Томдағы инженерлік сабағында, Жетеді біл жылдан соң тамамына



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: "Әлімхан Әбеуұлы Ермеков "

Тобы:МКМ-22-1К
Тексерген:Уалиева Г.К
Орындаған:Пулатов А.Д

Қарағанды 2023 жж

Мазмұны

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім.
3. Балалық шағы
4. Томскідегі оқуы
5. Атқарған қызметі
6. Ұлы математик
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады.
Томскідегі оқуы
Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан Ермеков өз қолымен толтырған анкетарларда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен. Қызметтес болған, шәкірт болған және Әлімхан Ермековпен өмір жолы тоғысқан тұлғалардың барлығы дерлік Әлімхан жайында жылы лепес білдірген. Терең білімді, көркем-мінезді Әлімхан Ермековтың замандасы Сұлтанмахмұт келесі өлең жолдарын арнаған:
Әлімхан Ермекұлы жас жігіттен,
Келеді екінші болып бұл ретпенен.
Қазақта мұндай жігіт көрмедім, - деп,
Ардақты қарт Потанин лепес еткен.
Томдағы инженерлік сабағында,
Жетеді біл жылдан соң тамамына.
Өткізбекші өмірін ілім үстінде,
Бір түрлі биіктік бар талабында.
Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,
Тас болса да ерітер жүрек қанын.
Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
Тусаң ту осылай, - дегізер жанның бәрін.
Адалдық, ақжүректік, ақтығына,
Бір ауыз қарсы айта алмай құрыды әлің.
Меніңше Ермеков - деген бала,
Ұқсайды ұшқыр қыран қаршығаға.
Сөз, білімін сынайтын жер ілгері,
Әзір адал кісі ғой, жеке дара.
Алаш қозғалысы
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін елдегі қалыптасқан жағдайды айқындап, алда не істеу керектігін шешіп алу үшін жер-жерде қазақ съездері ашылып жатты. Ә.Ермеков, алғаш рет саяси іске алаш қозғалысына, 1917 жылы 27 сәуір, 7 мамыр аралығында өткен Семей облыстық қазақ съезіне қатысады. Онда ол басқа да адамдармен бірге съезд президиумының хатшылығына, одан кейін съезд шешімімен Семей облыстық қазақ комитетінің мүшелігіне сайланады.
Әмбе ол, қазақтар жағынан Халел Ғаббасов екеуі Семей облыстық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болады.
Шілде айындағы жалпықазақтық съезде Семей облысынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
1917 жылы 8-17 қазанда 1- Сібір облыстық съезіне, делегаттар жиналысы атынан қатысады да, оның президиумына Семей облысынан кіреді. Съезде Сібір автономиясының негізгі заңын жазатын комитет құрылып, оған қазақ делегаттары Ә.Ермековті кіргізеді.
Міне, алаш жолындағы көптеген саяси істерге қатысып, шыңдалған Әлімханды Қазақ газеті Технологический институтқа асқан зеректер ғана түседі. Әлімхан білімді, шешен, өткір, халыққа қызмет етуді өзіне парыз санаған жігерлі жас азамат, -- деп сипаттайды. Осындай жан-жақты дарын иесі жас сұңқардың желтоқсанда өткен жалпы қазақ съезінде Алашорда үкіметінің мүшелігіне өтуі таңғажайып емес еді. Әмбе ол, Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі де болатын.
Әлихан Ермековтің тарихи зор еңбегінің бірі -- Қазақ автономиясы шегарасының біртұтастығын жанқиярлықпен қорғауы. Осы орайда ол 1920 жылы 17 тамызда Ленинніңтөрағалығымен өткен қазақ өкілдері қатысқан Халық комиссарлары кеңесінің мәжілісінде Қазақ автономиясы туралы мәселе қаралғанда, Қазақстанның жағдайы туралы Ә.Ермеков баяндама жасайды. Онда ол жер, Қазақстанның шегарасы туралы мәселелерді қамтып, өктемшіл, озбыр, отаршылдық пиғылдағы өкілдермен қызу айтысқа түсіп, өз пікірін тиянақты, жан-жақты, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Окупанттар өз кінәсін мойындап, нәтижесінде, кезінде қазақтардан тартып алынған Каспийдің теріскей жағалауындағы ені бір шақырымдық және Ертістің сол жағалауындағы он шақырымдық ұлан-ғайыр жер Лениннің тікелей қолдауымен Қазақ еліне қайтарылады.
Кеңес Үкіметі
Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. Ұлы математика курсы 1-бөлім (1935), қазақ тілінің математика терминдері (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шығарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала -- Халық шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады. 1929-1930 жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ермековті де түрмеге қоса қамайды. Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М.Әуезов пен Ә.Ермековті сақтап қалу мақсатында олар, кінәларын мойындап сол жолы бостандыққа шығады.
Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ермековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды.
1970 жылы қайтыс болады.
Ә. Ермеков Томскінің технологиялық институтын бітіріп жоғары білім алған және жоғары математикадан алғашқы оқулықтың авторы болған қазақтың бірінші математигі еді.Әлімхан Әбеуұлы Ермеков Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Бөріктас елді мекенінде 1891 жылы дүниеге келген.
Ол 1920 жылы Халық Комиссарлары кеңесінің төрағасы В.И.Лениннің қабылдауында болып, кеңейтілген мәжілісте - Қырғыз (Қазақ) өлкесіндегі жағдай, әсіресе, шекара мәселесі туралы мазмұнды баяндама жасаған. Ә.Ермеков өз баяндамасында патшалық билік кезінде жергілікті халық - қазақтардың ең шұрайлы деген жерлерінен айрылғанын, әсіресе Столыпин реформасы кезінде орасан зор зорлық-зомбылықты бастан кешкенін нақты деректермен мәлімдеп береді. Каспий теңізінің жағалауларындағы жетпіс шақырымдай жердің патшалық Ресейдің Астрахань губерниясының қарамағына өтіп кеткенін баяндайды. Ақыры, қарсылық білдіргендерге басу айтып, дауысқа салғанда аталған территория Қазақстан автономиясына беріледі. В. Ленин сияқты билік иесін Әлімхан Ермековтің асқан білімдарлығы қарсыластарын сендіре алар дәлелді тұжырымы, ой-сананың айрықша асқақтығы тәнті еткен болса керек.
1920 жылдың 26 тамызында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Социалистік Республикасын құру туралы декрет қабылданады, 12 қазанда Орынборда Бүкілқазақстандық кеңестердің бірінші съезі өтеді де, 1921 жылдың сәуірінде партияның Орталық Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлары кеңесінің жоғарыда аттары аталған жерлерді (Коростылев даласын, Семей, Ақмола облыстарын және Каспий жағалауындағы өңірді) Қазақстан құрамына беру туралы қаулысы шығады.
Осынау саяси әрі ауқымды да маңызды оқиғалардан кейін 1921 жылы ол оқуын тәмамдау ниетімен Томксіге оралады. Сол жылдары өкпе ауруына шалдыққан профессор М. Усовты белгілі дәрігер С.Адамовтың ақылымен профессордың үздік шәкірті Әлімхан Ермеков қазақ даласына шақырады, сапар барысында сырқатты қарап, ем қолдануды Әлекеңнің жары - Рахия Шагабетдинова өз мойнына алады. Оларды Ермековтің досы - геолог Н.Урванцев шығарып салады. М. Усовты Әлекең Баянауылға алып келеді, сол кезде небәрі 22 жастағы, ешқандай заңгерлік білімі жоқ болса да сот қызметін атқарып жүрген, ұлтымыздың болашақтағы ұлы перзенті - Қаныш Сәтбаевпен таныстырады. М.Усов пен Әлекеңнің ақыл-кеңесімен Қаныш Имантайұлының кейіннен Томск технология институтының Геология факультетіне түсіп, уақыт өте келе, Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы, республика Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтардың авторы болуы әу басында сол кезеңнің үлесіне тиетінін айрықша атаған абзал.
Әлімхан Ермеков өз бойындағы тағдыр сыйлаған білімі мен біліктілігін, қабілеті мен қарымын жаңа жағдайда жас буынды оқытып, тәрбиелеу ісіне жұмсаған ұлағатты ұстаз еді. Бұл ойымызға оның бар беделін салып жүріп, Қарқаралыда 1921 жылы екі сатылы мектеп пен педагогтік техникум ашқызуы дәлел бола алады. 1926 жылы Қазақ КСР-нің алтыншы шақырылған орталық атқару комитетіне мүше болып сайланады, 1929 жылы осы органның жетінші шақырылымына да мүше болады. Жоғары деңгейдегі білікті маман болғандықтан, Ташкенттегі жоғары педагогтік институтқа, сәл кейіннен Алматыдағы жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогтік қызметке шақырылады.
Қазақ педагогикалық институты мен мемлекеттік университетте және Алматы зооветеринарлық институтында математика кафедраларының меңгерушісі қызметін істейді. 1935 жылы КСРО Жоғарғы аттестациялық комиссиясы Ә.Ермековке профессор ғылыми атағын береді. Математика ғылымы бойынша ұлтымыздың тұңғыш профессоры Алматы тау-кен-металлургия институтында жоғарғы математика және теориялық механика кафедрасын басқарып, жалпытехникалық факультетінің деканы қызметін қоса атқарады. Техника, математика саласы бойынша оның беріле еңбек етуі, ғылыми еңбектер жазуы осы кезеңге жатады. Қазақ тілінде ол оқулықтар мен оқу құралдарын жоғарғы математика пәні бойынша әзірледі, математикадан ғылыми терминология даярлаумен шұғылданды. Атақты Ұлы математика курсы оқулығы жоғарғы техникалық оқу орындары мен педагогикалық институттарға арналып, қазақ тілінде жарық көрді. Негізгі бағыты сол кездегі оқу бағдарламаларына сәйкестендіріліп жасалғандықтан, бүгіндері сәл ескілеу көрінуі мүмкін, алайда бұл оқулықтың 1995 жылы қайта басылып шығуы көп нәрсені аңғартса керек. Оқулық жоғарғы математикадан шыққан тұңғыш кітап болғандықтан, Әлекең оның құрылымына анықтама теориясы мен сызықтық теңдеулер жүйесінен де хабардар ететін ілімдерді енгізген. Кітаптың ішіндегі ауыр болып көрінетін терминдер өте ұтымды әрі ұғымды тілмен берілген. Оқулықты кириллицаға көшірудегі доцент Нұрсағат Әділбековтің еңбегін айрықша атаған жөн.
Оқулық жоғарғы техникалық оқу орындарымен, техникумдарға арналып жазылғандықтан, ғылымның және практиканың әр түрлі саласында жоғары математиканың қолданылуы жағында көп көңіл бөлінген. Мысалы, функциялық тәуелділік ауа райын зерттеуге пайдаланылған. Сонымен қатар математикалық әдістері, формулаларды, тұжырымдарды механиканың, физиканың, медицинаның, ауыл шаруашылығының салаларында, тіптен күнделікті тұрмыста қалай қолдануға болатындығынан да көптеген мысалдар келтірілген. Оқулықтың тілі өте қарапайым, түсінікті, оның айқындығы және дәлдігі қызықтырады. Математикалық терминдердің қазақша баламалары өте сәтті шыққан, тіпті математикадан дайындығы аз адамдарда түсінетіндей етіп жазылған.
Жалпы, Ә.Ермеков үш рет тұтқындалған екен, 18 жыл бойы жазасын өтеу үшін арнайы лагерьлерде болған. Алғаш рет бұрынғы Алашорда үкіметінің вице - премьері ретінде 1932 жылы тұтқындалады. Негізінен, ұлтшылдық көзқарасы үшін 1926 жылдардан бастап-ақ саяси өмірге араласудан аластатылады. 1932 жылы Ә.Ермековті қызметте отырғанында кеңседе тұтқындайды да, Алматыдан Шымкенттегі арнайы пунктке жолау - шылар пойызымен аттандырады. Кейіннен 1956 жылы толық ақталысымен, ол кісі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.Қонаевқа сұранып, қабылдауында болады. Димекең жақсы қабылдап, Алматыдан үй бергізеді.
1932, 1938, 1948 жылдары Ә.Ермековтің тұтқындалуы, Краснояр өлкесіндегі Сібір аймағында лагерьде ұзақ уақыт саяси сенімсіз адам ретінде жазасын өтеуі осынау жанды еш қажыта алмағанын көруге болады. Иә, 1932 жылы тұтқында - лып, үш жылға сотталуы, 1938 жылы тағы да қамауға алынып, он жылға сотталуы, 1948 жылы үшінші рет тұтқынға алынып, он жыл мерзімге бас бостандығынан айрылуы оның жігерін жасыта алмады. Ә.Ермеков 1955 жылдың 1 қыркүйегінде ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж.Тәшеновке жазған хатында өзінің нақақтан зардап шегіп тұтқындалғанын, Катков, Михайлов, Оспанов, Хамидуллин деген тергеушілердің адам төзбес күш қолданғанын, зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдаланып, екі ай бойы қинағанын айтады. Өзінің Қарағанды қаласына бірінші рет айдаудан соң 1955 жылы келгенін айтады.
Осынау жан әлемі мейлінше таза, адами болмысына, ұлтына, халқына деген шексіз махаббат пен сүйіспеншілік, мейірім мен қайырым дарып, берік орын алған адам туралы еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта біршама еңбектер жарық көрген екен. Олардың қатарында Ө.Сұлтанғазин, Ш.Есенов, Ә.Сағынов, Д.Үмбетжанов, Б.Атшабаров, А.Лазуткин, Т.Әбдіразақов, А.Жұмасұлтанов, Ресей ғалымы Г.Сипайловтың, С.Бегалин, С.Торайғыров, Ж.Бектұров, М.Сәрсекеев, Ә.Әзиев, Қ.Өскембаевтардың жариялаған еңбектері бар.
Әлекеңнің ұлы, ұзақ жылдар бойы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде геология кафедрасын басқарған ғалым Мағауия Әлімханұлы Қарағандыдан 2000 жылы "Алимхан Ермеков: страницы жизни", 2001 жылы "Мой отец - Алимхан Ермеков" деген кітапшалар шығарды. Әкесінің ұлағатты да өнегелі өмір жолын зерттеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ермеков Әлімхан - Алаш қозғалысының жас та, алғыр, іскер қайраткері
Алаш орда және кеңес үкіметі
NTFS - тің физикалық құрылымы
Windows NT–ң монолитті құрылымы
Магнетиктер
Әдебиет сабақтарында дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен әдістемесі
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
ТҮРКІ РУНА ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ТҰТАСТЫҚТА ЗЕРТТЕЛІНДІ
М. Дулатов шығармашылығындағы азаттық рухы
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
Пәндер