Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны
Қазақстан Республиказы оқу-ағарту министрлігі
Білім гуманитарлы-техникалық колледжі
Бекітемің
Директордың міндетін атқарушы
____________Р. К. Жантелов
________________2022ж
Курстық жұмыс
Пән атауы: Қазақ тілі әдібиеті
Тақырып: Қазіргі қазақ тілін зерттеу әдістемесінің басқа ғылымдар мен байланысы
Жетекшісі:Кабазова.Р.Н.
Орындаған студент топ №: 411 топ, Ерғали Мерей
Талдықорған, 2023
Жоспар
КІріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ . Қазақ тілі және пәнаралық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1. Қазақ тілі және пәнаралық байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазақ тілін оқыту әдістерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа әдістеді қолдана отырып түсіндірудің құндылығын ашып көрсету.
Қурстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздеріне шолу жасау. Қазақ тілін оқыт әдістемесі пәнінің психология, педагогика, логика, философия ғылымдармен байланысын көрсету. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары туралы білім беру
Қазақ тілінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні методологиялық-теориялық негіздері туралы мағлұмат беру.
Қазақ тілінің оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу, даму жолдары.
Әдістемелік мұра және оны талдау әдістері туралы түсінік.
Ғылым адам баласы ой санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып, қалыптасады. Ғылымның алуан түрі бар. Соның бірі - қазақ тілін оқыту әдістемесі.
Қазақ тілі әдістемесі ғылымның құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі-тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым.
Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады? деген мәселелерді қарастырады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының бір саласы болып табылады. Ол өз алдына дербес ғылым. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастырудың көп тараған түрі - эксперименттік және бақылау сыныптарына бөлу. Бұл ретте бір сыныпта (эксперименттік) жаңа оқу материалы немесе жаңаша оқыту әдісі енгізіліп, бас-қа сыныпта (бақылау) оқыту өзгеріссіз жүргізіледі. Екі сыныпта да оқушылардың даярлығы мен үлгерім дәрежесі бірдей болуы қажет. Әдістемелік ғылымның дамуы үшін қазіргі кезде эксперимент кеңінен қолданылып жүр, ол алынған қорытындылар мен ұсыныстардың ғылыми-практикалық маңыздылығының ақиқаттығын дәлелдейді.
Әдетте теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері өзара тығыз байланыста қолданылады. Бұл әдістердің барлығы да (мәселен, зерттеу гипотезасын анықтауда, жинақталған педагогикалық фактілерді қорытындылауда т.б.) зерттеудің барлық әдістері - анализ, синтез, ин-дукция, дедукция, абстрактылау, жинақтау, салыстыру сияқты логикалық операциялардың жәрдемімен жүргізіледі.
І. Қазақ тілін оқыту әдістемесі
1.1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты.
А.Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойылған талаптардың бастылары: Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалр қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т.б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А.Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілгіен Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидың 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланады: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құрал) қазақ жұртына орасан зор көп пайда әкелген еді.. бірақ соңғы кезде жаға тәртіппен шыға бастаған Әліпби әдіс жөніненде, мазмұны жағынанда ескірген. мынау жаңа Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шаққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға сай Әліпби көңілдегідей болып шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың ФОНЕТИКАҒА АРНАЛҒАН 1-БӨЛІМІ Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы арық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксике арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1918 жылға дейін әлденеше рет қайта басылы пайдаланылып келеді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетіне бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұрты үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазқша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А.Байтұрсыновтікі.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А.Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқалы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп Оқу құралды жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс құмсай білу тәртібін көздеп Тіл жұмсарын, төртінші - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемеін жасауды алып, Баяншыны жазды.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психо-логия және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
мазмұны (нені оқыту керек?);
ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері.
Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Әдістеменің мынадай міндеттері бар:
бастауыш мектеп пен орта мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсатын, ерекшелігін, мазмұны мен көлемін, құрылымын, бөліктерінің бір-бірімен ұштасуы мен бірізділігін анықтау, оқу материалын сыныптарға бөлу;
оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін (оқылатын материалдың ерекшеліктері мен оқушылар құрамының психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда қолданылатын әдіс-тәсіл варианттарын) зерттеу және сипаттау;
қазақ тілі пәнінен жүйесі нақты белгіленген білім көлемін (ғылым негізін) оқушылардың ойдағыдай игеру шарттары туралы мәселелерді талдап шешу, яғни материалды дәл қабылдаудың, айқын түсінудің, оны практикада қолдана білудің шарттары туралы мәселелерді талдау.
Сонымен қазақ тілін оқыту әдістемесі - оның мазмұны мен принциптері, әдістері мен тәсілдері туралы және мектепте қазақ тілінен оқушыларға берілетін білім, дағды, білік мөлшерін белгілеп, оны игерудің жолдары, шарттары туралы ғылым.
Қазақ тілін оқыту әдәстемесінің негізгі мақсаттарының бірі - өзінің зерттейтін обьектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегенісіз белгісізді тану , айқындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болсын, зерттелетін обьектіні танып білу мынандай үш түрліі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші - қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші - жинақталған фактілерді салыстыру, талдау, үшінші - сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, обьектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту әдістмеесінде де негізгі кезеңдер болып табылады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты шарты әдістемелік зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттіак тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілер қосу, әдістеме ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, психологиялық әдістерге көңіл бөлу, мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, әдістеме ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қарастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.
Зерттеудің теориялық әдістері. Ең алдымен назар зерттелетін құбылыстардың, процестердің заңдылықтарын жинақтауға, анықтауға, қалыптастыруға бағытталады. Соңғы жылдары оқыту әдістемесінде жүйелі құрылымдық әдіс қолдана бастады. Оның мәнісі - зерттеу өзара байланысты элементтерден құрылған біртұтас жүйелерінде қаралады, элементтер арасындағы өзара байланыстылық пен қарым-қатынасқа басты назар аударылады. Осыған сәйкес оқыту әдістемесінде мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты анықтау қажеттілігі туады (яғни оқыту мен білім алу), оқытудың мақсаттарымен, мазмұнымен, әдістері, құралдарымен, оқушылардың білімді қабылдауы, дамуы және тәрбиелену арасындағы байланыстарды анықтау қажет болады Оқытудағы жүйелі-құрылымдық әдіс сабақтың мақсатын анықтауды, осы мақсаттарға байланысты оқытудың мазмұнын, әдістері мен құралдарын сұрыптап ала білуді, сабақтың тиімділігін бағалауды көздейді. Жүйелілік әдіс мұғалімнің бағдарлама бойынша бірнеше сабақты жоспарлап, дайындалуына мүмкіндік береді, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары, мазмұны, оқыту әдістері жағынан, оқушылардың танымдық әрекетінің сипаты жағынан өзара байланыстылығы сақталады.
Әдістемелік зерттеулерде типологиялық әдіс те көрнекті орын алады. Бұл әдіс бойынша зерттелетін объектілер мен құбылыстар топталып, әр топтың негізгі белгілері анықталады. Типологиялық әдіс әдістеме ғылы-мының мәселелерін зерттеуде жиі қолданылады. Мысалы, ана тілінен берілетін білім мазмұнын талдап шешуде оның негізгі құрамдас бөліктерін топтап қарастыру, атап айтқанда, білім беру, іскерлік, көзқарастық идеялар және әрекет тәжірибесін түгел қамту т.т. Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу, тілді оқыту әдістерін жіктеуге, оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыс түрлері мен сабақ түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық әдістерінің ішінде тарихи әдістің де тиісті орны бар. Бұл әдіс бойынша зерттелетін құбылыстар уақыт жағынан даму, өзгеру тұрғысынан қарастырылады. Тілді оқытудың қазіргі әдістемесінің мәселе-лерін шешуде бұл әдіс те қолданылып отырады. Зерттеудің эмпи-рикалық әдістеріне мектеп тәжірибесін зерттеу және эксперимент әдістері жатады. Мұның алғашқысы іс жүзінде қолданылып жүргендерді анықтап, есепке алу мақсатымен жүргізіледі. Бұл мағлұматтарды білу бағдарламалар мен оқулықтарды жетілдіруде, мұғалімге ғылыми әдістемелік жәрдем беруде, озат тәжірибені зерттеп, көпшілікке таратуда зор маңызы бар. Мектеп тәжірибесін зерттеу әдістерінің мына түрлері белгілі: 1) оқыту процесіне байқау жүргізу;
2) мұғалімдер мен оқушыларға анкета тарату;
3) мектеп құжаттарын зерттеу;
4) әңгімелесу;
5) жазбаша тексеру жұмыстары. Мектеп тәжірибесін зерттегенде, алдымен оның мақсатын дәл айқындап, жоспар жасау керек, тексеру жұмысына мұқият дайындалып, сабақтарға байқау жүргізудің схемаларын жасап, оқушылар мен мұғалімдерге арнап, анкета дайындау қажет.
Эксперимент педагогикалық жаңа тәжірибе жасауға бағытталған. Ол тілдің жүйелі курсының мазмұнына зерттеуші қажет деп тапқан оқу материалының оқушыға түсініктілігін, ана тілін оқытуға ұсынылған жаңа әдіс-тәсілдер мен жаңа көрнекіліктердің тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.
Эксперимент жүргізудің бірінші шарты - дәлелдеуге және тексеруге қажетті терең ойластырылған гипотеза немесе ғылыми болжам болады. Әдетте гипотеза, біріншіден, зерттеушінің ойынша, оқушылардың қабылдауына лайықты білім мен дағды және іскерлікті анықтау; екіншіден, оқытудың неғұрлым қолайлы әдістері мен кұралдарын іріктеп алу тұрғысынан жасалады. Екінші шарты - гипотезаны іске асыру үшін оқу әдістемелік материалдар (оқушылар үшін оқу мәтіндерін, сұрақтар мен тапсырмаларды, үлестірмелі дидактикалық матери-ал) дайындау, осыдан кейін эксперименттік оқу жүргізілетін болады.

Қазақ тілі оқыту мақсаттары үш топқа біріктіріледі.
1. Білім беру мақсаттары: оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру; тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру; оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар-дың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру; оқушылар-дың тіл мәдениетін қалыптастыру; өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік мақсаттар: оқушылардың тілдік құбылысқа көзқа-расын қалыптастыру; тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру; тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу; оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту: ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу; оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету; тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
1) Толық сауатты адамдар даярлау;
2) оқушылардың творчестволық күштерін, танымдық қабілетін, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Қандай адамды толық сауатты дейміз? Тілдің өзі мен оның грамматикалық құрылысы туралы білімдердің белгілі бір жиынтығын меңгерген адамды; ана тілінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана алатындай болып қаруланған адамды; әдеби тілмен дұрыс сөйлеудің, мәнерлеп оқудың дағдысын игерген, грамматикалық және стилистикалық тұрғыда ауызша, жазбаша тіл ұстартуды жақсы игерген адамды толық сауатты адам деп есептейміз. Қазақ тілін оқыту міндеттерін мектептің ойдағыдай жүзеге асыру жағдайлары, қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға (мектептің жалпы материалдық базасынан басқа) тікелей байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты. Мұндай құралдардың қатарына мыналар жатады:
а) бағдар-ламалар (түсінік сөзі бар) - оқылатын материалдың мазмұны мен көлемін анықтайды, материалды сынып-сыныпқа бөлуді реттейді;
ә) оқулықтар мен оқу құралдары (көрнекі құралдар) - мұғалімнің жәрдемімен оқушылар сыныпта пайдаланады, өздігінен жұмыс істеу үшін сабақта және үйде пайда-ланады;
б) ғылыми талданған мектептің, үздік тәжірибесін ескеріп жасалған пәнді оқыту әдістемесі.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мазмұны. Оқушы мектепте тілді оқу нәтижесінде тілдің өзі туралы, оның грамматикалық құрылымы мен сөздік құрамы жһнінде, тілдің дамуы, жетілу заңдары мен тарихы жөнінде мағлұматтардың белгілі бір жиынтығын білуге тиіс. Тілдің қоғам өміріндегі, адамның өндірістік ісіндегі рөлініе хабардар болу керек. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін әр түрлі жағдайда практика жүзінде пайдалана білуге, оның айтылу, лексикалық және грамматикалық нормаларын игеруге, сауатты жазуға дағдылануға, әсерлі сөйлеуге мәнерлеп оқуға т.б. тиіс.
Қазақ тілі пәнінің мазмұнына білім, дағды, іскерлік енеді. Бұлар оқулық пен бағдарламада айқын көрсетілген.
1.Білім - жалпы алғанда сыртқы дүниенің сәулесі, обьективті шындықтың тілдік формадағы идеялық қайта көрінісі ретінде сипатталады. Білім теорилық және эмприкалық болып екіге бөлінеді. Теориялық білім- заттар мен құбылыстардың мәнін білдіреді, олардың ерекшеліктерін, ішкі байланыстары мен қарым қатынастарын айқындайды. Теориялық білім дегеніміз жинақталған ұғым. Ол теориялық заңдар, заңдылықтар, себеп-салдарлық байланыстар, ұғвмдар түрінде беріледі. Эмприкалық білім обьектілер мен құбылыстардың сыртқы ерекшеліктерін білдіреді. Бұган түсініктер мен фактілер жатады.
Ұғымдар - дүниенің ойлаудағы сәулелену формаларының бірі, ұғымдардың пайда болуы абстрактілі ойлаудың нәтижесі. Ұғымның екі түрі болады: жалпы ұғым және жекелік ұғым.
Жалпы ұғым жекелеген заттар не құбылыстар емес, біртектес заттар мен құбылымтардың тұтас бірлігі. Олар бір атаумен беріледі. Мысалы, дыбыс, қосымша.
Жекелік ұғым - нақты тілдік обьектілер жөніндегі ұғымдар болады. Мысалы, дауысты дыбыс, жұрнақ, жалғау т.б.
Себеп-салдарлыө байланыстар обьектінің, құбылыстардың, процестердің арасындағы себептік қатынасытарды білдіреді. Бұл байланыстарды тереңірек ашу тілдік құбылыстың ғылыми дәрежесін айқындайдй.
Заңдылықтар обьектілердің, құбылыстардың, процестердің арасындағы неғұрлым негізгі, әрқашан қайталанып отыратын, біршама тұрақты байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Түсініктер - тілдік обьектіліердің сезім бейнелері. Бұл суреттердің жасалуына байланысты түсініктер ес және елес түсініктер болып екіге бөлінеді.
Фактілер тіл пәнінде алуан түрлі: дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі, сөйлем.
Дағды әрекеттің автоматты орындалуы болып есептеледі,
Іскерлік - әрекет тәсілі болып есептеледі. Ол арқылы оқушы алған біліміне сүйенеді, оны үй тапсырмаларын орындауда қолданады, жаңа білім алады. Іскерлікті пайдалану әр уақыт ойлануды қажет етеді, онда автоматтық болмайды. Іскерлікті пайдалана отырып оқушылар әр түрлі ойлау әрекетін іске асырылады - анализ, синтез, жинақтау, абстркатілеу, салыстыру - бұлардың бәрі оқушылардың ойлауын дамытады.
1.2 .Қазақ тілін оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Білім беру әдістеріне педагогика теориясында : ...Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсілі деген анықтама беріледі.
Әдіс - белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы, ал тәсіл - әдісті құрайтын элементтер. Оқыту әдісі - оқытудың мақсатын, міндеттерін, шет тілін оқытудың мазмұнын тудыратын және оларға жетудың оқыту кезеңдері мен шарттарына сәйкес тәсілдерін айқындайтын оқытудың бағыты. Әдіс - ілім, зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқыту әдістері білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, уәжділік қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді қолдана білудәі маңызы зор.
Балалар әдебиетінің атасы атанған Ыбірай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы және Қазақтарға орыс тілін оқытудың қолданбасы деген еңбегінде әңгіме әдісін қазақ мектебінде алғаш рет қолданды.Ол тіл игеруді
Грамматиклық ережеден емес,сөзді үйретуден бастады.Ы.Алтынсарин мектебінің балалары жаттауды ерте бастаған.Ұстаздың кел,балалар,оқылық!деген өлеңін жатқа білмеген бала болмаған.ондағы сөздердің оралымды,рифмге құрылуы,логикалық байланысының болуынан өлеңнің әрбір жолы тілге өзі оралып жатады.Оның әңгімелерінде тарихи материлдар мен салыстыру әдісі көп. Ы.Алтынсарин қоғамды, адам мінезін оқу-білім арқылы ғана түзетуге болады деп сенеді.
А.Байтұрсынов өзінің Қай әдіс жақсы мақаласында: Әдіс - керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы , емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. Егер де тілінің заңы , емлесінің немесе әрпәнәң жүйесі басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды- дей келіп, дыбыс әдәсә мен тұтас сөзді әдістің қайсйсы қазақ тіліне көбірек керек деген мәселені мысалдар келтіре отырып береді де, осы екеуінің біріншісі (дыбыс әдісі) жақсы деп қорыта. Сонымен бірге ғалым жалқылау және жалпылау әдісі туралы өз ойларын ортаға салады. Жалқылау және жалпылау әдісі туралы өз ойларын ортаға салады. Жалқылау әдісін (айырыңқы) қай елдер бірінші қолданғаны туралы мағлұмат береді.
Жалқылау-жалпылау әдіс мақаласында Бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді-дейді де, төмендегідей түрлеріне тоқталадыҮ шағын сөзді түрі; Жазу-оқу деген түрі; дыбысты әдіс. Дыбысты әдістің өзін-өз ішінен бес түрге бөледі: балалармен әңгімелесу; оқу үйретуге даярлайтын жұмыс; сөзден дыбыстарды айырып шығару; әріптермен таныстыру; білген әріптерінен сәз құрау, соны оқу. А.Байтұрсынов 1927-1928 жылдары Жаңа мектеп журналында Ана тілінің дәсә, Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы деген әдістеме мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялаған. Ғалым өзінің оқулықтарында жеңлден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан-күрделіге деген ұстанымды ұстана отырып, тұтас-сөз,талдау,жинақтау,сұрақ-жау ап ойын әдістерін қолданған.
Жалпы тілді оқыту мен үйретуде жалаң бір ғана әдісті қолдану мүмкін емес. Бұл жөніндег К.Жақсылықова: Қазақ тілін оқыту - көп факторлы және әр жақты құбылыс. Сондықтан тілді оқытудың жалғыз әмбебап бір ғана тірек әдісін қолдану мүмкін емес. Шынтуайтына келгенде жалпы оқытудың жалғыз әмбебап әдісі жоқ және бұл да мүмкін емес екенін тәжірибе дәлелдеп тұр,-деп жазды. Соған байланысты қазақ тілін оқыту дәстемесінде ғалымдарымыз әдістердің тұтастығы, бірлігі, жиынтығы мәселесін көтере бастады. Олар тілді оқытуда бірнеше амал-тәсілдерді аралас қолдану оқу үрдісінің нәтижелілігін арттыруға, білім сапасын жоғары деңгейге көтеруге ықпао ететіндігін атап көрсетті.
Қазақ тілін оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Әдіс (методос деген грек сөзі - зерттеу немесе таным жолы) - тәсілдер жиынтығы. Оның бастапқы ұғым зерттеудеген мағынаны берген. Бертін келе алғашқы мағынасы кеңейіп, белгілі бір пәнді оқытудың әдісі дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопедия Оқыту әдістері-мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, -деп жазған. Демек оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағыттлаған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz