміріміздегі оқиғаларға айналады» (А. Петров) [2] .

Егіншіліктің дамып, отырықшы өмір салтына көшуімен ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігінде, олардың діни наным-сенімдерінде, әдет-ғұрыптарында, мерекелерінде одан әрі өзгерістер болды.

Әрбір сенуші мереке тек демалыс пен көңіл көтеру уақыты емес екенін біледі. Бұл ең алдымен ерекше, маңызды мәселемен байланысты нәрсе. Ұзақ уақыт бойы әрбір діни мереке тек «жұмыс істемейтін» күн ғана емес, белгілі бір оқиғаға арналған маңызды, есте қалатын күн болып табылатыны кездейсоқ емес.

Дүние жүзі халықтарының көптеген мерекелері мен әдет-ғұрыптары өзінің шығу тарихы бойынша сол немесе басқа ұлттың дінімен, мәдениетімен, рухани мұрасымен тығыз байланысты.

Адамзат өмір сүрген уақыт ішінде бұл бірегей тарихи және мәдени құндылықтар пайда болды, жетілдірілді және жойылды, бірақ олардың басым көпшілігі әлі күнге дейін өзінің бастапқы түрінде дерлік біздің күндерімізге жетті.

Ғасырлардан өтіп, бүгінгі күнге жеткен мәдени мұралар туралы сөз қозғағанда, мысал ретінде әртүрлі халықтардың белгілі мерекелері мен әдет-ғұрыптарын келтіруге болады.

Осы мерекелердің ең көнелері шығу тегі бойынша пұтқа табынушылықпен тікелей байланысты, ол бір кездері адам мен әлем туралы ең алғашқы әмбебап идеялардың бөлігі болды, кейінірек қазіргі күні бар барлық діндердің негізі болды.

Дүние жүзі халықтарының бүгінгі күнге дейін сақталып келген діни мерекелері мен салт-жоралары көне дәуірде, жан-жақты пұтқа табынушылық бірте-бірте екінші жоспарға түсе бастаған кезде қалыптаса бастады.

Әрбір белгілі діннің күнделікті, апталық, жылдық өз мерекелері мен рәсімдері бар.

Көбінесе діни мерекелер сол діннің тарихында немесе пайғамбарларымен болған белгілі бір оқиғамен байланысты болады. Мысалы, мұсылмандар мәулітті Мұхаммед Пайғамбардың с. а. у. туылған күнін еске алу үшін атап өтеді [3] .

Дінге сенген адамның бай діни өмірі тек наным-сенімнен ғана емес, діни тәжірибеден де тұрады. Діни тәжірибе жүйесінде маңызды орындардың бірін діни мерекелер, ғұрыптар, рәсімдер, діни заттар кіретін діни тәжірибе алады. Олардың көмегімен адам Қасиетті Күшпен (Құдаймен) байланысады. Діни тәжірибе өзінің практикалық көрінісін ғибадат, литургия және шіркеу мерекелерінің күнтізбесі арқылы адамға жеткізетін культтік формаларда табады.

Мереке (қасиетті) - бұл сөздің семантикасы ерекше күш-қуатқа ие болған киелі саланы үй шаруашылығынан ажырататын «қасиетті - дүниелік» (священное-профанное) оппозициялық (қарсылық) дегенге барып тіреледі [2] . Мерекелердің шығу тегі қатаң салттық циклге, мерекелер мен жұмыс күндерінің кезектесуіне негізделген. Күнтізбе үздіксіз циклдік табиғи уақытқа ғұрыптық жүйенің сипатын береді: мерекелік және күнделікті кезеңдердің, жаман және жақсы күндердің кезектесіп өзгеруі.

Белгілі бір дінді мемлекет идеологиялық деңгейіне көтерген елдер мен діни басымдылыққа жол бермейтін мемлекеттердегі діни мерекелер барлық уақытта бір деңгейде аталып өтілмейді. Қазақстан халықтарының басым көпшілігі ислам дінін ұстана отыра өзге халықтардың діни бостандығына шек қойылмайтындығы арнаулы заңмен бекітілген, сондай-ақ, Қазақстан заңдарына қайшы келмейтін барлық діни мерекелер рәсімдерінің, мінәжаттардың, ғибадаттардың атқарылуына рұқсат етіледі. Елде кең таралған Ислам діні мен христиан дінінің православие тармағының басты мерекелері күні республика Президентінің сол дінді ұстанушыларға құттықтау жолдауы дәстүрге айналған.

1920-1930 жылдардағы мәдени практика көрсетіп отырғандай кеңестік мерекелер мен қатар империя тұсынан келе жатырған діни мерекелерде халық арасында өз маңызын жоғалтпаған. Бұған дәлел Қарағанды мемлекеттік мұрағатының құжаты. Ол бойынша 1946 жылдың аяғында халық арасында сауалнама жүргізілген, «Сіз отбасында қандай мерекелерді атап өтесіз?» деген сұраққа қатысушылар кеңестік мерекелермен қатар діни мерекелерді де көрсеткен. Бұдан бөлек тағы бір дәлел шаруа Игнат Фролов өз күнделігінде «Мен үшін діни мерекелер маңызды, дегенмен кеңестік жалпыхалықтық мерекелергеде қатысып, атап өтемін» деген [4] .

Жалпы мерекелер адам өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Олар эмоционалдық жағдайдың және әлеуметтік өмірдің негізі болып табылады. Мерекелердің арқасында отбасылық дәстүрлер, жағымды естеліктер, ұжымдық фотосуреттер және т. б. пайда болады. Мерекелерді адамдар әрқашан тағатсыздана күтеді, басқа барлық мәселелерін бір уақытқа ұмытады.

Мереке кезінде адамдар жұмысты, проблемаларды және жағымсыздықты ұмыта алады. Мұндай күндері бір-біріне жақын адамдар бір жыл ішінде алғаш рет көңіл көтеру үшін немесе бір-бірін көру үшін бас қосады. Адамдардың кез келген ыңғайлы уақытта кездесуіне ештеңе кедергі келтірмейтін сияқты, бірақ өмірлік жұмыс оларға телефон қоңырауы немесе хат үшін бір минутты да бөлуге мүмкіндік бермейді. Мерекелер өміріңізді кідіртуге, санаңызды тазартуға және балалық шаққа шомылуға мүмкіндік береді. Сондықтан діни мереке болсын, отбасылық мереке болсын мерекелердің маңызы зор.

Ежелден бері мерекелердің тарихы халықтардың дәстүрлері туралы айтады. Сол кездің өзінде мерекелік шаралардың міндеті - адамдар мен табиғатты біріктіру, олардың арасындағы келісім мен тыныштықты қалпына келтіру, жүректерде мейірімділік пен достықты тудыру болды. Көбінесе мереке күндері адамдарға толық еркіндік беріп, бұрын рұқсат етілмеген нәрсені жасауға рұқсат етілді.

Мерекелердің бала тәрбиесінде алатын орны зор. Олар баланың жеке басының әлеуметтік қалыптасуына қатысады. Мәдени дәстүрлер балалардың бойына ата-бабаны құрметтеу, жақындарына деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сияқты қасиеттерді сіңіреді. Балалар мерекелерді мүлде басқаша қабылдайды, сонымен бірге күштірек және ұмытылмас эмоцияларды бастан кешіреді. Олар мерекеге дейінгі күндерді шыдамсыз санайды, бәрінен де артық тілейді. Балалар сыйлықтар, тәттілер, көңіл көтеру, қарым-қатынас қуанышы күтеді. Олар мерекелік ғажайып сезімге толығымен еніп, ертегіге сенеді, өз дәстүрлері мен естеліктерін қалыптастырады. Олар бұл сезімдерді есейгенге дейін өздерімен бірге алып жүреді және балаларына береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мерекелер түрлері
Қазақтың діни мерекелері
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz