Экотуризм - туризмнің алуан түрлі бағыты


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Көптілеуова Шолпан
Экотуризм арқылы дене сапаларын және қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 6В01406 - «Дене шынықтыру және спорт»
Қызылорда 2023
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
«Қорғауға жіберілді»
«ДШ және БӘД» кафедрасының
меңгерушісі Бимаханов Т. Д.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Экотуризм арқылы дене сапаларын және қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру»
6В01405 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша
Орындаған ФКС-20-1У оқу тобының студенті: Көптілеуова Шолпан.
Ғылыми жетекші: Қуатбеков Ш. , аға оқытушы
Қызылорда 2023
«Бекітемін»
«ДШ және БӘД» кафедрасының меңгерушісі Т. Д. Бимаханов «___»20__ж
Диплом жұмысының орындалуына
ТАПСЫРМА
Студент: Көптілеуова Ш . Академиялық топ: ФКС-20-1У
Тақырып: Экотуризм арқылы дене сапаларын және қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру .
1. Бастапқы қолданылатын материалдар мен оқулықтардың сипаты
Оқу - әдістемелік, ғылыми - әдістемелік басылымдар. Оқу және ғылыми - әдістемелік ғаламтор сайттары. Мерзімді басылымдар
2. Студенттің қарастыратын сұрақтар тізімі
1 Экотуризмнің теориялық негіздерімен танысу.
2 Экотуризм арқылы дене сапаларын қалыптастыру.
3. Экотуризмнің адам ағзасына әсері.
3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
4. Графикалық материалдардың тізімі
5. Диплом жұмысын жазудың күнтізбелік кестесі
6. Диплом жұмысын аяқтау мерзімі
Ғылыми жетекші Қуатбеков Ш. Н.
МАЗМҰНЫКІРІСПЕ5
1. ЭКОТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ9
1. 1 Экотуризм туралы жалпы мәліметтер. 9
I. 2 Экотуризмнің адам ағзасына әсері. 13
1. 3 Экотуризм маршруттарын құрастыру. 16
2. ЭКОТУРИЗМ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ САПАЛАРЫН ЖӘНЕ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. 23
2. 1 Экотуризм барысында табиғи күш құралдарын жүзеге асыру. 23
2. 2 Күш, төзімділік, жылдамдық ептілік, иілгштікке тәрбиелеу әдістерінің мәні, өлшемі, міндеттері, құралдары және айқындауыш белгілері30
Күтілетін нәтиже41
ҚОРЫТЫНДЫ42
Пайдаланылған әдебиеттер:46
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан-Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрін байланыстырушы мемлекет. Елдің көнеден келе жатқан тарихы мен спорт саласын, дәстүрін, табиғатын байланыстырады. Бүгінгі таңда Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық басқа да түрлері бойынша қызмет ете алады.
Көне заманнан бері Қазақстан әлемге танылған тарихи мекен. Сол себептен ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, ежелгі қалалар саяхат пен туризм көздері.
Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар ХХ ғасырдың 20-30 жылдары пайда болды. Тарихымызға қарап, елімізде туризм саласын жақсы дамытуға болады. Әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны өсіп келеді. Қазақстан 50 елдің қатарына қосылу үшін туризмді дамыту қолға ала бастағаны белгілі. Осыған байланысты туризмді қалыптастыру үшін, білікті мамандарды әзірлеу және терең білімін жан-жақты жетілдіру қажет. [1., 28]
Табиғатты өз анамыздай қадірлеу керек. Оны бүлдірмеуіміз қажет. Стастистикалық көрсеткішке көз жіберсек, Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны, туристік нысандарды мүмкіндігінше пайдалануымыз керек. Бұған дәлел, 2002 жылдан бері Республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі мекемелер жұмыс істейді. Олардың 6000 адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстаннын туристік фирмалары 80-нен астам елмен серіктестік қызмет істейді. Бүгінде Қазақстан елі әлемнің жетекші туристік елдермен әуе қатынасын орнатты. Алматының 25 фирмасы мен 5 облыс орталығы Үндістанға, Туркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Пәкістанға, Оңтүстік Кореяға, Грекия мен Польшаға, тағы басқа елдерге баратын әуе рейстерін жолға қойды.
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері - танымдық ойын-сауық, дәстүрлі этнологиялық, экологиялық, денсаулық сауықтыру, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сауықтыру орталықтары бар. Осыған сәйкес, спорттық атпен серуендеу, аң аулау, балық аулау, садақ жарысы тағы басқа ойындар жүргізілуде.
Зерттеудің мақсаты: Экотуризм және оның қалыптасу тарихымен танысу, Қызылорданың Экотуристік ресурстарын анықтау, Экотуризм маршрутын құру.
Зерттеудің міндеттері:
- туризм туралы материалдармен танысу;
- Қазақстанның туристік ресурстарын анықтау;
- бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру бағдарламаларымен танысу ;
- еліміздің дамуындағы туризмнің перспективалық бағытын анықтау;
Зерттеу жұмысыныі әдіснамалық және теориялық негіздері - Зерттеудің әдіснамалық негіздерін келесі авторлардың негіздері құрайды: Дене тәрбиесі туралы ғылымды дамытуда көрнекті орыс педпгогтары К. Д. Угинский, П. Ф. Лесгафт, И. П. Павлов, А. И. Крестовников.
Зерттеу нәтижелері - Қазақстанның экотуризмін дамыту арқылы, әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне ықпал етіп, мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құруды қарастыру.
Зерттеудің көкейкестілігі - Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен ұлы даланы танып білуде экотуризмнің атқарар рөлі ерекше. Табиғат - ананы жақсы білген баланың бойында еліне, ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілік қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады. Осыны басшылыққа ала отырып тағылым алар бастама негізі - ұлттық экотуризм ерекшелігін белгілеу мақсаты қарастырылды. .
Қазақстанның басқа елдермен туризм орталығына айналуына осындай жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылуда. Бәсекеге қабілетті туристік мүмкіндіктер жасалған. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алды. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік саяхат жасауына мүмкіндік алды.
Туризмнің дамуына бағытталған саяси саласына тоқталайық.
Қазақстан туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жасады. Негізгі мақсаты - түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін туристік нысандарды ұлттық заманауи үлгіде жасау. Қазақстанның беделін қалыптастыру және әлемдіу стандарттарға сәйкес қамтамасыз ету бағытталған.
Ұлы Жібек жолының бойындағы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан мен Отырар аудандары туристер қатарын арттырады. Сонымен қоса, Қожа Ахмед Йассауи кесенесі, Қапшағай су қоймасының жағалауына демалыс орнын салу жоспарланған. Соған сәйкес, Қапшағай қаласының жалпы аумағы 11000 гектар жерге «Жаңа Іле» атты туристік орталық салынды. Қазіргі таңда Қапшағай өңіріне барып, шетелдік туристер де демалып, саяхат жасауда. Осындай туристер Қазақстанның кең байтақ даласын бүкіл әлемге танытып келеді.
Жалпы туризм дегеніміз - жұмысқы, тұрғылықты мекен-жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытын жасайтын сапарлары мен саяхаттары қызметін көрсететін сферасы.
Халықаралық турризнің функцияларына бірнеше мәселелер кіреді. Бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді. Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді. Ал, бір топ адамның саяхатын топтық туризм деп атайды.
Топтық туризм- қатысушылардың тілек талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени өнер және тарихи болуы мүмкін.
Жаяу туризм- күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Бұл топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі. Олар арнайы көлікті қажет етпейді. Кез - келген ауданда, туған өлкеде және демалыс күндерінде өткізуге болады. Жаяу туризмді спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтарына, жорық алдындағы жаттығулар өткізу мүмкіндігін қарап, таңдап алады. Әсіресе, маршруттың қиын асулары мен тасқынды өзен суларына, тасты аймақтарына, қоныстарына орай бағыттарына орай жоспарлар құрып алады.
Жаяу туризм артықшылықтары:
- Әдемілікке, тазалыққа және табиғатқа бой алдырып алу керек.
- Жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі
- Ұмытылмастай көңіл-күй мен достар.
Су туризм- жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді. Бірақ, саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып қою қажет. Сумен саяхат жасау үшін өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді.
Су туризмі- жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады. Қандайда болмасын туристік саяхаттың ең алдымен терминдерін біліп алған жөн. Саяхат жасар алдында ізденгеніміз абзал. Осыған сәйкес туризам мен туристік терминдерге кіріспе тоқталғам келіп отыр.
Туризм және турист терминдері әдебиеттерде ХІХ ғасырда пайда болған. Туризм термині- француздың tour сөзінен шыққан саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған экотуризм сөз тіркесі пайда болды.
Экотуризм бұл туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі. Бұл еліміздің негізгі саласына, яғни, «пайда көзіне» айналды. Бағыттардың ішінде маңыздылығы жағынан ерекше түрі- экологиялық туризм. Соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінде шаруашылықтың нашарлауының себептерінен шыққан экологиялық жағдай болып отыр. Экологиялық жағдайдың болдырмау салаларын зерттеу мақсатында басқа елдермен туристік саяхат жасайды. Басты ерекшелігі-жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, экологиялық орталықтар, туристік фирмалар қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын іздейді. Осы проблемаларды шешу үшін, экологиялық туризм ұғымы кеңінен пайдалануда.
Қазіргі уақытта экологиялық басты мақсаты анықталды. Мысалы, табиғатпен бірігу, оның маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну керек. Сондықтан туризмді адамзаттың ашық ортада биімделуі қажет. Сонымен қатар, оың көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстарымен объектілер арасында тығыз байланыс жасау керек. Адамның ғылыми қажеттіліктерін жан-жақты зерттеуден өткізген жөн.
- ЭКОТУРИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІЭкотуризм туралы жалпы мәліметтер.
Туризм және турист терминдері әдебиеттерде 19ғасырда пайда болған. Туризм термині француздың tour сөзінен шыққан, яғни саяхат деген мағынаны білдіреді. Туризм көмегімен табиғаттың қорғанысының проблемасын шешу нәтижесінде «экологиялық туризмнен» қысқартылып алынған экотуризм сөз тіркесі пайда болды. Экотуризм бұл туризмнің жаңа шыққан түрлерінің бірі. Туризм, өзінің бағыттарымен, соңғы жылдары әлемнің көптеген мемлекеттерінің шаруашылығының негізгі саласына яғни «пайда көзіне» айналды. Ал бағыттарының ішінде өзін айқын көрсетіп, маңыздылығы жағынан алдыңғы қатарда тұрған ерекше түрі - экологиялық туризм. Экологиялық туризмнің пайда болу себептері көп, бірақ ең бастылары ол әлемнің жалпы экологиялық жағдайының күннен күнге нашарлауы яғни бүлінуі және техникалық прогресс пен урбанизациядан шаршаған адам баласының табиғатқа яғни таза ауамен демалып нерв жүйке салмағынан құтылуға ұмтылуы. Туризмнің бұл түрінің пайда болуының басты ерекшелігі, ол осы экологиялық туризмнің тұрақты даму концепциясының арқасында әлемдегі табиғи ортаны қорғауға кететін шығын мөлшерінің бірнеше есе азаюы. Жер шарындағы экологиялық жағдайдың күрт нашарлауы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар экологиялық орталықтар, туристтік фирмалар қоғамға қоршаған ортаға зиян келтіруіне төтеп беру жолдарын ізейді. Сонымен қатар жануарлар әлемін қорғау проблемасы туындайды. Осы проблемалардың шешу жолдарын біріктіретін экологиялық туризм болды. «Экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады. Мысалы: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Экотуризмнің мақсаты -негізгі мақсаты мыналар болып табылады:
- экологиялық білім, табиғатпен өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, табиғи ортада этикалық нормаларды жасау, табиғаттың және оның жеке элементтерінің тағдыры үшін жеке жауаптылық сезіміне тәрбиелеу;
- адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіру, табиғи жағдайдағы табиғи ортада толыққанды демалысты қамтамасыз ету.
Әлемдік тәжірибеде экологиялық туризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕҚТА) айрықша іске асырылады.
Экологиялық туризмді жоғары табыс көзі ретінде және экономиканың экологиялық қауіпсіз саласы ретінде қараса және дамытса Қазақстанды дамытудың маңызды элементі болуы мүмкін.
Экотуризмнің ерекшеліктері
Туризмнің кез-келген бағыты сияқты, экотуризмнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Олар не?
Экологиялық туризм адамдарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға үйретеді, адамның табиғатқа теріс әсерін азайтады, ашық ауада демалуды танымал етеді.
Экотуризм-туризмнің алуан түрлі бағыты. Ол тіпті ең қатал адамдарды таң қалдыра алады. Қазақстанда бұл бағыт енді ғана дами бастаса да, оны еліміздің көптеген бөліктерінде тамашалауға болады. Экотуризм-бұл сіз тек жан мен денеңізбен демалып қана қоймай, табиғатымызға көмектесіп, экологиялық жағдайды жақсартатын жағдай.
Экотуризмнің негізгі принциптері
Табиғатқа саяхат және мұндай саяхаттардың негізгі мазмұны-жабайы табиғатпен, жергілікті әдет-ғұрыптар мен мәдениеттермен танысу.
Экологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттағы жағымсыз салдарларды азайту, ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау.
Табиғатты және жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны қорғауға жәрдемдесу.
Жергілікті тұрғындардың қатысуы және олардың туристік қызметтен кіріс алуы, бұл олар үшін табиғатты қорғауға экономикалық ынталандыру тудырады.
Экономикалық тиімділік және баратын өңірлердің тұрақты дамуына үлес қосу.
Экотуризм түрлеріне келетін болсақ, туризмнің түрлері əр алуан белгілері бойынша классификацияланған.
Ұйымдастыру жағына қарай туризм: а) ұйымдастырылған (жоспарлы) ; б) əуесқой (өз жоспары бойынша) ; в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Турфирмалар ұсынатын сапарларды ұйымдастырылған туризм деп атайды, себебі ұйымдастырылған туристер алдын ала белгіленген мезгіл менмаршрут бойынша турларды сатып алады.
Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы - əуесқой жəне жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Əуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Əуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.
Туризм жеке жəне топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм , əдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сəйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар архео-логиялық, мəдени-өнер жəне тарихи болуы мүмкін.
Ал жалпылама туризм түрлеріне келетін болсақ, олар:
Жаяу туризм - күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған белсенді туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез- келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады. Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және демалыс күндерінде өткізілуі мүмкін. Жаяу туризм - спорттық туризмнің бір түрі болып табылады. Оның негізгі мақсаты ретінде маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту болып табылады.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет. Әсіресе маршруттың қиын әр түрлі бөліктерін (асулар, тасты және тасқын қаупі бар, өзендер арқылы асулар, үлкен биіктіктегі орындар, азимутты, қоныстанылмаған, қиын бағыт алынатын) бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.
Жаяу туризм артықшылықтары:
- Жаяу туризм - бұл әдемілікке, тазалыққа және бастапқы күйдегі табиғатқа бой алдыру болып табылады.
- Жаяу туризм - бұл жеке адами қасиеттердің өсу мүмкіншілігі.
- Жаяу туризм - ұмытылмастай көңіл-күй мен жақсы достар.
Келесі бұл су туризмі
Су туризмі- жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды. Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.
Тау туризмі - биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі. Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды. Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек. Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.
Тау туризмінің бағыттары. Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады.
Емдік-сауықтыру туризмі -Дамушы еліміз емдік-сауықтыру туризмі үшін ерекше жер. Себебі, еліміз тек қана емдік табиғи ресурстармен ғана бай емес, сонымен бірге, табиғи өңірлерде орналасқан заманауи шипажайларымен де танымал. Емдік-сауықтыру туризмі Қазақстанның барлық территориясына таралған, сондықтан, сіз елдің қай жерінде болсаңыз да, емделумен демалысты қатар қолдана аласыз. Емдік курорттар түрлі ауруларға ем болатын минералды су, бұғы мүйізімен емдеу, емдік климат және т. б. түрлі емдеу қызметтерін ұсынады.
Этнотуризм - Қазақстандағы елдің бай тарихи өткені мен қазақ халқының мәдениетінің өзіндігіне қызығатын адамдарды тартатын туризмнің бір түрі. Қазақстанның қай аймағында болмасын жолаушылар қазақ этносына тән салт-дәстүрмен, шығармашылық ерекшелікпен танысып, елдің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін зерттей алады.
Тау шаңғысы туризмі -Белсенді туризмнің ең күрделі түрлерінің бірі - шаңғы туризмі. Ол елімізде жыл өткен сайын кең қанат жайып, дамып келеді. Шаңғы және таулы аймақтағы шаңғы тебу тәсілін жіті меңгеру қажеттігі, жұқа, қалың қарларда жүрудің қиындығы кейбір қауіптің бары (температураның төмендігі, боран және т. б. ) саяхатқа қатысушыларға дене тәрбиесі мәдениеті талаптарын арттыруды жүктейді. Шаңғымен саяхат жорығы кей қиындықтарға қарамастан өзінің қайталанбас тамашалығымен есте қалып, оған қатысушылардың дене құрылысын шынықтыруда зор маңызға ие болады . Шаңғы туризмі қыс кезінде, белгілі бір қар жамылғысының қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары ( примус, пеш, шаңғы т. б. ) және қонақ жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен жайлар т. б. ) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда таралған.
Шаңғы жорығын ұйымдастыру
- Шаңғы жорықтарын ұйымдастырғанда топты екіге бөледі.
1. Енді үйренушілер тобы;
2. Шаңғыны толық меңгерген адамдар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz