Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ МҰРЫН ЖЫРАУ СЕҢГІРБЕКҰЛЫ АТЫНДАҒЫ МАҢҒЫСТАУ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тaқырыбы:
Математика сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану
Студент: ______________
Жетекші: ____________
2023 жыл
МAЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
1.1.Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2Математика сабағында тиімді тәсілдерді пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... 8
ІІ. МАТЕМАТИКАНЫ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУ
2.1Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.2 Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының математика пәнін оқытудағы тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3Топтау тәсілінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
IV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26
КIPICПE
Зерттеудің мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерде оқушылардың танымдық әрекеттері мен математикалық ой өрісін дамытуда сабақта қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдердің тигізетін әсерін анықтау, оны сабақта тиімді түрде пайдалану жолдарын көрсетуді көздедім.
Зерттеудің міндеттері:
Оқыту үрдісіндегі жаңа технологиялардың тиімділігін анықтау;
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық
технологияларды пайдаланып оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу;
Оқушылардың танымдық белсенділігінжәне математикалық ой-өрісін дамытуда ойынның атқаратын қызметін анықтау;
Бастауыш мектепте математика сабағында деңгейлік тапсырмаларды қолданудың психолого-педагогикалық негізін анықтау;
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары.
Зерттеуде қолданылған әдістер: Бақылау, аналитикалық, статистикалық деректерсіз ойлау, ақпараттар іздеу, модельдеу, зерттеу және эксперимент әдістері қолданамын.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер бастауыш сыныптарда математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге еңгізсе, онда оқушылардың оқу-танымдық қабілеті дамып, нәтижесінде білім деңгейі артар еді.
Зерттеудің ғылыми жаналығы: Бастауыш мектептер оқушыларының танымдық белсенділігі, әрекеттері мен математикалық ой-өрісін дамытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін анықтау қызметіне арналған бұл еңбегімде (курстық жұмыс деңгейінде) инновациялық әдіс-тәсілдердің элементтерін қолданудың ғылыми негізі анықталып, сабақты ұйымдастыру әдістемесі дәлелденеді.
Практика үшін маңызы: Зерттеудің қорытындылары негізінде дайындалған материалдар студенттерге, практиканттарға және бастауыш сынып мұғалімдері математика сабақтарын ұйымдастыруда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізіміненжәне қосымшалардан тұрады.
Зеpттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президентінің Жаңа он жылдық - Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер атты Қазақстан халқына жолдауы 2030 жылға дейінгі жас мемлекеттің Стратегиялық даму жоспары негізінде жасалды. Жаңа онжылдықта Мемлекет Басшысы бірінші орынға білім беру жүйесін дамытуды, жаңа технологияларды, жаңашыл ойларды пайдалануды бірінші орынға қояды.
Математика сабақтарындажаңа әдіс-тәсілдерді қолдану оқумен жақсы үйлесім табады. Сабаққа инновациялық технологиялар элементтерін енгізу оқу процесін қызғылықты етеді. Балалардың жұмыс жасауға деген ынтасын арттырып, оқу материалдарын саналы да, сапалы игеруге септігін тигізеді. Әр түрлі технология элементтері белгілі бір тапсырманы орындау кезінде қолдану оқушылардың пәнге қызығушылығын да арттырады. Сондықтан менкурстық жұмысымды бастауыш мектеп сыныптарындаматематика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану әдіс-тәсілеріне арнадым.

1.1.Математика сабақтарында оқушылардың қызығушылық қабілетін қалыптастыру
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бір қатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттык модельдері құрылуда. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгілерінің бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылыми негізінен берілетін білімді қайта жаңғырту болып табылады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір окушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәнін оқыту процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интелектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмысын қальптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Өз білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шыгармашылық белсенділігін арттырады. Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң оны қолдау ары қарай шығармашылыққа үйлеседі. Алдымен математика сабағында оқушылардың шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағыт беретін тақырыптарды таңдап алу керек. Ол үшін алдымен оқушының деңгейін анықтап, дарынды оқушыны білу керек. Дарынды оқушыны білу үшін мыналарды ескеру керек: оқушыны зерттеу, оқушыны қызықтыратын тақырыптар, пәнге деген қызығушылығы. Осы үш мәселені пайдаланып оқушыларға анкета сұрагын қойып, нәтижесінде дарынды оқушыны анықтау керек. Оқу процесінде оқушыны зерттеу әдістемесін қолданған тиімді. Бұл әдістеме бойынша оқушыларға әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Оқушының қандай тапсырманы алуына шек келтірмейді. Оқушылар өзінің тапсырманы алу позициясын төмендегі сұрактарға жауап беру арқылы көрсетеді.
Сұрақ:
Не себептен бул тапсырманы таңдап алдың?
1. Өзімді сынағым келді.
2. Пән бойынша өз мүмкіншілігімді білгім келді.
3. Пәнге деген қызығушылық.
4. Осы ғылым саласында көбірек білгім келеді.
5. Келешектегі білім алуыма осы пән кажет.
6. Пан бойынша жетістікке жететініме сенемін.
7. Оқу жеңіл.
8. Қиыншылықты жеңгім келеді.
9. Мұғалімге ұнау.
10. Көп білетін білімді адам болу.
11. Өз бетімен өмір сүруге дайын болу.
12. Мәдениетті, жан дүниесі бай, коғамға пайдалы адам болу.
Оқуды негізгі қажеттілік деп санайтын оқушылар төмендегідей бағыттар бойынша топталады:
1. Танымдылык;
2. Өзін-өзі айкындау;
3. Өзін-өзі дамыту. Оқушылардың бір деңгейден екінші деңгейге өту кезінде өзін-өзі бағалау кестесі.
1. Нені жақсы меңгердім.
2. Неден қиналамын.
3. Қай такырып ең қызық.
4. Өзімді қалай бағалаймын.
5. Алдымдағы жоспар. Математика сабағында оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология түрлерін қолдануға болады. Олар: деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту технологиясы және т.б. Оқушылардың шығармашылық ізденістерінің деңгейлерінің көтеру процесі төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - бұл кезеңде мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекетімен таныстырады. Есептердің шығарылуына нұскау беріп, өз бетімен орындауына мүмкіндік береді. Екінші кезең - бұл кезеңде мұғалім әртүрлі әдіс - тәсілдерді көрсетіп, талқылай отырып қолайлысын, тиімдісін таңдай білуге үйретеді. Үшінші кезең - бұл кезеңде оқушыға өте үлкен жауапкершілік жүктеледі. Осы кезеңде оқушы негізгі деңгейге шығады. Төртінші кезең - бұл кезеңде оқушы жұмысы шығармашылық ізденіпаздық мағына алады. Мұнда оқушының танымдық кызығушылығы, қажеттілігі, кәсіби бағдары ескеріліп, таңдаган тақырыбы бойынша шығармашлык ізденістеріне мұғалім басшылық жасап бағыт бағдар беру керек.
1.2 Математика сабағында тиімді тәсілдерді пайдалану
Бүгінгі күнде математика пәнін сапалы оқыту ізденістері Сыни тұрғыдан ойлау барысында, оқушы өзі сүріп отырған өмірінің озық өнегесін санасына сіңіреді, функционалдық сауаттылығы артады, басқаның пікірін тыңдауға дағдыланады және өзі де пікір айтуға үйренеді.
Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану кез келген мұғалімнің қажеттілігіне бағытталғанын естен шығармауы тиіс. Математика сабағында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдылырын дұрыс қалыптастыру - мұғалім үшін биік шыңға шыққанмен бірдей болмақ және оның алған қамалы деп те айтуға болады.Сондықтан да, тапсырмаларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажеттігі туындайды.
Сол себепті де математика сабағында қолданып, тиімді нәтиже сәтті шыққан белсенді әдіс - тәсілдеріммен бөлісуді жөн санадым.
Математика пәнінде формулаларды білуі шарт екені бәрімізге мәлім. Олай болса , оқушы формуланы да нақты біліп , оны тапсырманы орындауда қолдануы тиіс. Формулаларды қатесіз жаттау үшін Кір жуу әдіс-тәсілін қолданған өте тиімді.Формуланы жатқа білмеген оқушы есептер шығаруда мүлде қолдана алмайды. Оқушыларға жұптық тапсырма ретінде формуланы жаттап дағдылану үшін , осы тәсілді қолданған өте тиімді. Себебі , оқушы кірді таза жуу керектігін біледі. Таза киім ғана жіпке ілінетіні шарт. Олай болса оқушылар формуланы қатесіз жаттап жазса ғана, жуған кірін жіпке ілетінін біледі.
Жұптық жұмыс кезінде ұсынуға болады. Оқушылар бірнеше киімдерді жууға даярлайды, яғни қағазға бірнеше киім үлгісін қиып даярлап, жаттаған формуласын жазып шығуы тиіс.Кірді жууып біткен оқушы болғанын айтады. Жұптар бір-бірінің кірлерінің таза жууылғанын тексереді,яғни киім үлгісіндегі формулалар қатесіз жазылса жіпке ілінеді; ал қате жазылса , ол формуланы қайта қарап жаттайды. Жұптар бір-бірінің формулаларынң қатесіз жазылғанын тексеру арқылы , бір сөзбен айтқанда бірін-бірі бағалауын іске асырып, түзету жұмыстарын жасатады. Кір қашанғы таза жуылғанша, яғни формула дұрыс жатталғанша жалғастырылады.
Бастауыш сынып математика сабағында компьютермен жұмыс істеу тиімді. Компьютер - технологиялық құралдардың бірі, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп, нашар деген оқушының компьютермен жұмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мұндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына және оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тәсілдермен жұмыс істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
- интерактивтік тақта;
- мультимедия;
- Интернет кеңістігі;
- электрондық оқулық.
Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет.

2.1 Сабақта модульдік оқыту технологиясын қолдану
Электрондық оқулықтар осы модульдік технологиясы негізінде жасақталады. Әр сыныптың білім мазмұны модульдерге бөлініп, әр тақырып бірізділікпен, жүйелі түрде беріледі. Оқушылар электрондық оқулықтағы интерактивті тапсырмалармен жұмыстана отырып сабақта алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Алған білімдерін өзбетімен тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды.
Ал модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал модуль дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы модуль сөзі оқытудың мазмұны мен технологиясын білдіреді. Модуль мазмұны өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Математика пәнін оқытуда модульдік технологияны пайдалану жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.
2.2 Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының математика пәнін оқытудағы тиімділігі
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н.Ә.Назарбаев.
Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Бірақ, ол әлем халықтарының білім берудегі тәжірибесімен, бағыт-бағдарымен деңгейлес болуы қажет. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз.
Білім беру жүйесінің басты - міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz