Тұлғаның экономикалық мәдениеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі
Семей жоғары көп салалы колледжі мекемесі

БЕКІТЕМІН
Жалпыгуманитарлық
ПБК қаралып, талданды.
ПБК жетекшісі_________М.Н.Мачахина

Курстық жұмыс
Тақырыбы:Тұлғаның экономикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдары.

Бағасы:_________ Орындаған:_______________
Қорғауға жіберілді:______________ Ғылыми жетекшісі:______________

СЕМЕЙ,2023

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Тұлғаның экономикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Тұлғаның экономикалық мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Тұлғаның мәденеиетің қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Мәденеиет туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Мәдениетті қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңі адамзат қоғамының өткендегі тарихында күн тәртібінен түспеген проблемаларының бірқатар кешенімен айқындалатын адамдардың өмірі мен кәсіптік іс-әрекетінің жаңа стратегиясын талап етеді. Экологиялық жағдайдың төмендеп кетуінің негізгі себебі-тұлғада экологиялық мәдениеттің қалыптаспауы, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметтің болмауы.
Қазіргі ғылымда экологиялық білімнің мазмұны мен әдістері туралы теориялық білімдердің маңызды қоры жинақталған. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының экологиялық негіздерін В.Вернадский, А.Швейцер, Н.Н.Моисеев және т.б. қарастырған. Экологиялық апатты болдырмау жолдары мен өркениеттің тұрақты даму моделі Рим Клубының өкілдері А.Печчеи, Э.Янг, Д.Медоуз, И.Рендерс, Ш.В.Беренс және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде негізделген.
Адамның қоршаған ортамен байланысы И.Д.Зверевтің, А.Н.Захлебныйдың, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, М.Верзилин, В.Г.Иоганзен, Н.А.Рыков, Я.И.Габев және тағы басқалары табиғатты табиғи фактор ретінде қарастырған.
Экологиялық білім проблемасын мәдениеттану тұрғысынан Э.В.Гирусов, В.И.Шинкарук, Ж.Тлепов және тағы басқа ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Д.А.Урсул, Е.В.Никанорова, Ж.Тастанбекова және тағы басқа зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе, тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу жолдары Г.А.Вахромова, Г.А.Иванов, И.П.Сафронов, С.В.Алексеев, А.В.Миронов, С.К.Сериков, Р.О.Лособеридзе және т.б. ғалымдардың еңбектерінде практикалық тұрғыдан шешімін тапқан.
Курстық жұмыстың мақсаты:Тұлға және экономикалық мәдениет.
Курстық жұмыстың міндеті:Экономикалық мәдениетті қалыптастыру

І. Тұлғаның экономикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдары: Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет - деген ұғым жиі кездеседі. Адам болашағын шешетін тәрбие екені белгілі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т. б. қасиеттер дарытуға бағытталған. Тәрбиенің ең өзекті мәселесі - білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым - қатынасын қалыптастыру. Экономикалық тәрбиенің негізі болып еңбек тәрбиесіне саналады. Жастардың еңбекті қажетсінуін, еңбек сүйгіштігі, саналы еңбек тәртібін қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғы шарты болып табылады. Экономикалық тәрбие беру - студенттерді экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру, еліміздің экономикалық саясатын ұғындыру, негізі экономикалық қатынастарды (өндіріс, айырбас, бөлу, және тұтыну) тәжірибеде меңгерту.

Экономика алғашқы ұғымында үй шаруашылығын білдірген. Кейіннен бұл ұғым кең көлемде, қоғамдық өндірістің жүйесі деп аталуда. Өндіріс - қоғамның дамуына және өмір сүруіне қажетті. Көп қырлы экономикалық қатынас арқылы әрбір адам басқалармен байланыста болады. Адамдар жалақы алады, өнім шығарады сатушы және сатып алушы ретінде қызмет атқарады. Қай заманда болмасын адам өз өмірінен экономика белгілерін табады, яғни күн сайын ұшырасады. Мысалы, үстіміздегі киім, таңертеңгілік ас, үй жанындағы дүкен және т. б.
Еліміздегі экономика пәнінің мақсаты - жастарды болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін бизнеспен экономикаға үйрету, нарықты зерттеу мен жеке кәсіпкерлікті бағалауға ынталандыру.
Экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
- оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
- басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластық, тәртіптілік, т. б қасиеттерді дағдыландыру.
- экономикалық есеп, талдау жасап дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.

Экономикалық білім отбасынан басталады, оның өмір салты балаға ақша, еңбекақы туралы ұғымды білдіреді. Бұл сабақта әрбір студент ақша тауып, оны жұмсайтын адам ретінде қоғам мүшесі болғандықтан экономикалық білімсіз өмір сүре алмайтынымызға көзіміз жетті.
Экономикалық білім берудің мақсаты - жастарды нарық заманында өмір сүріп еңбек етуге бейімделе алатын бәсекеге қабілетті адамды тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті болу үшін, біріншіден, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру қажет. Екіншіден, оқушылардың біліктілігімен сапалылық құрамы талапқа сәйкес болуы тиіс. Үшіншіде, оқу үрдісі инновацияға негізделуі және төртіншіден, оқу орнының материалдық - техникалық базасы мықты болуы керек.

Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші - студент жастардың білім деңгейінің жоғары және олардың парасатты, аса тәрбиелі тұлғалар болып қалыптасуы. Өйткені бүгінгі күнгі студенттер - ертеңгі зиялылар. Күні ертең - ақ, олар өндірістік және әлеуметтік басқару жүйесін өз қолдарына алады. Қазіргі кезде қоғамдағы кең етек алып келе жатқан ой - пікірлердің көбісі бүгінгі ұрпақтың тәрбиесіне келіп тіреледі. Тәрбие - ұлы іс, онымен адам тағдыры шешіледі - деп, В. Белинский дәл айтқан.

Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көріну мақсаттарын қойып отыр. Бұл орайда президент Н. Ә. Назарбаев Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек - деп атап көрсеткен-ді.
Жалпы алғанда экономика сабағы тарих, құқық негіздері, математика, география, бейнелеу өнері, еңбек пәндерімен тығыз байланысты.
Мысалға алатын болсақ, химия сабағында студенттерге зертхана жабдықтарын, түрлі материалдарды, жылу энергиясын, суды үнемдеп үйренуді, эксперимент және т. б жасауды үйренеді, ал экономика сабағынан ұлттық кіріс, мемлекеттік қаржы, еңбекақы, пайда, өзіндік құн, акция, бизнес, нарық, ақша және т. б ұғымдарды меңгереді.
1.1. Тұлғаның экономикалық мәдениеті: Экономикалық білім негіздерімен қаруландыру үшін белгілі бір циклдер бойынша әңгіме немесе іс - шаралар өткізуге болады. Тұрмыстағы экономика, Біздің айналадағы экономика, Дүниенің кілті - экономикада тақырыбында плакаттар сайысы, нарық саласында жазылған эссе, өлеңдер және экономика сұрақтары бойынша көшбасшы сайысын ұйымдастыру, банк қызметкерлерімен кездесулер, жыл сайынғы елбасының халыққа арналған жолдауын (экономика бойынша) насихаттау мен таныстыру. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тақырыбында пікірталас жүргізіп, өз ойларын ашық түрде айта алады. Осындай мәселені көтеру арқылы елімізде келешекте жастарды үлкен өмір жолында әділ де шыншыл, иманды да қарапайым, ар - ұяты таза, дұрыс өмір сүру деңгейіне көтереді. Экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті дамушы елдерде мұнай көлеңкелі мәселені ертеректе қолға алып, қазір де аз пайыздық мөлшерде ғана көрсеткіш береді.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер:
:: Жаттықтыру. Әр түрлі іс - әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемді пайдалану, т. б.
:: Тәжірибелік жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасында, оқу өндірістік кооперативте, үйелмендік мердігерлікте немесе үйелмендік шығармашылық қожалықтарында, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Тәжірибелік және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
:: Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
:: Сандық материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділігін анықтау.
:: Ғылыми - техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
:: Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару. Сөздікті пайдалана білуге оқушыларды үйрету, олардың сөздік қорын молайту.
1.2. Тұлғаның мәденеиетің қалыптастыру: Экономикалық сана экономикалық қатынастардың көрінуі мен тану амалы ретінде қызмет атқарады, тиісінше бұл білімдер экономика саласындағы процестерді реттеу үшін қолдануға қажет. Ол әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың, тікелей экономикалық нақтылықты бейнелеуші және нақтылы бір тарихи сәтте қоғамдағы әр түрлі құбылыстарға өз ойын көрсетуші экономикалық білімдер мен идеялар, көзқарастар жиынтығын білдіреді.

Экономикалық сана-сезім экономикалық тәжірибе барысында қалыптасады, оның иеленушілері жекелеген жеке адамдар, топтар бола алады. Білімнің санаға ауысуының басты өлшемі, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық идеяларға, көзқарастарға және теорияларға қажеттілігі болып табылады. Экономикалық сана-сезімнің дамуы агенттіктердің экономикалық мүдделерін табысты іске асыру үшін маңызды. Мысалы, нарыққа өту халықтан нарықтық білімнің негізін игеруді, жекешелендірудің механизмдерін, жеке істі ұйымдастыруды, сауда ережелерін және маркетингтік қызметтерді түсінуді талап етті.

Экономикалық сана теориялық сана-сезім мен эмпирикалық ой болып екіге бөлінеді. Сана-сезімнің теориялық деңгейі экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін категория мен тұжырымдама нысанында жүйеленген экономикалық білімді көрсетеді. Экономикалық ой шаруашылық өмірдің іс жүзіндегі тәжірибесінен туындаған көзқарастарды қамтиды. Адамдар күнделікті өмірінде, қандай да бір тұрғыда әрекет етуге шешім қабылдай отырып, осындай үйреншікті сана-сезімді басшылыққа алады.

Поп Хейне экономикалық сана мен ойдың жұмыс механизмін бейнелейтін қызықты салыстырма келтіреді. Қазіргі индустриалдық экономикада миллиондаған адамдар үшін көптеген күрделі игіліктерді өндіру үшін қажетті күш-жігерін жоғары дәлдікпен мақұлдап отыру қалайша мүмкін болады деген сұрақ қойылады. Мысал ретінде жол қозғалысының шарықтау сағатындағы тәртіпке келтіргендігін келтіреді, ол тиісінше әрбір жүргізушінің тәуелсіздігін сақтай отырып, қоғамдық әріптестікке түсуін және әрқайсысының өз мақсатына жету мүддесінің есепке алынуын көрсетеді.

Экономикалық іс-әрекетте мұндай үйлестіруге қол жеткізу ойлаудың экономикалық бейнесі арқасында мүмкін болады. Адамдар бір-бірімен өзара әрекеттесуден мейлінше пайда алуға ұмтылып, жеке мүдделері тұрғысынан әрекет етеді. Алайда, олар оған қол жеткізу, басқалары үшін де таңдау жағдайы болғанда мүмкін болатынын біледі. Сонымен, қоғамда, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде туындайтын таза табыстағы өзгерістерге өзара бейімделуінің үздіксіз процесі болып жатады. Хейне ойлаудың экономикалық бейнесінің өзара байланысының төрт ұстанымын бөліп көрсетеді: адамдар таңдайды, тек қана жеке адамдар таңдайды, жеке адамдар ұтымды түрде таңдайды, барлық қоғамдық өзара әрекеттесулерді нарықтық процесс ретінде түсіндіруге болады.

Экономикалық әрекеттер қоғамның жинақтаған тәжірибесін және білімін шаруашылық тәжірибе барысында қалыптасқан дәстүрлер мен мінез-құлық нормаларын өзіне сіңірген әрекет етудің дайын тұжырымдық схемасына негізделеді. Адам тек қана экономикалық мүдделер мен ниеттерінің тасушысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет иеленушісі мен жасаушының өнімі ретінде көрінеді.

Экономикалық мәдениет экономикалық мінез-құлықтың реттеушісі болып табылатын шаруашылық нормалардың, мінез-құлық үлгілерінің, таптаурындардың, құндылықтардың, дәстүрлер мен нысандардың, кәсіби білімдер мен қасиеттердің тұрақты жиынтығын білдіреді. Ол мәдени құндылықтар мен нормаларды сақтайды, экономикалық дамудың әлеуметтік зердесі болады, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың экономикалық ресурстарды бақылау басым болатын әдістерін тудырады. Экономикалық мәдениет бірқатар қызметтер атқарады: таратушылық (болашақ ұрпаққа маңызды әлеуметтік-экономикалық құндылықтар мен нормаларды сақтап, жеткізу); іріктеу (мұраға қалған нормалар арасынан қазіргі жағдайда қолдап отыру мақұл болатындарын таңдап алу); инновациялық (экономикалық сана мен ойлаудың элементтерін жаңарту, экономикалық әрекетке жаңа технологиялар мен ұйымдастырудың жаңа нысандарын енгізу).

Отандық экономикалық әлеуметтанудың табысты дамуы Батыс әлеуметтануындағы құрастырылған бай ұғымдар мен операциялық зерттеу схемаларын игеріп, қайта қорытуға байланысты. Әлеуметтанушылық-экономикалық зерттеулердің жұмыспен қамту және еңбек нарығының қатынасы, кәсіпкерлік, келісім-шарттық қатынастар, формальды емес экономикада экономикалық мінез-құлық саласын зерттеудің кеңеюі талдау санатының мазмұнын тереңдете түседі, оларды эмпирикалық сипатпен толықтыра түседі.
ІІ. Мәденеиет туралы жалпы түсінік: Біздің мемлекетіміздің қазіргі білім жүйесіндегі ең бір приоритетті бағыттың бірі - тәуелсіз Қазақстан азаматтарының жаңа ұрпақтарын тәрбиелеу болып табылады. Жас азаматтарды өз бетінше өмірге дайындау және олардағы белсенді азаматтық позицияларды қалыптастыру. Оның негізгі компоненттері, яғни үйлесімді сай келетін патриоттық, халықаралық сезіммен өнегелі-құқықтық және экономикалық мәдениет, жалпы мемлекетіміздің сондай - ақ еліміздің басқа азаматтарына сену мен оларды сыйлау жатады.

Осы бағыт қызметінің даму мен динамикасы уақыт призмасы арқылы қоғамдық қатынастардың даму тарихына барады. Өткенге қызығушылық әрқашанда тарихтың шұғыл бұрылысында жоғарылайды. Тарих - генетикалық еске сақтаумен ерекшеленеді. Ол халық пен мемлекетке тұқымқуалаушылық ауруларды қалдырады. Менің замандастарыма осы ауруларды айыра оқып тануға тура келеді. Бізге ешқашанда қателіктерден қорықпау қажет. Сол қателіктерді қайталамаудан қорқу керек.

Ұмтылу - ол жастардың қалыпты қажеттілігі. Осы кезде жастар қандай да бір салада өздерінің барлық мүмкіндіктерін көрсетуге тырысады. Тек қана әртүрлі ғылыми - практикалық қызметтерге қатысу арқылы тұлғаның жеке тұлғалық және социализациялық процесстері қарқынды жүреді, сондай - ақ өзінің немесе командасының іс - қимылдарына құқықтық жауапкершілікпен саясат бостандығына дайын болады. Әлеуметтану динамикалық сипаты болғандықтан, тұлға-бұл әрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның деградациялануы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып және оның әрекеті алдын-ала бағдарланып қойылған жағдайда, яғни әрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Адамды қоғамнан және қарым-қатынастан бездіру әрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мәніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы-оның адамгершілік-рухани мәні. Тұлға мазмұнының және бағалауының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік және жауапкершілік деңгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді. Адамның бойындағы инттелектуалдық - адамгершілік және еріктік қасиеттері неғұрлым айшықты көрінген сайын, оның өмірлік бағдарлары жалпы адамзаттық құндылықтармен сәйкес келеді, тұлғаның өзі де маңызы артып, бұл құндылықтардың орнығуы мен дамуына оң ықпалымен әсер етеді.

Бұл тұрғыда ол өз рухы, еркіндігі, шығармашылығы мен қайырымдылығы жақтарымен сипатталады. Тұлғаның ерік - жігері мен рухының күштілігі, оның адамгершілік қайыпымдылығы мен тазалығы тек нақты практикалық әрекетте және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда ғана бекіп, іске асады.

Дәл сондай жағдайда ғана, яғни іс нақты қылыққа жеткенде ғана тұлға болудың, еркін болудың, адал, принципиалды болудың және т.б. қиын да ауыр екендігі аңғарылады. Өйткені, егер индивид өзін шын тұлға деп есептеп, соған ұмтылса ол өзінің тек ақыл-ойында ғана емес, ең алдымен қылықтарында да жауапкершілігі болуы тиіс. Тұлғаның еркіндік жағынан сипаттамасы сөзсіз қажет. Еркіндік тұлға атрибуты, бірақ жауапкершіліксіз еркіндік- бұл шектен тыс бейберекетсіздік. Сондықтан жауапкершіліктің тұлға атрибуты ретіндегі маңызы бір де кем емес, кейде ерікті болғаннан жауапкершілікті болған қиынырақ.

Сонымен, тұлға болу қиын. Нағыз тұлға еркіндігі мен жауапкершілігі үнемі шығармашылықты, көңіл-күй сілкінісін, уайым қайғыны талап етеді. Тұлға неғұрлым жоғары және маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси процестер жүйесіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін зерттеу
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Ұлтаралық және этносаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың генезисі
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары
Құқықтық мәдениеттің түсінігі және түрлері
Ынтымақтастық педагогика
Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер