Шығыс жағалауы жазық құмды


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Факультет (факультет атауы)

Кафедра (кафедра атауы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

тақырыбы: «Дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы»

мамандық бойынша ШИФР - «мамандық»

Орындаған: (Т. А. Ж. )

(қолы)

Ғылыми жетекші: (Т. А. Ж. )

(атағы) (қолы)

Қорғауға жіберілді:

Хаттама №, « » 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі (Т. А. Ж. )

(қолы және мөрі)

Нормобақылау (Т. А. Ж. )

(қолы)

Алматы, 20___ г.

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың көлемі ___бет, __ сурет, ___ кесте, __ дереккөз, __ қосымша.

АҚПАРАТ, ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ, ИЕРАРХИЯНЫ ТАЛДАУ ӘДІСІ, АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ.

Мақсаты: Ақпаратты қорғаудың оңтайлы жүйесін таңдау үшін қауіпсіздік бойынша сарапшының автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу.

Объект - ақпаратты қорғау жүйесі.

Пән - сараптамалық бағдарламалық қамтамасыз ету.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда ақпарат кез келген қызметтің ерекше ресурсына айналды, демек, кез келген басқа ресурс сияқты қорғауға, оның сақталуын, тұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мұқтаж.

Ақпараттық жүйелерді құру нұсқаларының алуан түрлілігі олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескеретін әртүрлі қорғау жүйелерін құру қажеттілігін туындатады. Қолда бар жарияланымдардың үлкен көлемі оларға тән ерекшеліктер мен жұмыс істеу жағдайларын ескере отырып, нақты Ақпараттық жүйелер үшін ақпаратты қорғаудың кешенді жүйесін құруға қалай кірісу керектігі туралы нақты түсінік қалыптастыру екіталай.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта талдау және бүгінгі күні пайдалану қажет ақпаратты қорғау технологиялары, тәсілдері мен құралдарының жеткілікті саны әзірленді және қолданылады. Бұл құпия сипаттағы мәліметтердің ағу ықтималдығын күрт қысқартуға мүмкіндік береді.

Нәтижелері:

  • ақпаратты қорғау жүйесін құру бойынша әдебиеттер зерттелді;
  • әр түрлі ранжирлеу әдістері және оңтайлы таңдау;
  • оңтайлы қорғау жүйесін таңдау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленді.

Содержание

Кіріспе . . . . . .
2
Кіріспе . . . . . .: 1 БӨЛІМНІҢ АТАУЫ . . .
2: 10
Кіріспе . . . . . .: 1. 1. ……. .
2: 10
Кіріспе . . . . . .: 1. 2……. . .
2: 15
Кіріспе . . . . . .: 1. 3
2: 18
Кіріспе . . . . . .: 2 БӨЛІМНІҢ АТАУЫ . . .
2: 20
Кіріспе . . . . . .: 2. 1. . .
2: 20
Кіріспе . . . . . .: 2. 2……. . .
2: 30
Кіріспе . . . . . .: 2. 3. . .
2: 40
Кіріспе . . . . . .: 3 БӨЛІМНІҢ АТАУЫ . . .
2: 50
Кіріспе . . . . . .: 3. 1. .
2: 50
Кіріспе . . . . . .: 3. 2……. .
2: 60
Кіріспе . . . . . .: 3. 3. .
2: 70
Кіріспе . . . . . .: Қорытынды . . . .
2: 80
Кіріспе . . . . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
2: 100
Кіріспе . . . . . .: Қосымшалар
2:
Кіріспе . . . . . .: Қосымша А . . . …. . .
2: 110
Кіріспе . . . . . .: Қосымша Б . . . …. . .
2: 111

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ЖАЗЫЛУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСУ ҮЛГІСІ

Кітаптар мен моногрфиялар тізімі

  1. Смолянинов В. В. Математические модели биологических тканей. - М. : Наука, 1980. - 358 с.
  2. Дрягина И. В., Мурин А. А., Янсиков В. Н. Экспериментальный мутагенез садовых растений. - Кишинев: Штиинца, 1981. - 240 с.

Периодикалық басылымдар тізімі

3 Кольтовер В. К. Термические конформационные переходы в электронпереносящих биологических мембран //Биофизика. - 1973. - Т. 18. - Вып. 2., ч. 1. - С. 827-833.

Журналдардың атаулары әр мамандықта қабылданған нормаларда қысқаруы мүмкін: Бюлл. эксп. биол. и мед. ; Физиол. Журн. СССР.

Мақалалар мен кітаптар тізімі

4 Берестовский Т. Н. Электроннооптические эффекты в мембранах // В кн. : Биофизика мембран. - Каунас, 1971. - С. 111-155. или. В сб. : Физико-химические методы изучения, анализа и функционирования биополимеров. - М., 1996. - С. 10-39.

Диссертациялар мен авторефераттар тізімі

5 Соколов Ю. В. Изучение взаимодействия летосом с плоскими бислойными фосфолипидными мембранами: Автореф. канд. дис. биол. наук. - Киев, 1982. - 19 с.

Электрондық ресурстар

6 Рощина Я. М. Дифференциация стилей жизни россиян в поле досуга [Электронный ресурс] . - Экономическая социология. - 2007. - Т. 8. - №4. - С. 23-42. − Режим доступа: http://ecsoc. msses. ru/issues/2007-8-4/index. html.

7 Единый архив социологических данных [Электронный ресурс] . - Электрон. дан. - Режим доступа: http://sofist. socpol. ru/

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріндегі тұздану мәселелеріне талдау жасау және жақсарту жолдары / Анализ проблем засоления и пути улучшения земель сельскохозяйственного назначения Кызылординской области / Analysis of the problems of salinization of agricultural lands of Kyzylorda oblast and ways to improve

Жоспары:

Кіріспе

1. Зерттеу нысанына сипаттама

  • 1. 1 Географиялық орны, жер бедері
  • 1. 2 Климаты, агроклиматтық ресурстары мен гидрографиясы
  • 1. 3 Топырақ жамылғысы мен өсімдіктер дүниесі

Негізгі бөлім

2. Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің құрылымы

  • 2. 1 Жер қоры және оның жер санаттары бойынша бөлінуі
  • 2. 2 Ауыл шаруашылығы мақсатында жерлері және оны пайдалану
  • 2. 2. 1 Егістік жерлері
  • 2. 2. 2 Жайылымдары мен шабындықтары

3. Қызылорда облысындағы егістік жерлерінің тұздану мәселелеріне талдау

  • 3. 1 Ғарыштық суреттерді пайдалана отырып, тұздану индекстері негізінде тұзданған жерлерді анықтау
  • 3. 2 2015-2022 жж. облыстағы тұзданған жерлердің динамикасын көрсету
  • 3. 3 Тұздануды алдын алу шаралары
  • Қорытынды:
  • Пайдаланылған әдебиеттер
  • Жұмыстың мақсаты:

Қызылорда облысы аумағының тұздануын ескере отырып, жақсарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.

  • Міндеттер:

-Қызылорда облысының табиғи-климаттық жағдайынына талдау жасау,

-Облыс жерлерінің тұздануына сандық сапалық көрсеткіштеріне талдау жасау;

-Облыс жерлерінің тұздануын алдын алу мақсатында онымен күресу жолдарына баға беру

-Тұзданған жерлерді жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

1. Зерттеу нысанына сипаттама

1. 1 Географиялық орны, жер бедері

Қызылорда облысы Республикамыздың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Әдебиетте Республикамыздың оңтүстік батысындағы ұлан ғайыр жерді «Сыр өңірі» деп атайды. 1938 жылы 15 қантарда құрылды. Облыс территориясы өте үлкен ауданды алып жатыр. Әсіресе, ол оңтүстік - шығыстан солтүстік-батысқа қарай, Сырдария өзенінің ағысын қуалай ұзыннан ұзақ 578 шақырымға созылып жатыр.

Облыстың шекаралық сызығының конфигурациясы қисық төртбұрыш тәрізді, оңтүстік-шығыстан солтүстік -батысқа қарай қисық трапеция құрайды. Облыс шығысында және оңтүстік-шығысында Оңтүстік Қазақстанмен, солтүс- тігінде Қарағанды, солтүстік- батысында - Ақтөбе облыстарымен және оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақ Автономдық Республикасымен шектеседі. Батысында Арал теңізі жатыр. Ол облыс территориясының 11, 8% бөлгің алып жатыр. Облыс жерінің жалпы көлемі 228, 1 мың/км2. Халқы 596 215. Орталығы Қызылорда қаласы. Облыс 7 ауданға бөлінеді, үш қаласы бар. Территориясының көлемі жөнінен Республикада Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысынан кейін төртінші орынды алады. Территориясы көлемі жөнінен Қызылорда облысы көптеген Батыс Европа елдерінен асып түседі. Мысалы: Швейцария (41 мың. км), Австрия (84 мың. км), Венгрия (93 мың. км) мемлекеттері еркін сиып кетеді, ал Азия елдерінің ішінде Сирия (185 мың/км), Біріккен Араб Әмірлігі (84), Араб Ислам Республикасы (195) мемлекеттерінен үлкен, ал Израиль, Иордания, Катар, Кувейт, Ливан, Бутан мемлекеттері еркін сиып кетеді. Облыс жерінің солтүстігі 47°58’ с. с., оңтүстігі 42°26’ с. е. аралығымен өтеді. Батысы 59° 02’ ш. б пен шығысында 68° 09° ш. б. аралығында жатыр. Облыстың алып жатқан территориясы өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Ол шөл және шөлейт зоналарында орналаскан. Басқа облыстардан табиғатының өте шұғылдығымен ерекшеленеді. Яғни: жазы ыстық, қысы қатты суық (-44t), жауын-шашынның жылдық мөлшері 110-80 мм, кейде 70-75 мм. Облыс территориясында табиғаты өте әр түрлі. Осыған орай үш ауданға бөлуге болады. Яғни солтүстік, өтпелі, оңтүстік. Облысымыздың Оңтүстік - Шығысын Қаратау сілемдері, ал солтүстік - батысқа қарай Туран геосинклиналының қазан шұңқыры, Арал маңы ойысына келіп тіреледі. Бүл бағытта облыс территориясы Арал маңындағы Үлкен және Кіші Борсық құмдарына келіп тіреледі. Солтүстігінде Кара- ғанды облысының территориясымен шектесетін жерде Арал маңы Қарақұмы, одан оңтүстікке қарай өсімдік атаулыдан жұрдай Дариялық - Тақыр, ол барып Арысқұм құмына косылады. Одан әрі Орталық Қазақстан далаларына барып жанасады. Жалпы облыс территориясының орналасқан орны Сырдария өзенінің ежелгі дельтасында жатыр, ол үлкен үшбұрышты формада болып келеді. Дельта - Атырау көптеген құрғақ және иректеліп тармақталған қазірге дейін сақталған, өзен арналарымен тілімделген дельта желпуіш тәрізді батысқа қарай көлбеу болып келеді.

Қызылорда облысы ежелден келе жатқан, Сыр өңірін мекендеген халықтың қоныстанған орны. Тарихына ой жүгіртсек өзіне тән қызықты кезеңдері бар. Европа мен Азия елдерін байланыстыратын сауда - керуен жолдары ежелгі замандардан-ақ қазақ жерінің үстінен өткені айғақ. Сол уақыттарда бұл облыс территориясынан “Ұлы Жібек” жолының бір тармағы етті. Облыс территориясы арқылы Батыс Сібірге Ташкенттен, Бұқара мен Хиуадан келген сауда - керуені өтті. Алғашқы орыстардың қазақтармен және баска да Орта Азия елдерінің халқы мен қарым қатынасы осы территорияда басталды.

Облыс территориясының рельефі ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан. Жүздеген миллион жылдар бойына бірнеше рет теңіз басып су астында қалып отырды. Сонымен бірге жер бетінің көтеріліп, керісінше төмен түсуі сияқты күрделі процестер жүріп отырды. Кайнозой эрасының басында территория бір жола құрлыққа айналып, жер бедері негізінен жазық болды. Биік жерлердегі бұзылған жыныстардың ой- ыстарға жиналуынан аккумуляциялық жазықтар пайда болған. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ рельеф ешқандай өзгерген жоқ. Батыстағы Үстірт теңізден кетеріліп Арал теңізі дараланды. Сонан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік-шығысқа жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде суы молайып, бір-бірімен қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық процестің әсерінен саздақты, құмдақ, түсті саз балшық қабаттары жиналды. Неогеннің аяғында аридтік климат үстем болып, соған байланысты бұрынғы сирек орманның орнына шөл және қуан далалы өңір қалыптасты. Төрттік дәуірдің орта кезінде Әмудария өзенінің Қарақұмның солтүстігі арқылы өтуіне байланысты Арал теңізі пайда болды. Арал маңы ойпатының оңтүстік-шығыс жағынан төменгі Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылады. Арал теңізіне карай көптеген ежелгі өзен аңғарлары тармақталып барады, оларға - Іңкәрдария, Жаңадария, Қуандария сияқты өзендердің арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалауы маңы жазығын Дариялық тақыр алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік-шығысы ғана Қызылорда территориясына енеді яғни, Сырдария өзені аңғары мен Жанадария өзені аңғары аралығында жатыр. Мұндағы тұтас құмды рельефтің біразы өсімдіктермен бекіген. Облыс рельефі бірсыпыра тегіс, кей жерлерде белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар кездеседі.

Жазықтың абсолюттік биіктіктері Сырдария өзенінің ағысымен біртіндеп төмендейді, оңтүстік-шығыста 200 метрден, Сырдарияның төменгі атырауында Арал теңізі жағалауында 50-53 метрге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысын Қаратау жотасының солтүстік-батыс шеті кіреді. Оның беткейлері көптеген тар, құрғақ, тек көктемде ғана су жүретін өзен аңғарларымен тілімденген. Облыс территориясының жер бедерін үш морфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады:

А) Аллювиалдық жазық және Сырдария ангары.

Ә) Эолды - құмды жазықтар.

Б) Арал теңіз жағасы және бұрынғы теңіз табаны.

Бірінші морфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары жатады. Жер бетінің құрылымы жағынан төбелі аккумулятивтік эолды-аллювиалдык жазық болып келеді. Құм төбешіктердің арасы тіршіліксіз қу тақыр болып келеді. Арал теңізінің жағалық зонасы өз алдына жеке аудан. Сондықтан теңіздің шығыс, судан жалаңаштанған, жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінен құралған жазық және ойпат, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі. Ал теңіздің солтүстік жағалары биіктеу болып келеді, түбектерде палеоген жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Геологиясы

Қызылорда территориясы Тұран плитасы шегінде орна ласқан. Бұл өзі ерекше жазық аймақ. Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау-Есіл ойпаңының девон-карбон әк тастары бетінде орналаскан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континенттік кесекті жыныстарынан құралған. Арал маңы қарақұмының оңтүстік жиегі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстар. Ал қалған территория түгелімен дерлік антропоген шөгінділері. Төменгі протерозойда Сырдарияның оң жағалауын таяз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғақ жазық болды.

Венд шегінділері каледон антиклинорийлерінің осьтік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әр түрлі. Қаратауда конгломерат-құм-саз қам-қабаттары, орта және қышқыл кұрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты-кремнийлі жыныстар калыптасқан.

Палеозой тобының жыныстары Республика территориясында өте кең тараған. Тұран плитасында палеозойлық фундаментті мезо-кайнозойлық шөгінділер жауып жатыр. Девон кезеңінің басы теңіздің шекарасының кішіреюімен сипатталады. Неогенде Облыс территориясы қазіргі келбетіне келген.

Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтак алқабын алып жатыр. Жазықтың көп бөлігі Сырдария, Сарысу баяғы замандағы Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс территориясынан ағып өтетін Сырдария өзенінің бойында тарихи деректер көрсеткендей екі үлкен қазан шұңқыр болған. Оның бірі Қызылорда қазан шұңқыры, ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділерімен толтырылған. Себебі, ол кезде бұл өзендер арнасы толып, екі жиегін шайып құлата ағып, көп лайлы - құмды ала келген. Осыдан Қызылорда қазан шұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып казіргі рельеф формасы қалыптасқан. Ол аймақ оңтүстік - шығысында Қаратау, оңтүстік - батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр. Қазан шұңқыр майда тас аралас құммен саздан, кұмшық пен құм аралас шөгінділермен толтырылған. Облыстың солтүстік батысындағы екінші қазан шұңқырда - Арал теңізі орналасқан. Қазан шұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік болып келеді, ал шығысы мен онтүстік жағалауы қайранды, құмды, кей жерлері таяз келеді. Бұл теңізге, қазан шұңқырға кұятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сол сияқты желдің әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын- шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзеді.

Жер бедерінің өзгеруіне ауылшаруашылығы үлкен әсер етті. Он мыңдаган гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу мақсатында жасанды каналдар қазылды. Оларға 1966-68 жылдары салынған “Ай-тек” магистральды каналы (80 км), Келінтөбе каналы (90 км), Қызылорда су торабының сол жағадағы магистральды каналы, Шиелі - Телікөл каналдарын жатқызамыз.

Бикесары жазығы. Шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған жазық. Бикесарыға қатарласа Дариялық тақыр жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалана алады.

Жаңадария жазығы 1848, 25 мың/га жерді алып жатыр. Негізгі топырақ жамылғысы - тақыр тәріздес. Сорлау, сор- таңды, сор топырақтардан тұрады, құм топырақ бетін жауып жатыр, желдің үрлеген жерлерінде ойдым-ойдым тақырлар кездеседі. Жазықтың көп жері өте құрғақтықтан жайылымы да кұнарсыз. Ал оңтүстік - шығыс бөлігінде сорланбаған топырақ бар, мұнда суармалы егіншілік дамытуға қолайлы.

Қуаңдария жазығы 621, 25 мың/га жерді алып жатыр. Бір- шама тегіс жазық. Топырақ жамылғысы сорланған тақыр тәріздес. Мал шаруашылығы үшін өте қажет, көктемде және қыста жайылым ретінде пайдаланады. Жер асты артезиан суын пайдаланып, жердің сулануын қамтамасыз етуге болады. Сол сияқты Айкөлдің жазығы, Қос көңнің жазығы, Кесік қырдың жазығы деген жерлерде бар.

Жазық далада әр жерде жатаған жусан өскен шағыл құм төбелер мен жал-жал бұйраттар ұшырасады. Мұндай бұйрат құмдар Қуаңдария мен Жаңадария аралығында үлкен аумақты алып жатыр. Кей жерлерде жазық бетінде жалғыз төбелер кездеседі, олар: Аққыр, Қарақ, Жосалы, Жеті төбе, Қос төбе, Көксеңгір т. б. Бұл төбелердің биіктігі 60 пен 80 метр аралығында кездеседі. Кейбіреулері желдің ұру әсерінен тік жарлы шоқылар құрайды. Сондай-ақ облыс жерінде ертеден қалған тарихи топырақ қорғандардың орындары көп - Ордакент, Сығанақ, асарлар - Жалпақ асар, Жеті асар, Құм қала, Шірік Рабат т. б.

Қаратау. Алып жатқан ауданы 715, 75 мың/га, Жаңақорған, Шиелі аудандарына солтүстік-батыс шеті еніп жатыр. Каратаудың солтүстік тау баурайы онша биік емес, ең биік жері (салыстырмалы) 180-300м аспайды. Бұл жерлерге тән негізгі өсімдігі баялыш. Көктемде наурыз, сәуір, мамыр айларында өсіп гүлдеп ұрығын шашатын қызғалдақтар тау етегіне әсем көрік береді. Өсімдік негізінен эфемерлер, топырағы сұр-қоңыр. Тау беткейінен жоғарылаған сайын (300-500м) сұр-қоңыр топырақ қиыршық тастанып, гипсті және боз-сұр тартады. Жусан мен баялыш аралас келеді. 500 метр биіктігінде топырақ түсі өзгергенін бақылауға болады. Биіктеу барысында боз қызыл-қоңыр, кұнарсыз, қиыршық тас басқан, кей жерлерде қызыл-қоңыр топырақ кездеседі. Тау баурайы мен өзен шатқалдарында қалың бұталар, жыңғылды тоғайлар кездеседі. Бұл жерлер көктемгі жайылымға пайдаланылады. Қаратау етегінен Бесарық, Жиделі, Ақ үйік өзендері ағып шығады. Бұлардың жолында су бөгендері салынған, ол ауыл шаруашылығына су реттеп отырады.

Арал маңы Қарақұмы . 1783 мың/га жерді алып жатыр. Арал теңізінің солтүстігінде жатқан құм төбелер. Оның жайылымдық маңызы зор. Топырақ жамылғысы сорлармен құм араласып жатыр. Осындай-осындай Арысқұм (204, 75 мың/га), Жуанқұм(287 мың/га), Бозшоқы құмы(601 мың/га), Үлкен және Кіші Борсық құмдары, Арылдың құрғаған табанынан көтерілген тұзды төбелер т. б. облыс байтағында кездеседі

1. 2 Климаты, агроклиматтық ресурстары мен гидрографиясы

Қызылорда облысының климаты шұғыл континентті, ыстық, құрғақ, жазы ұзақ, қысы суық, қары аз. Мұндай климаттық режим аймақтың Еуразия материгінің ортасында орналасуына, оның оңтүстік орналасуына, облыс жерін Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсерінен атмосфералық циркуляцияның ерекшеліктеріне және басқа факторларға байланысты. Климаттың континенттілігі метеорологиялық элементтердің үлкен ауытқуында, олардың тәуліктік, айлық және жылдық ағымында көрінеді. Жаз ыстық және ұзақ. Бұл кезеңде температурада күрт айырмашылықтар болмайды. Бүкіл шілде айының орташа температурасы 26-29°С. Облыстың басым бөлігінде абсолютті максималды температура 44-48°С. Қыста облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде температураның айырмашылығы байқалады. Мысалы, ең суық ай қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -12, 0°С, оңтүстікте -6, 0°С.

Солтүстікке қарай ашықтық суық ауа массаларының облыс аумағына еркін еніп, әсіресе қыста күрт салқындатуға мүмкіндік береді. Абсолюттік минималды ауа температурасы -41°С-қа жетеді. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°С-тан жоғары болатын кезең 240-280 күнге созылады. Құрғақтық аймақ климатының ерекше белгілерінің бірі болып табылады. Жауын-шашын өте аз. Олардың орташа жылдық мөлшері 100-190 мм-ден аспайды және жыл мезгілдеріне біркелкі таралмайды: барлық жауын-шашынның 60% қыс-көктем кезеңіне түседі.

Облыстың бүкіл аумағы көбінесе солтүстік-шығыс бағытта жиі соғатын және қатты желдермен сипатталады. Олардың орташа жылдық жылдамдығы 3, 1-6, 0 м/с. Қыста төмен температурада соққан қатты жел рельефтің көтерілген бөліктерінен аздаған қар жамылғысын ұшырып әкетеді, бұл топырақтың жоғарғы қабаттарының терең тоңуына және жарылуына әкеледі. Жазда шаңды дауыл соғады

Құрғақшылық соңғы 30 жылда айқын байқалып келеді, бұл облыс климатына тән. Атмосфералық жауын-шашын республика бойынша ең аз түсетін аудан. Оның орташа жылдық мөлшері 100-175 мм аспайды және бұл көрсеткіштің 60 процентке жуығы қыс көктем айларына келеді. Соның ішінде қарға қарағанда облыс территориясында жауын-шашын көбірек түседі. Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз. Алғашқы қар қарашаның екінші жартысында түседі. Ал, жылыну жылдың басында, ақпан айының екінші, үшінші онкүндігінен басталады, ал кей жылдары (қыс қатты болғанда) наурыздың екінші жартысынан басталады. Облыс территориясында ауаның салыстырмалы ылғалдығы қыстың күндері аз өзгереді, орташа алғанда 70-85 процент. Ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығының төмендеуі күннің жылынуымен басталады да жаз айларында 11-16 процентке жетеді. Қала маңында солтүстік шығыс пен солтүстік батыс желдері басым болады. Желдің орташа жылдамдығы облыс территориясының көп бөлігінде 3-5 м/с көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
Қызылорда облысы
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Алакөл ойысына физикалық-географиялық сипаттама және экологиялық мәселелері
Алматы облысының көлдерінің температура режимі
Қызылорда облысының жер бедері
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Қызылорда облысының территориясы
Қазақстан территориясын физикалық-географиялық аудандастыру
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz