Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

ӘОЖ 342. 565 Қолжазба құқығында

кабдуалиева гүлсая анесқызы

Судьялардың тәуелсіздігі қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаты ретінде

7М04201 - Құқықтану

Заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Атырау, 2023 ж.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Қорғауға жіберілді:

Экономика және құқық

факультетінің деканы,

э. ғ. к, қауымдастырылған профессор

Э. М. Адиетова

«___»2023 ж.

Магистрлік диссертация

СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАТЫ РЕТІНДЕ

мамандық: 7М04201 - Құқықтану

(ғылыми-педагогикалық бағыт)

Магистрант Г. А. Кабдуалиева

Ғылыми жетекші:

з. ғ. к., қауымдастырылған профессор Р. М. Жамиева

Кафедра меңгерушісі, з. ғ. м. А. Е. Мухамедина

Норма-бақылау Н. А. Кобдабаева

Атырау, 2023 ж.

Г. А. Кабдуалиеваның заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалғын магистрлік жұмысының түйіндемесі

« СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАТЫ РЕТІНДЕ »

Ғылыми жетекші - Р. М. Жамиева, з. ғ. к., қауымдастырылған профессор

Негізгі сөздер: сот жүйесі, сот билігі, алқабилер, соттар, сот өндірісі, судья.

Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы: Сот жүйесінің жеке дара болып қалыптасуы қоғамға өте маңызды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу үрдісінде соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету қағидасы адамдар мен азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің тікелей мүддесін қорғау үшін жасалады.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында қалыптасқан сот жүйесіне тоқтала отырып, соттардың тәуелсіздік қағидасын жүзеге асыру барысындағы туындайтын даулы мәселелерге тоқтала кету. Сонымен қатар шетел тәжірибесін қарастыра отырып, өзіндік ұсыныстар енгізу және жүріп жатқан сот реформасына талдау жасау болып таылады.

Зерттеу міндеттері: Қоғамның тарапынан судьяның тәуелсіздігін шектеуге бағытталған кез келген іс-қимылға қарсы араздық туғызу, жат қылық ретінде алыстату мәселелерін көтерумен нығаю керек. Бұл үшін судьялардың біліктілігін арттыру, рухани тазалығы мен беделін көтеру, сондай-ақ халықтың құқықтық тәрбиесі мен білімділігін және заңға бағынушылық мінез-құлқысын қалыптастыру үшін насихат жұмыстарын жүргізу

Зерттеу объектісі: Соттардың қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік мәселелеріне тоқталу және қолданыстағы заңдарға сай жүзеге асырылуын талдау.

Зерттеу пәні: Халықаралық құқықтық актілердің нормалары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық кодексі, басқа да заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР Үкіметінің жалпы қылмысқа және жаппай тәртіпсіздіктерге қарсы іс-қимыл саласындағы қаулылары.

Зерттеудің әдістемелік негізі: Зерттеу барысында тарихи, жүйелік-құрылымдық және формальды-логикалық әдістер, құқықтық модельдеу әдісі қолданылды. Сонымен қатар деректі әдіс, контент-талдау, сауалнама, статистикалық әдістер және т. б. сияқты жеке ғылыми зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесі, ғылыми және тәжірибелік маңызы: Сот билігі жеке адамдардың ғана емес, түрлі билік пен билік басындағылардың мүдделеріне араласады. Сол себепті де оның төңірегінде небір айла-шарғылар, сатқындықтар, ауыз жаласушылықтар, екі жүзділіктер шиеленісіп жатады. Міне осындан қиын жағдайда судьялар сот әділдігін қорғауға тиіс. Судья мен сот өзге билік органдарынан мүлдем оқшау, алшақ өмір сүре алмайды.

Жарияланымдар туралы мәлімет: Магистрлік зерттеу аясында 2 мақала (ғылыми-тәжірибелік конференцияда) жарияланды.

Жұмыстың құрылымы: Жұмыс 2 тараудан, 6 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР .

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

5

6

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56: КІРІСПЕ . .
7
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56: 1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ . . .
10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56:
  1. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен мәні . . .
10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56:
  1. Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі . . .

1. 3 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау . . .

16

24

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56:

2 СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ҚАҒИДАСЫ . .

2. 1 Судьялардың тәуелсіздік қағидасының мәні және кепілдіктері . . .

2. 2 Соттардың тәуелсіздік қағидасын қамтамасыз ету шаралары……. .

2. 3 Сот реформасы және соттардың арақатынасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .

36

36

46

51

66

68

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР.БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР:
56:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер қолданылады:

- ГОСТ 1. 32-2001 ақпарат, кітапхана және баспа стандарттары жүйесі.

- МЕМСТ 7. 1-2003 ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың библиографиялық сипаттамасы. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері.

- МЕМСТ 7. 80-2000 ақпарат, кітапхана және баспа ісі бойынша стандарттар жүйесі. Библиографиялық жазба. Тақырыбы. Жалпы талаптар.

- ГОСТ 1. 5-2001 ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылысына, тұсаукесеріне, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

- ГОСТ 2. 105-95бірлік жобалық құжаттама жүйесі. Мәтіндік құжаттарға қойылатын жалпы талаптар

- "ҚР Білім беру туралы" 2007. 07. 27 № 319-III ҚР Заңы.

- Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің диссертациялық жұмысын (жобасын) жазу туралы ереже. (№ 033, 21. 01. 2021 ж. )

- 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясы. (2019. 23. 03 берілген өзгерулері және толықтыруларымен)

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V ҚРЗ.

- Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі №231-V ҚРЗ.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚР ҒЖБМ - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР ҚК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі

ҚР ҚАЖ - Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

ҚР ҚПК - Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі

НҚА - нормативтік құқықтық акті

БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары

ІІД - Ішкі істер департаменті

ҚС және АЕК - Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

УЕО- Уәкілетті емес органдар

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Билік бөліну қағидасының ішінде сот жүйесі ерекше орын алады. Сот жүйесінің жеке дара болып қалыптасуы қоғамға өте маңызды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу үрдісінде соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету қағидасы адамдар мен азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің тікелей мүддесін қорғау үшін жасалады. Соттардың тәуелсіздігін қамтамассыз ету Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастап, көптеген нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан. Соттардың тек қана заңға бағынышты және тәуелді екендігі еліміздің негізгі заңы Конституцияда жазылған.

Тәуелсіз сот билігінің қалыптасуы, жұмыс істеуі және дамуы демократиялық және құқықтық мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады. Мұндай мемлекеттің негізі, ең алдымен, екі негізгі қағидаға негізделген: заңның үстемдігі және мемлекеттік биліктің бөлінуі (заң шығарушы, атқарушы және сот) . Айта кету керек, егер сот билігі органдары мемлекеттік билік тетігінде лайықты орынға ие болмаса, заңның үстемдігі қағидаты толық орындалмай қалады.

Сот жүйесі-мемлекеттің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі, әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыру жолындағы елдің демократиялық дамуының тетіктерінің бірі. Мемлекеттік механизмнің демократиясының кепілі - билік тармақтарын бөлу және олардың өзара әрекеттесуі.

Күшті және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді өзара іс-қимылының негізгі кепілдіктерінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың негізгі құралы болып табылады.

Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа деген көзқарасы мен билікке деген сенім деңгейі көбінесе сот төрелігін сапалы жүзеге асыруға байланысты. Күшті және тәуелсіз сот мемлекет пен азаматтық қоғамның үйлесімді өзара іс-қимылының принципті кепілдіктерінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың негізгі құралы болып табылады. Қазіргі судьялар мен осы лауазымға үміткерлерге қойылатын талаптарды арттыру және азаматтың судья болып тағайындалуы мүмкін жасын ұлғайту туралы мәселені қарастыру қажет.

Зерттеу мақсаты . тоқтала кету. Сонымен қатар шетел тәжірибесін қарастыра отырып, өзіндік ұсыныстар енгізу және жүріп жатқан сот реформасына талдау жасау болып таылады.

Зерттеу нысаны. Судьяның тәуелсіздігінің тек заңмен бекуі, белгілі бір кепілдіктермен нығаюы, осы айтылған тәуелсіздікті судьяның өзі қорғамаса бар еңбекті еш қылғанмен теңесер еді. Мұндағы айтылайын деген ой, заңмен уағымдалған тәуелсіздікті судьяның сақтап-қадірлеуінде, қорғай алуында болмақ. Бұл мәселе судьяның жеке басын сипаттайтын қасиеттеріне байланысты: оның біліктілігі, іскерлігі, мәдениеттілігі, мінсіз абыройлығы және сот әділдігін іске асырудағы бейтараптылығы. Мұнда тек заңмен ішкі нанымына илануы, соларға бағынып, істі әділ шешуінде.

Алайда, тәуелсіздік шексіз болуы мүмкін емес. Ондай болған жағдайда шексіз еркіндік бейбастаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. Сондықтанда судьяның қызметі Конституция мен заңдарға бағынышты дейміз.

Сонымен қатар судьялардың жеке басының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Үкімет тарапынан көптеген шаралар атқарылуы қажет.

Зерттеу пәні . Жоғарыда айтылған материалдық, құқықтық және әлеуметтік тұрғылардағы кепілдіктердің әрқайсысы өз алдына және түбегейлі бірлікте заңмен бекітілген судьяның тәуелсіздігін көркейте түседі.

Зерттеу міндеттері. Осымен қатар, қоғамның тарапынан судьяның тәуелсіздігін шектеуге бағытталған кез келген іс-қимылға қарсы араздық туғызу, жат қылық ретінде алыстату мәселелерін көтерумен нығаю керек. Бұл үшін судьялардың біліктілігін арттыру, рухани тазалығы мен беделін көтеру, сондай-ақ халықтың құқықтық тәрбиесі мен білімділігін және заңға бағынушылық мінез-құлқысын қалыптастыру үшін насихат жұмыстарын жүргізу қажет.

Бұл біздің пікіріміз бойынша моралдық тұрғыдағы кепілдік болар еді.

Судьяның тұрақтылығы оның тәуелсіздігін қамтамасыз ететін тағы бір қажетті мәселе. Сондықтан да заңмен судьялардың тұрақтылығы, олардың , өкілеттік мерзімінің шектелмеулігімен орнықтылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикада сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердiң қатысуымен жүзеге асырылады.

Қазақстанда үш буыннан тұратын сот жүйесі құрылған: бірінші буын - аудандық (қалалық) және мамандандырылған соттар, оларда қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот актілері қабылданады (бірінші сатыдағы соттар) ; екінші буын - облыстық және оған теңестірілген соттар, олар аудандық және оған теңестірілген соттардың шығарған сот актілеріне апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шығарған сот актілеріне кассациялық шағымдар немесе наразылықтар бойынша істерді қарайды; үшінші буын - Жоғарғы Сот. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

Мәселенің деректік көзі. Қазіргі таңда республикада 378 сот жұмыс істеуде, соның ішінде 1 Жоғарғы Сот, 17 облыстық және оған теңестірілген соттар, 360 аудандық және оған теңестірілген соттар.

Аудандық және оған теңестірілген соттар 266 аудандық және қалалық соттарды, гарнизондардың 10 әскери сотын, 16 мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарды, 32 мамандандырылған әкімшілік соттарды, 18 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, 17 қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарды, соның ішінде әскери сотты, 1 Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құрайды.

Республика соттарында Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық - талдау жүйесі (бұдан әрі - БААТЖ) жұмыс істейді, ол сот құжаттарын сапалы ресімдеуге және жедел жинақтауға көмектесіп, статистикалық деректерді өңдеуге және құжат айналымын жүргізуге ықпал етеді.

Әдіснамалық және теориялық негіздері. Тәуелсіз, абырой-беделі жоғары және тиісті өкілеттері бар, әрбір азамат пен ұйымның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін нақты, заңды қорғайтын соттың болуы - құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты шарты. Соттың тәуелсіздігі мен дербестігі туралы конституциялық ереже заңды безендіріп тұратын құр уағыздау ғана болмай, іс жүзінде нақты жүзеге асырылуға тиісті. Бұл қағида судьяның сот әділдігін жүзеге асыруы ісіне кімнің де болмасын араласуына, қандай да болмасын ықпал етуіне жол бермейді. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланылады. Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс. Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаттарының есебінен жүргізіледі.

Зерттеу әдістері. Соттардың қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік мәселелеріне тоқталу және қолданыстағы заңдарға сай жүзеге асырылуын талдау.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы ретінде осы дипломдық жұмысты жазу барысында жинақталған материалдардың студенттерге «Қылмыстық іс жүргізу» пәні бойынша оқу әдістемелік кешен дайындау барысында қолдану мүмкіндігін туғызады.

Практикалық базасы. Сот билігі жеке адамдардың ғана емес, түрлі билік пен билік басындағылардың мүдделеріне араласады. Сол себепті де оның төңірегінде небір айла-шарғылар, сатқындықтар, ауыз жаласушылықтар, екі жүзділіктер шиеленісіп жатады. Міне осындан қиын жағдайда судьялар сот әділдігін қорғауға тиіс. Судья мен сот өзге билік органдарынан мүлдем оқшау, алшақ өмір сүре алмайды. Өйткені қоғамдағы барлық билік органдарының мүддесі ортақ - ол қоғамдық ақуалды жақсарту. Демек, сот жүйесі өзге билік көздерімен бірлесе, үндесе ортақ мүдде үшін қызмет ету керек. Тек үндесе қызмет ету мен өзге билік органының тәуелділігіне түсіп кетпеудің ара-жігін ажрата білу қажет.

Кеңес үкіметі кезінде соттарды партиялық қадағалау қалыпты жағдай болғанын бәріміз білеміз. Сол өткеннің белгілері қоғамда әлі жойыла қойған жоқ. Судья тәуелсіздігін бұзатын екі қатер бар: ол судьяның өзі және өз мүддесін көздеген сыртқы күштер. Бұл екі қатердің қайсысы судья тәуелсіздігі үшін қауіптірек? Бұл сұраққа үзілді - кесілді жауап беру қиын, дегенмен судьяның тәуелсіздігіне тікелей ықпал ететін судьяның өзі деп ойлаймыз. Әсіресе сот билігінің бұлжымас дәстүрі қалыптаса қоймаған өтпелі кезеңдегі қоғамда, Қазақстан соның бірі, жеке адамның мүмкіндігі, мінез-құлқы, іс-әрекеті көп мәселені шешеді. Судья мүмкіндігі дегенде ең әуелі оның білімін, өмір танымын, моральдық қасиеттерін айту керек. Кәсіби заңгерлік білімі болу судьяға міндетті болса, кәсіби судья деңгейіне көтерілу - басты мұраты.

Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс зерттеудің сипаты, алдына қойған проблемаларды қарастыру деңгейімен, жүргізілген зерттеудің логикалық байланысы мен мақсаттарына сай құрылған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ

1. 1 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен мәні

Соттардың тәуелсіздік қағидасына тоқталмастан бұрын жалпы қылмыстық іс жүргізудегі және жалпы құқық саласында орын алған қағидаларға тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. «Қағида» ұғымы түсініктемесінің үш жай-жапсары бар: философиялық, затты-қолданбалы, теориялық-құқықықтық. «Қағида» ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне немесе өлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.

«Қағида» ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары осы қызмет өзіне сай келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.

Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.

Сонымен, «қағида» ұғымы түсініктемесінің барлық жай-жапсарларының ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:

- «қағида» ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін категорияларға ғана қолданылады;

  • «қағида» ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан дерексіздендірілуі мүмкін;
  • «қағида» ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті теориялық талдаумен байланысты.

Осы айтылғандарға байланысты Ф. Энгельстің мына бір пікірі ден қоярлық:»…Қағидалар табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, солардан дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат қағидаларына лайықталмайды, керісінше, табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе, соншалықты ғана дұрыс болады» [1] .

Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қандай да болсын ережелерді қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптерінің категориясына жатқызу үшін олар мына талаптарға сай келуге тиіс:

  1. олар (ережелер) анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде жеке-дара сипатты ережелер туындайды;
  2. қағидалардың өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс-қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері (болжам, диспозиция, санкция) тұжырылымдалуға тиіс емес;
  3. негіз қалаушы айқындамаларға еркін мазмұн беруге болмайды, өйткені олар қылмыстық іс жүргізу құқығының заңдылықтарымен және ішкі логикасымен объективті түрде байланысты;
  4. қағидалар категориясына жатқызылған ережелер объективті және субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн объективті, заң сөзінің нысаны субъективті ) ;
  5. қағида ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс (құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал принциптер сақталады) ;
  6. өктем, әмірлі сипатта болуға тиіс;
  7. қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.

Сонымен, қылмыстық процесс қағидалары қоғамдық және мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен орнықтырылған, мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады.

Сөйтіп, қағидалар мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:

1) қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесінде қағидалар орталық, басты орын алады;

2) олар өзара тығыз үйлесімді байланысты бастапқы, негізгі нормалар болып табылады;

3) қағидалар құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті сипатта болады;

4) олар қылмыстық процестің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін түсінудің кілті болып табылады;

5) қағидалар іс жүргізу құқығының негізгі бағыттарын, даму перспективаларын айқындайды;

6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты ұсыныстардың негізделгенін анықтау кезіндегі басты өлшемдер болып табылады;

7) қағидалар құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар функциясын атқарады;

  1. қағида іс жүргізу нормаларының дұрыс түсіндірілуіне

жәрдемдеседі.

Ғылымда қылмыстық процесс қағидалары түрліше түсініледі және ең айқын үш бағыт бар:

Бірінші бағыт өкілдері (Савийкий М. Я., Томин В. Т. ) қағидалар жалпы басшылық идеялар бола отырып, идеялар күйінде қалуға тиіс деп санайды; олар құқық тұрғысынан нақтылауды қажет етпейді, өйткені құқық жүйелерінің түгелдей бәрінде кездеседі. Атап айтқанда, В. Т. Томин былай деп жазады: «Біздіңше, кеңестік қылмыстық процесс қағидалары заң шығарушы тұжырымдағанға дейін пайда болады… Қағидалар - дүниетаным элементтері… қылмыстық іс жүргізу саласындағы басшылық идеясы, бірде-бір нормативтік актіде әлі тікелей тұжырымдалмаса да, кеңестік қылмыстық іс жүргізудің қағидасы болып қалады… Қағидаларды жасайтын ғылым… Жасалғаннан кейін қағидалар қылмыстық іс жүргізудегі қатардағы қатысушы үшін де, сондай-ақ заң шығарушы үшін де міндетті(немесе міндетсіз) болады»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызы
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Қылмыстық процестiң қағидалары
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІ
Азаматтаық сот ісін жүргізу қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу құқығынан дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz