Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 253 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Е. АЛИМХАНОВ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ

ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ МЕН

СПОРТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Монография

Алматы

«Қазақ университеті»

2017

ӘОЖ

КБЖ

А

Бaспaғa әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университетінің

Ғылыми кеңесі (№ 4 хаттама, 27. 11. 17) және
Редaкциялық-бaспa кеңесінің

(№ 3 хаттама, 07. 12. 2017) шешімімен ұсынылғaн

Пікір жазғандар:

педагогика ғылымдарының докторы, профессор,

ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы А. Қарақов

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Д. Т. Оңғарбаева

Алимханов Е.

«Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының теориялық және педагогикалық негіздері»: монография / Е. Алимханов. - Алматы: Қазақ университеті, 2018. - 250 б.

ISBN 978-601-04-3094-5

Монографияға ұлттық халық ойындары мен спорттың теориялық қалыптасуы, даму тарихы, педагогикадағы және этнопедагогикадағы орны, ойындардың спорт түрлеріне айналуы, ойындар мазмұнындағы халықтың салт-дәстүрлері, наным-сенімдері, ұлттық спорт пен ойындарды топтау, жүйелеу, кәсіби атау сөздер туралы зерттеу жұмыстары мен деректер енгізілген. Сондай-ақ жинақталған 326 қазақтың халық ойындары мен спортының мазмұны мен тізімі, ойын кезіндегі негізгі дене қозғалыстарының түрлері, қажетті құралдар қоса берілген.

Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған.

ӘОЖ

КБЖ

ISBN 978-601-04-3094-5 © Алимханов Е., 2017

© Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2017

Бала ойынмен өседі.

Ойын - бала еңбегінің көрінісі.

Ойын - ой мен денені өсіреді.

Ойна да, ойла.

Ойын үнемі жаңа, себебі оны өмірге келген жаңа ұрпақ ойнайды.

«Балалармен ойнайды,

Ойнап жүріп ол бала,

Кеудеге ақыл ойлайды».

(Қазақ халқы нақыл сөздері)

Мазмұны

Алғы сөз . . . 3

  1. Қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы . . . 5
  2. Қазақтың ұлттық халық ойындарының тарихы . . . 26
  3. Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортының педагогикалық мәні . . . 64
  4. Қазақтың ұлттық халықойындарының этнопедагогикадағы орны . . . 72
  5. Қазақтың ұлттық халықойындарындағы салт-дәстүрлер, наным-сенімдер . . . 92
  6. Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спортын топатау, жүйелеу және атаулар беру . . . 99
  7. Қазақтың ұлттық халықойындары мен спорт түрлеріндегі кәсіптік сөздер, ұғымдар . . . 109
  8. Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуы . . . 115
  9. Қазақтың ұлттық халық ойындары мен спорттарыныңмазмұны мен ережелері . . . 123
  10. Қазақтың ұлттық халық ойындары және спорт тізімі . . . 240
  11. Педагогикалық анықтамалар мен сөздіктер . . . 250
  12. Қорытынды
  13. Қолданылған әдебиеттер

Алғы сөз

Монографиялық жұмыста қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қалыптасуы, ойындардың қоғамдағы әлеуметтік, тәрбиелік, рухани орнын анықтай келе, ойындарды барлық жастағы адамдар арасында ұтымды дене тәрбиесі құралы ретінде пайдалануды іске асыру мақсаттары қойылды. Сонымен қатар тарих толқынында ұмытылған, шеттетілген ойындарды да халық арасынан жинақтау іске асырылды. Монографияда елімізде ойындарға байланысты қорғалған ғылыми зерттеу жұмыстары, баспадан шыққан кітаптардағы, журналдардағы, газеттердегі ойындар туралы деректер берілумен қатар, ойындарды топтау, жүйелеу, ойындарға атаулар беру, кәсіби сөздерді жинақтау іске асырылып, педагогикалық анықтамалар берілді.

Көптеген ойындардың ел ішінде бірнеше атаулармен кездесетіндіктері мысалы: «бестас» ойынының «қақпақыл», «тоғызтас» деген атаулары болса, жамбы ату, «айқабақ» немесе «алтын қабақ» деп аталып, «теңге ілу», «күміс алу», «салма ілу» деген аттары бола тұра, олардың бір ойын түрі екендігі көрсетіліп және ойынның бірнеше нұсқаларының бар екендігі нақтыланды.

Ойындарды топтау барысында дәстүрлі ойын-сауық түрлері жеке топтастырылып, ұлттық спорттық ойындарына ережесі қалыптасып бекітілген, спорттық жарыстар өткізілетін ойындар енді, мал, жан-жануарларды қолданып немесе соларға еліктеп ойналатын ойындар жеке, жаңадан қалыптасқан ойындар жеке топталып, ал мазмұны қарапайым, ойнауға жеңіл, уақыт өткізуге қолайлы ойындар ермек ойындары деп жеке топтастырылып берілді.

Ұлттық ойындардың педагогикадағы және этнопедагогикадағы мәнін ашу барысында алдымен ойындардың жас ұрпақтың дене қабілеттерінің өсіп-дамуына, танымдық дүниесінің қалыптасуына, сауаттылықты ойын арқылы жетілдіру, ойындардың адам мінез-құлқына әсері, ұлттық тәрбиемен сусындауына жол ашу сияқты маңызды бағыттары бойынша халқымыз жинақтаған дана тәрбиесін жинақтаушы ағартушылар, зерттеушілер, ұстаздардың еңбектеріне баса көңіл аударылды. Сол арқылы қазіргі жас ұрпақты ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді сақтаушы, жалғастырушы ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсаттары қойылды.

Монографияға енген барлығы 326 ойынның мазмұны, ойнау ережесі берілді, сонымен қоса халық арасында бұрында болған, қазірде ұмыт болған ойындар тізімі де енгізілді. Ойындарды күнделікті өмірде қолдануды, таңдап алуды жеңілдету мақсатында ойындар кесте түрінде бірнеше топтарға бөлініп, қолдануға керекті құрал-жабдықтар, ойын барысындағы негізгі дене қозғалыс түрлері, ойынның топтық немесе жекелей түрлері көрсетіліп берілді.

  1. Қазақтың ұлттық халық ойындарының теориялық-педагогикалық тұрғыдан қарастырылуы

Дүние жүзін мекендеген барлық халықтардың ұлттық ойындарының қалыптасуының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан адамға әсер етуші ерекше қасиеттері болады. Әр халықтың ойындары туралы деректерді ғылыми-педагогикалық тұрғыдан зерттеу мен талдау арқылы ойынның адамдарға беретін бағалы жақтары анықталып, өмірде қолданудың жолдары көрсетіледі.

Ұлттық ойындардың қоғамдағы орнын теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу ұлттық ойындар мен спортты қолданудың теориялық және педагогикалық мазмұнының сапалық жағына әсер етіп, оқытушы ұстаз, тәрбиеші мамандар даярлауда, спорттық оқу-жаттығу жұмыстарының тәжірибелік мазмұнын кеңейтеді, ұлттық ойындар мен спортқа арналған мемлекеттік заңдар мен бағдарламалардың сапалы болуына жол ашады.

Дәстүрлі ұлттық ойындардың ел арасында таралуы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.

Кішкене бала жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп баланың денесін тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі - күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан деп жазады ғалым, академик Әлкей Марғұлан [25, Б. 141-145] .

Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ұрпақ денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойылғандығын көреміз. Адамдар денсаулығына үлкен мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы құрал болып саналды. Сондықтан қазақ халқының тарихи қалыптасуы барысында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлелдер бар. Ойындар, өмірге келген жас баланың жетіліп өсуіне әсер ете алатын, адамзаттың даму тарихымен тығыз байланысты тәрбие құралы болып саналады. Жер бетіндегі барлық халықтар өздерінің ұлттық ойындары арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің желісін үзбей келеді. Сондықтан ұлттық ойындар ұлттық мәдениетіміз бен рухани байлығымыздың қымбат қазынасы болып табылады. Ойындар мазмұнында халықтың ғасырлар бойғы қоғамдық-әлеуметтік дамуының ізі, халықтың тұрмыс-тіршілігі, наным-сенімдері орын алған.

Қазақ халқы ойынды тәрбие құралы деп танып, баланың нәресте кезеңінен бастап үлкен жасқа жеткенге дейінгі кезеңдерінде кеңінен қолданып отырған. Халқымыз ойындарды баланың ой-өрісіне, қимыл-қозғалысының жетілдіруіне пайдалана отырып, ойындар арқылы балаға халқының ұлттық мұраларын бойына сіңіріп өсуіне жол ашады және кейінгі ұрпаққа беретін құнды тәрбие ісі деп таниды. Ойындар мазмұнында баланы қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысын ашып денесін өсіретін, қиялмен қанат бітіретін ғажайып күш бар.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында қазақтың ұлттық ойындарын туралы: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған» деген анықтама береді [83, Б. 29-35] .

Ойындар мазмұнында елдің мәдени-шаруашылық, тұрмыс-тіршілік салтының, әдет-ғұрыптардың, мифтік, ертегілік сюжеттердің болуы, ойынның қай уақыттарда пайда болғандығын да мөлшерлеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық ойындардың түрлері мен мазмұндарының әралуан болуы, адамдар ойындар арқылы белгілі бір тұрмыстық, шаруашылық, танымдық т. б. мақсаттарды шешіп үйренуге жаттығу, машықтану жолдарын іске асырғандықты көруге болады. Мысалы ойнау барысында топтасу, бірігу арқылы жеңіске жету, жеке үздікті анықтау, даулы мәселені шешу, алдымен кімге жол беру қажеттігін анықтау, тілді байыту, дене қабілеттерін арттыру, шынықтыру, салт-дәстүрлерді орындау, жастарды бір-бірімен таныстыру сияқты бағыттардың барлығы өмірге қажетті дағдыларды қалыптастыруға арналғандығын көруге болады.

Қазақ халқында үлкен ойындарды бастау алдында үлкендерден рұқсат сұрау, бата алу, ойын шартын келісу сияқты қажетті жағдайлар да іске асырылып отырған. Ойынға бата беруші үлкен адамдар іске сәттілік тілеп «Жүйрік бол», «Шаң ілестірме», Жеңіп кел», «Тапқыр бол», «Жүректі бол», «Айлаңды асыр», «Адал ойна» деген сияқты тілектерін айтып отырған. Барлық ұлттардың дәстүрлі тәрбие салтында ойындарды пайдалану жетекші орын алады. Ойындарды пайдалану арқылы халық этикалық, эстетикалық талғамдарын байытып, ізгі қаситеттерге жол ашып, мәдениетті болуды ұрпақ бойына сіңіріп тәрбиелеуді іске асырып отырған.

Қазақ халқында «Бала ойынмен өседі» деген қанатты сөз бар. Ойын баланың ақыл-ойын дамытуды қызықтыра отырып, денесін белсенді қозғалта отырып, ойдан-ойға жетелеп, тынысын кең ашып, қиялмен қанат бітіретін ғажайып мүмкіндігі бар тәрбие құралы болып табылады.

Қазақ халқының фольклорында, ертегілерінде, бартырлар жырында, әндері мен жырларында, тасқа қашалған белгілерінде ойынға байланысты деректер көптеп кездеседі. Ел арасында ойынды бастау, ойнау барысындығы тәртіпті қадағалау, ойыннан шығу, ойынды аяқтау сияқты жағдайлардың барлығы реттеліп, тәртіптеліп, міндеттеліп ұйымдастырылғандығын көруге болады. Ойынды бастау кезегін алу, немесе ойнаушылар міндеттерін арнайы бөлісу шаралары да өткізіледі. Мысалы бала ойыннан шығуды қаласа:

«Аттым, баттым,

Тұрдым жаттым,

Шаршадым, ух!» деп айтып, арнайы белгі беріп барып ойыннан шығуына мүмкіндік алуы, баланың ойынға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетеді. Ал ойынды бастауға кезек алу үшін алысқа зат лақтыру, таяққа қол жарыстыру, секіру, санау, тақпақ айту, асық лақтыру т. б. сынақтарды қолдану арқылы реттеп отыруы арқылы, ойынды бастаудың өзіне әділеттікпен келуді қамтамасыз ету жолдарының қалыптасқандығын көруге болады.

Ойын арқылы баланың қозғалыс дағдыларын ғана жетілдіріп қоймай дұрыс сөйлеуді, іс-әрекеттерді түсінікті жатық сипаттауды, шешен сөйлеп тапқыр болуға да тәрбиелейді.

Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын сауалнама сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 88% ұлттық ойындар мен спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.

1-кесте - Ұлттық ойындар мен спортты білу, үйрену сізге қажет пе? Сауалнама көрсеткіші. n-399

Кімдер
Адамдар саны
Қажет
Қажет емес
Білмеймін
% пайыз
№: 1
Кімдер: Мектеп оқушылары 5-11 сынып
Адамдар саны: 132
Қажет: 102
Қажет емес: 12
Білмеймін: 18
% пайыз: 70
№: 2
Кімдер: Студенттер
Адамдар саны: 240
Қажет: 232
Қажет емес: 2
Білмеймін: 6
% пайыз: 96
№: 3
Кімдер: Үлкен адамдар 25-90 жас
Адамдар саны: 65
Қажет: 65
Қажет емес: ---
Білмеймін: ---
% пайыз: 100
№: 4
Кімдер: Барлығы
Адамдар саны:
Қажет: 399
Қажет емес: 14
Білмеймін: 20
% пайыз: 88

Ұлттық ойындар мен спортты білуге оны үйренуге деген ынтаның арту себебін қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылыстың, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.

Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда, осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.

Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде «кіші, ұсақ халықтардың» тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын көруге болады.

Ұлттық ойындар мен спорт тарихын Кеңес Одағы кезінде зерттеген ғалым Мұратхан Таникеев « . . . халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әркезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады» деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді [139, Б. 46-47] .

Ғалым зерттеуші Б. Досқараев «Историко-педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» атты докторлық диссертациясында «Халықтық ойындар мен спорт түрлері өзінің жан-жақты әсерімен ерекшеленеді, оларды әртүрлі жастағы адамдарға қолдануға болады. Халық ойындарын спортшы дайындауда жалпы дайындық құралы ретінде пайдалану тиімді. Түркі халықтарының ойындары әскери дайындыққа қолайлы болып келеді» деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді [49, Б. 64] .

Орталық Азия және Қазақстан жерінде мекендеген халықтар оның ішінде Қырғыз халқының дене тәрбиесін зерттеген ғалым Х. Анаркулов осы регионды мекендеген елдер ойындары бір-бірімен ұқсастықтары көп екендігін атай келе, олар ер балалармен қатар қыз балалардың дене тәрбиесіне де көп көңіл бөлетіндігін көрсетеді [4, Б. 42] .

Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.

Қазақстан Егеменді ел болысымен халықтың денсаулығын сақтауды дене тәрбиесі арқылы іске асыру, адамдарды салауатты өмір сүруге бейімдеу тарапынан көптеген іс-шараларды қолға алуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы «Қазақстан -2030 Стратегиялық жоспарында»:

«Біздің адам ауруымен күресіміз қазіргі жағдайда алдымен халықты салауаттық өмір сүруге тарту арқылы басталады. Салауатты өмір сүруді қолдау алдымен дене тәрбиесімен шұғылданудан, дұрыс тамақтанудан, гигиеналық талаптар мен санитарлық нормаларды сақтаудан басталады» деп көрсетілген [81, Б. 96-97] .

Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген қазақстандық ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады, оларға:

- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;

- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;

- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;

  • ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.

Мамандандырылған 13. 00. 04 - «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы ғылыми диссертациялық кеңесте (2011 жылғы дерек бойынша) барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-еуі қазақ тілінде, ал қорғалған 18 докторлық диссертацияның ішінде М. Таникеевтің «Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане» [140], Б. Досқараевтың «Историко-педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» [49], атты еңбегі және Е. Алимхановтың «Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері»[2] атты еңбектері бар.

М. Таникеев «Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя» деп ұлттық ойындардың Кеңес Одағы кезіндегі қолданысы жағдайының төмен болғанын анық көрсетеді және ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік ролімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды[141, Б-180] .

М. Тәнекеевтің «Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның дене тәрбиесі тарихы»[140], «От байги до Олимпиады» [138], «Мир народного спорта»[143] атты еңбектерінде ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне қатысты мол мағлұматтар беріледі және ұлттық ойындардың дамуына кедергі болып отырған жағдайлар да көрсетіледі.

Б. Доскараевтың педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған «Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане» атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ертедәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы «Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті. Студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті» деп атап өтеді [49, Б. 182] .

Е. Алимхановтың «Совершенствование национальной борьбы казахша курес путем изменения модели одежды» атты педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін 1996 жылы қорғаған диссертациясында қазақ күресінің даму ерекшелігіне тоқтай келіп, күрестегі әдіс-айла жасау түрлерін және балуанның киімінің күресу кезінде тигізетін әсерін зерттейді. Сол кездегі қазақ күресінде қолданылып жүрген самбо және дзюдо киімдерінің қазақ күресіне жарамсыз екендігін дәлелдейді. Ол қазақ күресінің өзіндік әдіс-айла ерекшеліктері бар екендігін ескере келіп, балуан киімінің жаңа үлгісін ұсынады. Е. Алимханов ұсынған күрес киімі қазақ күресінің өзіндік ұлттық ерекшелігін айқындаумен қатар, күрестегі әдіс-айланы орындауға басқаша тәсілдермен келуге мәжбүрлейді. Қазір осы киім үлгісі арқылы қазақ күресін бүкіл әлем таныды. Күрес киіміне арналып патент алынған[3, Б. 48-56] .

Е. Мухиддиновтың педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі үшін қорғаған «Использование казахских национальных игр в физическом воспитании» атты еңбегінде «ұлттық ойындар туралы ғылыми еңбектерді және үлгілі алдыңғы қатарлы тәжірибелерді зерттеу баланың дене тәрбиесіне ғана емес, сонымен қатар оларға интеллектуалды және адамгершілік жағынан да пайдалы әсері бар» деп көрсетеді[115, -Б. -27] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық спорт түрлерінің ерекшелігі
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Дене тәрбиесін жүзеге асыру
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Оқушылардың дене шынықтыру дайындығын анықтау бойыншажүргізілген жұмыстардың нәтижесі
Казақ спорт және туризм академиясы
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz