ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
Жоспар
Кіріспе
І. Дарындылықты анықтау және қолдау
1.1. Дарынды балаларды анықтау
1.2. Дарынды балалрмен жұмыс жасау түрлері
ІІ. Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
2.2 Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жасау ерекшеліктері
2.3. 2.2. Тәжірибе барысындағы дарынды балармен жұмыс
Қорытынды
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дарынды балалармен жұмыс жасау мәселесі ұазіргі қоғам үшін өзекті болып оытр. Бүгінде мектептерге жоғары талаптар қойылып жатыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу
Зерттеу жұмысының міндеті. Дарынды балармен жұмыс жүргізудің ғылыми - теорилық негіздерін анықтау. Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Дарынды балалрмен жұмыс түрлерін анықтау барысында : зерттеу материалдарын бодашақ ғылыми ізденістерге негіз болып , жоғары арнайы орта педагогикалық оқу орындарында, бастауыш мектеп педагог мамандарынын білімдерін жетілдіру ирнституттаныда, бастауыш сыныптың оқу тәрбие үрдісінде пайдалануға болады.
Нәтижеге бағдарланған білім берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу көзделеді.
Бүгінгі білім беру үрдісінде мұғалім өзінің теориялық білімі арқылы оқушы бойына өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастырады. Мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды балаларға білім беруді ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу ерекше дарынды балалардың интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, кәсіби тағдыры жақсы мұғалімге байланысты. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру - ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет - ақ.
Бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу, айқындау - ең басты мәселе. Ал оқытудың түпкілікті нәтижесі - өз ойын дәлелдей алатын, жан - жақты білімді, білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру. Ол үшін белгілі бір жоба болуы шарт. Яғни, оқушының дарындылығын айқындау, шығармашылық дарындылығын зерттеу, анықтау, белгілі бір бағыт - бағдарлама бойынша жұмыс жүргізу қажет. Оқу жылының басында дарынды балаларға арналған тиімді жұмыс жоспарын құрылады. Ол оқушылар осы жоспар бойынша жұмыстарын жасап, күнделіктеріне толтырып жазып отырады.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл - ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан - жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін - өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударады:
1. Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
2. Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
3. Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;
4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;
Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата - анасымен бірігіп құрады.
Оқушының дарындылығын байқаған сәтте не істеу керек? Дарынды бала ересектерге қарағанда, әлі адам ретінде қалыптаспағанын, болашағы алдында, қабілеттерін ашуды қажетсінетінін естен шығармаған жөн. Бала қабілеті -- арнайы құбылыс, дарынды балалар жаңа жағдаяттарда аса сезімтал болады. Сондықтан да, дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердің де арнайы даярлығы болуы тиіс деп ойлаймын.
Дарынды балаларды анықтау
ДАРЫНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ
Дарындылық - бұл өмір сүру барысында дами беретін, адамның өзгелермен салыстырғанда әрекеттің бір немесе бірнеше түрінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігін айқындайтын психиканың жүйелі сапасы.
Дарынды бала - әрекеттің белгілі бір саласында айрықша нәтижелерімен (мұндай нәтижеге жетудің ішкі алғышарттары болады) ерекшеленетін бала.Баланы дарынды деп бағалау шартты нәрсе. Баланың үздік қабілеттері оның болашақтағы жетістіктерінің тікелей әрі жеткілікті көрсеткіші бола алмайды. Бала бойында байқалған дарындылықтың белгілері уақыт өте келе жоғалып кетуі де мүмкін. Бұл жағдай дарынды балаға арналған практикалық жұмыстарды ұйымдастыруда ескерілуі тиіс. Сондықтан да практикалық жұмыстар кезінде дарынды бала ұғымының орнына дарындылық белгілері байқалатын бала ұғымын қолданған дұрыс.
Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Білім алушының дарындылығын анықтауда ең алдымен оқушының отбасы жағдайы зерттелінуі тиіс. Ата-анасымен танысып, отбасы деңгейі анықталған жағдайда баланың табиғатына жақын шығармашылық қабілеті анықталады. Ата -- ана -- бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете біледі. Осы тұрғыда ата-ананың көмегімен баланың білімін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік жасалынады. Ата-анасымен баланың табиғатындағы ерекше қасиеттері туралы, шығармашылық қабілетінің даму сипатын талқылау оқушыны жете тануға септігін тигізеді. Дарындылықты анықтау мақсатында арнайы сауалнамалар және психодиагностикалық тренингтер жүргізу қажет. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады. Сол себепті де дарынды оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті арттырумен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді. Ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.
В. Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының бірлігі деуге болады,- деп тұжырымдады. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры.Ғасыр талабына сай зерделі, ой-өрісі жоғары азаматты қалыптастыру- мемлекетіміздің стратегиясы болып отыр. Дарындылықты дамыту білім саласына қатысты заңнамаларда жақсы көрініс тапқан. Мысалы, 1989 жылы 20 қарашада БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Бала құқықтары туралы конвенцияның 29,31 баптарында қатысушы мемлекеттер баланың ... жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға, ...келіседі, ...Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек делінген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 шілдедегі қабылданған Білім туралы заңында жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту білім беру жүйесінің міндеттері деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Дарындылықты анықтаудың дайын үлгісі, әдіс-тәсілдері жоқ. Дарындылық, жеке қабілеттілікті дамыту, интеллектуалдық, шығармашылық мәселесіне педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектерінде кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі- Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Мысалы, Әл-Фараби Бақытқа жету трактаты еңбегінде этикалық мәселелермен қатар, адам қабілеттілігіне білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі. Абай жетінші қара сөзінде баланың ақыл-ойы, қабілеттілігі туралы мынадай пікір айтады: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар- тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, таппайды. Біреуі білсем екен деп, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса, оған қызығып, аузына салып дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да тұра жүгіріп, ол немене? бұл не? деп, ол неге үйтеді?, бұл неге бүйтеді? деп, көз көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. Баланың білсем екен, үйренсем деген талабын ұштайтын, жеке ерекшелік қасиет, қабілеттерін ескере отырып оларды біліммен, іскерлік, дағдымен қаруландыратын, танымдық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін дамытатын мұғалім-ұстаздың ерекше мақсатты қызметінің қажеттілігі жоғары. Шәкәрім Құдайбердиевте Насихат атты өлеңінде өмірдің тұтқасы өнер мен білімде, өнерлі озады, білімді ғаламды билейді, ғылым таусылмас кен, оны жас күніңде үйрен деп насихаттайды.
Сондықтан қай уақытта да дарынды тұлғаны дамыту өзекті мәселе болып келеді.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар
Оқушының танымдық білім іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы;
Психологиялық жоғары дамуы;
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы;
Ойлау қабілетінің озық болуы;
Айналадағы құбылыстарды не басқа үдерістерді етене жақын түсінуі;
Туа бітті шығармашылық қабілеттілік.
Дарындылықтың түрлері
Интеллектуалды;
Академиялы;
Шығармашылық;
Көсемдік лидер;
Көркем орындаушылық.
Дарындылықты анықтау критерийлері
Теориялық материалды толық игеруі;
Материалды игеруде табандылық көрсетуі;
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту;
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану;
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы;
Өзіне-өзі талап қоя білуі;
Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы.
Адамдардың кішкентай кезінен бастап, белгілі бір жетістікке жетуді армандауы қалыпты жағдай. Алдына қойған мақсатына қол жеткізу барысында адамдар өзінің бойындағы туа біткен және жүре қалыптасқан қабілеттерін пайдаланады. Адамдардың бойындағы ерекше қабілеті, оныбасқаларға қарағанда оқшауландырып тұрады. Бұл қабілет сырын ашу әлі күнге дейін жұмбақ секілді. Мұнымыз не -- сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе әлеуметтік шындық па? Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балаларды қалай анықтау керек және олармен қалай жұмыс жасау керек? -- деген сияқты сұрақтар қазіргі ұстаздар ұжымын қатты толғандыратын мәселелердің бірі болып отыр. Осы сұрақтарға жауап табу мақсатында педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда мынадай анықтама берілген: Дарындылық -- іс -- әрекеттің белгілі бір саласында ерекше бір жетістікке жетуге жағдай жасайтын, адамның қабілетті дамуының жоғарғы дәрежесі.
Дарынды балалар қандай? -- деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің арасында ол өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі.
Дарынды баланы қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н. С. Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берген болатын.
Бірінші категория -- ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған балалар.
Екінші категория -- жеке бір іс-әрекет түрімен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
Үшінші категория -- дарындылық күш-қажырымен ерекшеленетін оқушылар.
Ой-өріс қабілетімен ерте жастан көзге түскен оқушыларға мектептегі оқу кезіндегі қарқындылық тән. Кейбіреулерінің ақыл-ойы табанды түрде дамиды да өз қатарластарын басып озады. Олардың ақыл-ойының кемеңгерлігі сонша -- оларды байқамау мүмкін емес. Мұндай балалар 3-4 жастан оқуды, жазуды, сызуды үйренеді де, өсе келе белгілі бір ғылым түрлерімен шұғылданады. Олардың қызығушылығы ауысып отырғанымен, ақыл-ойға салмақ салатын пәндерге деген талпынысы төмендемейді.
Бала дарындылығының байқалмайтын жағдайлары да кездеседі. Кейде тіпті баланың есейген шағында сирек кездесетін қабілеттері көрініс тауып жатады.
Балалардың бойында белгілі бір қабілеттердің жарқын көрінісі, ой-өріс деңгейінің жалпы көрінуімен, дамуымен, ғылымның, өнердің арнайы бір саласына бейімделуімен сипатталады. Үшінші категорияға жататын оқушылар жалпы дамуы жағынан өз қатарларының алдына шықпайды. Бірақ ақыл -- ойының өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Бұлардың өзгешеліктері неде? Оқушы пікірінің ерекшелігі мен дербестігінде, сұрақты әр қырынан қарастыруында болып табылады.

1.2 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
ХХІ ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Сондықтан да еліміздің білім берудегі ұлттық жүйесі өте қарқынды өзгерістер сатысында тұр. Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың белсенділігін арттыру, ізденімпаздыққа үйрету және білімді өз бетінше алуы мен қолдана білетін дарын иесін тәрбиелеу керек.Дарындылық білім беру, тәрбиелеу жұмысының әсерінен ғана емес, балалардың өз қүштерін жүзеге асыру кезінде ғана дамиды.
Мұғалім ретінде оқу мен тәрбие саласындағы аса маңызды міндет - талабы таудай дарынды жеке тұлғаны іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. Ал мақсаты - тәрбие мен білім халықтық бола отырып, ұлттық дәстүрді ұстаушы, дені сау, адамгершілігі мол, қабілеті дамыған, жан-жақты, саяси сауатты, өресі биік азаматтарды тәрбиелеу.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты
1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.
2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.
3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.
4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.
5.Жалпы білім - білік дағдыларын дамыта оқыту.
6.Білімнің бағасын арттыру.
Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстың міндеті
1.Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру.
2. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жан-жақты дамуына жеке адамдық ерекше көңіл бөлу.
3. Оқушыны қоршаған ортаны аялауға, ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу.
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша оқыту.
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу.
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақ, ребус, шығарма, өлең шығару т.б), өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық, пәндік олимпиадаларға, конкурс- сайыстарға қатыстыру.
6. Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып оқыту.
Оқу - тәрбие жұмысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың түрлері
1. Оқушыларды мұражайға апару
2. Өнер қайраткерлерімен, ақын - жазушылармен кездесу өткізу.
3. Түрлі тақырыптарда әңгіме, пікірталас, кездесу өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу, ауызша және жазбаша түрде өз ойын еркін жеткізе білу.
4. Ақпараттық құралдар жаңалықтармен таныс болу.
5. Ғылым мен техниканың озық үлгілерін пайдалану.
6. Күрделі тапсырмаларды орындау.
Осындай жұмыстардың үнемі жүргізілуі оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі спортты, үшіншісі ән - күйді т.б. өнер салаларын таңдайды. Мұндай жағдайда тәртібі нашар балалардың да жақсы қасиеттерін танып, оларды сынып ұжымымен байланыстыру да ұстаздың біліктілігінде.
Баланың шығармашылық дарындылығының нәтижесінде мына ситапттамаларды атап айтуға болады:
- зерттеу кезінде білімге ерекше құштарлық танытатын жоғары қажеттілік;
- ақыл - ойдың жоғарғы қажеттілігі;
- тек кешегі мен бүгінгі ғана емес, болашақ абстрактылы идеялар мен теорияларға қызығушылық;
- белгілі бір іс -- әрекетке, кәсіпке аса қызығушылық таныту, бір іспен шұғылдану;
- өз бетімен белгілі бір мақсатқа жетуге табандылық көрсете білу;
- тапсырмаларды өз бетімен ойлай және шеше білуге ұмтылу.
Дарындылыққа барар жолдың басты міндеті:
- оқушының жеке ерекшелігімен қабілетін зерттеп- зерделеу;
- шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зердесінің дамуын назарда ұстау;
- оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Осы міндеттерді жүзеге асырудағы оқу - тәрбие үрдісін ғылыми зерттеу негізінде жүргізіп, оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспармен жұмыс атқару керек. Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата - ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылықпен жұмыс істеп оқушының білімге ынтасын арттыру керек.
Дарынды оқушымен жұмыс істедің негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дарынды оқушымен жұмыс істетін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
2-4 сыныпта:
-жазуының әдемі, сауатты болуы;
- оқиғанын, көргенін жүйелі баяндауы;
- 15-20 өлеңді жатқа білуі;
- табиғат көріністеріне, жеке мезгілдеріне шағын әңгіме жаза білуі
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:
- дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;
- дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;
- дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;
Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар
- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;
- қызмет нысанын, яғни бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;
- оқушы дарындылығын моделін білуі;
- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;
- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;
- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;
- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі;
Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:
- дарынды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz