Ақан серінің шығармаларына тоқталу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Құлагер - Ақан серінің жан серігі

Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№6 орта мектеп-лицейі КММ
Галимжанұлы Тілек
6 Ә сынып оқушысы

Тақырып: Құлагер - Ақан серінің жан серігі
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және туристік
бағыттарының болашағы
Секция: Өлкетану

АБСТРАКТ

Зерттеу нысаны: Ақан серінің тайы Құлагер
Зерттеу мақсаты: Ақан серінің кісі қолынан мерт болған арғымағы Құлагер туралы толықтай зерттеп, зерделеп, анықтап білу.
Зерттеу міндеттері:
1. Ақан серінің шығармаларына тоқталу;
2. Құлагер өліміне қатысты шындықты анықтау;
3. Бөрібайдың Құлагердің өліміне қаншалық қатысы барын- жоғын анықтау.
Болжам: Фарфор өндіру туралы нақты мәліметтер жинақтап, толықтырып, зерттеу жұмысын ұсынсақ, туған жеріміздің тарихы туралы толығырақ мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады.
Ғылыми зерттеу әдістері:
1. Әдеби және электронды деректердің сараптамасы
2. Бақылау, әңгімелесу
3. Тәжірибе жасау
Зерттеу жаңалығы: Көкшетау фарфор зауыты жұмысын тоқтатқанымен жергілікті фарфор әлі де өмір сүріп келеді.
Зерттеу нәтижесі: Фарфор тек қана ыдыс жасау үшін ғана емес, шаруашылықтың басқа да салаларында қолданатынын зерттеп білдік.
Қорытынды:
1. Дауға айналған Құлагер өлімінің шындығын анықтап, қазақ әдебиетінде дұрыс оқытылуы қажет.
2. Құлагер тек Ақанның жылқыны жоқтауы ғана емес, өзінің ішкі мұң-зарынан шыққан туынды екенін түсіндіру керек деп ойлаймын.

Менің ұсынысым: Құлагер сияқты қазақтың сұңқар тұлпарлары туралы шығармалар орта сынып оқулықтарында көбірек берілсе деймін.

Мазмұны
Абстракт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
I.Бөлім . Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... .
ІІ.Бөлім. Құлагер -- Ақан серінің атағы əйгілі, жүйріктігі жыр болған тұлпары
ІІІ Бөлім. Батыраш Құлагерге құн төледі ме? ... ... ... ... ... ... ... .
ІV Бөлім. Құлагер ескерткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Жетекші пікірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ғылыми сарапшы пікірі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән - жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық - сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл - серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық сері атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние - байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тазы ұстаған.
Ақан сал - серіліктің салтанатын аңшылық - саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны Құлагер ән өлеңі.
Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмоланың алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет - қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы - мұңы бар. Сондай - ақ ақынның көңіл - күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады.
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы қайда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай - таласқа түскендей болады.
Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой - сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, - дейді.
Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім.
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.
Құлагер өлеңін оқып отырғанда Ақан серінің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәттерінің шыны мен сырына қаныға түсеміз. Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділдікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет қарақшылардың зұлымдығына басылған лағынет таңбасы.
Құлагерді өлтіргенде алдым несін,
Әркімнің тәңірім берген несібесін.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға бар тілегім өлім берсін, - деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады. Құлагер өлеңі бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда әділетсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жатыр. Ат өлімі жүрегіндегі ашу - ыза, кекті тұтандырып, намысын жани түскен. Сондықтан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шындығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеудесіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап, оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді.

I.Бөлім . Ақан серінің өмірі мен шығармашылығы

Ақан сері Қорамсаұлы
(1843-1913)
Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы XIX ғасырдағы музыкалық , поэтикалық өнердің дарынды өкілдерінің ішінде ерекше орын алады. Оның есімі халық есінде тек қана дарынды ақын және композитор ғана темес, сонымен бірге сирек кездесетін әнші ретінде де сақталған. Ақанның шын жүректен айтылған нәзік әндері тыңдаушылардың асыл ойлары мен сезімін, әр адамның жан дүниесін меңгеріп, эмоционалдық болмысын күшейте қабылдаған әннің ұзақ уақыт есте сақталуына еріксіз мәжбүр етеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі - Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты - Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген. Бірақ ұғымтал, сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли дегеннің медресесінде екі-үш жылдай сабақ алған. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт он алты-он жетіге келгеннен кейін-ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан - неше түрлі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен. Ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған. Алғыр қыран құс (оны Қара торғай деп атаған), жүйрік атқа ие болған. Ақанның осындай өзгеше өмірі мен дарқан мінезін, сырлы әні мен өткір сөзін сүйген халық оны сері атандырған.
Етегін ақ көйлектің алтындған
Жастық, бозбалалық кезінде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы - достық, махаббат мәселесі. Ол сүйіспеншілікке беріктік пен адалдықты, махаббат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті, нәзік жанды ақын өмірдегі не бір сұлу, әдемінің бәрін әнге қосқан. Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға жырлаған. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Ақынның Жайықтың ақ түлкісі, Ақ көйлек т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.
Ақанның бір топ өлеңдері: Сырымбет, Үш тоты, Балқадиша, Ұрқияжан, т.б. әйелдердің бас бостандығын аңсаудан туған. Сұлу әйелді идеал тұтқан Ақанның бұл шығармалары өз дәуірі үшін үлкен, әлеуметтік сыры терең туындылар болып саналады.
"Құлагер"
Жастықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан отыздан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды. Феодалдық салтпен тартысып жүріп қосылған сүйген жары Ұрқия қайтыс болады. Қыран құсы Қараторғай бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған құшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі. Сөйтіп жүргенде ол 1876 жылы жүйрік аты Құлагерден айрылады. Осы жылы Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақанмен өштесіп жүрген Батыраш, Қотыраш деген бай феодалдар соққыға жығып өлтіреді.
Ақан сері үшін Құлагер өлімі тіпті ауыр қайғыға айналады. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп, ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнапа бірнеше ән мен өлеңдер шығарады.
Солардың ішінде ең көп тарағаны - Құлагер әні. Мұны Ақан жаулары өлтіріп кеткен Құлагерді іздеп тауып, соның басында отырып айтқан.
Тегі жағынан Құлагер лирикалық-психологиялық өлең түріне жатады. Өйткені өлеңде оқиғаны, оған ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық тебіренісін суреттеу жағы анағұрлым басым.
Құлагер әні
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды,
Жығылмаса Құлагер қайда деймін.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай - Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.

Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.
Заман адамы
Заман ағысы мен қоғамдық өзгерістердің сыры жайые ойлана келіп, Ақан бір кез заман адамының сипатын беруге ауысады. Оның Заман адамы атты ұзақ толғауы - өз замандасын мінездеуге құрылады. Ақан замандасы - өз дәуірінің ұнамсыз мінездерін бойына жинаған ел басшылары - болыс-билер, байлар мен ауылнайлар. Солардың әрекет-тіршілігін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерін айта отырып, ақын оларды мінеп, сынайды. Сыртынан жылтыраған, бірақ іші надан адамдар типін ол:
Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны.
Іші зұлмат болған соң керегі жоқ,
Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы, - деп суреттейді.

Ақан өмірінің соңғы кезін оңашалану жағдайында өткізген. Серілік өмірден ада болған, жастық армандарының көбіне қолы жетпеген, жер-суынан айрылған, ел басшылары мен пиғыл-ниеті бұзыла бастаған пысықтардан жәбір көрген ол қасына жалғыз мылқау баласы Ыбанды алып Қоскөл жағасында оңаша өмір кешкен. Ақын дұшпандары ол туралы неше түрлі өсектер таратқан. Сөйтіп жүріп ол 1913 жылы 70 жасында қайтыс болған. Кеңестік Қазақстанның өрен ақыны Ілияс Жансүгіров Құлагер поэмасында ақын трагедиясының себептерін жан тербетерліктей нәзік, асқан шеберлікпен айтты. Ғабит Мүсірепов те өзінің Ақан сері - Ақтоқты трагедиясында Ақан өмірін оның ескішіл күштерге, дінге қарсы күресі арқылы суреттейді.
Ақан сері - ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық адам. Оның есімі, ең алдымен, жұртшылыққа өзінің әнімен, өлеңімен тарады. Жас кезінен ол нәзік сезімді, үні мен әсем сазы жан тербеткен әнші болса, өсе келе сол сазына сәйкес ән шығаратын композитор болды. Сырғақты, Сырымбет, Балқадиша, Көкжендет, Маңмаңгер, Құлагер, т.б. оның тамаша әндерін білетін, сүйсіне тыңдайтын адам Қазақстанның қай түкпірінен болсын табылады. Мұхит, Біржан, Ақан серілер халқымыздың ең ардақты, сүйікті әншілері екендігі жұртшылықтың бәріне мәлім.

ІІ.Бөлім. Құлагер -- Ақан серінің атағы əйгілі, жүйріктігі жыр болған тұлпары
Кезінде Ақанның жас та болса жан-жақты дарын иесі екенін таныған алыс ағайындары оған жүйрік тай сыйлайды. Осы тайды Құлагер деп атаған Қызылжар қаласы мен Омбы қаласының арасындағы Үлкен Қарой деген көлдің жағасын мекен еткен атақты Зілғара шешеннің баласы Əлібек екен.
Ол туралы М.Мұқатов Құлагер атының шығуы деген мақаласында мынадай қызық мəліметтер келтірген: ...Əлібектің күтуші адамдары: Сыртта басында үкісі, үстінде салтанатты киімі, қолында үкілі домбырасы, астында қара бедеу аты бар, бір құла ат жəне жетегінде үш-төрт саяқ ерткен екі адам түсуге рұқсат сұрап тұр, -- деп хабарлайды. Əлібек паң адам болу керек, бірсыпыра ойланып отырып, дəуде болса Атығай-Қарауылдың Ақан серісіне ұқсайды, қонақ үйге түсіріп ас беріңдер, маған ертең жолықтырыңдар деп, қонақ үйіне түсіреді. Астан кейін Ақан сері əн шырқап, əні мен өлеңі Əлібектің құлағына жаққан болу керек, Ақанды өзі отырған үйге алдырады. Өлең-əн айттырып, артынан бұйымтайын сұрайды.
Ақан сері жүйрік атым бар еді, елдегі бəйгеге қосып жүрмін, үш жүздің асына қосам ба деген оймен сізге келген едім дегенде, Əлібек тұрып, менде де жүйріктер бар. Əкем Зілғара жылқысының санын білу үшін, Үлкен Қаройдың ортасында өткелді арал бар екен, соған бүкіл жылқыны қамап, қайтар өткелде санағанда, жылқысының саны отыз екі мың бопты, одан кейін санағымыз жоқ. Олай болса, аттың терін алдырайық деп, бір жетіден кейін қырық шақырымнан Құлагермен он бір ат жібергенде Ақанның Құлагері алдында бір шақырым бұрын келеді, енді бір жетіден кейін елу шақырымнан жібергенде екі шақырым алдында, енді бір жетіден кейін алпыс шақырымнан жібергенде үш шақырым алдында келеді.
Əлібек: Ақан сері, атың шын жүйрік екен. Астың бəйгесіне Əлібектің аты боп қосылсын, егер атың озып келсе, үш жүзге атыңның атын шығарайын, -- дегенде, Ақан сері: Маған одан артық ештеңенің керегі жоқ, -- деп уəделескен екен. Келесі жылдың жазында Əлібекке еріп Жағалбайлы еліне барады.
Бəйгеге үш жүз төрт ат тіркеліп, Əлібек апарған жеті аттың үшеуі тізімге ілігіпті. Əлібек Омбы губернаторынан жүз солдат алдырып, бəйгеге қосылған аттарға жолда жамандық істемесін деп, ат шабатын жолға екі шақырымға бір солдаттан қойғызған екен. Əлібек өзі орысша сөйлей білетін сауатты адам болыпты. Бəйгеден Құлагер алдында келеді. Əлібектің өзге қосқан екі атының біреуі мүше тістеп келін бəйгеге ілігеді. Екі аттың бəйгесі 75 жылқы болады. Сонымен Əлібектің дəрежесі көтеріледі.
...Əлібек ас басқарып жүрген ақсақалға: Мына той жалпақ елдің игі жақсыларының бас қосқан жері екен. Сізден сұрайтыным, ертең ана төбенің басына асқа келген адамдар түгел жиналсын. Мен бір парасатты адамға берген Антым бар еді, соны халыққа естіртейін, -- дейді.
Сол уəдемен ертеңінде төбенің басына халық жиналады. Түйенің үстіне шатыр орнатып соның астында тұрған Əлібек: Мынау Ақан сері жетектеген құла ат кешегі бəйгеден озып келді. Бұл ат -- серінің меншікті аты. Серіге берген сертім: атың жүйрік екен, бəйгеге менің атым боп қосылсын. Егерде атың озып келсе, үш жүздің жиналған жақсыларының алдында ат иесі Ақан сері еді деп айтпақ едім. Ат озып келді, антымды жұтпай орындадым, куəгер сіздер, бұрын құла ат болса, енді Ақан серінің Құлагері болсын, -- деп сөзін аяқтаған екен.
Тай кезінен баптап-күтіп, жаратқан Құлагер ат бəйгесінің алдын бермейтін жүйрік болып шығады. Атығай, Қарауыл деп аталатын Арқадағы қалың ел ішінде қандай жарыс болса да, Құлагердің шаңына ілесетін қылқұйрықты табылмайды. Құлагердің даңқы Ақанның əншілік атағымен қоса шығады. Аққошқар Сайдалы деген кісінің бес болысқа сауын айтқан асында Құлагер үш жүз аттың алдында қара үзіп келеді.
Бірақ осы аста бір көңілсіз əңгіме болып қалады. Құлагердің артынан Барақбай дегеннің Кетеберкөк деген аты келе жатады. Белгі алуға шыққан Барақбай құлдырап келе жатқан Құлагердің шылауынан ұстаңқырап қалса керек, мұны көріп тұрған Ақанның Барақбайға тілі тиеді. Осы уақиғадан Барақбайдың ішінде Ақанға қарсы кек қалады.
Ереймен жақта Керей руынан шыққан Сағынайдың асына арнайы шақырылғанда, күндеушілері көп Ақан барғысы келмеген деседі. Бірақ ауыл-елдің беделді адамдары кеу-кеулеп, Ақан сері Құлагер арқылы тағы бір абырой алмақ болады. Осы уақиғаны С.Жүнісов өзінің белгілі романында былай суреттейді: Кейінгі жылдары қайғыдан қайғыға ұшырап, Ұрқияның қазасынан соң, туыстарының ішінде ала-бөтен ақынның өзіне тартып жаңа ержете бастаған ең сүйікті інісі, əнші Əйберген аттан құлап өлгелі Сері əбден қажып, жиі-жиі төсек тартып, шерменде боп жатып алатын күйге ұшыраған. Оның үстіне, ел арасындағы кие соқты, ант атты деген қожа, моллалардың сөзі шынға айналғандай болып, Ақан көпке топырақ шаша алмай, іштен тынатын еді. Ең жақын серігі -- əнін ел арасында еркін шырқап айта алмай, дəтке қуат санаған жалғыз Құлагерін ұлы бəйгеге қосып қызығын көре алмай, үйде тобан аяқ боп отырып қалды. Осыны сезген ет жақын досжар жандар Сағынай асына алыстан барып, бір серпіліп қайтуын мақұл көрген. Оның үстіне, алыстан Біржаннан, Мəшһүр Жүсіптен арнайы хабар келген. Біржан: Мен болсам, кейінгі кезде ауру-сырқаулы болып, үйден шыға алмайтын халге ұшырадым. Тегі, осы жиынға да бара алмаспын. Ақын -- елдің ақыны, оған қарауыл, керей деп екі араны бөлер деңгей жоқ. Халықтың шөлін қандырып, бас қосқан жиынның көркі болу, жаңа əн, жаңа сəнмен күйге қосу -- ақын парызы. Ақан барса екен, тым құрмаса екі ел арасындағы караңғы араздыққа аз да болса шырақтай деп сəлем айтып жіберіпті. Мəшһүр Жүсіп те хат жолдап, аяғында былай депті: Ақан, сенің бұлай қан жұтып, қайғы арқалап жатып алуың атыңа лайық емес. Сен қайғырсаң да, ел қайғырмасын. Қалың ел сені де, əніңді де жоқтап отыр. Жоқтатпа қауымыңды. Серпіл, жаным. Кіші жүз Мөңке би: Ер қайғысын сұлудың құшағы, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы алады деген екен. Ендеше үйде жатып басылу ел еріне жараспайды. Көтер еңсеңді. Қосыл жұртыңа. Сал думанды. Сағынай асында амандықпен көрісейік....
Ақан енді ештемеге алаңдап тоқтар емес. Атын əдейі баптап, алыс сапарға жүргелі жатыр.
Сонымен Ақан сері Сағынайдың асына Құлагерді қосады. Ол кезде бүгінгідей айналып шабу жоқ, аттар ұзаққа жіберіледі. 313 аттың алдында Құлагер жұлдыздай ағып келе жатқанда, анау Сайдалы асында ішінде қан қатқан Барақбай қамыс ішінде жасырынып тұрып, Құлагерді шоқпармен ұрып өлтіреді.
Соңғы жұбанышы, қызығы болып жүрген сəйгүлігінің бұл өлімі онсыз да қам көңіл Ақанды зар еңіретеді. Ол айтқан Құлагер əні осы күнге дейін тыңдаған адамның сай-сүйегін сырқыратады.

Батыраш Құлагерге құн төледі ме?
Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен Құлагер өлгесін де кездескен, сөйлескен. Құлагер тағдырын Ақан серінің өз аузынан естіген кісі.
Арқа ажары газетінің 2015 жылғы 22 қыркүйек күнгі санында Заманхат айдарымен жазушы-публицист Амантай Кәкеннің Белгілі оқиғаның беймәлім қырлары деген мақаласы жарияланды. Онда өнер зерттеушісі, композитор Илья Жақановтың Бір кезде Ақан едім аспандағы... атты кітабының негізінде Ақан серінің Құлагерін Барақбай өлтірді деп жазады. Ал, төмендегі жайлар Құлагердің өлімі Батыраштан келгенін дәлелдейді.
Ақан серінің әнші Ғазизға:
Қайтейін Құлагерім қолдан кетті,
Дұшпанның қастығынан қаза жетті.
Асына Сағынайдың апарғанда,
Жүсібі Батыраштың қағып өтті,
- деп айтқан жолдарын Сәкен Сейфуллин 1935 жылы Ақан серінің Таңдамалы өлеңдері деген жинағында келтірген. Батыраштың Көккөзден тараған ұрпақтарының айтуынша, өлеңдегі Жүсіп Батырашұлы Батыраштың Сағынай асына барған ұлы екен. Жүсіп өлерден аз-ақ бұрын туыстары барып, Құлагер туралы шындықты сұраған. Яғни, Жүсіп өлгенше басқалар түгілі өз туыстары Құлагердің өлімін Жүсіптен көрген ғой.
...Әкеміз Құлагердің басын шабам деп, ұрпағының басын балтамен шаба беріпті деген сөз де Батыраштың баласынан қалған деген пікір бар ел ішінде. Батыраштың немересі Төкен ақсақал Құлагердің өлімін әкесі Жүсіптің өз әкесі Батыраштан көретінін талай рет айтыпты да.
Ақан сері Құлагердің өлімін Батырашұлы Жүсіптен көрсе, Жүсіп Батыраштың немересі Төкен ақсақалдың айтқанындай, әкесінен көрсе, Құлагерді өлтірткен Батыраш демеске амал жоқ.
Кейбір зерттеушілер соңғы жылдары Құлагерді өлтірген Батыраш емес десе, енді біреулері Құлагер құнсыз кеткен, Құлагерден құн алынбаған дейді.
Құлагер құнсыз кетпеген. Ақан серінің өкіл әкесі Әлібек батыр өзі бас болып, Құлагердің құнын даулауға барған, ауылдың 50 жігіті, басшылары Ораз атаның баласы Ақбайпақ, Аңдағұл атаның ұрпағы Төрекелдіұлы Мұстафалар, Батыраштың ауылын шауып, Құлагердің құны деп 200 жылқысын барымталап әкелген. Бұлардың артынан қуғыншы келмегенін 200 жылқының елге сіңіп кеткенін Шұқыркөл ауылы әлі күнге аңыз қылып айтады.
Десек те, Мәшһүр Жүсіп - біздің әулие шежірешіміз, әулие тарихшымыз, бұл жөнінде не дейді? Ақан сері Құлагер өлген соң, бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосқан ас, жиын, тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты, - дейді Мәшекең.
Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен Құлагер өлгесін де кездескен, сөйлескен. Құлагер тағдырын Ақан серінің өз аузынан естіген кісі. Енді сөз кезегін Мәшһүр Жүсіпке берелік (8-том. 325-326 беттер): Ақмола мен Көкшетаудың арасын қалың Күрсары Керей мекендейді. Сол Керейде паң Нұрмағамбеттің әкесі Сағынайдың асы болады. Ақан серінің Құлагері осы аста өлтіріледі. Бұл асқа шақырылған ел бір шеті Торғай, Ырғыз, бір шеті Аягөз, Қарқаралыға дейін, тағы бір шеті Кереку, Баянға дейін, бір шеті Көкшетау, Қызылжарға дейін сауын айтқан...
Осы бәйгеге Ақан серінің Құлагері де келеді. Ерегіс болып, аттарды елу шақырым қашықтыққа айдайды. Сол асқа Сармантай, Мұрат жақтан Баты-раш, Қотыраш деген ағайынды екі кісінің бәйге бермей жүрген қос бозы да келеді. Олар да сыншыларын ертіп жүреді екен. Сол көзі шыққырлар Құлагерді көріпті дейді. Батыраш пен Қотырашқа келіп, Құлагерді көрдім. Қанатты құс болмаса Құлагер жер басқан төрт аяқты айуанды оздырмайды. Аттарыңды бұл бәйгеге қоспаңдар дейді.
Батыраш пен Қотыраш аттарын қоспай қалуға қорланып, қосуға сыншының сөзінен дағдарып қалады. Енді не істеу керек? Батыраш пен Қотыраш қаныпезер кісілер екен. Аттарын қосады да, Құлагерді өлтірмек болады. Бәйге атының жолында қалың тоғайлы өзен бар екен. Бәйге аттары қалың талды жарып өтетін тап сол қалыңға Батыраш, Қотыраш елінің жүйрік аттарын қарулы жігіттерге мінгізіп, қолдарына бір-бір шоқпар беріп, олар түнде атты айдағанда солармен ілесіп барып, қалың талда жасырынып тұрып Құлагердің қайтуын тосады. Сондағы мақсаттары - келе жатқан Құлагерді шоқпармен ұрып жағып өлтірмек.
Бәйге аттары қайтатын жеріне жетеді. Аздап тыныс алған соң аттарды жібереді.
Жануар Құлагердің басқа жылқыдан бір өзгешелігі, шыға тартқанда алдына жылқы түсірмейді, арттағыларға қарасын шалдырмайды екен. Әбден қызып алғанда шауып келе жатып кісінейді екен. Сол кезде үстіндегі бала тізгінді ердің басына іліп, екі қолымен ердің екі қасындағы қайыс тұтқадан ұстайды. Егер одан ұстамаса, ұшып кететін болған, қайыс тұтқаны әдейі жасап қойған дейді. Сөйтіп, манағы жа-уыздар қалың талды қақ жарып, жалғыз өзі келе жатқан Құлагерді көріп, өкпе тұстан тың аттармен дүрсе қоя беріп, терге балқып келе жатқан оны шоқпардың астына алып ұрып жығып, белін үзіп өлтіреді.
Бұл аста Батыраш пен Қотыраш теңдік бермейді. Ақан сері жылап кете барады...
Сонымен, Алтай-Қарпық, Атығай, Қарауыл елдері жиналып, қорлыққа шыдамай Тарақты Борамбай биге келеді. Борамбай оларға: Барыңдар, барғанда жау болып бармаңдар. Туысқан қалыппен барыңдар. Түбінде жауласуларың қашпас. Кәдімгі Батыраш, Қотыраш болса кер азуға салып, жүре жауап берер. Бір барып алдынан өтіңдер. Кінә соған аусын. Ант аумай, ат шаппайды деген дейді.
Аз адаммен Алтай-Қарпық, Атығай, Қарауылдың билері Сармантай, Батыраш, Қотырашқа барады. Барғандарға Батыраш, Қотыраш теңдік бермей, дағдылы кер азулықтарына салып сөз ұстатпайды. Қайтар жолда Борамбайға соғады. Болған әңгімені сұрайды. Борамбай қынжылып: Әттеген-ай, алты арыс Орта жүздің арасында мынадай ұлы дүбір болды дегенді естіген жоқ едік, Мына Батыраш пен Қотыраш елдің ұйытқысын бұзайын деген екен, - депті.
Мұнан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Ақан Сері шығармалары
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ақан сері өмірі мен шығармашылығы
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі
Пәндер