Кәмелетке толмағандардың құқықтары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
СЕЙТКАЛИ ФАТИМА
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ
СОТ ТӨРЕЛІГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
6В04217 - "ҚҰҚЫҚТАНУ" білім беру бағдарламасы
Көкшетау 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
Құқықтану кафедрасы
"Қорғауға жіберілді"
Кафедра меңгерушісі
с. ғ. д.
А. А. Бухаева
«»
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ
СОТ ТӨРЕЛІГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖӘНЕ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
6В04217 - "ҚҰҚЫҚТАНУ" БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
Орындаған: Сейткали Ф. М.
Ғылыми жетекші: Сейдахметова С. Б.
Көкшетау 2022
Кіріспе. . 4
1. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
1. 1 Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы
ерекшеліктері……… . . . 7
1. 2. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан босату . . .
2. Кәмелетке толмағандарды жазалаудың ерекшеліктері
2. 1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері . . . … . . . 31
2. 2 Кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың ерекшеліктері . . . ……. . … . . . 38
3. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары
3. 1 Бүгінгі күнгі кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі жүйесінің ұтымдылығы туралы сұрақ . . . …… . . . 50
3. 2 Кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен жұмыс істеу тәсілдерін өзгерту бойынша шаралар … . . . ……. . . . 54
3. 3. Пайда болған жағдайды шешу тәсілінің бірі ретіндегі - ювеналды әділет . . .
3. 4. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының мәселелі сұрақтары . . .
Қорытынды . . . . . . 60
Кіріспе
Дүниежүзілік құқықтық кеңістікке кіре отыра, бүгін Қазақстан Республикасы халықаралық БҰҰ Ең төменгі стандартты ережелеріне сәйкес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету ісінде және кәмелетке толмаған құқықбұзушыларға сот төрелігін іске асыруда алғашқы қадамдарын жасауда.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ерекше белгілері Қазақстан Республикасында заң шығарушыны қылмыстылық жауаптылық пен жазалаудың ортақ ережесі мен бастамаларынан ауытқитын, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығын мұқият регламенттеу қажеттілігіне әкелді. Заңнамамен кәмелетке толмағандарға жаза түрлерін белгілеудің, оларға жаза тағайындаудың, оларды қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың, ескеру мерзімі есептелуінің және соттылықты жоюдың ерекше шарттары көзделген.
Тақырыптың актуальдығы мынада, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының өсуі қоғамның қарқынды жіктелуі, тұрғындардың көпшілік бөлігінің өмірлік деңгейі төмендеуі, неке-отбасы қатынастарының қолайсыз дамуы, кәмелетке толмағандарға қатал қараудың көрініс табуы жағдайында болатындығы. Мұндай жағдайда әлеуметтік, экономикалық және тәрбие-профилактикалы шаралардың басты маңызы бар. Дегенмен, қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмағанның қылмыстық жауаптылығы мәселесі туындайды.
Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын алдын-алу бойынша бірқатар тұжырымдамалар әзірленгене, заңнама гуманизацияланғанына, осыған байланысты нормативтік-құқықтық актілердің өзгеруіне қарамастан жасалған құқықбұзушылықтар санының өсуі қолданылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін куәландырады.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстанда қылмыстылықтың өсуімен қатар кәмелетке толмағандар қылмыстылығының төмендеуі байқалады. Егер Павлодар облысында 2001 жылы кәмелетке толмағандармен жасалған 7021 қылмыс тіркелсе, онда 2007 жылы - 5137. Жалпы қылмыстылықтың құрамында кәмелетке толмағандар қылмыстылығының үлесі сәйкесінше 2001 жылы -12, 2 % және 2007 жылы -11, 5%.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандардың үлес салмағы қылмыс жасаған тұлғалардың жалпы санының 15, 8% құрайды, бұл 2004 жылғы 18, 7% қарсы. Сондай-ақ абсолюттік көріністе де тенденция төмендеу жағына қарай байқалады (2004 жылы - 926, 2005 жылы - 694, 2006 жылы - 551) /1/.
Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық жауаптылықты жеңілдету нәтижесінде, көрсетілген санаттағы тұлғалардың негізгі бөлігі, қылмыс жасағанына қарамастан (әдетінше, ауырлығы орташа және онша ауыр емес), іс жүзінде жазасыз қалады да, бұл өз кезегінде қылмыстық әрекеттердің екінші жасалуына, яғни қылмыстың қайталануына алып келеді.
Қылмыстық жауаптылыққа тартылатын жасқа жетпегендіктен, ақтау емес негіздері бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған кәмелетке толмағандар саны көбейді.
Бірінші бөлім
Жалпы принциптер
1. Негізгі мақсаттар
1. 1. Қатысушы мемлекеттер өздерінің ортақ мүдделеріне сай, кәмелетке толмағандар мен оның отбасының салауатты өмірі үшін жағдай жасауға ұмтылуы тиіс.
1. 2. Қатысушы мемлекеттер жас өспірімдердің қоғамдағы мағыналы өмірі үшін оның бұрыс әрекеттерге бейім тұратын шағында, оның тұлғалық дамуына және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан барынша ада білім алуына септігін тигізетін жағдайлар жасауға ұмтылуы тиіс.
1. 3. Заңның араласуын азайту мақсатында және жасөспіріммен тиімді, әділ және ізгі қарым-қатынас жасау мақсатында, заңмен араз жасөспірімнің игілігі үшін қызмет ететін барлық ресурстарды, атап айтқанда отбасы, жанашыр еріктілер, басқа да қоғамның топтарын, сондай-ақ мектептерді және басқа да қоғамдық институттарды жұмылдыратын оң шараларды жүзеге асыруға жеткілікті мән беру керек.
1. 4. Кәмелетке толмағандарға қатысты әділ үкім - әр мемлекеттің жан-жақты әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жолындағы ұлттық дамуының бөлінбес бөлігі болуы тиіс, осылайша жастарды қорғау мен қоғамдағы бейбіт ғұмырды сақтауда ықпалдасуы керек.
1. 5. Осы Ережелер әр мемлекетте жасап жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени шарттардың аясында жүзеге асырылады.
1. 6. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігіндегі қызметкерлердің біліктілігін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін аталмыш қызметтің әдістемелерін, амалдарын және қатынасын жүйелі түрде дамытып және үйлестіріп отыру керек.
Түсініктеме
Әлеуметтік саясатты жалпылама қозғайтын осы кең ауқымды, негізгі мақсаттар кәмелетке толмағандардың игілікті ғұмыры үшін барынша ықпалдасуға, құқық қорғау жүйесінің тарапынан араласу қажеттілігін мүмкіндігінше кемітуге, және өз кезегінде осындай қолсұғулардың себебінен болатын барлық зардаптарды азайтуға мүмкіндік беруге бағытталады. Мұндай жастарға қатысты, құқықбұзушылық жасалғанға дейінгі орындалатын шаралар - осы Ережелерді қолдану қажеттілігін болдырмауға бағытталған саясаттың негізгі мазмұны болып табылады.
1. 1-1. 3 қағидаларында кәмелетке толмағандарға қатысты сындарлы әлеуметтік саясаттың кәмелетке толмағандардың қылмыстар мен құқық бұзушылық жасауын алдын алудағы атқаратын рөлі көрсетілген. 1. 4 қағидасында әділ сот төрелігі - кәмелетке толмағандарға қатысты орындалатын әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы құрамдас бөлімі екендігі анықталған, ал 1. 6 қағидасында кәмелетке толмағандарға қатысты ілгерішіл әлеуметтік саясатты әзірлеу шаралары мен сот төрелігі жүйесіндегі қызметкерлер жұмысын үнемі жақсартып отыру керектігін ескере отырып, сот төрелігінің жүйесін ұдайы жетілдіріп отыру қажеттігі түсіндірілген.
1. 5 қағидаларының мақсаты - нақты ережелерді қолдану үлгісінің өзгеруіне әсер ететін мүше мемлекеттердің жүйесіндегі бар шарттарды сипаттау болып табылады; бұл үлгілер басқа мемлекеттердегі бар үлгілерден ерекшеленуі сөзсіз ықтимал.
2. Ережелерді қолдану аясы және пайдаланылған анықтамалар
2. 1. Келесі Минималды стандартты ережелер кәмелетке толмағандарға қатысты риясыз орындалады, олардың нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, тіліне, діни нанымына, саяси немесе басқа да ұлттық немесе әлеуметтік ұстанымдарына, мүліктік жағдайына, дәрежесіне және өзге де жағдайына қарамастан жалпыға бірдей қолданылады.
2. 2. Мүше мемлекеттер осы Ережелер бойынша келесі анықтамаларды өздерінің құқықтық жүйелері мен тұжырымдамаларына сәйкесетін түрде қолданады:
а) кәмелетке толмаған бала немесе бозбала дегеніміз құқық бұзушылыққа жауапкершілікке тартылу түрі ересек адам тартылатын жауапкершілік түрінен ерекшеленетін тұлға саналады.
б) құқық бұзушы дегеніміз қолданыстағы бар құқықтық жүйенің аясында заңмен жазаланатын кез-келген қылық (әрекет немесе әрекетсіздік) болып табылады.
с) Кәмелетке толмаған құқық бұзушы дегеніміз құқық бұзған күдікті бала және бозбала немесе құқық бұзғаны анықталған бала және бозбала.
2. 3. Әрбір ұлттық құзыреттіліктің аясында кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға және оларға қатысты сот төрелігін орындайтын ұйымдар мен мекемелерге байланысты, төмендегі шарттарға жауап беретін заңдар, ережелер және қағидалар жиынын қабылдауға күш салу керек:
а) кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың негізгі құқықтарын сақтай отырып, олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын заңдар;
б) қоғамның мұқтаждарын қанағаттандыратын заңдар;
с) төмендегі ережелерді сөзсіз және риясыз жүзеге асыру;
Түсініктемелер
Минималды стандартты ережелер әртүрлі құқықтық жүйелерде қолдануға арналып жасалған, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен қатынас құру бойынша қолданыстағы анықтамалар мен жүйе үшін кейбір минималды стандарттарды жүзеге асыру мақсатында тұжырымдалған. Ережелер барлық жағдайда риясыз және ешқандай алалаушылықсыз орындалуы керек.
Осы себепті 2. 1 қағидасында Ережелердің риясыз және ешқандай алалаушылықсыз орындалуының қажеттілігіне баса назар аударылады. Бұл ереже Бала құқықтары Декларациясының 2 принципінің тұжырымдамасын басшылыққа алады (1386 Қарар (XVI) . Сондай-ақ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою Конвенциясын (34/180 қарар, қосымша) ; Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікпен күрес Халықаралық конференциясының Декларациясын (Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікпен күрес Халықаралық конференциясының Мәлімдемесі. Женева, 14-25 тамыз, 1978 жыл (Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасы, R. 79. XVI нөмірімен сатылымда, 2), 2 тарау) ; Дінге немесе нанымдарға негізделген төзбеушілік пен кемсітушіліктің барлық түрін жою Декларациясын (36/55 қарар) ; Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың минималды стандартты ережелерін (Адам құқықтарын қараңыз: Халықаралық келісім шарттардың жинағы) (Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасы, R. 83. XVI. 1 нөмірімен сатылымда) . Каракас декларациясын (35/71 қарар, қосымша) ; және 9. ) қағидасын қараңыз.
2. 2 қағидасында "кәмелетке толмаған" мен "құқық бұзушылық" түсініктеріне осы Минималды стандартты ережелердің негізгі мәні болып табылатын "кәмелетке толмаған құқық бұзушы" түсінігінің құрамдасы ретінде анықтама берілген (3 пен 4 қағидаларын да қараңыз) . Алайда, жас ерекшеліктеріне қарай шектеулер әрбір жеке-жеке құқықтық жүйелерге мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық жүйелерін толықтай ескере отырып анықталады. Сондықтан, "кәмелетке толмаған" түсінігі 7 жастан 18 жасқа дейінгі, немесе одан да жоғары жас аралығындағы ауқымды қамтиды. Мұндай кең ауқым ұлттық құқықтық жүйелердің алуан түрлілігіне байланысты міндетті болып отыр және осы Минималды стандартты ережелердің мәнін төмендетпейді.
2. 3 қағидасында осы Минималды стандартты ережелерді заңнамалы жүзінде және тәжірибе жүзінде оңтайлы жүзеге асыруға бағытталған нақты ұлттық заңнаманы әзірлеу қажеттілігі туралы айтылған.
3. Ережелерді қолдану аясының кеңеюі
3. 1. Ережелердің тиісті қағидалары тек қана кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты орындалмайды, сондай-ақ ересек адам жасаған құқық бұзушылықтың себебінен жазаланбаған кәмелетке толмаған құқық бұзушыға да қатысты қолданылады.
3. 2. Ережелерде баяндалған принциптердің күшінің әлеуметтік қамтамасыз етіліп отырған және қорғаншылыққа алынып отырған кәмелетке толмағандарға да жүруі үшін күш салу керек.
3. 3. Сондай-ақ, Ережелердегі принциптердің кәмелетке толған жас құқық бұзушыларға жүруіне де күш салған жөн.
Түсініктемелер
3 қағидада төмендегі жағдайлардың бірі орын алғанда кәмелетке толмағандарға сот төрелігін орындауға қатысты Минималды стандартты ережелерде қарастырылған қорғаныс құралдарының күшінің таралуы қаралады:
а) әртүрлі құқықтық жүйелердегі "статустық бұзушылықтар", яғни кәмелетке толмағандарға қабылданған құқық бұзушылық әрекеттердің аясы ересектерге қабылданған құқық бұзушылық әрекеттерден ауқымдырақ болған жағдайда (мысалға, сабақтан қалу, мектептегі және отбасындағы нашар тәртіп, қоғамдық орындарда мас болу т. б. ) (3. 1 қағидасы) ;
б) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қамсыздандыруға және қамқоршылыққа алу бойынша шараларды жүзеге асыру (3. 2 қағидасы) ;
с) Кәмелетке толған жас құқық бұзушылармен, олардың нақты жас ерекшеліктеріне қарай, қарым-қатынас орнату тәртіптері (3. 3 қағидасы) .
Осы үш категорияға жататындарға Ережелерді қолдану орынды көрінеді. 3. 1 қағидасы осы саладағы минималды кепілдіктерді қарастырса, 3. 2 қағидасы заңмен араз кәмелетке толмағандарға әділетті, теңқұқықты және адамдық әділдікті орнату жолындағы қажетті қадам ретінде танылады.
4. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас ерекшелігі
4. 1. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас ерекшелігі ескерілетін құқықтық жүйелер бойынша, эмоциялық, рухани және зияткерлік аспектілерге сай, жауапкершілікке тартылу жас шектеулері тым аз белгіленбеуі тиіс.
Түсініктеме
Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас шамасының ең төменгі шегі әр алуан және тарихи-мәдени ерекшеліктерге байланысты анықталады. Жаңа тәсіл бойынша, баланың қылмыстық жауапкершілікке байланысты, ағлақтық және психологиялық ауыртпашылықты көтеру мүмкіншілігін анықтауды қажет етеді, яғни баланың жеке ерекшеліктері және оның ұғымы мен қоғамға қарсы әрекетінің жауапкершілігін түсінуіне қарай оны жауапкершілікке тарту мүмкіншілігін анықтаумен байланысты болады. Егер қылмыстық жауапкершілікке тартылу бойынша жас шектеулері тым аз белгіленсе немесе тіпті белгіленбесе, онда жауапкершілік түсінігі өз мәнін жоғалтады. Жалпылай алғанда, құқықтық бұзушылық пен қылмыстық әрекет жауапкершілігінің және басқа да әлеуметтік құқықтар мен міндеттердің (отбасылық жағдай, азаматтық кәмелеттілік және т. б. ) арасында тығыз байланыс бар.
Осы себепті, халықаралық ауқымда қолдануға мүмкін болатын, орынды, ең төменгі жастық шектеулерді белгілеуге күш салған абзал.
5. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің нысандары
5. 1. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігінің жүйесі ең бірінші кезекте кәмелетке толмағандардың игілігіне және кез-келген ықпалдасу шарасының оның тұлғалық ерекшеліктерін және олар тап болған жағдайлардың ерекшеліктерін ескеруін қамтамасыз етуге бағытталады.
Түсініктеме
5 қағидада кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындаудың екі маңызды нысаны көрініс тапқан. Бірінші нысан кәмелетке толмаған тұлғаның игілігі үшін септігін тигізу. Бұл нысан - кәмелетке толмағандардың ісімен отбасылық соттар немесе әкімшілік биліктер айналысатын кәмелетке толмағандардың дамуы үшін ерекше назар аударылатын құқықтық жүйелердің негізгі мақсаты болып табылады. Сондай-ақ аталмыш нысан қылмыстық қудалау үлгісін ұстанатын, жазалау ықпалшараларын тыятын құқықтық жүйелерге де қатысты (14 қағиданы қараңыз) .
Екінші нысан бойынша "шамаластық принципін" ұстану болып табылады. Аталмыш принцип құқық бұзушылықтың салмағына қарай жазасын кесу бойынша қолданылатын жазалау ықпалшараларын азайту құралы ретінде кең танылған. Жас құқық бұзушылардың құқық бұзушылық әрекетін сол әрекеттің ауырлығына байланысты емес, сондай-ақ құқық бұзушының жеке ерекшеліктері ескеріліп, бағаланады. Құқық бұзушының жеке ерекшеліктері (мысалға әлеуметтік мәртебесі, отбасылық жағдайы, құқық бұзушының тигізген зардаптары және құқық бұзушы тұлғасына байланысты басқа да факторлар) оған қатысты қолданылатын амалдарға тең қатынаста болуы керек (мысалға, құқық бұзушының жәбірленушіге тигізген зардабын өтеу ниетін және оның толыққанды пайдалы өмір сүруге деген ықыласын ескере отырып) .
Сәйкесінше, жасөспірім құқық бұзушының игілігіне бағытталған амалдар кейде шектен тыс орындалып, кейбір құқық қорғау жүйелерінде байқалғандай, сол жасөспірімнің құқықтарына бұзуы мүмкін. Бұл жағдайда, оларға қатысты қолданылатын амалдардың құқық бұзушылық жағдайлары мен құқық бұзушы мен жәбірленушінің тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып тең қатынаста болуын қамтамасыз ету керек.
Негізінде, 5 қағидада кәмелетке толмаған жасаған кез-келген құқық бұзушылыққа немесе қылмысқа қатысты нақты әділ амалдар қарастырылған. Осы ереже қамтыған аспектілердің алуандығы екі амалды орындауға мүмкіндік беруі мүмкін: қарсы амалдардың жаңа және жаңашыл әдістері, яғни кәмелетке толмағандарға қатысты әлеуметтік бақылау аясын кеңейту іспеттес қажетті.
6. Дискрециялық өкілеттердің ауқымы
6. 1. Кәмелетке толмағандардың ерекше мұқтаждарына қарай, сондай-ақ шаралардың сан алуандығына орай, тиісті дискрециялық өкілеттерді сот істерінің барлық кезеңінде және кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындаудың барлық кезеңінде, атап айтқанда істің сотта қаралуы, сот үкімінің шығарылуы және сот шешімдеріне бақылау жүргізу кезеңдерінде қарастыру керек.
6. 2. Осымен қатар, дискрециялық құқықтылықты жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде және деңгейлерінде тиісті есептілікпен қамтамасыз етуге күш салу керек.
6. 3. Дискрециялық өкілеттіктерді пайдаланатын тұлғалардың тиісті біліктілігі немесе өздерінің қызметі мен өкілеттіліктерін орынды пайдалануы үшін әзірлігі болуы керек.
Түсініктеме
6. 1, 6. 2, 6. 3 қағидаларында кәмелетке толмағандарға қатысты тиімді, әділ, ізгі сот төрелігін орындаудың бірнеше маңызды аспектілері қарастырылған: шешім қабылдаушы тұлғалар әр нақты жағдайға байланысты әрекет етуі мақсатында, сот төрелігін орындаудың барлық кезеңінде дискрециялық өкілеттілікті қолдануына рұқсат беру; және дискрециялық өкілеттіліктерді теріс пайдалануға жол бермеу үшін және жасөспірім құқық бұзушының құқықтарын қорғау мақсатында бақылау шараларын қайта қарау мүмкіндігін беру қажеттілігі туралы. Есептілік пен кәсіпқойлық - дискрециялық өкілеттілікті шамадан тыс пайдалануға шектеу қоятын негізгі құрал болып табылады. Осылайша, осы ретте кәсіпқой дағдылар мен әзірліктің дискрециялық өкілеттілікті кәмелетке толмаған құқық бұзушыларға қатысты орынды пайдаланудағы мәні баса көрсетіледі (сондай-ақ, 1. 6 және 2. 2 қағидаларын қараңыз) . Осы мән-мәтінде дискрециялық өкілеттіліктердің негізгі нақты принциптерінің әзірленуінің және істі қайта қарау, аппеляция және т. б. жүйелердің шешімдер мен есептілікті тексерудегі маңыздылығы баса көрсетіледі. Мұндай механизмдер олардың халықаралық Минималды стандартты ережелерге енуіне байланысты орын алатын қиындықтардың себебінен жарияланбайды.
7. Кәмелетке толмағандардың құқықтары
7. 1. Кінәсіздік презумпциясы, тағылған айып туралы хабардар болу құқығы, түсінік беруден бас тарту құқығы, қорғаушы жалдау құқығы, ата-аналардың немесе қамқоршының қатысуына рұқсат құқығы, куәгерлермен көзбе-көз беттесу құқығы, тұс-тұсынан жауап алу құқығы, жоғары инстанцияға шағымдану құқығы секілді негізгі іс жүргізу кепілдіктері сот ісінің барлық кезеңінде берілуі тиіс.
Түсініктеме
7. 1 қағидасында әділ және риясыз соттың маңызды бөлігі болып табылатын және халықаралық деңгейдегі қолданыстағы адам құқықтары жөніндегі құжаттарда қабылданған кейбір айтулы аспектілер көрсетілген (14 қағиданы қараңыз) . Кінәсіздік презумпциясы туралы ереже Адам құқықтарының жалпы декларациясының 11 бабында және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Шарттың 14. 2 бабында да жазылған, Минималды стандартты ережелердің 14 қағидасында және әрі қарай кәмелетке толмағандардың ісін сотта қарау кезінде маңызды болып саналатын мәселелер анықталған, ал 7. 1 қағидасында ең негізгі іс-жүргізу кепілдіктері жалпылай нақтыланған.
8. Құпиялылықты қамтамасыз ету
8. 1. Кәмелетке толмаған тұлғаның құпиялылық құқығы қажетсіз жариялылықтың кесірінен болатын зардаптардан қорғану үшін және абыройына нұқсан келмес үшін барлық кезеңде сақталуы тиіс.
8. 2. Жалпы алғанда, кәмелетке толмаған құқық бұзушыны белгілі қылатын ешқандай ақпарат жарияланбауы керек.
Түсініктеме
8 қағидада кәмелетке толмаған құқық бұзушының құпиялылыққа құқығының маңыздылығы нақтыланған. Жастар абыройына келген нұқсанды айрықша ауыр қабылдайды. Криминологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша, "құқық бұзушы" немесе "қылмыскер" деген атақтың жастарға қолданылуы арқылы абыройына нұқсан келтірудің теріс салдарлары (әртүрлі) көп болады екен.
8 қағидада кәмелетке толмағанның абыройын олардың әрекетін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (мысалға, күдікті немесе сотталған жасөспірім құқық бұзушының аты-жөнін) салдарынан болатын кері әсерден қорғау маңыздылығы көрсетілген. Негізінде, тұлғаның мүдделерін қорғау керек және оған кепіл болу керек (8 қағидада жазылған жалпы ережелер 21 қағидада нақтыланады) .
9. Қорғау түсініктемесі
9. 1. Осы Ережелердегі ешбір тармақ Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Қамаудағылармен қарым-қатынас құру минималды стандартты ережелерін қолдануды шектейтін ереже ретінде түсінілмеуі тиіс. Адам құқықтарын қараңыз: Халықаралық келісім шарттар жинағын (Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасы, сатылымда R83. XIV. 1 нөмірімен) және адам құқықтарына қатысты халықаралық қауымдастықтар қабылдаған жастарды қорғау және қамқорлауға байланысты басқа да құжаттар мен стандарттарды қараңыз.
Түсініктеме
9 қағида осы Ережелердің Адам құқықтарының Жалпыға ортақ декларациясы, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі Халықаралық Шарт және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық шарт; Бала құқықтары декларациясы мен бала құқықтары туралы конвенция жобасы (Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің 1985/42 қарарын қараңыз) іспеттес қолданыстағы және өндірістегі адам құқықтарына байланысты халықаралық құжаттар мен стандарттарға сәйкес түсініктемесі мен жүзеге асырылуы кезіндегі кез-келген жете түсінбеушіліктің алдын алу мақсатында жазылған. Осы Ережелерді қолдану - қолданыс аясы кеңірек, ешқандай ұқсас халықаралық құжаттарға нұқсан келтірмейтінін ескеру қажет (сондай-ақ, 24 қағиданы қараңыз) .
Екінші бөлім
Тергеу және істің сотта қаралуы
10. Бастапқы шарт
10. 1. Кәмелетке толмаған құқық бұзушы ұсталған кезде, оның ата-анасы немесе қамқоршысы бұл туралы дереу хабарланады, егер мұндай хабарлау мүмкін болмаған жағдайда, оларды сәл кешірек бірақ барынша шұғыл түрде хабардар ету керек.
10. 2. Төреші немесе басқа құзыретті лауазымдық тұлға немесе орган босату мәселесін кешіктірместен қарастырады.
10. 3. Құқықтық қамту органдары мен кәмелетке толмаған құқық бұзушылар арасындағы байланыс кәмелетке толмаған құқық бұзушының құқықтық мәртебесіне құрметпен, оның игілігі үшін, және іс жағдайларын ескерумен, оған зардап келтірместей тәртіпте орнатылады.
Түсініктеме
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz