Бейнелеу өнерінің негіздері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Қазақ бейнелеу өнері және оның түрлері.

Орынаған: Қадыр Бекзат
Тексерген: Ақбаева.Ш

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
2. Бейнелеу өнері және оның түрлері
3. Скульптура (мүсін өнері)
4. Кескіндеме және оның түрлері
5.Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық дәстүр - бұл күнде педагогтер қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық дәстүр, әдет - ғұрып кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған тәрбие құралы. Оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда.
Ұлттық салт-дәстүр жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Педагогика ғылымы оны өзіне негіз етіп отыр. Ал, оның оқу-тәрбие процесіне енуі шын мәніндегі жаңалық.
Адамды адамгершілікке, имандылыққа, әсемдікке тәрбиелейтін өнер саласының бір тармағы - бейнелеу өнерінің қыр-сырынан мағлұмат беру. Орта мектеп мұғалімдерінің шығармашылық (творчестволық) іс-әрекетіне көмек беретін теориялық және сарамандық (практикалық) нұсқаулардың мазмұнын баяндау, жас жеткіншектердің ұлттық сезімдерінің қалыптасуына бейнелеу өнері арқылы ықпал ету. Сонымен қатар ғылыми жұмыста бейнелеу өнерінен бастапқы білімді меңгеру мәселесіне айрықша назар аударылады.
Қазір оқулық, әдістемелік құрал жеткілікті деу қиын, бірақ соны аз деп қол қусырып отырмай, қолда барды тиімді пайдаланып, ізденімпаздықпен, дәстүріміздің нәрін сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жас өспірімдердің бойына сіңіру бағытында ат салысқанымыз жөн.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде - Сурет пәні сабақтарында оқушыларға сурет салуды үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету негізгі міндетіміз. Ұлттық тәрбие жүрекке жатық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер. Бұл мұраларды пайдалана білу үшін оларды терең оқып-үйрену, игеру қажет болды.
Мақсаты: қазақ халқының үлкен өмірін, салт-дәстүрімізді, өзім білетінді, естіп, оқып білгенімді өскелең ұрпақтарға жеткізу, жеткізіп қана қоймай көз алдына елестету. Себебі: бұларды қала балалары тұрмақ ауыл өмірінен де кездестіру қиын.

1. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы

Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер т.б. жатады. Қазақстандағы бейнелеу өнерінің келесі даму кезеңдері - қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар - Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен бейнелеу өнерінің мұнарасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б.з.б. 5-4, 4-3 ғасырлар) бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен Алтын адам соның ең бір көрнекті үлгісі.
Қазақстанның орта ғасырындағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлпытастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан. 18-19 ғасырлар мен 250 ғасырлардың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Б.Залесский, Шевченко, С.Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі.
Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, мозайка жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар - Ә.Қастеев, Ә.Ысмайлов, Х.Наурызбаев, т.б. Халықтық кәсіби бейнелеу өнері алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанымен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев (Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі суретшілер) сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ бейнелеу өнері - қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. 20 ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е.Төлепбай, А.Ақанаев, М.Сыдыхан, Т.Маданов, А.Есенбаев, А.Есдаулетов, Б.Бапишев, А.Қазығұлов т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде бейнелеу өнері мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару. Адамзат мәдениетінің арналы саласы ретінде қазақ өнерінің әлемдік бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар.

2. Бейнелеу өнері және оның түрлері
Қазіргі кезде қабылданып жүрген Бейнелеу өнері деген термин онша дәл емес әрі ол қамтитын өнерлердің сипатын толық көрсете алмайды. Бейнелеу өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнеленгені емес, олардың нені білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме живопись, скульптура, графика жөнінде, яғни әлденені тікелей бейнелейтін өнерлер туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық-қолданбалы өнер туралы не айтуға болады; әшекейлі көне қобди немесе әсем өрнектелген ыдыс нені бейнелейді? Ол мүлдем ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеректе осы өнерлердің бәрін белгілеу үшін пластикалық өнер, сымбатты өнер терминдері қолданылды, - бірақ бұнда онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры аяғында бейнелеу өнері терминіне тоқталды, біз де осы терминді пайдаланамыз.
Бейнелеу өнері - ақиқат көрінетін дүниенің бейнесін кеңістік немесе жазықтықта көрнекті суреттейтін өнердің түрі. Бұл өнер басқа өнер салалары сияқты болмыстың көркем бейнесін адамның сезуінен туындайды.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының қалыптасуына, өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстардың эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға, көркем өнерпаздық қабілеттілікке және өнер саласындағы өнерпаздық дербестікке бағыттайды.
Балалардың эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім берудің нәтижелі болуы үшін мұғалімдердің өзі бейнелеу өнерінің түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін жетік білуі қажет. Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн.
ХІХ ғасырға дейін скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

3. Скульптура (мүсін өнері)
Мүсін өнері - шындық өмірді өзінің ерекше әдісімен көркем бейнеде көрсететін бейнелеу өнерінің бір түрі. Скульптура - атауы латынның sculpture - бірдеңені ойып алу, қашау деген сөзінен шыққан. Алғашында осы әдіспен жасалған шығармаларды білдіреді, кейіннен жұмсақ материалдан (сазбалшық т.б.) сомдалған мүсіндер де осы ұғыммен аталды. Мүсін өнері негізінен екі түрге бөлінеді:
Бедер (рельеф) - көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы етіп бейнеленетін түрі.
Дөңгелек мүсін - бейнелеу объектісінің нақты, көлемді бейнеленуі.
Бұл өнер еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуанаттарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы - аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан, тастан, металдан жасайды. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, сәулет өнері сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді.
Мүсін өнерінің әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе кескіндемемен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен - олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуге тиіс.
Қаланың архитектурасымен, оның алаңдары мен көшелерінің кеңістігімен байланысты монументтік мүсін өнерінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің теориялық негіздері
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Қазақ өнерінің тарихы
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Бейнелеу өнері негіздері мен оқыту әдістемесі
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
Болашақ бейнелеу өнері муғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау жайлы
Әртүрлі жас топтарында сурет салуға үйрету
Пәндер