Кәсіпкерлік мәдениетті және мемлекет


Кәсіпкерлік мәдениетті және мемлекет
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына, жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: - өндірістің төиендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі
• жұмыссыздық, құрылымдық баланстың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, дүниежүзілік нарықта отандық өнімдердің бәсеке қабілеттігінің жоқтығы, инвестицияның төмендеуі т. б. қоршаған отаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл экономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін (өлшемдерін) білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық соның салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критерияларын білуі керек.
Жұмыссыздық - бұл нарықтық экономикаға тән элемент.
4-6% жұмыссыздық, бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздық пен күресу үшін оның, критериясы табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция - тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға еш уақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазақстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағадының өсуі; 65 мыңнан астам болды. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның 1 деңгейіне байланысты. Инфляцияньщ үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10%-тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция (шектен шыққан), инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға қарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес, сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияньщ екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндік ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік "дәрісі" бар. 3. Бюджет жетіспеушілігі - бұл мемлекет шығындарының кірістен артық болуы. Бұл проблеманың ақталатын себептері бар. Мысалы, АҚШ экономикасында бюджеттің жетіспеушілін дүниежүзіндегі елдерден әлде қайда көп. Былай қарағанда ел қарызбен күн көріп отырған сияқты. Бұл үлкен мемлекеттік борыш кешірімді болады, болашақ ұрпаққа пайдалы болады, егер инвестицияларды елдің өндіргіш күштерін нығайтуға жұмсаса, ал инвестиция қазіргі тұрмысты реттеуге жұмсалса болашақ ұрпаққа обал болады.
Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекешелендірудің барысы.
Біздің республикада нарықтық экономикаға көшу барысында жекешелендіру мәселесіне айрықша мән беріліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Қазақстанда жекешелендіру мәселесі жалпы құқықтық актілер жүйесі арқылы реттелді. Соның айғағы, «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы» Заң қабылданды, оның артынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен бекітілген бірінші бағдарлама - Қазақстанда мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ акциоиерлеу және жекешелендіріліп отырған кәсіпорындардың балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.
1993 жылдың наурызында қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттың бағдарламасы» мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының тәртібін анықтады. Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына, салалық тиістілігіне, қызметкердің жұмысына, негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ірі кәсіпорындар тортарына бөлінетін болды.
Осы кездерде энергетика, металлургая, көлік, телекоммуникация, ірі сауда орталықтары салаларындағы объектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Осындай жекешелендіру шеңберінде 3 кәсіпорынның: Шымкент кондитерлік фабрикасының, Алматы темекі комбинатының, Қарағанды металлургия комбинатының пакеттері мен активтері сатылды.
Агро-неркосіптік жүйедегі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру оның әр түрлі салалары мен кәсіп-орындардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілді. Бірінші кеңшарлар мен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары фермерлік немесе шаруа қожалықтарына, ауыл шаруашылық кооперативтеріне, шағын кәсіпорындарға және шаруашылық етудің басқа да мемлекеттік емес нысандарына қайта құрылып жатты.
Ауыл шаруашылық құрамаларының санаттар бойынша қолда бары (2000 жылдын 1 қаңтарындағы жағдай бойынша)
Оның ішінде
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Республикада 1993-1995 жылдары аграрлық-өнеркәсіптік саладағы мемлекеттік кәсіпорындар жалпы санының 70, 2% жекешелендірілді. Осымен қатар, аграрлық-өнеркәсіптік жүйеде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.
1996 жылдың ақпанында 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттік мүлікті қайта құрылымдау мен жекешелендірудің үшінші бағдарламасы бекітілді, ал 1997 жылдың басында секторлық бағдарламалар қабылданды. Олардың басты мақсаты - мұнай-газ және көлік-коммуникациялық кешенінің, өндіріс, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт кәсіпорындарын жекешелендіру процестерін жандандырудың негізінде Қазақстан экономикасында жеке секторлардың басым орын алуына қол жеткізу және оны тереңдету болды.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналган төртінші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен ведомстюларда берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді.
1999 жылгы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттырудың және жекешелендірудің 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілді. Ол мемлекеттік мүлікті есепке алуды жақсартуға, мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің құқықтың негіздерін жетілдіру ге, жекешелендірудің конкурстық және транспаренттік қамтамасыз етілуіне, алдағы жылдарда жекешелендіру барысында туындайтын проблемаларды реттеуге бағытталады.
Жекешелендірудің бүкіл республикадагы сияқты Оңтүстік Қазақстан облысында да табысты сипаттарға ие болды. 1991 жылдан бастап 2001 жылға дейін 2533 кәсіпорын меншіктің әр түрлі нысандары бойынша қайта құрылды. Соның ішінде қоғамдың тамақтандыру мен сауданың 804, коммуналдың шаруашылықтың 59, өнеркәсіптің 140, құрылыстың 66, көліктің 67, ауылшаруашьшығының 211, басқа салалардың 766 кәсіпорны бар. Бүкіл жекешелендіру кезеңдері бойынша осы облыстың бюджетіне 2260 млн. теңге қаржы түсті, оның ішінде 1999 жылы - 83, 7 млн, ал 2000 жылы - 14, 7 млн. теңге.
Қазіргі жағдайдағы шағын кәсіпкерліктің даму проблемалары
Елдегі -шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін, аталған проблемалардың арасындағы ең маңыздысы 1991-1996 жылдардағы экономиканың осы саласының дамуы туралы нақты ақпараттың болмауы болып табылады, бұл кәсіпкерлік құрылымдарының қызметін терең талдауы мүмкіндік бермейді. Біздің жағдайда, ресми статистикалық базанын сапасы объективтік және субъективтік шарттарға байланысты. Объективті себептерге шаруашылық жүргізуші субъектілер есептерін бұрмалануын, субъектілерді экономиканың осы секторына жатқызудың бағалау өлшемдерінін тұрақсыздығын жатқызуға болады. Субъективтік себептерге ҚР статистика жөніндегі Агенттік және белгілі бір уақыттар аралықтарында елдегі шағын кәсіпкерлікті тікелей тексеретін ұйымдар берілетін алғашқы статистикалық ақпараттың арасындағы өзгешеліктер жатады. Оларға экономика және сауда. Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау Департаментің стратегиялық жоспарлау және қайта құрулар жөніндегі Агенттігін, ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігін, индустрия және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Комитетін жатқызуға болады.
Осыған сәйкес, экономикалық әдебиеттер мен диссертациялық жұмыстарда ШКС-рі қызметі туралы едәуір қайшы келетін ақпарат берілді Сонымен қоса, акпараттық база шаруа (фермерлік) қожалықтары мен жеке тұлғалар жұмысынын нәтижелерін назардан тыс қалдырып, негізінен тек шағын кәсіпорындардын қызметін қамтыды.
Статистикалық ақпаратты талдау 1997-2001 жылдар аралығында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану қажеттілігін көрсетті. Бұл ақпарат барлық шаруашылық жүргізуші ШКС, соның ішінде заңды және жеке тұлғалары қызметінің нәтижелерін камтыды. Берілген Агенттіктің ақпараты, облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдері беретін, есептілік мәліметтеріне негізделеді.
Берілген Агенттіктің ақпараты Республикадағы шағын кәсіперлікті дамыту мен қолдаудың 1999-2000, 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын дайындауда, 2000 жылы кәсіпкерлер форумындағы ел басы баяндамасында пайдаланылды. 2002 жылдан бастап, ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтерін пайдалану ұсынылады.
Екінші жағынан статистикалық ақпараттың күмәнділігі ШКС-н нақты жіктемесінің болмауына негізделген. Қазіргі кезде республиканың ШКС шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер (жеке тұлғалар) болып табылады. Біздің зерттеулерімізде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жіктемесі толықтырылып дәлелденген, ол мемлекет заңдарымен бектілген, бағалау өлшемдері бойынша орындалган (сурет 1) .
ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СИПАТЫ.
РЫНОКТЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру, әкімшілдік-әміршілдік жүйеден рыноктық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды. Осы кезең ішінде радикалды саяси және экономикалық реформалар жасалды, жаңа дүниетаным қалыптаса бастады. Көп партиялы саяси жүйе қалыптасуды, сөз бостандығы, баспасөз, митинг, шеру жасау бостандығы мен басқа да демократиялық қоғамга тән құбылыстар қоғамдық өмірімізде орын алуда. Экономика саласыңда негізгі мәселе меншікті мемлекет иелігінен алып жекешелендіру жұмыстары қолға алынды. Соның нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындармен қатар, кооперативтік, жалгерлік, акционерлік қоғамдар мен серіктестіктер, жекелеген кәсіпкерлер пайда бола бастады. Алайда өтпелі кезең көптеген күтпеген қиындықтарға әкеп тіреді. Соңғы 10 жыл ішінде дағдарыс одан әрі тереңдей түсуде. Дағдарыс экономика мен басқару, қоғамның саяси өміріне, ұлтаралық қатынастарға, мәдениет пен қоғамдық мораль, өмірдің барлық салалары мен жақтарына ықпал етіп отыр. Дағдарыс бір бүйірден қысса, экологиялық жағдай халықтың денсаулығы мен әлеуметтік тұрмысын одан әрі күйзелте түсуде. Мұның бәрі еліміздің қиын кезеңді бастан кешіп жатқандығының көрінісі. Сондықтан еліміздегі жагдайды қалпына келтіру мен реформаны одан әрі қарай тереңдетіп жүргізу үшін ірі мемлекеттік шаралар кешенін барлық салалар бойынша жасап, іске асыру қажет.
Өтпелі кезеңде қандай негізгі мәселелер шешілуі керек? Бұл - жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтандыру, кәсіпкерлікке ынталандыру, шекараларды импорт үшін ашу. Ең негізгісі - халықтың тұрмысы төмен топтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік саясат ұстану. Рыноктық құрылымдарды қалыптастыру. Рынок қоғам дамуының өзіндік мақсаты емес, тек қана құралы.
Елімізде рынокты дамытуға байланысты мақсат-мүдделеріміз қандай?
Бірінші мақсат - тауарлар мен қызмет көрсету рыногын дамыту. Мұнда өндірістік тауарлар, қызмет көрсетумен қатар, өндірістік емес мәні бар тауарлар және қызмет көрсету туралы да әңгіме болады. Бір жағынан қарағанда, мұндай рынок жаңалық емес. Бірақ нағыз рынок - жай сатып алу мен сату ғана емес, ол - тауар өндіру мен қызмет көрсетуде - таңдау мүмкіндігі. Соңғысы тек кана өңдірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады, әрі адамның табиғатына сәйкес, оның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады. Таңдау мәселесін шешу - тауарлар мен қызмет көрсету рыногын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек. Бұл шарттар қажет, бірак жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсолютті емес. Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керектті тауарды тандау үшін білімі мен мәдениет деңгейі болуы керек, әр түрлі ақпараттарға, жарнамаларга зер салып отыруға тиіс, ал бұл адамның маңызды қасиеттерінің бірі - таңдай білу талғамын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, рыноктық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz