Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі


Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министірлігі Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұрлық. Тонау
Орындаған: юр-23 топ студенті, Мурсалим И.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы, з. ғ. м Самуратова А. О
Орал - 2023
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І-бөлім. Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
1. 1. Ұрлықтың криминалистикалы сипаттамасы . . . 5
1. 2 Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі . . . 12
1. 3 Ұрлық істері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттерінің тактикасы
. . . 14
ІІ-бөлім. Тонау және қарақшылық жолымен жасалған мүлікті талан-таражға салуды тергеу әдістемесі
2. 1 Тонау және қарақшылык шабуылдарының криминалистикалык сипаттамасы . . . 18
2. 2 Типтік тергеу ситуациялары, болжаулар және
тергеуді жоспарлау . . . 20
2. 3 Тергеу әрекеттерінің тактикасы . . . 28
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Бөтен адамның мүлкін жасырын ұрлау, тонау Қазақстанда кең тараған қылмыс болып табылады. Соңғы жылдары адамдардың топ болып ұрлық жасау көлемінің өскенін көрсетеді. Қылмыстық топтардың конспиротивтік дәрежесінің жоғарылығы, ұрланғандарды өткізудің жолға қойылған жүйесі, әртүрлі техникалық және көліктік құралдарды қолданулары оларды ерекшелендіреді. Соңғы жылдарда елімізде кылмыстын өршуі, онын ішінде аса кауіпті кылмыстардын жасалу саны одан әрі өсуде. Бұл жай құкық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысының жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда тергеудін нәтижелі жүргізілуін және тиімді тәсілдерді жан-жакты пайдаланылуын талап етеді.
Жасалған кылмысты тез арада ашып, кылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, сондай-ак қылмыс жасаудан кейбір адамдарды алдын ала сақтандырады. Криминалистика тергеу және баска құқык корғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, корыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу кызметкерлеріне дайындап береді. Кылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет кимылдарынан тұрады. Сондыктан кылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер калдырады.
Қылмыска карсы күрестің нәтижелігі және табысты тергеуші мен тергеу мекемесінде (бөлімінде) жедел-іздестіру оргаңдарының өзара қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуынада көп байланысты. Бұл органның өзара қарым-катынасы қылмыстык іс жүргізу кодексінің тиісті баптарына негізделеді. Атап айтканда, жүргізіліп жаткан іс бойынша тергеуші анықтама жүргізетін органдарға, (былайша айтқанда жедел- іздестіру органдары) іздестіру және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұскаулар беруге, кейбір тергеу әрекеттерін жүргізген кезде анықтама жүргізетін органдардан қолқабыс талап етуге кұкылы. Тергеушінің мүндай тапсырмалары мен нұсқаулары аныктама жүргізетін органдарға міндетті болып табылады. Осы келтірген заңның мазмұнына қарағанда, тергеуші мен анықтама жүргізуші органның арасында карым-катынас тергеу жүргізу үстінде қалыптасады. Бірак тергеу тәжірибесіне карасак, кейде бұл екі органның арасындағы карым-қатынас іс қозғалмай тұрып-ақ қалыптасады, себебі істі козғауға керекті деректер мен кейбір жағдайларды жедел жолмен алуға болады.
Мақсаты : Осы саладағы өте маңызды мәселелерді қойып, қарауға деген талпыныс. Теориялық білім мен құқықтық қолданушылық практикалық аралық ұстанымын бірізділікпен жүзеге асыру, жасалатын тонау, ұрлықтардың сипаты мен құрылымы туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға, ашкөздік қылмыстың бүгінгі жағдайын талдауға, осы ққылмысқа қарсы әркеттердің формасын қалыптастыру мен жүзеге асыруға әсер ететін басты факторларды даралауға мүмкіндік береді.
Зерттеу обьектісі : Жалпы ұрлау, тонау қылмыстық істерін жүргізілу және тергеу процесі.
Зерттеудің пәні : Қылмыстық ұрлық, тонау процестерін тергеу жұмыстар жүргізу процесі.
Міндеттері:
- Ұрлық, тонау қылмыстарын тергеу әдістемесін талдау;
- Ұрлық, тонау қылмыстарын сипаттау;
- Тергеу әрекеттерінің тактикасын анықтау;
- Арнайы тергеу әрекеттерінің тактикасын қолдану.
Болжамы : Ұрлық, тонау қылмыстарын тергеу әдістемесін түсініп, жүргізу. Берілген арнайы тергеу әрекеттерінің тактикасын қолдану. Қылмысқа қатысты күрестің нәтижесін көрсетіп, тәжірбие түрінде жүргізу. Істі қозғауға арнайы деректер жинап, дәлел келтіре алу.
І-бөлім. Ұрлық қылмыстарын тергеу әдістемесі
1. 1. Ұрлықтың криминалистикалы сипаттамасы
Ұрлық дегеніміз - бөтеннің мүлкін жасырын түрде алу болып табылады. Ұрлықтың криминалистикалық сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды:
- Ұрлық қылмыстардың ең кең тараған түрі;
- Ұрлық құпия түрде жасалынады, қылмыскер көп жағдайларда белгісіз болып табылады;
- Осы қылмыстың сипатты белгісі болып тікелей қасақаналықтың болуы танылады, ұрлық қасақана кейде алдын ала дайындықтан кейін жасалынады;
- Ұрлық жасау тәсілі әр түрі;
- Ұрлықтың заты болып кез келген мүлік танылады (ақша, заттар, өзге де материалдық құндылықтар) .
Ұрлықтың кең таралуына қарай осы қылмысты тергеудің жеке әдістерінің көптүрлілігін көруге болады. Оларға әр түрлі криминалистикалық сипаттамалар сәйкес келеді. Ұрлықты тергеу әдістемесін салалық белгілер бойынша қарастырған дұрыс. Әдістеменің бірінші тобына - сауда және қоғамдық тамақтану обьектілерінде, кәсіпорындарда және мекемелерде, көлік және ауылшаруашылық обьектілерінде жасалынатын қылмыстар жатады. Екіншісіне - азаматтардың жеке үйлері мен пәтерлерінен, сондай-ақ қалтадан ұрлау қылмыстары жатады.
Ұрлықтың қауіптілігі меншік иесінің экономикалық тәуелсіздігіне қол сұғатындығынан көрінеді және оны ашу мен тергеу кезінде айтарлықтай қиындықтар туындайды. Осы қылмыстық іс-әрекеттердің көпшілігін тәжірбиелі қылмыскерлердің материалдық құндылықтарды тауып, оларға кірудің және өздерді жасырудың тиімді тәсілін тәжірбие көрсетеді. Шамамен қылмыстардың әр бір бесіншісі рецидивистермен және бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған адамдармен жасалады.
Ұрлықтың жасалу жолдары мен тәсілдерін білу ұрлықты ашуда жетістіктерге әкелуі тиіс. Қылмыскердің ұрлық жасау кезінде қолданған тәсілдерін анықтап, оларды криминалистикалық тіркеуден іздестіріп тексеруге болады.
Жеке мүлікті ұрлау көбінесе күндізгі уақытта, куә болмаған кезде, иелері жұмыста болатын кездерде жасалынады. Қарастырылып отырған қылмыстар жаңадан салынған ықшамаудандарда жиі кездеседі. Бұл тұрғындардың алғашқыуақытта осы подьездегі көршілерінің бір-бірін танымауымен түсіндіріледі. Қылмыскерлер үй тұрғындары ретінде кедергісіз пәтерлерге кіріп, ұрлаған заттарын оңай алып шығуына мүмкіндіктер бар. Пәтерден және материалдық құндылықтарды сақтайтын басқа да жерлерден ұрлау: есік құлыптарын ашқыштардың көмегімен, ригельді қысу, ілмелі құлып имегін кесу арқылы, желкөз арқылы кіру, есіктер мен терезелерді сындыру, торларлы автогенді аппаратпен кесу, қабырғаны немесе төбені тесу, шатырды көтеру, түтін жүретін құбырларды ашу арқылы, қоймаларды бұрғылау немесе шабу жолымен ашу, сейфтерді және басқа да көлемді бұйымдар сақтайтын нәрселерді ұрлау6 тауарларды сатып алу кезінде ұрлау жолымен жасалады.
Қылмыскерлер ұрлықты ашу мен тергеуді қиындату мақсатында қылмыстың іздерін жасыруға ұмтылады. Ұрлықтың жасалғандығы туралы күмән туғызбауға тырысады. Үйге ұрлыққа түсу кезінде бөгетті бұзбай кіріп, көзге түскен заттардың барлығын емес, тек қана ақша мен заттардың бір бөлігін ғанна алады.
Қалтадан ұрлықтар жасау үшін қылмыскерлер адамдардың көп жиналған (шоғырланған) жерлерін таңдайды. Бұл қылмыстар, әдетте, ұрлықшылар тобымен олардың рөлдері өзара бөлсіу арқылы: біреулері жәбірленушілерді қыспаққа алады, екіншілері ұрлайды, ал үшіншілері ұрланған заттарды тығады. Мұндай ұрлықтарды ашу әдістемесі осы қылымыстардың басқа түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай қиындық туғызады, өйткені қылмыскер жасырын және қысқа уақытта әрекет етеді, ал жәбірленуші тіпті ұрлықшыны білмек түгілі кейде қай жерде, қай уақытта ұрлағанын да білмей қалады.
Ұрлық жасатын қылмыскерлердің жекетұлғасының ерекшеліктерін қарастыратын болсақ, оларды екі негізгі топқа бөле аламыз. Бірінші топқа ер адамдар мен әйел адамдар ішінде жұмыс жасағысы келмейтін бұрын сотталған, алдын ала өз әрекеттерін егжей-тегжейлі ойластыратын, қылмыс жасау дағдысы, тәжірбиесі бар адамдарды жатқызамыз. Екінші топтағы адамдар қатарына - жұмыссыз қалғандар, тұрақты мекен-жайлары, отбасылары жоқтар жатады. Олар үшін ұрлық қалыпты жағдайда аяқ астынан пайда болған ниет бойынша жасалынады немесе қылмыс жасау жағдайы алдын ала еш дайындықты талап етпейді.
Көбінде олар сотталып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтек кезінде қылмысқа дағдыланады.
Ұрлық қылмыстарымен күпесу үшін жедел іздестіру қызметі мен ішкі органдарының жұмыстарын жетілдіруге байланысты шаралар қабылданады. Олардың қатарына, мысалы, республиканың бітқатар қалаларында «Пәтер» атты жедел іздестіру шараларына жоспарын құрып, қолдану, сонымен қатар, ұрлықты ашу жөніндде жедел-тергеу топтарын құру жатқызылуы мүмкін.
1. 2 Типтік ситуациялар, болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңі
Ұрлық бойынша кылмыстық істерді қозғау үшін тек себептер тана емес, сонымен қатар жеткілікті негіздер болуы қажет. Себептер қатарына жәбірленушілердің және ұйым өкілдерінің үрлыктуралы арыздары жатады. Қылмыстық іс, сонымен қатар, ұрлыктың жасалғандығы туралы жедел-іздестіру сипатындағы мәліметтерді алу арқылы да козғалуы мүмкін. Ұрлық жөніндегі істерді қозғау негіздеріне - ұрлыктын болғандығын куәланды ратын мәліметтер және ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізу
керек екендігін сипаттайтын мәліметгер танылады. Осындай мәліметгерді алу үшін жәбірленушіден, ұйым өкілдерінен және баска да түскен арыздарды тексеру қажет. Тәжірибелер көрсет- кендей, ұрлық туралы арыздар мен хабарларды тексеру - кыл- мыстык істерді козғау туралы сұрақтарды дұрыс шешудің, осы кылмыстарды тез арада және толык ашу мен тергеудін міндетті шарты болып табылады. Ұрлық туралы арыздарды дұрыс тек- сермеу кылмыстық істі негізсіз қозғауға немесе козғаудан негізсіз бас тартуға әкеп соғады.
Казакстан Республикасының КІЖК-нін баптарына сәйкес ұрлык туралы арыздарды тексеру үшін: жасалынған ұрлык туралы мән-жайларға қатысты толықтүсініктеме алу керек (накты қаңдай зат жоғалды, олардың жоғалғандығы кандай жағдайларда аныкталды, жәбірленушінің ұрлық жасауы мүмкін деген адамдар туралы пікірлері бойынша) . Қылмысты ашу үшін маңызы бар заттар мен кұжаттар (ұрланған сағаттың паспортын, ақша ұрланған кезде төлем карточкалары т. б. ) сұралуы тиіс.
Тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде ұрлықтың жасалғандығын куәландыратын мәліметтер алынса, кылмыстық іс қозғалады және тергеу жүргізіледі. Тергеу барысында келесі мән-жайлар аныкталады: ұрлык орын алды ма, оны инсценировкалау болған жоқ па; ұрлық қайда және кашан жасалынды; не ұрланды; ұрланған заттың белгілері, бағасы (қүны) қандай; қылмыспен келтірілген зиянныңмөлшері кандай; ұрлықжасау- дың әдіс-тәсілдері мен кұрал-жабдықтары; кім ұрлады (орын- даушы мен азғырушылар, олардың мінездемесі) ; ұрланған заттарды кім өткізді және кайда; келтірілген зиянды өтеу үшін не істеу керек; ұрлықтың жасалуына мүмкіндік туғызған жағдайлар.
Тергеу жоспарының негізін мазмұны үрлықтыңсипатымен, оны жасау тәсілдерімен және тергеу жүргізушіде бар мәлімет- термен аныкталатын болжаулар күрайды. Мәселен, мемлекетгік мүлікті ұрлау кезінде келесідей жалпы болжаулар ұсынылады және тексеріледі: үрлык шынымен орын алды; ұрлык болған жок; арызданушы шатасуда; ұрлықтың жасалғандығы жалған. Одарды тексеру барысында жеке болжаулар да үсынылуы мүмкін: үрлык материалды жауапты тұлғаның қатысуынсыз бөтен адамдармен жасалды; үрлық осы объектінің кызметкерлерімен, бірак материалды жауапты тұлғалармен емес; кемшіліктерді жасыруғатырысатын материалды жауапты тұлғалардың көмегімен бөтен адамдардың ұрлықты жасауы.
Жеке меншікті, азаматтардың жеке мүлкін ұрлауды тергеген кезде ішкі істер органдарына белгілі ұрлыкшы гастролерлер, тіркеуде тұрған ұрлыкшы-қылмыскерлер, калтаға түсушілердің катыстылығы туралы болжаулар ұсынылады.
Ұрлык кылмыстарын тергеу мен ашудың нәтижелігі тергеушінің осы іс бойынша жұмыс істейтін криминалдық по- лицияның жедел қызметкерінің жұмыс сапасына, тергеу әрекеттерінің жедел-іздестіру шараларымен сәйкес келуіне байланысты. Сондыктан тергеу жоспарында тергеу әрекеттерімен
қатар жедел-іздестіру жолымен аныкталатын мән-жайлар көрсетіледі. Осы мән-жайларды аныктауға бағытталған накты әрекеттер тергеу жоспары мен іс бойынша жүргізілетін жедел-іздестіру шараларының жоспарларында өзара келісілініп көрсетіледі. Бүл жоспарды құру мен жүзеге асыру криминалдық полиция қызметкеріне жүктеледі. Ұрлық қылмыстарын тергеу барысында төмендегідей ситуациялар байқалынады:
1- ситуация - ұрлық жасауда сезікті адам ұсталған. Ол оқиға болған жерде немесе тікелей қылмыс жасалғаннан кейін ұсталуы мүмкін;
2-ситуация - кылмыскер ұсталмаған, дегеймен ол туралы мәліметтер бар, мысалы, жәбірленушінің туысы немесе танысы болып табылады;
3-ситуация - кылмыскер жөнінде ешбір мәлімет жоқ.
Тергеу ситуациясына байланысты тергеу жоспары келесідей
мәселелерді қарастыруы керек:
• сезікті болмаған жағдайларда - үрлық және ұрланған заттардың белгілері туралы мәліметтерді полиция органдарына хабарлау; ұрланған затгарды тіркеуге алу және оларды өткізу жолдарына мүмкіндігінше жол бермеу; жасалынған ұрлық туралы мәліметгерді білетін түлғаларды және ұрлық жасаған адамдарды анықтау; кылмыс жасалынған жерден табылған іздерді
аныктау және оларды тіркеу бойынша тексеру; ұрлыктың мән-жайы мен оны жасаған адамдар туралы (ұрлык объектісіне кім қызығушылык танытты, кылмысты жасау үшін қолданылған құрал-жабдыктарды колдануға кімнің мүмкіндігі болды және т. б. ) қосымша мәліметтер алу; қылмыскерді іздестіру мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізу, ұрлық жасалынған мекеменің сезікті қызметкерлеріне жедел тексеруді жүргізу; инсценировкаланған ұрлықты ашуға бағытталған шараларды
жүргізу;
• егер ұрлыкты жасаған адам туралы мәліметгер болса кылмыскердің ерекше белгілері туралы жедел-кызметкерлеріне, базар кызметкерлеріне, темір жол және өзен вокзалдарындағы, аэропорт және медициналык айықтырудағы полиция қызмет- керлеріне мәлімегтер беру; кылмыскердің портретін жасау; жеке іздестіруді жүргізу; автоматтандырылған акпаратты-
іздестіру жүйесі (АИПС) бойынша кылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді тексеру және тіркеуге алу.
Сезікті белгілі болған жағдайларда жоспарланған тергеу әрекетгері мен жедел-іздестіру шараларының негізгі міндеті - сезіктінің орналасқан жері мен оның қылмыска катыстылығы туралы дәлелдемелерді анықтау болып табылады. Осы мақсат- , көршілеріне (оқига болған жерде қалдырылған, жоғалтылған) заттарды тану үшін корсету; сезіктінің
түрғылықты жері мен жұмыс орнында тінту жүргізу; тінту кезінде табылған заттарды алу және тану үшін корсету; кылмыскерді әшкерелеу максатында сараптама тағайындау және жүргізу; сезіктіні үстау мен жауап алу әрекетгері жүргізіледі. Үрлықтың сипаты мен тергеу жүргізілетін тергеу ситуацияларына байланыссыз жоспарда кейінге калдырылмайтын - оқиға болған жерді қарау, жәбірленуші және оқиғаны көзімен көрушілерден жауап алу, ал сезікті анықталған және ұсталған жағдайларда оның тұрғылықгы жері мен жұмыс орны бойын ша тінту жүргізу сиякты тергеу әрекеттері көрсетілуі керек. Мекемеде жасалынған үрлык істері бойынша міндетгі түрде инвентаризация және аудит жүргізу жоспарланады.
Үрлықты тергеуді жоспарлау көбінесе қалыптасқан тергеу ситуациясына және ен алдымен тергеудің алғашқы кезеңінде сезікті адамдардың бар-жоғына байланысты.
Тәжірибелер көрсеткендей қылмыстың осы категориясын тергеу кезінде аныктама органдары қылмыскерлерді қылмыс жасау үстіңде ұстау жағдайлары (пәтерде, дүкенде, дәріханада, қоймаларда және өзге де материалды құндылыктарды сактайтын орындарда орнатылған күзет сигнализациясының қосылуы нәтижесінде), «ізі суымаған қылмыстар» бойынша немесе жәбірленушіден, куәдан, көзімен көрушілерден немесе көршілерден жауап алу кезінде ұрлық жасауы мүмкін қылмыскерлерді нақты көрсетуі арқылы ұстау жағдайлары кездеседі. Осындай жағдайлардатергеуді жоспарлау ұсталған сезікті адамдардың тергеліп жатқан окиғаға қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді анықтау мен жинауға және де үсталған адамдардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруге бағытталады. Бұл істер бойынша жоспарлау болжауларды ұсынуға, тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру
шараларын жүргізіп, оларды тексеруге бағытгалады.
Көп жағдайларда кылмыскер қылмыс жасағаннан кейін жасырынып үлгеріп, тергеудің басында сезіктінің белгісіз болу жағдайлары жиі кездеседі. Мүндай жағдайларда болжауларды ұсынғанда және тергеу жоспарын жасағанда кажетті дәлелдемелерді жинауға, сезіктіні аныктау мен ұстауға көңіл бөлінеді. Осындай жоспар бойынша жұмыс істегенде ең бастысы ұрлық жасауы мүмкін адамдарға катысты болжауларды ұсыну мен тексеру болып табылады. Яғни, жасалған қылмыстың мән-жайлары ескеріліп, оларға егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және де осындай қылмыстарды бүрын ашу кезінде жиналған тергеу тәжірибесі қолданылады. Бұларды есепке ала отырып, жоспарда келесі тұлғалармен ұрлықтың жасалу мүмкіндігін қарастыратын болжаулар ұсынылуы тиіс:
- сәйкес кылмыстар үшін сотталғандар, күмәңді өмір сүретін (маскүнемдер, шығу тегі белгісіз заттарды сату арқылы өмір сүретіндер, үйінде қонбайтындар және т. б. ) бүрын сотталмаған түлғалар;
- қылмыс жасау мақсатында қалалар мен облыстар арасында көшіп жүретіндер;
- бас бостандығынан айыру орындарынан қашқандар;
- көршілес территорияларда осыған ұқсас қылмыстар жасағандар (кол сұғушылыктың объектісі мен затын тандау ерекшелігімен, кылмысты жасау уақыты және қылмыскердің басқа да әрекеттерімен аныкталады) .
Тергеу жоспарында куәлардың көрсетпелерін, табылған іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді қолдану мәселелері маңызды орын алу керек. Егер өз көзімен көрген куәлар қылмыскердің түрін есінде сактап қалса, онда криминалист мамандарға фоторобот жасап көбейтіп, оларды барлық жедел-
іздестіру бөлімдеріне, учаскелік инспекторларға, патрульды қызмет қызметкерлеріне тарату тапсырылады. Егер де қылмыскерлер маскіде болып немесе кандай да бір жағдайларға байланысты олардың түрлерін көру мүмкін болмаса, онда өз көзімен көрген куәлардың сипаттауы бойынша ұксас киімдерді тандап (баскиім, пальто, костюм, жейде), оны манекенге кигізіп суретке түсіру (мүмкіңдігінше түрлі-түсті фотосурет колдану) және барлык белгілерін сипаттау аркылы оны іздестіру кезінде қолдану ұсынылады.
Кылмыскерлердің ерекше белгілері туралы куәлардың көрсетпелері табылған іздерді және заттай дәлелдемелерді зерттеу жолымен толыктырылуы мүмкін. Криминалистік бөлімшелерде бар әдістемелер аяккиім іздері бойынша кылмыскердің бойының ұзындығын және жынысын, жүру ерекшелігін, аяқ-киім түрін, типін, фасонын, көлемін, оның киілу және жөнделу ерекшеліктерін аныктауға мүмкіндік береді. Қолдардың іздері бойынша олар бойының ұзындығын, жасын, із қалдырған тұлғаның алақанының және саусақтарының ерекшеліктерін аныктай алады. Ұрлық жасау кезінде калдырылған бұзу іздері аркылы қылмыскердің бойы, дене бітімі, кәсіби дағдылары және физикалык ерекшеліктері аныкталады. Қылмыс жасау кезінде көлік құралдары қолданылса, сарапшы-криминалист олардың іздері бойынша көліктің түрін, маркасын, моделін және козғалыс бағытын анықтайды. Калталык ұрлықтарды ашу әдістемесі осы қылмыстардың баска түрлерінен ерекшеленеді, ал оларды тергеу айтарлықтай киындық туғызады, өйткені кылмыскер жасырын және кыска уакытта әрекет етеді. Ал жәбірленуші тіпті ұрлыкшыны білмек түгелі кейде қай жерде, қай уакытта ұрлағанын да білмейді.
Тергеу әрекеттерінің кезектілігі ұрлыкшының кылмыс үстінде ұсталғандығына немесе оның жеке басын тергеу барысында аныкталатындығына байланысты. Егер кылмыскер ұрлык жасау үстінде ұсталса, ең алдымен жеке тінту жүргізіледі, ұстау орнына карау жүргізіледі, жәбірленушілер мен куәлар аныкталады, кылмыскердің жеке басы мен тұрғылыкты жері аныкталады. Кылмыскерден жауап алынады, іс үшін маңызы бар заттар алынуға жатады және оларға карау жүргізіледі, олар іске
заттай дәлелдеме ретінде тіркеледі. Одан кейін кылмыскердің тұрғылықты жері мен ұрланған заттар жасыруы мүмкін жерлер тінтіледі. Ұрлыкшы ұсталған кезде жеке тінту яғни қылмыс жарау кезінде қолданған күрал-саймандарды, атап айтқанда: үстара, ашкыштар, фомкалар, үшкірленген тиын ақшаларды, табу мақсатында жүргізіледі. Үстау кезінде ұрланғандығы өзіне мәлім емес жәбірленушілер де болуы мүмкін, сондықтан оларға өздерінің заттарын тексеру ұсынылуы керек.
Қылмыскер үрлык үстінде ұсталынбаса, белгісіз болса, ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады, куәлар мен өз көзімен көрушілер аныкталынып олардан жауап алынады, ұрланған заттар жатқан жерлер каралады, қажетті жағдайларда оқиға болған жерге карау жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz