Орта ғасырлар лингвистикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3

Негізгі бөлім
7
1
Қазақ тіліндегі есім сөз таптарының ғылыми теориялық негіздері
10
1.1
Қазақ тіліндегі есім сөз таптарының зерттелу тарихы
13
1.2
Етістік және көмекші сөз таптарының зерттелуі
15
1.3
Мектеп оқулықтарындағы баяндауыш болатын сөз таптарының берулі сипаты
17
2
Қазақ тіліндегі сөз таптарының синтаксистік сипаты
19
2.1
Баяндауыш болатын сөз таптарының грамматикалық белгілері
22
2.2
Сөз таптарының баяндауыш болу қызметін мектепте оқыту жолдары
23
2.3
Баяндауыш болатын сөз таптары бойынша тіл ұстарту жұмыстары
24

Қорытынды
25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
28

Баяндауыш болатын сөз таптарын оқыту жолдары

Кіріспе

Сөйлеу-бұл қарым-қатынас, эмоцияларды білдіру, ойды жобалау, қоршаған әлемді тану, өз іс-әрекеттерін жоспарлау және т.б. үшін тілді қолданатын адамның әрекеті. Сөйлеу-кез-келген ақыл-ой әрекетінің негізі, байланыс құралы.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі компоненттердің бірі-сөйлеуді дамыту. Осыған байланысты қазіргі мектептің міндеті-балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың ең тиімді қоғамдық формасына қол жеткізу.
Оқушылардың сөйлеу іс-әрекетін қалыптастыру проблемасына әрқашан үлкен көңіл бөлінді. Қазіргі уақытта оқушылардың сөйлеу дамуының жалпы тенденциялары белгіленді, сөйлеуді пәнаралық деңгейде дамыту идеясы негізделді, сөйлеу қарым-қатынасының проблемалары ашылды, оқушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастырудың мүмкін жолдары анықталды, сөйлеу сөзінің монологиялық және диалогтық формаларына талдау жасалды, бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеуін қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері анықталды.
Бұл бағытта қазіргі заманғы талаптарға сай келетін өзекті және проблемалардың бірі-сөйлеуді зерттеу, балалардағы сөйлеу әрекетін дамытудың тиісті әдістері мен әдістерін, формалары мен құралдарын іздеу.
Балалар ана тілін сөйлеу әрекеті, сөйлеуді қабылдау және сөйлеу арқылы меңгереді. Сондықтан балалардың сөйлеу әрекетіне, қарым-қатынасқа, өз ойларын білдіруге жағдай жасау өте маңызды. Бұл тақырыптың өзектілігін түсіндіреді, мәселені, объектіні және зерттеу тақырыбын таңдауды анықтайды.
Көптеген ғалымдар [лингвисттер, философтар, психологтар, әлеуметтанушылар, педагогтар] сөйлеу мәдениетінің жалпы деңгейінің төмендеуіне таң қалады. Сондықтан тілдік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізу қажет.
Орыс ғалымы К. Д. Ушинский "сөз сыйын" дамытуды тілдің қазынасын саналы түрде иеленумен бірге бірінші орынға қойған. Ол логика, әдеби үлгілер, оларды талдау, грамматикаға сүйену, оқушылардың шығармашылығы, олардың тәуелсіздігі сияқты факторлар бар бағытты құрды.
Зерттеу нысаны: Баяндауыш болатын сөз таптарын.
Зерттеу пәні:қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеуін дамыту құралы ретінде шығармашылық жұмыс.
Зерттеу жұмысының мақсаты:шығармашылық жұмыстарды қолдана отырып, орыс тілі мен әдеби оқу сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуін дамыту бойынша жұмыс әдістерін жүйелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеуін дамытудың теориялық аспектілерін зерттеу.
2. Оқу-тәрбие процесінде сөйлеу әрекетінің рөлі мен маңыздылығын анықтау.
3. Практик - мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып, келісімді сөйлеуді дамытудың әдістемелік әдістерін жүйелеу.
Әдістері:
1.Теориялық: психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау;
2.Эмперикалық: оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінің өнімдерін бақылауды, зерттеуді және талдауды қамтитын мақсатты тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру.
Жұмыс құрылымы:жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған көздер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1. Қазақ тіліндегі есім сөз таптарының ғылыми теориялық негіздері
1.1 Қазақ тіліндегі есім сөз таптарының зерттелу тарихы

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына общая теория частей речи сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды. тіл білімінде сөз таптары және олардың классификациясы туралы мәселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қарауға тиісті мәселе болап табылады. [1, 152-154].
Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар. Олар:
1. Ежелгі заман лингвистикасы.
2. Орта ғасырлар лингвистикасы.
3. Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы.
4. ХІХ ғасыр лингвистикасы.
5. ХХ ғасыр лингвистикасы.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египедтіктердің, шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдиниеті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғасырлардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Ежелгі дәуір - лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.
Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша тіл туралы ғылымның алғаш пайда болуы ежелгі үнділерден басталады. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған Веда деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Веда жөніндегі зерттеулер үнділердің аса көрнекті лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманымызға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол - Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған Аштадхьяй [Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі] деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттелген. Панини еңбегі - тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматикасы. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Панинге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағына ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы т.б. көптеген грамматиканың мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген оның жолын ұстанған лингивист-ғалымдар болды. Солардың бірі - біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи - салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы мен ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің Пракрит грамматикасы дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі - философ-лингвист Бхартхари. Бұл - тіл мәселелерін философияға байланыстыра қараған ғылым.
Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман бойына осы үш ғалымның [Панини, Катьяна, Бхартхари] мұраларын жинақтап, талдап түсіндірумен болды.
Эренбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған Теориялық лингвистикаға кіріспе деп аталатын еңбегінде Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың көпшілігі Панини дәстүрін қолданған деп жазады.
Ежелгі дәуірі лингвистикасының тағы бір отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистакасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. В.Энгельстің Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Европа да болмас еді, - деген сөзін тіл біліміне байланысты айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланыста сол елден бізге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лнигвистикасы Гомердің Илиада мен Одиссея жырының тілін зерттеуден басталады. Эллинизм дәуіріне дейін тілді лингвистикалық тұрғыдан емес философиялық тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді соның ажырамас саласы деп есептеген ежелгі Греция философтарының бір ерекшелігі - тілді құдай жаратты деген діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема - грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді соның бір саласы ретінде логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон пен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық катергориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Яғни, екі кезеңге бөлінген [философиялық кезең V-ІІІ ғғ., филиологиялық кезең ІІІ-ІV ғғ.] Грецияда философиялық дәуірдің көрнекті өкілдері Платон, Аристотельдер сөздерді логикалық негізде жіктеп, есім, етістік, жалғауыш деп ажыратты.
А.Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грецияда морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Грецияны жаулап алған римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестіндіріп қолданудан аса қойған жоқ. Рим грамматистерінің ішіндегі ең көрнектісі - Варрон [жыл санауымызға дейінгі І ғ. өмір сүрген], кейінірек Доната [ІV ғ.] болды. Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар. Рим грамматистерінің жаңалығы өздерінен бұрын анықталған сөз таптарына одағайды қосуы болды. Сонымен қатар олар латын тілінде болмауына байланысты артикльді сөз табы қатарынан алып тастауы арқылы сегіз сөз табын анықтады: 1] Есім; 2] Етістік; 3] Есімше; 4] Есімдік; 5] Үстеу; 6] Шылау; 7] Предлог; 8] Одағай.
Орта ғасыр -- адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі - әр түрлі діндердің туып, дүние жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан діндерін жатқызуға болады.
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі - арабтар. Бұлардың жазбалары IV ғасырлардан басталады. Арабтар - тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі - халипат дәуірі деп аталатын VII-XII ғасырлар шамасы. Арабтар үнді, грек лингвистикасының табыстарын жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға көп көңіл бөледі. Қейбір ғалымдар [Сибавейхи] жасалу орнына қарай дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде де [көрнекті өкілі - Сибавейхи, 796 ж. жазылған Ал Китоб деп аталатын еңбегінде], әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотелъге еліктеген. Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа бөледі. Арабтар ежелгі дәуірдегі лингвистикалық табыстарға сүйенеді дегеннен соны көшіріп алды деген ұғым тумайды. Арабтар оларды қайталаған жоқ, өзіндік тың жол салды, соны пікірлер айтты [18, 215-217.
Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі XV-XVI ғасырлар арасын қамтиды.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе - орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нүсқаларын тауып, жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Әлемдік тіл білімі тұрғысынан алып қарағанда бұл дәуір тілдік материалдар жинақтау сипатымен ерекшеленеді. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында Ж.Скалигердің 1540 жылы шыққан Латын тілінің негіздері туралы, Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан Латын тілі қазынасы және Грек тілі қазынасы, араб ғалымы П.Алкаланың Араб тілі грамматикасы [1505-жыл], Рапхлиннің Еврей тілі грамматикасы [1506 жыл] атты еңбектерді атауға болады. Осылармен қатар XV-XVI ғасырлар ішінде испан, корей, нидерлаңд, жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерiнің грамматикалары шығарылды.
1757 жылы М.В.Ломолосовтың Россия грамматикасы, т.б. жарық көрді. Бұл әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне көбірек сүйенген еңбек болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулының барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері, өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан және осы бағытта жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбек еді.
ХІХ ғасыр лингвистикасындағы салыстырмалы-тарихи әдіспен тіл білімінің қалыптасуының алғашқы басқышы болды. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді - дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танумен ерекшеленді. Бұл ғасыр лингвистикасында бірнеше ағымдар мен мектептер, сондай-ақ салырмалы-тарихи әдіс негізінде жазылған еңбектер дүниеге келді. Жас грамматистер бағыты деп аталатын көзқарас қалыптасты.
ХХ ғасыр тіл білімі Жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. ХХ ғасыр лингвистикасы - лингвистикалық ой-пікірлер дамуының жаңа кезеңі болып саналады [3, 12-35].
Міне, сонау ежелгі үнді, гректердің тіл туралы алғашқы еңбектерінен бастау алатын сөздерді түрлі топқа бөлу ілімі осылайша өзінің пайда болу, даму кезеңдерін бастан өткізді.

5.1 Етістік және көмекші сөз таптарының зерттелуі

Орта ғасырлардағы Махмұд Қашқаридің Мұхаммед ибн Қайсаның, Асир-ад-Дин Абу Хайианның, т.б. еңбектерінен бастау алатын түркі тілдеріндегі сездерді таптастыру мәселесі XVIII ғасырда орыс түркологтарының еңбектерінде жалғасын тапты. Араб ғалымдары аталған еңбектеріңде араб грамматикалық ілімінің үлгісімен түркі тіліңдегі сөздерді логикалық тұрғыдан есім, етістік, демеулік деп белсе, орыс түркологтары әлемдік лингвистиканың кейінгі дамуы барысында қол жеткен жетістігі тұрғысынан алғашқы кезеңде семантикалық және синтаксистік принципті басшылыққа ала отырып сөз таптарына ажыратты.
Араб тілінде, араб грамматикасымен түркологиялық еңбектер ХІ-ХV ғасырлар арасын қамтиды. Осы мезгіл ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы сөздіктерін жасау, шағын көлемді практикалық, грамматикалық очерктерін жазу саласында едәуір жұмыстар істелді. Сондай еңбектердің ең алғашқысы және ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан, Бағдат ғалымы Махмуд Қашқари жасаған Диуани Лұғатит Түрік деп аталатын сөздік. Мұнда түркі тілдерінің сөз қолданысы, оның семантикалық, дыбыстық, грамматикалық сипаттары, бір-біріне ұқсастық, өзгешеліктері кең қойылып, терең баяндалған.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені сөз табының ерекше, әрі күрделі тобы - етістік деуге болады. Өйткені, екінші том - түгелімен етістік және сөз табына қатысты ережелерден тұрады. Үшінші том мен Индексте де етістіктер басым.
Араб ғалымдары Махмұдтың Диуанынан кейін де бірнеше салыстырмалы сөздіктер жазылды. Сондай сөздіктің бірі - Абулқасым Махмұд ибн Омар [Әл-Замахшари] жасаған Муккаддимат әл-Адаб [әдебиетке кіріспе] деп аталатын арабша - парсыша - түрікменше - монғолша сөздік. Еңбек төрт бөлімнен құралған: бірінші бөлімі есім сөздерге; екінші бөлімі - етістікке арналған.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір материал - араб ғалымы Жамал-Аддин Мұхаммед ат - Турки жазған Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге арналған кітап деп аталатын сөздік. 71 беттік бұл сөздік екі бөлімге бөлінген: есім деп аталатын бірінші бөлімінде астрономиялық, топономикалық атаулар және үстеу сөздер берілген, екінші бөлімінде - етістік сөздер. Бұлардың бәрі де арабша-қыпшақша сөздік түрінде берілген.
Міне, осылайша араб ғалымдарының аталған еңбектерінде араб грамматикалық ілімінің үлгісімен түркі тіліндегі сөздерді логикалық тұрғыдан есім, етістік, демеулік деп үшке бөлсе, ХVІІІ ғасырда орыс түркологтарының еңбектерінде әлемдік лингвистиканың ішкі дамуы тұрғысынан сөздерді таптастыру мәселесі өз жалғасын тапты.
Н.И. Ильминскийдің, М.Терентьевтің, В.В. Катаринскийдің, И.Лавтевтің еңбектерінде қазақ тілі сөздерін зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, жалғаулық, септеулік, үстеу, одағай деп бөлсе, П.М.Милиоранский мен Г.В.Архангельский ғана зат есім мен сын есімді ажыратпай, бір ғана сөз табы ретінде танып, сегіз сөз табын атайды.
Қазақ тілінде сөз таптастыру проблемасының зерттеліп жарық көруі ХХ ғасырдың 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы - 1914 жылы Тіл құралы деген атпен Орынборда жарық көрген А.Байтұрсынов жазған оқулық. 1914 жылы жарық көріп, кейіннен бірнеше дүркін қайта басылған еңбекте автор сөздерді алдымен атауыш сөздер, шылау сөздер, одағайлар деп үш топқа бөледі де, бұлардың біріншісіне зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістікті; екіншісіне үстеу, демеу, жалғаулық деп аталатындарды жатқызады да, одағайды өз ішінен еліктеуіш, септеуіш одағайлары деп екіге бөледі. Осы еңбегінде айтылған пікірлерін Тіл құралының 1924 жылғы басылымында кеңейте, дәлдей түседі.
Бұған қарап, А.Байтұрсынов тіліміздегі сөздерді таптастыру ісінің берік іргетасын қалаушы деуімізге болады.
Қазақ тіл білімінің басқа да салалары сияқты морфологияның да жоспарлы түрде кең көлемде зерттелуі 40-жылдардан басталады. Бұл онжылдықтың атап айтуға тұрарлық бір жаңалығы - қазақ тіл білімінің салаларын даралап арнайы зерттеу, солардың негізінде [кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғау болды. Мұндай зерттеулерде ғылымның басқа салаларынан гөрі морфологияға қатысты мәселелер көбірек қамтылды. Тек 40-жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, көсемше, етіс шақ, көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
40-жылдар ішіндегі морфологияға қатысты еңбектердің бір елеулісі - Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев жазған Қазақ тілінің грамматикасы. Осы еңбектің морфология деп аталатын саласы Сөз деген тақырыппен басталады. Морфема дейтін грамматикалық термин қазақ тілі білімінде алғаш рет осы оқулықта қолданылған, бірақ авторлар оны қосымша формалардың ғана атауы деп түсіндіреді. Қ.Жұбанов еңбегінде өзгертіп қолданған грамматикалық терминдерді соңғы авторлар А.Байтұрсынов қолданған атаулармен атап, дұрыстаған.
Сонымен, терминдік, классификациялық ала-құлалықтарына қарамстан 40-шы жылдар ішінде қазақ тілі морфологиялық жүйесі А.Байтұрсынов қалыптастырған негізде ілгері дамыды. Бұған түркологияның 30-40 жылдар ішіндегі түркі тілдері грамматикалық құрылысын зерттеуде қол жеткен табыстарының да игілікті әсерi аз болмаса керек.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, жиырмаға тарта монографиялық зерттеулер мен кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістік категорияларын зерттеуге арналған Ы.Мамановтың, А.Қалыбаеваның, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының, Н.Оралбаеваның, Т.Ерғалиевтың еңбектерін, сын есім катергориясына арналған Ғ.Мұсабаев, Ж.Шәкенов, Ә.Төлеуов еңбектерін, сан есімге арналған Ә.Хасенов, одағай, еліктеуіш сөздерін зерттеген Ш.Сарыбаев, Катенбаева, үстеуді зерттеген А.Ысқақов, есімдіктерді зерттеген Ә.Ибатов, шылауларды зерттеген Р.Әміров,Т.Қордабаев, Ф.Кенжебаева т.б. еңбектерін атауға болады.
Морфологияға тән әртүрлі мәселелерді бөліп алып, жекелеп зерттеушілер қазақ тіл білімінде аз емес, бірақ солардың ішінде морфологияны, әсіресе оның есім саласын тұтас алып зерттеуші, оны өзінің ең негізгі ғылыми объектісі деп есептейтін ғалым - А.Ысқақов.
А.Ысқақовтың морфологияны ғылыми пән ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытуы және оны зерттеуі 40 жылдар ішінен басталды. Содан бері қарай жүргізілген ғылыми зерттеулердің ең соңғы қорытындысы Қазіргі қазақ тілі. Морфология деген атпен 1964, 1974, 1991 жылы оқулық ретінде бiрнеше рет жарық көрген кітабы [10, 96-102].
Соңғы жылдары қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясына елеулі жаңалық енгізген ғалым С.Исаев болды. Ғалым қазақ тіл білімінде бұрын да термин ретінде жиі қолданылғанымен, мән мағынасы күнгірт граммикалық мағына, грамматикалық форма, граммикалық категория секілді іргелі грамматикалық ұғымдарды қазіргі лингвистикалық даму дәрежесіне сай нақты анықтап, басын ашып беру арқылы сөз таптастыру мәселесінде де барынша айқындық енгізді.
Ғалымның бұл саладағы негізгі ерекшелігі - А.Ысқақов қалыптастырған жобаны сынай отырып сөз табына оныншы етіп модаль сөздерді қосып қарастыруы болды.

5.2 Мектеп оқулықтарындағы баяндауыш болатын сөз таптарының берулі сипаты

8б-сынып
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақ тілі пәні
Сабақтың тақырыбы:
Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптары
Жалпы мақсат:
Оқушылар сөйлем мүшелері туралы түсініктерін кеңейтеді.Баяндауышпен танысады, баяндауыш болатын сөз таптарын ажыратады.
Сілтеме :
Қазақ тілі жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық С.Аманжолов, А.Аманжолов, Г.Қосымова Мектеп2004

Оқу нәтижесі:
Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.
Түйінді идеялар :
Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз.Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау(1998)
Сабақта қолданы
латын материал
дар :
А4 парақтары, парақшалар,тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтар
Оқыту әдістері:
1.Топтық жұмыс
2.Жеке жұмыс
Тапсырмалар
Оқыту барысындағы мұғалімнің әрекетіжетелеуші сұрақтар
Оқушы әрекеті
Психология
лық ахуал туғызу
2 минут
Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады.
1. Кел,балалар,оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық
2. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
3. Білім-таусылмайтын кен,
Ақыл-сарқылмайтын бұлақ
-Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
-Еркін сөйлеу дағдысы оянады

I тапсырма
Ой шақыру
5 минут
-Адамдар бір-бірімен не арқылы түсініседі?
-Тиянақталған ой не арқылы жүзеге асады?
-Сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?
-Сөйлем мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
-Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
-Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
-Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
-Лепті сөйлем дегеніміз не?
-Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
-Дара мүше,күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не?
-Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
-Бастауыш дегеніміз не?

- Ұсынылған сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпқа қатысты өзіндік қорытынды шығарады.

-Бұрынғы білімдерін қолданады.
II тапсырма

Ойлан,
жұптас,пікірлес

Оқушылар топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған тақырыппен танысады.Оларға қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу тапсырылады. Жинаған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді.
I топ:
-Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
- Баяндауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып жіктеледі.
II топ
- Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.
-Сөйлемде етістік, сын есімдер,зат есімдер баяндауыш болады.

III топ
- Баяндауыш-сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі
-Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
-Сан есімдер, есімдіктер, көмекші етістік пен еліктеуіш сөздер баяндауыш болады.
-Жаңа оқу материалымен танысады,түсінеді;

-Өздері үшін керекті мәліметтер жинайды;

-Таныстырылым үшін ұсынылған мысалдар мен ұғымдарды түсінеді,ажыратады.

-Өзара тақырыптық талқылау арқылы тілдесім дағдылары жетіледі,бірін-бірі түзетеді;

-Топта жүргізілген өзара талқылау,талдау арқылы ЖАДА тиімділігін көреді.
-Ұсынылған мәліметтерді қолдана отырып,қайтадан тақырыптық мәтін құрастырады.
III тапсырма
38-жаттығу.

Қалыптасты
рушы бағалау

Айналмалы бекет

Ауызша кері байланыс
Оқушыларға сөздерден баяндауыш етіп сөйлем құрау тапсырмасы ұсынылады. Сағаттың бағытымен айнала жүріп, орындалған жаттығуларды тексеру тапсырмасы жүктеледі.
Iтоп.
... ... ..-ынтымақ, ... ... -байлық, ... .-оқу;
II топ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы жөнінде
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Салыстырмалы талдау
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ежелгі дәуір және орта ғасыр лингвистикасының қалыптасуы
Орыс түркологтарының еңбектеріндегі қазақ тілі сөздерінің тапқа жіктелуі
«жазбаша аударма практикасы» пәнін оқытудан әдістемелік нұсқаулар
Түр-түс атауларының танымдық негіздері
Пәндер