Билік органдарын сайлау
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Демократияның қазіргі замандағы тұжырымдамалары
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
Біліктілігі:0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Орындаған: Абдикаримова А.Д
Ғылыми жетекшісі: Темирова Ғ.Қ.
Щучинск, 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ____________________________ ____________________________8
I. Демократия сөзіне жалпы анықтама___________________________ ____12
1.1 Демократияның антикалық, классикалық теориялары_______________12
1.2 Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі______________16
ІІ Қазіргі заманауи демократиялық қозғалыстар________________________ 22
2.1 Қазақстан демократиялық мемлекет ______________________________23
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ _________________________24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ_____________________________ _______________ 25
Кіріспе
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс.
Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. 2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны "бесжүздік" деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар "халық соты" жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның "Шумпетерлік" теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
1.Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
2. Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
4. Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
3. Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Принциптері:
1. Билік органдарын сайлау.
2. Биліктің бөлінуі.
3. Саяси пікірдің әртектілігі.
4. Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
5. Заң.
6. Қоғамдық пікірді ескеру.
7. Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы.
8. Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары:
Сайлау өткізу, есеп беру.
Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.
Референдум өткізу.
Митинг, жиналыс.
Съезд, конференция, пленум.
Шеру, бойкөрсетулер.
Сессия.
Шетелге сапарлар.
Ереуілдер.
4.Демократиялық қоғам белгілері
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
1. Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;
2. Меншік түрлерінің әркелкілігі;
3. Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;
4. Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;
5. Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;
6. Мүгедектермен, табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада:
1. Саяси пікірдің әралуандығы;
2. Көппартиялылықтың болуы;
3. Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;
4. Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;
5. Оларды іс жүзінде қолдану;
6. Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;
7. Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;
8. Оппозицияның болуы;
Рухани салада:
1. Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;
2. Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;
3. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;
4. Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;
5. Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;
6. Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;
елгілі итальян ойшылы Николло Макиавеллидің пайымдауынша, ұзақ уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, отансүйгіштік пен елжандылықтан айырылып, жалтақ, көнгіш, тілалғыш, жағымпаз бола бастайды екен. Маңдайына желден басқа ештеңе тиіп көрмеген асау да арда һәм мәрт мінезді текті ұлттың табиғи мінезі тереңнен ойластырылып жүргізілген жымысқы саясат нәтижесінде біртіндеп сөгіліп, ұлт болмысына жат жасқаншақтық, жағымпаздық, жарамсақтық сияқты жағымсыз қасиеттердің сыналай енуі - ұлттық рухтың сетінеуіне жол ашады. Солай уақыт өте келе халық рухани жағынан жойыла бастайды. Ал халық жақсы өмір сүру үшін өз билігін өзіне жүргізу керек. Соның ішінде мемлекеттің құрылымы маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер демократиялық құрылымды қолдайды. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы.
Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократия - алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.
Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны "бесжүздік" деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі, қоғам адам өміріне араласты.

Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.
Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.
Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Демократизация - демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер. 1990-шы жылдардың басында саяси ғылымда "демократизация толқындары" деген жаңа ұғым енді. Ол еларалық кеңістікті - демократиялық процесс уақытын көрсетеді. Демократиялық процесс толқындары теориясын жасауда және оны талдауда С. Хантингтонның қосқан үлесі зор. 1991 жылы жарияланған "XX ғасырдың соңындағы демократизацияның үшінші толқыны" атты монографиясында ол қазіргі әлемде жүріп жатқан өзгерістерді толықтай көрсетіп, тоталитаризм мен авторитаризмнен демократияға өту жолдары мен алғышарттарын талдады. Бүл еңбекте Хантингтон "демократизация толқындарына" келесідей анықтама береді: "демократизация толқыны дегеніміз - демократиялық емес тәртіптегі елдердің демократиялыққа өту кезеңдері".
Демократизацияның негізгі бағыттары:
адамдарды қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға тарту;
жеке тұлғалардың, биліктің өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдар, еңбек ұжымдары мүшелерінін ұсыныстар жасауына мүмкіншілік туғызу, қоғамның өзін-өзі басқаруын дамыту;
әрбір ұлт пен халықтың еркін дамуы, олардың тең құқылы ынтымақтастығын нығайту;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті тұрақты бекітіп отыру;
жариялылықтың кеңеюі;
мемлекеттік және қоғамдық істерді шешудегі қоғамдық пікірді ескеріп отыру: сайлау жүйесін жетілдіру.[1]
Көптеген елдерде антидемократиялық күштердің үдеп, демократияның жеңіліп, авторитарлық және тоталитарлық тәртіптердің орнағандығы тарихтан белгілі. Тарихтағы бүл кезеңдерді С. Хантингтон "кері қайтқан толқындар" (немесе "демократизация жолынан тайган толқындар - "reverse wave") деп атайды. Демократия тәртібінің орнауы және оның уақытша жеңіліс тапқан кездерін еске ала отырып, тарихи материалдарды талдай келе, С. Хантингтон демократизацияның келесідей толқындарын анықтайды:
демократизацияның алғашқы ұзақ толқыны 1828-1926 жж.;
алғашқы кері кету толқыны 1922- 1942 жж.;
демократизацияның екінші қысқа толқыны - 1943-1962 жж.;
екінші кері кету толқыны 1958- 1975 жж.;
демократизацияның үшінші толқыны - 1974 жылдан - бүгінгі
күнге дейін.
70-ші жылдардың аяғында басталып, 80-ші жылдар бойы жалғасқан Оңтүстік Еуропадан басталған демократизацияның толқыны Латын Америкасы мен Азияға ауысты. 80-ші жылдардың соңында шынай социализм мен демократиялық қоғамдық-саяси құрылыс дағдарысымен байланысты қазіргі демократизацияның толқыны жаңа кезеңге өтті.
С. Хантингтон әлемдік демократиялық процестің жаһандануы себептерін мынадай факторлармен түсіндіреді:
авторитарлық және тоталитарлық жүйелер легитимділігі дағдарысы;
60-шы жылдардағы әлемдік экономиканың өсуі және сауаттылықтың артуы;
қалалық орта таптың артуы;
60-шы жылдардағы католик шіркеуінің доктринасындағы елеулі өзгерістер;
алдыңғы қатарлы әлемдік саяси күштердің ауысуы (АҚШ, КСРО, Еуропалық қауымдастық);
халықаралық байланыстың жаңа құралдармен толығуының тиімді көрсетілуі.
I. Демократия сөзіне жалпы анықтама
1.1 Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Демократияның антикалық, классикалық теориялары. Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда халық кеңесі жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатынжүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Қалық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорқытты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны бесжүздік деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар халық соты жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырады. Афиналық демократия Периклдің (б.з.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінеді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда халықтық мінбе жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.

Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешілігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның Шумпетерлік теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:
Маңызды мемлекеттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болуы тиіс;
саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек;
Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек;
Демократиялық өзін - өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориялары.
Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттеледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет. Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді.
Ақпараттық демократияның негізін қалаушы Франция саясатшысы М. Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және свайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.
Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастарме байланыстырады.
Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге ткелей қатысады. Оның ұтымды жақтары: халықты саясаттан шектетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; Халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін - өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саями институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етуі, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталынуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды. Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді, оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сонау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мен меншікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру.
Саяси жүйені демократияландырудың мынадай негізгі бағыттары бар:
- Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін - өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мемлекеттердің өкілеттік бастамаларын дамыту;
- Барлық әлеуметтк топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру;
- Жеке адамның жан - жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастық процестерін жүргізу;
- Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шығарылуына қарсы тосқауыл жасау;
- Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау;
- Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін қалыптастыру.
Біз жоғарыда демократиялық қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайлардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конститутциясында: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу деп көрсеткен.
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе - теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс - қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан халқы деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конститутциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конститутция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзім біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндікті береді. Бұл ретте оларға Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес сөз, ар - ождан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дамуын шешу , сондай - ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің санаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Крнститутцияда қарастырылды.
Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Бұл Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекетпен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православиелік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылып, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар - ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
1.2 Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Демократиялық режим[1] Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos -- халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия -- әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".
Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, негізі Афины қала-мемлекетінің ерікті ата-анадан туған азаматтары болған ежелгігректік афины демократиясы толықтай сипатталған. Алайда Афины қала-мемлекетінің ересек тұрғындарының барлығының бірдей биліктік мәселелерді шешуге қатысу құқығы болмады. Қатысу қүқығына құлдар, өте ірі қала-порт, экономикалық өмірдің орталығы Афиныға сауда, қолөнер, экономикалық пайда үшін келген әр түрлі тектегі келімсекгер ие бола алмады. Афинылық демократия туыстық және сословиелік құрылымдардан шыққандықтан, ондағы демократиялық режимді қалыптастыратын әлеуметтік өмірдің агенті Афины азаматы, яғни ерікті ата-анадан туған, жынысы ер, жасьі кәмелетке толған афинылық болатын. Қоғамдық істерді шешу мен шешімдерді қабылдауға мүдделі адамдардың барлығының демократиялық жолмен қатысуы көптеген елдердің тарихьшда болды. Мысалы, орыс тарихи өдебиетінде, Ресейдің саяси ойлар тарихында Новгород вечесі,
казактар алқасы, боярлар думасы, дворяндар жиналысы, земство ерекше орын алады. Шыңғыс ұрпақтарының және оған жақын адамдардың ортасынан жоғары билеушіні -- ханды сайлауы, жерлерде жергілікті билеушілер -- билердің сайлануы, ашық пікір алысудың негізінде жайылым бөлісу, сыртқы басқыншылардан қорғану және т.б. өмірлік маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақ хандығының тарихында да орын алған Алайда құрылымданған сословиелерге, таптарға, әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа да топтарға бөлінген қоғамда жүзеге асатын демократиялық басқару, тиісті түрде модификацияланбауы мүмкін емес. Сондықтан біз демократияны қоғамның саяси құрылымы ретінде, саяси режим ретінде қдрастырамыз. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түріңде қызмет етіп, дамиды. Әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін саяси режим ретіндегі демократияның басты ерекшеліктер бар.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz