Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі


Кедендік Бақылауды Жетілдіру Жүйесі.
Мазмұны
Кіріспе
Кеденді бақылау нысандары және оны қолдану
- Кедендік бақылау тусінігі, міндеттері мен нысандары
- Кедендік бақылауды ұйымдастырудың үлгілік схемасы.
- Кедендік бақылаудың қазіргі жағдайы.
2. Кедендік бақылаудың қазіргі жағдайы.
2. 1 Қазақстан Республикасы дағы көлік құралдарының әртүрлі түрлерін кедендік бақылауды талдау
2. 2 Кеден органдарының негізгі қызметін талдау
3. Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі.
3. 1 Қазақстан Республикасы да әртүрлі көлік түрлерінде кедендік ресімдеу ді және кедендік бақылауды жетілдіру жолдары
3. 2 Кеден органдары жұмысының тиімдігін арттыру жолдары
Кіріспе
1. 1 Кедендік бақылау түсінігі, міндеттері мен нысандары.
Кеден одағының заңнамасын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде тәуекелді басқару жүйесін пайдалана отырып, кеден органдары жүзеге асыратын шаралардың жиынтығы. Кеден Одағына мүше мемлекеттердің арасында Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден Одағына мүше мемлекеттің бірыңғай кедендік аумағында тауарларды кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау тәртібі туралы келісімдерге жету мақсатында 12 желтоқсан 2008 жылы Қазақстан, Белорусь және Ресей мемлекеттері арасында келісімге қол қойылды. Келісі Кеден Одағының аумағында тауарлардың кедендік рәсімделуі мен кедендік бақылауының тәртібін айқындайды. Кедендің бақылаудың басты мақсаты − жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің Кеден Одағының заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін кедендік бақылау жүргізудің әртүрлі нысандары арқылы анықтау. Кедендік бақылаудың негізгі функциялары: −кеден заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету; −кеден ісін жүргізуде заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; −өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; −өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүргізу; −кедендік баждар, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді алу; −кедендік шекара арқылы рұқсат етілген тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін қамтамасыз ету; −кеден шекарасынан өткізілетін және рәсімделетін тауарлардың айналымына жағдай жасау. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді. Кедендің бақылаудың басты мақсаты − жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің Кеден Одағының заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін кедендік бақылау жүргізудің әртүрлі нысандары арқылы анықтау. Кедендік бақылау нысандарын қолдану негізінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заны 3-бөлім 21-тарауы кедендік бақылау нысандары мен тәртібі арқылы жүргізілед. Кедендiк бақылау нысандары: 1) кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру; 2) ауызша пiкiр сұрау; 3) түсiндiрмелер алу; 4) кедендiк қадағалау; 5) кедендік тексеру 6) кедендік тексеріп қарау; 7) жеке кедендік тексеріп қарау; 8) тауарлардың арнайы маркалармен маркалануын, оларда сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеру; 9) үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру; 10) кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу; 11) тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру. 12) кедендік тексеру болып табылады
Кедендік бақылау жүргізу нысандары : 1. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру Кеден органдары мәліметтердің дұрыстығын, құжаттардың түпнұсқалылығын және (немесе) оларды толтыру және (немесе) ресімдеу дұрыстығын анықтау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тексереді. Кеден органдарына кедендік операцияларды жасау кезінде берілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру оларды басқа дереккөздерден алынған ақпаратпен салыстыру, кедендік статистиканың мәліметтерін талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәліметтерді өңдеу арқылы, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да тәсілдермен жүзеге асырылады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органы кедендік құжаттардағы ақпараттарды тексеру мақсатында жазбаша түрде қосымша құжаттар мен мәліметтерді сұратуға құқылы.
2. Ауызша пікір сұрау Кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардан, олардың өкілдерінен, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттігі бар ұйымдардың өкілдері болып табылатын тұлғалардан жазбаша нысанда түсініктемелерін ресімдеместен, пікір сұрауға құқылы. 3. Түсіндірмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының тасымалдаушылардан, декларанттардан және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді білетін өзге де адамдардан кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы. Түсіндірме Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді 4. Кедендік қадағалау. Кедендік қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың, соның ішінде кедендік бақылаудағы көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге операциялардың жасалуын ашық, мақсатты, жүйелі немесе бір жолғы, тікелей немесе жанама түрде көзбен шолып, соның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып қадағалауы.
5. Кедендік тексеру. Кедендік тексеру - көлік құралдарын, тауарлардың орамдарын ашпастан, тексерілетін объектілердің және олардың бөліктерінің бүтіндігін қайта монтаждамастан және бұзбастан, тауарларды, соның ішінде көлік құралдарын, соның ішінде жеке тұлғалардың багажын, сондай-ақ кедендік ыдыстарды, кедендік пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзге де тәсілдермен тексеруі. Кеден органы лауазымды адамдарының тауарларды, соның ішінде халықаралық почта жөнелтілімдерін халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, жеке тұлғалардың багажын тексеруі кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін жайларында кедендік пломбалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған сәйкестендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растауды алу үшін жүзеге асырылады. Тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның талабы бойынша кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексерудің жүргізілгені туралы акті жасауға не көліктік (тасымалдау), коммерциялық немесе кедендік құжатта белгі қоюға міндетті. Кедендік тексерудің жүргізілгені туралы актінің екінші данасы тауарларға 6. Кедендік тексеріп қарау. Кедендік тексеріп қарау - оларға салынған кедендік пломбаларды немесе өзге де сәйкестендіру құралдарын бұзу, бөлшектеу, демонтаждау немесе тексерілетін объектілерді және олардың бөлшектерін өзге тәсілдермен бұзу арқылы кеден органдары лауазымды адамдарының тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының жүк тиелетін жайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты іс-әрекеті. Кедендік тексеріп қарауды жүргізуге өкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы мұндай тұлғалар белгілі болса, декларантты немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғаны кедендік қарап тексерудің жүргізілетін жері және уақыты туралы хабардар етеді. Кедендік тексеруді жүргізудің басталу уақыты осындай тұлғалардың келуінің ақылға қонымды мерзімдерін ескеруі тиіс. Кедендік тексеріп қарау көрсетілген жағдайларда 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүргізіледі. Кедендік тексеріп қарау нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысан бойынша 2 (екі) данада кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. Кедендік тексеріп қарау актісінде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) кедендік тексеріп қарау жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары және оны жүргізу кезінде қатысқан тұлғалар туралы мәліметтер; 2) декларант немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге де тұлғалар болмаған кезде кедендік тексеріп қарауды жүргізу себептері; 3) кедендік тексеріп қарау нәтижелері; 4) акті нысанымен көзделген өзге де мәліметтер. Егер бұл тұлға анықталса, кедендік тексеріп қарау актісінің екінші данасы тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаға не оның өкіліне табыс етіледі .
1. 2Кедендік бақылаудың негізгі үлгілері. Кеден заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету; −кеден ісін жүргізуде заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүргізу; кедендік баждар, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді алу; кедендік шекара арқылы рұқсат етілген тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін қамтамасыз ету; кеден шекарасынан өткізілетін және рәсімделетін тауарлардың айналымына жағдай жасау rеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді. Кедендің бақылаудың басты мақсаты − жүргізілген кедендік операциялар мен іс-әрекеттердің Кеден Одағының заңнамасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін кедендік бақылау жүргізудің әртүрлі нысандары арқылы анықтау. Кедендік бақылаудың негізгі функциялары:−кеден заңнамаларының сақталуын қамтамасыз ету; −кеден ісін жүргізуде заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; −өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; −өз құзіреті шегінде валюталық бақылауды жүргізу; −кедендік баждар, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді алу; −кедендік шекара арқылы рұқсат етілген тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуін қамтамасыз ету; −кеден шекарасынан өткізілетін және рәсімделетін тауарлардың айналымына жағдай жасау. Кеден органдарының атынан кедендік бақыла ды өздерінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді. Мәліметтерді білетін өзге де кеден ісі саласындағы қажетті ақпаратты алуы. Түсіндірме Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген жазбаша нысанда ресімделеді. Адамды түсіндірме алу үшін шақыру қажет болған жағдайда, кеден органы шақырылатын тұлғаға табыс етілетін жазбаша нысандағы хабарламаны ресімдейді Кедендік бақылаудағы тауарлар; - кедендік бақылаудағы көлік құралдары; ЕАЭО тауарлары мәртебесін алған ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар; - кері импорт кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар; - еркін айналымға шығарылған жеке пайдалануға арналған тауарлар; - ЕАЭО-тың кедендік аумағына кері әкелу кезінде ЕАЭО тауарларының мәртебесін сақтаған тауарлар; - кеден органдарында мұндай тауарлар ЕАЭО-тың кедендік аумағына әкелінгені немесе ЕАЭО-тың және ҚР-нің кеден заңнамасын бұза отырып ЕАЭО-тың кедендік аумағында екені туралы ақпарат болған кезде ЕАЭО-тың кедендік аумағындағы тауарлар; - кеден органдарына берілуі ЕАЭО-тың кеден заңнамасына, ҚРның халыкаралык шарттарына немесе ҚР-ның кеден және өзге де заңнамасына сәйкес көзделген кедендік және өзге де құжаттар; - сондай-ак осындай құжаттардағы мәліметтер; тұлғалардын, онын ішінде уәкілетті экономикалык операторлардың тауарларды ЕАЭО-тың кедендік шекарасы арқылы еткізумен, кеден ісі саласындағы қызметтер көрсетумен байланысты немесе жеке кедендік рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтері; - уақытша сақтау қоймалары, кеден коймалары, еркін коймалар, бажсыз сауда дүкендері ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын, уәкілетті экономикалык операторлар тауарларды уақытша сақтауға арналған немесе пайдаланатын құрылыстар, үй жайлар және ашык аландар; - кедендік бақылау аймағы ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылыстар, үй жайлар және ашық аландар жатады. Кедендік бақылау субъектілеріне мыналар жатады: 1) кеден органдары және кеден органдарынын лауазымды адамдары; 2) тауарларды және көлік құралдарын ҚР-ның кедендік шекарасы аркылы өткізетін жеке және занды тұлғалар, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын келісім-шарт негізінде тасымалдауды жүзеге асыратын тұлғалар, яғни кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар және т. б. ; 3) кедендік бақылауды жүргізу процесіне қатысатын өзге де тұлғалар, атап айтқанда кеден зертханаларының сарапшылары, медицина кызметкерлері және т. б. Кедендік бакылау субъектілері болып уәкілетті кеден органдары болып табылады. Кеден органдарынын атынан кедендік бакылауды олардың лауазымды адамдары жүргізеді. Лауазымды адамдардын функционалдық міндеттері олардың лауазымдық регламенттерінде бекітілген. Кеден органдарында мемлекеттік қызметті ұйымдастыру халыкаралык кедендік реттеу пәніне жатпайды, сондыктан «кеден органдарынын лауазымды тұлғалары" терминінің анықтамасы
1. 3. Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен қолдану қағидалары.Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16504 болып тіркелді.
Кедендік бақылаудың техникалық құралдары мынадай түрлерге бөлінеді: 1) автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі; 2) аудио және бейнеақпаратты тасымалдаушыларды бақылаудың техникалық құралдары (тасымалдау бейнетіркегіштер, бейнекамералар, фотоаппараттар, магнитофондар, бейнемагнитофондар, барлық жүйедегі және жазу пішініндегі плейерлер, телемониторлар, телевизорлар, арнайы компьютерлік бақылау жүйелері, фото-, кино-, слайд проекторлары, микрофиштерді қарауға арналған құрылғылар, аудио-, бейнеақпараттарды өшіруге арналған құрылғылар) ; 3) бірдейлендірудің техникалық құралдары (кедендік және өзге құжаттардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары, бағалы металдар сынамасының түпнұсқалығын айқындау аспаптары, бағалы тастардың түпнұсқалығын айқындау аспаптары, есірткі, психотропты заттар мен прекурсорларды сәйкестендіру аспаптары, жарылғыш заттарды сәйкестендіру аспаптары, талдағыштар, өлшеу аспаптары, энергия ресурстарын есептеу аспаптары, хладагенттерді сәйкестендіру аспаптары, детекторлар мен талдағыштар, электронды тиектеу-пломбалау құрылғыларын (электронды пломбаларды) оқу аспаптары, штрих-кодтардың принтерлері, штрих-кодтарды оқу аспаптары, сәйкестендіру құралдары) ; 4) жедел байланыстың техникалық құралдары (радиожиілікте жұмыс істейтін радиобайланыстың тасымалданатын, стационарлық (базалық), автомобильдік аппаратурасы) ; 5) көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары (оптикалық қадағалау аспаптары, дүрбілер, монокулярлы және стереотүтіктер, түнде көру аспаптары, сондай-ақ шолу телевизиясының жергілікті (тұйық) жүйесі - бірыңғай бақылау пультімен қашықтан басқарылатын телевизиялық камералар мен бақылау мониторларының желісі) ; 6) көлік құралдарының салмақтық және көлемдік параметрлерін анықтаудың және бейне қадағалаудың автоматтандырылған жүйесі; 7) радиациялық бақылаудың техникалық құралдары (дозиметрлер, радиометрлер, портативті және стационарлық спектрометрлер, бөлінетін және радиоактивті материалдарды анықтаудың стационарлық жүйелер) 8) тексеріп қараудың интраскопиялық техникасы, оның ішінде бейнелерді өңдеу және талдау жүйесімен (интрузивті емес тексеріп қараудың стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр жүйелері) ; 9) здестірудің техникалық құралдары (металл декторлары, тексеріп қарау айналары, тексеріп қарау сүңгілері, эндоскоптар, тексеріп қарау шамдары мен лампалары, тығыздықтың өзгеруін айқындау үшін аспаптар, жылу визорлары) . Осы Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану қағидасы кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібін айқындайды. Кедендік бақылаудың техникалық құралдары - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу уақытын қысқарту мен кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өтетін жеке тұлғаларды кедендік бақылау процесінде мемлекеттік кірістер органдары қолданылатын арнайы техникалық құралдар кешені. Кедендік бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы кедендік бақылау нысанына және жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын өткізу ерекшелігіне қарай кедендік бақылаудың қандай да бір техникалық құралдарын қолдану қажеттілігін айқындайды.
Кедендік қадағалау кезінде кедендік бақылаудың мынадай техникалық құралдары қолданылады:
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келетін/кететін автокөлік құралдарын мемлекеттік тіркелген нөмірлік белгісі бойынша олардың тіркелуін автоматизациялау жолымен көру және автоматтандырылған бақылау үшін қолданылатын, автокөлік құралдарын есептеудің автоматтандырылған жүйесі. Автокөлік құралдарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін қолдану нәтижесі бойынша алынған ақпарат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын қиып өтетін автокөлік құралдарын орталықтандырылған есепке алу үшін байланыс арналары арқылы кеден ісі саласындағы уәкілетті органға беріледі;
2) кедендік бақылау аймағындағы тауарларды, көлік құралдары мен жеке тұлғаларды көзбен қарап бақылау жүргізу үшін қолданылатын көзбен қарап қадағалаудың техникалық құралдары.
3) жылу визорлары - өзінің сәулелену серпінінде жылу сәулесін шығаратын объектілерді жедел іздестіруге, анықтау мен байқауға арналған бағытталған аспаптар табылады.
4) Мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылау аймағында жедел байланысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ далалық жағдайларда жедел байланыстың техникалық құралдарын қолданады.
5) Интраскопиялық тексеру техникасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары оны қолдану бойынша арнайы оқу курсын, сондай-ақ рентген сәулелерінің адам, өсімдіктер мен жануарлардың ағзаларына, тірі микроағзалары бар азық-түлікке әсері бойынша оқытудан және радиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудан өткеннен кейін қолдануға жатады.
6) Кедендік бақылаудың техникалық құралдарын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары өндіруші зауыт қоса берген техникалық деректерге, нұсқаулықтарға сәйкес пайдаланылады. Интраскопиялық тексеру техникасы оның барлық техникалық мүмкіндіктерінің ерекшеліктерін, сондай-ақ зауыттың нұсқаулығына немесе техникалық ерекшелігіне сәйкес техникалық қауіпсіздік ережесі мен радиациялық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады. Іздеудің техникалық құралдары тауарлар мен көлік құралдарына механикалық зақым келтірмей техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып қолданылады.
2. Кедендік бақылаудың қазіргі жағдайы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz