Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны


Ғылыми жоба
Тақырыбы: «Махаббатнама» дастанының жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшеліктері
Орындағандар: Тұрпаш Айгерім Ерікқызы, Шерметов Шукурулло Абдуллаұлы,
Шарафутдинова Мөлдір Алтайқызы Жетекші: Алтынбеков Қ. С.
Оқу тобы: 1701-69
Кіріспе . . .
1. «МАХАББАТНАМА» ДАСТАНЫНЫҢ СИПАТЫ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
1. 1 ХОРЕЗМИДІҢ ӨМІРІ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР . . .
1. 2 «МАХАББАТНАМА» ДАСТАНЫНЫҢ СИПАТЫ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ, ЗЕРТТЕЛУІ . . .
2. «МАХАББАТНАМА» ДАСТАНЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ
2. 1 ДАСТАННЫҢ ИДЕЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ . . .
2. 2 ДАСТАННЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ, ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ . . .
3. ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Махаббатнама дастаны - Алтын Орда әдебиетінің ең негізгі көркем үлгісі. Дастанның авторы ақын - Хорезми. Хорезми сол тұстағы Алтын Орданың ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Бұл туынды да сол 1353 жылы Сыр бойының әкімдерінің бірі болған Мұхамед Қожабектің тапсыруы бойынша жазылған. Күні бүгінге дастанның екі нұсқасы жеткен. Екі дастан да қазір Лондон қаласындағы Британия музейінде сақталса, оның фотокөшірмелері Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институтында сақталған. Сонымен қатар, Түркияның Стамбул қаласынан дастанның 2 көшірмесі табылған. Дастанның алғашқы көшірмесі 1428 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Содан соң 1509 жылы араб әріптерімен қайта көшірілген қолжазба, ұйғыр әріпімен көшірілген қолжазбаға қарағанда әлдеқайда кең көлімді, әрі толық етіп көшірілген. Бізге жеткен ең толық нұсқасын жіті жан-жақты ғылыми зерттеу жүргізіп, дастанның қазақ әдебиетімен көркемдік сабақтастығы бар екені дәлелденді. Түпнұсқаға қатты ұқсас жазылған араб тілімен жазылған нұсқасы 473 беттен тұрады. Дастанның негізгі бөлігі 11 хаттан тұрады. Бұл хаттар парсы және қыпшақ оғыз тілдерінде болып келеді. Дастанда ең алдымен Әлемдердің Раббысы Құдайға жалбарынып, сосын Пайғамбарларға мақтау сөз айтылады. Ақын дастанда жазуыға тапсырыс берген Мұхамед Қожабек туралы мақтау сөздер айтып, одан әрі адам өмірінің қадір-қасиеті мен адамдарға деген сүйіспеншілікті керемет әсерлі ете отырып, кеңінен баян етеді. Дипломдық жобада дастаннан үзінділер келтіріліп, дастанның жанрлық ерекшеліктері талданады.
Тақырыптың өзектілігі: Алтын Орда дәуірінің құнды жәдігерлерінің бірегейі саналатын «Махаббатнама» дастаны тілдік үдерісті кеңінен қамтиды. ХІҮ ғасырдың әдеби мұрасы аталған «Махаббатнама» дастанының төрт нұсқасы белгілі екенін білеміз. Ғылымда ұйғыр қолжазбасы деген атаумен пайда болған ең алғашқы көшірмелерінің бірі түпнұсқадан кейін 80 жылға жуық уақыттан соң жарық көрген. Араб жазуымен қағаз беттеріне түскен екінші көшірмесі 1508-1509 жылдары, яғни түпнұсқадан кейін 156 жыл өткен соң қайта көшірілген. Түркиядағы Стамбул қаласынан табылған ең соңғы екі нұсқаның жазылған мерзімі белгісіз. Есептеп қарасақ, түпнұсқа мен мерзімі белгілі болған екі көшірме қолжазбаның арасындағы уақыт бір жарым ғасырды қамтиды. Осы уақыт аралығындағы негізгі мәтін мен көшірмедегі ерекшеліктер мен зерттеулер. Қазақ әдебиетінің, оның ішінде ежелгі дәуір әдебиетін зерттеу - ұлтымыздың әдебиеттану ғылымында оңай әрі тез қалыптаспады. Өзара күрес-тартысы, қуғындауы тіпті көп, оның үстіне кеңестік кезеңнің цензурасын бастан кешіру біздің әдебиетіміздің дамуын кешеуілдеткенімен, әлсірете қоймады. Алайда, жалпы түркология ғылымында, Кеңестік кезеңдегі өзге де туыстас түркі халықтарында ежелгі мәдениет, өркениет пен ежелгі әдебиетке қарай ұмтылыс, оны тану мен таныта білуге деген құлшыныс үздіксіз жүріп жатқанда, бұл тұрғыда қазақ зерттеуші ғалымдары да тыс қалмады. Ғалым А. Қыраубаеваның ғылыми еңбектеріне үңілу арқылы қазақ әдебиетінің тарихындағы ежелгі дәуір әдебиетінің зерттелу тарихын, негізгі бағыттары мен ізденіс кезеңдерін, әлі де зерттелуі тиіс тың мәселелерін танып-білуге болады. Ғалымдардың Алтын Орда дәуіріндегі әдебиеттің дамуын аударма-нәзиралық шығармалар және тыңтума әдебиет деп екі бөліп, зерттеу жұмыстарын да, соған қатысты негізгі нұсқаларды толағай-толымды талдауы мен кей шығармалардың аудармасын жасауы қазақ әдебиеті тарихындағы орта ғасырлар кезеңін, сол тұстағы әлем әдебиетімен байланысып жатқанын нақтылы дәйек-дерекпен орнықтыра түсті. Кейбір шығармалардың кеңестік кезеңдегі идеологияның ықпалымен біржақты, теріс бағаланып жүргені белгілі болды. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіндегі шығыстық желідегі қисса-дастандар хақында ілкімді зерттеу жұмыстары эстетиканың, таным-түсініктің ешқашан бір сарынды болмайтынын, әлемдік өркениетпен, көркемдік дүниетаныммен тығыз байланысып тұратындығын, осындай рухани байланыстың пайда болуында өзіндік бір тарихи кезеңдердің, өзара қарым-қатынастардың, толағай тұлғалардың орны мен маңызы ерекше екендігін анықтауға құрылды.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері: Көптеген ғылыми зерттеулерде бұл дастанның көшірме нұсқалары арасында лексикалық тұрғыдан қарастырылатын ерекшеліктерді, көшірмеші топтың тарапынан кеткен аз-кем қателіктерді, дастанның түпнұсқа мәтінін жақынырақ анықтау мәселелерін қарастыру. Текстология мәселелерін қаузап, оны тиімді игерудің жолдарын ұсыну. Алтын Орда дәуірінің ең көрнекті ақындарының бірі Хорезмидің «Махаббатнама» дастанының қазақ тіл біліміндегі маңызына ерекше мән бере отырып, дастан мәтініндегі сөздердің өзгерісіне, мағына-мазмұнына, ерекшеліктеріне кеңінен тоқтала өту.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты:
- Хорезмидің «Махаббатнама» дастанына толайым талдау жасаған, тың ой-пікірлерін дәйекті ұсынған А. Қыраубаева және т. б ғалымдардың еңбегінің мән-маңызын анықтау;
- қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың негізгі түп-төркіні мен қалыптасу тарихы туралы кең көлемді зерттеулердің әдебиеттану ғылымындағы жаңалығы мен негізгі кезеңдерін айқындау;
- тәуелсіздік алғаннан кейінгі азат ойлы, турашыл ғалымдардың зерттеулеріне үңілу, түркі әдебиетінің жемісі мол бұтағы қазақ әдебиетінің тарихы, негізгі кезеңдерінің бастауы біздің заманымызға дейінгі уақыттардан басталады дейтұғын ғылыми ізденісінің басқа да еңбектерде тереңдете қаралуын, жүйеленуін көрсету.
- Хорезмидің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау; Хорезмидің заманындағы оның әдеби ортасына, достарына тоқталу; Хорезмидің «Махаббатнаме» дастанының жанрлық ерекшелігі мен сипатын үңілу; дастанның тақырыптық ерекшелігін, көркемдік шешімін зерделеу; дастанның идеялық мазмұнын саралау;
Зерттеу жұмысының нысаны: Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің «Махаббатнаме» дастаны . Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші, пәнін оқытушы ғалым-ұстаздардың жарияланған монографиялық зерттеулері мен әр алуан жинақтарда, баспасөз бетінде басылған мақалалары, диссертация жұмысы мен авторефераттары, соған қатысты еңбектер зерттеу негізіне алынды.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.1-тарау. «МАХАББАТНАМА» ДАСТАНЫНЫҢ СИПАТЫ, ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ.
- Хорезмидің өмірі, шығармашылығы туралы деректер
Елімізде жазу мәдениеті алғаш пайда болған кезеңді біз ерте кезеңге жатқызамыз. Бұл дегеніміз, қазақтар халық болып, ел болып, хандық болып құрылмай тұрып-ақ, тайпалық өмір сүру кезеңінде жазу сызуды білген. Уақыт өте келе бұл одан әрі дамып, халықтар жазу мен сызуды дамытып отырған. Жазудың ең алғаш үлкен қолданыс тапқан кезі- елшілік қатынастар мен түрлі сот үкімдері кезінде, уағыз, үгіт-насихат барысында еді. Алғашқы жазуларды тастың бетіне қашап жазған. Оған дәлел ретінде Орхон Енисей жазба ескерткіштерін айтсақ болады. Осыдан соң, Орта Азияда арамей жазуы негізінде тағы бір жазу түрі пайда болады. Оны сол жердегі тайпаларға Сириядан келген халықтар таратқан. Қарахандықтар осы жазу түрін араб әліпбиімен толықтырып, қолданыстарына енгізеді. Бұл жазу түркі әдеби жазуларына негіз болады. Оны бүгінгі таңда ұйғырлардың көне жазуы деп біржақты атамаған жөн. Сонымен қатар, түркілердің жазуын шағатай тілінде жазылған дейді. Демек, бұл екі жазу түрі де ұйғырдың меншігінде емес. Бірақ, Махмұт Қашқари өз сөздігінде Махаббатнаме дастанын жазу үлгісі ұқсас деп тек ұйғырларға таңып, бұл ұйғырлық құбылыс деп атады. Кейінгі зерттеушілер бұл тақырыпты кеңінен қарап, бұл түсініктің негізсіз екенін дәлелдеу үстінде. Жазу-сызудың кең таралуына сол тұстағы түрлі елшілік қатынас, сауда-саттық өз ықпалын тигізіп, халықтан-халықта тез тарап отырған.
Махаббатнаме түркі тілдес халықтар тілінде жазылған керемет жазба ескерткіші. Оның нақты 1353 жылы Сыр бойында жазылғаны туралы ақпарат шығарманың өзінде айтылған. Автор Хорезми жайлы дерек жоқтың қасы, дегенменде, шығарманың соңғы жағында Хорезми Равани атты жазу бар. Орта ғасыр көне жазба әдеби ескерткіштерін зерттеген Нәжіптің айтуынша, Равани деген Хорезмидің тағы бір бүркеншік аты. Қалай болғанда да, Хорезми өз дәуірінің ең көрнекті ақындарының бірі екені белгілі. Себебі, біріншіден, бұрын соңды жазып, қаламмен сыр шертіспеген ақын болса, Махаббатнаме сынды туындыны жаза алмас еді. Екіншіден, Ақ Орданың ірі билеушілерінің бірі Әмір Мұхаммед Қожабек жұртқа танымал емес ақынға өлең жаздыруға, оның ішінде өзі жайлы жазуға тапсырма бермес еді. Сонымен қатар, Хорезми танымал болмаса, Мұхаммед Қожабек сынды билеушінің маңына жолай да алмас еді. Үшіншіден, Хорезми парсы, қыпшақ, оғыз тілдерінде еркін жазып, өз жазбасын қалдырған. 473 бәйіт, 946 тармақ шығарманың 150 бәйіті парсы тілінде, 317 бәйіті қыпшақ, оғыз тілдері негінде жазылған. Бұдан шығатын қорытынды, Орта Азия мен Қазақстан жерінде осы екі әдеби тіл негізінде көптеген тың туындыларды жазып, кемеліне келген майталман ақын екенін аңғарамыз. Дастанды зерттеуге әлемдік деңгейдегі зерттеуші филологтар араласқан. Соның бірі А. М. Щербак өз сөзінде дастанның көне өзбек тілінде жазылғанын айтады. Бірақ, «Махаббатнаме» дастанын бір ел мен жердің қоржынына теңеп қоюға болмайды. Бұл түркітілдес халықтардың бәріне ортақ асыл мұрасы әрі құнды қазынасы екенін қазақ түрколог ғалымдар да айтады. Хорезмидің «Махаббатнамесі» барлық түркітілдес халықтар әдебиетіне «наме» атты әдеби ағымды салып бергені белгілі. Бұл дегеніміз, автордың осы шығармасынан соң, «Оғызнаме», «Шахнаме» сынды тың туындыларына тұсауы кесілген. Танымал филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Кенжебаев «Махаббатнаме» шығармасын талдай келе, автордың діннен алшақтығын, аз ғана ғұмырда тіршіліктің қызығын о дүниеден артық санағанын, осы дүниенің тәттілігін жырлаған деп ашынады. Хорезмидің замандасы болған Жәнібек ханды кейбір зерттеушілер, поэмадағы Қожабекті Жәнібек хан десе, кей зерттеушілер Хорезмидің поэмадағы өлең жолдарынан
«Патшалардың патшасы,
Жәнібек ханға етенесіз»- деген сөзінен соң поэмадағы Қожабек пен Жәнібектің екі адам екенін жазған. «Махаббатнаме жайлы ең көп зерттеуді ғалым Нәжіп жүргізеді. Бірақ, ғалым Қожабек жайлы мүлдем пікір айтпаған. Ал, зерттеуші С. Қасымовтың пікірінше, Қожабек- Құтлұғ Темірдің інісі болған. Сонымен, Қожабек ән мен жырды сүйетін, өзі де өнерге жақын Жәнібек ханның қол астындағы Алтын Орда әмірлерінің бірі деген қорытындыға келуге болады. Негізінен, дастанда Қожабек жайлы тек алғашқыда айтылады. Қожабекті Хорезми керемет теңеулермен көркем етіп суреттеп жазған.
Автордың айтуынша, келбеті келісті болғанын:
Дидарың елге жақсылық төгер,
Сəулетіңе Мүштары да бас иер.
Мүштары - шығыс елдерінде юпитерді осылай атайды.
Сипатыңды жазар болса көк дəбірі
Түгесілмес мың жылда мыңнан бірі.
Ал, Қожабектің ақыл-парасаты жайлы:
Ұлысты биледің ақылыңның күшімен
Ұрыста қан тамар қамшыңның ұшынан, - деген жолдардан аңғаруға болады.
Батыр, мықты жауынгер болғанын дастанның мына өлең жолдарынан байқай аламыз:
Соғысқа кірер бейне тойға кіргендей,
Ашыққан бөрі қойға кіргендей.
Егер сені Рүстем десем, сол атаққа жарайсың,
Қылышыңмен жаудың сапын қақ айырып жарасың.
Атымтай Жомарт, қолы ашық жан екенін:
Мың жыл кейін тірілсе егер Хатымтай
Жер өбер ед естіп сенің атыңды-ай, -деген жолдан анық аңғаруға болады.
Қайта өрлеу мəдениетінің бір бөлігімен бірге Хорезмидің осы шығармасы да астасып жатыр. XIV ғасырдағы түркі əдебиетіне және Хорезмиге қайта өрлеу идеяларының жетуі таңғаларлық нәрсе емес. Бұл жай ғана көршілес елдермен қарым-қатынастар арқылы қайта өрлеген жер жүзілік мəдениеттің түркілер əдебиетінен де көрініс тапқандығы. Хорезми де өз шығармасында Қайта өрлеу дәуірінің ақындары секілді ежелгі грек философтарын өз шығармасына қосқан. Оны шығармашылығындағы мына бір өлең жолдарына мән берсек, анық аңғаруға болады:
Аплатон саған ғашық болса сыр айтып,
Ұмытар ед желге ұшырып, барлық ойын, райын.
Қадірімді өлсем білер, таңданар,
Ғашық болса - Аплатон да жынданар.
Хорезмидің ежелгі грек философтарын оқығанын және ерекше қадірлейтінін өз шығармасынан оқып білуге болады.
1. 2 «Махаббатнама» дастанының сипаты, жанрлық ерекшелігі, зерттелуі.
Дастан жайлы алғашқы пікір қалдырған әйгілі ғалым Бартольд пен Самойлович еді. 1924 жылы Бартольд өз мақаласында Дастанның Бақыр Мәнсүр көшірген нұсқасы жайында жазады. Ал, Самойловичтың мақаласында дастан лингвистикалық жағынан талданады. Ал, дастанды әдеби шығарма ретінде Е. Э. Бэртельстің «Новый мир» атты шығармасында 1939 жылы тақыланады. Жақын елдерден Б. В. Валиходжаев пен С. Қасымовтың дастаны талдаулары өте сәтті шыққан. Толығырақ атап айтсам, Қасымовтың дастанның өлең құрылысын талдауы өте сәтті шығып, арабтың өлең өлшемі аруздың Махаббатнамеде қолданылуын айтады. Бірақ, зерттеуші аралас тілде жазылған шығарманы ескермей, оны таза өзбек халқының мұрасын деген ойды қалдырады. Сол зерттеу кезеңінде дастан әлі тілдік лингвистикалық жағынан зерттеле қоймаған еді деп ойлаймыз. Қасымовтың пікіріне керісінше, Ленинград пен Москва түркітанушылары оны сол тұстағы халықтарға ортақ мұра деген пікірді ұстанады. Махаббатнаме дастаны Құтбтың «Құсрау мен Шырыны», Дүрбектің «Жүсіп- Зылиқасы», Рабғузидің «Қисса-сүл әнбиясы» сынды сол тұста көпке мәшһүр болған. Шығарма арнау түрінде жазылған. Әдеби құнды жәдігердің ұйғыр әріпімен көшірілген нұсқасын А. М. Щербак зерттеген. Екі нұсқада жазылған шығарманы араб әріпімен жазылған нұсқасын зерттеп, күні бүгінгі әріптермен транскрипциясын жасаған және оны орысшаға аударып, толығымен жан-жақты зерттеген Ә. Нәжіп еді. Дастанды 1954 жылы Т. Жалалов өзбек тіліне, ал 1981 жылы жылы аздаған үзінді түрінде татар тіліне аударылды. Қазақ тіліне Алма Қыраубаева бастамасымен 1985 жылы тәржімалады. Ежелгі әдбиетімізді зерттеген М. Жармұхамелов, Ә. Дербісәлі, Ө. Күмісбаев «Махаббатнаме» дастанының араб жазуымен толық жазылған нұсқасын терең зерттей келе, өшпес мұраның өз әдебиетімізбен көркемдік тұтастығы мен сабақтастығы бар екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, зерттеушілер дастанның барынша түпнұсқаға жақын нұсқасын қалың қазақ оқырманға ұсынады. Дастанның композициялық құрылысына келер болсақ, дастанның араб әріпімен жазылған нұсқасы 473 бәйіттен, 11 намеден тұрады. Наме деп отырғанымыз жігіттің қызға жазған хаты. Хаттардың ішінде сегізінші, он бірінші және төртінші хат парсы тілінде. Парсы-тәжік және қыпшақ оғыз тілдерінде жазылған жырдың негізгі тілі қыпшақ тілі. Дастан кіріспесінде Мұхамед Қожабекке мақтау айтылып, оны жер көкке сыйғызбай мақтайды. Оның жомарттығын, даналығын, батырлығын түрлі теңеулерге теңедй. Және Мұхамед Қожабек жайлы дастынның қорытынды бөлімінде сөз болады. Мұхамед Қожабек шығарманың негізгі кейіпкері болмаған соң, ақын негізгі бөлімде екі ғашықтың жазған хаттарын өлеңге негіз етіп алады. Дастанда аздаған діни қарама-қайшылықтар бар. Ол, ақын ең алдымен Жаратушы Рахман Иемізге сыйынып, Пайғамбарларға салауат айтса, негізгі бөлімді адам жанын еркіндік кернетіп, рахатқа бөлейтін ащы су жайлы, және шығарманың негізгі кейіпкері болған екі жастың жазысқан хаттарындағы «Сүйіктім, қасымда болсаң, жұмақтың керегі жоқ маған» сынды жолдардан аңғаруға болады. Дастанға негіз болған жігіттің хаттарына, қыздың ғашық жігітке жазған жауап хаттары болмайды. Жігіттің қызға жазған хатынан, қызға деген махаббат пен ыстық қылыасын толық аңғаруға болады. Қыздың сұлулығын жырға қосқан ақын, оны жер бетіндегі сұлулықтың бәрінен биік қойып, теңер ешнірсе таппайды. Тіпті, қыздың сұлулығынан ұялған, абдыраған Күннің өзі түнде бетін пердемен көлегейлеп жатады деп жазған. Және жырда қызды көрген отқа табынушылар өз дінінен безіп кететінін суреттеп жазған. Жігіт хаттарында қызды соншалықты сүйіп, тіпті, сүйгені үшін ажалдан да тайсалмайтындығын айтады. Түбі арманына жете алмасын білген жігіт қызға
Мені саған деген махаббат өлтірді,
Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, қош бол, - деп қоштасады. Соған қарамастан, жігіт өмірден түңілмей, қыздың әрі қарай бақытты болуына өз ақ тілегін білдіреді. Дастанды зерттеген қазақ философтары да дастан жайлы сан-қырлы пікірлерімен бөліскен. Ол жайлы Немат Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиетінде» жазса, А. Қыраубаева өзінің тырнақалды жазбасын осы дастанды зерттей отырып бастайды. Және Махаббатнаме дастаны жайлы кандидаттық диссертация қорғайды. Бұл диссертацияның өте жоғары деңгейде жазылғаны туралы М. Мағауин еңбекке пікір жазып, жолының жіңішкелігіне қарамастан, үлкен іс тындарғанын айтып, оң бағасын береді. М. Мағауиннің әу бастан көп нәрсеге жылы қабақ танытып, оң пікірге сараң болып, бірақ, бұл зерттеуге оң баға беруі, Қыраубаеваның үлкен еңбегінің жемісі еді. Пікір иесін зерттеушіміздің жан-жақтылығы, дінге деген үлкен білімі, көрші елдер әдебиетін көп оқығандығы таңдандырды. М. Жолдасбеков, Х. Сүйіншәлиев, З. Қабдолов сынды қазақ майталмандары мен алыс-жақын шетелдерді зерттеуші филологтар Қыраубаеваның еңбегін жоғары бағалауы, жас зерттеушінің орта ғасыр әдебиетін одан әрі күрделі зерттеуіне жол ашып берді. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» еңбегіндегі «Ежелгі түрік әдебиеті» бөлімінің өзі әріқарай үлкен талдауды және зерттеуді қажет екенін түсініп, әріптесі Т. Кәкішов VI-XV ғасырлардағы ұлы мұраларды зерттеуді Қыраубаеваға тапсырады. Сол зерттеулер қазіргі таңда орта мектеп қабырғасында жүрген 8-сынып оқушыларына ұлы жаңалық екені даусыз. Зерттеушілер дастанда тек қана махаббат жыры емес, сонымен қатар, сол замандағы халықтың жай-күйі мен тіршілігі де көрініс тапқанын айтып, нақты өлең жолдарынан үзінділер келтірген. Ғалым А. Қыраубаеваның зерттеу жұмысының үлкен бір арнасы қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандардың түп-төркіні мен қалыптасуына арналады. Бұл өзіндік стилі мен сюжет дамуы қалыптасқан жанрдың түпкі бастауы тарихтың терең қойнауынан нәр алып, ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан сөз өнерінің үлкен саласы саналады. Зерттеушінің айтуында, Тұран мен Иран, араб пен үнді елдері мәдениетінің тамырластығының бір белгісі осы қазақ әдебиетіндегі шығыстық қисса-дастандар болып есептеледі. Бұл туындыларда Бабыл (Вавилон) мен Кәбіл (Кабул), Мысыр (Каир) мен Шын-Машын (Қытай-Византия), тағы басқа елдердің аттары мен жағырапиялық орталары араласып, қиыннан қиыстырыла қызықты оқиғалар өріліп жатады. Шығыстық қисса-дастандардың қазақ әдебиетіндегі осындай өзгешелігін таныған ғалым қисса-дастан жанры - қазақтың айнала шығыс елдерімен рухани байланысы, бай мифологиясынан, діні, халық тарихы, адамдық мұраттарынан жан-жақты мағлұматтар беретін қызықты дүние деп бағалайды [118, 3 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz