Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Филология білімі
Шетел тілі пән бірлестігі
Сайлау Сәли

ГАЗЕТ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Ғылыми жетекшісі:
Шетел тілі әдістемесі
пәнінің оқутышысы:

АСТАНА 2023
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ..

1.НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Газет тілінің ерекшелігі

1.1.Публицистикалық стильдің қарастырылуы.

1.2. Газет мәтінінде бөгде сөздің жұмсалу ерекшелігі

1.3. Газет тілінің лексикалық ерекшелігі

1.4. Газет стилінің грамматикалық ерекшелігі

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жалпы тіл білімінде тілдік жүйені тілдің коммуникативтік қызметі, тіл мен адам факторы, тіл мен қоғам арасындағы байланыс тұрғысынан қарастыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Тіл білімінде газет тіліне, оның жанрлық-стильдік ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жүргізілді. Бірақ тіл білімі ғылымында газеттің өзіндік ерекшелігін зерттеу жұмыстарының көп болғанына қарамастан, нақты жанрдың мағыналық, құрылымдық сипаты, оның даму заңдылықтары мен тілі зерттеудің бастысы болмады. Сол себепті шағын жанр тілінің семантикасы және лексика мәселесі түбегейлі қарауды қажет етеді. Осы құбылыстарды тіл жүйесіндегі коммуникативті негіздегі жүйелі лингвистикалық заңдылықтар ретінде анықтау және сипаттау зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады. Филологиялық ғылыми зерттеу жұмыстарына шағын жанр ұғымы енгізіліп, оның публицистикалық стильдің құрамына кіретіні анықталды. Шағын жанрдың өзіне тән ерекшеліктері олардың көлемінің шағын болуымен қатар, жылдам ақпарат беретіндігі жұмыс барысында нақты дәлелденіп шағын жанр мәтіндеріне лингвистикалық талдау жасалды. Газеттегі шағын жанрлар тілін лингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда, ондағы ең басты мәселе коммуникация яғни тіл арқылы байланыс, қарым қатынас жасау екендігіне байланысты стиль жанр мәтін атты лингвостилистикалық парадигманы зерттеу керек. Зерттеу процессінде газеттегі шағын жанр тілінің қызметі мен стильдік ерекшеліктері анықталды.
Зерттеу нысаны: ақпараттанудың басты құралы болып табылатын газет мәтіндерінің тілі болып табылды.
Зерттеудің мақсаты: газет тілінің өзіндік ерекшелігін қарастыру
Зерттеудің міндеттері: қазіргі тіл білімінде публицистикалық стильдің маңыздылығын қарастыру
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Газеттегі шағын жанр тілінің қызметі және оның стильдік сипаты
Газет тілінің лексикалық ерекшелігін көрсету (неологизм, кірме сөздер, терминдер, фразелогизмдер)
Газет тілінің грамматикалық ерекшелігін көрсету
Зерттеу әдістері: Зерттеуде сипаттамалы түрде талдау жасау, тілдік материалдарды жинақтау,топтастыру, жүйелеу, баяндау, қорытындылау әдістері қолданылды.
Негізгі бөлім
Газет тілінің ерекшелігі
. Публицистикалық стильдің қарастырылуы
Публицистикалық стильдің шығармалары бар тілде сөйлейтін адамдардың жас ерекшеліктеріне, білім дәрежесіне, наным-сенімдеріне қарамастан, сол қоғам немесе аумақ мүшелерінің бәріне ортақ болып келеді. Публицистика сөзінің шетел тілдерінен орыс тіліне ауысып көпшілік деген мағынаға ұқсас екенін ескерсек, бұл стильдің аталуы да ақылға қонымды келеді, себебі бұл стильде жазылып немесе айтылатын еңбектер көпшілік қауымға арналады. Қоғамдық саяси әдебиеттің, бұқаралық ақпарат құралдарының, көпшілікке арналған мәжілістердегі, жиналыстардағы баяндамалар мен жарыс сөздердің стилі публицистикалық стиль деп аталады.
Қазақтың әдеби тілі және баспасөз тілі жөнінде көрнекті зерттеуші, ғалым Қ.Жұбанов: Қазақ әдеби тілін зерттеу жұмыстары көбінесе Абай, Ыбырайдың тіл ерекшеліктеріне, жазба әдеби тілді қалыптастырудағы қызметтеріне байланысты болған. Қазақ әдеби тілін демократиялық бағытта қалыптастыруда зор еңбек сіңірген Абай мен Ыбырай қазақ жазба әдеби тілінің негізін қалаушы деп таныдық, - дей келе, одан әрі, - 1936 жылы жарық көрген Абай - қазақ әдебиетінің классигі деген еңбекте әдеби тілдің пайда болуындағы Абайдың ролі дұрыс көрсетілген болатын.
Ал қос ғалымның осы ойын зерттеуші С.Исаев: Баспасөз тілі - жазба тіл. Қай дәуірде болмасын мерзімді баспасөз өзі қызмет ететін халықтың тілін пайдаланып қана қоймайды, оның байып, дамып отыруына әсер ықпалын тигізіп отырады. Мысалы, бір номерінде жалпыхалықтық тілдің сөз байлығы терең пайдаланыла алмайды. Демек жалпыхалықтық тілдің баспасөзде қолданылуы кейде бір қарағанда сезіле бермейтін тілдік элементтерді таңдап алумен астасып жатады, немесе Қазақтың мерзімді баспасөз тілі бірден туып, қалыптасып кеткен жоқ. Мерзімді баспасөз тілінің тууы қазақ тілінде газет, журналдардың алғаш дүниеге келе бастауымен тығыз байланысты болса да, одан бұрынғы және сол кездегі жазба тіл, жалпыхалықтық тілдің нормаларынан ауытқып кете қоймайды - деп нақтылай түседі.
Ғалым М.Серғалтиев бұқаралық ақпарат құралдарын үшке бөліп қарастырады: визуальдық (мерзімді баспасөз), аудиальдық (радио) және аудиовизуальдық (телевизия, деректі кино) әрі олардың өздеріне тән белгілерін анықтаған:
Ақпараттық (әр түрлі фактілер мен хабарларды жеткізу);
Түсініктеме баға берушілік (деректермен немесе түсініктемемен, талдаумен немесе баға берушілікпен жеткізіліп отырады);
Танымдық ағартушылық (мәдени , тарихи және ғылыми материалдарды жариялай отырып, БАҚ тыңдармандардың, оқырмандардың, көрермендердің білім қорын толықтырып отырады);
Ықпал ету қызметі
Визуальды хабарларды көрермендер, аудиальдық хабарларды тыңдармандар қабылдайды, ал аудиовизуальды хабарлардың адресаттары көрермен де, тыңдарман да, кейде оқырмандар да болып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының осындай ерекшеліктеріне сай ол хабарлардың тілдік ерекшеліктері де әр түрлі болып табылады. Публицистикалық стильдің негізі газет тілі деп есептеледі. Ақпарат құралдарының ішінде бәрінен бұрын пайда болғаны газет еді. Сондықтан газетте материалдарды беру, материалдарды оқырмандар үшін редакциялап көптеген өңдеуден өткізу тәжірибесі болатыны сөзсіз.
Газет тілінің маңызын қарастырсақ:
- жаңалықтады, тың ақпараттарды халыққа тез жеткізуді басты мақсат етеді;
- болып жатқан оқиғаларға түсініктеме бере алады және әлде бір пікірдің шындығына оқырманның көзін жеткізе дәлелдеп жазылады, оқырманның назарын аудартып, оқиғағат қатысты ой қалыптастырады;
- оқырманды оқиғаға қатысты іс әерекетке щақырады, көпшіліктің көзқарасын анықтайды.
Газет тілі туралы ғалымдар мен жазушылардың түрлі пікірлері бар. Әлемдік деңгейде лингвистикалық стилистиканың негізін салушы Ш.Балли газет тілі туралы былай деген: Өмірді танудың және миллиондарды олардың көздерінен тыс дүниеде болып жатқан істерге тарта білудің өте сәтті формасы.
М.С.Шагиняның атап көрсеткеніндей, очерк - шындық әлеміне жазушының белсенді саяхаты. Публицистикалық стиль саясат пен идеологияның барлық саласында қызмет ететіндіктен, еліміздегі және одан шетелдегі жаңалықтар мен оқиғаларға баға беру, халыққа ықпал ету сияқты өте маңызды міндет атқаратындықтан, стильдің бұл түрінің аясы барынша кең. Басқа стильдер сияқты, публицистикалық стильдің де экстралингвистикалық және лингвистикалық ерекшеліктері немесе белгілері болады. Экстралингвистикалық белгілері: хабардың толық қанды болуы, баяндаудың нақтылығы, фактографиялығы, логикалығы, ықшамдығы, экспрессивтілігі мен эмоциональдылығы, қимыл әрекетке итермелілігі. Лингвистикалық белгілері: сөздердің үнемдеп қолданылуы, қалың оқырманға түсінікті болу мақсатында сөздердің ұтымды пайдалануы, қоғамдық-cаяси лексика мен фразеологияның публицистикалық ыңғайда кірістірілуі, қажетті жерінде публицистикалық стильден басқа стильдердің тілдік құралдарының жұмсалуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының халық алдындағы міндеті орасан зор. Ол қоғам ішінде жаңа сипаттағы әлуметтік көзқарасты қалыптастырып, оны орнықтыруды мақсат етеді. Коммуникацияның ең басты құралы - баспасөзь тілі де, халық тілінің сұрыптан өткен, әбден жетілген әдеби нормасы басшылыққа алынуы тиіс. А.Байтұрсынов былай деген газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығандары көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады
Баспасөз жанрлары туралы сөз болғанда, ең алдымен, жанр дегеніміз не, оның міндеті қандай деген сұрақтарды анықтап алу керек. Жанр дегеніміз белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарының көріну, өмір сүру формасы. Нақты болмыс-құбылысты жазып, суреттеп айтып берудің, оқиға, фактілерді көрсетудің, жұрт таныған кескін пішіні болады және ол жанр деп аталады. Жанр сөзі бізге француз тілінен енген, genre - орыс тіліне аударғанда, түр деген мағынаны білдіреді. Қарапайым түсінікте жанр - түрлі оқиғаның, құбылыстың, шынайы өмірдің түрді жақтарының айрықша бейнесі жазушының, суретшінің, публицистің шығармашылық құралы. Жанрды таңдау нақты бір стильдегі немесе оның шағын түріндегі сөйлеу субъектісі арқылы іске асырылады. Мәтіндегі қамтылатын мазмұн сол сөйлеу субъектісі арқылы таңдалатын жанр түрінің заңдары бойынша сұрыпталады. Сол себептен де әрбір функционалдық стильде жазылған мәтін белгілі бір жанрлық түрлердің қалыптасу, я болмаса қолданылу дәстүрінің тарихын көрсетеді, сонымен бірге адам қызметінің сол саладағы жағдаяттарға байланысты тілдік тұлғалардың жұмсалу, бекітілу сапасын анықтайды. Осы тұрғыдан келгенде, әрбір жанрлық түрге белгілі бір нақты құрылым, алдын ана айқындалып қойған өзіндік қасиеттер тән болып келеді. Газеттік-публицистикалық стиль әр түрлі жанрмен беріледі. Газеттік-публицистикалық стильдің жанрларын екі топқа бөлуге болады. Олар: таза газеттік жанр- ақпараттық жанр әсер ету функциясынын арқаратын -аналитикалық жанрлар. Жалпы, баспасөзде пайдаланылатын жанрлар көп болып келеді. бірінші топ - хабарлама яғни информациялық жанрлар болып келсе, екінші топқа талдамалы яғни аналитикалық жанрлар жатады. Үшінші топ көркем публицистикалық жанрлар.
Соңғы жылдары публицистика жанрында подстиль деген термин қалыптасқан. Подстиль жайлы пікірлер әрқилы. Көптеген зерттеушілер газет стилін журналистік әрекет сферасына қызмет ететін тіл қабаты деп есептеп, оны газеттік-публицистикалық подстиль деп атап, публицистикалық стильдің құрамында кіргізеді. Ал, академик М.Серғалиев подстиль терминін шағын стиль деп аударуды ұсынған. Тілші-ғалым функционалдық стильдердің қай-қайсысы да белгілі заңдылықтардың нәтижесінде пайда болатынын айта келіп, олардың шағын стильдерге жіктелетініне тоқталады. Шағын стиль әр стильдің құрамында және белгілі бір мәтінге ғана байланысты болады және шағын стильді белгілі бір мәтіндердің жиынтығы, ал сол мәтіннің әрқайсысын шағын стильдің құрамына енетін жанр деп атаған жөн, - деген тұжырым жасайды. Ғалымның бұл тұжырымы қисынды деуге болады, өйткені газет материалының шағын жанрдың қай түріне жататыны тек сол стильде жазылған мәтіннің көлемі мен композициялық құрылымына қарап қана ажыратылады. Шағын стиль деп аталатын газет подстилінің публицистикалық стильмен ортақ сипаты бар.
Ғалым М.Серғалиев публицистикалық стильдерді мағыналық жағынан үш шағын топқа бөледі:
Үгіттік публицистикалық шағын стиль
Саяси идеологиялық публицистикалық шағын стиль
Саяси бұқаралық публицистикалық шағын стильдер
Осы топтаудың негізінде үгіттікшаын стильге - корреспонденция, репортаж жарнама, хабарландыру;
Саяси идеологиялық шағын стилге - ақпараттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газет тілінің ерекшелігі
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Репортаж жанрының ерекшелігі
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Ақпарат жанры
Ақпараттық жанрлар
Стилистика ғылымы
Репортаж жанры
Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі
Пәндер