Әбіш Кекілбаев прозасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
№57 жалпы білім беретін орта мектеп

ЗЕРДЕЛЕУ ЖОБА
Әбіш Кекілбаев прозасы

Секциясы: Әдебиет
Бағыты : тарихи тұлғалар
Орындаған: Қайратқызы Аяулым
жетекшісі: Шадман Ләйлә Иляьқызы

2022-2023 оқу жылы

Мазмұны

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Ұлтын сүйген жазушы
2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі
III.Зерделеу бөлімі
3.1 Адами құндылық - Әбіш Кекілбаев әңгімелерінің негізгі арқауы
3.2 Ә.Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі әңгімесі
3.3 Әбіш Кекілбаевтың Керек адам шығармасы
III.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

Аннотация
Қазіргі уақытта адамгершілік қасиеттің таразыға түскен тұсында Әбіш шығармаларының берер мағынасы мол екенін айта түсемін. Біздің пайымдауымызша жастарға үлгі болатын еңбектерін мейілінше мектеп оқулығына енгізе түссе нұр үстіне нұр болар деп едік .Осы жобаны жазар кезде көптеген ойға түйер түйіндер көп болды. Адамның адамгершілігі адамдығында екенін ұға түстік. Адамынан заманы озған тұста біз адами құндылықты жоғалтып алмауымыз қажет.
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы:
Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Маңғыстаудың төл перзенті, тума таланты, дәуірдің дара тұлғасы, кемеңгер қаламгер Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығы бүгінгі жастарға, оқушыларға рухани тәрбие берудің көзіне айналды. Жазушы шығармаларында қазақ халқының салт-дәстүрін әдеп-ғұрпын дәріптеген.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысы ұрпағын қарапайымдылық пен еңбекқорлыққа, адамдардың бір-біріне деген көл-көсір ыстық ықыласы мен шексіз қамқорлығын, өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігін үлгі еткен жазушының аманатын көкейімізге түйіп, көңілімізге бекіту.

І. Кіріспе
Әбіш Кекілбаев - өз шығармаларында кейіпкерлер арқылы адами қасиеттерді, замана келбетін терең тұрғыда суреттеген қаламгер. Оның басты мақсаты - жалаң суреттеуден гөрі, адамның сол кездегі көңіл-күйін, сонымен қатар қазіргі таңда екінің бірінің бойынан табыла бермейтін адалдық, еңбекқорлық қасиеттерді бейнелесе, екінші шығармасында керісінше, "заманы түлкі болса, тазы болып шалатын адам бойындағы жағымпаздық сияқты жағымсыз қылықтарды дәл суреттей білген.
Негізі, жазушыға тән негізгі басты құрал - қиял, ой, тұжырым, шабыт, саналы пайымдау. Олай болса, осылар біріккенде біз жазушының шеберлігін танып білеміз. Ә.Кекілбаев әңгімелеріндегі көркемдік шеберлік неде? Енді осы туралы айта кетсек.
Прозашы Ә.Кекілбаев "Керек адам", "Тасбақаның шөбі", әңгімелерінде жазушы кейіпкерлер образын шебер пайдалана отырып, сол кездегі адамдардың түрлі жағымды-жағымсыз қасиетерін қатар суреттей отырып, бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін қозғайды.
Зерттеудің мақсат-міндеттері:
Әбіш Кекілбайұлы шығармаларындағы адами қасиеттерге бағытталаған шығармаларын зерттеу.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
* Жазушының қоғам өміріндегі азаматтық тұлғасын таныту;
* Жазушы шығармалары бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімге, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің баға жетпес құралы екенін айқындау;
* Cыныптacтарыма Әбіш шығармаларындағы адами құндылықтар туpaлы aйту, iздeну жұмыcыммeн тaныcтыpу.
Зерттеу әдістері:
Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің өзектілігі:
Жазушының жанынан шыққан еңбектеріне қарап, қазақтың қаймағы бұзылмаған ырым тыйымдарын зерттеп, зерделегеніне таң қалып, таңдай қаға аламыз. Жазушының қай шығармасын, әңгімесін алсақ та, мән мағынаға ие .Кеңінен таразыланған, қамтылған. Кейіпкерлер бейнесі мен олардың әрекеттері арқылы, адам өз басының қадірін басқаға керектігімен емес, ішкі түйсі - гің, керек адам ретінде іштей руха - ни түлеуің, осы арқылы ілгері қа - - рай тынымсыз ізденуің, адами болмыстың биік шыңына көтеріліп алып, енді содан аласармаудың ама - лын ойлап, өзіңді сәт сайын жаңа қырыңнан ашуға талпы - ну екенін шеберлікпен танытады.
Зерттеудің маңызы:
* Әбіш Кекілбаев шығармалары болашақ жастар үшін рухани өнеге мектебі;
* Жазушының шығармалары өшпес мұра.
Зерттеу жұмысының нысаны Ә.Кекілбаевтың Тасбақаның шөбі мен Керек адам әңгімелері.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, бір тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің жаңалығы:
Жазушы мұрасы бүгінгі ұрпақ жүрегіне шынайы сезімнің ұшқынын жағуға болатынына көз жеткізу. Жазушының жазу стиліндегі кейіпкерлерін қатар қойып іс-әрекетін,өмірге деген көзқарастарын суреттей отырып,адам бойындағы адами қасиеттерді таныту жазушының ерекшелігін көрсетеді.

ІІ.Негізгі бөлім
2.1 Ұлтын сүйген жазушы
Қазақ бойынан тектілік көрсек,ол тектілігіміздің атадан балаға мұра болып келе жатқанының куәсі.Әбіш әлемі сол тектіліктің туы іспеттес бейне.Әбіш қазақтың рухын көтере отырып,барлық өмірін қазақтың қазақ екенін көрсете білуге арнады.Рухани жаңа кезең 60жылдарда әлемдік әдебиетіне көз салсақ,талантты,жан жақты,үнемі ізденісте болған тұлға Әбіш деп әбден айта аламыз.
Өзге жазушылар сияқты Әбіш Кекілбаев жазушымыз қазақтың түпкілігіне,ес кілігіне,құмбыл құбылыстарына,көшпенділер өмірін қазіргі бізге,әр деталіне басты назар аудара отырып жеткізе білді.Қазақ халқының басқа ұлтқа ұқсамайтын ұяңдығын, кең жүректі қонақжай мейірбандылығын,туған жерге деген махаббатының шексіздігін аша түсті. Жазушы өз өмірін яғни,соғыс атты сұм кезеңмен көзін ашқаны баршаға аян. Бүлдіршін болсада соғыстың соңғы жылдары ызғарлы екенін бастан өткерген еді. Сол уақыттағы халықтың құм қуыт тіршілігі ащы болып,күн көру күйі нашар болса да, арманына еш кедергі бола білмеді.Бірақ,қашанда,қандайда жағдай болмасын салт дәстүрді бағалайтын халыққа бұл кедергі бола білмеді. Адамгершілікті қашанда алғы шепке қойған қазақ қазақтығын жоғалтпағанының куәсі болды. Қарт ауылдың таңымен оянып,шыбықты ат қылып міне жүрген бала қиялы адамның адамды ғы адамгершілікте екенін санасына сіңіре білгенін көреміз.Адамгершілікпен қоса,қазақтың салт дәстүрін сақтай отырып,ырым тыйымның адам жанына қуаныш сыйлай білетінінің,болашаққа жақсы ниетпен қадам басатынының дәлелі екенін ұққан еді.Бір ауыз сөз адам жанына медеу бола біліп,арманына қанат бітіретін жазушы жаны түсінді.Сол уақыттағы сөз саптауы бөлек,жаны жайсаңдардың жанында жүріп,адамның бойындағы ізгі қасиет адамгершілік екенін қорытындылады.

2.2. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы кейіпкерлер әлемі
Сөз өнерінің қақпасын өлеңмен қағып, кейін көркем прозада әлемдік мәдениет қазынасына мол үлес қосқан Әбіш Кекілбаев қаламгерлік қуаты мол, кестелі сөз шеберлігі жоғары талантты тұлға, көп қырлы суреткер. Сөз өнерінің тізгінін ұстаған әрбір суреткердің ең асыл арманы мен мақсат-мүддесі өз халқын әлемге таныту болса керек. Бұл тұрғыда Әбіш борышы өтелген бақытты жазушының бірі. Оның қаламынан туған шығармалары әлемнің бірнеше тілдеріне аударылды. Өз халқының талайлы тағдырын, жүріп өткен жолын, мұңы мен сырын, жаны мен арын, тұтас табиғатын төрткүл дүниеге танытты. Көрнекті жазушы Кекілбаевтың мұрасы - ұлттық интеллектуалдық қазынаға айналды. Бір ғана мысал, 1982 жылы әдебиеттің ғасырлық кезеңін саралап отыратын Еуропаның ұйымы шығарған Соңғы жүз жылдықтың атақты жүз қаламгері деген портрет-плакатта Толстой, Әуезов, Достоевский, Чехов, Маркес, Хемингуэй, Паустовский, Федин, Айтматов, Ғамзатов сынды әлемдік тұлғалар қатарынан Әбіш те орын алды. Немістің кітап баспасы жүргізген сауалнама-хаттамасында XX ғасырдың таңдаулы жазушылары тізіміне де енді. Сөйтіп таңдамалы туындылары әлем жазушылары мен сыншыларының назарын аударды, шоқтығы биік шығармашылығы жоғары бағаланды.
Жазушы өзінің қай-қай шығармасында болсын кейіпкерінің болмысынан адамшылық сәулесін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрып дегендей титтей тапқанын насихаттауынан мұрат етіп, марапаттауға жанын салады, адам бойынан асыл қасиеттерді аз ба, көп пе таба білсем деп таусылатын қаламгер.
Жазушының әңгімелеріне зер сала қарап отырсаңыз, көбіне оның қарапайым еңбеккерлерді суреттеуге құштар екеніне куә боласыз. Неге? Бұл Әбіштің қарапайым ауыл еңбеккерлерінің өмірін өте жақсы, терең білуінен шығар. Ол сана мен ұлттық мінез-құлықты айнытпай бейнелеуге кәнігіленгендігінен халық арасынан шыққан кейіпкерлердің ой - арманын, мүддесін терең зерек түсінеді, бүкіл болмысын, тынысын, күрсінісін, ішкі үнін естиді, іштерінде не керемет жатқанын сезеді. Қазақ әдебиетінде еңбек адамының, кеңпейіл, дархан ұлттық мінез-құлықты бойына жиған, қазақ ырымын, үздік қасиеттерін пір тұтқан қарапайым ауыл адамы бейнелерінің галереясын жасауда жазушы үлесі зор.
Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы кейіпкерлердің қай-қайсысы да өмірде бар, өзін сан мәрте көрген, істеген ісі мен сөйлеген сөзіне дейін өзіміз жақсы естіп,көріп біліп жүрген адам тәрізді. Өйткені Ә.Кекілбаев - үлкен суреткер,шеберліктің шыңына шыққан жазушы.Ол жасаған образдардың шыншыл болатыны осыдан,жазушының құдіреттілігі. Шығарманың атауының өзі кейіпкерлердің образын шығарманы оқымай тұрып ақ сезінуге жетелейді.Кейіпкерлер бейнесі мен олардың әрекеттері арқылы, адам өз басының қадірін басқаға керектігіменемес, ішкі түйсі - гің, керек адам ретінде іштей руха - ни түлеуің, осы арқылы ілгері қа - - рай тынымсыз ізденуің, адами болмыстың биік шыңына көтеріліп алып, енді содан аласармаудың ама - лын ойлап, өзіңді сәт сайын жаңа қырыңнан ашуға талпы - ну екенін шеберлікпен танытады.

Ә.Кекілбайұлы прозаға үлкен дайындықпен келді.Бұған алғашқы әңгімелері куә.Ол бірден-ақ қаламы төселген қаламгер ретінде көрінді.Баяндаудан бастау алып сөзбен сурет салуға көшу,тақырып-нысананы терең білу,бақылағыштық,сезімталдық,өмірг е құштарлық - бәрі- бәрі,сөз жоқ,үлкен сөз шеберлерінен үлгілі дәріс алудан.Әбіштің қалам саптасынан ұлы Мұхтар Әуезов мектебінің сабақтары айқын көрінеді.Ал Мұхтар мектебінің шәкірттері көп.Елуінші-алпысыншы жылдары әдебиетке келгендердің бәрі дерлік, мысалы, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шәймерденов,З.Қабдолов, Т.Әлімқұлов, Ә.Нұршайықов, Б.Соқпақбаев, Ш.Мұртаза, Ә.Тарази, О.Бөкеев,С.Жүнісов, Д.Исабеков,С.Мұратбеков, Т.Әбдіков және басқалар - осы шалқар бұлақтан сусындағандар,бойларына содан нәр жинап,түлеп ұшқандар. Әрине, осылардың ішінде Әбіштің орны өз алдына.Рас,қаламгерлірдің бірі биік,бірі аласа деп салыстырып,сорттауға болмайды. Нағыз суреткерлердің әрқайсысының өз жолы бар.Өзі шырқап шығар биігі,өзі еркін жүзер айдыны бар.Әбіш те - сондай.Көркем сөз әлемінде ол өзгеге ұқсамай еркін қанат қағады.
Қазақ әдебиетінде әбден өркендеп,үлкен өріс тапқан орта көлемді эпикалық жанрдың бірі - повесть.Бұл жанрлық түрдің повесть деген аты бізде Қазан төңкерісінен бері термин ретінде қолданылып келеді.Тегі орыстың повествование,яғни баяндау, әңгімелеу деген мағынадағы сөзінен шыққаны белгілі.Кейінгі кезде бұл терминнің тілімізде хикая деген сөзбен ауыстырылып жүргенін қолдау керек.Әдебиеттануда шетел,орыс терминдерінің қазақы ұғымдағы баламалары сәтті іздестіріліп те,табылып та жүргені қуантады.Біздің ойымызша,қазақ әдебиетінде хикая жанрының өзіндік тарихы да,анықтамасы да бар.Оны әдебиеттанушы ғалымдар әлдеқашан байыптап,жеке айдар тағып та қойған.Ал енді осы жанрлық түрдің қазақ әдебиетіндегі орнына келетін болсақ,іргелі тарихы да бар,ауыз толтыра айтарлық табысы да жеткілікті.Ол осы ғасырдағы бастауын сонау жиырмасыншы жылдардағы классиктеріміз шығармаларынан алады.Қазақ әдебиетіндегі хикаялардың керемет бір үлгісі - Көксерек десек қателеспейтін шығармыз.Оның бергі жағындағы қадау-қадау хикаялар да қазақ әдебиеті тарихының ұзына бойындағы мәңгі жанартаулар сияқты сөнбей жарқылдап,шұғыласын төгіп тұрғаны көңілді көншітеді.Олар- С.Сейфуллиннің,Б.Майлиннің,С.Мұқано втың,Ғ.Мүсіреповтың,Ғ.Мұстафиннің,Т .Ахтановтың,С.Шәймерденовтың,З.Қабд оловтың,С.Мұратбековтың,М.Мағауинні ң,Т.Әлімқұловтың және тағы басқалардың тамаша хикаялары.
Осылармен қатар,қазақ әдебиетіндегі хикая жанрында кесек шығармалар тудырған және өзіндік ерекше қолтаңбасымен көрінген жазушы - Әбіш Кекілбайұлы.Оның бізге белгілі хикаяларының саны-он.Олар: Күй, Бәсеке, Ханша-дария хикаясы, Шыңырау, Автомобиль, Құс қанаты, Бір шоқ жиде, Шеткері үй, Бәйгеторы, Бір шөкім бұлт.
Бұларды біз тақырыптарына қарап өткен заман өмірін және қазіргі заман шындығын бейнелеген хикаялар деп екі топқа бөлеміз.Ал,жарық дүниеге келу уақытына,жылнамалық тәртібіне келер болсақ,алғашқы тобы,яғни Әбіштің өткен заман өмірін бейнелеген хикаялары алпысыншы жылдардың аяқ кезінде жазылған да ,қазіргі заман шындығын бейнелейтін хикаялары жетпісінші жылдардың аяқ кезінде жазылған.Біз бұл шығармалар туралы әңгімеміз жүйелі болу үшін осы тәртіп бойынша - әуелі бірінші топтың хикаяларына,содан кейін екінші топ хикаяларына - жеке-жеке тоқталмақпыз.
Әбіш Кекілбаевтың шәкірттік үйрену дәуірі пәлендей ұзаққа созылған жоқ.Өзінің алғашқы өлеңдері,мақалалары,әңгімелері арқылы ол творчестволық мүмкіндігінен хабар берсе,кейінгі жылдары жазған шағын көлемді повестері автордың жазушылық қарымын,өзіне тән қолтаңбасын,қалыптасқан стилін айқын танытты. Бір шөкім бұлт, Дала балладалары, Бір уыс топырақкітаптарына енген прозалық шығармалар оның творчестволық мұрат-мақсаттарының ауқымын анықтап,оның стиліндегі эпиктерге тән байсалды баяндау,филсофиялық,психологиялық тереңдіктер барын,кең тынысты,бейнелі иірімді тілдік құралдарды пайдалану секілді ерекшеліктерін байқатты,-деп жазушы Герольд Бельгер орынды айтқан.
Әбіш Кекілбайұлының өткен заманға арналған тарихи хикаяларының алпысыншы жылдардың аяқ кезінде жазылуында да өзіндік себеп бар.Осы жылдардың бас кезінен бастап,кейінгі онжылдықтарда тарихи тақырып қазақ әдебиетінде үлкен бір толқынды кезең боп көзге түсті. Жазушылар аталмыш тақырыпты игерге жұмыла кірісті. Осы бір бетбұрыс,рухани серпілістің өзі көп нәрседен хабар беретін тәрізді. Бұл - осы уақыттағы қазақ халқының бай өткен тарихын жоққа саятындай үстем, отаршылдық ой-пікірге қарсылық білдірушіліктің бой көтере бастауының белгісі де еді. Халқымыздың елдікке, ерлікке толы осындай осындай өткені бардеген үн жатыр мұның астарында.Өйткені совет өкіметі билігінің бған дейінгі әр кезеңдерінде жазушылардың творчестволық тәуелсіздігі,өткен тарихи дәуірлердің шындығын тайсалмай көрсетуге мүмкіндігі тым-тым шектеулі-тін.Сондықтан қаламгерлер айтпайтын нәрсені айтып,өтірікке жүгіну,өмірді боямалап көрсетуге мәжбүр болды.Аталмыш тақырыптарға қысымшылықпен қарағандықтың содырлы сойқанын Абай жолыэпопеясы мен Мұхтар Әуезовтың қалай басынан кешіргенін қаламгерлер күні кеше өз көздерімен көріп,жүрекртері шайлыққан-ды.Мұндай тұтқындалған туралаушылықтан 1960 жылдардағы хрущевтік жылымық кезең құтқарып,әдебиетте жаңа ағыстар,еркін пікірлер өріс ала бастады.Ыстық ықыласты өзін-өзі тану, бағалау туып,ұлттық намыс ояна бастады.Ендеше Әбіштің тарихи хикаялары да - сондай еркіндіктің жемістері десек дұрыс болар.
Солардың ең алғашқысы - 1996 жылы Жұлдызжурналында басылып,1968 жылы жарық көрген Дала балладаларыжинағына тұңғыш рет енген Күйхикаясы.Атына қарап оны тек қазақтың арқалы өнері күйшілік өнерге,күйшілік шеберлікке байланысты екен десек,қателесеміз.
Күй - қазақтар мен түрікпендер арасындағы ежелгі тайпалық тартыс- талас,бітпейтін дау,кереғар да келеңсіз әдет-ғұрыптар суреттелетін шығарма.Жазушы бұл тақырыпты терең де шебер игеріп,соншама ынтызарлықпен бейнелейді.Шамасы,қаламгерді осы жағдайларға байланысты бала кезінен құлағына сіңісті болып қалған әңгімелер,жалған ар- намыс,абырой-атақ қуалаған,оны аяққа таптатпау туралы,екі халықтың бір- біріне кезек соққы беріп келе жатқандығы туралы қарттардың сөздері мазалап,солардың басын біріктіре отырып,үлкен елдік түйін,жиынтық ой- идея айту талайдан қамшылағандай әсер қалдырады.Бауырлас,түпкі тамыры ортақ екі халықтың еш опа бермейтін бір-бірін барымталауы,ауыл- аймақтарына қорлық-зорлық көрсетуі,сұлуларын алып қашып,мал-мүліктерін тонауы,кейде қолға түскендерін құлақкесті құл қылуы неліктен ғасырлар бойы жалғаса береді? Ал осы бір-бірінен кек қайтару дәстүріне құрылған жауласулардың зардабы болашықты улап,талай ұрпақтың тамырына балта шапты емес пе? Көп отбасылардың,жазықсыздығына қарамастан талай шағын ру-әулеттердің тұқымы жалғаспай,өз заманында жоқ болғаны тағы бар.Осындай жөн-жосықсыз қанды шерулердің,елді ел қылуға,жұртты жұрт қылуға пайдасы тиді ме,тиетін бе еді,бұдан халықтар бір бірін құртудан басқа не тапты дегендей үлкен әлеуметтік сауалдарға әкеліп тірейді Әбіш хикаясы.
Жазушы өткен заман шындығын терең де шынайы бейнелеу үшін алуан айрықша деталь келтіріп,қан мен шыншылдыққа суарылған,бұрын құлақ естіп көрмеген оқшау оқиғаларды алға тартып,базбір ертеден келе жатқан есер ғұрыптың сұмдықтарын суреттеуімен оқырман жанын түршіктіреді.Хикаяда кек қайтару, жаулық жасау, ата дұшпанның тұтқиыл шабуылына дайын тұру мақсатында қаруды асынып ұйықтау,елдегі шаруашылық,талай пенделік істерде де қаруды жанынан қалдырмау,шала ұйқы,қатулы қабақ,қорқыныш-күдік,шат күлкіден,мәрт өнерден қол үзу,тіпті оны мәңгілік жерлеу,көңілділік атаулыны ақыл-сана,тұрмыстан аластау,кек қайтарып,көкейдегі қыжылды басу жолында жау тұтқындарын қорлаудың алуан түрлі сұмдық түрлерін ойлап табу және оны рахаттана,жаны жайлана отырып атқару шебер суреттеледі.Шығармадағы қазақтардың,Дүйімқара тобының Жөнейіттің қанішер інісі Көкбөрінің жаралы денесін қопарыла құлаған бейіттің үңгіріне тастауы,Жөнейіттің қазақтың тұтқын балаларын мәңгүртке айналдыру үшін шаштарын тықырлап алдыртып,олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы әдеби түс көру
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
Аңызға құрылған хикаяттардың оқиғалар желісі
Әбіш Кекілбаевтың өмір
Әбіш Кекілбаевтің «Үркер» шығармасы, тарихи көркемдігі және эстетикалық сипаты
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Көркем шығармадағы психологизм туралы мәлімет
Қазіргі қазақ повестерінің проблематикасы және характері
Пәндер